Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көлік қылмыстарымен күрес жəне оның алдын алудың халықаралық тəжірибесі

Көлік қылмыстарымен күрестің халықаралық мəселелерінің өзектілігін екі сатыға бөліп қарастырамын.

Ол мынадай сатылардан көрінеді:

  • біріншіден, қазақстандық көлік қылмыскерлері шетел автокөлік қылмыскерлерімен барған сайын бəсекелесе түсіп, жиі қылмыстық топтарымен көзге түсе бастайды;
  • екіншіден, халықаралық тəжірибе көрсеткендей, қылмыстық топтардың негізгі əрекеттеріне сипаттама беру.

Соңғы жылдары автокөліктерді заңсыз иелену қылмыстары көптеген елдерде маңызды, өзекті мəселелердің бірі болып табылады.

Бұл автокөліктерді тонау, ұрлау, мақсатынсыз   заңсыз   пайдаланып   кету  қылмыстарына қатысты жағдайлардың алдын алуға көп септігін тигізеді жəне құқық қорғау органдарының автокөлікке қатысты қалмыстармен күресіне неғұрлым көп септігін тигізеді деп ойлаймын.

Құқық қорғау органдарының қолданылып жатқан əрекеттері бұл қылмыспен күресі барысында алғашқы орындардың бірінде тұр. Сонда да бұл қылмыспен күрес əлі де болса, анықталмаған, толық зерттелмеген қылмыс түрлері болып табылады. Себебі бұл қылмыстан табатын пайда, əлдеқайда табысты болып табылады.

Мысалы, АҚШ жылсайынғы автокөліктерді ұрлаудан келетін залал көлемі 7 млрд доллардан асып кетеді екен. Əрбір 20 секунд сайын елде бір автокөлік ұрланады екен.

Ұлыбританияда автокөліктерді ұрлау қылмыстары полиция қызметкерлерінің ашатын барлық қылмыстарының ішінде 30%-дан 45%-ға дейінгі шамасын құрайды. Əр ұрланған автокөліктен келетін залал 1,2 млрд фунт стерлингіне тең келеді екен (бұл шамамен 1,8 млрд долларды құрайды).

Əр жыл сайын сақтандыру компаниялары ұрланған автокөлік иелеріне 700 млн фунт стерлингтен асатын (бұл шамамен 1,1 млрд долларды құрайды).

ҚР ІІМ мен  бірлескен,  БҰҰ-ның еуропалық автокөліктерді ұрлауға қарсы күрес тұжырымдамасы көрсеткендей, 90-жылдары автокөлікке қатысты қылмыстар саны өсе түскен. Мысалға алатын болсақ, Германияда 20022005 жылдар аралығында автокөлік құралдарын ұрлау қылмыстары саны жағынан өсе бастаған. 2005 жылдан бастап, едəуір азайған.

Бұл азаю 23%-ға дейін төмендеген екен. Ал Еуропаның басқа елдерінде автокөліктерді тонау қылмыстарының саны керісінше өсе бастаған. Мысалы, Австрия, Беларусь,  Израиль,  Латвия, Молдова секілді елдерінде. Бұл елдерде автокөлікке қатысты қылмыстар едəуір өсіп кеткен екен. Ал Шығыс Еуропа елдерінде, Батыс Еуропа елдеріне қарағанда автокөлікке қатысты қылмыстар саны өсіп отырған.

Статистикалық мəліметтерге сүйенетін болсақ, осы елдермен салыстырғанда, автокөліктерді ұрлау қылмыстары төмен деңгейде болған. Оларға мына елдер жатады: Белоруссия, Хорватия, Эстония, Грекия, Латвия, Литва, Молдавия.

Бұл жерде атап айтатын жайт, ол бұл елдерде автокөлік парктерінің де өз жəне кіші болуында деп көрсетуге болады. Ол: Люксембург, Словения. Ал осы елдердің ішінде ұрланған автокөліктерді іздестіру жағынан өте көп пайызға ие болған – Македония мен Финляндия [1, 380 б.].

Бұл елдерде автокөлік парктері жаңағы аталған елдермен салыстырғанда едəуір көп кездеседі.

  • Итальяндық маршрут – ұрланған автокөліктер не болмаса батысеуропалық елдерден Словения, Италиядан Шығыс Еуропа елдеріне ұрланып əкелінеді, не болмаса ұрланған автокөліктер Италия, Албаниядан жəне Грекиядан Шығыс Еуропа елдеріне ұрланып əкелінеді немесе балкандық маршрутқа əкелінеді;
  • орталық еуропалық маршрут – ұрланған автокөліктер Батыс Еуропа  елдерінен  Польша арқылы өтіп, Чеш Республикасына немесе Венгрияға жəне ТМД мемлекеттеріне ұрланып əкелінеді;
  • теңіз жолдары – ұрланған автокөліктер Батыс Еуропа елдерінен Жерорта теңізі арқылы өтіп, Таяу Шығысқа, не болмаса Атлант мұхиты арқылы өтіп, Африкаға, тіпті, Австралияға да өтіп кетеді;
  • испандық маршрут – ұрланған автокөліктер батысеуропа елдерінен Солтүстік Африка елдеріне Испания арқылы өтіп кетеді;
  • солтүстік маршрут – ұрланған автокөліктер тікелей скандинавиялық елдер Германия, Финляндия елдері арқылы өтіп, не паром арқылы Ресей Федерациясына, одан əрі Қазақстан Республикасы арқылы өтіп одан əрі басқа да көршілес елдерге кете береді.

Бұндай автокөліктерге қатысты криминалды қылмыстардың көп болу себебі бұл қылмыстар өте көп қаражат көздерін əкеледі, жəне қылмыстық жауаптылыққа тартылу барысында аз тəуекелге барады жəне де қылмыстық жауаптылық жазалары басқа қылмыстардың жауаптылықтары мен жазаларына қарағанда жеңілірек болады.

Көптеген елдерде бұндай қылмыстар қарапайым күнкөрістің көзіне айналған.

Бұндай қылмыстарды кей жағдайларда автокөлік иелерінің əдейі өздері ұйымдастырып жасаған кездері де болған, себебі бұндай жағдай кей автокөлік иелеріне тиімді болған.

Ондай жағдайлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • арнайы ұйымдастырылған автокөліктерді ұрлау. Автокөлік иелерінің өз автокөліктерін əдейі ұрлатып, одан əрі сақтандыру компанияларынан орнын толтыртады. Бұндай жағдайларда автокөлік сақтандыру компаниялары автокөлік иелеріне сақтандыру төлемдерін төлеп беруі тиіс болады;
  • автокөлік иелері өз автокөліктерін ұрлау қылмыстарын жалған жасап, арнайы құжаттарды жалған дайындап оны өз елінен шығарып жібереді де басқа елге апарып сатып жібереді. Сол арқылы ол сақтандыру компанияларына ең жоғарғы сомада сақтандыру сомасын төлеп, сол соманы сақтандыру компанияларынан сығып алады;
  • автокөліктерді жалған құжатпен жасап, ұрлап кетіп, басқа елге апарып сатып жіберу;
  • кейбір жағдайларда автокөліктер тек қана шекараға дейін ғана жалған құжатпен барады да, одан əрі өз құжаттарын тағып, нөмірлері мен реквизиттерін иеленіп шетелге шығып кетеді;
  • кей жағдайларда ұрланған автокөлік сынған не болмаса аварияға түскен автокөліктің реквизиттерін иеленіп шетелге шығарылып, сатылып жіберіледі.

Қазіргі таңда  көптеген  елдерде  айналымда жүрген автокөлік иелері өздерінің автокөліктерінің бұрынғы иелері кім екенін жəне ендігі кезектегі автокөліктерінің иелерінің кім болатындығын біле бермейді.

Əлемдік тəжірибеде кездесетіндей, автокөліктердің қорғаныс белгілері барлық елде бірдей болып табылады. Яғни ультрафиолетті белгілер, су тектес белгілер, штрих код белгілері, арнайы қағаздардағы белгілер, т.б. белгілерді келтіруімізге болады [2, 387 б.].

Көп жағдайларда ұлттық автоматтандырылған белгілердің де қоланылуы кездеседі, яғни автокөлік құралдарын тіркеуге ала отырып, олар туралы мəліметтерді енгізіп, автокөліктер ұрланған, не болмаса жоғалған жағдайларда, арнайы тіркеуде тұрған автокөлік туралы мəліметтер шыға келеді. Ондай жүйе Дания, Кипр елдерінде жақсы дамыған.

Сонымен қатар сатып алушыда арнайы құжаттары, нөмірі дайындалып қойылады екен. Бұндай жағдайда ескі автокөліктің нөмірі, не болмаса кузовы мен бірге нөмірін де қыздырып алып,  оны  ұрланған  жаңа  автомобильге қайта қыздыру арқылы тағып қояды. Двигательдің нөмірі өшірілініп, балқытып, қыздырып, оның орнына жаңасын тағып қояды. Қылмысты жеделдетіп бітіру үшін, автокөлік бірден алдын ала дайындалған гараж секілді, автокөліктерге жөндеу жұмысын жасайтын арнайы орынға əкелінеді.

Сонымен қатар автокөліктер туралы мəліметтер жергілікті тіркеу органдарында да тіркелуі тиіс, ол автокөліктің шыққан жылынан бастап, ол қай күні ұрланғанына дейін, тіпті, VIN кодтары жəне автокөліктің түсі, маркасы, моделі жəне т.б. мəліметтер жазылып тіркеледі. Бұндай ақпараттардың болуы, осындай автокөлікке қатысты қылмыстарды тергеу органдарына, құқық қорғау органдары үшін жақсы көмек болып табылады.

Əлемнің барлық елдерінде полиция қызметкерлері осындай арнайы базаларға қол жеткізе алады. Сонымен қатар сол елдердің барлығында ұрланған автокөліктерді іздестіруге жариялағанда, осындай базалар арқылы тексеру өте ыңғайлы болып табылады.

Бұндай базаларға қол жеткізу əлемнің көптеген елдерінде кездеседі, олар екі категорияға бөлінеді:

а) бұндай ақпараттық базалары  бар елдерде бұндай базаларға кіру тек құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің құзыреттерінде ғана болуы;

б) осындай базаларды тек қана құқық қорғау органдары ғана  пайдаланып  қоймай,  сонымен бірге өздерінің ұрланып, жоғалып кеткен автокөліктерін іздестірумен айналысып жүрген, арнайы рұқсаты бар адамдардың да, бұндай базаларға кіре алуы.

Автокөлікке қарсы қылмыстармен айналысатын халықаралық ұйым, автокөлікті ұрлау қылмыстарын алдын алу мен қысқарту жөнінде арнайы профилактикалық іс-шаралар мен арнайы тəсілдерді пайдаланып жатыр, сонымен қатар автокөліктерді ұрлау мен оларды заңсыз айналымға айналдыру, оларды шетелдерге тасымалдау, басқа мемлекеттерге шығару қылмыстарымен күрес халықаралық жəне жергілікті деңгейде қарастырылып жатыр.

Автобөлшектерді саудалау, автобөлшектер сататын арнайы дүкендері бар автобөлшектерді сататын  сатушылар  арқылы,  автомобильдерге техникалық қызмет көрсететін станциялар   арқылы,   автомобильдерді жөндейтін көптеген мекемелер арқылы, автомобильдерді жөндейтін жеке меншік жөндеу пунктері арқылы, автобөлшектерді сатып алатын таныстар арқылы, автотұрақ немесе автобөлшектерді сататын базарлар арқылы іске асып отырады.

Осылай келе, автокөліктерді арнайы қорғаныс құрылғыларымен сақтандырып, орталық күзет қондырғыларын құрып, орнатып қою қажет, осындай жағдайларда ғана автокөлік ұрылары біраз болсын жасқанып, автокөлікті ұрлауға именеді.

Бұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында құрылған əлемнің əртүрлі елдерінде арнайы коференциялар өткізілінеді. Атап айтатын болсақ, Варшава конференциясы, бұл конференцияда халықаралық дəрежеде автокөліктерді ұрлау қылмыстарының алдын алу, оларды тергеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі мəнжайларды толықтыру туралы мəселелерді қарастырады. Сонымен қатар бұл конференцияда  автокөліктерді  заңсыз  иелену  бойынша туындаған қылмыстармен күрес жүргізу жағдайлары да қарастырылады.

Варшава конференциясында автокөлікке қатысты қылмыстарды тергеу барысында туындаған сұрақтар мен мəселелерді шешу барысында пайда болған мəселелерді шешу жолдары туралы нұсқаулар қаралынды. Кейіннен бұл нұсқаулар Мəскеуде өткен, автокөліктерді заңсыз иелену жөніндегі қылмыстармен, күрес ұйымдарымен бірге қарым-қатынас жасау туралы ұйымдасқан халықаралық коференциясында талқыланды [3, 418 б.].

Сонымен қатар еуропалық  елдермен бірлесіп Қазақстан елдеріндегі құқық қорғау қызметкерлерінің автокөлікке қатысты қылмыстарының тергелу, іздестірілу əрекеттерін бірге жүргізуге қатысты меморандумға қол қойып, келісімге отырды.

Соған орай, Қазақстан Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Швеция елдерімен бірлесіп жасаған келісімшарттары бар.

Жақында Израильде автокөлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтардың үстінен арнайы  қылмыстық  іс қозғалып, оларды сотта қарады, сол сот процесі бойынша, қылмыскерлер жауап беру барысында өздерінің бұл қылмыспен қаншалықты көп мерзімде айналысып жүргендіктері туралы, бұл қылмысты қалай атқарып жүргендіктері туралы жауаптарын берді.

Бұл қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, басқарушысы өзінің берген жауабында, осы қылмыспен өте  көп  жылдар  бойы  айналысып жүргендерін, бұл қылмыста қанша топ ішінде адамдар бар екендігін жəне осы уақытқа дейін қанша қылмыс жасағандықтары туралы жауабын берген еді. Яғни сол қылмыстық топтың ұйымдастырушысы жəне басқарушысының айтуымен айтқанда, бұл қылмыстық топ, екі жыл шамасында өздерінің қылмыстық əрекеттерін жүргізіп отырған. Олар осы екі жыл ішінде шамамен ұрланған автокөліктердің 7020 бөлшектерін саудалаған. Бұл қылмыстық топ, күніне шамамен 10-12 автомобильді ұрлауменен айналысқан. Сонымен қатар бұл қылмыстық топ арнайы тапсырыстармен де  жұмыстарын  атқарған екен. Себебі оларға күніне осыншама, осындай маркадағы, осындай модельдегі, осыншама жыл шамасында шығарылған автокөлік қажет деген тапсырыстар түсіп отырған екен. Содан əрі бұл қылмыстық топ сол тапсырманы бір, екі күн шамасында орындап, əкеліп, өткізіп, жалақысын алған. Бұған қоса бұл қылмыстық топ өзінің қылмыс жасағанда өте жылдамдығыменен ерекшеленген. Бұндай қылмыскерлердің арнайы топтары да болады. Олар арнайы дайындықпен, арнайы құқық қорғау органдарымен келісімге отыруымен жұмыс істейді. Ондай арнайы ұйымдасқан топтар, бірнеше жылдар бойына жаттыққан, маманданған, топпен ұйымдасып жұмыс істеуге қабілеттенген, автокөлікті ұрлау қылмыстары бойынша шебер болып табылатын, өзінің басқарушысы бар, ұйымдастырушысы бар болып табылады. Олардың бұл қылмыс əлемінде бірнеше жылдық стаждары болады. Жəне де ондай топ қылмыскерлері тек қана арнайы қымбат, жасалған, шығарылу жылы жаңа əрі бағалы маркалы автокөліктерді тонаумен, ұрлаумен айналысады. Автобөлшектерді саудалау, автобөлшектер сататын арнайы дүкендері бар автобөлшектерді сататын сатушылар арқылы, автомобильдерге техникалық қызмет көрсететін станциялар арқылы, автомобильдерді жөндейтін көптеген мекемелер арқылы, автомобильдерді жөндейтін жеке меншік жөндеу пунктері арқылы, автобөлшектерді сатып алатын таныстар арқылы, автотұрақ немесе автобөлшектерді сататын базарлар арқылы іске асып отырады.

Осылай келе, автокөліктерді арнайы қорғаныс  құрылғыларымен  сақтандырып, орталық күзет қондырғыларын құрып, орнатып қою қажет, осындай жағдайларда ғана автокөлік ұрылары біраз болсын жасқанып, автокөлікті ұрлауға именеді.

Бірақ бұл жағдай кəсіпқой автокөлік тонаушыларына қатысты емес, оларды бір ғана автокөлік сақтандырғыш құрылғысы тоқтатып қоймайды, себебі, жоғарыда айтқандай, арнайы тапсырыс берілген  автокөліктерді бұндай ұрылар үнемі қадағалап, аңдып, арнайы бақылап, ізіне түсіп барып ұрлыққа беттейді. Көптеген үлкен автотұрақтарда, автосервистерде, автомобильдерге қызмет көрсететін орындарда, автокөлікті жуып-шаятын жерлерде, автокөлік шеберханаларында, автокөліктерге қауіпсіздік   жүйесін    орнататын    фирмаларда жақсы таныстары бар автокөлік ұрылары, қылмыскерлер өзіне керекті автокөліктердің парольдарын, құпия кодтарын, кілттерінің көшірмесін (дубликаттарын) оп-оңай алу арқылы тез арада əрі жылдам, еш кедергісіз, ешбір техникалық қиындық тудырмай автомобильдерді ұрлап, не болмаса заңсыз айдап кетеді.

Осыған ұқсас тағы да мынадай жағдай кездескен. Бұл оқиға Ұлыбританияда кездескен жағдай болып табылады. Ұлыбританияда автокөлік ұрлаумен, автокөліктерді тонаумен жəне оны бөлшектеп сатумен айналысатын арнайы қылмыстық топ, ол топ өзі жалпы саны жеті адамнан тұрады екен, полиция қызметкерлерінің мəліметтері бойынша, осы адамдар, тоқсан минут ішінде «Nissan Bluebird» маркалы автокөлігін бөлшектеп, арнайы бөлшектерін ажыратып алып қойған кездері кездескен екен. [4, 298 б.].

Мысалы, Ресейде ұрланған автокөліктер Украина, Шығыс Еуропа, Балтия жəне Белоруссия мемлекеттері  территориясы бойынша, ал Австралия, Германия, Голландия жəне Польшада ұрланған транспорт құралдары Владимир, Калининград, Мəскеу, Нижегоролск, Тверь жəне тағы да басқа облыстарға, Мəскеу мен СанктПетербург қалаларына жіберіледі.

«Көлікұрыларының» қылмыстық ұйымдары күннен-күнге өсіп, дамып, шеберленіп келеді жəне де барған сайын одан əрі қауіпті болып келеді. Қымбат, қауіпсіздік жағынан жақсы қамтамасыз етілген автокөліктер қазіргі таңда көп ұрланатын автокөліктер қатарында. Алматы қаласында «Фольцваген – Пассат» автомобилі   ұрланған,   ал   бұндай   автокөлікті ұрлау техникалық жағынан қиын болса да, автоұрылар жақсы жабдықталған, яғни бұндай автокөліктерді ұрлау қатарында автокөліктің механикалық жағынан сауаты бар арнайы мамандар болады, олардың ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, «барлау» жəне «контрразведка» қазметкерлері де болады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері құрамында болатын криминалды топтар өте қауіпті болады. Қазіргі таңда шетелдерде автотранспорттарды ұрлау барысында көбінесе классикалық түрлері қолданылады. Онда ешқандай есікті сындыру, бұзу амалдары қолданылмайды, тек арнайы кілттер арқылы ашып алып ұрланады. Бірақ қылмыскерлер көбінесе арнайы дайындалған құралдар бойынша жəне транспорт құралдарын сақтайтын жерлерге ену, машина салонына түсіп, двигательді қосып айдап əкетеді. Арнайы дайындалған құралдар деп кез келген айналадағы қылмыс жасауға ыңғайлы  заттарды айтуға болады.

Оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:

а) жəбірленуші туралы мəлімет беретін арнайы техникалық құралдар (мысалы, автотранспортты ұрлап кету арқылы оны қайтарып беру үшін автокөлік иесінен ақшалай сыйлық алу мақсатымен, автокөлік иесін толық, анық қанығымен зерттеу жүргізу);

б) автомобиль тұрған жерге кіруге арналған құрылғылар;

в) автомобиль салонына кіруге арналған құралдар;

г) автомобиль сигнализациясын өшіруге, бұзуға бағытталған құралдар;

д) автомобиль двигателін іске қосуға бағытталған құралдар. Кейінгі кезде арнайы тапсырыс беру арқылы жасалынатын автокөліктерді ұрлау көп кездеседі, сол арқылы қылмыскерлер өте жақсы жағдайда тұрған автокөлікті таңдап алады да, өзінің сыбағасын белгілеп алып, ұрлап кететін жағдайлар жиі кездеседі.

6) басқа да құралдар (мысалы, автотранспортты ұрлап кету барысында басқа да транспорт құралдары қажет болатын жағдайлар, бірақ бұндай жағдайлар көп кездесе бермейді: эвакуаторлар, крандар) [5,402 б.].

Көлік қылмыстардың алдын алу мақсатында, олармен күрес мақсатында, көлік иелерінің автокөліктерін сақтандыру мақсатында мынадай жағдайларды ұстану керек деп айтқым келеді.

Олардың қатарына мыналар жатады:

  1. Жедел іздестіру органдарының қызметкерлерінің автокөліктерге қатысты қылмыстардың алдын алу мақсатын профилактикалық жұмыстарды үнемі атқарып отыру қажет.
  2. Құқық қорғау органдары арасында, кеден органдары арасында, Интерполмен бірлесіп арнайы іс-шараларға қатысып, арнайы шаралар қолданып отыруы қажет. Сонымен қатар құқық қорғау органдары ішінен арнайы осы қылмыс түрлерімен шұғылданатын топ құру қажет. Арнайы халық арасынан да, осы іс-шараға қатысуға ынта білдірген адасдарды шақыру керек.
  3. Статистикалық мəліметтерді жүзеге асырып отыратын арнайы бірыңғай форма жасап, арнайы бір ережеге сəйкес жұмыс атқарып отыру қажет.
  4. Алдын алу шараларын, ескерту жүргізу жұмыстарын жақсарту керек.

Олардың ішіне:

  • профилактикалық жұмыстардың белсенді жүруі, жол көлік оқиғаларының арасында болған қылмыстарды болдырмау, автокөліктерді ұрлау мен тонаудың алдын алу жұмыстарын күшейту.
  • күзет, қорғаныс құралдарын қолданып отыру, арнайы техникалық күзет қондырғыларын орнату, қылмысқа итермелейтін жағдайларды болдырмау.

Ал ендігі кезекте автокөлік иелеріне арнайы ақпарат бере кетсем:

  1. Автокөлігіңізді арнайы күзет орындары бар жерлерге қойыңыз, яғни парковка жасалатын жер не болмаса арнайы гараждар, автотұрақтар немесе т.б. автокөлік сақтайтын күзет қондырғылары орнатылған жерлер.
  2. Көлігіңіздің есігін ашып тастап кетпеңіз. Сонымен қоса, автокөлігіңіздің кілтін шығып кеткенде көлігіңіздің ішінде тастап, қалдырып кетпеңіз.
  3. Көлігіңіздің ішінде бағалы заттарыңызды не болмаса өзіңізге керекті құжат заттарыңызды тастап  кетпеңіз.   Бұл   қылмыскерлерді еліктіретін басты мəселе болып табылады.
  4. Егер де Сіз көлігіңізді, не болмаса оның ішіндегі құрал жабдықтарыңызды біреу ұрлап əкетеді деп қауіптенсеңіз, онда сол заттарға арнайы маркалық белгі, не болмаса белгілі бір таңба салып қойыңыз. Ол, көлігіңіздің əйнегіне не болмаса, магнитоллаға, не болмаса, тағы да басқа заттарға.
  1. Егер де Сіз көлігіңізді ашық күйінде тастап кетсеңіз, онда Сіз жедел түрде көлігіңіздің сақтандыру құрылғысын іске қосып қойыңыз, не ондай сақтандыру құрылғысы болмаса, онда орталық механикалық блокиратор қорғаныс құрылғысын қосыңыз.

Егер де негізге алатын болсақ заңсыз ұрланған көліктердің көпшілігі тек қана теміржолдар арқылы, автомобиль жолдары арқылы (автофургон), теңіз, өзен жолдары арқылы ғана жеткізіліп, айдап əкелінбейді, сонымен бірге  ерекше жағдайлар əуе жолдарында, атап айта кеткен жөн, яғни тікұшақ арқылы да тасымалдаған кездері болған.

Полиция қызметкерлерінің мəліметтеріне сүйенетін болсақ, қазіргі таңда, Батыс Еуропа елдерінен өтетін транзиттік жолдарменен жылжымалы жүктер арқылы көліктер заңсыз ұрлану арқылы өтіп кетіп отырады, əсіресе Германия елдерімен, Ресей Федерациясынан көптеп заңсыз ұрланған көліктер өтіп, тасымалданып жатады.

Деректер көзіне жүгінетін босақ, Қазақстанда жетпісінші жылдары ұрлық, тонау, қоқан-лоқы көрсету секілді ұсақ-түйек қылмыстар көп болған еді, ал сексенінші жылдардан бастап, көлікке қатысты қылмыстар саны өсе бастады, бірақ олардың алдын алу жұмыстары да жақсы тергеліп жатты. Ал тоқсаныншы жылдардан бастап, қазіргі таңға дейін көліктерді заңсыз айдап кету, ұрлау, тонау, оларды бөлшектеп сатып жіберу секілді қылмыстар түрлері күннен-күнге көбейіп, өсіп, дамып, түрленіп жəне жаңарып келеді.

Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақсан Республикасы жоғалған, ұрланған автокөліктерді іздестіру территорияларының ішіндегі ең көп көзге ілінетін, қарастырылатын аймақтардың бірі болып табылады. Себебі Қазақстан транзиттік жолдың тоғыз торабында орналасқандықтан болар, осындай автокөліктерді ұрлауға қатысты қылмыстар Қазақстан арқылы өтетін негізгі жолдардың біріне айналған.

 

 

Əдебиеттер

  1. Жулев В.И. Транспортные преступления / Изд-во Право. – М., 2001. – 380 с.
  2. Зотов Б.Л. Расследование и предупреждение автотранспортных преступлений / Изд-во МИР. –М., 2001. – 387с.
  3. Иншаков С.М. Зарубежная криминология / Изд-во Лига. – М., 1997. – 418с.
  4. Кульмашев Ф.Х. Расследование угонов автотранспортных средств / Изд-во Просвещение. – Волгоград, 2003. – 298с.
  5. Лившиц Е.М. Тактика следственных действий / Изд-во Право. – М., 1997. – 402с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.