Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсекелестіктен қорғау саласындағы заңнамалары туралы

Қазақстанның монополияға қарсы заңнамалары жосықсыз бәсекелестікке тыйым салып, оны бәсекелестікке теріс ықпал жасайтын ісәрекет формаларының бірі ретінде қарастырады.

Жекелеген жағдайларда жосықсыз бәсекелестік бір аймақта немесе кәсіпкерлік іс-әрекет саласында монополиялық жағдайға ие болу үшін жүзеге    асырылуы    мүмкін. Қазіргі  уақытта Қазақстан Республикасында монополияға қарсы ұйымдарға әкімшілік тәртіппен жосықсыз бәсекелестіктің алдын алуға мүмкіндік беретін құқықтық база қалыптастырылған. Жосықсыз бәсекелестік туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң, осы Заңның нормаларынан және Қазақстан Республикасының соларға сәйкес шығарылатын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Бәсекелестік қатынастарды реттеудің негізі біріншіден, әрбір тұлғаның өзінің қабілеттері мен мүліктерін кәсіпкерлік және заңмен тыйым салынбаған экономикалық әрекетке пайдалану құқығын бекітетін, екіншіден, жосықсыз бәсекелестік пен монополияландыруға бағытталған экономикалық іс-әрекетке тыйым салуды бекітетін Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. ҚР Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы, монополистік қызметтің заңмен реттелуі әрі шектелуі, жосықсыз бәсекеге тыйым салынуын бекіткен [1, 26-4 бб.].

Женева жосықсыз бәсекелестіктен қорғау туралы Типтік ережелердің 4-бабының 1 тармағында үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалану – кәсіпорынның әрекеті нарыққа қолжетімділікті шектесе немесе бәсекелестікті құқыққа сыйымсыз тежеп, саудаға немесе экономикалық дамуға кері әсерін тигізу деп анықталып, мұндай әрекетке тыйым салынатыны бекітілген [7, 4-1 б.].

Типтік ереженің 4-бабының 2-тармағына сәйкес теріс пайдаланушылық әрекеті деп кемсітушілік (яғни, дәлелсіз саралау) бағаларын немесе шарттарын орнату; бәсекелестердің көзін жою үшін өзіндік құннан төмен бағаларды пайдалану саналады [7, 4-2 б.].

Бәсекелестік туралы заң соның негізінде монополияға қарсы органдар жосықсыз бәскелестіктен қорғау шараларын жүргізетін негізгі заңнамалық акт. Монополияға қарсы істерді қарау процедурасы, оның ішінде жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу «Бәсекелестік туралы» заңның 9-тарауында 58-67 баптармен анықталған. Аталған құқықтық актісімен қатар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, атқарушы органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өтініш хаты, прокурордың ұсынысы негізінде және монополияға қарсы органның бастамасымен жосықсыз бәсекелестік  туралы  іс  қозғалуы  мүмкін.    Кейбір жағдайларда монополияға қарсы органдардың заңды сақтауды бақылау өкілеттігі шегінде нарық қатынастары субъектісінің әрекеті бірнеше заңдарды бұзу сипатты болуы мүмкін. Мәселен, жекелеген жағдайда мәселе ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы, «Жарнама туралы», «Бәсекелестік туралы» заңдар да болуы мүмкін. Осыған байланысты арыз беруге дайындық барысында монополияға қарсы органға құқық бұзушылықты тиімді жоюға мүмкіндік беретін қолданыстағы заңдар мен құқық нормаларын білу керек.

Жосықсызбәсекелестіктуралызерттеулердің теориялық негізін Э.Дж. Долан, Д.Е. Линдсей, Дж. Робинсон, П. Самуэльсон, А. Смит, А.Ф. Фон Хайек ғалым-экономистердің еңбектері құрайды. Сонымен бірге В.И. Еременко, О.Н. Зименкова, Э. Маркварт, С.А. Паращук, К.Ю. Тотьев, Д.И. Серегиннің зерттеулері шетел мемлекеттері мен отандық заңнамаларына сараптама жасау негізінде жосықсыз бәсекелестіктен қорғау және оның алдын алу, жосықсыз бәсекелестікті реттеу жолдарын анықтауға арналды. Маңызды зерттеулер қатарына тауар нарығын жосықсыз бәсекелестіктен қорғау, шетел және отандық заңнамаларына салыстырмалық сараптама жүргізу туралы Э. Маркварт, С.А. Паращук, Л.Е.Гукасян, К.Ю. Тотьев, бәсекелестік және монополиялық реттеудің құқықтық аспектілері жөніндегі В.И. Еременко еңбектерін енгізуге болады.

Сонымен қатар, бәсекелестік саласындағы заңнамалармен жұмыс жүргізген құқықтанушылар Ш.В. Ярочкин, Я. Бузанова, В.В. Галкин, Н.Е. Фонарева монополиялық іс-әрекеттің алдын алу мен жою, бәсекелестікті шектеу туралы құқық нормалары, Г.Л. Азоев бәсекелестердің іс-әрекеттерін   талдау,   В.В. Акишин   және В.А. Шабашев бәсекелестіктің негізі мен мазмұнына (экономистердің бәсекелестікке негізгі көзқарастарына шолу жасау), А.Г. Цыганова бәсекелестік пен монополияға қарсы күресті реттеу, Л.К. Прокушева нарық экономикасы жағдайында бәсекелестікке қарсы күрес жүргізудің формалары мен әдістері, О.Б. Кузнецова жарнама саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерін қарастырды. Тұтынушыларды жаңылыстыру, бәсекелестің іскерлік беделіне нұқсан келтіру жосықсыз бәсекелестіктің формалары болып табылатыны, субъектiлердің зияткерлік тауарларын орынсыз салыстыруға жол бермеу туралы В.И. Еременко ізденістері аталған мәселеге үлкен үлес қосты.

«Бәсекелестік туралы» заңның баптарымен түйіседі. Сондықтан бір факт бойынша екі   істі бірден қозғау мүмкін еместігін ескере отырып, өтініш хат беру алдында қолданыстағы заң актілерін анықтап алу қажет. Жарнама заңнамасын бұзу туралы істі қарастыру барысында жосықсыз бәскелестікті анықтаудағы маңызды бірқатар жайттарды белгілеудің қажет еместігін ескеру  керек.  «Бәсекелестік  туралы» (№112Іv, 2014.07.03.) заңда берілген жосықсыз бәсекелестік анықтамасында іс-әрекетті жосықсыз бәскелестік деп тану үшін бір уақытта бірнеше іс-әрекет нарық субъектісімен орындалуы шарт;

  • іс-әрекет кәсіпкерлік қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталуы қажет;
  • іс-әрекет заңнамаға, іскер айналымның дәстүрлеріне, адамгершілік талаптарына, ақыл мен әділеттілікке қайшы болуы қажет;
  • іс-әрекет басқа шаруашылық субъектібәсекелестің іскерлік беделіне залал келтірген немесе нұқсан келтіре ала алатын қатер болуы қажет.

Заңның 16-бабының 1-тармағында құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестіктегі кез келген іс-әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады деп бекітілген. Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес жосықсыз бәсекелестікке мынадай іс-әрекеттер жатады:

  • тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану;
  • басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
  • бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
  • нарық субъектісінің беделін түсіру;
  • көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама;
  • мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);
  • сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру;
  • сатып алушының (өнім берушінің) беделін түсіруге шақыру;
  • нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
  • сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық);
  • сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
  • коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану [2].

Осы Заңның 6-бабы, 9-тармақшасына сәйкес нарық субъектісіне жататындар:

  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
  • шетелдік заңды тұлға (оның филиалы мен өкілдігі);
  • кәсіпкерлік қызметті өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар [2,6-9].

Жосықсыз бәсекелестік фактісі анықталған жағдайда құқық бұзушыға қолданылатын санкциялар.

Монополияға қарсы орган әкімшілік айыппұлды есептеу барысында айыппұлдың мөлшерін ұлғайтатын немесе кемітетін жайттарды ескеру қажет. Мұндай жайттарға жататындар:

  • монополияға қарсы заңнаманы бұзу субъектісі оның салдарын өз еркімен жоюы;
  • келтірілген залалдың орнын толтыру немесе келтірілген залалды жою;
  • уәкілетті тұлғаның тоқтату талабына қарамастан құқыққа қарсы істерін әрі қарай жалғастыру;
  • әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасау [4].

Айыппұлдың ақырғы мөлшері монополияға қарсы орган жанында құрылған комиссияның ұсынысы негізінде анықталады. Комиссия орын алған құқық бұзушылық жайтын ескере отырып, айыппұлдың мөлшерін қосымша ұлғайту немесе кеміту жөнінде ұсыныс бере алады.

Нарық субъектісіне залал тигізу немесе оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған, анық емес немесе бұрмаланған мәліметтерді тарату. Әдетте мұндай жосықсыз бәскелестік формасы қажетсіз ақпаратты тарату жолымен бәсекелесіне немесе оның өніміне клиенттердің (тұтынушылар немесе басқа да конрагенттердің) сенімдерін жоғалту, беделіне нұқсан келтіру және өзінің өніміне тұтынушыларды тарту мақсатында орындалады. Заңды тұлғалардың беделін түсіретін, қорлайтын немесе мазақ ететін ақпараттың теріс пиғылды болып табылатыны қолданбалы заңнамада бекітілген.

Заңның 20-бабына сәйкес нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, дәйексіз мәліметтерді кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады. Бірақ, нарық субъектісі туралы бұрмаланып таратылған басқа мәліметтердің барлығы оның беделіне нұқсан келтіретін мәлімет болып саналмайтынын ескеру керек. Мысалы,  тек шын мәнінде бәсекелестікке ықпал тигізетін, ақпаратты таратушы тұлғаға бәсекелестердің алдында артықшылық беретін мәліметті тарату ғана жосықсыз бәскелестік актісі болып есептелетінін ескеру қажет.

Мұнда мемлекеттік органдарға немесе сотқа басқа нарық субъектісінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған деректерді хабарлау, сұранысты таратуға әсер еткен жағдайда ғана жосықсыз бәскелестік ретінде қарастырылады. Аталған жағдай іс тараптарының бәсекелес болып табылатын тараптардың билік органымен азаматтық-құқықтық қатынаста болса немесе қатынасқа түсуге ниет етсе (мысалы, екі шаруашылық субъектілері жергілікті әкімшілікке ғимаратты жөндеу қызметін көрсетуге ниет білдіріп, бірақ біреуінің хатында шындыққа жанаспайтын, басқаның іскерлік беделіне залал келтіретін ақпарат болса), орын алуы мүмкін. Жосықсыз бәсекелестіктің қорытындысы тұтынушылардың бәсекелестің тауарынан (қызмет көрсетуден) бас тартуына соқтырады.

«Бәсекелестік туралы» заңның 16-бабынан қарастырылып отырған жосықсыз бәскелестік формасының сипаттарын атап кетуге болады: ақпаратты тарату, оның жалғандығы және залалдығы.

Кез келген әрекет қорытындысында ақпарат үшінші тұлғаларға (ең болмағанда біреуіне) белгілі болса, мәліметті тарату болып есептеледі. Ақпаратты тарату формасы – бұл көпшілік алдында сөз сөйлеу, жарнама, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, сұхбат, іскерлік хаттарын жіберу, т.т.б. болуы маңызсыз. Негізгі болып табылатыны әрекет қорытындысында ақпараттың басқа адамға жетуі. Сонымен бірге қатысы бар адамға ақпаратты хабарлау жосықсыз бәскелестік ретінде  қарастырыла алмайды. Бәсекелестік туралы заңда ақпарат дәйексіздігінің үш формасы айқындалған: жалған, бұрмаланған және тура емес. Олардың барлығы ақпараттың болмысқа сәйкессіздігін білдірсе де, объективті өзара шекарасы анық емес.

Негізінде жалған  және  тура  емес деректер ақпарат бұрмалануының түрлі деңгейін білдіреді: бірінші жағдайда – ақпараттың шынайы болмысқа толық сәйкессіздігін, екінші жағдайда – жартылай сәйкес болуын. Болмысқа сәйкес, бірақ мәнмәтінде тұтынушының қате қабылдауын қалыптастыратын мысалы, негізді ақпараттың жоқ болуына байланысты ақпарат дәйексіз, тура емес деп мойындалуы мүмкін. Қарастырылған формаларда нарық субъектісінің беделін түсіретін, бірақ шынайы ақпаратты тарату – жосықсыз бәскелестікке жатпайды. Залал шығыс көлемімен немесе іскерлік беделге келтірілген нұқсанмен есептеледі. Іскерлік беделге келтірілген нұқсан біріншіден, тұлға туралы таратылған зиянды, қаралау ақпарат нәтижесінде туындауы мүмкін. Көрінеу жалған ақпаратқа шындыққа сәйкес келмейтін, қолданыстағы заңнаманы немесе моральдық принциптерді бұзу туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның іскерлік беделін төмендететін мәліметтер жатады.

Жарнама туралы заңда тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік қабілетіне кір келтіретін мәліметтер бар жарнама жасалғаны және таралғаны туралы мәлім болған жеке немесе заңды тұлға жарнама берушілерден мұндай жарнаманы таралған тәсілмен теріске шығаруды, сондай-ақ ҚР заңдарында көзделген тәртіппен өз мүдделерін қорғауға талап етуге құқылы екені бекітілген [6, 8-бап].

Екіншіден, нарық субъектісінің беделін түсіру болмаса да, бірақ оның қызметі туралы кемшіліктерді анықтап, төмен баға беретін мәліметтер де теріс ықпал тигізуі мүмкін, мысалы, кадрлар дайындығының деңгейі туралы. Беделін түсіру объектілеріне тауарлар немесе қызмет көрсетулер де жатуы мүмкін. Мұндайда таратылатын ақпарат әдетте тауар сапасының төмендігі, бекітілген талаптарға сәйкессіздігі, арнайы рұқсатының жоқтығы туралы тұжырымдамалардан тұрады.

Жосықсыз бәскелестіктің формасына беделін түсіруден бөлек нарық әрекеті субъектісінің іскерлік беделін төмендетпесе де, шығын келтіруге қабілетті ақпарат та жатады. Шығын келтіруге қабілетті тұжырымдамаларға нарық субъектісінің клиенттерді жоғалтуы да кіреді. Мысалы, мұндай салдар адамның нарықтан кетуі, заңды тұлғаның жойылуы жөніндегі пікірлерден туындауы мүмкін. Бұл жағдайда нарық субъектісінің іскерлік беделіне нұқсан келтірілмесе де, ол өзінің контрагенттерін жоғалтуы мүмкін.

Тұтынушыларды тауардың сипаты, әдісі мен жасау орны, тұтынушылық қасиеттері, сапасы немесе оны өндірушілер туралы жаңылыстыру. Тұтынушыларды жаңылыстырудың жосықсыз бәскелестіктен айырмашылығы оң ақпаратты тарату салдарлы, таратушының іс-әрекетімен байланыстылығы. Жосықсыз бәскелестік барысында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет айналымынақатысушытұлғабәсекелесінтөмендетіп,одан тұтынушылар ағымын жылысталуын мақсат тұтса, тұтынушыларды жаңылыстыруда нарықтық қатынастардың субъектiсi өз тауарларын асыра мақтап, дәріптейді. Бірақ, екі жағдайда да таратылатын мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

Тұтынушыларды жаңылыстыру жалған ақпараттан бөлек басқа да формаларда берілуі мүмкін. Олай деп мойындау үшін кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы субъект әрекеттерін тұтынушының белгілі жағдайда қалай қабылдағанын, яғни жалған әсердің пайда болуы шартты. Бәсекелестік туралы заң тұтынушыны жаңылыстырудың бірнеше жағдайын ескертеді, бұлар: тауардың саны, сапасы, өндіруші, тұтынушылық қасиеттері, дайындау орны, әдісі мен сипаты. Өндіріс сипаттылығы ретінде оның айрықша ерекшеліктерін, негізгі қасиеттері мен белгілерін білген дұрыс. Өндіру әдістері өндіріс технологияларында қолданылатын жиынтықтаушы материалдар мен тауарды өндіру шарттарын көрсетеді. Өндіру орны мемлекетпен бірге тауардың өндірісі жүзеге асырылған аумағы шағын масштабты географиялық объектіні де білдіруі мүмкін.

Тұтынушылық белгі ретінде адамдардың түрлі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетті тауардың өзіндік ерекшеліктері қабылданады. Осы өзіндік ерекшеліктер тарапында жаңылыстыру олардың орын алуы жөнінде жалған әсердің немесе жоқ екендігі туралы жалған дәлелдемелер(толықнемесе жартылай) негізінде жүргізіледі. Тауардың сапасы мен тауардың түрлі тұтынушылық қасиеттері ресімделген техникалық құжаттама сипаттылықтарында беріледі (мысалы, беріктігі, тозуға төзімділігі, қызмет көрсету мерзімі, зиян қоспалардың жоқтығы т.б). Тауар өндірушіге қатысты жаңылыстыру тауардың өндірілуі  туралы,  сонымен бірге басқа тұлғамен ұқсастыратын белгілерді пайдаланумен байланысты болуы мүмкін. Сонымен бірге тұтынушыда жалған әсердің пайда болуы басқа жайттардан, мысалы тұтынушының көзінің нашар көруінен емес, нарық субъектісінің тікелей іс-әрекетінен туындау қажеттігін ескеру керек.

Бәсекелестік туралы заңда тек тұтынушы ескерілгенімен, қарастырылған әрекеттер ең алдымен бәсекелестер үшін теріс залал тудыруы қажет. Тұтынушыны жаңылыстыратын нарық субъектісінің артықшылығы бір реттік «акция» мәселен, көпшілік арыз беру немесе тұрақты атқарылатын  әрекет  нәтижесінде  пайда болуы мүмкін. Соңғысы тауардың бумасында дәйексіз ақпаратты орналастыру себепті орын алады. Ақпарат өзгертілмесе, тұтынушы әрі қарай жаңылысу жағдайында қала береді. Азаматтық Кодексте әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, тауарлардың тиісінше сапалы және қауіпсіз болуына, тауарлар туралы толық және анық мәлімет алуға, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бірігу құқығы бекітілген [3, 10-6-бап]. Нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерiнің  тауарларымен    орынсыз   салыстыруы. Жосықсыз бәсекелестік  формаларының біз қарастырған алдыңғы  екі  формасы  секілді орынсыз салыстыру формасы да ақпаратты таратумен байланысты. Бірақ, орынсыз салыстыру формасының олардан айырмашылығы ақпаратты таратушы тұлға мен оның бәсекелесінің тауарын бір мезетте салыстыру орын алады.Салыстыру ақпаратты таратуда  екі немесе одан көп есе құбылыстарды ала отырып, параметрлерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеуді қарастырады. Тауарларды салыстыру қолданылысында бұл нақты сипаттамаларды, қасиеттерді, бұйымның параметрлерін тура салыстыру және бір бұйымды басқа  бұйымға  ұқсату  немесе  олардың  айырмашылығын көрсетумен жүзеге асырылады.

Мысалы, орынсыз салыстыру жарнама туралы заңда да қарастырылып, жарнамаланатын өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, идеялар мен  бастамаларды  басқа  жеке және заңды тұлғалардың өнімдерімен, көрсетілетін қызметтермен, жұмыстарымен салыстыру туралы ақпарат, сондай-ақ олардың абыройына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін басқа адамдардың сөздері жөнсіз жарнама түрлеріне жататыны бекітілген [6, 8-1-бб.].

Ақпараттық хабарламада екі өндірушінің тауарларын ескеріп өту салыстыру сипатты болмайды. Орынсыз салыстыру қате логикалық операцияларды қолданумен құрылып, оның объективті дұрыстығын растау, не теріске шығару мүмкін еместігін болжайды. Мысалы, объективтік сипаттамаларды салыстыруда жаңылыстыратын теріс әсер құрылып, маңызсыз немесе салыстыру мүмкін емес фактілерге негізделген салыстырулар орынсыз салыстыру болып танылады. Мұндай салыстыру бір тауардың басқа тауардан артықшылығы немесе ұқсастығы туралы қорытынды жасалса орын алады, бірақ тауарлардың нақты сипаттамалары айтылмайды.

Нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану.

Заңның жосықсыз бәсекелестік туралы 28-бабында кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалану коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады деп бекітілген. Ақпаратты коммерциялық ақпаратқа жатқызу үшін оның үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты коммерциялық құндылығы болуы қажет, оған заңды негізде еркін қол жеткізуге болмайтыны, иесі ақпарат құпиялығын сақтау шараларын қолдануға міндетті. Ақпаратты пайдалануда тұлғаның табыстары ұлғайып, соның ішінде өндірістік шығындарды төмендетуге септігін тигізетін ақпарат коммерциялық құнды ақпарат деп есептеледі.

Құпия ақпараттың иесі оның құпиялылығын сақтау үшін теңбе-тең шараларды қолдануға міндетті, ақпарат басқа көздерде (жарияланған, көпшіліктің танысуы үшін ілінген) қолжетімді болмауы керек. Ақпарат иесінің құпиялылықты сақтау үшін теңбе-тең шараларды қолданбағаны себепті белгісіз адамдар  санына  қолжетімді болған ақпаратты   алу,   пайдалану   мен  жария ету коммерциялық құпия құқығын бұзу ретінде қарастырылмайды. Бәсекелестік туралы заңда ақпарат иесінің рұқсатынсыз орындалған үш әрекет жосықсыз бәсекелестік ретінде ескеріледі: алу, пайдалану,жарияету.Егермәліметпайдаланылмаса, өздігінен ақпаратты алу немесе басқа тұлғаға беру (тарату) нарық субъектісіне артықшылық бермейді. Бұлжердезаңшығарушыжосықсызбәсекелестіктен қорғау шараларын саналы күшейткен, өйткені ақпаратқа тән ерекшеліктерге байланысты бейтаныс құпия ақпаратпен танысудың өзі қайтымсыз салдарлы сипатты.

Заңның 28-бабында үшінші тұлғаларға ақпаратты тарату әрекеттері жосықсыз бәсекелестік деп көрсетілетін субъект аталмайды. Бірақ жосықсыз бәсекелестік анықтамасынан оның нарық субъектісі екені айқын. Бұлай деуге бірнеше негіздемелер бар.

Біріншіден, ақпаратты заңды иемденген, бірақ оны үшінші тұлғаға беруге құқықсыз контрагент болуы мүмкін.

Екіншіден, бөтен құпия мәліметті иесінің рұқсатынсыз бәсекелес те тарата алуы  мүмкін.

Бұл жағдайда бәсекелестің әрекеттері өз бәсекелес ақпаратының коммерциялық құндылығын ең төмен шамаға жеткізіп, шығын келтіруге тура бағытталған. Бәсекелес позициясының әлсіреуі тиісінше өзіне клинттерді тартуға негізделген есеп бойынша жүзеге асырылады.

Қарастырылған әрекеттер тек ақпарат иесінің рұқсатынсыз орындалған жағдайда ғана, жосықсыз бәсекелестік деп мойындалады. Ақпарат иесі заңды тұлға болған жағдайда оның атынан  ақпаратты  тапсыру,  пайдалану немесе жария ету секілді кейбір әрекеттерді – өкілетті тұлға жүзеге асырады (құрылтайшылық құжаттар, сенімхат немесе келісімшарт негізінде). Сонымен бірге, егер әрекет адал әдіспен орындалса (мысалы, егер мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарынан алынса), бөтен құпия ақпаратты иесінің рұқсатынсыз пайдалану жосықсыз бәсекелестікке жатпайды.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпаратты жария ете алмайды, жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарындабелгіленгентәртіппенжауаптылықта болады. Монополияға қарсы органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпараттарды жария етуі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады [243].

Азаматтық Кодексте коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалатыны, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді анықтау тәртібі, оның қорғау құралдары, сондайақ коммерциялық құпия құрамына енбейтін мәліметтер тізбесі заңдарда белгіленетіні 10бап, 6-тармақта берілген.

Монополияға қарсы органның істі қарау тәртібі. Заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған монополистік және басқа да қызметке жол берілмейтіні туралы Азаматтық Кодекстің 11-1-бабында қарастырылып, жосықсыз бәсекелестік   туралы істі      қарау процедурасы «Бәсекелестік туралы» заңының 8-тарауында берілген талаптармен ресімделген. Монополияға қарсы орган өтініш хатты  алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтініш хатты беруші тұлғаны өтінішхатты қарауға қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Күрделі жағдайда қарау мерзімі күнтізбелік елу күннен аспауға тиіс. Өтініш хат Заңның 53-бабында аталған құжаттар мен мәліметтер қоса тіркеле отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша жазбаша түрде жасалады.

Өтініш хатта көрсетілген мәліметтер және өтініш хатқа  қоса  тіркелген  құжаттар  дәйекті және толық болуға, түпнұсқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс. Өтініш хатқа  қол  қойған  тұлға   өтінішхатта және оған қосымшаларда берілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігі мен толықтығын жазбаша растауға тиіс. Өтініш хат және оған қосымшалар тігілген түрде беріледі және өтініш хат беруші тұлғаның мөрімен расталады. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат «коммерциялық құпия» деген міндетті белгімен табыс етіледі.

Заңның 54-бабына сәйкес монополияға қарсы орган өтініш хатты қарау барысында нарық субъектісінен және/немесе мемлекеттік органнан шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді сұратуға құқылы. Егер қарастыру барысында өтініш хатта көрсетілген тұлғаның әрекеттері жосықсыз бәсекелестік сипатты болған жағдайда монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы істі қозғайды. Істі қозғау туралы ұйғарым шығарылып, тараптарға тапсырылады. Қылмыстық істі қозғау үшін материалдарды  құқық қорғау органдарына беру туралы тиісті шешімдер қабылдайды [2, 654].

Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша шешім қабылдаудан бас тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болып, өтініш хат берген тұлғаның деректері дәйексіз ақпарат негізінде қабылданса, заңсыз шешім қабылдауға алып келген, монополияға қарсы органның шешіміне орай, туындаған талаптар мен міндеттемелер орындалмаған жағдайда келісім беру немесе тыйым салу шешімін қайта қарауы мүмкін. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:

  • шешімді өзгеріссіз қалдырады;
  • шешімді өзгертеді;
  • шешімнің күшін жояды;
  • жаңа шешім қабылдайды.

Монополияға қарсы орган тергеу объектісінің іс-әрекеттерінде ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық болмаған, жалғыз тергеу объектісі – заңды тұлға таратылған,  жалғыз тергеу объектісі – жеке тұлға қайтыс болған, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген талап қою мерзімі өтіп кеткен, монополияға қарсы орган қарайтын іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың болуы туралы немесе болмауы туралы қорытынды қамтылған заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтатады [2, 66-бап].

Монополияға қарсы орган заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган монополияға қарсы орган заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтату, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау, ҚР монополияға қарсы орган заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы шешім қабылдайды [2, 67-бап].

ҚР монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытындыға монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) қол қойған күн тергеудің аяқталуы болып есептеледі. Тергеу нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, тергеу объектісіне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі [2,65-2].

ҚР монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері туралы қорытындыны бекіту тергеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді [2,65-3-бб.]. Тергеу нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы қол қойылған (шешім қабылданған) күн әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактілері анықталған кез болып есептеледі.

Тұлғалардың әрекетінде жосықсыз бәсекелестік белгілері жоқ болып, бұзушылық орын алмағаны анықталып, істі қарау тоқтатылады. Мұнан төмендегі жайт анықталады:

а) істі қарауды бұзушылық фактісі дәлелденбеген, жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталмаған, оларды анықтау әдістерінің түгесілген жағдайында тоқтату мүмкін;

ә) істі қарауды тоқтату үшін бұзушылықтың өз еркімен жойылуы дәлелдерімен бірге оны жоюдың еріктілігі қажет;

б) жосықсыз бәсекелестік әрекеттерін тоқтату ғана емес, бәсекелестік үшін теріс салдарлы әрекеттерді жою немесе әлсірету бұзушылықты жою деп танылады;

в) іске қатыстырылған өтініш беруші немесе басқа тұлғалардың келісімінен тәуелсіз істі қарауды тоқтату мүмкін [2,65-3].

Жосықсыз бәсекелестік фактілері анықталған жағдайда бұзушыға қолданылатын санкциялар. Жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асырғаны үшін ҚР ӘҚБК кодексіне әкімшілік санкцияларды бекітетін баптар енгізілген. Жарнама берушінің жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдік ниетпен жасалса және ірі зиян келтірсе, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған [4,141-1]. Кодекстің 145-бабына сәйкес бөтен тауар таңбасын қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртекетес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады [4,145бап].

Кодекстің 147-бабына сәйкес Нарық субъектілерінің ҚР бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері  болмаса,   монополистік   қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне табысының бес проценті   мөлшерінде,   заңды   тұлғаларға    он проценті мөлшерінде айыппұл салынады [4,147бап]. Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасын бұзу мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге жүз жиырма бес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады [4,147-1].

Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда нарық субъектілерінің оның рұқсатын алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді  орындамауы жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейін, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге екі жүз елуден үш жүзге дейін, шағын және  орта  кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елуден төрт жүзге, заңды тұлғаларға бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады [4,147-2].

Монополияғақарсыорганныңнұсқамаларын орындамау жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүз елуге дейін, заңды тұлғаларға бір  мың  бес  жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады [4,147-3].

Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті лауазымды  адамдарға  айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға соғады. Жосықсыз бәсеке – дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елуден үш жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу бекітілген [4, 147-4 бб.]. ҚР табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу дара кәсіпкерлерге екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады [4, 147-5 бб.].

Монополияға қарсы орган әкімшілік айыппұлдың мөлшерін есептеуде айыппұлдың мөлшерін ұлғайтатын немесе кемітетін  жайттарды ескереді. Мұндай жайтқа жатқызылуға жататындар:

  • нарық субъектісінің монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық пен оның салдарын өз еркімен жоюы;
  • келтірілген шығынның орнын толтырып немесе келтірілген залалды өз еркімен жоюы;
  • уәкілетті тұлғалардың монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты тоқтату туралы талаптарына мән бермей, құқыққа қарсы әрекетін қайталап жасау;
  • әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасау. Ақырғы айыппұл мөлшері монополияға қарсы орган жанында құрылған комиссияның ұсынысын ескерумен анықталады. Комиссия орын алған құқық бұзушылық жайттарымен жете танысып, айыппұл мөлшерін қосымша ұлғайту немесе кеміту туралы өзінің ұсынысынбереді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.01.1995 (02.02.2011. №403-Іv берілген өзгерістермен).
  2. ҚР «Бәсекелестік туралы» заң. №112-Іv, 07.03.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 03.2011.№421-Іv (03.07.2014.№177-v берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
  4. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. 01.2001.№155-ІІ, б.б.145-147.
  5. Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң. 04.05.2010.№274-Іv (13.01.2014. берілген өзгерістермен). 6 Жарнама туралы заң. 08.08.2002, № 887. 8-бап,1-5 бб.
  6. 7      Жосықсыз бәсекелестіктен қорғау туралы типтік ережелер. –Женева.,1997.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.