Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кіші жүз ханы Əбілқайырдың жəне Осман империясының сұлтаны Сүлейманның мемлекет қайраткерлік қызметтері

Introduction (Кіріспе). Əр елдің тарихында саяси-мəмілегерлік жəне əскери тактикаларды жетік меңгеріп даңқы шыққан біртуар тұлғалар баршылық. Олар дипломатияның қыр-сырын бойларына сіңіре, халықаралық келіссөздерді ұтымды жүргізе отырып өз мемлекетінің ішкі жəне сыртқы қызметтерінде əскери, саясиэкономикалық тұрғыда дамуына өз үлесін қосқан.

Тарихқа көз жүгіртсек, əрбір ғасырдың өзіне тəн ұлы тұлғалары өшпес ерлігімен халық есінде қалады. Міне, осындай тұлғалар қатарынан Қазақ елінің Кіші жүз ханы Əбілқайыр (1693-1748 жж.) жəне Осман империясының сұлтаны І Сүлейман (1495-1566 жж.) туралы сөз қозғалмақ.

Еңбектің ғылыми мақсаты əрі бағыты болып – Əбілқайыр хан мен Сүлейман сұлтанның саяси-мəмілегерлік жəне əскери іс-əрекеттерін талдай келе, олардың мемлекет қайраткері ретіндегі қызметінің бейнесін ғылыми сомдау.

Main body. (Негізгі бөлімі). Кіші жүз ханы туралы мəліметтер көптеген ғылыми еңбектерде Əбілқайыр өмір сүрген заманның саяси-экономикалық хал ахуалының қиын жағдайда болғанымен суреттеледі.

Жалпы,  қазақ  қоғамының  əлеуметтiксаяси жағдайының əлсiреуiне ықпал еткен мəн-жайлардың бiрi – көршiлес елдердiң қазақ халқының жерiне көз салуында едi. Сол дəуірдегі қазақ қоғамының саяси жағдайы көптеген ғылыми еңбектерде суреттеледі. Соның бірінде:

«Қазақ даласына қай кезде де дұшпан көздің сұғы көп қадалған. XVIII ғасырдың басынан бері қарай Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы күрт шиеленісіп кетті. Батыс жақтан Орал казактары қолтығына су бүріккен Еділ қалмақтары шабуылдай бастады. Жайық бойындағы ел шалғынға башқұрттар таласуын қоймады.

Дегенмен, басты қауіп шығыстан, ойраттардың бір орталықтан басқарылатын қуатты көшпенді мемлекеті – Жоңғар хандығы тарапынан төніп тұрды.

Орталық Азия тарихындағы осы бір қиынқыстау кезеңде қазақ халқы азулы басқыншыға қарсы екі жүз жылдық күрестің ең ауыр жүгін жеке өз мойнымен көтерді. Бұл жолда елім деп еңіреген ерлер мен кемел қолбасшыларды алға шығарды.

Ер есімі – ел есінде. 1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығыс бетіндегі Ордабасы биігінде қазақтың барлық тайпалары мен руларының жақсысы мен жайсаңының басы қосылған ұлы жиыны өтті. Сол жиында бүкіл қазақ қосынының басын біріктіру жөнінде тарихи мəні ерекше шешім қабылданды. Халықтың үш ұлы перзенті– Əлібек ұлы Төле би, Келдібек ұлы Қазыбек би, Бəйбек ұлы Əйтеке би елдің бірлікті аңсаған арманын жүзеге асырды. Қазақ əскерінің бас сардары болып өзінің жаужүрек қолбасы екенін талай танытқан Əбілқайыр сайланды.

XVIII ғасырдың 20-жылдарындағы жоңғар шапқыншылығының Қазақстан мен Орталық Азия халықтары  үшін  қасіретті  зардабы өте зор болды. Қалалар қирап, сауда мен қолөнер тоқырады, халық мың-мыңдап босқындыққа түсті. Көші-қонның дəстүрлі реті мен бағытбағдары бұзылды. Көшпенді тұрмыс пен отырықшы өмір арасындағы экономикалық байланыс үзілді. Аймақтағы өндіргіш күштер əлсіреді. Бұл жылдар қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» атанды. Ел өміріне ұзақ уақыт жазылмайтын жара салды.

Жоңғар хандығымен күреске бел  шеше кірісу үшін батыс тараптағы елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату қажет болды.

Оны Ресейдің патша өкіметі де жақсы түсінді. Ол сол кездің өзінде халықтарды бір-біріне айдап салу саясатын шебер жүргізе бастаған-ды. Атап айтқанда, мұндай əдістер екі халықты да қирату мақсатымен, қазақтар мен ойраттар арасында соғыс өртін тұтату үшін пайдаланылды. XVIII ғасырда мұнан кейін болған аса күрделі оқиғалардың алғышарттары осылай болды. Соның салдарынан алдымен батыс, одан кейін басқа да аймақтар тəуелсіздігінен айырылды, ақыр аяғында Қазақстан Ресей империясының отарына айналды.

Осы тұста Қытайдың Орталық Азияға сұғына кіруі де өрістей түсті. Сол кездегі Қазақстанның екі империяның арасында қалған қиын халін Мағжан Жұмабаев:

 Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ, Арты – ор, алдында – көр, жан-жағы жау, Дағдарды Алаш енді қайда бармақ?! –  деп күйзеле суреттеген болатын» [1, 9-12 бб.].

Қазақтардың көршiлес жұрттарымен қарымқатынастары шиеленiсiп, олардың арасында əскери соқтығысулар жиілетiлдi. Қазақ қоғамы жан-жағынан қауiп төнiп, үлкен қатер алдында тұрды. Едiл қалмақтары, Жайық орыс-казактары, башқұрттар мен жоңғарлар жан-жақтан анталап, қазақ жерiне шабуыл жасауға дайын едi.

Кiшi жүзге көршiлес орналасқан халықтарымен Кiшi  жүз  ханының  ара-қатынасы əртүрлi шайқастар мен қақтығыстарға толы. Сөзiмiз дəлелдi болу үшiн бiрер тарихи оқиғаларға қысқаша шолу жасайық.

Мəселен, Кiшi жүз қазақтары мен башқұрттар арасындағы қақтығыстарды қарасақ, жеңiс пен жеңiлiс екi жаққа алма кезек ауысып отырған.

Едiл – Орал аймағындағы патша əкiмшiлiгiне қарсы көтерiлген башқұрттардың тарханы Алдар Исянгельдин айбынды қолбасшы Əбiлқайырға арқа сүйегiсi келiп, 1709 жылы Ноғай аймағына Кiшi жүз ханын шақырды.

Башқұрт халқының  тарихында  өзiндiк iз қалдырған қолбасшылық талантымен, ұйымдастырушылық қабiлетiмен ерекшеленетiн қазақ сұлтаны Əбiлқайырдың белгiлi башқұрт игiлерiмен тығыз қарым-қатынас жүргiзгендiгi туралы  деректердiң  бiрiнде,  «башқұрт   тарханы Алдар мен оның серiктерi жас Əбiлқайыр сұлтанды шақырып, оны хан деп атады» – делiнген [2, 103-116 бб.].

Осы мəлiмет  бойынша  келесi  сауал туады, Кiшi жүз ханы болмай тұрып, Əбiлқайыр башқұрт ханы болды ма?

Бұл жылдары оның башқұрт ханы болғаны туралы деректерде дəл айтылмаған. Бiрақ ескеретiн жай, сол заманда көп жағдайда хан тағына қазақ сұлтандарын башқұрт халқымен қоса, хиуалықтар да шақыратын.

1715 жылдың басында Əбiлқайыр хан бастаған əскери күш башқұрт жерiне шабуыл жасады. Қазан губерниясындағы Черемшан өзенiнiң алқабын басып алып, Ново-Шешминск станциясын өртеп жiбердi.

1717 жылдың қысында Əбiлқайыр 10 мыңдай əскермен башқұрт халқының Қазан уезiне жаңа жорық жасады. Ново-Шешминскiнi басып алып, көп адамдарды тұтқынға түсiрдi. Бiрақ кейiн шегiнуге мəжбүр болды.

Ал Кiшi жүз ханы Əбiлқайырдың Жайық орыс-казактарымен əскери соқтығысуы тарихи арнада өзiндiк iз қалдырған [3].

Кiшi жүз қазақтары мен Жайық орысказактарының қарым-қатынасы тарихи өзара жаулық, соғыс шайқастары, бiрiн-бiрi тұтқынға алу, малдарын айдап əкету көрiнiстерiне толы. Соның кейбiр шайқастарына тоқталсақ.

1718 жылы қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың əскерi Жайық қалашығын бiр ай қоршауда  ұстайды.  1719  жылы   шiлде айында Кiшi жүз ханы Əбiлқайыр 20 мың əскермен келiп, тағы да Жайық қалашығын қоршауға алды. Егер Əбiлқайыр ханның қаланы қалдырып, Едiл қалмақтарына шабуыл жасауы болмаса, Жайық қалашығы қазақ əскери жасағының қолына түсер едi.

1723-1724 жылдар аралығында Кiшi жүз ханы Əбiлқайыр Жайық қалашығына қайта шүйiледi. Сол кездерде тарих көрiнiсiнде қалған орыс-казактары мен қалмақтардың бiрiккен əскер отрядтары қазақ əскерiмен Утва, Самара, Шаған өзендерi бойында талай рет шайқастар жүргiздi [4, 108-110 бб.].

Əбiлқайырдың қалмақ хандығымен аянбай күресуiнiң бiрден-бiр себебi қоныс мəселесi болатын. Өйткенi Жайық өзенiнiң жағалауындағы жайылымдар мен ормандар тұрмысқа өте қолайлы едi. Осы ретте Жайыққа таласуын қоймаған Əбiлқайырдың мынадай сөз  жолдары кездеседi: «Жайық өзенi кеуiп қалғанша, қазақ халқы бұл жерден айырылмайды. Өйткенi қазақ елi мұндай жайлы жердi еш жерден таппайды» [5, 366 б.].

Əбiлқайыр жоңғарлармен де күреске баса назар аударды, өйткенi қазақтардың ең басты жауы жоңғарлықтар болды. Қазақ халқына басты қауiп-қатер солардың тарапынан төнiп тұрды [6, 122 б.].

Кiшi жүз ханы Əбiлқайырдың Жоңғария халқымен түскен əскери қақтығыстарға тоқталсақ, 1718 жылы 30 мың əскер күшiн басқарумен Əбiлқайыр қазақ халқының үлкен ханы Қайып ханмен бiрге, Аякөз өзенінiң бойында жоңғарларға қарсы шайқасты. Белгiлi бiр жеңiстерге жеткенiмен, Əбiлқайыр хан əскери күшi жоғары тұрған жоңғарларға қазақ жасақтарының əскерi  қарсы  тұра  алмайтынын түсiндi де, Ресей империясының Сiбiр əкiмшiлiгiмен жоңғарларға қарсы əскери одақ құру туралы келiссөздер жүргiздi [7, 115 б.].

1720 жылы қазақ халқы жоңғарлардың əскери күшi маньчжур-қытайлықтарға қарсы əскери əрекет еткенiн пайдаланып бiрқатар жоңғар ұлыстарын талқандап, 3 мыңға жуық тұтқындарды алды.

1722 жылы Жоңғария Цин империясымен бейбiтшiлiк орнатады. Бұл қазақ халқының өмiрiне  қауiптi  күндердiң  төнуiнiң  бастамасы болды. 1723 жылдың ерте  көктемiнде, əскери əрекеттерге əбден жақсы дайындалған жоңғарлар бiрнеше əскери топтарымен Қазақстанның жерiне шабуыл жасайды. Аз уақыттың  iшiнде  жоңғарлар  баса   көктеп қазақ жасақтарын талқандайды. Сөйтiп, Ташкент, Сайрам, Түркiстан жəне  көптеген  басқа да қалаларды жоңғарлар жаулап алды. Қазақ халқының əдет-ғұрып дəстүрi бойынша қалыптасқан қоныстарын жойды. Жоңғарлар, Ұлы жəне Орта жүздi Ходжент  пен  Самарканд қалаларына, Кiшi жүздi Хиуа мен Бұхара қалаларына қашуға мəжбүр еткiзедi. Қазақтар əскери шапқыншылықтардан ғана ауыр азап көрген жоқ, сонымен бiрге мүлiктерiнен жəне мал шаруашылығынан айырылу себептерiнен туындаған ашаршылықтарда көптеген адамдардан айырылды. Бұл жылдар қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» жылдары ретiнде есте қалды.

1723 жылы жоңғар қазақ елiнiң Ташкент, Түркiстан,Сайрам  секiлдi қалалық қолөнер орталықтарына шабуыл жасады. Қазақ елi қиынауыр хал-ахуалына түстi.

1723-1725 жылдар аралығындағы жоңғарлардың əскери шапқыншылықтары қазақ халқының əлеуметтiк-экономикасының дамуын бiршама төмендеттi.

Қалмақтар мен жоңғарлардың əскери бiрiгуi, олардың саяси тұрғыдан одақтасуының себебi – қазақ ордасын саясат сахнасынан шеттету едi.

Егер Əбiлқайырдың қалмақ ханы Аюкемен күш санаспай күресуiнiң себебi – қоныс мəселесi болса, онда жоңғар  билеушiсi  Сыбан  Раптан да қазақ иелiгiндегi жерге үйлiктi, оның түпкi мақсаты – көшпелiлердiң бiртұтас империясын құру болды.

1726 жылы Түркiстан қаласы маңындағы Ордабасы биiгiнде үлкен кеңес өттi. Онда жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың бiрiккен əскери күшiн құру шешiмi қабылданды. Сөйтiп, үш жүз өкiлдерiнен жиналған халық жасағы құрылды. Əскери өнерiмен даңқы шыққан Кiшi жүз ханы Əбiлқайырды халық жасағының бас қолбасшысы ретiнде бiр ауыздан сайлады [8, 130-139 бб.].

1727 жылы Бұланты  өзенiнiң  бойында жоңғарлар iрi жеңiлiске ұшырады. Жоңғарлардың бұл жеңiлген жерi «Қалмақ қырылған» деп аталады.

Қорыта келгенде, бұл жеңiстер қазақ халқына ең қажет кезiнде тыныс берген аса елеулi тарихи оқиғалардың бiрi болды. Əрине, ұлы жеңiстердiң басты кепiлi – қазақ халқының өзара iшкi ынтымақтастықпен тiзе қосып күресуiнде екенiн ескергенiмiз жөн. Сонда да жеке ерлiктерiмен жан аямаған батырлар болғанымен де үш жүздiң əскери жасағының күшiн бiрiктiрiп ұрыс даласында үйлестiруде Əбiлқайырдың жөнi бөлек [9, 21 б.; 10.].

Ғасырдан-ғасырға өткен бұл шайқастарда жеңушiлер де жеңiлушiлер де тарих көрiнiстерiнде орын алды. Сол дəуiрдегi екi iрi халықтардың соғысы бiрiн-бiрi əлсiреттi. Əсiресе қазақ халқын жоқ қылуға сəл-ақ  қалды.

«Қалмақ қырылған» шайқасының, «Аңырақай» шайқасының жеңiстерi қазақ халқының еңсесiн көтерiп, жауға қарсы бiрiгу идеясын кең жайды. Қазақ          –Хиуа   қатынастарына қатысты өрбiген тарихи     оқиғаларда, 1740 жылы 4 қарашада Əмудария өзенiнiң оң жақ бетiнде Кiшi жүз ханын өзбек старшындары қарсы алып, парсы шахының шабуылынан құтқаруды өтiнiп,Хиуа тағына отырғызуға уəде бередi.  Сөйтiп, бiр күннен кейiн Əбiлқайыр салтанатты түрде Хиуа тағына отырады да, өзiнiң жаңа резиденциясында Д. Гладышевтің басқаруындағы экспедицияны қабылдайды. Бұл жолы да Əбiлқайыр Ресеймен ерекше қарым-қатынасын ескере, Хиуаны орыс патша өкiметiнiң қол астында екенiн айтқан [5, 178 б.].

Шындығында, Кiшi жүз ханы Əбiлқайырдың мақсаты – хиуалықтар мен бұқаралықтарды орыс патша өкiметiнiң бодандығына кiргiзу емес, орыс өкіметінің көмегi арқылы олардың өзiнiң қол астына алу едi [11, 31 б.].

Байқағанымыздай, Кiшi жүздiң көршiлес орналасқан халықтармен қарым-қатынасы əр түрлi шайқастар мен қақтығыстарға толы.

Көрнектi ұйымдастырушы, қазақ батырларын бiрiктiре бiлген тамаша қолбасшы Əбiлқайыр халықтың мұңын  терең  түсiндi. Кiшi жүз ханы Əбiлқайырдың өз заманындағы басқа    əскер    басшыларынан  айырмашылығы– бiрнеше майданда қатар соғысуы, ол Едiл қалмақтарымен, башқұрттармен, Жайық орысказактарымен, жоңғарлармен, сондай-ақ Хиуа хандығымен күш сынасты.

Əбілқайыр хан – қазақ халқының тарихында дипломатиялық келіссөздерді жүргізу мен тиімді пайдалану қасиеттерімен жəне осы салада ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген біртуар тұлға. Əскери дарындығы мен шеберлiгi арқасында əрi шайқастарда ер жүректiлiгiн көрсете бiлген Əбiлқайыр қазақ халқының кең даласында үлкен атаққа ие болды. Бiз бiлетiн Кiшi жүз ханы Əбiлқайыр тек əскер  өнерiмен  даңқы  шыққан  жоқ,  сонымен  қатар  саясатта  да  өзiне  тəн шеберлiгiмен көрiнген.

Əбiлқайыр Орта Азияға жаужүрек қолбасшылығымен атағы кең тараған сардар ғана емес, ел билеуде ерекше көзге түскен əккi билеушi, тамаша мəмілегер.

Қазақ-башқұрт қатынастары тек əскери шапқыншылықтармен шектелмеген, сонымен қатар  дипломатиялық  келiссөздер  де   тарихта орын алған. Əбiлқайыр хан қазақ-башқұрт қатынастарын реттеуде жоңғарларға қарсы қос одақ болу жөнiнде ұсыныс жасап, Уфа қаласына елшiлiк жiбердi (1718-1719 жылдар аралығы). Бiрақ та Ресей мемлекетi бұл ұсыныстан қашқақтайды. Одақтың құрылуына Кiшi жүз халқының əскери немесе саяси жағынан əлсiздiгi ешқандай кедергi жасаған жоқ. Тек  бұнда, Ресей мемлекетi басқа саясатты көздедi. Ол Жоңғарияны Қытайға қарсы қойғысы келдi [12]. 1726 жылдың күзiнде Əбiлқайырмен бiрге басқа да қазақ хандары мен сұлтандары бастаған

10 мың қазақ жасағы Черен Дондук хан мен Доржы Назаров иелiктерiне басып кiрдi. Қазақ жасақтары бұл жолы шабуылды қалмақ патшасы ұлыстарына жасады. Бұл жорықта қазақ жасағының саны 10 мыңдай болса, қалмақтар 30 мың жауынгердей жасақ жинады. Алғашында жеңiс Əбiлқайыр əскерiнiң жағында болды. Бiрақ    көп    ұзамай    Жайыққа    жетпеген қазақ жасағына қалмақтың əскерi кезiктi. Қиыншылыққа кездескен əскер дереу қорғаныс əзiрлеуге, «түйе қорған» жасауға көштi. Бұл əскери əдiс бойынша, жау шабады деген жақтарға қатар-қатар түйелердi қойып, аяқтарын буып тастайды да, үстерiнен қалың киiздi сулап жабады. Бұндай бекiнiс жауды жақындатпай мылтықпен, садақпен бiрер күн қайтаруға жақсы. Қалмақтар мен қазақ халқы төрт күн бойы қақтығысып, тек бесiншi күнi екi жақ тынышталғаннан кейiн келiсiм жүргiзе бастады [13, 108-129 бб.].

Келiсушi жақтар: «Бұдан былай екi жақта бiр-бiрiмен жауласпай, тату өмiр сүруге, екi жақ осы келiсiм болған күнi туылған жас өспiрiм өсiп, ат мiнгенше жауласпауға анттасты». Келiсiмсөз барысында аманаттар беру мəселесi де қарастырылды [14]. Бұл келiсiм 1731 жылы, Едiл қалмақтары тарапынан бұзылды.

Бұл жорықты қорытындылай келсек, қазақ хандары мен қалмақтардың қарым-қатынасы əскери қақтығыстан гөрi саяси жағынан маңызды орын алды. Əбiлқайыр хан бастаған қазақ билеушiлерiнiң Едiл қалмақтарымен жасасқан мəмiлегерлiк қадамы қазақ халқы үшiн өте маңызды болды. Себебi белгiлi бiр уақытқа болса да, қалмақтар жағынан ту сырты тыныш болды жəне жоңғарлардың əскери-саяси агрессиясына толық көңiл бөлiп, əскери күштi осы халыққа қарай түгел жұмсауға мүмкiндiк бердi.  Осы  ретте  ғылыми  еңбекте  кездесетiн:

«Əбiлқайыр ханның жаулары Едiл қалмақтары мен башқұрттар, бiрақ қалмақтармен бiтiсуi де оңай, соғысуы да оңай» – деген сөз жолдары еске түседi.

Кiшi жүз ханы Əбiлқайыр қазақ-башқұрт қатынастарына байланысты көтерген күрделi мəселелердiң  бiрi  –  1734  жылы  қазақ даласын отарлаудың тiрегi болған Ор бекiнiсiн салу мəселесiн ұсынды. Бұл ұсынысты бiр жағынан əскери бекiнiсi, екiншi жағынан, сауда мəселесiн дамытудың қайнар-көзi ретiнде қарастырған. Ресей мемлекетi Əбiлқайырдың бұл ұсынысын қолдап отырып, [5, 116 б.] ханның мемлекет қайраткерлік қызметіне риза болды.

Жоңғар билеушiлерiнiң бiрi Қалдан Серенмен Кiшi жүз ханы Əбiлқайырдың жасасқан саяси-мəмiлегерлiк тактикасына қысқаша тарихи шолу жасасақ, Əбiлқайырдың орыс патшасымен одақ болу қатынастарында Қалдан Серен саяси тұрғыдан шалуға тырысқан.

Қайткенде де, қазақ-орыс қатынастарына жiк қоюға тырысқан Қалдан Серен əр түрлi шараларды қолданды. Оның Кiшi жүз ханы Əбiлқайырға жолдаған бiр хатында: «Əбiлқайырдың орыс патшасының алдында ойнақтағаны Қалдан Сереннiң көңiлiне қатты батады» – деген сөз жолдары да тарих беттерінде кездеседi. Бiрақ кейiн жұмсағырақ əдiстер қолданғаны да көрiнедi.

XVII-XVIII ғасыр аралығындағы тарихи ақиқаттарын еске түсiрсек, Едiл қалмақтары, башқұрттардың жер дауы, барымта шабуылы, жоңғар басқыншылығының қоса-қабат  шабуыл жасауы қазақ қоғамының əлеуметтiк – саяси қалыптасуына керi ықпал жасады. Осындай ауыр жағдайдан шығудың  дұрыс  жолы Кiшi жүз ханы Əбiлқайырдың дипломатиялық көзқарасы бойынша Ресей мемлекетiнiң қол астына кiру.

Сөйтiп, 1731 жылдың 19 ақпанында императрица Анна Əбiлқайыр ханға жəне оған тиесiлi қазақ халқымен қоса Ресей қол астына кiргенi туралы грамотаны жiбердi.

Əбiлқайыр ханның өте ықпалды, батыл билеушi, кемеңгер екендігiн  дəлелдейтiн  тарих беттерінен қалған оқиғалардың бiрінде, Қалдан Сереннiң Кiшi жүз ханы Əбiлқайырмен құда болу ниетi алғашқы елшiлiгiнде (1741) оң жауап əкелмегенi белгiлi. 1743 жылы көктемде елiне оралған Абылай Əбiлқайырға елшi арқылы сəлем жолдайды. Ол Əбiлқайыр жоңғар ханымен тату қарым-қатынаста болу, сенiм үшін ұл-қыздарымен алмасу мəселелерiне қатысты жолдаулар еді [5, 306 б.].  Бұл  сол замандағы екi елдiң қарым-қатынасын нығайтатын дипломатиялық келiссөздер əдiсiнiң бiрi. Бiрақ бұл екi елдiң құда болу идеясы Ресей империясына ұнамады.

Ендiгi тарихи ақиқат керiсiнше өрбидi. Алғашқы кезеңдерде жоңғар басшысының тарапынан саяси жiк қою əдiстерi байқалса, ендi патша өкiметi жоңғар ханының əрекеттерiнен сезiктене, екi ел арасына жiк қою əдiсiн қолдана бастады [13, 155 б.].

Осындай жағдайларды көре бiлген Əбiлқайыр Ресей патшалығының сыртқы саясатының негiзiн түсiндi. Дипломатиялық тактиканы терең түсiне бiлген Əбiлқайыр жоңғар қонтайшысымен жақындасқаны Ресейге керi оқ болып тиетiнiн түсiндi. Ендi ол өзiне пайдалы жағын ойластырды [15, 53 б.].

Сондықтан болар тарихи зерттеулерде «Кiшi жүз ханы өзiнiң сыртқы саясатында екi жүздi бағыт ұстады» деген тұжырым кездеседi. Бiр мезгiлде патша өкiметiнiң де, жоңғардың да бодандығында болуы оның саясатшылығының көрiнiсi  емес,опасыздығының  белгiсi деп те бағаланды. Əбiлқайыр екi елге де адал қызмет етпеген. Ол өзiне жоңғар халқынан келген ұсыныстары мен елшiлiктерi жайында Орынборға үнемi хабарлап отырған. Осының өзiн де тиiмдi жағына қарай бұрып жеткiзе алған. Сонымен қорыта келгенде, бұны далалық дипломатияны жетiк  меңгерген  бiлқайыр саясатының екi ұштылығы емес, сол замандағы ерекше  мəмiлегерлiк  тəсiл  түрi  ретiнде түсiну керек.

Тиiмдi жерiнде əскери əрекеттерден гөрi мəмiлегерлiк тəсiлдердi молырақ пайдалануға тырысқан – Кiшi жүз ханы Əбiлқайыр. Оған дəлел, 1742 жылы қазақ хандығымен Едiл қалмақтары бiтiм-келiсiмшартқа келдi. Осы мəмiлегерлiк шарты Орынбор губернаторына Əбiлқайыр былай деп хабарлайды: «бiз қалмақтармен бейбiтшiлiк орнаттық. Бiздiң барлығымыз бiр мемлекет құрамында болғандықтан, бiр əкенiң баласындай тату-тəттi өмiр сүретiн боламыз».

Бұл мəселенi қорытындылай келе аңғаратын бiр жай, Əбiлқайырдың қалмақтар арасындағы қайшылықтарда қазақ мемлекетiнiң мүддесiне қарай   шебер   пайдаланғандығы.Ол  дербес мемлекеттiң қайраткерi ретiнде, Едiл қалмақтарына жиiлетiп елшiлiк жiберу арқылы сол елдiң қазақ хандығына бағытталған саясатын айқындап отырған.

Кiшi жүз ханы Əбiлқайырдың Хиуа хандығымен қарым-қатынастарын қысқаша баяндасақ, Əбiлқайыр ханның дипломатиясында ерекше орын  алатын  мемлекеттердiң  бiрi  –  Хиуа хандығы. Кiшi жүз бұрыннан берi Хиуа хандығымен шаруашылық жəне саяси қатынастары жағынан тығыз байланыста болатын.

Əбiлқайырдың Орта Азияға байланысты саясатында Бұхара жəне Хиуа иелiктерi маңызды орын алады. Басында жалпықазақтың содан кейiн бүкiл Орта Азиялық хандық құруды ниетке қойған Кiшi жүз ханы.

Əбiлқайыр Хиуа, Бұхара хандарының Ресейге бодан болуға ниет ететiндiгiн жəне ол арқылы оларды өз билеушiсi ретiнде танитындығын өз хатында хабарлаған болатын. «Сөз жоқ, бұның бəрi əдейi жалған жазылған болатын», – деп пайымдайды ағылшын тарихшысы  Алан Боджер [16].

Əрине, мұның бəрi Əбiлқайырдың Хиуа Қазақ – Ресей қатынастарында ұтқыр дипломатиялық тəсiлдер қолдану арқылы өз мақсаттарына жетудi көздеген Хиуа мен Ресей аралығында орналасқан қазақ хандығының шиеленiстi мəселелерiн шешудi ойлаған Əбiлқайыр алма-кезек Ресей мен Хиуаны пайдалану арқылы екi мемлекетке де ықпал ету мүмкiндiгiне ие болғысы келдi. Хиуа, Петр I заманынан бастап Ресейдiң Шығыс саясатындағы нысанаға алынған мемлекет екенiн Кiшi жүз ханы жақсы түсiнген секiлдi. Себебi Əбiлқайыр орыс үкiметiне жазған хаттарында Хиуаның өзiне бағынышты   екенiн    келiстiрiп    жазып қана қоймай, оны Ресейдiң боданы етiп жариялайтындығын мəлiмдейдi.

Жалпы, Əбiлқайыр ханның қазақ қоғамының тағдырына қалдырған iзi – бiрiншiден, қоршаған ортасы анталасқан жау арасында өзiнiң жеке əскери қолбасшылық шеберлiгi мен дипломатиялық келiссөздердi жүргiзуде өзiне тиiмдi пайдалана бiлген мемлекет қайраткерлігі. Екiншiден, Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдаудағы алғашқы қадам жасасқан тұлғаның бiрi ретiнде қызметi сипатталады.

Ресейге бодан етуге Əбiлқайыр хан үлкен үлес қосты. Ол – сол кездегi қазақ даласында туындаған iшкi жəне сыртқы саясатты бағалап, iшкi тартысты тоқтатуын жəне Жоңғар əскерiнiң басқыншылығынан Ресей өкiметiнiң көмегiмен тоқтатуға болатынын саяси тұрғыдан саралай бiлген мəмілегер.

Əбiлқайыр хан орыс өкiметi  арқылы тек қана əскери одақ құру мəселесін ғана емес, сондай-ақ сауда-саттық мəселесiнде де  дамыту  мүмкiншiлiктерiн  қолданғысы  келдi.  Ресей бодандығын қабылдағаннан кейiн Əбiлқайыр хан орыс өкiметiнен Ор өзенiнiң Оралға келiп құйылған жерiне қала салуын сұрады. Ол қала, бiрiншiден, қазақ жерiн башқұрт-қалмақтардың шабуылынан қорғайды, екiншiден, Ресеймен сауда жолының орталығы болады деп ойлады.

Əбiлқайыр тек əскер өнерiн жетiк меңгерген қолбасшы ғана емес, сонымен қоса тамаша саясатшы болғанына көзiмiз жеттi. Мəмiлегерлiк өнердi  жақсы  игерген  ол  көршi  елдермен қарым-қатынасты келiссөзбен шешуге тырысқан. Бұл оның саясатшылдығын ерекше даралайды.

Кiшi жүз ханы Əбiлқайыр – башқұрт, жоңғар халықтарымен, Едiл қалмақтарымен, Жайық орыс-казактарымен,  Хиуа   хандығымен   саяси қарым-қатынастарды түйiндесек, аталмыш халықтармен қандай да бiр күрделi мəселелердi көтере, олардың нəтижелерiн халқы үшін мол пайдалана алған қазақ даласының қайраткерi.

Əбiлқайыр хан əскери қару тактикасын ғана емес, сонымен қатар дипломатиялық бағытты да қоса алып жүргендігі туралы қысқаша көрiнiс міне, осындай.

Еңбектің ғылыми мақсатын толықтыратын келесі бағыт – Сүлейман сұлтан билігі кезіндегі Осман империясының саяси дамуына  жəне оның орта ғасырдағы Еуропа мен Азияның мемлекетаралық қатынастар шеңберінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесіндегі рөліне жалпы шолу жасау.

К. Маркстің айтуы бойынша, Осман империясы «Орта ғасырдағы жалғыз шынайы əскери держава» болатын [17, 189 б.].

XVI ғасырда Осман державасының халқы 110 миллион адамды құрады. Мұндай халқы көп басқа держава сол кезде болмаған еді. Осман империясының аумағы еуропалық, азиялық жəне африкалық Түркияға бөлінді. Империяның шекаралары Венадан Кавказ тауларына, Мароккоға дейін созылды. Империяны басқару iсі 38 əкiмшiлiк бюро көмегiмен іске асырылды.

Бұл мемлекет, І Сүлейман билік басында отырған кезде (1520-1566 жж.) өз  иеліктерін үш континенттерге жайып, 6 млн шаршы шақырым аумақта орналасқан болатын. Əлбетте, жеңісті жаулап алған жерлер шетел де болсын, империяның өзінде болсын І Сүлейманның мəртебесін жоғарылатты.

XVI ғ. екiншi жартысында Осман империясының   халықаралық мəнi ең күштi державалардың бiрi ретінде күшейді. Оның сыртқы саяси қатынастарының шеңберi кеңейдi. Түрік сұлтандары белсендi сыртқы саясатты жүргізді, өз жауларымен шайқасу жолдарында тек қана əскери күш-жігерін ғана емес, сонымен қатар саяси-мəмілегерлік амал-жолдарын да жетік қолданды.

Тарихшылардың пайымдауынша, Осман империясы "Орта ғасырдағы жалғыз əскери держава" болды. Оның мемлекеттiк жəне əкiмшiлiк құрылымы І Сүлейман сұлтанның заңдар жинақтарында бекiтілдi (олар 21 болатын). Провинциялар округтерге бөлінді, оларды билеушілер азаматтық қызметтерімен қоса, əскери қызметтерді де қатар атқарды. Олар сипахтардың жасағын жəне янычарлардың жергілікті гарнизонын басқарды [18, 98 б.].

Сонымен, XVI ғ. Осман империясы үшін ең iрi əскери əрі саяси күш-қуатты заман болып суреттеледі. XVI ғ. бiрiншi жартысында Таяу Шығыстағы жəне Солтүстік Африкадағы елеулі аумақтар империя құрамына енгізілген болатын. Бұл – І Селим сұлтанмен жүзеге асырылған ісшаралар көрінісі.

Толығырақ тоқталатын болсақ, Осман тарихында əйгілі тұлғалардың бірі – І Селим сұлтан (1512-1520 жж.). Ол өз назарын ең алдымен Сефевидтердiң мемлекетiне (Иран  шахтарына) қарсы соғысқа шоғырлады. Османдар мен Сефевидтердің бақталасуының басты объектісі болып еуропа-азиялық сауданың дəстүрлi керуен жолын бақылау еді.

Шығыс Анатолияның бірнеше аумақтарын жаулап алған сұлтан І Селим шығыс бағытта үлкен əскери жетістіктерге жетті. Мəмлүктердiң мемлекетiн қиратқан ол, Мысыр, Сирия, Палестинаны жəне араб əлемінің басқа да елдерін жаулап алады. Осы кезден  бастап  жоғарғы дiни институт ретінде араб ғалифының рөлi Османдардың қолына өттi. Негiзгi қауiп-қатерiн Азиядан көрген сұлтан І Селим өз басқаруының барлық кезеңдерінде саяси жəне əскери белсендiлiктi азиялық бағытта көрсеттi жəне де Осман империясының қатысуымен дүниежүзілік саясатты жүргізу үшін өз  мирасқорына  Еуропа мен  Жерорта  теңізінде  өте  маңызды жəне белсеңді іс-əрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік жасады.

Селим өте атақ құмар адам еді. Тарих сахнасында оның Александр Македонский   секілді бүкіл əлемді паш еткісі келетінін мəлімдеген сөз жолдары да кездеседі [19, 115 б.].

Селимнің қатыгездігі жауларын да, достарын да үйрейлендіретін. Оған дəлел ретінде, Иран шахына қарсы шайқасы кезінде, ол 40 000 адамның көзін құртуға бұйрық береді. Оның себебі олардың шахқа адал қызмет етуінде еді.

Иранға  қарсы шайқаста жеңiмпаз болған І Селим Əзiрбайжан, Арменияның бiр бөлiгi, Грузия, Дағыстан жəне Күрдiстан елдерiн жаулап алды. Содан кейін Сирия мен Мысырды жаулап алуына қадам бастады. Аталмыш елдердің жерін өз империясына қосып, ол өзін барлық мұсылмандардың бас халифі етіп жариялады. Өз ұлы Сүлейманға ол жаулап алынған жерлерді біріктіруді жəне оларды империяның ажырамас бөлігі етуге өсиет етті.

Сүлейман сұлтанның əкесі І Селим Трабзон губернаторы қызметіне атасы ІІ Беязыдтың бұйрығымен тағайындалған болатын.

Сұлтан Сүлейман Осман империясының əйгілі сұлтаны ретінде белгілі. Сұлтан Сүлейман тақта отырған кезінде империя аумақтары кеңейтiлді жəне сұлтанның заң шығарушы қызметіне де қосқан үлесі зор. І Сүлейман басшылық  еткен  заманда  Орталық  Еуропадан Үндi мұхитына дейін жайылған кең байтақ аумақтағы əскери жетістіктер Осман империясына əлемдік держава мəртебесiн бердi.

Еуропалықтарға «Құдіретті» («Великолепный»), ал өз еліне «Заң шығарушы» («Законодатель») ретінде танымал болған ол өте жарқын əскери стратег еді. Өзінің 13 империялық шайқасы кезінде І Сүлейман XVI ғасырдағы Еуропа мен Азияның ұлттық мемлекеттерiне терезесі теңіндей қарсы тұра алды.

Осы тұста, тарихта аттас адамдар кездесетiнiн атап өту керек. Мұндай ұқсастық біздің де қаһармандарымызда да кездеседі. Мəселен, Еуропада «Əсем» атанған, Осман империясының 10-шы  атақты   сұлтаны   Сүлейман   (14951566 жж.), көпшілік оны – І Сүлейман, ал 14031411 жылдар аралығында Осман иелiктерiнiң кейбір бөлiктерін басқарған сұлтан ІІ Сүлейман болатын [20, 62 б.].

Бұндай аттас тарихи тұлғалар біздің тарихымызда да кездеседі. Толығырақ айтатын болсақ, XV ғасырда өміт сүрген Əбілқайыр (1411-1468), Абдолла Əбілқайыр (...-1730 жж. шамасы) жəне Əжі Əбілқайыр (1693-1748) аттас азаматтар халқына қызмет еткен [21].

Сұлтан І Сүлейман 1520 жылы əкесінiң өлiмiнен кейiн 26 жасында таққа көтерiлiп, Осман империясын 46 жыл басқарды.  Тарихта, басқа түрiк  сұлтандарына  қарағанда ұзақ билік жүргізген дəл осы І Сүлейман. Сұлтан Сүлейманның басқару кезеңі Осман империясының құлпыра гүлденуiне дəл келедi.

1512-1520 жылдар аралығында  билік  еткен І Селимнің ұлы, есімі көкке шыққан Осман империясының 10-шы сұлтаны І Сүлейман 1495 жылы Трабзон қаласында дүниеге келеді.

1520 жылдан Осман  империясын басқарған түрiк сұлтаны – І Сүлейманның басшылығымен империя аймақтары жан-жақты кеңейтілді жəне саяси-əскери қуатқа ие болды. Ол белсендi жаулап алушылық, шапқыншылық саясатын жүргізді, жеке өзiнің басшылық етуiмен 13 жорыққа қатысты.

Сүлейман сұлтан билік еткен заманда Осман империясы жоғарғы саяси қуатқа жетті. Венгрия хандығының бір бөлігін, Месопотамияны, Аравияны, Триполи жəне Алжир аумағын жаулап алады.

Осман империясының ішкі қызметін жүзеге асыруда Сүлейман парақорлыққа қарсы күрескен адал басшы ретінде халық есінде қалды. Сондайақ өнер мен философияның дамуын қоштайтын, дарынды ақын мен шебер ұста да болатын. Бір сөзбен айтқанда, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің өзі еді. Осман империясының заңнамасын өзгертіп жүйелеген ғылым мен өнерге жақын өнегелі, білімді жан да болатын. Ол заңнама қызметін жүйелеуде даналығын паш еткен біртуар тұлға. Осман империясы І Сүлейманның заманында өзінің мəдени, қоғамдық-саяси, əскери дамуы жағынан жоғары деңгейге жеткен ең қуатты империя болды.

Түрiк тарихшылары үшін «Заң шығарушы» («Kanuni»), ал əлемге «Құдіретті» («Великолепный») есімімен танымал болған І Сүлейман тұңғыш рет Осман империясының басқару жүйесін бір мезгілде шариғатқа сəйкестіруге жəне де жазбаша түрде баяндалуына талпыныс жасалынған болатын. Демек, түрiк халқы  үшiн І Сүлейман əрдайым Kanuni, яғни заң шығарушы ретінде де есте қалды.

Сүлейман өз мемлекетiнiң дамуына көп зер салды. Оның мақсаты Стамбул қаласын Ислам өркениетiнiң орталығы ету еді. Сүлейманның басшылығымен жүзеге асырылған Осман империясы заңдарының басты ерекшелiгi сол,    мемлекет азаматтарының əртүрлi құқықтары мен мiндеттері бар екi топқа бөлінуі – мұсылмандар жəне мұсылмандар емес.

Сүлейман тақуа мұсылман болды. Оның басшылық еткен  заманында  əртүрлi  ұлттар мен дiн өкілдері бейбiт өмір сүріп, еркін өз дiнiн, салтын жəне заңдарын қолданған. Осман империясының құрамында болған мұсылмандар мен христиандар емін-еркін өз істерімен шұғылданды. Христиан қауымының өкілдері Ислам дінін ұстаушы азаматтар секілді өздерінің діни рəсімдерін орындай беретін. Осыдан Осман империясы толерантты держава болып есептеліндi деуге болады [22, 265 б.].

Əкесі сұлтанға өзiнен кейiн ұлан-байтақ елдi, қуатты жəне тəжiрибелi əскерді қалдырды. Сүлейман, XVI ғасырда түрiктердiң ұлы падишахы, барлық мұсылмандардың халифі жəне əлем əміршісі болып есептелiнді. Дүниежүзілiк тарихта бұл кезең "Түрiк дəуiрі" деп аталынған, өйткенi XVI ғасырдың өте дамыған өркениеті – Осман империясы болып табылды.

Сұлтан Сүлейман ұлы қолбасшы ретінде де тарих сахнасында із қалдырды. Ол басқарған Осман империясы жоғары даму шыңына жетті.

Егер де Сүлейманның əкесі І Селим империя аумағын шығыс бағытта кеңейтсе, Сүлейманның өзі империя иелiктерiн кеңейтуде еуропалық елдерге назар аударды. Бұл саясат шеңберінде Белград қайта алынды жəне Родос аралы тұтқындалды. Көмек сұрап елшілік жіберген Франциякоролі ІФрансуанықұтқарумақсатында Чарльз Куинтқа қарсы əскери жорықтар шөлде де, көлде де тоқтатылды.

Венгрияға жорықтары мен Мохач шайқасы, Будинді басып алуы, Алманияға жорығы, Венаны қамауда ұстауы бұның барлығы сұлтан Сүлейманның саясаты еді. Дегенмен де Сүлейман саясатында шығыс та ұмытылмады. Иранға жəне Бағдадқа, Қызыл теңізден Үндістанға дейін əскери жорықтар жүргізілді.

Ғылыми жұмыстың бағытын толықтай ашу мақсатында сол дəуірдегі кейбiр тарихи саяси-əскери оқиғаларға тоқталайық.

Бiр күнi уəзiр Мехмет Паша өз сұлтанына былай  деп айтыпты:  «Менiң   патшам, Еуропа қақпасы – Белград;  Жерорта  теңiзінің кiлті – Родос». Уəзiрі өз сөзiн айтып болғанша, Сүлейман аталмыш жерлердi басып алуға шешім қабылдайды. 1521 жылы Белград, содан соң 1522 жылы Сенжан серiлерінен Родос аралы жаулап алынды [23, 22 б.].

Родос Жерорта теңiзінде түрiк үстемдiгiн анықтауда басты бөгет болды. 1480 жылы Кіші Азия жағалауында түріктер бұл аралға ие болуға талпыныс жасаған болатын, бірақ ол кезде қайта шегінуге тура келген еді.

І Сүлейман таққа отырған беттен  жаулап алу жорықтарына жəне Осман империясының аймақтарын кеңейту іс-шараларына көшті.

Родос бекiнiсiнің екiншi қоршауы 1522 жылы басталды. І Сүлейман аралға жақсы дайындалған əскерлерiн жiбердi, ал қаланы теңiзден флотымен қоршады.

Вилье де Лиль Адамның бастауымен иоанниттер бес айға дейiн төтеп тұра алды. Кенеттен, иоанниттер туын төмен түсіруге мəжбүр болды. Олардың мұндай шешіміне аралдан аман-есен қалуларына мүмкіншілік берген сұлтанның мəмілегерлік өнерді жетік меңгеріп, келіссөздерді тиімді жүргізгені ықпал етті.

Сонымен,жоғары да айтылғандай, І Сүлейман өз империясының аумағын тек Шығыс бағытта ғана емес, сонымен бірге Еуропа аймағына да қарай кеңейтуге ұмтылды. 1521 жылы Белград қаласын  жаулап  алып, түрiк əскері 1526-1543 жылдар аралығында Венгрияға қарсы бес жорық ұйымдастырды. 1526 жылы Мохача шайқасындағы жеңістен кейін, 1529 жылы түріктер Вена маңайында жеңілістерге ұшырады. Бұл бiрақ оңтүстiк Венгрияны түрiк үстемдiгiнен босатпады. Жақын арада Орталық Венгрия да түрік əскерімен жаулап алынды. 1543 жылы түрік əскерімен жаулап алынған Венгрияның бөлiгi 12 облысқа бөлiнiп, сұлтанның орынбасарларының басқаруларына тапсырылды.

XVI ғасырда Осман империясының əскери iсі жəне мемлекеттiк, əкімшілік құрылымы Сүлейман қабылдаған заңдар  жинағында көрініс тапты. Сұлтан өз құзыреті шеңберінде империяның əскери-қарулы күштерiнде ғана емес, сонымен қатар ішкі жəне сыртқы қызметінде негізгі, маңызды мəселелерді шешіп, басшылық еттi.

Еуропада ол Родос  аралын,  Венгрияны жəне Грекия, Австрия империясының көптеген бөліктерін жаулап алды. Австрияға қарсы жорығы Сүлейманды Венаға бірақ алып келді. Венецияға (1505 ж.) жəне Мысырға (1517 ж.) əскери  соққы  беруі  арқылы  Османдар Шығыс Жерорта теңiзiнде бақылау қызметіне ие болды. Испанияның теңiздегі үстемдігiн тоқтату мақсатында 1522 жылы Сүлейман иоанниттер орденiнен Родос аралын жаулап алған болатын. Содан кейін Солтүстік Африкадағы Алжир мен Триполи жер иеліктерін жаулап алуға кірісті. 1538 жылы венециялық жəне габсбургтiк бiрiккен флот батыс Грекия жағалауындағы шайқаста османдардан соққыға жығылғаннан кейін османдықтар Жерорта теңiзiнде гегемонияны орнатты. Жерортадан Қызыл теңізге дейінгі жəне парсы шығанағындағы араб жерлерін османдардың жаулап алулары, Жерорта теңізіндегі əскери үстемдігі Сүлейманды Қытай жəне Үндістаннан Еуропаға баратын ескi таяушығыс сауда жолында бас қорғаушы етті. Сүлейман Қызыл теңiз бен парсы шығанағындағы негiзгi порттарды алып, Үндi мұхитына əскери флотын жіберді. Бұл жаулап алу шаралары Осман империясының аумағын батыс жəне шығыс бағытында кеңейттi, сондықтан Сүлейманның басқаруы оның алдыңғы түрік сұлтандарының жетістіктерін бекітіп қалу кезеңі секілді көрiнедi. Сүлейман қоғам өмiрiнің жəне мемлекет басқаруының барлық тұрғыларын қамтитын заңдар топтамасын шығарды.

Сонымен, сұлтан І Сүлейманның басқаруында болған Осман империясы əлеуметтік-экономикалық, саяси-мəдени, əскери шапқыншылық дамуы жолында ең жоғары шыңына жеттi. Империя Еуропа аумағында Венаға дейін, ал Азия бөлігінде Үндістанға дейiнгі жер иеліктеріне созылды, Мароккодан басқа бүкіл Солтүстiк Африкаға жайылып, орналасты. Басқа сөзбен айтқанда, бұл империя сол дəуірдегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды жəне халықаралық саясат мəселесін шешуде орасан зор рөл атқаратын əлемдегі супердержава болып саналды.

Сұлтан   Сүлейман  шығыс  бағытында сəтті жорықтарды əзірлеп (Иракейнге (15341535 жж.), Табриз (1548-1549 жж.) жəне Нахичеван (1533-1555 жж.)), басқарды. Олардың нəтижесінде Араб жəне Ирак, Əзірбайжан, Тебриз, Бағдад, Шығыс Анатолия қалалары басып алынды.

Шығысқа османдық өктемдiк жүргiзуiн Сүлейман Ирандағы Сефевидтер мемлекетiне қарсы  бағыттады.  Жауап  ретінде  Сефевидтер  Шығыс  Анатолияның  түрiк тайпаларының арасында таратылған діни ілімдерді қолдай бастады, сонымен бiрге  Осман  империясының қарсыластары Еуропадағы Габсбургтермен жəне шығыс теңiзiндегi португалдықтармен саяси-мəмілегерлік жəне əскери қарымқатынастар орнатты. Тек 1533 жылы Австрияен бейбiт келiсiмшарт орнатқаннан кейін, Сүлейман Сефевидтерге қарсы үш бірдей жорық ұйымдастырып (1534–1535, 1547–1548 жəне 1554) шығысқа назар аударды. Сүлейман Иракты, Күрдiстан жəне Батыс Арменияның көптеген бөліктерін жаулап алды, бiрақ оған сефевидтермен шешушi шайқас бұйырмапты. Оның үстіне Сүлейман ұлдарының арасында таққа таласуы басталды. 1555 жылы Сүлейман Иранмен бітім келісімшартқа қол қойды. Ол келісімшарт бойынша оның барлық иеліктері заңдастырылғанымен өкінішке орай, ол Шығыс Арменияны жəне Əзiрбайжанды қосып алу жоспарын жүзеге асыра алмады.

Сүлейманның басты одақтасы өзінің батыстағы қарсыласы габсбургтердің қолын байлау үшін, османдардың күш-жігерін шығыста қолдануға ниеттенген Франция королі І  Франциск еді. Нəтижесінде, 1536 жылы атақты капитуляция жарыққа шықты. Ол бойынша Сүлейман француздарға сауда артықшылықтарын берді. Бұған сəйкес, Франция Осман империясының батыстағы  басты сауда əрiптесi болды. Капитуляцияның негізінде француз көпестері, тіпті, Осман империясындағы француздықтар ерекше артықшылықты шарттарға ие болды. Олар империяның барлық иелiктерiнде еркiн сауда-саттық жүргізу құқығын алды. Сондайақ, Франциямен одақтық жəне сауда-саттық келiсiмшарттар Габсбургтерге қарсы күресте Осман империясының ұстанымдарын күшейттi. Осман империясының геосаясат жағдайы сол дəуірдегі еуропалық саяси құрылымына ықпал етті жəне оның ажырамас бөлiгi болды. Назар аударатын бір жайт, сұлтанның шапқыншылығы заманында түрік үкіметі бейбіт келісімге келу туралы ұсынысты қарсыластарының бірінші болып жасауын қатаң қадағалады. Мұндай жоспарлар  түркі басшыларына байланысты болды, себебі  олардың саяси-мəмілегерлік бағыты еуропа тарихына ықпал етті. Мəселен, Сүлейманмен одақ құруға ниеті бар екендігін көрсеткен поляк Я. Запольяи Стамбулға елшiлік жiбергені  тарих  сахнасынан  айғақ. Екі  жақты келісімнің нəтижесінде сұлтан Сүлейман Я. Запольяиға «хан» лауазымын беріп қана қоймай, оған түркі əскері жаулап алған жерлерді беріп,  оған  Фердинандтан жəне оның басқа да жауларынан қорғауға уəде береді. Саясимəмілегерлік келіссөздер жүргізу барысында шартқа қол қойылды. Шартқа  сəйкес, Запольяи сұлтанға жыл сайын алым-салық төлеуге, əрбiр 10 жылда Венгрия халқының бір бөлігін сұлтанға қызмет етуге беруге жəне мəңгілікке аумағы арқылы түрiк қарулы күштеріне еркiн өту құқығын беру міндеттемелерін өз жауапкершiлiгiне алды. Бұл Я. Запольяиды сұлтан вассалына, ал Венгрияның жарты бөлiгiн Түркия протекторатындағы хандыққа айналуына алып келді. Жерорта теңiзi сол дəуірдегі Осман саясатындағы маңызды орын алатын. Шайқастың негiзгi объектілері де осы Венгрия жəне Жерорта теңiзi болатын.

Сүлейман жастайынан мемлекеттiк iстердi шешуде қызығушылық танытты. І Сүлейман қызметiнiң басты бағыттарының бiрi – Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа жəне Жерорта теңiз жағалауындағы елді мекендерді бағындыру мақсаты болды. Оның даңқы тағы ұлы флотты əзірлегенімен де шықты. Түрiк кемелерi XVI ғ. Үндістанның жағалауына дейін жетіп, барлық мұхиттар мен теңiздерде жүздi.

Сонымен, І Сүлейманның басшылық жүргізген заманында түрік-османдар Орталық Еуропаға баса көктеп кiрдi. Оның алғашқы жеңiстерiнiң бiрi – Белград қаласын басып алуы. Одан кейiн түрiк əскерлер Мохача шайқасында (1526 ж.) чех-венгрия əскерлерiн қиратып, Венгрияға  қарай  туын   көтеріп,   қозғалды. Бұл жеңiстен кейiн түрiк əскерi елдiң ойран талқанын шығарып, Венгрия Австрия мен Осман империяларының арасында бөлінді.

Демек, Осман империясы аймақтық кеңейтулерiн XVI ғ. І Селим (1512-1520 жж. басқарған) жəне І Сүлейман (1520-1566 жж. басқарған) кезіндерде қол жеткiзді.

Өмірінің  нағыз  шыңы 71 жасында, 13-ші жəне соңғы жеңісі болып Сүлейманның Зигетвар жанындағы шайқас болып есептелінеді.  Алмандық  императорының  салық төлеу  міндеттемесі бойынша берген уəдесін орындамағанын білген Сүлейман қайратсыздығына жəне кəриелігіне қарамастан жеке өзінің қатысуымен əскери жорыққа шығуды ұйғарады.

Денсаулығы нашар болса да, оның көңілі əскери жорықта болды.  1566  жылы  Венгрияда алмандықтарға тиесілі Зигетвар бекiнiсін қоршауға алуы басталды [18, 242 б.].

Осы жылы Венгриядағы бекiнiстiң қоршауы кезінде, тура əскери қақтығыстардың ортасында, өзінің Габсбургтерге  қарсы  соңғы  жорығында І Сүлейман қаза болды.

Сый-құрмет пен атақ-абыройға толы болған өмiрі осы жорықта сөнді. Сүлейман өмірінің ең соңғы сəтін зеңбiректердің атысы мен барабан əуендерінің арасында өткізіп аяқтады. Осман империясы осыдан кейiн құлдырады.

Зигетвар бекiнiсін жеңу керек еді, сондықтан падишахтың қазасы туралы ешкімге үн білдірілмеді.

Сонымен, қорытынды жасайтын болсақ, І Сүлейман кезінде Осман империясы күшті əскері мен  флотының  арқасында  əскери қуатты державаның бірі болып, көрші мемлекеттердің барлығымен бəсекелесе алды. Бұл дəуірде əлемдегі мемлекеттердің қарымқатынасындағы бірде-бір маңызды мəселе Осман империясының  қатысуынсыз шешілмеген. І Сүлейман басшылығында Осман мемлекетi Еуропа саясатының белсендi элементi ретiнде болды. Осы кезеңді суреттегенде Осман империясы Анатолия-Балкан түбегіндегі мемлекет мəртебесінен дүниежүзілiк мемлекет деңгейiне дейін көтерілгенін күмəнсіз айтуға болады.

Осман империясы өзінің қуатты дамуы XVI ғасырдың ортасында І Сүлейманның басқаруы кезінде орын алды.  Империяны  гүлдендіріп, сол дəуірдегі  қуатты,  ірі  державаны басқарған І Сүлейманды «Құдіретті» («Великолепный») деген есіммен Еуропа халқының есінде қалса, түрік тарихшылар, мемлекеттік заңдар жинағын шығаруда белсенді қызмет еткенін бағалап, оны «Заң шығарушы» («Законодателем») дейді.

Осман империясының гүлденуі І Сүлейманның (1520-1566 жж.) басқару жылдары болып саналады. Ол Осман империясын басқарған түрік сұлтандарының ішінде ең қуатты билік жүргізген, даңқы көкке шыққан, есімі ел есінде болған əйгілісі болды.

Жалпы алғанда, І Сүлейманның басқаруы кезеңінде: Будапешттен Дунайдағы Асуанаға дейінгі Ниль аумағы, Ефрат жəне Тигрден, Бағдад жəне Грузиядан Гибралтар бұғазына дейінгі жер иеліктер Осман империясының саяси шекарасының құрамында болды.

Еуропа елдеріне шабуыл жасау кезінде І Сүлейман сұлтан өзін дарынды, кемеңгер қолбасшы екендігін көрсете білді. Оған əскери тəжірибені бірінші атасы, содан кейін əкесі үйреткен болатын.

Conclusions. (Қорытынды). Сонымен, мемлекет қайраткері ретінде атқарған қызметтерін салыстыру негізінде ой елегінен өткізіп, аталмыш екі тұлғаның мемлекеттік қайраткерлік қызметіне түйін жасасақ.

Бірінші, Сүлейманның жаулап алу саясатына түйін жасасақ, бұл дəуірді – Осман империясының «алтын ғасыры» деуге болды. Сүлейман қолбасшы – бабалары мұра еткен империяны сақтап қана қоймай, əскери, саясимəмілегерлік іс-əрекеттерді белсенді қолданып патшалығының аумағын кеңейткен дана тұлға; Сүлейман – заң шығарушы, империяның басқару құрылымын жетілдіріп, дамытқан біртуар азамат; Сүлейман – Мемлекет қайраткері, өз елін дүниежүзілік ірі держава мəртебесіне ие етті.

Сүлейман Осман əулетінен шыққан ең атақты, əйгілі сұлтаны болып есептелінедi. Оның басшылығымен Осман империясы өзінің аумағына Белград пен Сербия, Венгрияның бөлігі (1526 жылғы Мохачтың жанындағы шайқастан кейiн), Родос аралы, Таяу Шығыста жəне Марокко шекарасына дейін Солтүстік Африканың біршама жерлерін өз құрамына қосып, əлеуметтік-экономикалық, саяси-мəмілегерлік жоспарларында белсенді дамыған.

І Сүлейманның жаулап алған  жерлері Осман империясын шығыс жəне батыс жағынан толықтырды, сондықтан Сүлейманның басқаруы алдыңғы сұлтандардың жаулап алған жерлерін орнықтыру кезеңі сияқты көрiнедi. Сонымен қоса Сүлейман мемлекет басқаруының барлық тұрғыларын қамтитын заңдар топтамасын шығарды.

Əбілқайырдың мемлекет қайраткері ретіндегі  қол  жеткізген  ең  жоғары  лауазымы – біріккен қазақ жүздерінің жасағының бас қолбасшысы болып сайлануы еді. 1726 жылы Түркістан қаласы маңындағы Ордабасы биігінде үш жүз өкілдерінен жиналған халық жасағы қайта құрылды. Əскери өнерімен даңқы шыққан Əбілқайыр бүкіл қазақ халық жасағының бас қолбасшысы болып сайланды. Əбілқайыр ханның басқаруымен 1727 жылы Бұланты өзеннің бойында (бұл жер – "Қалмақ қырылған" деп аталады), 1729 жылы Балқаш өзеннің оңтүстігінде орналасқан Аңырақай жерінде жоңғарлармен ірі шайқастар болды. Бұлар қазақ жасағының бас қолбасшылық қызметін атқарған Əбілқайыр ханның үлкен əскери жеңістерінің көрінісі.

Əбілқайыр хан – шет ел мемлекеттерімен ерекше батыл да тың, аса көрнекті жəне нəтижелі халықаралық келіссөздер жүргізіп, қарым-қатынас орната білген өз заманының дипломатиялық өнерін жете меңгерген жəне оны белсеңді қолдана білген мемлекет қайраткері. Оның башқұрттармен, жоңғарлармен, Еділ қалмақтарымен,Жайық орыс-казактарымен, қарақалпақтармен, Ресей империясымен жүргізген келіссөздері жəне осы халықтардың ресми органдарымен орнатқан қарымқатынастары Əбілқайырдың дипломат ретіндегі іс-əрекеттерінің өз заманының талабына сай болғандығын дəлелдейді.

Қорыта келгенде, айта кету керек қысқа да нұсқа берілген мəліметтер, əрине, Əбілқайыр ханның жəне Сүлейман сұлтанның билік жүргізген барлық кезеңдеріне толық талдау бермейді. Сонда да болса, өз заманының ұлы тұлғаларының бейнесіне, мемлекет қайраткері ретіндегі қызметіне ғылыми сомдауға, суреттеуге талпыныс жасалынды.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.Ə. Тарих тағылымдары жəне қазіргі заман. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 128 б.
  2. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир полководец, правитель и политик. – Алматы: Санат, 1999. – 336 с.
  3. Əбдiров М. Қазақтар мен қазақтар // Ақиқат. – 1994. – № – 46-50 бб.
  4. Озғанбай Ө. Ресей Думасы жəне Қазақстан (1905-1907 жж.). –Алматы: ІР Парламентiнiң баспаханасы, 1997. – 460 б.
  5. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках: сборник документов и материалов. – Алма-Ата: АНКазССР, 1961. – 739 с.
  6. Басин В.Я. Казахстан в системе внешней политики России в первой половине XVIII века. – Алма-Ата: Наука Каз ССР, 1969. – 203 с.
  7. Абен Е., Арын Е. Первые лица государства: Политические портреты. – Алматы: Бiлiм, – 365 с.
  8. Аманжолов К., Тасболатов А. Қазақстанның əскери тарихы. – Алматы: Бiлiм, 1999. – 320 б.
  9. Қазақ ССР тарихы. – Алматы: Ғылым, 1982. – Т.III. – 560 б.
  10. Қасымбаев Ж. Аңырақай шайқасының ақиқаты // Егемен Қазақстан. – 1999. – 8 шiлде.
  11. Кэстль Джон. 1736 жылы Кiшi жүз ханы Əбiлқайырға барып қайтқан сапар туралы. Немiс тiлiнен аударған Төреханов Ə. Алғы сөзi мен ғылыми түсiнiктемелерiн жазған Есмағамбетұлы К. – Алматы: Атамұра, 1996. – 96 б.
  12. Артықбаев Ж. Елшiлiктер шежiресiнен // Қазақ тарихы. – 1997. – № 1,6; 1998. – №
  13. Омари Ж. Бұқар жырау. Он екi тарих. – Қарағанды: Полиграфия, 1994. – 333 б.
  14. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII и XVIII вв. – Алма-Ата: Казахстан, 1991. – 237 с.
  15. Мұқаметқанұлы Н. Тарихи зерттеулер. – Алматы: Жалын, 1994. – 144 б.
  16. Алан Боджер. Қазақ халқын орысқа бодан еткен хан Əбiлқайыр туралы ағылшын тарихшысының пайымдамасы // Ақиқат. – 1992. – № – 27-31 бб.
  17. Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах XVIII века. – Алма-Ата: АНКазССР, 1948. – 253 с.
  18. К. Маркс Хронологические выписки II, «Архив Маркса и Энгельса», т. VI. – 189 с.
  19. Л. Гарольд Сулейман Великолепный. Величайший султан османской империи 1520-1566. – М.: ЗАО Центрполиграф, 2012. – 387 с.
  20. Р.Мантран Повседневная жизнь Стамбула в эпоху Сулеймана Великолепного. – М.: Молодая гвардия, 2007. – 367 с.
  21. Қаратаев Т. Əбiлқайыртанудың кейбiр «ақтаңдақ» беттерi // Қазақ əдебиетi. – 1998. – 11желтоқсан.
  22. Попков В.А., Коржуев А.В. Теория и практика высшего профессионального образования. – М.: Академический Проект, 2004. – 432 с.
  23. Л. Гарольд Сулейман. Султан Востока. – М.: ЗАО Центрполиграф, 2002. – 378 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.