Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ТМД елдеріндегі азық-түлік қауіпсізідігін құқықтық қамтамасыз етудің мəселелері

Əлеуметтік, экономикалық жағдайларға жəне тұтыну мен табиғат апаттарының салдарынан шикізат пен энергия ресурстары бағасының өсуі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алып келді. Азық-түлік дағдарысының зардаптары бүкіл əлемдегі əлеуметтік жəне саяси жағдайдың ушығып кетуіне соқтырады. Бұл жағдайда азықтүлік қауіпсіздігін аймақтық жəне халықаралық деңгейде тұрақтандырып, үйлестірілген жəне келісілген əрекеттерді жүзеге асыру қажет. ТМД қатысушы мемлекеттердің арасындағы азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша ынтымақтастықты арттыруда.

ТМД-ның жалпы аграрлық нарығы 1997 жылы қазанда мемлекеттердің басшыларымен Кеңес мəжілісінде барлық ТМД елдерінде азықтүлік қауіпсіздігін жоғары деңгейге жеткізу жайлы жоба бекітілді. 1999 жылы 16 қазанда СанкПетербургте ТМД елдерінің Парламент аралық Ассамблясының    мəжілісінде   мемлекеттердің азық-түлік  қауіпсіздігі  туралы  Модельдік заңы қабылданды. Бұл заңда мемлекеттер саясатының негізгі бағыттары қауіпсіздіктің құрамы болып табылатын, мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қолданыстағы халықаралық құқық нормаларына сəйкес азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету қажетті жағдайы болып табылады. Осы заңда мемлекеттіңазық-түлікқауіпсіздігі– мемлекеттің экономикалық жағдайы тəуелсіз елдерді азықтүлікпен қамтамасыз ету жəне барлық халықтың санына қарай белсенді жəне салауатты өмір үшін қажетті азықты экономикалық жəне физикалық қолжетімділігін кепілдендіру [1].

Ал азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз – азық-түлік дағдарысын ескертуге бағытталғанэкономикалық,ұйымдастырушылық жəне т.б. шараларды жасау жəне  жүзеге  асыру, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сəйкес халықтың тамақ өнімдеріне деген қажеттерін қанағаттандыратын тиісті ресурстармен қамту болып табылады [1].

Мемлекеттің үкіметі – халықаралық нормаларға сəйкес азаматтардың тамақтанудың физиологиялық нормалары деңгейінде халықтың тамақ өнімдеріне жеткіліксіздіктен немесе аштықтан қорғау бостандығын кепілдендіру.

Мемлекеттің үкіметі мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • мемлекеттің тамақ өнімдерінің қажетті деңгейін жоғарылату;
  • ішкі жəне сыртқы қолайсыз факторларға тəуелсіз мемлекеттік азық-түлік қорын толықтыру жəне қайта толықтыру;
  • барлық шығарылған тамақ өнімдері мемлекеттің стандарттар жүйесі мен талаптарына сəйкес болу керек.

Қазақстан жəне ТМД елдерінің азық-түлік өнеркəсібі саласында ұзақ уақыт бойы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің озық тəсілдері болмады. Ал олардың өндірген өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі ескірген стандарттар мен техникалық шарттарға негізделіп келді. Сондықтан əлемдік нарық кеңінен өріс алған қазіргі жағдайда халықаралық жоғары деңгейде əзірленген стандарт талаптарын ұлттық стандарт, нормативтік-құқықтық актілермен үйлестіру, халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) стандарттарын оңтайлы пайдаланудың маңыздылығы аса жоғары болып отыр.

ТМД мемлекеттерінің қатысушылары жалпы аграрлық нарықта 20-дан астам ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде шикі өнімдер мен өндірілген өнімдер шығарды. Тауар айналымда көбіне көп бидай, қант, шемішке майы,  көкөністер,  картоп,  жемістер,  жүзім, сүт, тері, мақта, жəне тағы басқа азық өнімдері өндіріледі.

Бұлардың барлығы бірінші орында ТМД елдерінің келісілген аграрлық саясатының Концепциясын құру міндеттері, сонымен қатар АӨК сыртқы экономикалық қызметін келісу, экономикалық интеграцияны  жоғарылату, Достастықтар аумағында экономикалық жəне əлеуметтік эффект алу үшін жағдай жасау керек. ТМД мемлекеттерінің  қатысушылар агроөндірістік кешен мəселелері     бойынша 30-дан астам нормативтік құжаттар (келісімдер, конвециялар,  хаттамалар) қабылданған. Соның ішінде, Қазақстан Республикасында бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Оларға Қазақстан  Республикасының Үкіметі 2003-2005   жылдардағы арналған  Мемлекеттік  аграрлық азықтүлік бағдарламасы, содан кейін Қазақстан Республикасының             агроөнеркəсіптік  кешенін тұрақты дамытудың    2006-2008   жылдарға арналған бағдарламасы, бұл бағдарламаның жалғасы етінде    Қазақстан Республикасында агроөнеркəсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014  жылдарға арналған бағдарлама жұмысын тоқтатып, жаңа агроөнеркəсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған    бағдарама (агробизнес– 2020) қабылданып, осы актілердің барлығының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының бəсекеге қабілеттілігінің АӨК-тік қалыптастыруы үшін жағдай жасау. Қазақстан Республикасы экономикасының бəсекеге  қабілеттілігі мен экспорттықмүмкіндіктерінсапалыжаңадеңгейге жеткізудің 2008-2015  жылдарға    арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28  желтоқсандағы №1332 Қаулысымен қабылданды [2, 34 б.].

Осы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды  мемлекеттік  реттеу туралы»  2005  жылғы  шілденің  8-і  №66III ҚРЗ заңы Қазақстан Республикасында агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық  аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық жəне əлеуметтік негіздерін айқындайды.

ТМД аясында экономиканың аграрлық секторындағы интеграцияны қалыптастыру мен дамыту аса өзекті мəселе болып отыр. ТМД-ның көптеген елдерінде ауыл шаруашылығы басты жұмыс беруші сала болып табылады.

Ұлттық экономиканың дамуы ауылшаруашылығының ерекше ықпал ететін факторларының бірі, ол осы саланың мультипликативті əсер етуінде. ТМД мемлекеттері арасында экономикалық жəне интеграциялық байланыстар дамығанмен, экономиканың аграрлық секторындағы үйлесімді жүйе əлі де толық қалыптаспаған. Сондай-ақ ТМД елдерінің агроөнеркəсіп кешендерінің даму деңгейлері бірдей еместігі байқалады.

ТМД-ның келісілген аграрлық саясаты агроөнеркəсіптік кешенін экономикалық интеграциялау, əр мемлекеттің жəне түгел Достастық халқының мүдделеріне қарай ауылдық мекенді дамыту, сыртқы экономикалық қатынастар, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттік əрекеттердің əдістері мен қағидалары жиынтығы болып табылады.

Келісілген аграрлық саясаттың – АӨК барлық аумағының (ресурстық қамту, ауыл шаруашылығы, тамақ жəне қолдану өнімдері, сауда-саттық) дамуын қамтамасыз ету, оның эффективтілігі мен бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату, əр  елдің  жəне  Достастық елдерінің ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауылдың əлеуметтік-экономикалық даму мəселелерін кешенді шешу.

Бір елдерде ауыл шаруашылық жəне азықтүлік  өнімдері  өндірісінің  салыстырмалы түрде жоғары екендігі, ал басқа елдерде азықтүлік ресурстарға жəне мал шаруашылығы саласына арналған жем-шөп базасына деген тұтыну көлемінің едəуір бөлігі импорт арқылы толтырылатындығы байқалады.

ТМД-ның аграрлық саласындағы интеграция ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді үйлестіруді  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік береді жəне олардың экономикасының нақты секторындағы АӨК-ні əртараптандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар аграрлық саладағы     интеграция     жаһанданудың    теріс салдарын жою жəне ішкі нарықты сыртқы бəсекелестерден қорғауға септігін тигізеді.

ТМД елдерінің аграрлық саласының ішкі өзара қарым-қатынастарын жүйелі түрде дамытуда олардың аумағында əлі де болса, өнім өндіруде тəуекелділіктің жəне өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғарылығын ескеру қажет. ТМД елдерінің аграрлық саласының тұрақты дамуына Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешені оң əсерін тигізеді. Еліміз əлемнің басты шикізат өндіруші 25 елінің қатарына кіреді. Сонымен қатар ауылшаруашылық мақсатындағы, дəндідақылдар жəне картоп егетін жер көлемі бойынша басты аграрлық шикізат өндіруші  10 елдің қатарында тұр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Республиканың ресурстары халықтың қазіргі азық-түлікті тұтынуы көлемінен 3 есе артық өндіруге жетеді.

ТМД елдер нарығында Қазақстан, бір жағынан, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатушысы, екінші жағынан, сатып алушы болып келеді. Елімізде ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі экспортталған түрі дəнді дақылдар болып табылады. Əлемде ТМД елдерінің ішінде Ресей, Украина жəне Қазақстан астықтың ірі экспорттаушылары қатарында. Бұл елдердің 2000-2008 жылдар аралығында аталған ауыл шаруашылық өнімінің ортақ экспорттық əлеуеті əлемдік нарықта, 6%-дан, 24%-ға жетіп, 4 есеге артқан. Қазақстандық астықтың көп бөлігін Əзірбайжан, Беларусь, Ресей, Украина, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан, сонымен бірге алыс шетелдер сатып алады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірістік өңдеуден өткен түрлері бойынша экспорт көлемінің арту тенденциясы байқалады. Мысалы, 2008  жылы  Қазақстан  əлемдегі  ұн өнімін экспортқа шығарушы ірі елдердің бірі болды. Еліміздің дайын кеспе (макарондық) өнімдерін экспортқа шығаруға да мүмкіндігі жоғары. Аграрлық саладағы интеграциялық үдерістерді жетілдіру жəне астықты сатып алу бойынша сауда операциялары мен баға құру жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан жəне Ресей 2009 жылдың басында  ортақ  сауда биржасын құрды. Аграрлық саладағы интеграциялық үрдістер аймақаралық деңгейде де, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін ортақ кəсіпорындар қызмет ететін шекарадағы облыстарда да дамуда [2, 149 б.].

Қазақстанда ауыл шаруашылық компанияларының негізгі қорларына жұмсалатын инвестициялардың   жартысы   астық   саласына келеді. Соның нəтижесінде Украина, Белорусь жəне басқа да ТМД елдерінде  активтері бар ресейлік ірі сауда өндірістік компаниялары аймақаралық аграрлық компанияларды құру үшін қазақстандық активтерді де сатып алуға мүдделі болып отыр.

«ТМД мемлекеттерінің қатысушыларының жалпы аграрлық нарық туралы келісім» 1998 жылы наурыз айында 10 мемлекеттің үкіметінің басшылары қол қойды. ТМД-ның жалпы аграрлық нарықтағы негізгі мəселелері соңғы он жылдағы ТМД елдерінің қатысушыларының тауар айналым көлемінің қысқаруымен байланысты болды [3].

Осы қиыншылықтарға қарамастан, ТМДның   аграрлық   нарығы   əлемдегі   нарықтың ең үлкен бір аумағы болып құрылуда. 2009 жылы  Түрікменстанның  астанасы Ашхабадта ТМД қатысушылары мемлекеттердің ауыл шаруашылық форумын өткізу ТМД елдері үшін бірден-бір бедел болды.2010 жылы ТМД қатысушылары мемлекеттердің үкіметінің жетекшілігімен азықтүлік қауіпсіздігін көтеру туралы Концепцияны қабылдады. Онда мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігінің мақсаты – ТМД елдері барлық халықты ТМД елдерінің қатысушылары атынан өндірілген азықтың  негізгі  түрлерін, сондайақ ол адамның өмір сүру қызметі үшін қажетті азықтардың міндетті түрде саны мен сапасы жағынан физикалық жəне экономикалық қол жетімділігін, азық-түліктің сыртқы қайнар көздеріне тəуелсіз қамтамасыз ету қолайлы болып табылады [4].

Сонымен қатар  саланың əлеуметтік аспектілерін де атап өткен жөн. ТМД-ның көптеген елдерінде ауыл шаруашылығы басты жұмыс беруші сала болып табылады. Мысалы, жаһандық урбанизация үдерісіне қарамастан, ТМД елдері халқының көп бөлігі ауылдық аймақтарда тұрады жəне сонда жұмыс істейді. Мысалы, Қазақстанның ауылдық аймақтарында халықтың 43%-ы, ал Тəжікстанда 73%-ы тұрады. Достастық   мемлекеттері   арасында экономикалық жəне  интеграциялық  байланыстар  дамығанымен, экономиканың аграрлық секторындағы үйлесімді   жүйе əлі де  толық қалыптаспаған. Сондай-ақ ТМД елдерінің агроөнеркəсіп кешендерінің даму  деңгейлері бірдей еместігі байқалады. Бір елдерде ауыл шаруашылық жəне азық-түлік өнімдері өндірісінің салыстырмалы түрде жоғары екендігі, ал басқа елдерде азық-түліктік ресурстарға жəне мал шаруашылығы саласына арналған жем-шөп базасына деген тұтыну көлемінің едəуір бөлігі импорт арқылы толтырылатындығы байқалады [5]. ТМД-ның  аграрлық   саласындағы интеграция ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді үйлестіруді қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді жəне олардың экономикасының нақты секторындағы АӨК-ні əртараптандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар аграрлық саладағы интеграция жаһанданудың теріс салдарын жою жəне ішкі нарықты сыртқы бəсекелестерден қорғауға септігін тигізеді. ТМД елдері орасан зор жер, еңбек жəне материалдық ресурстарға  ие. Сондықтан олардың  ауыл шаруашылығының негізгі  өнімдеріне жəне сол өнімдердің  өңделген түрлеріне  деген қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге жəне əлемдік рынокқа  сол өнімдердің   экспортын ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.

ТМД елдерінің аграрлық саласының ішкі өзара қарым-қатынастарын жүйелі түрде дамытуда олардың аумағында əлі де болса өнім өндіруде тəуекелділіктің жəне өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғарылығын ескеру қажет. Мəселен, ТМД елдері ауыл шаруашылық  өнімдерінің ішкі тұтыну бағасын дамыған елдердің ұқсас тауарларының бағасымен салыстырғанда жоғарылығы байқалды.

Достастық  елдерінің  аграрлық   саласының тұрақты дамуына Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешені оң əсерін тигізбек. Еліміз əлемнің басты аграрлық шикізат өндіруші 25 елінің қатарына кіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық мақсатындағы, дəнді дақылдар жəне картоп егетін жер көлемі бойынша басты аграрлық шикізат өндіруші 10 елдің қатарында тұр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Республиканың ресурстары халықтың қазіргі азық-түлікті тұтынуы көлемінен 3 есе артық өндіруге жетеді.

Достастық елдер нарығында Қазақстан бір жағынан ауыл шаруашылық өнімдерінің сатушысы, екінші жағынан сатып алушы болып келеді. Елімізде ауыл шаруашылық өнімдерінің  негізгі экспортталатын түрі дəнді-дақылдар болып табылады. Əлемде ТМД елдерінің ішінде Ресей, Украина жəне Қазақстан астықтың ірі экспорттаушылары қатарында. Бұл елдердің 2000-2008 жылдар аралығында аталған ауыл шаруашылық өнімінің ортақ  экспорттық əлеуеті əлемдік рынокта, 6%-дан 24%-ға жетіп 4 есеге артқан. Қазақстандық астықтың көп бөлігін Əзірбайжан, Беларусь, Ресей, Украина, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан, сонымен бірге алыс шетелдер сатып алады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірістік өңдеуден өткен түрлері  бойынша  экспорт  көлемінің арту тенденциясы байқалады. Мысалы, 2008 жылы Қазақстан əлемдегі ұн өнімін экспортқа шығарушы ірі елдердің бірі болды. Еліміздің дайын кеспе (макарондық) өнімдерін экспортқа шығаруға да мүмкіндігі жоғары.

Аграрлық саладағы интеграциялық үдерістерді жетілдіру жəне астықты сатып алу бойынша сауда операциялары мен баға құру жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан жəне Ресей 2009 жылдың басында ортақ сауда биржасын құрды. Құрылған “Еуразиялық саудасаттық жүйесі” АҚ-ның 60%-ы ресейлік “РТС” ЖАҚ-қа, ал 40%-ы Алматы өңірлік қаржы орталығына тиесілі. Астық пен ұнның 90%-ы өткізілетін Қазақстан-Ресей тауар биржасын құру интеграция жүйесінің тиімділігінің ұтымды нəтижесі болып табылады [6].

Аграрлық саладағы интеграциялық үдерістер аймақаралық деңгейде де, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін ортақ кəсіпорындар қызмет ететін шекарадағы облыстарда да дамуда. Мысалы, Ресейдің ТМД шекарасында жатқан 27 субъектісінің 11-і Қазақстан облыстарымен шектеседі. Қазақстан мен Ресейдің шекаралық саудасы жалпы сауданың 70 %-ын құрайды.

Қазақстанда ауыл шаруашылық компанияларының негізгі қорларына жұмсалатын инвестициялардың   жартысы   астық   саласына келеді. Соның нəтижесінде Украина, Беларусь жəне басқа да ТМД елдерінде  активтері бар ресейлік ірі сауда-өндірістік компаниялары аймақаралықаграрлықкомпаниялардықұруүшін қазақстандық активтерді де сатып алуға мүдделі болып отыр. Қазақстанда мұндай интеграциялық бірігулердің оң тəжірибесі бар. Ресей, Беларусь, Қазақстан жəне Литва рыногында жұмыс жасайтын, негізгі қызметі астық өндірісі, оны сақтау, өңдеу  жəне  өткізу  болып  табылатын ресейлік “Настюша” компаниясының Қазақстанда 200 мың га егістігі, 12 ауыл шаруашылық кəсіпорны, 16 элеваторы жəне 1 шошқа кешені бар.

Қазақстан да өз кезегінде Ресейдің агроөнеркəсіп кешендеріне мүдделі. Мысалы, 600 мың га жер қоры бар, 500 мың тонна астық (көбінде 4-ші жəне 5-ші кластағы бидай) алатын, Республикадағы 3 ірі астық өңдеуші компаниялар қатарына кіретін “Иволга-Холдинг” компаниясын айтуға болады. Компания құрамында Ресейдің (Орынбор, Челябі жəне Курск) 10 элеваторы қызмет атқарады. Интеграция негізінде басты астық өндіруші елдердің (Ресей, Украина, Қазақстан) альянсын құрған жағдайда сыртқы нарықта дəнді-дақылдарға жоғары баға қою мен олардың өзара бəсекеге түспеуін қамтамасыз етер еді [7].

Достастық елдеріндегі интеграциялық үдерістердің перспективалы болашағы ет-сүт өнімдері нарығына да қатысты. Құс еті экспортын дамытудың жақсы болашағы Қазақстан, Ресей жəне Украинада бар. Қазақстан 2014 жылға қарай ет экспорты көлемін 64 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан 2009 жылы 900 мың тоннаға жуық таза салмақты ет өндіргенімен, оның өңдеуге жіберілгені 22% ғана. Ресей жылына 1700 мың тонна ет тұтынады, оның 700 мың тоннасы – сиыр еті. 2010 жылы 19 сəуірде Қазақстан жəне Ресейдің ауыл шаруашылығы министрліктері əріптестерінің мəжілісінде Кеден одағы ережесіне сай ет жəне басқа да мал өнімдерін өткізу бойынша əкімшілік-ұйымдастырушылық жұмыстар жүйесін оңтайландыру мақсатында нақты жоспарлар жасалынды

ТМД елдерінің ет-сүт өнімдерін өндіру салаларын дамыту үшін бірыңғай интеграциялық саясат қалыптастыру қажет. Ол өз кезегінде ет-сүт өнімдерін өндіру жəне өткізу саясатын бірлесіп жүргізуге жəне өзара тиімсіз бəсекені болдырмауға мүмкіндік береді. Ресей, Қазақстан жəне Украинадағы құс етінің экспортының өсу қарқыны əлемдік экспортқа қарағанда жылдам артуда. Бірақ бұл елдердің ішкі рыногы əлі де болса импорттық өнімдермен толтырылады.

Бұл жағдай экспорттың төмен деңгейде əртараптандырылғанына байланысты болып отыр. Соның салдарынан еңбек өнімділігі жəне бəсекеге қабілеттілік төмендеп, өнімнің өзіндік құны артуда. Интеграциялық үдерістерді одан əрі дамытуда Кеден Одағының құрылуы маңызды орын алады.

Сонымен, ТМД елдері экономикасының аграрлық саласындағы интеграциялық үдерістерді қалыптастыру мен дамыту еңбек өнімділігінің, өнім сапасының жəне өнімнің бəсекеге қабілеттілігінің артуына, олардың ұлттық экономикасының тұрақты дамуына мүмкіндіктер береді [8].

Өзара  сауданы дамыту,   отандық өнімдердің   бəсекеге   қабілеттігін   арттыру мен инвестициялардың өсуіне жəрдемдесу мақсатында Қазақстан ТМД-дағы ықпалдасу үдерістерінің белсенді қатысушысы болады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресей жəне Беларусьпен Кеден Одағының қалыптасуы мен  дамуы  серпінді  жоба болады. Үш елдің ықпалдасуының  келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру болады.

ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерді қолдай отырып, Республика Бүкілəлемдік сауда ұйымына елдің экономикалық даму басымдықтарына    жауап    беретін    шарттарда кіру үдерістерін жеделдетеді. Қазір əлем жұртшылығын алаңдататын басты мəселенің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін сақтау шараларын сауатты меңгеру болуы керек. Бұл жайында осы аптаның басында халықаралық сарапшы, Лондондағы корольдік университеттің профессоры Рейн Мюллерсон: «Бүгінде əлем ашқұрсақ болудан сақтануы керек. Осыны ойлаған əрбір мемлекет азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, тағамға қатысты тегеуріні мықты арнайы бағдарламалар арқылы жұмыс істеуі тиіс» деген-ді.

Сол-ақ екен біршама елдер азық-түлікке қатысты қатаң талап қоятын шешімдер легін шығарып та үлгерді. Мұны біздің төменгі тізбеміз айқындай түсетіндей. Мысалы, бір ғана маусым айында көршілес ТМД елдері азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мынадай шараларды қарастырыпты:

Ресей үкіметі Қазақстан  мен Белоруссиядан ет-сүт өнімдерін экспорттауға тыйым салды. Ал Қырғыз елі азық-түліктен тарықпау мақсатында Орталық Азия елдері бірігіп, азықтүлік қауіпсіздігі қорын құруды ұсынды. Осы тұста  Ресей  азық-түлік қауіпсіздігін шешудің бір жолы ретінде астық саммитін ұйымдастыру керектігін көлденең тартып отыр. Ал Өзбекстан мен Тəжікстан болса, көкөніс алқаптарын кеңейтіп, сыртқа көкөніс экспорттаудың жаңаша тетіктерін қарастып жатыр.

Мамандар форумның азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты өткен сессиясында өте салмақты пікірлер білдіріп жатты. БҰҰ Азықтүлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры Жак Диуфтың пікірінше, азықтүлік қауіпсіздігі мəселесі Орталық Азиядағы өңірдегі импорттаушы елдерде өте өткір болып отыр. «Соның ішінде Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан секілді астықты сырттан тасымалдайтын елдердегі жағдайға ерекше көңіл бөлу қажет.  Бұлар,  негізінен, ТМД аумағы бойынша дəстүрлі экономикалық қатынастарға тəуелді  елдер.  Бұл  бес мемлекет азық-түлік мəселесін шешу үшін өңірліксаудалық ынтымақтастықты арттыра түскендері дұрыс. Сондықтан да ауыл шаруашылығы инфрақұрылымдарын, сала технологияларын, оны дамыту мен тəжірибелер алмасуды дамыту қажеттігін ескерген жөн» деп атап өтті ол. Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етужəнеболашақтыңсұранысынқанағаттандыру үшін өндірілетін азық-түлікке қолжетімділік барлық елдер бойынша 70 пайызға, ал дамушы елдерде 100 пайызға артуы керек [8].

Қорыта келгенде, азық-түлік қауіпсіздігі жайсыздығы,  əсіресе  бидай  импорты  мен ТМД елдерінің экспортына тəуелді неттоимпортер болып табылатын Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдері үшін  аса  ауыр  тимек.   Бағаауытқушылық   мəселесін   шешу үшін азық-түлік пен ауыл шаруашылығы тауарларының еркін айналымын қамтамасыз ететін аталмыш аймақ елдері арасындағы саудасаттық келісімдері негізінде серіктестік құру мүмкіндіктерін қарастырған жөн. Оған қоса өнім көлеміне ең бірінші əсер ететін ауа райы мен табиғат жағдайына жүргізілетін маниторингтің біріккен жүйесін құру бойынша ынтымақтастық орнату жағы да назардан тыс қалмағаны қажет. Мұндай жұмыс табиғи апаттардың алдын алуға зор мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі, əсіресе асыл тұқымды мал шаруашылығы  бойынша  тəжірибе  алмастығы,шаруа қожалықтарына үнемі қолдау көрсету азық-түлік қауіпсіздігінің басым бағыты болып табылады. Осы тұрғыда аймақтық деңгейде болсын, жаһандық деңгейде болсын, бəріміз өзара тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатқанымыз абзал.

 

  

Əдебиеттер

 

  1. Альбатыров И.Ш. Международное сотрудничество в аграрной сфере. Автореф. дисс. канд. экон. наук. – Санкт-Перербург, 2005 – 181 с.
  2. Бектұрғанов Ə.Е. ҚР-да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық мəселелері.
  3. Талдықорған: ЖМУ. – 2012. – 207 б.
  4. 1999 жылы 16 қазанда Санк-Петербургте ТМД елдерінің Парламент аралық Ассамблеясының мəжілісінде мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі туралы модельдік заңы // Ақпараттық құқықтық жүйесі. – 2013.
  5. Киселев С. Страны СНГ проводят активную аграрную политику// http://www.rg.ru
  6. СНГ. Соглашение об общем аграрном рынке государств-участников Содружества Независимых Государств от 6 марта 1998 г. / Информационная система Параграф.
  7. СНГ. Договор о создании Экономического союза (от 23 сентября 1993 г.) / Информационная система Параграф.
  8. СНГ. Декларации глав государств – участников об основных направлениях развития Содружества Независимых Государств (апрель 1999 г.) // Информационная система Параграф.
  9. Сейдахметов А. Аграрлық саладағы интеграцияның тиімділігі/http://www.egemen.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.