Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының террористік сипаттағы қылмыстарымен күресудегі қызметі

Терроризм мен экстремизмге қарсы тұру қазіргі әлемнің басты мәселесі болуының себебі адам  өмірі  мен  денсаулығын  сақтап    қалуда.

 

Әлемдегі барлық мемлекеттер халықаралық терроризм және экстремизм қылмыстарымен кездеспеген мемлекет қалмаған болар. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасы да бұл қылмыстармен жиі кездесіп келеді. Соңғы кезде елімізде болған жағдайларды талдай келе террористик және экстремистік топтардың белсенділігі артқанын байқауға болады. Олардың басты мақсаты мемлекеттің территориалды тұтастығы мен конституциялық құрылымын бұзу.

Терроизм және экстремизм қылмыстарымен күресу мәселесі Елбасынан бастап барлық лауазымды тұлғалармен ескеріліп келуде.

2012 жылы 12 шілдеде терроризм мен экстримизмге қарсы  күрес сұрақтары бойынша өткен жиналыста Елбасы Н. Назарбаев террористік және       экстремистік  сипаттағы қауіптің жолын кесу, террористік әрекеттерге қарсы жедел іздестіру қызметін жүргізу барысында жіберілген қателіктерді жою, мемлекеттік органдарды координациялау механизмін жетілдіруді қарастыру мәселелеріне тоқталып өтті [1]. Террористік сипаттағы қылмыстар  мен терроризмді тойтару, ашу, тергеу көп аса Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне  тиесілі болғанымен де оны жүзеге асыруда ішкі істер органдары елеулі рөлге ие. Бұл терроризм орын алғаны туралы барлық хабарламалар, ең алдымен, ІІО территориалды кезекші бөлімдеріне келіп түсуімен шартталады. Хабар түскеннен кейін арнайы мамандардың оқиға болған жерге келіп жеткенге дейін ІІО қызметкерлері уақыт оздырмай алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізуге міндетті болып келеді.

Террооризмге қарсы күресуге қатысты ІІО қызметін реттейтін құқықтық нормативтік актілерді саралау барысында ішкі істер органдары қызметінің негізгі мақсаттары мен оны неғұрлым тиімді атқаруға мүмкіндік беретін қызметтерді айқындалды. Біздің ойымызша, негізгі әрекеттер қатарына келесілерді жатқызуға болады:

  • террористік бағыттағы құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу;
  • оларды жедел тойтару;
  • мұндай әрекеттерді жедел-іздестірушілік қамтамасыз ету;
  • құқыққа қайшы әрекеттерді ұйымдастырулар мен орындаушыларды анықтау;
  • аса маңызды объектілерді қорғауды күшейту;
  • террористік сипаттаға қылмыстардың жетілуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды өз құзыреті шегінде анықтау;
  • терроризмге қарсы әрекет ететін субъектілер мен ІІО қызметі арасында өзара байланыс ұйымдастыру;
  • террористік сипаттағы қылмыстардың алдын алу іс-шаралары мен жағдайы бойынша халықты және бұқаралық ақпарат құралдарын ақпараттандыру;
  • ІІО қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру: террористік сипаттағы қылмыстармен күресу бойынша тиімді тәжірибені зерттеу, біріктіру және жариялау;
  • материалды-техникалық және тылдық қамтамасыз ету.

Осының негізінде ішкі істер органдарының барлық қызметі бір нысанда террористік сипаттағы қылмыстардың алдын алуға жұмылдырылады.

Экстремизммен күрес Басқармасының қызметкерлері алдын алу шаралары бойынша өз құзреті шегінде көптеген жұмыс жүргізуде. Яғни террористік ұйымдар мен топтар бойынша ақпараттар алу және пайдалану; террористік топтардың орныққан мекендерін жедел-іздестіру шаралары арқылы анықтау және алынған ақпараттарды жүзеге асыру; тергеу мен соттан бой тасалаған террористерге және террористік сипаттағы қылмысты жасауға дайындалуда деген ақпарат бар тұлғаларға іздеу жариялау.

Тергеу және анықтау қызметтері  орын алған террорлық акт бойынша анықтау және алдын ала тергеу жүргізеді. Алдын ала тергеу барысында тергеу әрекеттерін жүзеге асыруда процеске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен іс жүргізу қағидаларының бұзылмауын қамтамасыз етеді.

Маман криминалистерге оқиға орнынан алынған және сезікті  мен  айыпталушыдан табылған  дәлелдемелерге  зерттеу  жүргізу жүктелген. Дәлелдемелерді зерттеуде алынған дәлелдемелік ақпараттың (мәліметтің) криминалистік маңызы мен сапасы анықталады. Іс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективті зерттелуге жатады. Дәлелдемелерді талдау, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыру, қосымша дәлелдемелер жинау мен зерттеу жүргізіледі [2].

Маманның зерттеу қызметінің нәтижелері негізінен жаңа хабарларын ұсыну мен тексеру, бұдан арғы іс жүргізушілік әрекеттерін жоспарлау мен өткізу үшін қолданылады.

Жол полиция қызметкерлері террористік ұйымдар мен топтар құрамында болуын анықтау мақсатында жүргізушілер мен жолаушылардың құжаттарын тексереді. Оған қоса қару-жарақтарды, жарылғыш құралдарды, тұтандырғыштарды, химиялық және тез әсер ететін улы заттарды, бактериологиялық, психотроптық және есірткі заттарын заңсыз тасымалын анықтаумен жолын кесу мақсатында да тексеру жүргізеді.

Учаскелік инспекторлардың қоғамдық тәртіпті сақтауда қоғам ішінде кеңімен жүргізетін алдын алу шаралары террористік сипаттағы ұйымдар мен топтардың және оның мүшелерінің еркін қозғалысына кедергі келтіріп, олардың қылмыстық ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Көшіқон полициясының қызметкерлері террористік сипаттағы қылмысты жасауға дайындалып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың мекенжайын, тіркеу есебінің тәртібін бұзған тұлғаларды, қақтығыс аумағынан келген, террористік сипаттағы қылмыстарды жасауы мүмкін деген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР территориясында болуын тексереді.

ІІО пресс-орталық қызметкерлерінің міндеті – террористік актілерді тойтару бойынша арнайы шараларды жемісті орындауға кедергі келтіретін ақпараттардың БАҚ түсуіне жол бермеу.

Кез келген тәжірибелік қызметтегідей ІІО қызметкерлерімен терроризммен тиімді қарсы күресу көптеген факторларға және ең алдымен, террористік әрекеттің алдын алу қызметін ұйымдастырумен тікелей байланысты. Мұндай ұйымдастырушылық террористік әрекетке қарсы қызметті ақпаратпен қамтамасыздандыруды, криминалогиялық жоспарлау мен болжауды, өзара әрекеттесуді және координациялауды жорамалдайды.

Террорға қарсы күрес субъектілерімен қатар ішкі істер органдары да терроризмге қарсы күрес бағдарламаларының орындалуына жауапты болғандықтан, тиісті жауапкершілік берілген аумақта әрекет етуші немесе әрекет етуі мүмкін террорлық қауіп пен әрбір террористік топқа қатысты толық ақпаратты қажет етеді.

Террористік топтар туралы тыңшылық ақпарат пен мәлімет жинау өте қиын және маңызды болып келеді. Терроризмге қарсы күрес    шараларын    жоспарлаумен   айналысатын тұлғалар кез келген мүмкіндікті пайдаланып террористік топтардың тарихы, саяси мақсаттары, халық арасында ие болған қолдауы, қару-жарақты, жарылғыш заттарды, ақша және өзге де ресурстарды алу көздері, олардың көлемі, соққыға ұшырауы мүмкін объектілер, қауіпті әрекеттің тікелей тактикасы, қолдануға қол жетімді құралдары, қару және жарылғыш заттар туралы ақпараттар алуы қажет.

Қарастырылып отырған мәселеде ІІО алдын алу қызметінде ақпаратпен қамтамасыз етілуі елеулі мәнге ие. Нақтырақ айтар болсақ:

  • террористік және экстремистік әрекетке қатысты немесе бұрын қатысты болған тұлғалардың қылмыстық тәртібі мен құқыққа қайшы әрекеттері туралы;
  • мұндай тұлғалардың экстримистік қылмысты немесе өзге де құқыққа қайшы тәртібі шартталған жағдайлар туралы;
  • олардың жеке-психологиялық ерекшеліктері туралы;
  • қылмыстық дағдылары туралы;
  • террористер мен экстремистердің араласу саласы және әлеуметтік рөлдері туралы;
  • жағымды әрекет етуі мүмкін қайнар көздері туралы.

Трерроризмге қарсы күрес шараларының кешенін ақпараттық қамтамасыз ету келесілерді қарастыруы қажет:

а) терроризм мен терроризмге қарсы қызметтің мониторингі;

ә) террористік ұйымдары, қатысушылары мен көмектесушілері туралы мәліметтерді тіркеу мен жинауды мемлекет және ведомства аралық қатынасын жетілдіру;

б) ақпарат алмасу режимін және бір тұтас мәліметтер банкін құрып, террористік әрекеттің зардабын бағалау әдістерін: терроризмге қарсы халықаралық тәжірибені біріктіру және жинау, оны тиісті ведомствалар мен ұйымдарға дейін жеткізу;

в) арнайы ғылыми білімді қолданып сараптама тағайындау бойынша бір тұтас мәліметтер банкін құрып, террористік сипаттағы қылмыстарды зерттеу барысында халықаралық тәжірибені біріктіру және жинап, оны тиісті ведомствалар мен ұйымдарға дейін жеткізу;

Аталмыш қылмыспен күресуде Қазақстан Республикасының ІІО «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» заңды басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының ІІМ  халықаралық достығының негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • құқық қорғау қызметі саласын дамыту стратегиясы бойынша ұсыныстар өңдеу;
  • құқық қорғау қызметі бойынша мемлекеттік келісім және халықаралық шарттарға отыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • құқық қорғау саласында халықаралық бірлестіктің жаңа нысанын жетілдіру мен дамытуда министрліктер мен ведомстваларға көмек көрсету;
  • қызметтік және өзге де сұрақтар бойынша мамандарды шетелге іс сапарға жіберу сұрақтарын координациялау.

Бұл тұста ішкі істер органдарының қызметімен бірге қоғамды да ақпаратпен қамтамасыз еткен жөн. Қоғам бұқаралық ақпарат құралдары арқылы террористік әрекеттерімен таныс болуы керек. Оған қоса террористік акт орын алғанда өздерін қалай ұстау қажет екендігі жөнінде мәліметтермен қамтылуы  тиіс.

Террористік әрекеттерге қарсы күрес жүргізу Ішкі істер органдары қызметінің маңызды бағыты екенін ескере отырып, бұл қызметтің террористік сипаттағы қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігіне тікелей байланысты деген пікірдеміз.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Глава государства провел совещание по вопросам борьбы с терроризмом и экстремизмом http://loto.zakon.kz
  2. Дильбарханова Ж.Р., Некоторые вопросы процессуального положения специалиста. Проблемы развития судебно-экспертной системы РК: Мат-лы Круглого стола ОБСЕ. – Алматы, 2004 с.76-79
  3. Закон Республики Казахстан «О провоохранительной службе» // Казахстанская правда. – 2011 . – 19 январь.
  4. Дикаев С.У., Турецкий Н.Н. Терроризм: понятие и классификация. Пособие. – Алматы, 2005 г.
  5. А. Ағыбаев. Терроризм мен экстремизм қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың ең қауіпті түрі // Заң. –
  6. Профилактика экстремизма и терроризма: методическое пособие ред. Л.Н. Понковой, Ю.В. Таранухи. – М.: Университетская книга, 2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.