Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Талап қою құқығы және оның теориялық аспектілері

Қоғамымыздың  әрбір  азаматы  еліміздің Конституциясының   13-бабының    2-бөлігіне сәйкес, қаралған құқықтары мен бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің  бұзылған жағдайларында оларды қорғау үшін азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы [1] . Сонымен қатар мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда  өзге   адамдардың  белгісіз   бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін  қорғау  туралы  сотқа  арыз  беру құқығы бекітілген.

Азаматтық іс жүргізу – бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттердің жиынтығы болып табылады.

Азаматтык іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап коюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдык әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктелген.

Сотқа талап қою бойынша талап арыздар беру Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің (әрі қарай – ҚР АІЖК) 150, 151-баптарының талаптарына сәйкес реттелген [2].

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптарымен қарсылықтарын негіздейтін мәнжайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды, солардың негізінде анықтайтын заңды түрде  алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Әр тарап өзінің талаптарынының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сотпен дәлелдемені іске қатысты деп тануға жатады.

Әдебиеттерде талап қою құқығының заңи табиғаты және оның пайда болуының шарттары туралы мәселеге қатысты әртүрлі пікірлер айтылған болатын.

Кейбір авторлар сотқа жүгіну құқығын субъективтік материалдық құқықты соттық немесе өзге заңи қызмет арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыруға құқық ретінде  қарастырады.  Мысалы, Н.И. Авдеенконың пікірінше, "Азаматтық субъективтік, оған қатысты мүмкіндіктер жүзеге аспайынша болмайды. Субъективтік құқықтық мұндай түсінігінде ерекше, материалды құқықтардан бөлектенген құқық құруда қажеттілік болмайды, бұқара көпшілік құқықтың құқық өкілеттігі мемлекетке құқығын қорғау мақсатында жүгіну түрінде болады, яғни іс жүргізу мағынасында арыздану құқығы болып табылады"[3].

Басқа ғалымдар тобы болса сотқа жүгіну құқығын азаматтық-процессуалдық құқық қабілеттілігін білдіреді деген көзқарасты ұстанады. Алайда бұл пікірді әр ғалым әртүрлі анықтайды. Мысалы, О.В. Иванов сотқа жүгіну құқығы тікелей процессуалдық құқық қабілеттіліктен туындайтыны, өйткені оның туындауы үшін қандай да бір заңды фактінің пайда болуы қажет еместігі жөнінде пікір айтады [4]. В.Н. Щегловтың ойынша, сотқа жүгіну құқығы азаматтық  іс  жүргізуге  құқық қабілеттілікке ие болу болып табылады, ол нақты іс бойынша азаматтық іс жүргізудің пайда болуына әкеледі [5]. К.И. Комиссаровтың пікірінше, сотқа жүгіну құқығының иесі ретінде кез келген процессуалдық құқық қабілеті бар тұлға бола алады [6]. Сотқа жүгіну құқығын былайша түсіну революцияға дейінгі процессуалдық әдебиетте кең тараған болатын. Мысалы, Е.В. Васьковский былай деп жазған: "Іс жүргізудегі құқық қабілеттілік–азаматтыққұқыққабілеттіліктердің іс жүргізудегі көріністерінің бірі.  Шын мәнінде,  кімде-кім  заңдық  қатынастарға түсіп,құқықтарды иелену қабілеттілігі берілген болса, яғни оған өз құқығын құқық бұзушылықтан қорғау қажеттілігі жағдайында, сонымен қатар сотқа шағымдану құқығы да берілуі тиіс, ондай болмаған жағдайда оның құқығының бағасы жоқ, шын мағынасы жоқ, сондай-ақ құқықтарының жүзеге асуы жазаланусыз заңды бұзатын өзге тұлғалардың еріктеріне тәуелді болар еді "[7].

Азаматтардың құқықтары немесе заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, олар жергілікті тұратын жердегі немесе жауапкердің тұратын жеріндегі сотына (егер де ол заңды тұлға болып табылса) шағымдану құқығы бар.

Талапты азамат тікелей өзі және қорғаушымен бірлесіп немесе сенімхат арқылы қорғаушы бере алады. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі.

Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға  және  оны  ұсынуға  өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Арыз электрондық құжат нысанында  берілген  кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен,   ал   өкілеттігі   болған    кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешеді және талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

Судья:

  • арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
  • сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса, талап арызды қабылдаудан бас тарта алады.

Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгіну қажеттігі екендігін көрсетеді.

Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен  кезден  бастап  бес күн мерзімде шығарылуы және арыз  берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.

Судья:

  • талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
  • іс осы соттың соттауына жатпаса;
  • арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
  • арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
  • осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса; – коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе; бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, талап арызды қайтарады.

Судья арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда  арыз  берушіге, егер іс осы соттың қарауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс.

Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

Судья талап арыз ҚР-ның АІЖК-нің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1)– 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді.

Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа  алғашқы  тапсырған   күні   берілген болып  есептеледі.  Олай  болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады [2]. Талап қоюшы жол берілген бұзушылықтарды жойса,арызды  қайтару  талап  қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Арызды қайтару туралы   судьяның   ұйғарымына  жеке  шағым, наразылық берілуі мүмкін.

Жауапкер бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін алғашқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.

ҚР-ның АІЖК-нің 150, 151-баптарының талаптары сақталып сотқа түскен талап арыз, сотқа түскен күннен бастап бес күннен кешіктірілмей өндіріске қабылданып, жеті күн ішінде әзірлік жұмысы жүргізіліп, тағайындалады.

Қолданыстағы азаматтық істер жүргізу заңына сәйкес сотқа түскен талап арыз екі айдан кешіктірілмей қаралуы тиіс.

Азаматтық істің мәні бойынша шығарылған сот актісі (шешім, ұйғарым) заңды және негізді болуы тиіс. Шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

Істің мәні бойынша шығарылған сот актісі (шешім, ұйғарым) тараптарға жолданып, талап қоюшы сот актіде (шешім, ұйғарым) көрсетілген мерзім бойынша шағымдану тәртібімен жоғары сатыдағы сотқа шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Ата заңында, Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары және әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар екендігі бекітілсе, заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең деп көрсетілген [1] .

Ал Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай – АІЖК) 30-бабына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық, мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрілген әкiмшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық және қалалық, аудандық соттарға адамдар талап қою арқылы өздерінің құқықтарын қорғай алады.

Осыған сәйкес адамдар талап арызды сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді,  арыз  берілетін  соттың,  талап қоюшының атауы, тұрғылықты жері, жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы, талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мәнжәне бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер, талаптың толық мән жайлары жазылады және арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетіліп, тіркеледі.

Сондай-ақ жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі, мемлекеттік баж салығы төлену арқылы құжаттар сотқа өткізіледі.

Тараптардың  сотқа  ұсынған  талаптары мен қарсылықтары және куәлардың түсініктемелерімен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен айқындай отырып, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеу арқылы өз құқықтарын сот арқылы қорғай алады.

Ал соттар тараптардың ұсынған дәлелдемелері негізінде заңға сілтеме жасай отырып, заңды және негізді шешім қабылдауға міндетті.

Сот шешімдерінің заңдылығы тараптардың қолына алған күннен бастап 15 күн ішінде, бірінші сатылы сот арқылы облыстық соттың алқасына апелляциялық мерзімде шағым келтіруге құқылы.

Сонымен қатар сотқа талап арыз берумен бір мезгілде, сотқа талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде арыз беру арқылы, жауапкердің нақты бір әрекетті жасауына тыйым салу арқылы, сот шешімінің нақты орындалуына орасан көмегін тигізеді.

Атап айтқанда, сотпен жауапкерге тиесілі және оның өзінде немесе басқа адамдарда болатын мүлікке, банктегі ақшаға тыйым  салынады және де заңмен белгіленген бір әрекеттерге тыйым салынуы мүмкін.

Бұл әрекеттердің бәрі жауапкердің заң алдындағы жауаптылықтан ешкімнің де құтылмайтынын сезіндіру негізінде жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, талапкер А.А. жауапкер Б.дан 2 500 000 теңге өндіру жөнінде қалалық сотқа талап арызы берілген.

Аталған талап арыз қалалық соттың судьясы Р.Р. өндірісіне қабылданып, негізінен қарау үшін азаматтық істі 01.01.2013 жылы жергілікті уақытпен 10:00-ге тағайындалған.

Талапкер талап арызбен бірге бір мезгілде сотқа талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде арыз беріліп, аталған арыз қаралып, нәтижесімен жауапкердің автокөлігіне және жеке меншік тұрғын үйіне қандай да бір әрекеттер жүргізуге тыйым салу жөнінде сот ұйғарым шығарып, орындау үшін мемлекеттік сот орындаушыларына жолданып, қорытындымен мүліктерге тыйым салынған.

Қалалық соттың шешімімен талапкер А.А пайдасына жауапкер Б-дан 2500 000 теңге өндіріліп, талап арыз қанағаттандырылған.

Аталған сот шешімінің негізінде атқару парағы жазылып, мемлекеттік сот орындаушыларына жолданып, нәтижесінде жауапкермен екі автокөлік бағаланып, аукцион арқылы сатылып, өндіріп алушы А.А-ға 2500000 теңге толығымен өндірілген.

Қорыта айтқанда, талап қоюға субъективтік құқықтыңпайдаболуыбелгілібірмән-жайлармен байланысты. Олар заңның абстрактілі сипаттағы нұсқауларынсәйкесқұқықтыққатынастыңнақты белгілі субъектілерінің субъективтік құқықтары мен заңды мүдделері аясында енгізетін "тетік" ретінде болады. Субъективтік құқық бар жерде оған қарсы полюс ретінде заңды міндет те болады, сондықтан субъективтік құқық әрқашан белгілі бір заңдық қатынас ауқымында өмір сүреді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30-бап, 13 б.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, 150-бап, 46 б.
  3. Авдеенко Н.И. Иск и его виды в советском гражданском процессуальном праве. Автореферат. Кандидат юридических наук, 1951. – 21 с.
  4. Иванов О.В. Право на судебную защиту// Советское государство и право. – 1970. – №7. – с. 40 –
  5. Щеглов В.Н. Гражданское процессуальное правоотношение. – М.: Юридическая литература, 1966 – 247 с.
  6. Комиссаров К.И. Право на иск и прекращение производства по гражданскому делу (некоторые вопросы) // Свердловск, 1969. – с. 159 -182.
  7. Васьковский Е.Г. Учебник гражданского процесса / Краснодар, 2003. – 528 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.