Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Этникалық көші-қонды құқықтық реттеудің өзекті мəселелері

Қазақстан Республикасытəуелсіздікалғаннан кейін тағдырдың тəлкегінен дүниеде тарыдай шашылған ағайын өзінің ата-жұртына қайта бастады. Қазіргі таңда 1991 жылдан 2011 жылға дейін барлық көшіп келушілердің ішінде репатриация негізінде келген оралмандардың саны 800  000-нан  астам  болды.  Халықтың  дəл осы санатына арналған мемлекет тарапынан қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданған.

Континенталдық романо-германдық жүйеге жататын Қазақстандағы көші-қон саласындағы құқықтың қайнар көздері – маңызды мəселе. Əдебиетте құқықтың қайнар көздері мен құқық нысаны ұғымдарының арақатынасына екі негізгі көзқарас қалыптасқан. Оның біріншісіне сəйкес екі ұғым бір мағынада түсініледі, ал екіншісіне сəйкес құқықтың қайнар көздері – құқық нысанына қарағанда кең ұғым. Қайнар көзді кез келген бастау ретінде қарастыратын болсақ, онда құқықтың қайнар көзі деп материалдық мағынадағы қайнар көз (қоғам өмірінің материалдық жағдайлары,  меншік  нысандары, адамдардың қажеттіліктері жəне т.б.), идеологиялық мағынадағы қайнар көз (əртүрлі құқықтық ілімдер, құқықтық сана жəне т.б.); формальды-заңи мағынадағы қайнар көз – құқық нысаны деген сөз [1, 152].

А.В. Мальконың  пікірінше,  құқық  нысаны деген мемлекеттің еркін, тəртіптің заңи ережелерін сыртқа көрсетудің тəсілі [1, 152]. А.Б. Венгеровтың пікірінше, құқықтың нысаны деп құқық мазмұнының мемлекеттік органдардың белгілі бір актілерінде, соттардың шешімдерінде, шарттарда, əдептерде жəне өзге де қайнар көздерде объективті бекітілуі мен көрінуі [2, 206]. А.С. Ибраеваның пікірінше, нысан деп құбылыстың ішкі мəнін көрсететін сыртқы көрінісі түсініледі. Ал құқықтың қайнар көзі – құқықтық норманы объективтілеудің сыртқы нысаны [3, 86].

Көші-қон саласындағы құқықтың негізгі қайнар  көзі  нормативтік-құқықтық  акт  болып табылады. С.С. Алексеевтің пікірінше, нормативтік-құқықты акті деген мемлекеттің құзырлы органдары шығарған жəне жалпыға міндетті заңи нормалары бар (тəртіп ережелері) ресми құжат [4, 245]. Ал қазақстандық заңнамада берілген анықтама сəйкес нормативтiк-құқықтық акт – референдумда қабылданған не уəкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат [5].

Нормативтік-құқықтық актілердің заң күші бойынша сатысында Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғары заң  күшi бар. Оның кіріспесінде Қазақстан халқы байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құрып отырғандығын жария етіп, оған қоса еркiн жүрiп-тұруға жəне тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқықты бекітіп [6], бүкіл əлемге тағдырдың тəлкегінен тарыдай шашылған қазақтың оралуына мүмкіндікті ең жоғары деңгейде бекітті.

Шетелде жүрген қазақтарға  еліне оралу мүмкіндігі  құқықтық  тұрғыдан  алғашқы рет  «Қазақстан Республикасы мемлекетінің тəуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында берілген еді. Онда «Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершiлiкке жат өзге де саяси шаралар нəтижесінде Республика территориясынан кетуге мəжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар территориясында тұратын қазақтардың өз территориясына қайтып оралуы үшiн жағдай жасайды» деп жазылған еді [7]. Осыдан кейін көші-қонды реттейтін көптеген нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, қазіргі таңда             елімізге оралған  этникалық қазақтардың саны бір миллионға жуық болды.

Құқықтық реттеу тұрғысынан қабылданған актілердің  тиімділігі  мен  кемшіліктері  жайлы талдау өте қызықты болғанымен, осы мақалада оралған ағайындардың əлеуметтікэкономикалық құқықтарын жүзеге асыру саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді  жетілдіруге қатысты ғылымитəжірибелік талдау қарастырылады.

Осыған сəйкес көші-қон саласын тікелей реттеуге қабылданған жəне онда көзделген құқықтарды жүзеге асыру тетіктері бар өзге де актілерде жұмыспен қамту жəне кəсіпкерлікпен айналысу үшін заңнамада оралмандарға жеңілдіктер көзделген. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 «Халықтың көшi-қоны туралы» Заңының 29-3 бабына сəйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы оралмандарды жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда жəне жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетудi қамтамасыз етедi. Оған қоса оралмандарға жəне олардың отбасыларының мүшелерiне жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру жəне саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сəйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп   келушiлер   жер   қорынан,   арнаулы жер қорынан жəне жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады [8].

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексiнің 457-бабына сəйкес дара кəсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде, жылжымайтын мүлiкке жəне онымен жасалатын мəмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде, жылжымалы мүлiк кепiлiн, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу кезiнде, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар) алымдарды төлеуден босатылады [9].

Сонымен бірге қабылданған нормативтікқұқықтық актілерді тəжірибеде толық жүзеге асыру үшін əлі де біршама көңіл бөлу керек. Өйткені бұл жерде Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген əлеуметтік  мемлекет   ретінде   жұмысқа  орналастыру, жұмыссыздықты жою сияқты əлеуметтік мəселелерді шешу ғана емес, үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, кейбір азық-түлік түрлері бойынша импорт 80-90% болып тұрған кезде агроөнеркəсіптік кешенді дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға оралмандардың үлес қосуына жағдай жасау маңызды мəселені білдіреді. Көшіп келушілер арасында өзін-өзі, отбасын жəне тұрғылықты мекенін тиімді еңбек жəне оның өнімімен қамтуға ниеті бар  адамдар аз емес. Көшіп келушілердің Қазақстан экономикасына қосып жатқан үлесі жəне жалпы ішкі өнімдегі алатын үлесі жайлы ақпарат табу өте қиын немесе ондай статистика мүлдем жүргізілмейді.

Жалпы, құқықтық реттеуді жетілдіру құқықшығармашылықты жетілдіру, құқықты қолдануды жетілдіру жəне құқықтық мəдениет деңгейін жоғарылату бағытында жүргізіледі. Құқықтық реттеудің тиімділігі қол жеткізген нəтиже мен алдында тұрған мақсаттың арақатынасы арқылы анықталады. Құқықтық реттеудің нəтижесінде құқықбұзушылықтардың алдын алу мен оларды болдырмау деңгейі жоғарылау керек. Бірақ тəжірибе көрсеткендей көші-қон саласында қабылданған кейбір нормативтік-құқықтық актілердің нəтижесінде құқықбұзушылықтар саны керісінше жоғарылап отырды.

Бұл  ретте  1991  жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына Қазақстан  Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 478-IV Заңымен толықтырулар енгізілгеннен кейін Қытайдан Қазақстанға қоныстануға келген этникалық қазақтар Қытай азаматтығынан шығу туралы анықтамасын алу мүмкіндігі болмағандықтан Қазақстан   Республикасының    азаматтығын ала алмады [10]. Бұл қателік тек «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының   2012 жылғы 27 сəуірдегі №15-V Заңымен ғана түзетілді [11]. Осы жарты жылдан астам уақыт ішінде жүздеген адам заңды қабылдаған кезде жіберілген қателік кеселінен талай қиындықтарға ұшырады. Осы жағдайдың теріс əсері ол бүкіл мемлекеттің беделіне нұқсан келтірді.

Екінші мысал ретінде «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 Кодексіне Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №478-IV Заңымен түзетулер енгізілді [12]. Оларға сəйкес нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сəйкес келмеуі үшін алғашында он тəулiкке дейiнгі мерзімге əкiмшiлiк қамауға алуға əкеп соқса, кейінірек Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 сəуірдегі № 15-V Заңына сəйкес қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу жазасымен толықтырылды [11].

Бірақ нақты өмірде тарихи Отанына  келген көптеген этникалық қазақтар тіркеу кезінде көрсеткен мекенжайда белгілі бір себептермен (алғашқы келген кезде тұрғын үй сатып алу мүмкіндігінің жоқ болуы, мемлекет ұсынатын бірегей тіркеуге отырғызатын орталықтардың жетіспеушілігі) тұрмайды.  Бұл  жағдай оларды əкімшілік жауаптылыққа тартылуына негіз болады. Сондықтан жоғарыдағы екі мысал көрсеткендей заң шығарушының  көші-қонды бір ретке келтіру игі мақсатын басшылыққа алғанымен қандай да бір құқық нормасын қабылдаған кезде нақты жағдайды терең зерттеп, бұл құқық нормасы өмірде қаншалықты   тиімді болады, этникалық қазақтарды тарихи Отанына тарту арқылы елдің əлеуметтік-экономикалық, демографиялық ахуалын жақсарту сияқты түпкілікті мақсатқа жетуде кедергі келтірмейтініне əбден көз жеткізу керек. Яғни көшіқон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуде тек тыйым салу тəсілдерін ғана емес, рұқсат беру, міндеттеу, көтермелеу, ұсыныс тəсілдерін де қолдану керек.

Сонымен қатар осы мақалада оралмандардың Қазақстандағы экономикалық қатынастарға кірігу кезінде кездесетін кейбір өзекті мəселелерді құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру бойынша шешу жолдары ұсынылады.

  1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңының 7-бабына оралмандар үшін жұмыс орындарына 1-3% квота белгілеу бойынша өзгеріс енгізу, өйткені жұмысқа орналасу үшін шет елде оқу орындарын бітіріп келген мамандар Қазақстанға келгенде, өз саласы бойынша жұмысқа орналасуы өзекті мəселе.
  2. Оралмандар бір  кезде  шекараны өткен уақытта өздерінің көлік құралдарын Қазақстанға көбінесе кеден органдарының бей жай қарауынан ешқандай тіркеусіз енгізген техниканы кеден төлемдерін кешіктіріп төлеу арқылы кеден заңнамасында заңдастырудың икемді жүйесін құру. Өйткені  қазіргі  уақытта ол техниканы уəкілетті органдарда тіркей алмау себебінен көптеген техника экономикалық айналымға қосылмай ауыл шаруашылығының дамуына үлес қоспай бос тұр. Осы арқылы жол полициясы органдарының тіркелмеген көлік құралдарының иелеріне алдын-ала əкімшілік жазалауға бағытталған айыппұл салу тəжірибесі жойылады.
  3. Өңірлердегі мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жəне заңнаманы бұза отырып пайдаланып отырған жер қорын анықтау жəне тиімді игеруге ниеті бар ағайындарға бөліп беру рəсімдерінің ашық болуы мен қолжетімділік деңгейін арттыру.

Бір жылға көшіп келу квотасы ҚР Президентінің  Жарлығымен   20000   отбасы деп белгіленгенімен олар жер  учаскелерін алуға тиісті ерік білдірген кезде қаншасы қамтамасыз етілетіні ашық сұрақ. Оның үстіне ҚР Президентінің тапсырмасымен 2012 жылы жүргізілген ауылшаруашылық жерлерін тексеру  кезінде  пайдаланылмаған  немесе   заңсыз пайдаланылған  1 миллионнан   астам   гектар жер учаскелерін сот арқылы мемлекетке қайтарғаннан кейін оларды ашық түрде қайтадан үлестіріп беру мəселесі туындайды.

Оралмандардың көпшілігі мал жəне егін шаруашылығымен  айналысқандықтан,  жер беру жəне өзін-өзі тұрақты экономикалық өсу мен əлеуметтiк нəтиженi қамтамасыз ететiн жұмыспен айналысу мəселесі алдыңғы қатарға шығады. Бұл ретте жер басқармаларының веб сайттарда жер ресурстарының электронды картасын орналастыру керек. Онда жалпы жер қорының көлемі, жерлердің түрлер бойынша жіктелуі,  бос  жерлердің  көлемі   мен орналасу мекені, оларды алудың тəртібі мен беруге жауапты мемлекеттік органдардың байланыс мəліметтері туралы ақпаратты орналастыру.

Оған қоса облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оралмандарға тауарлы ауылшаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берілетін жер учаскелерi, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы, арнайы жер қорының,иммиграциялықжерқорының,босалқы жерлердің көлемі мен орналасқан мекені, оның ішінде  берілгені  жəне  бос  тұрғандары туралы толық ақпарат жариялау жəне оны үнемі жаңартып отырып халыққа жеткізу.

Мұның барлығы азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 18 жəне 20-баптардағы  ақпараттың  ашықтығы мен оны алу мүмкіндігі бойынша бекітілген қағидалардың жүзеге асырылуының айқын көрінісі болар еді [6]. Оған қоса Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20   маусымдағы

№442 Жер кодексінің 4-бабында көрсетілген құқықтық реттеуде жерді ұтымды пайдалану жəне жердiң жай-күйi мен оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету деп қойған қағида-мақсаттарға жетуіне мүмкіндік ашылады [13].

  1. Өңірлердегі жер қорын уақыт өте келе туындап отыратын жергілікті қажеттіліктерге сəйкес ауылшаруашылық алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру мүмкіндігін қарастыру жəне осыған сəйкес тиісті рəсімдерді аудан көлемінде жеңілдету жəне жеделдету.
  2. Этникалық репатриация саласындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстың құқықтық негіздерін жетілдіру.

«Мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс туралы»  Қазақстан  Республикасының  2005 жылғы 12 сəуірдегі №36 Заңының 5-бабындағы мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты іске асыру салаларының біріне жатқызылған демография проблемаларын шешу бағытына этникалық репатриация мəселелерін қосу. Өйткені қоғамдық қатынастарға əсер етуде құқықтық реттеу тетігінің маңызды элементі құқық  нормасының рөлі өте зор. Өйткені құқық нормасын қабылдағаннан кейін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер пайда болады, оларды кейін құқық субъектілері жүзеге асырады. 1998 жылғы

16 қыркүйектегі №900 «Этникалық қазақтардың тарихи  Отанына  оралуы  тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысында    көшіру   шараларын тиімді қаржыландыру қазақтардың қайтып оралуы кезіндегі басты міндет деп көрсетілгенімен орталық атқарушы жəне жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілерінде көрініс таппай жатады [14]. Осының салдарынан үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың көптеген аудандардың бюджетінде жоқ болуы жəне облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік əлеуметтік тапсырыста оралмандарды бейімдеу жəне кіріктіру мəселелерін шешуге бағытталған лоттар жиі кездеспейді.

Сондықтан тек ішкі саясат  бөлімдерінің ғана емес, мəдениет,  тіл  саясаты  жəне  басқа да құрылымдық бөлімшелердің бюджетінде үкіметтік емес ұйымдарына облыстық, қалалық, аудандық деңгейде оралмандардың жəне оралмандар тұратын жерлердегі қауымдастықтардың əлеуметтік мəселелерін шешуге арналатын лоттарды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру керек. Оның үстіне мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстағы əрекеттегі лоттарды инфрақұрылымды құру немесе қолдау, жобаның тұрақтылығы, аймақтың дамуына əсер ететін жобаларды қолдауға мүмкіндігін қарастыру қажет.

Ауылдық жерде халықтың 50%-ы өмір сүретіндігі жəне аудандық бюджеттердің мүмкіндігі шектеулі екендігін ескере отырып, мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың 50% ауылдық жерлерінің əлеуметтік мəселелерін шешуге бағыттау нормативтік актілерде белгіленуі тиіс.

Этникалық репатриацияны құқықтық реттеудің тағы бір бағыты ретінде ақпараттықнасихаттық  жұмысты  таңдау  керек. Құқықтық мəдениеттің жоғары деңгейі болуы құқықтық реттеудің мақсаттарына жетуге неғұрлым жеңіл жағдай жасайды. Ал құқықтық мəдениетті жоғарылатуда құқықтық ағарту мен құқықтық оқытудың маңызы өте зор. Сондықтан мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс арқылы құқықтық ағартудың міндеттерін шешу керек. Олардың қатарына этникалық репатриация бойынша қабылданған көптеген нормативтік-құқықтық актілердегі тетіктер мен рəсімдер, оралмандарға елдегі  жасалған  мүмкіндіктер жайлы сипаттайтын ақпаратты тарату Қазақстанға келген    кезде    бейімделу    мен    ықпалдасуда едəуір жеңілдеп, жасалып жатқан құқықбұзушылықтардың  саны  азаяр  еді.   Осы   ретте дипломатиялық өкілдіктерге қоса мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс арқылы қоғамдық ұйымдар арқылы шетелдегі қазақ диаспорасымен əлеуметтік, мəдени, ғылыми, экономикалық, шығармашылық, білімдік жəне ақпараттық бағыттарда жұмыс жүргізуге болар еді.

Осы жұмысты күшейту бағытында құқыққолдану тəжірибесінде болған оң мысалдарды да пайдалануға болады. Бұл жерде 1998 жылғы 28 шілдедегі №145 «Қоныс аудару шараларын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің өкімін келтіруге болады. Онда қоныс аудару шараларын ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушілер тағайындалды [15]. Осындай тəжірибені жаңғырту қоныс аудару кезінде туындайтын сұрақтардың тиімді шешілуіне жəне шетелдегі паспорттық-визалық қызмет, шекара, кеден органдарымен ведомствоаралық əрекеттесуді жақсартуға жəрдемдеседі, оған қоса шетелдегі қазақ диаспорасының қазақстандық қоғамда қажет құқықтық санасының қалыптасуы мен дамуына тікелей əсер етеді.

Ақпаратты тарату барысында қазіргі заманғы тəсілдердің барлық мүмкіндіктерін толық пайдалану керек. Уəкілетті мемлекеттік органдардың веб сайттарының этникалық көшіқон бойынша нормативтік-құқықтық ақпаратпен жабдықталуын зерттеп қарайтын болсақ, ондағы ақпарат толық емес, ескірген, мүлдем жоқ немесе қазақ нұсқалары аз болып жатады.

Сондықтан «əзірленген заңдардың жобалары мүдделімемлекеттікоргандарғакелісугежіберіле отырып, бір мезгілде уəкілетті органның интернет-ресурсында   орналастырылады, оған қоса азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобалары уəкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады» деген «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 14-бабының 9-тармағында көрсетілген құқық нормасының орындалуына қатаң бақылау жүргізу керек жəне орындамаған жағдайда тиісті əсер ету шараларын көздеу керек [5]. Оның үстіне ҚР Сырты істер министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, Көші-қон комитетінің, Кедендік бақылау комитетінің веб сайттары этникалық репатриация, оралмандардың бейімделуі мен ықпалдасуына қатысты нормативтік-құқықтық актілермен жабдықталуы жайлы мониторинг жүргізілуі қажет.

Құқықтық мəдениет деңгейін жоғарылатуды тиісті ақпаратты веб сайттарда орналастырып, коммуникациялық құралдар арқылы таратумен шектелмей, уəкілетті мемлекеттік органдардың жергілікті қоғамдық ұйымдар мен тұрғылықты халықпен өзекті мəселелерді жоюға, түсіндіру жұмыстарына бағытталған бірлескен кездесулер арқылы өзара əрекеттесуді күшейту көптеген түсініспеушілік пен əлеуметтік наразылықты төмендетер еді. Бұл, əсіресе көші-қон мекемелері мен шекара арқылы өткен кезде кеден, шекара қызметтеріне қатысты.

Ақпараттық  қолжетімділігіне   қатысты тағы да айта кететін бір жайт, ол мемлекеттік органдардың кеңселеріндегі қоғамдық жерлерде орналастырылатын көрнекті ақпараттың мазмұнды жəне толыққанды болуы. Екі тілде ақпараттың тең болуы, оның үстіне нақты мысалдар, есептер, толтырылған үлгілер үлкен көлемде  жəне  келушілерге  қолжетімді   жерде орналастырылуы өте маңызды. Аталған шаралардың орындалуына əсер ету жəне сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін облыстық, республикалық  деңгейдегі  сенім  телефондары көрнекті жерде орналастырылуы бойынша уəкілетті органдарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының тəжірибесіне жүгінуге болады. Осы арқылы қордаланған мəселелерді шешудегі нақты нəтижелердің құқықтық нигилизмді жоюда рөлі өте зор.

Аталған шаралардың өзектілігі құқықтық реттеуде тек құқықшығармашылық пен құқықты қолдануды  жетілдіріп  қана  қоймай,  құқықтық мəдениеттің деңгейін жоғарылатуына да көп көңіл бөлу керектігін аңғартады.

  • Əртүрлі нормативтік-құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтарды жою жəне алдын алу.

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының   2011   жылғы   22  шілдедегі №477-IV Заңының  23-бабы  6-тармағында «Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандардың көшіп  келу  квотасына   енгізілген  оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде, көлік құралдарын қоспағанда, жеке мүлкіне кеден төлемдерін төлеуден босатылады» деп жазылған [16]. Ал «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу жəне оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 314-IV Заңы «Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сəйкес босқындар, мəжбүрлеп қоныс аударушылар, сондай-ақ кеден одағын мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (көшіп келуші) болып танылған жағдайда мына талаптарды бір мезгілде орындаумен бірге заңды  тұлғалар  əкелетін жеке пайдалануға арналған бұрын пайдалануда болған автомобиль жəне тіркеме: көрсетілген тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей бұған дейін тұрған елден кеден одағының кеден аумағына жеке пайдалану үшін əкелуі; заңды тұлғалардың осындай автомобиль жəне тіркеме кеден одағына мүше мемлекеттің заңдарына сəйкес босқындар, мəжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнге (көшіп келуге дейін) кемінде 6 ай бұрын сатып алуы» деген шарттарды сақтағанда өткізу мүмкіндігін белгілейді [17].

Сондықтан заң жобаларын əзірлеу, кейін оларды қабылдау кезінде кешенді талдау жасалынып, мəтіндерді нақты тұжырымдау кезінде заңи техниканы жетілдіруге көңіл аудару керек.

  • Заң актілері мен заңға тəуелді актілердің бір уақытта қабылдауына қол жеткізу.

Халықтың көші-қоны туралы Заң 1997 жылы қабылданғанына  қарамастан  тек 2007 жылы ғана оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу ережесі, оралмандарды бейімдеу жəне кіріктіру орталықтары – мемлекеттік мекемелерін құру туралы қаулы, оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу жəне кіріктіру орталығында уақытша болуы жəне оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесі, Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесі қабылданды.

Заңға тəуелді актілердің болмауы құқық қолдану тəжірибесінде көптеген қиындықтар туындатады. Оларға уəкілетті органдарға тəжірибелік қызметін жүзеге асыру үшін негізделетін құжат жоқтығы, мемлекеттік қызметтерді пайдаланушыларға оларды алудың тəртібі мен рəсімдері туралы хабарсыз болуын жатқызуға болады.

Сондықтан «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңның 14-бабының 8-тармағына заң жобаларын əзірлеуші-мемлекеттік органдардың міндетіне заңдар мен заңға тəуелді актілерді күшіне бірдей енгізу міндетін белгілеу туралы толықтыру қосу керек, өйткені қазіргі    нұсқада

«егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсінің, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк-құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк-құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын  іске  асыру үшiн бір деңгейдегі немесе төменгі деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерiстер жəне (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болса, онда нормативтік-құқықтық актiнiң негiзгi түрінің жобасымен бiр мезгiлде көрсетiлген өзгерiстерімен жəне толықтыруларымен бірге актiлердiң жобалары  дайындалуға  немесе  тиiстi  органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырмалар берiлуге тиiс» деп тек қана дайындау міндеті белгіленген [5].

  • Қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерде сілтемесіз нақты тетіктердің көрсетілуі жəне қаржы-экономикалық негіздерінің болуы.

Бұл орайда өзін-өзі жəне отбасын тиімді еңбекпен қамтуға ниеті бар оралмандарға қазіргі жағдайда көптеген қаржы институттары ұсынатын несие шарттарының берілетін мерзімі, жоғары пайызы жəне алатын мүлікке талаптары қолайсыз болып табылады. Сондықтан республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бюджет тарапынан жыл сайын мемлекеттік қаржы институттары арқылы оралмандарға арналған     арнайы     жеңілдетілген     несиелеу бағдарламасы енгізілсе. Мысал ретінде, қазір жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамту-2020» үкіметтік бағдарламасын келтіруге болады. Онда оралмандар арнайы санат ретінде көрсетіліп, жеңілдетілген несиелерге қол жеткізуге мүмкіндік алды. Осылайша, заңда белгіленген құқықтар мен бостандықтарды, жеңілдіктер  мен  артықшыларды  жүзеге асыру тетіктері нақты көрсетілмесе олардың құндылығы жоққа шығады деп айтуға болады.

Сонымен, көші-қонсаясатыныңтиімдіжүзеге асырылуы тек көші-қонға ғана қатысты емес, көшіп келушілердің келген беттегі бейімделуі мен кіріктірілуінің сапасы жəне деңгейімен тікелей байланысты. Көштің тоқтамай, əрі қарай жалғасуы үшін тек қана көші-қонмен айналысатын мекемелер ғана емес, барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар ат салысу керек. Бұл ретте қабылданған заңдарды толық орындау жəне оларды жетілдіруге барлық мүдделі тараптар қатысу керек.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Матузов Н.И., Малько А.В. Теория государства и права. – М.: Юристъ, 2004. – 512 с.
  2. Венгеров А.Б. Теория государства и права. – 3-е изд. – М.: Юриспруденция, 2000. – 528 с.
  3. Ибраева А.С. Теория государства и права. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006. – 128 с.
  4. Алексеев С.С. Теория государства и права. – М.: Норма, 2005. – 496 с.
  5. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтiк-құқықтық актiлер туралы» заңы. – БД «Закон»
  6. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы. – БД «Закон»
  7. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тəуелсiздiгi туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық заңы. – БД «Закон»
  8. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №204 «Халықтың көшi-қоны туралы» заңы. – БД «Закон»
  9. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV Салық кодексi. – БД «Закон»
  10. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңы. – БД «Закон»
  11. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 сəуірдегі №15-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы. – БД «Закон»
  12. «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 кодексі. – БД «Закон»
  13. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексі. – БД «Закон»
  14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 900 «Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжырымдамасы туралы» қаулысы. – БД «Закон»
  15. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 145 «Қоныс аудару шараларын ұйымдастыру туралы» өкімі. – БД «Закон»
  16. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» заңы. – БД «Закон»
  17. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы №314-IV «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу жəне оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы. – БД «Закон»

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.