Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұхаммед Әбілқайыр II-нің және Наполеон Бонапарттың мемлекет қайраткерлік қызметтері

Мақаланың ғылыми мақсаты – өз елінің тарихына өшпес даңқ қалдырған ұлдарының саясимәмілегерлік және әскери іс-әрекеттерін талдай келе, мемлекеттік қайраткерлік қызметінің бейнесін ғылыми сомдау.

Әрине, екі тұлға өмір сүрген заманның саяси-тарихи көрінісі ұштаспайды. Сонда да оларды  біріктіретін  ең  басты  қасиет  бар, ол – қолбасшылық дарындылығы, мәмілегерлік кемеңгерлігі.

Міне, осындай тұлғалар қатарынан Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748 жж.) және Франция императоры Наполеон Бонапарт  (17691821 жж.) туралы сөз қозғалмақ.

Көптеген ғылыми еңбектерде Әбілқайыр өмір сүрген заман саяси-экономикалық халахуалының қиын жағдайда болғанымен суреттеледі. Соның бірінде:

Қазақ даласына қай кезде де дұшпан көзінің сұғы көп қадалған. XVIII ғасырдың басынан бері қарай Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы күрт шиеленісіп кетті. Батыс жақтан Орал казактары қолтығына су бүріккен Еділ қалмақтары шабуылдай бастады. Жайық бойындағы ел шалғынға башқұрттар таласуын қоймады [1, 9-12 бб.].

Қазақтардың көршiлес жұрттарымен қарымқатынастары шиеленiсiп, олардың арасында әскери соқтығысулар жиiлетiлдi. Қазақ қоғамы жан-жағынан қауiп төнiп, үлкен қатер алдында тұрды. Едiл қалмақтары, Жайық орыс-казактары, башқұрттар мен жоңғарлар жан-жақтан анталап, қазақ жерiне шабуыл жасауға дайын едi [2, 103-116 бб.].

Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр қазақ-башқұрт қатынастарына байланысты көтерген күрделi мәселелердiң бiрi – 1734 жылы қазақ даласын отарлаудың тiрегi болған Ор бекiнiсiн салу мәселесiн ұсынды. Бұл ұсынысты, бiр жағынан, әскери бекiнiсi, екiншi жағынан, сауда мәселесiн дамытудың қайнар көзi ретiнде қарастырған. Ресей мемлекетi Әбiлқайырдың бұл ұсынысын қолдап отырып [3, 116 б.] , ханның мемлекет қайраткерлік қызметіне риза болды.

Кiшi жүз қазақтары мен Жайық орысказактарының қарым-қатынасы тарихи өзара жаулық, соғыс-шайқастары, бiрiн-бiрi тұтқынға алу, малдарын айдап әкету көрiнiстерiне толы. Соның кейбiр тарихи шайқастарына көңіл бөлсек,1718 жылы қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың әскерi  Жайық  қалашығын бiр ай қоршауда ұстайды. 1719 жылы шiлде айында Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр 20 мың әскермен келiп, тағы да Жайық қалашығын қоршауға алды. Егер Әбiлқайыр ханның қаланы қалдырып, Едiл қалмақтарына шабуыл жасауы болмаса, Жайық қалашығы қазақ әскери жасағының қолына түсер едi [2].

Әбiлқайырдың қалмақ хандығымен аянбай күресуiнiң бiрден-бiр себебi қоныс мәселесi болатын. Өйткенi Жайық өзенiнiң жағалауындағы жайылымдар мен ормандар тұрмысқа өте қолайлы едi. Осы ретте Жайыққа таласуын қоймаған Әбiлқайырдың мынадай сөз жолдары кездеседi: «Жайық өзенi кеуiп қалғанша, қазақ халқы бұл жерден айырылмайды. Өйткенi қазақ елi мұндай жайлы жердi еш жерден таппайды» [3, 108-110 бб.].

Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың Жоңғария халқымен түскен әскери қақтығыстарға тоқалсақ, 1718 жылы 30 мың әскер күшiн басқарумен   Әбiлқайыр   қазақ   халқының  үлкен ханы Қайып ханмен бiрге Аякөз өзеннiң бойында  жоңғарларға  қарсы  шайқасты.  Белгiлi бiр жеңiстерге жеткенiмен, Әбiлқайыр хан әскери күшi жоғары тұрған жоңғарларға қазақ жасақтарының әскерi  қарсы  тұра  алмайтынын түсiндi де, Ресей империясының Сiбiр әкiмшiлiгiмен жоңғарларға қарсы әскери одақ құру туралы келiссөздер жүргiздi.

Әбiлқайырдың қалмақ ханы Аюкемен күш сынаспай күресуiнiң себебi қоныс мәселесi болса, онда жоңғар  билеушiсi  Сыбан  Раптан да қазақ иелiгiндегi жерге үйлiктi, оның түпкi мақсаты көшпелiлердiң бiртұтас империясын құру еді.

Қорыта келгенде, бұл жеңiстер қазақ халқына ең қажет кезiнде тыныс берген аса елеулi тарихи оқиғалардың бiрi болды. Әрине, ұлы жеңiстердiң басты кепiлi – қазақ халқының өзара iшкi ынтымақтастықпен тiзе қосып күресуiнде екенiн ескергенiмiз жөн. Сонда да жеке ерлiктерiмен жан аямаған батырлар болғанымен де үш жүздiң әскери жасағының күшiн бiрiктiрiп ұрыс даласында үйлестiруде Әбiлқайырдың жөнi бөлек.

Осындай ауыр жағдайдан шығудың дұрыс жолы – Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың дипломатиялық көзқарасы бойынша Ресей мемлекетiнiң қол астына кiру [3].

Жалпы, Әбiлқайыр ханның қазақ қоғамының тағдырына қалдырған iзi – бiрiншiден, қоршаған ортасы анталасқан жау арасында өзiнiң жеке әскери қолбасшылық шеберлiгi мен дипломатиялық келiссөздердi жүргiзуде өзiне тиiмдi пайдалана бiлген мемлекет қайраткерi ретiндегі қызметі. Екiншiден, Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдаудағы алғашқы қадам жасасқан тұлғаның бiрi ретiнде қызметi сипатталады.

Әбілқайыр хан тек әскер өнерiн жетiк меңгерген қолбасшы ғана емес, сонымен қоса тамаша саясатшы болғанына көзiмiз жеттi. Мәмiлегерлiк өнердi жақсы игерген ол, көршi елдермен қарым-қатынасты келiссөзбен шешуге тырысқан. Бұл оның саясатшылдығын ерекше даралайды.

Ендігі кезекте еңбектің ғылыми мақсатын толықтыратын келесі бағыт – Наполеон Бонапарт бейнесінің халықаралық қарым-қатынастар шеңберіндегі рөлін айқындай келе, оның мемлекет қайраткері ретіндегі қызметіне қысқаша ғылыми шолу жасау.

Аталмыш  тұлғаның  қайраткерлік қызметін ғылыми сомдаудан бұрын, бонапартизм ұғымына қысқаша  тоқталсақ,  қоғамдық  дағдарыс жағдайында пайда болған дербес билік тәртібін белгілеуде қолданылатын бонапартизм терминнің шығуы Наполеон есімімен, сондайақ Францияны басқарған Наполеон III болып аталған Луи Наполеонмен байланысты.

Саяси-ұйымдастырушылық көзқараспен бонапартизм – ол қоғамдағы өз әскерінің қолдауына, сондай-ақ төрешінің рөліне және жауласушы саяси күштер арасындағы қарымқатынастарда делдал болуға талаптанатын билеушінің жеке беделінің орнығуына сүйенетін жауласушы саяси топтардың дербес билік тәртібі.

Конституциялық мағынада бонапартизм биліктің   республикалық   мекемелер    рөлінің ұйысуымен және азаматтық, әскери және полицейлік шенеуніктердің алпауыт жасақтарының тірегімен орталықтандырылған басқаруға ауысуымен сипатталады. М. Прелоның айтуы бойынша, Наполеон үшiн өзін бағынуға міндетті деп санайтын қандай да бір құқық нормалары болмаған. Ол өзін не құзыретіне шек қоюымен, не формальды белгіленген тәртіппен басынбады. Билік адамы ретінде, заң шығарушы ретінде ол өзін үзілді-кесілді заңнан жоғары қояды [4, 484 б.].

Дүние жүзілiк тарихтағы ең ұлы тұлғалардың бiрi – Наполеон Бонапарт  өзінің қысқа ғұмырында орасан зор қолбасшылық қасиеттерін айқындады. Ол – 1808-1814 жылдар аралығында және 1815 жылдың наурызмаусым ай аралығында тақта  отырған  француз императорлардың ішіндегі ең атақтысы. Әсiресе ол Тулон маңындағы шайқаста көзге түстi. Ол тамаша әскери науқандарды өткiздi. Бұл науқандардың нәтижесінде француздар Тулонды күтіп алды. Өзінің 24 жасында Наполеон бригадалық генерал болды.

Ол тамаша әскери науқандарды өткiздi. 1796– 1797 жж. аралығындағы италиялық жорықтар тағы да Наполеонның кемеңгер қолбасшы дарындылығын дәлелдей түсті. Италиялықтар австриялық қысымнан босатқан француз әскерлерiн қуана қарсы алатын. Нәтижесінде Солтүстік Италиядағы өзінің барлық жер иеліктерінен айырылған Австрия Франциямен одақтас Цизальпин республикасын құрады. Наполеон Бонапарт бүкіл Еуропаға әйгілі болды [5, 572 б.].

Наполеон кез келген амал-әрекеттермен тәуелсіз болуға тырысты. Директория үкіметіне бұл ұнамады, сол себепті Директория үкіметті оны 1798 жылы өзінен алысырақ Мысыр экспедициясына жөнелтеді. Франция үкіметі Мысырда дамушы елдермен бәсекелесу мүмкіншілігіне ие болу үшін өзінің үстемдігін орнатуға тырысады. Бірақ бұл жоспар күйреуге ұшырады, себебі мысырлықтар француз әскерінің түріктермен соғысын қолдамады.

Сол жылдары Парижде де маңызды саяси оқиғалар болып жатты. Жемқорлыққа толған Директория, төңкеріс кезінде жаулап алынған жерлерді қолда ұстап қала алмады. 1799 жылы әйгiлi генерал Наполеон Бонапарт қайта оралады. Ол өзінің сенімді әскерінің көмегімен Директорияны таратып қуып жіберіп, консулдық тәртіпті жариялайды.

Бонапарт барлық мемлекеттiк институттарға толық бақылау жүргізгісі келіп, мемлекеттiк реформа өткiзедi. Бұл реформаның нәтижесінде үкіметке есеп беруге тиісті департаменттер және округтер пайда болады, оларды сәйкесінше префекттер және супрефекттер басқарады. Мэрлар қалалар мен ауылдарды басқарды. Алтын қорын және қағаз ақша эмиссиясын сақтау үшiн Наполеон мемлекеттiк Француз банкiн құруды шештi және полиция тыңшыларының аппараты құрылады.

Іс жүзiнде Наполеонның әкiмшiлiк және құқықтық басқаруға қатысты барлық жаңалықтары қазiргi француз мемлекетiнiң негiзі болады. Наполеон көреген саясаткер болды. Сондықтан бұқара ақпарат құралдарының күшті саяси ықпал ететінін түсініп, ол 173 газет баспасынан 160 газеттердi жабуды ұсынды. Қалған 13 баспа қатаң түрде үкімет бақылайтын цензура болды.

1801 жылы Император Рим Папасымен конкордат келісімін бекітеді. Бұдан былай Францияда католицизм жалпыға бірдей қабылданған дін болды, ал Римде жаңа француз билігiн ресми мойындағанымен дiни наным таңдау бостандығы қалады. Дегенмен енді шіркеу қызметі жаңа француз өкіметіне және реформаға толығымен тәуелді болды.

Жаңа Конституция жарияланды. Конституцияға сәйкес заң шығару органдары бірнеше органдардың арасында бөлінді. Яғни мемлекеттiк кеңес, трибунал, заң шығару корпусы және сенат заң шығару билігін өзара бөлісті [4, 575 б.].

Атқарушы билік толығымен Бонапарт қолында шоғырланды, ол бiрiншi консул мiндетiн атқарды. Екiншi және үшiншi консулдардың қандай да бір шешiмге ықпал ету мүмкiндiктері болмады, олар тек кеңесіп дауыс беру қызметін атқарды.

1802 жылы Наполеон сенат арқылы бірінші консулдың өкілеттігі өмірлік екендігін айқындайтын декретті өткізді де, 1804 жылы Бонапарт өзін император деп жариялады. Осылайша, Бонапарт өз билігін біржолата бекітеді.

Наполеон билік басына келген кезде Франция Англиямен және Австриямен соғыс жүргізген болатын. Бонапарт жаңа италиялық жорыққа аттанады. Наполеон өзінің италиялық науқаны кезінде Австрия және Англиядан тартып алған барлық жерлерін қайтаруды бастайды. Жергiлiктi Италия халқы оны қайтадан қуанышпен қарсы алады. Көп жағдайда ол Италияға барған бiрiншi жорығына ұқсайды.

Император Бонапарт өзінің ішкі саясатында шаруалардың мүдделерін барынша өз мүдделерімен сәйкес келтіріп  орнықтырады. Ол барлық  күш-жiгерімен  билікті  ұстап қалуға ұмтылды. Ол халыққа жария етілген азаматтық құқықтарын, шаруашылардың жерге құқықтарын, сондай-ақ төңкеріс кезінде ұлттық меншіктерді игерген азаматтардың құқықтарын сақтауға уәде береді. Сөйтіп, 1804 жылы Азаматтық кодекс қабылданады, тарихта кейін бұл нормативтік-құқықтық акт император есімімен аталынғаны белгілі. Құжатқа сәйкес төңкеріс кезінде жаулап алынған барлық иеліктер ресми бекітілді.

1806 жылы Еуропаның көптеген бөліктеріндегі жеңісті шерудің нәтижесінде Наполеон континентті блокада декретіне қол қояды [5, 87 б.]. Бұл декрет бойынша француз жағы, сондай-ақ оның барлық одақтастары Англиямен барлық сауда-саттық қатынастарын тоқтатуға мәжбүр болды.

Алғашқыда Наполеон ниетіне жеткенімен, таяуда тауарлардың тапшылығы француз экономикасына қатты әсер етті. Себебі Англия отарлық тауарларды жеткізуде бiрiншi болатын. Жүн өндірісі мен тоқыма өнеркәсібі күйзелді, ел сауда блокадасынан қатты зақымданды. Нәтижесінде, ел экономикалық дағдарысқа ұшырады. Наполеонның император дәрежесіне жоғары тұрған  басшының  өкімі немесе алдыңғы императордың  бұйрығы  бойынша  емес, өзінің әскери қызметте атқарған жетістіктері мен дарындылығының нәтижесінде қол жеткізгендігі мәлім.

Наполеонға Ресеймен мәмілегерлік қарымқатынастарды үзіп, оның аумағына көктеп кіруден басқа амал қалмады. 1812 жылғы шайқас Наполеон үшiн бүкіл империясының күйреуi болды.

Француз әскерiн басқарған I Наполеон және I Александр бұйрығымен орыс әскеріне есімі аңызға айналған қолбасшы М.И. Кутузовтың арасындағы атақты Бородино шайқасы 3 күнге созылды. Бұл шайқас жоғары қатыгездікпен және қантөгіспен ерекшеленеді. Ол 1812 жылғы отандық соғыстың ең iрi шайқасы болды.

Бородино шайқасының  нәтижелері  туралы айтатын болсақ, Наполеон бұл шайқасты “Алыптардың шайқасы” деп атады. Кейін қуғынға душар етілген француз император басшылық еткен 50 шайқастың ішінде “Мәскеу маңайындағы шайқаста ең жоғары ерліктер көрсетілгенмен кiшi жетiстiкке жетті. Бұл шайқаста француздар өздерін жеңiске үстем болатынын, ал орыстар жеңілмейтініне сенімді болғанын” көрсетті.

Наполеонға қарсы коалиция (одақ) өстi, оның құрамына Ресей империясы, Австрия, Пруссия, Швеция кiрдi. 1813 жылдың қазан айында  Лейпциг  маңында  шайқас  болды,   ол «халық шайқасы» деген атау алды.

Ақырғы жеңілісті Наполеон 1815 жылдың 18 маусымда болған Ватерлоо маңындағы шайқаста басынан  өткізді.  Ағылшындықтар  Бонапарты жаңа қуғын жеріне – Киелі Елена аралына (остров Святая Елена) жіберді. Бұл жерде ол Эльба аралындағыдай жоғары дәрежелі құқыққа ие болған жоқ. 1821 жылы Наполеон Бонапарт қатты науқастанып қаза тапты.

Наполеонкөрнектітұлғаретіндехалықесінде қалды. Оның бойында данышпан қолбасшылық, әскери ұйымдастырушылық қасиеттер ұштасты. Ол ерекше қабілетті, өте еңбекқор азамат болатын. Көптеген ғылыми еңбектерде оның тамаша мәмілегерлік талабын сүйсіне баяндайды.

Ол тарихта мәңгi  өшпес  iз  қалдырды. Оның империясының ыдырауына қарамастан, Наполеонның тағдыры кімді болса да бейжай қалдырмайды. Мәдениет қайраткерлері ұлы қолбасшының өмірін өзінің туындыларында жалғастырып, оның әскери шайқастары бүкіл әлемге мәлім болды. Тіпті, арада көптеген  заман өтсе де, кемеңгер Наполеон әлі де болса көптеген адамдарды толқытады. Батыс демократиясы әлі де «наполеон құқығын» қолданады.

Міне, осылай оның есімі бүкіл дүниежүзiне белгiлi болды. Оның билігіне Бельгия, Голландия, солтүстiк Алмания  және Италияның бiр бөлiктерi кіредi. Италияның қалған бөлiктерiнде, сонымен бiрге Испанияда және Еуропаның орталығында Францияға тәуелдi хандықтар құрылады, олар Наполеонның отбасы мүшелерiмен басқарылады. Еуропа француз әскерлерiнiң шабуылдарынан үрейленді, сондықтан өзінің көптеген жерлерінен айырылған Пруссия және Австрия Франциямен одақтасады. Олардың тәлімін Ресей де алады, 1807 жылы Тилъзитский әлемi (Тилъзитский мир) атты келісімшарт бекітіледі. Ол өз бауырларына хан мәртебесін паш етті. Иосифті – испандық, Людовикті – голландиялық, Иеронимды – вестфаль ханы. Мюрат оның өгей қызына үйленiп, неаполитан ханы болды. Наполеонның өгей ұлы Евгений Богарн өзге италиялық жер иеліктерін басқарды және вице-хан лауазым қызметін игерді.

Олардың барлығы Наполеонның нұсқауы бойынша билік жүргізді. Швейцария оған тәуелдi болды. Германдық  иелер  Рейн  одағын құрды және барлық мәселелер бойынша оған бағынды. Австриялық император пруссиялық және даниялық хандар әскери жасақ берумен көмектесуге тиіс едi. Португалия ағылшындардың көмегімен әлi қарсы тұрды, бірақ сонда да Наполеон оны өзіне қаратып алуға үмiттендi.

Әбілқайыр хан және Наполеон Бонапарт – өз елінің тарихында дипломатиялық келіссөздерді жүргізу мен тиімді пайдалану қасиеттерімен және осы салада ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген біртуар тұлғалар. Әскери дарындығы мен шеберлiгi арқасында әрi шайқастарда ер жүректiлiгiн көрсете бiлген олар халық арасында үлкен атаққа ие болды.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих тағылымдары және қазіргі заман. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 128 б.
  2. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир полководец, правитель и политик. – Алматы: Санат, – 336 с.
  3. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках: Сборник документов и материалов. – Алма-Ата: АНКазССР,– 739 с.
  4. Графский В. Г. Всеобщая история права и государства. – М.: Норма, 2007. – 752 с.
  5. Оскар Йегер. Всемирная история в 4-х томах. – Том – М., 2005. – 398 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.