Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев биылғы Жолдауында «Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет дей келе, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары басым бағыттар бойынша жетінші бағыты етіп, мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіруді қойды. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.
Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс» [1, 3].
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабы мен Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 12 бабы бойынша «әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар» [2], сондықтан сот өндірісіне адвокат қорғаушының қатысуы өте маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдық, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдігі сол құқықты қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Сот жарыссөзіне адвокаттың қатысуы қалай қажет және маңызды болса, сот тергеуінде де солай маңызды және қажет. Бірақ айта кету керек, қорғау сөзі сот тергеуі кезінде қанық және егжейтегжейлерін қалдырмай, айыпталушыны қорғау үшін барлық мән – жайларды қарастырып, айыпталушы үшін нәтиже беретін жүргізілген әрекеттер болғанда ғана өз нәтижесін, жемісін береді.Тек осындай жағдайларда ғана адвокаттың қорғау сөзі жақсы нәтижелі болмақ.
Сот жарыссөзіне адвокаттың қатысуы қорғаушыға айыптаушының айыптауына қарсы өз болжамын алға тартуға және сотқа айыпталушының пайдасына барлық болжамдарын жариялапбереалады. Соныменқатарқорғаушы,тікелей сұрақтарды қорықпай қоя отырып, сынның бағасы оның ішінде шыншылдығында және қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеруде екенін білу керек. Сондай-ақ, қорғаушының бүкіл соттағы қызметі, сот жарыссөзіне қатысуы, соттарға қорғау бағытының дұрыстығы және оның сотталушы үшін дұрыс шешім шығаруға пайда келтіретінін көрсете білуі және оның қызметінің мақсаты тікелей сол екенін сендіре білу керек.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 23 бабы бойынша «қылмыстық сот ісін жүргізу айыптау және қорғау тараптарының бәсекелестігі мен тең құқықтығы принцпінің негізінде жүзеге асырады» [3]. Сот жарыссөзіне қатысу – тараптардың маңызды құқығы мен әділсоттың үкім шығару қаулыларының алғышарты болып табылады.
Прокурор және адвокат... Ол екеуі тараптар болыптабылама, оныңішіндесотжарыссөзінде... Өйткені бізге белгілі іс жүргізуде тараптар тең құқылы, бірдей құқықтарға ие болады, бірдей міндеттер атқарады. Ал бізде прокурорда адвокатта бірдей тең дәрежеде, сот пікірлеріне, оның ішінде тиімді үкім шығаруға әсер ете алады ма? Яғни іс бойынша, прокурордың сотқа ықпал етуі онша күрделі қиын емес; тергеу жүрді, айыптау, тұтқындау болды. Мемлекеттік белсенділік бар, Қылмыстық іс және сот тергеуі бойынша материалдар қолында.
Ал қорғаушы-адвокаттың қолында не бар? Онда көп нәрсе жоқ; онда билік жоқ, мемлекеттік мүдделерді қорғау міндеті жоқ, не өзінің тергеуі жоқ. Онда тек аз ғана нәрселер бар. Қиындыққа жолыққан, оның көмегіне зәру адамдарға көмектесу борышы мен міндеті, ақыл, білім тәжірибе және мәдениеттілік... Осы аз ғана нәрселер, шындықты айқындау үшін өз дегенінде тұру үшін және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін жеткілікті болады. Дәл осылай тәжірибелі, тәртіпті. өз ісіне адал адвокаттар қызмет етеді.
Сот жарыссөзіне қатысушылардың дәлелдеу шегі сәйкес келмейді. Айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеу керек. Ал қорғаушыға келетін болсақ, оның міндеті енді өзінше. Ол ақтауды сұрауға міндетті. Онда да сотталушының кінәлілігі дәлелденбеген жағдайда. Ондай сұраудың негізі болады, егер сотталушының кінәлілігі күмәнділікпен бекітілмесе болды. Оның үстіне қорғаушының дәлелдеу шегінде басқа тұлғаның шығуы және қаралып жатқан іс бойынша оның кінәсын негіздеу қарастырылмайды.
Сондықтан, қорғау сөзінің мақсаты мен бағыты қылмыстық іс жүргізудегі қорғаудың мақсаты мен бағытынан туындайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қорғау сөзінде көрсетілген қорғаушының міндеті толығымен соттың міндетімен сай келеді. Сотта Конституция бойынша кіналылығы мойына қойылмаған айыпталушыны дәлелдемелер толық болмайынша заңсыз соттауға, жаза кесуіне болмайды. Осыған қорғаушы да ұмытылады.
Қорғаушыда өз кезегінде, кінәсі дәлелдемелермен мойнына қойылып отырған сотталушыны ақтап аламын деуіне болмайды. Қорғау ақтап алуға байланысты емес. Өйткені сотталушының құқығы мен заңды мүддесін қорғау дегеніміз-оның жазасыз қалу және заңға қайшы әрекеттерін жауапсыз қалдыру деген сөз емес.
Соттың міндеті – әрекетке дұрыс негізді құқықтық баға беру, әрекетті дұрыс дәрежелеу, заңды тура қолдану.
Қорғаушының міндеті – бұл жерде де соттың міндетінен алысқа кетпейді. Қорғаушы өзінің міндетінен соттың зандарды тек өз клиенті сотталушының мүддесі үшін заңдары дұрыс қолдануды сұрамайды.
Сотжарыссөзіндегіадвокаттыңқорғаусөзінің рөлі мен маңызын аша келіп, қорытындысында сот жарыссөзі жарыссөз болмай, полемика формасы болмай, сот жарыссөздерінің қарамақарсы пікірдегі көзқарас болмай бәсекелестік болмайды.
Сондықтан сот өндірісінде адвокаттың қорғау сөзінсіз болмайды. Сотта сөйленген сөздерге, оның ішіндегі қорғау сөздеріне қарап сотта объектиті шындықты анықтауға және әділ сот үкімін шығаруға болады.
Қылмыстық іс жүргізу заңдарына сай қорғаушы сот жарыссөзінде барлық уақытта мемлекеттік және қоғамдық айыпталушылардан азаматтық талапкерден кейін сөйлейді.
Іс жүргізу әдебиетінде бұл жағдай өз маңызына қарай әртүрлі пікірлер тудырады. Біреулер сот жарыссөзіндегі қорғаушының бұлай соңында сөйлеуі оның құқықтық жағдайының жоғары болуынан деп санаса [4, 14 б], енді басқалары бұларға қарама-қарсы пікірде болады [5, 25 б].
Іс жүргізуші-процессуалистердің басым көпшілігісоттәртібіндегіондайтәртіпшындыққа жетудің және қорғау құқығын қамтамасыз етуге жақсы деген пікірде болса, енді басым бөлігі қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша бекітілген сот жарыссөзінің тәртібі сотталушының қорғану құқығын бұзу деп санайды.
«Мемлекеттік айыптаушы мен азаматтық талапкерден кейін сөйлей отырып, қорғаушы өзіне жақсы жағдай жасайды. Ол өзінің қорғау сөзінде алдында өзі тыңдаған сөздерге мазмұнына қарай отырып, жауап береді және қорытынды бере алады» [6, 14 б].
Шын мәнінде,ондай тәртіпте олардың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де қатар жүреді. Сонда да болса мен жоғарыдағы авторлардың пікірлеріне қосыламын.
Заңның түпкілікті бекітілген талабы бойынша қорғаушы айыптаушыдан кейін сөйлейді.
Мұның артықшылығы, жеңілдігі бар. Ол қорғаушының прокурорға жауап беруі,барлығын қайтадан ой елегінен өткізу және соңында сот үкім шығару бөлмесіне кеткенде адвокаттың соңғы сөзінің әсерімен кетуі және сонымен бір мезгілде қиындығы: адвокат аудиторияға әсер еткен прокурордың сөзінен кейінгі психологиялық кедергілерді бұзу керек. Өйткені прокурор өзінің қатал айыптау үкімін жаза кескендей нық сеніммен айтады. «Барлығына бәрі айқын сияқты; кінә дәлелденген, тек соттың ғана қатал үкімін тыңдау қалды». Сол кезде кенеттен
... Қоғамдық пікірмен сотталып қойылған сотталушы үшін қорғау сөзі естіледі. Аудитория енді ол іске «басқа жағынан», «басқа көзбен» қарай бастайды. Бұндай жағдайда аудиторияның назарын, көңілін олардың «бейімделуін»,«сақтануын» өзіңе аудару өте қиын. Ол үшін «фактілерге және оларды тікелей қолдануға, болып жатқан жағдайға дұрыс баға беруге, жалған мәлімет, жалаң сөздерді жібермеуге, шынайы және анық, нық сеніммен жеткізетін принципті және ер жүрек қорғаушы болу керек.» [7, 24 б].
Не айтсаңызда, қандай көзқарасты ұсынсаңызда барлығы бір жүйеге – қатаң түрде заңға негізделу керек. (дәл сондай кезекпен). Бізді ойландыратын, қызықтыратын сұрақтарға келейік. Қорғау сөзі дегеніміз не? Ол неге керек? Оның міндеті мен мақсаты қандай? Бұл сұрақтарға жауап беру осы жұмыстың бір тарауында жасалған. Осы мәселелерді шешу алдыңғы тараулар бойынша күрделі және өзекті мәселелелерді саралау біздің жұмысымыз, міндетіміз болып табылады.
Қорғаудың жемісті болуы көбінесе адвокаттың қорғау сөзіне байланысты болады. Бұл қорғаудың бірден бір – нұсқасы. (варианты)
Қорғау сөзінің сипаттамасы қорғаушының іс жүргізу жағдайының екі өзекті мәселесі мен оның міндетіне байланысты 2 қатынасының көрінісі болады. Олар:
- Қорғаушының іс қарап жатқан судьямен қатынасы.
- Өзінің қорғауындағы сотталушымен ара қатынасы.
Алдыңғы және соңғы жүйе адвокат қорғаушымен толық түрде есепке алыну керек.
Бірақ айта кету керек. Қорғаушының бағыты барлық кезде толығымен айыпталушының бағытымен байланысты бола бермейді. Оның ішінде қорғаушы адвокат жұмыс істейтін қорғаудың құралы мен жағдайын таңдаған кезде қорғау бағыты алдынан белгілі болады. Қорғау бағыты соңғы түрде тараптардың жарыссөзінен байқалады, дегенмен ол қылмыстық сот өндірісінің ерте сатыларында қалыптаспайды деген сөз емес.
Сонымен, адвокаттың қорғау сөзі – бұл қорытынды, қорғауды аяқтау, қорғаушының өзі білетін әрекеті емес, бұл дегеніміз – бүкіл іс материалдары бойынша сот мәжілісінде зерттелген қорытынды.
Қылмыстық іс бойынша қорғаушының сот мәжілісіне қатысуының кульминациялық сәті – қорғаушының өз қызметін жүзеге асыруындағы маңызды құрал болып табылады.
Сонымен, қылмыстық іс бойынша қорғау сөзі – бұл қорғаушыдан өзінің білімін көтеру үшін үлкен маңдай терін төгуді қажет ететін маңызды шығармашылық акт.
Қорғаушымен қорғау сөзін дұрыс қалыптастырып жеткізу үшін қорғаушыдан дәрежесінің жоғары болуы, шынайы мәдениет, қаралып жатқан іс, жағдайлар бойынша жанжақты білім және ұстанған қағидасын берік ұстау талап етіледі [8, 78 б].
Бұлардың барлығы-қорғаушының үлкен де қиын еңбегінің қорытындысы, үзіліссіз, шынайы еңбегінің жемісі, сотталушының құқығы мен заңды мүддесін шынайы қорғауға талпынысы, сотталушыға зиянын тигізетін қателерді жібермеу немесе оған пайдасына қызмет ететін барлық нәрселерді қолдану болып табылады.
Жоғарыдағыларды қорыта келгенде:
- болашақта сот жарыссөздері ашық өтіп, адвокаттар мен прокурорлардың шешендік өнерінің бағасы – соттағы жарыссөздеріне іске қатысушылармен бірге басқа да азаматтар мен заңды тұлға органдарының, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысуын қамтамасыз ету;
- Адвокаттардың сот жарыссөзіндегі сөйлеген тезистері бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап тұру;
- Ресей телеарнасы тәрізді біздегі сот өндірісіндегі прокурорлар мен адвокаттар қатысуымен Қазақстанның ұлттық телеарналары арқылы сот процесстерін өткізіп тұру;
- Сот академиясы тәрізді Адвокаттар Академиясын ашып, онда осы практик-адвокаттардың сот жарыссөзі бойынша болашақ адвокаттардың шешендік өнерін қалыптастыру мәселелерін күн тәртібінен түсірмеу керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет құру жолында адвокатура мен адвокаттардың құқықтық мәртебесі жоғары болмақ.
Әдебиеттер
- Н.Назарбаев. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы.// Айқын Республикалық қоғамдық саяси газеті № 7 (2401), 18 қаңтар. 2014 жыл.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30-тамызда респубикалық референдумда қабылданған.
- ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 жылѓы 13 желтоқсан. Алматы: Жеті жарғы.
- 4.Ю.И. Стецевский. Уголовно-процессуальная деятельность защитника. «Юридическая литература» 1982 г.,стр 46. 5.М.Чельцов-Бебутов., Уголовно-процессуальная деятельность защитника. «Юридическая литература» 1982 г.,стр 256. 6.И.Д.Перлов. Судебные прение и последнее слово подсудимого в советском уголовном процессе. «Госюриздат»1957 г. 7.И.Д.Перлов.Право на защиту. «Знание» М. 1969
- 8.A.С.Киселев. Общественное значение защитительной речи.Сб. «Новое законодательство и адвокатура» 1990 г.