ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексімен сот тергеуін толық көлемде, яғни жалпы тəртіп бойынша жүргізумен қатар, сот тергеуінің қысқартылған тəртібі қарастырылған. Мұндай ерекше тəртіп ҚР ҚІЖК-нің 363-бабымен реттеліп, «Iстiң қысқартылған тəртiппен сотта талқылануы»деп аталынған. Баптың атауы оның мазмұнымен толық сай келмейді, себебі бапта сот тергеуінің қысқартылған тəртібі туралы айтылған. Баптың мағынасы бойынша, сот талқылауының басқа барлық бөліктері, нақтырақ айтқанда, басты сот талқылауының дайындық бөлімі, соттағы жарыссөз, сотталушының соңғы сөзі, үкім шығару толық көлемде жəне жалпы тəртіппен жүргізіледі.
ҚР ҚІЖК-нің 363-бабының новелласы жаңалық болып табылмайды. 16 қазан 1924 жылғы РСФСР ҚІЖК-нің 282-бабының редакциясымен де сот тергеуінің қысқартылған тəртібі қарастырылған. Аталған баптың мазмұны былай бекітілген: «Егер айыпталушы айыптау қорытындысында баяндалған мəн-жайлармен келіскен болса, оған тағылған айыпты мойындаса жəне іс бойынша түсінік берсе, сот əрі қарайғы сот тергеуін жүргізбей-ақ тараптардың жарыссөзін тыңдауға көше алады» [63, C. 171].
Бірақ та Одақтас республикалардың жəне Кеңес КСР қылмыстық сот өндірісінің негіздері қабылдануы кезінде заң шығарушы аталған ережеден толық бас тартты жəне бұл негізсіз болған жоқ. Мұндай норма одақтас республикалардың қылмыстық іс жүргізушілік кодекстеріне, сонымен қатар 1959 жылғы Қазақ КСР қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген жоқ.
Сот тергеуінің қысқартылған тəртібі – жеңілдетілген не болмаса жинақталған, жеделдетілген қылмыстық өндірістің бір түрі. Жеңілдетілген өндіріс институтының қылмыстық процестің тиімділігін арттырудың маңызды тəсілдерінің бірі болып танылатынын атап айту қажет. Ол туралы процессуалист ғалымдар бірнеше мəрте айтқан [64, С. 18; 65, С. 8-10; 66, С. 23; 67, С. 11-12].
Р.Д. Ашировтың пікірінше, жеңілдетілген өндіріс ретінде заңшығарушымен бекітілген істің қозғалуының процессуалдық тəртібін түсіну керек. Бұл бектілген процессуалдық тəртіпке келесідей нысандар тəн: жалпы өндіріс тəртібінен қысқа мерзімді алу, жекелеген сатылардың жоқтығы, жеңілдетілген процессуалдық форма. Бұған қоса мұндағы жеделдетілген өндірістің нысанының барлығы бір мезетте көрініс табуы мүмкін не болмаса əрқайсысы жеке-жеке. Сол себепті де, жеделдетілген өндіріс болып, нысандардың барлығымен қамтылып, сипатталған немесе қысқартылған уақыт, жекеленген сатылардың болмауы, жеңілдетілген процессуалдық форма деген нысандардың ең болмаса біреуін қамтыған өндіріс танылады [68, С. 72].
«Оңайлатылған қылмыстық өндіріс – бұл істі қысқартылған тəртіпте қарау мен жекелеген сатылардың болмауы тəн заңмен бекітілген істі қарау тəртібінің, сонымен қатар оны оптимизациялау мақсатында жекелеген процессуалдық институттар мен нориаларды алып тастау процедурасы. Жеңілдетілген сот өндірісінің мақсаты болып, сот өндірісі процедурасын тездету мен жеңілдету мүмкіндігі, рационализация болып табылады [69, С. 154].
Біздің республикамыздың əрекет етуші заңында жеке айыптау істері (мұнда алдын ала тергеу сатысы жүзеге асырылмайды) бойынша жеңілдетілген өндіріс модельдері қарастырылған. Сонымен қатар алдын ала тергеу əрекеттерін жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізілетін істер (бұл формаға кейбір жеңілдетілген процессуалдық форма жəне өндірістің қысқартылған уақыты тəн). Біздің ойымызша, жеке айыптау істері бойынша өндірісті жеңілдетіп жəне тездетіп жүргізуге болатын сияқты, анықтау нысанында алдын ала тергеу жүргізілетін істер бойынша да өндірісті жеңілдеткен түрде жүргізуге болады. Сонымен қатар бұл қылмыстық сот өндірісінің оптимизациялану мүддесіне қызмет етеді.
Сол себепті де қылмыстық процестің негізгі бастамаларына қарама-қайшы келмеген жағдайда, əділсоттылық кепілін, айыпталушының заңды мүдделері мен құқықтарының процессуалдық кепілдіктерін жеткілікті түрде толық қамтамасыз ету шартын сақтаған жағдай да ғана, өндірістің жеделдетілген институты қылмыстық процестің тиімділігін арттыру тəсілі болып табылады.
Бұл аталған шарттарға сот тергеуінің қысқартылған тəртібі сияқты жеделдетілген өндіріс нысаны сай келе ме, деген сұрақ туындайды. Əрекет етуші қылмыстық процессуалдық заң бойынша сот тергеуінің қысқартылған тəртібінің мəні келесіде:
- Сот тергеуінің қысқартылған тəртібінің ауырлығы орташа жəне үлкен емес қылмыстар туралы істер бойынша ғана қолдануға жол беріледі.
- Істі қысқартылған тəртіпте қарауға болады, тек келесідей шарттар бар болғанда ғана:
а) сотталушымен өз айыбын толық көлемде мойындаған жағдайда, сонымен қатар талап арыз арқылы тағылған талаптарды мойындаған жадайда да;
б) сот өндірісіне дейінгі кезеңдерде қылмыстық процесс қатысушыларының құқықтарына қысым жасаумен байланысты ҚР ҚІЖКмен бекітілген тəртіпті бұзу анықталмаса;
в) қылмыстық процеске қатысушылармен іс бойынша жиналған дəлелдемелердің іске қатыстылығы білдірілмесе;
г) қылмыстық процеске қатысушылармен олардың сот отырысында зерттелуін талап етпесе.
- Сот тергеуінде дəлелдемелерді жинау мен зерттеуге бағытталған тек екі сот əрекетін жүргізу қарастырылған, олар – сотталушыдан жауап алу жəне жəбірленушіден жауап алу.
- Сот үкімі басты сот талқылауындағы сот отырысында зерттелеген, сонымен қатар анықтау өнідірісі барысында алынған жəне де тараптар дауға салмаған дəлелдемелерге негізделеді (ҚР ҚІЖК 311-бабының 3-тармағы).
Сот тергеуінің бұл жаңа тəртібі əділ соттылықты жүзеге асыру кезінде сотпен ұстануға тиісті талаптарға сай келе ме? Мұндай тəртіпнегізсізайыптауданқорғанудықамтамасыз ете ме? Заңдылықтың қатаң сақталуына ықпалын тигізе ме? Сондай-ақ соңында қылмыстың алдын алуға, құқықтық сыйлауды қалыптастыруға көмегін тигізе ме?
Жоғарыда осы көрсетілген сұрақтарға «иə» деп жауап берген жағдайда ғана, істі қысқартылған тəртіпте сотта қарау барысында ҚР ҚІЖК-нің сегізінші бабында бекітілген қылмыстық процестің міндеттерін шешуге мүмкіндігі бар.
Бұл туындаған сұрақтарға жауап беру үшін шағын талдау жүргіземіз.
Біріншіден, қысқартылған тəртіпте қараудың пəні болып, негізінен, қылмыстық істің сотқа дейінгі өндірісі анықтау нысанында жүргізілген істер танылады. Сотқа дейінгі өндірістің бұл нысанына келте, жеделдетілген элемент сай екендігін атап айту қажет. Мұны анықтаудың қысқартылған он күндік мерзімі көрсетіп тұр. ҚР ҚІЖК-нің 286-бабының 1-бөлімінде, ҚР ҚІЖК-нің 117-бабына сай дəлелдеу пəніне кіретін анықтау кезінде дəлелденуге тиісті мəнжайлардың тізімі толық көрсетілмеген. Сонымен, заң айыпталушының жауаптылығы мен сипатына ықпал ететін, оның жеке тұлғасын сипаттайтын, жасалаған қылмыстың зардабын сипаттайтын, қылмыстық əрекетті жоққа шығаратын мəн-жайларды, қылмыстық жауаптылықпен жазадан босатуды тудыратын маңызды мəселелерді сөзсіз қалыптастыруды талап етпей отыр. Ал объективті шындықты орнату қағидасына сай, қылмыстық іс бойынша əрбір қорытынды шешім процесті жүргізуші орган немесе лауазымды тұлғамен тек іс бойынша дəлелдеу пəніне кіретін барлық мəн-жайларды толық анықтағаннан кейін ғана қабылдануы тиіс.
Анықтаужүргізудіңбұлтүрібойыншаөзойын білдіре отырып, Л.Ш. Берсугуров былай деп жазады: «Яғни, қылмыс жасағаны үшін сезіктелген тұлғаны ұстау үшін негіздер мағынасында «Куəгерлер, сонымен қатар жəбірленушілер тұлғаға қылмыс жасаушы ретінде тура көрсеткен кезде» бұл толық көлемде дұрыс болып көрінеді. Бірақ та бұл ереже іс бойынша жеделдетілген өндірісті жүргізу мүмкіндігін берген жағдайда, кəдімгі анықтау өндірісі кезінде жүргізілуге міндетті кейбір жекелеген процессуалдық моменттер қалып қояды. Бұл өз кезегінде, айыпталушы мен сезікті тарапынан өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндіктері мен шарттарының қысқартылуынан тергеушіге кең көлемдегі құзырет берілетінін білдіреді» [70, С. 16].
Сот тергеуінің қысқартылған тəртібі өз кезегінде жоғарыда келтірілген мəн-жайлардың орнатылуын болжамай қоймай, олардың орын алу мүмкіндігін де қарастырмайды. Өйткені бұл үшін жəбірленуші мен сотталушыдан сот тергеуі кезінде жауап алу арқылы алынған фактілі деректер жеткіліксіз. Сотталушының жеке тұлғасын сипаттайтын, оның жауаптылығының сипаты мен деңгейіне ықпал ететін мəн-жайлар сияқты мəліметтерді зерттеуге, яғни жаза тағайындау кезінде тікелей ескерілуге тиісті мəліметтерді зерттеуге бекітілген шектеулер, үкім бойынша тағайындалған жазаның сотталушы тұлғаға қатысты сəйкес тағайындалмағанына алып келуі мүмкін.
Ал бұл ҚР ҚІЖК-нің 414-бабына сай, бірінші инстанция соты үкімінің өзгертілуіне не болмаса алынып тасталу негіздерінің бірі болып танылады. Екіншіден, қылмыстық іс бойынша анықтау жүргізілу кезінде, жəбірленушіден (куəдан) тек ҚР ҚІЖК-нің 286-бабының 6-бөлімінде көрсетілген жағдайларда ғана жауап алынады. Басқа жағдайларда жəбірленуші мен куəгерлерденсұрауалунəтижесіанықтаматолтырумен жүргізіледі. Анықтамада бұл тұлғалардың қылмыс туралы ақпаратты білу деңгейі мен сипаты көрсетіледі. Анықтау өндірісін жүргізу кезінде өзге тергеу əрекеттерін жүргізуге рұқсат беріп, неліктен заң шығарушымен жауап алу сияқты маңызды тергеу əрекетін сұрау жүргізумен алмастырғаны түсініксіз, оған қоса сұрау алудың нəтижесін анықтамада бекітуге рұқсат еткен. Бұл күмəнді құжат жəбірленуші мен куəнің хабарламасын сөзбе-сөз бекітуді талап етпейді, демек, қажеттілігі бойынша интерпретациялануы мүмкін ақпараттың шындыққа сəйкестілігіне кепіл жоқ. ҚР ҚІЖК-нің 126-бабының бірінші бөлімінде: «Іс жүзіндегі деректер іс жүргізу іс-əрекеттерінің хаттамаларында көрсетілгеннен кейін ғана дəлелдеме ретінде пайдаланыла алады» делінген, демек, анықтамада келтірілген мəліметтер қандай деңгейде жəне қалайша дəлелдемелер ретінде қолданылуы мүмкін?
ҚР ҚІЖК-нің 311-бабының үшінші бөлімінің редакциясы сот тергеуінің қысқартылған тəртібінде сот үкімін анықтау өндірісінде жиналған, алынған дəлелдемелерге жəне оларға сотта тараптармен қарсылық келтірілмесе негіздеуге рұқсат етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе келесідей қорытындыға келуге болады: қысқартылған тəртіпте істі сотта қарау кезінде сот үкімін дəлелдеме ретінде қолданылуға болмайтын фактілі деректерге негіздейді. Мұндай сипаттағы фактілі деректер сотта зерттелмейді, ал бұл өз кезегінде сот тергеуінің туралығы мен тікелей жүзеге асырылу қағидасына қарсы келеді. Аталған қағида іс бойынша тек соттың жеке өзі жəне тікелей сот отырысында іс бойынша барлық дəлелдемелерді зерттеуі тиіс жəне осы зерттеудің нəтижесінде пайда болған өзінің тұжырымдамасы негізінде дəлелдемелердің шындыққа сай келуі туралы, қылмыстың жасалғандығының дəлелденгені жəне сотталушының кінəлілігі немесе кінəлі еместігі туралы қорытынды жасауы тиіс. Сот тергеуінің тікелей жүзеге асырылу қағидасы сот талқылауы үшін маңызды ережені анықтайды. Егер олар сот отырысында сотпен тексерілмеген болса, ол ережеге сай үкімнің негізіне алдын ала тергеу құжаттары басшылыққа алынбайды.
Үшіншіден, сот тергеуінің қысқартылған тəртіпте жүргізілуі туралы сұрақты шешу барысында, сотталушының өз кінəсін толық көлемде мойындау фактісі басты назарға алынады. Сонымен, сотталушының өз кінəсін толық мойындауына «дəлелдемелер ханшайымы» рөлі беріледі. Сотталушының мойындауын жамыла отырып, сот процестің мүдделі қатысушысы болып табылатын жəне дəлелдемелердің əрі қарай зерттелуінен бас тартатқан жəбірленушіден жауап алумен шектеледі. Бұл, яғни сот тергеуінің қысқартылған тəртіпте жүргізілуі, ҚР Конституциясының 77-бабында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің басты, маңызды қағидаларының бірі – кінəсіздік презумпциясы қағидасының бұзылуын білдіреді. Аталған маңызды қағиданың ережесінің біріне сай:
«Айыпталушының кінəлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі. Қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану кезінде пайда болған күмəндар да айыпталушының пайдасына шешілуі тиіс». Қарастырылып отырған тəртіпте кінəсіздік презумпциясы өзінің қарама-қайшы ұстанымына айналады, яғни сотталушының өз кінəсін мойындау шындығының презумпциясына, мұнда айыпталушы өзінің кінəлілігін дəлелдейді.
Əрине, сотталушыға жасаған əрекеті үшін қудаланып, айыпталуы үшін дəлелдеуді анықтау мақсатында сотталушының өзінің кінəсін мойындауы өте маңызды, дегенмен де тек сотталушының өзінің кінəсін мойындауы оны кінəлі деп тану туралы сұрақтың шешілгенін білдірмейді.
Айыпталушының өз кінəсін мойындаудың дəлелдемелік маңызының шамадан тыс бағалануы, сотпен қате жіберу қаупін туғызады. Сотталушының өз айыбын мойнына алуына байланысты сот тергеуін қысқарту, бұл мойындаудың дəлдемелік маңыздылығы асыра бағаланып, басқа дəлелдемелер қатарындағы оның рөлі негізсіз кеңейтілетінін білдіреді. Бұл сотпен үкім шығару кезінде дəлелдемелерді бағалауда жағымсыз көрініс береді. Сотталушының өз айыбын мойнына алуы қылмыстық іс бойынша жалғыз жəне шешуші дəлелдеме бола алмайды. Сот практикасы сотталушының жалған түрде өз кінəсін мойнына алудың көп жағдайын басынан өткерді. Жалған түрде кінəні мойындаудың ниеттері əртүрлі болады [71, С. 125].
Құқықтық мемлекетің қалыптасуы барысында кінəсіздік қағидасының мағынасы туралы айта отырып, К.А. Бегалиев былай деп белгілейді: «Тоталитарлық қоғамда «айыптау бағыты» көптеген заңдылықтың бұзылуы жəне сот қателіктерімен байланысты. Құқық қорғау жəне сот органдарымен қылмыстық сот өндірісінде кінəсіздік презумпциясы қағидасының қатаң түрде сақталуы азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуына ықпалын тигізеді, оларды негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартудан сақтайды, қорғайды жəне де соңында Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасуына септігін тигізеді» [72, С. 54].
Сот тергеуінің қысқартылған тəртіпте жүргізілуіне қарсы болған И.Д. Перлов былай деп көрсеткен: « Сотталушының өз кінəсін мойындауына не болмаса мойындамауына байланысты маңызды сұрақ шешіледі. Ол – жалпы сот тергеуін жалғастыру керек пе не болмаса одан бас тарту қажет пе? Сотталушының өз кінəсін мойындауына мұндай құрылымдағы сот процесіне ерікті не еріксіз түрде үлкен мағына беріледі; ол сот пен сот тергеуі барысында басқа дəлелдемелерге қарағанда мықты күшке ие тексеріліп зерттелген басқа дəлелдемелермен салыстырылып қайта бағаланады да, кəдімгі дəлдемелердің күшіне ие болады.
...Сот, сот талқылауына қатысушы тараптар тергеу органдары сияқты өздерінің процессуалдық қаруларын «шүбəсіз, шынайы» дəлелдеменің алдындағындай, себебі сотталушының берген жауабының, жалпы өз кінəсін мойнына алған сотталушының жауабының дəлелдемелік күшін кез келген тұрғыда қайта бағалау шындығында сотпен жіберілетін қателіктерге алып келуі мүмкін жəне де алып келеді» [73, С. 60].
Төртіншіден, ҚР ҚІЖ-нің 363-бабының үшінші бөлімінде былай делінген: «Істі сотта талқылаудың қысқартылған тəртібі сотталушы мен жəбірленушіден жауап алудан тұрады. Сот жарыссөзі жəне қаралған істі аяқтау осы Кодексте белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Қысқартылған сот талқылауы он күн мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дəлелді қаулысымен ұзартылуы тиіс». Бұдан шығаратын қорытынды – сот тергеуі барысында толық көлемде жүргізілуге тиісті өзге процессуалдық əрекеттер, істі сотта қысқартылған тəртібінде қарауды жүзеге асыру барысында жүргізілмейді. Нақты осынысымен сот тергеуін тағайындау құнсызданады. Мұндай сипаттағы сот тергеуінде істің мəні бойынша фактілі мəн-жайлар толық зерттелмейді жəне қылмыстық сот өндірісінің істің мəн-жайын жанжақты, толық жəне объективті зерттеу қағидасы бұзылады.
Мұның барлығы соттың қызметін бос формальды қалыпқа түсіреді, жүргізілген анықтау əрекеттерінің нəтижесін көшіре отырып, əділсоттылықпен ешқандай байланысы болмайды.
Істі сотта қысқартылған тəртіпте қарау процесі тек айыптау үкімін шығаруды шамалайтынын байқайық, демек, тұлғаның кінəсіздігінің мүмкіндігі туралы сұрақ мүлдем талқылануға жатпайды.
Нəтижесінде, істің мəн-жайын жан-жақты, толық жəне объективті зерттеу қағидасына екі рет соққы тиеді: біріншісі – анықтауды жүргізу кезінде; екіншісі – сот тергеуінің қысқартылған тəртібінде жүзеге асырылу кезінде.
Ситуацияны күрделендіріп көрейік: сотталушы қылмыстық істі оның қатысуынсыз қарауды жүргізуі туралы өтініш жазады. ҚР ҚІЖК-нің 315-бабының екінші бөліміне сай, сотталушы болмағанда істі талқылауға, егер ол (сотталушы) ауырлығы шағын қылмыс жасаған үшін (яғни, бұл қысқартылған сот тəртібінде қарауға мүмкін іс) айыпталған болса жол беріледі. Ал егер де сотталушы ҚР ҚК-нің 109-бабында көрсетілген негіздер бойынша айыпталған болса, яғни денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтірсе, істі сотта қарау кезінде сот тұлғаның кінəлілігіне қатысты қандай дəлелдемелерге сүйенеді? Анықтау өндірісінің өте қысқа мерзімін (он күн), анықтаушының жұмысының көптігін жəне де субъективті себептерге жатқызуға болатын өзге де бір қатар себептерді ескере отырып, қылмыстық істің құжаттары, ең дұрысы мынадай дəлелдемелермен қамтылуы тиіс: оқиға болған жерді қарау хаттамасы, сезікті ретінде жауапқа тарту хаттамасы; жəбірленушіден (куəдан) сұрау анықтамасы, сарапшының қорытындысы, соттылық туралы анықтама жəне мінездеме. Бұл жердегі анықтама сөз бе сөз толтырылуы міндетті емес, тек жəбірленуші мен куəнің қылмыс туралы мəліметті білу деңгейінде жəне өз пікірлері сипатында толтырылады.
Сотта зерттелетін дəлелдемелер шеңбері де шектеулі: анықтау өндірісі кезінде сотталушымен берілген мəліметтер жарияланып, жəбірленушіден жауап алынады. Мұнда үкімнің қаулысы құрастыру үшін сот кеңесі бөлмесіне кетер алдында тұлғаның кінəлілігіне қатысты қандай дəлелдемелер иеленеді? Фактілі тұрғыдан қарасақ, жалғыз ғана дəлелдеме бар, ол – жəбірленушінің жауабы. Процессуалдық күшіне сай жəбірленуші істің жүргізілуіне қызығушылық білдіретін тұлға (дəлелдемелер теориясына сай, жəбірленушінің жауабын бағалау кезінде бір жағынан оның қызығушылығын, екінші жағынан, оның берген жауабының шынайылылығына əсер етуі мүмкін болатын жəбірленушінің қылмыстық іс құжаттарымен танысқанын ескеру қажет). Сотталушымен алдын ала тергеу сатысында берілген жауапты жариялау бос формальды сипатқа ие болады, өйткені сотталушының қатысуынсыз істі сотта қараумен байланысты, бұл дəлелдемелерді зерттеу біржақты тəртіпте, яғни тек айыптау тарабымен ғана жүргізіледі.
Осы айтылғандарға байланысты келесідей қорытынды туындайды, яғни сот тергеуінің мұндай қысқартылған тəртібінде дəлелдемелерді зерттеудің жан-жақтылығы бір жақтылықпен алмастырылады, дəлелдемелерді толық зерттеудің орнына шектеулі зерттеу келеді.
Осыған байланысты, біз А.С. Нуралиевамен толық келісеміз, өйткені ол сот сатыларында қандай да бір қысқартуларға қарсы келе отырып, былай деп көрсетеді: «Сот тергеуінің қысқартылған тəртібін реттейтін ережелер қылмыстық процестің маңызды қағидаларына қайшы келеді. Олар: кінəсіздік презумпциясы, істің мəн-жайын жан-жақты, толық жəне объективті зерттеу қағидасы, сот талқылауының тікелей жүргізілу қағидасы.
Əділсоттылық қағидалары бір тұтас жүйені құрады. Олар өзінің мəні мен тағайындалуы бойынша біртұтас. Əр қағиданың өзіндік жеке мазмұны болса да, барлық қағидалар бірбірімен өзара үздіксіз байланыста əрекет етеді. Əділсоттылықты жүзеге асыру барысында, тіпті, болмаса қағидаларының біреуінің талаптарын елемеуге не болмаса ескермеуге жол берілмейді» [35, с. 127].
1923 жылғы РСФСР ҚІЖК-нің 282-бабында бекітілген сот тергеуінің қысқартылған тəртібін зерттей отырып, Я.О. Мотовиловкер келесідей сұрақтарды қойды: «РСФСР ҚІЖК-нің 282-бабымен ұсынылған ереже бойынша соттың құқығы тəжірибеде қолданылмайтыны, ал осы ережемен бекітілген сот тергеуінің тəртібі қылмыстық процесс теориясында қолдау таппайтынын немен түсіндіруге болады? Неліктен, сот тергеуінің қысқартылған тəртібімен келіскеннің өзінде де, нəтижесінде сот тергеуі тек сотталушыдан ғана жауап алуына алып келетін сот процесінің қысқартылуы қарсылық білдіру мүмкіндігін тудырады?» – дей отырып, соңында сот тергеуін қысқарту туралы сұрақ бойынша келесідей қорытындыға келді: «Советтік қылмыстық процестің негізгі қағидаларының бірі – істің мəнжайының жан-жақты, толық зерттелу қағидасы. Қылмыстық істегі барлық дəлелдемелер сот отырысында зерттелуге жəне тексерілуге ұшырайды. Сотталушының кінəлілігі не болмаса кінəлі еместігі туралы сұрақ, сотталушының соңғы сөзі тыңдалғаннан кейін соттың кеңесу бөлмесінде сотпен алқалы түрде шешіледі. Істің мəн-жайын жан-жақты, толық зерттелу қағидасына сай тергеу органдары мен сот іске қолдағы бар барлық дəлелдемелерді тартуға міндетті. Егер басқа дəлелдемелер істен алынып жəне белгілі бір мəнжайларды түсіндіру мақсатында қосымша куəлар мен сарапшыларды шақырту іс үшін маңызды болатын болса, сотталушының қосымша куəлар мен сарапшыларды шақырту туралы, басқа дəлелдемелерді істен алып тастау туралы өтініштері қанағаттандырылуы тиісті. Сонымен қатар барлық жағдайда да сөз тергеуді қысқарту туралы емес, керісінше, оның кең көлемде толық жəне жан-жақты жүргізілуі туралы сөз болып отыр. Шындықты анықтау үшін іске қатысы бар артық дəлелдеме емес, керісінше оны іске тарту мүмкіндігі бола отырып, ондай дəлелдеменің істе болмауы қауіпті болып танылады. Нақты сол себепті процессуалдық теория, сот тəжірибесі жəне əрекет етуші заң сот тергеуін қысқарту сұрақтарына емес, керісінше оның толық жəне жан-жақты қамтамасыз етілуіне басты назар аударады» [74, с. 49-50].
Осы айтылғандардан еріксіз қорытынды шығады да, оны Р.Д. Аширов келесідей мəтінде ұсынады: «Қылмыстық процесте қысқартылған өндірісті қолдану кезінде қандай да бір əрекеттерді қысқарту жалпы тəртіптен сотқа дейінгі сатыларға қатысты қолданылуы жəне сот талқылауының сатыларында мұндай қысқартуларға жол берілмеуі тиіс. Мүмкіндігінше мұндай қысқартулардан бұдан кейінгі сатыларды да, соның ішінде кассациалық өндіріс сатысында да бас тарту қажет» [68, с. 72].
Қорытындысында, қысқартудың тиімді нысанын дұрыс анықтаған жағдайда жеделдетілген өндіріс институты қылмыстық процестің бастауларының негіздеріне қайшы келмейді, бұған қоса қысқарту, іс бойынша басты сот талқылауы сатысында өндірісті жеделдету, нақтырақ айтқанда, сот тергеуін қысқартуға мүлдем жол берілмейді деп айтуға болады. Іс бойынша өндірістің тез жүргізілуі іс үшін маңызы бар барлық мəн-жайларды жан-жақты, толық, объективті зерттеуіне қарсы болмауы керек жəне болуы мүмкін емес.
Əдебиеттер
- Уголовно-процессуальное законодательство СССР и союзных республик. Сборник (Основные законодательные акты) / Под ред. Д. С. Карева. – М.: Госюриздат,1957. – 507 с.
- Пашкевич П. Ф. Процессуальные формы уголовного судопроизводства нужно дифференцировать //Социалистическая законность. – № – 1974.
- Якуб М. Л. Порядок уголовного судопроизводства следует дифференцировать //Социалистиче-ская законность. – № 1. – 1975.
- Арсеньев В. Д. Упрощение неравнозначно упрощенчеству //Социалистическая законность.– № 3. – 1975.
- Рахунов Р. Д. Дифференциация уголовно-процессуальной формы по делам о малозначительных преступлениях //Советская юстиция. – № – 1975.
- Аширов Р. Д. Институт ускоренного производства как средство повышения эффективности советского уголовного процесса //Вопросы эффективности советского уголовного процесса: Сборник статей. Казань: "Изд-во Казанского университета", 1976. – 159 с.
- Рустамов Х. Ц. Уголовный процесс. Формы. – М. : Закон и право. ЮНИТИ, 1998. – 304 с.
- Берсугурова Л. Ш. О состоянии действующего уголовно-процессуального законодательства //Право и государство. – 1997. – № 4. – С. 13-1.
- Ульянова Л. Т. Оценка доказательств судом первой инстанции. – М.: Госюриздат, – 168 с.
- Бегалиев К., Шестаков А. Презумпция невиновности //Мысль. – № – 1993. – С. 51-54.
- Перлов И. Д. Судебное следствие в советском уголовном процессе. – М.: Госюриздат,– 248 с.
- Роль судебного следствия во всестороннем, полном, объективном исследовании доказательств по уголовному делу. Дисс. Нуралиевой А. С к. ю. н. – Алматы, 1999. – 141 с.
- Мотовиловкер Я. О. Показания и объяснения обвиняемого как средство защиты в уголовном процессе. – М.: Госюриздат, – 180 с.