Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізудің құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізудің құқықтық бастаулары кең көлемдегі нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Себебі, азаматтық іс жүргізу өте ауқымды кең көлемдегі қатынастарды  реттейді.  Азаматтық іс жүргізудің жалпы барлық құқық саласының негізгі қайнар көзі 30 тамыз 1995 жылы жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституцияға түсіндірме сөздіктерде мынандай анықтама берілген: “Қазақстан Республикасының Конституциясы (constitutio латын сөзінен шыққан құрылғы, жарғы заң) – Қазақстан халқының егемендік құқығына сай 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданып, оның нәтижесі ресми жарияланған осы жылдың 5 қыркүйегінен бастап күшіне енген Қазақстан мемлекетінің Ата Заңы. Оның жоғары заңдық күші бар   және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады, әрі Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция-мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен оның азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Коснтитуция мемлекеттің ең  қымбат  қазынасы  деп  танып,  мемлекет сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді (1-баптың 1-тармағы).

Қазақстан Республикасының бұдан бұрынғы 1993 жылғы Конституциясымен салыстырғанда, жаңа    Конституция   барынша жетілдірілген ішкі біртұтастығымен және қазіргі заманғы либералдық-демократиялық құндылықты толық баянды етумен барабар, еліміздің даму тенденцияларымен, мемлекет биліктерінің шегін белгілеп беруімен ерекшеленеді  [1, 2425 бб.]. Конституцияның негізгі мәні С.А. Табановтың пікірі бойынша мынада: “Қазақстан Республикасының Конституциясы-басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғары заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрлыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы”  [2, 232 б]. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бөліміндегі “Cоттар және сот төрелігі” атты бөлім тікелей осы азаматтық іс жүргізуге қатысты болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында сот төрелігн жүзеге асырудың мынандай талаптары белгіленген: “Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай болсын араласуға жол берілмейдіжәнеолзаңбойыншажауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:

  1. адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
  2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
  3. өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
  4. сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
  5. жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса, немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
  6. айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
  1. ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.
  2. адамның кінәлі екендігі жөніндегі кезкелген күдік айыпталуышының пайдасына қарастырылады;
  3. заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындау негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
  4. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол бермейді.

Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері   республиканың   барлық    соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады” [3, 42-43 бб]. Сонымен қатар, Конституцияның 78-бабында мынандай талап көрсетілген: “Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы  актіні  конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті” [3, 43 б]. Басқа азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері осы Конституциядан бастау алады. Құқық теориясында құқықтың қайнар көздерін, құқық формалары деп түсінетін көзқарастар да бар. “Құқықтың формалары (қайнар көздері) деп мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау үшін қабылдаған және бекіткен нормативтік кесімдердің біртұтастығының жиынтығын айтады.

Құқықтың қайнар көздеріне тек қана мемлекеттік органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын, құқық нормасы  бар, бәріне бірдей міндетті мінез-құлық ережелері, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер жатады” [4, 109 б]. Әрине, құқықтың бастаулары немесе қайнар көздері деп қарастырсақ та, екеуі де мағына береді. Сондықтан біз, осы екі атауды да синонимдер ретінде қолдануымызға болады.

Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізудің тағы бір басты құқықтық негіздеріне 13 шілде 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу  кодексі жатады. Бұл кодекс негізінен 5-бөлімнен, 45 тараудан, 426-2 баптан тұрады. Жалпы бөлімде Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізудің негізгі қағидалары мен міндеттері азаматтық іс жүргізу заңнамасы қарастырылған болатын. Ал, екінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу мәселесі талқыланады. Үшінші бөлімде, сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу, төртіншібөлімдежойылғансотісіннемесе атқару існ қалпына келтіру мәселесі реттеледі. Кодекстің бесінші бөлімі халықаралық процесске арналған. Қазақстан Республикасының азаматтық   іс   жүргізу   кодексінің    2-бабында азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар қарастырылған. Онда былай делінген: “Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен норамаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастармен, табиғи ресурстарды пайдаланумен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізелетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол осы кодекстің 26-бабының ережелеріне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі” [5, 3 б]. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар жүйесі де  көрініс тапқан. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық  нормаларды  қолданудың да тәртібі белгіленген. Оған сәйкес, “Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғарғы заң күші бар және ол республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы кодекспен Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.

Осы  кодекстің  нормалары  мен  Қазақстан Республикасы Конституциялық заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда Конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады. Және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін  заң       шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды  қоспағанда, олар тікелей қолданылады” [5, 3 б]. Азаматтық іс жүргізу заңдарының уақыт жағынан қолдану тәртібі мынандай: “Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекеттерін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа  міндеттер  жүктейтін,  процесске қатысушаларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдалануын қосымша  шарттармен  шектейтін  азаматтық  іс жүргізу заңының кері күші болмайды.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу  кодексіне  2000  жылғы  29 наурыздағы №42-ІІ, 2000 жылғы 5 шілдедегі №75-ІІ, 2001 жылғы 2 наурыздағы №162-ІІ, 2001 жылдың  11 шілдедегі  №238-ІІ,  2001  жылғы  6 қарашадағы №251-ІІ, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы  №276-ІІ,  2002  жылғы  8  тамыздағы  №346-ІІ, 2003жылғы 5 мамырдағы  №409-ІІ,  2003 жылғы 2 шілдедегі  №451-ІІ,  2003  жылғы  9    шілдедегі№482-ІІ;  2004  жылғы  10  наурыздағы    №532-ІІ,   2004   жылғы   9 шілдедегі   №583-ІІ,  2004 жылғы 13 желтоқсандағы №11-ІІІ, 2004  жылғы 28 желтоқсандағы №24-ІІІ, 2005 жылғы 23 ақпандағы  №33-ІІІ,  2005  жылғы  8 шілдедегі №67-ІІІ, 2005 жылғы 30 желтоқсандағы №111ІІІ өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Көріп отырғанымыздай, азаматтық іс жүргізу кодексі заман талабына сәйкес толықтырылып, дамытылып отырады.

Аталған азаматтық іс жүргізу кодексінде азаматтық іс жүргізудің тіл мәселесі де нормативтік  тұрғыда  көрініс  тапқан.Сот ісін жүргізудің тілі туралы 14-бапта мынандай норма бекітілген: “Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тіл мен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір  азаматтық  іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгенген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

Азаматтық сот   ісін жүргізуге  қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтаасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.

Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып беріледі” [5, 6 б].

Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізу тағы бір қайнар көзіне Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары жатады. Бұл нормативтік қаулылар коллизиялық жағдайларды шешуге бағытталған болып табылады.

Қорыта келгенде, айтарымыз Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізудің құқықтық қайнар көздеріне иерархиялық деңгейде конституцияда бастау алатын Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларына дейін жатады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 368 б.
  2. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 464 б.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. –136 б.
  4. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 264 б.
  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, – 124 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.