Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәмелет жасына толмағандардың заңды жауапкершілігін құқықтық реттеу

Біздің қоғамымыздағы өміріміздің мемлекеттік-құқықтық аясында реформалау жағдайында жас ұрпақты тәрбиелеу туралы сұрақтар, олардың өнегелі және денсаулығын қорғау мен  нығайту  бойынша  тиімді шаралар қабылдау, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын детерминациялайтын әлеуеметтік-жағымсыз құбылыстарға қарсы әрекеттер жүргізу ерекше назар аударатын тақырып болып табылуда.

Заманауи заң ғылымдарында кәмелетке толмаған тұлға, бір жағынан, лайықты өмір салтын қамтамасыз етуге және ата-ананың тәрбие беруде жіберілген кемшіліктерінің орнын толтыруға бағытталған мемлекеттік қамқор ретінде, ал екінші жағынан, кейбір жағдайларда зиян келтіретін зардаптарға алып келетін әлеуметтік-құқықтық девиацияларға бейім субъект ретінде қарастырылады.

Кәмелетке толмағандар жеке тұлға саналып, құқық нормаларының талаптарына сәйкес/ сәйкес емес көзқарасында әртүрлі бағаланатын, тәртіптік актілер жасауы мүмкін. Сонымен бірге бірқатар жағдайларда зиян келтіретін зардаптардың туындауына әкеп соғатын, жасалынатын қылықтың объективтік құқыққа қарсы қайшылық таныту мен субъект ретінде құқық бұзушы тек қана қабілетті субъект болуы мүмкін деп шамалайтын, құқыққа қарсы әрекеттің құрамы араларындағы коллизия туындайды. Құқық бұзушы субъект пен құқық бұзған заңды жауапты субъект түсініктерін ажыратқан жағдайда ғана осы коллизиядан босату мүмкін болады. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушы субъект ретінде бола алады, бірақ оны жасағаны үшін заңды жауапкершілікке (қажетті жасына толмауына байланысты) тартылмауы мүмкін.

Кәмелетке толмаған өз бетімен құқықтық қарым-қатынас  субъектісі  болып  табылмайды және құқықтық нормада ескерілген заңды санкцияға толық көлемде ұшырамайды. Бірақ іс-әрекеттерге  қабілетсіздігі  немесе  жартылай қабілетсіздігі кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын ақтамайды. Осындай жағдайда объективтік қарама-қайшылық туындайды: бір жағынан, құқық бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктен бұлтартпастық қағидатын қамтамасыз ету қажет, екінші жағынан, кәмелетке толмағандардың психофизиологиялық және өнегелі-эмоциялық жетілу ерекшеліктері, нақтырақ айтқанда, құқықтық мәдениетінің деңгейі аса жоғары еместігімен сипатталатын әлеуметтенудің аяқталмағандығы, экономикалық тәуелділігі, өмірлік тәжірибенің жетіспеуі өмірде кездесетін даулы мәселелерді өркениетті жолмен шешуге, әлемнің шынайылығына табысты бейімделуге қабілеттілігін төмендетеді, осының барлығы кәмелетке толмағандардықұқыққарым-қатынастығындағы толық құқықты, дербес субъект ретінде айтуға мүмкіндік бермейді.

Кәмелетке толмаған маргиналдар мен девианттармен ең тиімді жұмыс істеу үшін ювенальдық әділеттің біртұтас ұйымдастырушылықоқшауланғанжүйесінқалыптастыру керек, оның құрылымындағы орта буыны, әрине, ювенальдық сот болуы тиіс. Аталған мәселені шешу, кәмелетке толмағандардың әсерлі құқықтық қорғау институты және жастар ортасында қылмыспен күресу құралы ретінде пәнаралық көзқарас шеңберінде ювенальдық әділет моделін құруды зерттеушілерден талап етеді.

Кәмелетке толмағандардың әлеуметтікқұқықтық ауытқуларына қарсы әрекеттер жүргізу – мемлекет саясатының негізгі бөлігі болып саналады. Осы саладағы құқықтық реттеудің механизмі әлеуметтік-құқықтық ауытқуларымен күресудің іс-жүзіндегі тапсырмаларын шешуге бағытталуы және осы саладағы ғылымның жетістіктеріне сүйенуі керек;  құқық қорғау органдарының, басқа да мемлекеттік органдары мен қоғамның іс-әрекеттерін ағымдағы кезде ғана емес, сонымен бірге жуырдағы келешекте де және алдағы болашақта да жоспарлауды қосу керек; әртүрлі әлеуметтік-құқықтық ауытқуларды қолдайтын, қоғамда орын алатын нақты қарама-қайшылықтар мен процестерді ескеру керек; тұтас және нақты түрлері бойынша әлеуметтік-құқықтық девиациялармен күресуді анықтау керек; әлеуметтік-құқықтық ауытқулармен күресудің мақсаттарын, құралдарын және әдістерін тұжырымдауымен қатар девиацияның алдын-алу мен онымен күресуге бағытталған барлық іс-әрекеттерді қайта құру мен үдетудің ұйымдастырушылық және басқа да шараларын ескеру керек; ұдайы кемелденуі және серпінді болуы тиіс; әлеуметтік-құқықтық девиацияларға қарсы әрекеттердің жаңа мүмкіндіктерін ізденуі керек [1].

Нормативтік түрде белгіленген субъективтік құқықтардың талаптарын іске асыруға бағытталған, адамның құқыққа қарсы әрекеттерін тежегіш және құқық орындаушылық тәрбиесін ынталандыратын фактор ретінде индивидтің тәрбиесін уәждемелеу процесіне заңды жауапкершілік елеулі әсер етеді. Әлеуметтік-құқықтық девиацияларға қарсы механизмнің барлық элементтерінен заңды жауапкершіліктің орны маңызды әрі басымды болып саналады.

С.С. Алексеев заңды жауапкершілік сақтаушы құқық қарым-қатынастың бірден-бір элементі болып саналатындығын ерекше атап өтіп, себебі бұл «адамның дербес, ұйымдастырушылық немесе  мүліктік  тәртіптен  айыру формасы ретінде құқық бұзғаны үшін мемлекеттік-мәжбүрлемелі шараға төзу міндеті» деп көрсетті [2]. Осы анықтамада заңды жауапкершіліктің өзгеше белгілері байқалады, мұнда мемлекеттік-мәжбүрлемелі әсер ету шараларға төзу міндетінде жауапкершілік бар екендігі сипатталып, жуапкершіліктің негізі құқық бұзушылық болып саналады және жауапкершілік әрқашан да әртүрлі теріс салдарларымен байланысты болады.

Сонымен бірге әлеуметтік-құқықтық девиацияларға қарсы әрекеттер  механизмінің  негізгі бағыттары, формалары және әдістері ауытқулардың түрі және қарқындылығымен қатар, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік табиғатына, онда билік етуші саяси, өнегелі, құқықтық  көзқарастарға,  мәдениет   деңгейіне,техникалық және экономикалық мүмкіндіктерге байланысты болады. Кәмелетке толмаған девиацияларға қарсы әрекеттерге бұқаралық ақпарат құралдары мен насихат жұмыстары, құқық қорғау органдары, тәрбие мекемелері және т.б. көзделген.

Кәмелетке толмаған құқық  бұзушыны қайта тәрбиелеу мақсатында ең тиімді шара қолдану қажеттілігін шешу үшін заңгерлер, психологтар, дәрігерлер, жастар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қылмыскердің тұлғасын қалыптастырған негізгі криминогендік факторларды анықтауға, тұлғаның әлеуметтікпсихологиялық кейіпін құрастыруға, тест, сауалнама, сұхбат, жеке әңгімелесу нәтижелерін тестілеуге  және                          интерпретациялауға мүмкіндіктері бар.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық заңнаманы талдау гуманизм қағидаттарына қайта оралу туралы айтуға мүмкіндік береді. ХХ ғасырдағы халықаралық құқық бала құқығын қорғау саласына келесідей актілерде ерекше көңіл бөлген, олар: 1959 ж. Бала құқығының декларациясы, 1960 ж. Білім беру саласында дискриминациямен күресу туралы конвенция, 1974 ж. Төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыстар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларация, 1985 ж. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің ережесі, 1990 ж. Бала құқығы туралы конвенция және т.б.

«Балалардың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңында «балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу,  олардың  бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк  берiлген  негiзгi  құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды  реттейдi»  делінген [3]. Осыған сәйкес Елбасымыз баланың дұрыс тәрбиеленуіне, елімізге, қоғамымызға елжанды азамат өсіруге негізгі қағидаттар анықтаған.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды түзетудің тапсырмаларын шешу барысында тәрбиелікті алдын-алу мақсаттарына әңгімелесу, істеген ісін бағалау, мүмкін болған салдарды модельдеу және т.б. әдістер арқылы жетуге болады. Кәмелетке толмаған айыпталушының тұлғасы туралы ақпарат алудың ең тараған әдістері ретінде байқау әдісін талдау арқылы күнделікті тұрмыстағы және психологиялық байқау тәсілдерінің үйлесу мүмкіндігін ерекше атап өту керек.

Сонымен, республикамыздағы ювенальдық әділеттілікті құрудың заманауи көзқарасында, кәмелетке толмағандарға арналған сот төрелігін жетілдіру келешегін анықтайтын конструктивтік элементтері болуы тиіс. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыға жасаған қылықтары үшін жауапкершілікті сезінуге көмектесе отырып, оларға қатысты сот төрелігі тәртібін өзгерту процесін ынталандыратын шараларға негізделуі және басқалар оны қалай сезінетіндігін түсінуі керек. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігікәмелеткетолмағандардықоғамнаншеттетпей, оларды әлеуметтік интеграциялануына ықпал етіп, ресми сот ісін және мүмкіндігінше бостандығын айыру сияқты қатаң жазаларды қолдануды болдырмауға мүмкіндік береді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Социальные отклонения. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Юрид.лит., 1989. – 227 с.
  2. Алексеев С. С. Общая теория социалистического права. – М., С. 190.
  3. «Балалардың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – № 345 Заң, 2002 жыл 8 тамыз.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.