Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс жүргізудегі сот ісін жүргізуді тараптардың бəсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру принципі

Сот iсiн жүргiзудi тараптардың бəсекелестiгi  негiзiнде  жүзеге  асыру  принципі   айыптау, қорғау жəне сот əділдігін жүзеге асыру функцияларының бір-бірінен бөлініп, əртүрлі органдар жəне лауазымды адамдармен жүзеге асырылуынан тұратын сот өндірісінің құрылымын сипаттайды (ҚР ҚІЖК-нің 23-б., 2-б.). Бұл принцип негізі болып саналатын тараптардың процессуалдық тең құқықтылығымен  біртұтас, өйткені тараптардың тең құқықтар мен міндеттерді иеленуі, оларға сот алдында бəсекелестікке түсуге мүмкіндік береді.

Қарастырылып отырған принцип тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша барлығы жалпы конституциялық теңдікпен негізделген. Əділ сотты барлығының заң алдындағы теңдігінің негізінде жүзеге асыру сотпен құқықтың біркелкі жүйесінің күшіндегі нормаларын барлық азаматтарға қатысты бірдей қолдануды білдіреді. Тең бастамаларда нақты істің мəн-жайларын ескере отырып, сот мүдделі адамдардың құқықтарымен қатар, міндеттерін де анықтайды.

«Теңдік» түсінігі  белгілі  бір  абстракцияны білдіреді, яғни теңелген объектілерге тəн шешімдерден сана-сезімдік (ақыл-ой) абстракциялану нəтижесі [1, 17 б.].

Құқықтық теңдік құқық-қабілеттілік жəне құқық субъектілік нысанында мойындалған жəне бекітілген қоғамдық қарым-қатынастардағы жеке адамның бостандығы.

Құқықтық теңдік – ол құқық субъектілерінің бəріне бірдей ортақ көлем, бірегей нормадағы, тең дəрежедегі бір-біріне деген еркіндік жəне тəуелсіздік теңдігі. Құқықтық теңдік – ол еркін адамдардың теңдігі жəне еркіндіктегі теңдік, жеке адам еркіндігінің жалпы ауқымы мен тең дəрежесі. Құқық теңдігі адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саласындағы теңдік. Осы теңдікке адамның табиғи қасиеті сияқты, жалпы сипаттағы белгілеріне қарамастан кепілдік беріледі. Мемлекеттің міндеті – осы теңдікке кепілдік ету [2, 67 б.].

Қылмыстық   іс   жүргізуде   тараптардың тең құқықтылығы принципінің өзінің арнайы ерекшеліктері бар. Бұл принциптің толық көлемде жүзеге асырылуы істің шағын жəне объективті қаралу механизмін құруға мүмкіндік береді. Осы принцип істің сотта талқылануын, қайнар көзі болып тараптардың материалдық құқықтық жəне басқа да мүдделерінің қарамақайшылығы табылатын тараптардың арасындағы сайысу нысанында өтетінін көрсетеді.

Бəсекелестік – айыптау, қорғау жəне сот төрелігінің жүзеге асырылуының функцияларының бөлінуін білдіруші процессуалдық құқықтың принципі; істі шешуші соттың алдында өзінің мүдделерін қорғау үшін тең процессуалдық құқықтармен қамтамасыз етілген тараптар ретінде айыптаудың жəне қорғаудың құқықтық жағдайы. Тараптардың процессуалдық жағдайы қорғаудың процессуалдық құралдарын қолданып, сот талқылауында белсенді қатысу жолымен өзінің көзқарасын қорғауда оларға кең мүмкіндіктерді берумен сипатталады.

Бұл принцип тең құқықтармен жəне міндеттермен  қамтамасыз  етілу,  тараптарға сот алдында сайысуға мүмкіндік беретіндіктен оның негізі болып табылатын тараптардың процессуалдық теңдігінен бөлінбейді. Бəсекелестік, кейбір автолардың ойынша, тараптардың теңдігінсіз тіпті мүмкін емес, тараптардың теңдігі бəсекелестікпен бірге емес, оның негізгі элементін құрайды [3, 402 б.].

«Сот төрелігі істің мəн-жайлары айыптау жағынан да қорғау жағынан да бірдей мұқият ашылуына,  бірдей  көлемде  сотта  айыптаушы жəне жауаптылығын ауырлатушы мəнжайлармен қатар ақтаушы немесе жауаптылығын жеңілдетуші мəн-жайлардың бірдей берілуіне мүдделі. Бұған айыптау жəне қорғау, айыптаушы жəне қорғаушы əсер етеді», – деп жазған əйгілі заңгер И.Д. Перлов [4, 5 б.].

Бүгінгі таңда өркениетті елдерде қылмыстық процестің екі негізгі нысандарын – бəсекелестік жəне араласты қолдану үйреншікті. Аралас процесс құқықтың континенталдық жүйелі елдерге тəн (Франция, Италия, Испания, Жапония жəне  т.б.).  Онда, бір  жағынан,прогрессивтік демократиялық принциптер (бəсекелестік, тең құқықтық, заңдылық жəне т.б.) орын алса, екінші жағынан, қылмыстық іс жүргізудің ертедегі тарихи нысандарының элементтері, соның ішінде сотқа дейінгі қылмыстық өндірісте қорғаудың жəне айыпталушының процессуалдық құқықтарының əртүрлі шектеулері түрінде көрінетін инквизициялықта сақталған.

Процестің бəсекелестік моделі сот өндірісінің демократиялық нысаны үшін, іздеуші – тоталитарлық үшін. Қылмыстық іс жүргізудің бəсекелестік нысаны құқықтың ағылшын саксондық жүйелі елдерінде таралған (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Австрия жəне т.б.). Сот өндірісінің қалыптасушы тəртібі бəсекелестікті тек өктем жəне күштілерге ғана емес, əрбіреуге бірдей қолайлы жəне сенімді етеді. Бұл мағынада процестегі бəсекелестік бастамасының жүзеге асырылуында сот өндірісінің демократизациясы туралы айтуға болады. Бəсекелестік тараптарды тек формальды теңдікті ғана емес, сонымен қатар өздерінің заңды мүдделерін белсенді қорғау үшін жеткілікті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Мəселе тараптардың тең құқықтылығында емес, құқықтармен қатар (кең көлемде олар сəйкес болмауы мүмкін) процессуалдық функцияның тең болуын көрсететін олардың функционалдық теңдігінде [5, 145-146 б.].

Конструкциялық түрде бəсекелестік процесс қатал дифференцияцияны білдіреді, яғни айыптау функциясы (қылмыстық істі қозғау, сотқа жіберу,  айыптау  дəлелдемелерін  жинау, сотта айыптау), қорғау функциясы (ақтау дəлелдемелерін жинау, сотта қорғау) жəне соттың функциясы (кінəлілік көлемін анықтау, жазалау шарасын таңдау).

Бұл жерде сот:

  • қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жақтарында жүрмейді, құқықтың мүддесінен басқа мүдделерді білдірмейді;
  • объективтілікті жəне алалықсыздықты сақтай отырып, тараптарға өздерінің процессуалдық міндеттерін орындау үшін жəне берілген құқықтардың олармен жүзеге асырылуына қажетті жағдайлар қалыптастырады.
  • процессуалдық шешімді тек зерттелуінде тең негізде əрбір тарапқа қамтамасыз етілген дəлелдемелерге негіздейді;
  • тараптың өтінішімен оған ҚР-ның ҚІЖКде көрсетілген тəртіпте қажетті материалдарды алуда көмек береді.
  • тараптарға істі бірінші жəне апелляциялық инстанцияларда қарауға қатысуға құқықты қамтамасыз етеді; сотталушы жəне оның қорғаушысы қадағалау тəртібінде, жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша істі қарауға жіберіледі.

Біздің ойымызша, айыптау, қорғау жəне соттың функцияларының айқын дифференцияциялануы қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік принципіне құқықтың жүзеге асырылуын кепілдейді. Дегенмен қазақстандық қылмыстық іс жүргізудегі мəселелерге талдау жасасақ, тұлғаның заңды мүдделерінің жеткілікті қорғалуы үшін жəне жеке басына қол сұқпаушылыққа құқық сақталуы үшін заң шығарушыға əлі көп жұмыс жасауы қажет деген қорытындыға келеміз.

Бəсекелестік принципінің алдын  ала тергеу стадиясына таралуы барлық қылмыстық іс жүргізуді тиімді қылады жəне оның алғашқы стадияларында        процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Əйтсе де құқықтың қазақстандық жүйесі қылмыстық сот өндірісінде бəсекелестік принципін қылмыстық процессуалдық заң арқылы бекітетіндігіне қарамастан, бəсекелестік принципі қылмыстық процестің сотқа дейінгі стадияларына таралмайды. Мысалы, қылмыстық істер алдын ала тергеу стадияларында прокуратура жəне алдын ала тергеу органдарының бастамшылығымен қозғалады жəне қысқартылады. Осылайша, сот функциясының жартысы прокуратура, алдын ала тергеу жəне анықтау органдарының қолында шоғырланған. Қазақстан бəсекелестік принципін ерте  қосып  қана  қоймай,  сонымен қатар қылмыстық процессуалдық заңға құқықсыз қосады деген көзқарастар бар [6, 4 б.]. Талдау жасаудан ҚР-ның ҚІЖК-нің кейбір нормаларының 23-баптың ережелеріне қайшы келетінін көруге болады. Осылайша, ҚР-ның ҚІЖК-нің 23-бабының ережелері қылмыстық қудалау  органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) сезіктіні, айыпталушыны айыптаушы ғана емес, сонымен қатар оны ақтаушы, жауапкершілігін жəне жазасын ауырлатушы ғана емес, сондай-ақ жеңілдетуші мəн-жайларды ашуы міндетті деп бекітуші ҚР-ның ҚІЖК-нің   24-бабының 4-бөлігі мен 36-бабының 1-бөлігіне қарама-қайшылықта. Сонымен, қылмыстық қудалау қорғаудан бөлінбеген жəне тергеу органы қорғау, айыптау функцияларын жүзеге асырады. Сонымен қатар ҚР-ның ҚІЖК-нің 37, 38-баптарында көрсетілген негіздерде, істі шешуді (ҚР-ның ҚІЖК-нің 51-бабы), əрі қарай алдын ала тергеу стадиясында тараптардың теңдігі туралы мəселе мүлдем қозғалмайды. Мысалы, жəбірленуші мен айыпталушының құқықтарына үстірт талдаудан да олардың теңдігі туралы қорытынды жасай алмаймыз. Жəне де ҚІЖК-нің 7-бабының 11-бөлігі ҚІЖК-нің 23-бабының 1-бөлігіне қарағанда бəсекелестік принципін сот талқылауына жатқызады.

Сезікті, айыпталушы, қорғаушы прокурормен, тергеушімен жəне анықтаушымен бəсекелеспейді, керісінше олардың алдында бойсынып өтініштерін білдіреді. Осы адамдарға берілген құқықтардың жүзеге асырылуы қылмыстық қудалау органдарының қалауына тəуелді.

Тергеудің аяқталғаны туралы алдын ала тергеу (анықтау) органдарының айыптау қорытындысын (хаттама) жасайтыны бəрімізге мəлім (ҚІЖК-нің 36-тарауы жəне 287-бабы). Қорғаушы болса қорғаушы тараптың позициясы көрсетілгені туралы ешқандай құжат бермейді. Заңға прокурорға қылмыстық іс материалдарымен қатар айыптау қорытындысы ғана емес, сонымен қатар осы іс бойынша қорғаушының жазбаша қорытындысының да жіберілуі қажет деген ереже белгілі бір жағдайларда əрі қарай басты сот талқылауын тағайындау туралы мəселені шешкенде соттың жұмысын жеңілдетуші еді, сондай-ақ тараптардың бəсекелестігі жəне тең құқықтылығы принципінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Айыптау мен қорғау тараптарының алдын ала декларацияланған теңсіздігін, С.М. Жалыбин прокуратура стажерлары мен тергеу жəне анықтау органдарының жас мамандарына қылмыстық істер бойынша тергеуге жəне сотқа қатысу рұқсат етілсе, ал адвокаттың стажерларына бұл қызмет заңмен тыйым салынғанынан көреді [7, 137 б.].

ҚІЖК-нің 23-бабының 3-бөлігіне сəйкес сотталушыға тағылған айыпты дəлелдеу міндеті айыптаушыға жүктелгеніне осы баптың 4-бөлігі, яғни қорғаушы сотталушыны қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен əдістерін пайдалануға  міндетті  деген нормасы қарсы қойылады, айыптау мен қорғаудың процессуалдық теңдігі туралы ресми түрде бекітілсе де. Бірақ қылмыстық қудалаудың екі ірі мемлекеттік жүйесі бір жағынан, екінші адвокаттар алқасы түріндегі қоғамдық құқықтағы ұйым қалай тең жағдайда болуы мүмкін? Біздің Отанымызда адвокаттар құқық қорғау органдарымен жəне сот органдарының өкілдерімен қатар ешқашан тең құқықтарды иеленген емес. Мысалы, судьяларға немесе прокурорларға қарсы қылмыстық істі қозғау аса күрделі. Адвокатқа болса заң кəдімгі азаматқа сияқты қараған. Біздің ойымызша, адвокаттың процессуалдық құқықтарының жəне тəуелсіздігінің кеңейтілуі туралы   мəселенің   оң шешілуі  қылмыстық іс жүргізудің принциптерінің дұрыс жүзеге асырылуының бір кепілдігі.

ҚР-ның қылмыстық-процессуалдық заңының қазіргі тенденциялары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілденуі, сонымен қатар сот төрелігінің жəне қылмыстық іс жүргізудің конституциялық принциптерінің жүзеге асырылуы, сотқа дейінгі стадияларда қылмыстық іс жүргізудің орбитасына түскен адамдарды қорғауға бағытталғанына сүйенуінің жиі  кездесуіне  бағытталған.  Тұлғаның,  соның ішінде сот өндірісіне түскен тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерінің максималды жоғары қорғалуының деңгейі демократиялық жəне құқықтық мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.

Алдын ала тергеуде жəне сот талқылауында сезікті, айыпталушы жəне сотталушы ретінде тартылған əрбір азаматқа ҚР-ның Конституциясымен жəне ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу кодексімен қылмыстық қудалаудан қорғану құқығы берілген. Қорғануға құқық ажыратылмайтын, табиғи құқық, мықты айыптауға барабар қорғау қарсы тұратын процестің бəсекелестік құрылымынан шығады.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Нерсесянц В.С. Философия права: учебник для вузов. – М.: Инфра-М.: Норма, 1997. – 647 с.
  2. ҚР-ның Конституциясы. Түсініктеме / ред.басқарған Ғ. Сапарғалиев, аударған С. Бақтыгерейұлы.
  3. Алматы: Жеті Жарғы, 1999. – 424 б.
  4. Основы государства и права РК. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 497 с.
  5. Перлов И.Д. Право на защиту: учебное пособие. – М.: Знание, 1969. – 79 с.
  6. Смирнов А.В. Реформы уголовной юстиции конца ХХ века и дискурсивная состязательность //Рос. право. – 2001. – №12. – С. 145-155.
  7. Балтабеков В. Что важнее: фасад или фундамент? В основе уголовного процесса до сих пор лежат репрессивные принципы //Юридическая газета. – 2002. – № – С. 3.
  8. Жалыбин С.М. Теоретические и методологические проблемы обеспечения прав человека при уголовном преследовании: дис. док. юр. наук. – Астана, 2003. – 315 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.