Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Билік бөлу қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудегі алатын рөлі

Қазақстан Республикасында демократиялық, құқықтық мемлекетті қалыптастыру, қоғам өмірінің барлық саласында үлкен өзгерістерді жүзеге асыруды қажет етеді. Соның бірі, билік бөлу қағидасын, мемлекеттік басқару жүйесінің ұйымдастырылуында негізге алу. Билік бөлу қағидасы-құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатындығын біз жақсы білеміз. Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің тағы бір пәрменді қыры, сот билігінің тәуелсіздігінде жатыр. Қазақстанда сот билігі, билік тармағының бір түрі ретінде конституциялық деңгейде, мойындалғанын біз жақсы білміз. Сот билігі сот ісін жүргізу арқылы     көрініс табады. Қазақстан Республикасында сот билігін жүзеге асырудың бірнеше бағыттары бар. Соның маңызды бағытының бірі, азаматтық сот ісін жүргізу болып табылады. Азаматтық сот ісін жүргізу қазіргі кезеңде маңызды орын алып отырғандығын нарық жағдайында, оның маңызының одан да арта түсетіндігін көріп отырмыз. Сондықтан да, азаматтық сот ісін жүргізуде, конституциялық деңгейде бекітілген билік бөлу қағидасының белгілі дәрежеде ықпалы да бар. Осы жерде бұл мәселеге терең үңілмес бұрын, жалпы Қазақстан жағдайында билік бөлу қағидасының орнығуының кейбір қырларына тоқталайық.

Билік бөлу қағидасы туралы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған декларациясының 7 пунктінде былай делінген: «Республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару, атқару, сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылады» [1, 109 б.]. Алғаш билік бөлу өстіп: «Мемлекеттік егемендік туралы» Декларацияда белгіленген болатын. Кейіннен бұл қағида 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Тәуелсіздік туралы» конституциялық заңда одан әрі дамытылды. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясында негізге алынып, белгіленген болатын. Бірақ та, бұл Конституцияда билікті тармақтарға емес жалпы тұтастай билікті үшке бөлу орын алды. Ал соңғы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған конституциямызда бұл мәселе өзінің жүйелі шешімін тауып, билік тармақтарға бөлінген болатын [2, 68 б.]. Ғалымдар тарапынан да билік бөлу жүйесі ерекше талқылауға түсуде. Билік бөлудің теориялық мәселелерін қозғайтын көзқарастар әрине көп. Солардың кейбірін негізге алып қарайтын болсақ, жалпы Ресейлік ғалымдар, билік бөлуді горизонтальдық және вертикальдік тұрғыда топтастырады. Ал, отандық ғалымдар көбінесе, билік бөлу мәселесін вертикальді тұрғыда қарастырып, өзінің ой-пікірлерін осы бағытта негіздеп отыратындығын көреміз. Вертикальдік тұрғыда Ресейлік тәжірибені ескере отыра, билік бөлудің мынандай бағыттарын Н. Колпаков былай қарастырады:

  • избирательная власть (дополнительная ветвь власти), представляющая собой сложное публично-властное образование, которое включает избирательный корпус, осуществляющий свою власть на выборах и референдумах, и систему государственных коллегиальных избирательных органов – избирательных комиссий;
  • президентская власть (дополнительная ветвь власти), возлагаемая главой государства Президентов Российской Федерации и включающая также органы при Президенте;
  • законодательная власть, включающая законодательные (представительные) органы Федерации (Федеральное собрание) и регионов, а также временное особое ответвление, функционально примыкающее к законодательной власти, – учредительная власть;
  • исполнительная власть, образуемая в системе органами исполнительной власти во главе с Правительством Российской Федерации, а также особое ответвление, функционально примыкающее к исполнительной власти – Центральный банк Российской Федерации (Банк России) и его органы;
  • судебная власть, образуемая в системе судами общей юрисдикции, органами конституционного правосудия, арбитражными судами, а также несколько особых ответвлений, организационно примыкающих к судебной власти, – органы судейского сообщества, квалифицированные коллегии судей; обеспечивающие органы;
  • контрольно-надзорная власть (дополнительная ветвь власти находящаяся в состоянии формирования и становления), включающая прокуратуру, органы финансового контроля (Счетную палату) и омбудсманов (уполномоченных по правам человека);
  • муниципальная власть (местное самоуправление), представленная органами местного самоуправления и не входящая в систему государственной власти» [3, 24-26 бб.]. Бұл ресейлік ғалымдардың билік бөлу мәселесіне байланысты кейбір пікірлері десек, отандық заңгер ғалымдардың ішінде билік бөлуді Т. Ағдарбеков былай сипаттайды: «ондай билік үшеу: «заң шығарушы билік (заң шығаратын органдар), атқарушы билік (орындаушы органдар), сот билігі (сот органдары). Билікке бөліну мемлекеттік биліктің бірлігін бұзбауға тиіс. Сол мақсатта қызмет істейтін институт-мемлекет басшысы (мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті), барлық үш билік бірдей және бір-бірінен тепе-теңдікте болып бірін-бірі тежейді, бір биліктің асып кетуіне жол берілмейді. Атқарушы билік өзінің табиғатына байланысты басым болуға ерекше бейім, оған көптеген деректер (фактілер) көмек береді: өзімен құрылған бюрократтық аппаратқа сүйену, мәжбүрлеу органдарының оның бақылуында болғандығы, ақпаратты пайдалану т.с.с. Сайып келген жағдайда, атқарушы билік авторитарлыққа, ал заң шығарушылар, атқарушы және сот органдарын өзіне бағындырып-тоталитарлыққа айналулары мүмкін. Сондықтан, мемлекеттік биліктердің жеке болғанының маңызы, олардың биліктерінің тек біреуіне ғана жиналуына мүмкіндік бермейді. Бұл проблема тарихи дәстүрлеріне, мәдениетіне және басқа жағдайларына сай әр елде, әртүрлі шешіледі [4, 121 б.]. Ал, А.С. Ибраева болса, өзінің еңбектерінде былай түсіндіреді: «Основное требование принципа разделения властей заключается в том, что для утверждения политической свободы, обеспечения законности и устранения злоупотреблений властью со стороны какой-либо социальной группы, учреждения или отдельного лица необходимо разделить государственную власть на законодательную (избранную народом и призванную вырабатывать стратегию развития общества путем принятия законов), исполнительную (назначаемую представительным органом власти и занимающуюся реализацией данных законов и оперативно-хозяйственной деятельностью) и судебную (выступающей гарантом восстановления нарушенных прав, справедливого наказания виновных). Причем каждая из этих властей, являясь самостоятельной и взаимосдерживающей друг друга, должна осуществлять свои функции посредством особой системы органов и в специфических формах в виде системы сдержек и противовесов» [5, 45 б.]. Біздің айтарымыз, жалпы билік бөлу қағидасы мемлекеттік билікті ұйымдастыруда, әділеттілікті және тиімділікті қалыптастыру үшін өмірге келген болатын.

Бұл көрсетілген қағида, Қазақстанның болашақ конституциялық құқықтық дамуына негіз болып табылды. Билік бөлу қағидасы тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылы қабылданған алғашқы Конституциясында көрініс тапты. Тәуелсіз еліміздің тарихындағы, одан кейінгі конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданғаны белгілі. Бұл конституцияның 3-бабында мынандай норма белгіленді:

  1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық.
  1. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
  2. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде парламенттің құқығы бар Республика үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді.
  3. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады [6, 4-5 бб]. Шын мәнінде, Қазақстан жағдайында билік бөлу қағидасы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияда шынайы көрініс тапты. Осы жерде: «Принятие Конституции Республики Казахстан 1995 г. прежде всего было обусловлено необходимостью реализации новой модели разделения государственной власти, которая позволила бы обеспечить ее единство и эффективность. Поэтому в Конституции Республики Казахстан особо подчеркивается, что государственная власть является единой, так как суверенитет народа неделим; но  функционирует она на основе рассредоточения публичных функций между различными государственными органами [7, с 182], – деген С.С. Сартаев пен Л.Т. Назаркулованың бұл пікірі орынды.

Қазақстан Республикасындағы билік тармағының бірі болып табылатын, сот жүйесін жетілдіру туралы соңғы кезеңде 2009 жылы 24 тамызда №858 Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында былай делінді: «Қазақстанның сот жүйесі тұтас алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандығының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етудің қажеттіліктеріне сай келеді.

Сот-құқық жүйесін дамыту сабақтастық және кезеңділік негізінде жүзеге асырылады және мынадай бағыттарды көздейді. Оны дамытудың негізгі арқауы соттар мен судьяларды мамандандыру, оның ішінде ювеналдық соттарды дамыту, қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттар құру болып табылады, келешекте салық және басқа да мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін. Бұл ретте ювеналдық соттар елімізде құрылатын ювеналдық әділет жүйесінің орталық буыны болуы тиіс. Алдағы уақытта қазіргі әкімшілік соттар базасында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жалпы құзырлы coттapдың ведомстволық бағынысына беретін, жариялы-құқықтық дауларды қарайтын әкімшілік әділет жүйесін құру қажет. Сот жүйесінің жетілдіру нәтижесінде түрлі сот инстанциялары функцияларының қосарлануы жойылуға тиіс.

Сот жүйесінің даму перспективасы сотқа дейінгі іс жүргізудегі сот бақылауының шегін кезең-кезеңімен кеңейту мүмкіндігімен де байланысты болмақ. Аралық және төрелік соттар жүйелері дамитын болады. Қоғам сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап жария  етілуіне  мүдделі.  Осы  мақсатта халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін ұсыну арқылы сот  жүйесінің  ашықтығы мен айқындылығы деңгейін арттыру қажет. Сот ақпараттарын тіркеудің заманға сай құралдарын енгізу сот ісінде бәсекелестік принципін іске асыруға ықпал етеді. Сот жүйесін жоспарлы түрде ақпараттандыру сот төрелігін іске асыру процесінде жедел ақпараттық-құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге, істерді қарау мерзімдерін қысқартуға, сот шешімінің орындалу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сот кадрларын іріктеу тәртібін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар қажет, бұл ретте судьялардың кәсібилігі мен биік адамгершілік қасиеттері – сапалы судьялар корпусын қалыптастырудың негізі болып табылатындықтан, судьяға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдату мәселесі өзекті болып табылады. Сот қауымдастығының өз тарапынан да судьялардың Судья әдебі кодексінің талаптарын сақтауына қатаң бақылау,  жол  берілген  барлық жөнсіздіктерге барабар әрі шұғыл әрекет етуі қажет. Судья тәуелсіздігі кепілдіктерін орнықтыру үшін соттарды қаржыландыру және судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету «сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс» дейтін Конституция талаптарының толыққанды іске асырылуы маңызды мәселе болып қала беруде, бұл мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, судьялардың әлеуметтік қорғалуы және соттардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейін кезең-кезеңмен көтеруді көздейді. Сонымен қатар сот төрелігін іске асыруға араласқаны үшін, сотқа құрмет көрсетпегені үшін кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапқа тартылуға тиіс. Сот ісін жүргізудің аяқтау сатысы сот актілерін орындау болып табылады, сондықтан олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы қажет. Осыған байланысты мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар жеке сот орындаушыларының институтын енгізу – сот ісін жүргізудің   тиімділігін   арттырудың   маңызды шарасы. Сот шешімдерін орындаудың аралас моделі шеңберінде мемлекеттік сот орындаушылары мемлекеттің кірісіне өндіріп алу, сондайақ мемлекеттен өндіріп алу туралы құжаттарды мәжбүрлеп орындату құқығына ие болуға тиіс. Сот актілерін мүлтіксіз орындауға, оның ішінде сот шешімін орындаудан бас тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту, борышкерлерге қатысты шектеу шараларын қолдануды одан әрі кеңейту, атқарушылық іс жүргізуге іс жүргізушілік сот бақылауын күшейту арқылы қол жеткізу қажет» [8, 7 б].

Міне, біз айтқан билік бөлу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізудің тиімділігіне және әділдігіне ерекше ықпал етеді. Сонымен қатар, Азаматтық іс жүргізу кодексінде ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәселесі қарастырылған. Мұнда негізінен мынандай бағыттарда іс жүргізу қамтылады:

Біріншіден, сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.

Екіншіден, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

Үшіншіден, мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу. Осы жағдайларда сот әділдігін толық жүзеге асыру үшін сот тәуелсіздігі билік бөлу қағидасы азаматтық іс жүргізу бағытында маңызды рөл атқарады.

Қорыта келгенде, айтарымыз билік бөлу қағидасы жалпы мемлекеттік билік тармақтарының ұйымдастырылуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар өміріміздегі қоғамдық қатынастардың барлығына өз ықпалын тигізеді. Азаматтық іс жүргізуде де, билік бөлу қағидасы белгілі дәрежеде маңызды рөл атқарады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан мемлекеттік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж.Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 496 б.
  2. Мадалиева А.А. Қазақстанда Президенттік билік жүйесінің қалыптасуы: Заң ғыл. канд. дисс...: 00.02. – Алматы, 2006. – 121 б.
  3. Колпаков Н.В. Теоретическая модель разделения властей на примере современной Росии // Юридическое образование и наука. – 2001. – № 2. – С. 22-30.
  4. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2002. – 320 б.
  5. Ибраева А.С. Теория государства и права / Учеб. Пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 432 с.
  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 2003. – 96 б.
  7. Сартаев С.С. Назаркулова Л.Т. становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и перспективы. – Алматы. – 2002. – 408 с.
  8. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы №858 Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 тамыз.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.