Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша адам құқықтарын қорғаудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Конституциясының  1-бабында бекіткен  мемлекетіміздің ең   қымбат   қазынасы адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені баршамызға мәлім [1, 4 б.]. Мемлекетіміздің басты  төл  құжаты  нақтылаған  осы құндылықтар қылмыстық іс жүргізу жүйесінде қажетті деңгейде сақталып жатыр ма?! Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, құқық қорғау жүйесінің заңды әрі әділ қызметі негізінде ғана іске асады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдайтын әрбір Жолдауында бұл мәселеге ерекше мән береді. Қазақстан Республикасы Президентінің 17 қаңтар 2014    жылғы

«Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс» деп көрсеткен [2]. Осындай деңгейде ғана қылмыстық іс жүргізу барысында адам құқықтарын тиісті деңгейде қорғауға қол жеткізуге болады.

Соңғы жылдары елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық және тәжірибелік шаралар қабылданып жатыр, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілді, азаптауды және адамның ар-намысын қорлайтын өзге де іс-әрекеттерді болдырмау бойынша құқықтық тетіктер құрылып жатыр. Өкінішке орай, қабылданып отырған шараларға қарамастан, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты жағдай күрделі күйінде қалуда. Қылмыстық қудалау органдары жүргізіп  отырған жұмыс пен   прокурорлық   қадағалау   тиімділігі   әлі де болса жеткіліксіз. Адамдарды заңсыз қудалау, азаматтардың жеке бас бостандығына, тұлғаның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық құқығын бұзу мән-жайлары орын алуы жалғасуда. «Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2012 жылы және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық қудалау органдары 855 адамның конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген, олардың арасында 104-і заңсыз қамауға алынған, 209-ы заңсыз ұсталған, 372 адам заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 66 адамға қатысты ақтау үкімдері шығарылды.

Сондай-ақ прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы 3110 заңсыз қаулысының, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы 189 заңсыз қаулысының күшін жойған. Қылмыстық қудалау органдарының қызметтік  бөлмелерінен 1311 адам босатылды. Бұл ретте прокурорлар азаптау бойынша 62 қылмыстық іс қозғаған. Тұтастай алғанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғандары үшін 2012 жылы және 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында  құқық  қорғау   органдарының 804 лауазымды тұлғасы, соның ішінде ішкі істер органдарының 739 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар осындай өрескел бұзу жағдайлары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты 119 қылмыстық іс қозғалған» [3,4].

Аталған сот-тергеу тәжірибесіндегі азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына көп жағдайда өз қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамаумен, жедел іздестіру және тергеу қызметкерлерін дайындаудың кәсіптік деңгейінің төмендігімен, тіпті, кейде олардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, Қазақстан  ратификациялаған халықаралық құқықтық актілердің нормаларын қарапайым білмеуімен байланысты жол берілетінін көрсетіп отыр. Аталған кемшіліктер қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер жинау сапасыз жүргізілгенін, тергеудің дұрыс жүргізілмеуіне жол берілуін, яғни «іс жүргізуге немқұрайлы қарауды» туғызады, бұл заңсыз іс жүргізу шешімдерін қабылдауға, соның салдары ретінде қылмыстық іс жүргізуге қатысушы азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады. Қызметкерлердің біліктілігін көтерудің тиімді жүйесін  пысықтап, енгізу қажет, оның басымдықтары кәсіпқойлық, заңдылықты бұлжытпай сақтау, азаматтар мен мемлекет алдындағы парыз бен жауапкершілік сезімі болуы қажет.

Жеке тұлғаның құқығын қамтамасыз ету, әсіресе қылмыстық сот өндірісінде өте өзекті мәселе болып отыр, өйткені бұл жағдайда адамның мүддесіне жиі нұқсан келтіріліп отырады. Осы жерде әртүрлі қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылады, соның  ішінде  бұлтартпау  шараларын  қолдану,  қылмыстық  әділ   сот  саласына тартылған адамдардың құқықтары  мен заңды мүдделерін елеулі түрде шектейді. Бұл жерде қылмыс жасаған адамның  тағдыры, оның бостандығы, тіпті өмірі туралы мәселе шешіледі деп айтуға болады.

Қылмыстық іс жүргізуде қылмыстан зардап шеккен адамдардың және басқа да адамдардың мүдделері қарастырылады. Алдын ала тергеу сатысында адамның құқықтарын қамтамасыз етуге аса үлкен мән беріледі. Осы сатыда қылмыстық іс жүргізу қызметі аясына азаматтарды қылмыстық іс жүргізудің әртүрлі қатысушылары ретінде тарту басталады. Жасалған қылмыстың мән-жайлары туралы деректер өте аз болғанда, адамдардың құқықтарын тергеудің алғашқы сатысында қамтамасыз ету өте қиынға соғады. Қылмыстық іс жүргізу қызметі мен жедел іздестіру қызметінің өзара тығыз байланысы соттағы іс жүргізуден әлдеқайда ерекшеленеді. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары тергеу кезінде белсенді түрде қолданылады.

Е.О. Алауханов өз еңбектерінің бірінде бұл жөнінде былай жазады: «Құқықтық мемлекеттің ажырамас мазмұны қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың және оның ішінде сезіктілер, айыпталушылар, сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтық мемлекеттің дамуы және жетілдірілуінің заманауи жағдайларында тұлғаның еркіндігі, оның құқықтары мен кепілдіктері артады» [4, 3  б.].

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚР ҚІЖК) қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз  айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуі тиіс (ҚР ҚІЖК-нің 8-бабының 2-бөлігі) [5]. Өкінішке орай, аталған қылмыстық процестің міндеттері сот тергеу тәжірибесінде сақтала бермейді,  мемлекеттің   құзыретті   органдары, олардың лауазымды тұлғалары ұдайы заң шеңберінде әрекет етпей, оны бұзатындығы мемлекеттік деңгейде айтылған болатын, сондықтан да адамды осындай келеңсіз жағдайлардан қорғау қажет. Егер халықаралық стандарттардан шықсақ, қылмыстан зардап шеккендердің құқықтарын тергеуді іске асыру, біріншіден,  тұлғаға  оған  тиесілі құқықтардың рөлі мен көлемі, оларды жүзеге асырудың мерзімі мен нәтижелері туралы ақпаратты берумен, екіншіден, қылмыстық сот ісін жүргізудің ұлттық жүйесіне сай, тергеудің түрлі кезеңдерінде арыз, қолдаухаттарды баяндауға жағдай тудыру; үшіншіден, оған тиісті көмек беруге, оның өзін және отбасы мүшелеріне қауіпсіздікпен қамтамасыз ету; төртіншіден, қылмыстарды тергеуде себепсіз тежелудің алдын алу; бесіншіден, зардап шеккенге оның отбасына әділ реституция жағдайын тудырумен байланысты  [6,  6 б.].

Қылмыстан зардап шеккендерге құқықтық мәртебе тәртібі үшін бастапқы, негізгі 1948 жылғы Адамқұқығыныңжалпы Декларацияның 8-бабының тармақтары болып табылады, онда адам Конституция немесе заңмен берілетін оның негізгі құқықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің құзыретті органдарының құқығында нәтижелі қалпына келтіру құқығы бар.  Қылмыстық  сот  ісін   жүргізу  саласында іс жүргізу құқығы қылмыстан зардап шеккен жеке тұлғаның бұзылған құқықтарын нәтижелі түрде қалпына  келтіруді  көздейді. В.К  Случевский:   «Жәбірленушіге   құқық беру дегеніміз – қылмысты ашуда қосымша көмек беруді білдіреді» деп көрсетеді [7, 276 б.]. Іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу мақсаттарын орындау бойынша қызметті іске асыратын тергеу органдары мен басқаларының жұмысын жеңілдету үшін ғана жәбірленушіге іс  жүргізу  құқығы    берілмейді.  Оның міндеті– жәбірленушіге мүмкіндік беру, біріншіден, өзінің бұзылған құқығын қалпына келтіруде белсенді қатысуға; екіншіден, оның құқығын қалпына келтіру бойынша қылмыстық істе мемлекеттік органдардың қызметі туралы хабардар болу; үшіншіден, қылмыстық істі жүргізетін органдарға әсер ету және жәбірленушінің бұзылған құқығын қалпына келтіруде белсенділік танытуға көмектесу болып табылады. Жәбірленуші адамның мүддесі қылмысты ашу мен тергеу, айыптыларды табу мен оларды қылмыстық және мүліктік жауапкершілікке тарту мүддесіне сай болатындықтан, оларға берілетін іс жүргізу құқығы тергеуші мен  қылмыстық  іс  бойынша нәтижеге жауапты басқа органдардың қызметіне объективті әсер етеді. Тек бұл аспектіде жәбірленушілердің іс жүргізу құқығын   тергеу органдарына көмек көрсету және оларға жасаған қылмыстарын ашуға көмектесу ретінде қарастыруға  болады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығында қай тарапқа көбірек көңіл бөлінуі қажет, қайсысы басты болып табылады, жәбірленуші ме, әлде айыпталушы ма деген сұраққа көптеген даудамай  әлі  күнге  дейін   заңгерлердің арасында жалғасуда. Біздің ойымызша, жәбірленуші де, айыпталушы да қылмыстық іс жүргізудің басты тұлғалары. Жәбірленуші мен айыпталушыны, әрине, бір санатқа қойып екеуінің құқықтарын бірдей дәрежеде теңестіруге болмайды. Қылмыстық іс жүргізуде екеуінің бағыты әртүрлі.

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ішінде ерекше орынды жәбірленуші алады. Жәбірленуші болмаса, ешкімге  зиян  келмесе, іс жүргізу де орын алмайтын еді. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңында жәбірленушінің құқықтары мен міндеттеріне аса мән берілген. ҚР ҚІЖК-нің 75-бабына сай: «Қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене және мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға ол жөнiнде негiз бар адам жәбiрленушi болып танылады» [5].

Адам   қылмыстық   процесте   қылмыстық іс қозғалған кезден бастап, тиісті қаулы шығысымен жәбірленуші болып танылады. Егер адамды жәбiрленушi деп  танығаннан кейiн оның бұл жағдайда болуы үшiн негiздер жоқ екенi белгiленсе, қылмыстық процестi жүргiзушi орган өзiнiң  қаулысымен  ол адамның iске жәбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатады. Жәбiрленушi қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша белгiлi барлық мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мәнжайлар туралы мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi. Жәбiрленушi  жауап беруден бас тартқаны үшiн және қасақана жалған айғақ бергенi үшiн заңдарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.

Айыпталушының процессуалдық жағдайы сезіктіге ұқсас келеді. Адамның кінәсі дәлелденбей оған қылмыскер ретінде қарауға болмайды. Кез келген тікелей немесе жанама түрде айыпталушыны қылмыскерге теңестіру оған деген    қарым-қатынастың  жалпы сипатына, сондай-ақ оның құқықтарын қамтамасыз етуге әсер етеді. ҚР ҚІЖК-нің 69-бабының 1-бөлігіне сәйкес: «Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам айыпталушы болып танылады» [5].

Қазір айыпталушының құқығы едәуір кеңейген және оған кепілдік берілген. Қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің іс жүргізу құқықтары едәуір кеңейту мен кепілдеуді күшейтуді қажет етеді. Алайда олардың құқықтары бірдей  болуы  мүмкін емес. Ондай жағдайды дәлелдеуде қатысуға құқықтарға қатысты бәсекелестік қағидасын ескерумен шығаруда, қылмыстық істің материалдарын зерттеуде қажет. Іс жүргізудің қандай да бір қатысушының құқықтар кешенінің арасында қылмыстық сот ісін жүргізуде әртүрлі рөлдермен анықталатын ерекшеліктері болуы мүмкін. Бастысы, қылмыстық іске тартылған тұлғаның өз құқығын толық қорғауға, өз жеке мүддесін қорғауға жеткілікті құралдары болуы тиіс. Басқа тұлғалардың құқығы мен еркіндігіне зиян келтірмеуі тиіс.

Біріншіден, әділ сот ісін жүргізу құқығы жеке құқықтардың бірігуін білдіреді, сот төрелігін жүргізу барысында олардың әрқайсысын қамтамасыз ету сотта іс қарудың заңды жүргізілгенін білдіреді. Әділ сот ісін жүргізу құқығын үш түрлі санатқа бөлеміз: сотқа дейінгі құқықтар, сот процесі кезіндегі құқықтар  және   соттан   кейінгі   құқықтар. Осы санатқа қатысатын барлық Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел немесе азаматтығы жоқ адамдар тумысынан берілген құқықтарға ие болады. Ол мемлекет тарапынан қорғалуы және қамтамасыз етілуі шарт. Адам құқықтарының қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және адам құқықтары саласындағы халықаралық қағидалар мен нормаларға  сәйкес  келуі қажет. Ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесіне адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу қажет.

Екіншіден, қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүргізу құқығы жеке адамды қылмыстық процеске тартқан сәттен бастап пайда    болады.

Бұл уақыт адамды ұстаумен, айып тағумен қатар келуі мүмкін. Әділ сот ісін жүргізу кепілдіктері қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және анықтау процестерінде және сотта іс қарау барысында қамтамасыз етілуі қажет. Ол арнайы ғылыми тұжырым  негізінде  реттелуі  орынды. Жеке адам құқығының тұжырымдамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі жеке адам құқықтарының орны мен рөлі туралы жалпы танымал түсініктер мен көзқарастардың жүйесі болып табылады.

Үшіншіден, қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету  қылмыстық  сот ісін жүргізу саласына тартылған  және оған жеке құқықтық мүдделігі бар жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіліп тікелей жүзеге асырылатын және процессуалдық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін жағымды  шарттар жасауға бағытталған қылмыстық сот ісін жүргізуге басқа да қатысушылардың қатысуымен тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот және қорғаушының қызметі болып табылады.

Осылайша, қылмыстық іс жүргізуге қатысатын кез келген қатысушы азамат оның процесуалдық жағдайына қарамастан, мемлекеттің  тарапынан   өзінің   қадір-қасиетін тану және қорғауға қатысты конституциялық құқықты иеленетін тұлға болып табылады. Мемлекеттің тұлғаға, оның қадір-қасиетіне, мүдделеріне, құқықтарына деген қатынасы қылмыстық іс жүргізу үшін аса  маңызы бар. Ол, бір жағынан, қылмыстық іс жүргізудің сипаты мен мазмұны тұлғаның мемлекеттегі орнына байланысты болатындығында жатқан сияқты. Екінші жағынан, қылмыстық іс жүргізуді қалыптастыру тұлғаның мемлекеттегі құқықтары мен орнына көп ықпал  етеді.

Тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету туралы айта отырып, біз оның мүдделерін қамтамасыз етуді, яғни тұлғаның түйсінетін, оның қызметінің міндеттерін қоюды білдіретін қажеттіліктерді қозғаймыз. Қылмыстық іс жүргізудегі тұлғаның мүдделері қоғамдық немесе жеке сипатқа ие болуы ықтимал. Қоғамдық мүдде жеке тұлғаның жалпы қоғамның мүдделеріне қарым-қатынасынан көрініс береді, оны бүкіл қоғамның игілігі үшін, өзгеше емес, дәл солай әрекет етуге итермелейді. Қылмыстық іс жүргізудегі жеке мүдде жекелеген  тұлғаның басқа адамдар мен мемлекеттік билік органдарының оның жеке өміріне араласуынан қорғаныс қажеттілігін көрсетеді [8, 16-17б.]. Дәл осы жеке мүдде белгілі  бір  қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушыларына жекеанықталған тұлға ретінде қарым-қатынас жасап қарауға итермелейді.

Біздің  қылмыстық  іс  жүргізу теориясында  жуырға  дейін  ұстанымға  айналып   кеткен  пікір  басымдылыққа  жетті,  бұл  ретте жеке және қоғамдық мүдделерді бір мезгілде қанағаттандыруға талпынған жөн, сонымен бірге таңдау қажеттілігі туындаған жағдайда олардың арасында даусыз соңғыға басымдылық берілуі тиіс. Осындай позиция қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамада, сондай-ақ оны қолдану тәжірибесінде де тікелей көрініс тапқан болатын. Жалпы ереже бойынша, жеке мүдделер қанағаттандыруға тұрарлық болып танылған, сондықтан да қылмыстық іс жүргізу заңында олар қоғамдық мүдделерге  сәйкес келсе немесе оларға қайшы келетін қандай жағдайда да кепілдендірілетін субъективтік құқықтар  түрінде             бекітіліп      отырған.         Өзге де жеке мүдделер заңмен танылмаған  болатын және тиісінше, мемлекеттің тарапынан ешқандай қорғаныспен қамтамасыз етілмеген. Адамның құқықтары әрбір индивидтің ажырамас қасиеттерінің           болмысы мен       оның тұрмысының елеулі белгілері болып табылады. Ш. Монтескьенің адам құқықтарын заманауи түсінуге айтарлықтай әсер еткен  тұлға мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастары туралы ілімге сәйкес, бұл заңды тудыратын және оны анықтайтын дүние болып табылады [9, 79 б.]. Мемлекет құқықты  сыйға тартпайды, ол тек оларды заңда бекітіп, орындалуын қамтамасыз етеді. Адам құқықтарынан азамат құқықтарының бір айырмасы, егер  ол аталмыш мемлекеттің азаматы қасиетіне ие болса, индивидке тиесілі. Олар адамды мемлекеттік тұрғыдан ұйымдастырылған бірлестік мүшесі ретінде жіктеп береді. Азаматтың құқықтары, біріншіден, нормативтік құқықтық мемлекеттік актілерде көрініс тапқан табиғи өкілеттерді құрайды.

Халықаралық-құқықтық құжаттарда қолданылатын «азаматтық құқықтар» термині мемлекеттің жекелеген белсенділіктің белгілі бір салаларына араласуына тыйым салуға байланысты  болып  табылады.  Олардың  астарында жеке басқа, мүлікке және т.б. қол сұғылмаушылық жатыр.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының барлық жиынтығы тұлғаның қандай да бір құқықтық қарым-қатынас субъектісі ретінде құқықтық мәртебесінің негіздерін анықтайды. Құқықтық, оның ішінде қылмыстық іс жүргізу қарым-қатынасының субъектісі бола отырып, адам онда өзінің барлық құқықтары мен еркіндіктерін емес, олардың біраз ғана бөлігін  іске  асырады. Нақты жағдайда нақты индивидке тиесілі өкілеттіктер құқық теориясында «тұлға құқықтары» терминін иеленген. Олар іс жүргізу кепілдіктерімен қамтамасыз етілетін тікелей объекті болып табылады. Тұлға құқықтары адамның жеке ерекшеліктерін сипаттайды. Оның әлеуметтік толысу деңгейін, құқықты сезіну қабілеті мен өзінің әрекеттері үшін жауап беруін көрсетеді.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың өздерінің іс жүргізу қызметінде ұстануы мүмкін екі түрлі мүдделерін бөлектеуге болады, олар материалдық-құқықтық және процессуалды-құқықтық мүдделер. Мүдделердіңбіріншітүрі, қылмыстықісжүргізу қатысушыларының олардың әрқайсысы үшін қылмыстық істің анағұрлым қолайлы болып шешілуін тілеуді қамтиды. Аталған мүдделер ылғи заңды болып табылады, өйткені олар құқықтық талаптарға қайшы келмейді. Олар қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларға белгілі бір құқықтар беру, мысалы, тағайындалған жазаның әділетсіздігі бойынша айыптау үкіміне апелляциялық шағым беруге қорғаушы құқығын беру қажеттілігін білдіреді. Бұл жерде заңды мүдделерді ескере отырып, заң мүдде субъектісіне өзінің құқық қабілеттілігін жүзеге асыруға, сонымен қатар субъективтік құқықтар алу мүмкіндігін береді және кепілдік береді деген Н.А. Шайкеновпен келіскен жөн болар [10, 156 б.].

Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу мүдделеріне олардың өздерінің материалдық-құқықтық мүдделерінің қандай да бір қорғау құралдарын пайдалану талпынысын жатқызған дұрыс болар. Олар заңды немесе заңсыз болуы мүмкін. Заңды мүдделер қылмыстық іс жүргізу құқығы тыйым  салмаған  қорғаныс  құралдарын пайдалану талпынысы, заңсыз мүдделер тиісінше, қылмыстық іс жүргізу құқығы тыйым салған қорғаныс құралдарын пайдалану талпынысы болып табылады. Соңғылардың іс жүргізуді қамтамасыз ету объектілеріне жатпайтындығы заңдылық.

Осылайша, біздің ойымызша, заңды мүдделер қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың дербес элементі  ретінде заңда   тура   көрсетілмеген,   бірақ   ол   тыйым салмаған қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларының   қылмыстық   іс   бойынша өздеріне қолайлы және қоғам мақұлдаған өндіріс нәтижелеріне қол жеткізу талпынысына  құқықтық  рұқсатты   білдіреді.  Адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық деп жариялай отырып, мемлекет оны тануды, өзінің бастапқы міндетін ұстану мен қорғауды анықтап берген болатын. Қылмыстық іс жүргізуде мемлекеттің атынан қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету ауыртпалығы қылмыстық сот ісін жүргізетін органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына жүктелуі тиіс. Сот, прокурор, тергеуші және алдын ала тергеуші сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, сонымен қатар басқа да қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларға олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін түсіндіріп беруі және осы құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс (ҚР ҚІЖК-нің 15-бабының 1-бөлігі.). Бұл ретте заң шығарушы заңда жалпы нұсқауларды жариялап қана қоймай (ҚР ҚІЖКнің 13-тарау), сонымен қатар оларды орындау үшін арнайы іс жүргізу құралдарын да орнатқан болатын. Олардың қатарына мемлекеттік билік өкілеттіктері берілген субъектілердің  белгілі бір міндеттері жатады, оның ішінде, берілген өтінішті тікелей ол берілгеннен кейін қарастыру және рұқсат ету, ал алдын ала тергеу барысында берілген арыз бойынша бірден шешім қабылдау мүмкін болмаса, оған арыз берілген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей рұқсат ету (ҚР ҚІЖК-нің 102-бабының 4-бөлігі); берілген қарсылықтарға рұқсат ету (ҚР ҚІЖК-нің 90бабы); айыпталушыға істің барлық материалдарымен танысу және одан кез келген көлемде кез келген мәліметтер жазып алу мүмкіндігін беру (ҚР ҚІЖК-нің 275-бабы) және көптеген басқа мүмкіндіктер    беру. Сондықтан қылмыстық сот ісін жүргізу органдары мен олардың лауазымды тұлғалары осы қызмет міндет болып табылатын қылмыстық іс жүргізуде тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша қызметтің басты субъектілері болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу қызметінің барысында іс жүргізу ғана емес, сонымен қатар қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың материалдық-құқықтық құқықтары мен заңды мүдделері қамтамасыз етілуі тиіс. Ол үшін заң сотты, прокурорды, тергеуші мен алдын ала анықтаушыны істі зерттеудің жан-жақтылығы, толыққандылығы мен объективтілігі бұзылмайтындай әрекет етуін талап етеді. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінде заң шығарушы істі зерттеудің жан-жақтылығы, толыққандылығы мен объективтілігі туралы арнайы норманы қарастырмаса да, жекелеген нормаларда аталмыш талаптар болуы керек.

Тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья және мемлекеттік-билік өкілеттігі берілген қылмыстық сот өндірісіне өзге де қатысушылар өзінің  іс   жүргізу   қызметінде   қылмыстық сот өндірісінің міндеттері мен мақсаттары анықталған қоғам және мемлекеттің мүдделерін үнемі басшылыққа алып отыруы тиіс. Тіпті, қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз еткен жағдайда аталмыш лауазымды тұлғалар қылмыстық іс жүргізуде жеке мүдде иелері болып табылмайды, олардың алдында бұқаралық-құқықтық міндеттерді атқарады. Олар жеке мүддеге қол жеткізуді қадағалай алмайды, өйткені іс нәтижесінде олардың жеке, тікелей немесе жанама мүдделілігі анықталған жағдайда олар шеттетуге жатады (ҚР ҚІЖК-нің 11-тарауы) [5, 43 б.]. Қылмыстық сот өндірісін жүзеге асыра отырып, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жеке құқықтарды емес, оларға қылмыстарды тергеу және әділ сотты жүзеге асыру үшін сеніп тапсырылған қоғам мен мемлекеттің уәкілеттерін пайдаланады. Яғни, олардың қызметі тұлғаны қорғау және күзетудің іс жүргізу құралдарымен емес, әділ соттың іс жүргізу кепілдіктерімен қамтамасыз етіледі.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2011. – 46 б.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 17 қаңтар 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» // www.akorda.kz.
  3. Адам құқықтарын бұзуға болмайды //Айқын Республикалық қоғамдық саяси газет 09.2013.
  4. Ағыбаев А.Н., Алауханов Е.О. Алдын ала тергеудің аяқталуы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 136 б.
  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, – 228 б.
  6. Давид Р. Основные правовые системы современности. – М., 1988. – 300 с.
  7. Случевский В.К. Хрестоматия по уголовному процессу России. – М., 1999. – 285 с.
  8. Душенбиев Т.А. Интересы в уголовном судопризводстве (по материалам Кыргызской Республики и Российской Федерации): автореф. … канд.юрид.наук. 12.00.09. – М., 1999. – 25 с.
  9. Азаркин Н.М. Монтескье. – М., 1988. – 300 с.
  10. Шайкенов Н.А. Правовое обеспечение интересов личности. – Свердловск, 1990. – 295 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.