Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық процестегі кінəні мойындау туралы мəміле ұғымы

Introduction (Кіріспе). Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған үлкен мақсаттарға жету  халықаралық талаптарға сəйкес келетін оптималды қылмыстық процестің болуын талап етеді.

Жолдауда көрсетілген мақсаттарға жету үшін жаңа 2013 жылдың өзінде ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау керек деп көрсеткен Елбасы: «Үкімет пен Президент Əкімшілігіне қылмыстық жəне қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалауды бастауды, ілгері ізгілендіруге, оның ішінде, экономикалық құқық бұзушылықты қылмыссыздандыруға маңыз беру керек, сондай-ақ Парламентке 4 жаңа кодексті: қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық-орындаушылық жəне əкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексті əзірлеп, енгізу керек», – деген тапсырмалар берді [1].

Президенттің берген тапсырмаларын орындау мақсатында жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-орындаушылық, əкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодекстерінің жобаларын əзірлеу қызу жұмыс үстінде.

Жаңа редакциядағы қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасының жаңалығы бірі болып жаңа институт – процессуалдық келісімді айтуға болады. Бұл институт Америка Құрама Штаттарынан бастау алған англо-саксондық құқықтық жүйедегі идеяларды қамтыған құқықтық құбылыс болып табылады. Америка Құрама Штаттарында ол «plea bargain» деген атауда қолданылады, орыс тіліндегі заңи əдебиеттерде ол «сделка о признании вины» немесе   «сделка с правосудием» деп кездеседі. Оның мəні болып айыпталушы тұлға мен прокурор арасында бірінші жақпен қылмыстық іс бойынша өзіне тағылған айыптаумен келісіп кінəсін мойындауы, екінші жақ ол кінəсін мойындағаны үшін жазасын немесе жауаптылығын жеңілдететіні туралы жазбаша келісуінде. Бұл мəміле көбінесе ұйымдасқан қылмыстық топтармен немесе көп эпизодты қылмыстар бойынша сот өндірісінің уақытты үнемдеу мақсатында жүзеге асатын мəміле.

Қазақша заң əдебиеттерінде мұндай терминді кездестіру қиындық туғызумен қатар қолданыста жоқ екенін ескере отырып,  орысша заңи əдебиеттерінен қазақшаға аударып кінəні мойындау туралы мəміле деген  атауда бұл мақалада ұсынылып отыр. Осы аталған институтты отандық қылмыстық іс жүргізу құқығының қазақша ұғымдық-санаттық аппаратында дұрыс қолдануымыз керек. Себебі оның қандай атауда жəне қандай элементтерінің біздің заңдарымызға енгізуіне қарамастан, ең алдымен, оның шыққан жерінің тілінде қандай атауда қолданылатынын біліп дұрыс мағыналық аударма жасауға мүмкіндік береді.

Main body. (Негізгі бөлімі). Бұл институт орыс  тіліндегі  заң  əдебиеттерінде  түрлі авторлармен «кінəні  мойындау  туралы  мəміле» жəне «сот төрелігімен мəміле» деген  атауларда кездеседі. Бұл, əрине, мұндай ұғымды қолданыста пайдаланған кезде қиындық туғызатыны сөзсіз.

А.В. Бахновский қылмыстық іс бойынша айыптау мен қорғау тарабы арасында келісімді сипаттау үшін батыс əдебиеттерінде кем дегенде үш термин қолданылады деп көрсетеді:

  • plea;
  • plea bargain (plea-bargain; plea-bargaining);
  • plea-agreement.

Осы аталған үш терминді талдай келе, ол келесідей тұжырым жасайды: бұл ағылшын тілінде ұсынылған үш терминнің мүлдем бірбірінен ажырататын өзгешеліктері жоқ, яғни олар бір-біріне сəйкес келеді жəне «plea», «plea bargain plea-bargain;plea-bargaining)» жəне «plea-agreement» терминдері «сот төрелігімен мəміле» ұғымына синоним  болып  табылады деп санайды. Сонымен қатар заңи əдебиеттерде ұсынылған «кінəні мойындау туралы мəміле» жəне «сот төрелігімен мəміле» терминдеріне талдау жасау арқылы ол бұл екі термин бірбіріне сəйкес емес жəне «сот төрелігімен мəміле» терминін мағыналық жағынан қолданған дұрыс, ал «кінəні мойындау туралы мəміле» бұл сот төрелігімен мəміленің бір бөлігі ретінде кейбір істің мəн-жайлары бойынша қолданылуға болады, – дейді [2,26].

Біздің пікірімізше, «кінəні  мойындау туралы мəміле» немесе «сот төрелігімен мəміле» терминдеріне түрлі авторлар түрлі түсініктемелер бергеннің өзінде ол мағыналық жағынан біртектес, бір институт. Бұл көзқарас А.В. Бахновскийдің пікіріне қарама-қайшы. Заңи əдебиеттерінде «кінəні мойындау туралы мəміле» терминін қолданған жөн деп санаймыз. Себебі «сот төрелігімен мəміле» термині өзінің мағынасы жəне этикалық жағынан қарағанда дұрыс емес болып келеді, мұндай мəміле жасаған кезде тараптар ретінде айыпталушы мен прокурор болып табылады. Прокурор өзінің процессуалдық функция жағынан сот төрелігін жүзеге асыруға қатысы жоқ тұлға жəне ол қадағалау органы, айыптаушы ретінде қылмыстық процеске қатысады жəне мұндай мəмілелер сотқа дейінгі өндірісте жүзеге асқандықтан ешқандай сот төрелігі туралы сөз болмау керек. Əрине, мұндай мəміле  болашақта сотпен бекітіліп жаза тағайындаған кезде ескеріледі, дегенмен де сот төрелігімен мəміле біздің пікірімізше адамгершілік тұрғыда алғанда жəне жалпы азаматтардың онсыз да сот органдарына сенімі төмен екенін ескеретін болсақ мұндай атау сот төрелігіне нұқсан келтіреді. Жалпы бұл институтты қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізуге қарсы шығушылар мұндай сот төрелігімен мəмілелер сот төрелігінің жарамсыздығын көрсетеді деген пікірде [3].

Екіншіден, бұл терминдерді қылмыстық іс жүргізу құқығында қолдану кезінде «мəміле» сөзі  пайдаланылады.  Аталған   ағылшын тілінен аударылған терминді бұрынғы кеңестік мемлекеттердің қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша əдебиеттерде пайдалана бастаған кезде кейбір авторлар бұл институтты қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізуі екі  талай жəне ол, əсіресе Ресей авторларының оқулықтарында алғашқы болып пайдаланылғандықтан бұл англо-саксондық жүйедегі мемлекеттердің институты сол кездегі біздің құқықтық жүйеге енгізу мүмкін емес, біздің менталитетке жат деген көзқарастар болды деген ойға келуге болады. Дегенмен де бұл институт қазіргі кезде бұрынғы кеңестік мемлекеттердің қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізіліп жатқаны бүгінгі күннің айғағы.

Сондықтан мəміле сөзінің аталған сөйлемде қолдану дұрыстығын анықтау қажет. Кейбір процессуалист  ғалымдар мəміленің   орнына «келісім» сөзін қолданған жөн деп санайды. Мəселен, Д.К. Канафин пікірі бойынша, «мəміле» сөзінен мүлдем бас тартып, этикалық жағынан алғанда «келісім» сөзі лайықты деп санайды екен [4,45]. Өз еңбегінде Д.К. Канафин келесідей үш терминді «кінəні мойындау туралы келісім» (соглашение о признании вины), «ынтымақтастық туралы келісім» (соглашение о сотрудничестве) жəне «сот өндірісінің қысқартылған нысандарын қолдану туралы келісім» (соглашение о применении сокращенных форм судопроизводства) терминдерін қарастырып олардың нақты айырмашылықтарын анықтаған. Сонымен қатар Д.К. Канафин «тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істің қысқартылуы туралы келісімді» ерекше атап, қылмыстық-құқықтық дауды шешудің жеке тəсілі ретінде бөліп шығаруды ұсынады. Ол бұл келісімдерді жекежеке талдап келесідей қарастырады:

Бірінші, «кінəні мойындау туралы келісім» кезінде айыптау тарабы мен қорғау тарабы айыпталушының кінəні мойындай отырып əрекеттің қылмыстық құқықтық саралау жөнінде жəне оған тағайындалатын жаза туралы келісімге келеді. Келісімді заңда көрсетілген тəртіпке рəсімделгеннен кейін сот оның заңдылығын тексеріп заңда көрсетілген тəртіпте шешім қабылдайды.

Екінші термин «ынтымақтастық туралы келісім» қылмыстық процесте тараптардың өзара əрекеттесуінің басқа нысаны болып табылады, іс жүзінде қылмыстық топтар мен ұйымдар арасында жасанды немесе бар қарамақайшылықтар  туғызып  ауыр  қылмыстарды ашу мен тергеуге жағымды жағдай жасауға бағытталған. Мұндай келісімдердің шеңберінде айыпталушының қылмыстық іс бойынша тағдыры ғана шешілмейді, ол бұл  процедураны айыпталушы тұлғаның басқа адамдарды жауаптылыққа тартуға қажетті дəлелдемелер беріп əшкерелеуге ынталандыруға бағытталған. Мұндай қажеттілік тəжірибеде ұйымдасқан қылмыстық топтар пен терроризм қылмыстары бойынша криминалистикалық күрес жүргізуде қиындықтың болуымен байланысты.

Үшінші термин сот өндірісінің қысқартылған нысандарын қолдану туралы келісім өзінің мəні жағынан бірінші типтегі келісімдердің дамымай қалған нысаны болып  келеді, айыпталушыға істі тергеу мен сотта қараудың жеңілдетілген нысандарын таңдауға мүмкіндік береді, көп жағдайларда айыпталушы өзінің кінəсін мойындап немесе іс бойынша толық дəлелдемелер жинауға/зерттеуге ынтаның болмауы ал айыпталушыға айырбасқа жаза көлемінің жеңілдетілуімен қылмыстық сот өндірісінің аясында болу мерзімінің қысқартылуына негізделеді.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істің қысқартылуы туралы келісім қылмыстық   процестің   жекелеген    келісім түрі болып табылады жəне қылмыстық істің тағдыры өздеріне ұтымды тəсілдер мен нысандар арқылы жеке тұлғалармен (жəбірленуші мен айыпталушы) анықталынады. Бұл жерде мемлекет мұндай істер бойынша (ауырлығы онша емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша) жəбірленушінің мүдделерін қорғау бойынша қылмыстық репрессияны жүзеге асыру құқығынан толығымен бас тартады.  Істердің мұндай келісім арқылы қысқартылуы айыптау үкімін, жаза мен соттылыққа алып келмеу керек жəне осындай келісімдер жоғарыда көрсетілген процедуралардан бөлек дербес процессуалдық нысан шеңберінде жүзеге асуы тиіс деп санайды [4,46].

«С.И. Ожеговтің орыс тілінің түсіндірме сөздігінде», мəміле – бұл бір нəрсені орындау туралы келісім [5] деп түсініктеме берілген. Мəміле өзінің құқықтық табиғаты жағынан азаматтық-құқықтық ұғым, институт  екені анық.  Мəселен,  мəмілеге  азаматтық   кодексте келесідей анықтама  беріледі:  «азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекеттері мəмілелер деп танылады» [6,59].

Біздің пікірімізше, кінəні мойындау  туралы мəміле термині англо-саксондық жүйеден шыққан термин болғандықтан заңи əдебиеттерде мəміле сөзін қолдана беруге болады, себебі отандық қылмыстық іс жүргізу заңнамасына ол таза түрінде толығымен енгізілмейді жəне ол теориялық жағынан да дұрыс емес болар еді, заңда оның кейбір элементтері ғана қолданылады. Қазіргі кезде əзірленіп жатқан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 28 ақпан 2013 жылғы zakon.kz сайтында қоғамдық талқылауға ұсынылған жаңа редакциясында «процессуалдық келісім» ұғымы мен оны жасау тəртібі ұсынылған. Біздің ойымызша, заңды əзірлеушілердің «процессуалдық келісім» терминін қолдануы дұрыс болып табылады. Кодекс жобасының 7-бабының  52-тармақшасында «процессуалдық келісім» ұғымының орысша редакциясында келесідей  анықтама берілген «процессуальное соглашение» – соглашение, заключаемое между прокурором и подозреваемым, обвиняемым или подсудимым на любой стадии уголовного  процесса  или  осужденным в порядке и по основаниям предусмотренным настоящим Кодексом [7]. Қазақ тіліне аударатын болсақ «процессуалдық келісім» – бұл   Кодексте көрсетілген негіздермен тəртіп бойынша прокурор мен сезікті,  айыпталушы немесе сотталушы мен сотталған тұлғамен қылмыстық процестің кез келген сатысында жасалатын келісім. Бұл берілген анықтамада біздің ойымызша процессуалдық келісім ұғымының толық мазмұны мен мағынасы ашылмаған, яғни берілген анықтамада кімдер арасында жасалатыны көрсетіле отырып, бұл  аталған тұлғалар не туралы келісетіні белгісіз.  Сондықтан аталған ұғымда біз процессуалдық келісімнің толық мазмұнын ұқпаймыз. Бұл  пікірге қатысты біз профессор Л. Берсугуровамен ортақтаспыз. Оның пікірі бойынша, кодекс жобасында ұсынылған процессуалдық келісімнің анықтамасында келісімнің мəні түсініксіз жəне егер де ол түсініксіз болса мұндай анықтаманың қажеті неде деп санайды [8].

Conclusions. (Қорытынды). Жоғарыдағыны қорытындылай келе, келесідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға болады:

  1. Заң əдебиеттерде терминдердің біркелкі қолдану мақсатында кінəні мойындау туралы мəміле жəне сот төрелігімен мəміле терминдері біртектес болғандықтан мағыналық жағынан кінəні мойындау туралы келісім терминін қолданған жөн.
  2. Екіншіден, жоғарыда аталған терминді қазақша нұсқасында бірыңғай қолдану үшін қазақша заң терминдері сөздіктеріне кінəні мойындау туралы мəміле терминіне сипаттама беріп анықтамасын қарастыру қажет.
  3. Кодекс жобасының 7-бабының 52-тармақшасында «процессуалдық келісім» ұғымын орыс тілінде (жоба орыс тілінде əзірленгендіктен) келесідей редакцияда ұсынамыз «процессуальное соглашение» – это вид сделки, заключаемое на любой стадии уголовного процесса между прокурором и подозреваемым, обвиняемым, подсудимым или осужденным, в котором указанные стороны согласовывают условия ответственности и меры наказания в порядке и по основаниям предусмотренным настоящим Кодексом.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, желтоқсан http://www.inform.kz/kaz/article/2518877.
  2. Бахновский А.В. Сделка с правосудием: особенности англосаксонской и континентальной правовой традиции. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. – Краснодар, 2008. – 172 с.
  3. Петрухин И.Л. Сделки о признании вины чужды российскому менталитету. Российская юстиция,. – 2001. – №
  4. Канафин Д.К. К вопросу о внедрении в уголовное судопроизводство института соглашения о признании вины // Заңгер. – 2012. – № 6 (130).
  5. http://www.ozhegov.ru – «Толковый словарь русского языка С.И. Ожегова»
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы жəне Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, – 340 б.
  7. Проект Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (по состоянию на 28 февраля2013 года) http://www.zakon.kz/4526068-dose-its-na-proekt-ugolovno.html
  8. Берсугурова Л. О процессуальных аспектах заключения соглашения о сделке // Специализированный ежемесячный журнал «ЮРИСТ». – 2012. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.