Есірткі, жүйкеге əсер ететін зиянды заттарды құқықтық реттеудің мəселелері

Қазақстан Республикасының Ата Заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген [1]. Қазақстан зиялы, демократиялық жəне тəуелсіз құқықтық мемлекет ретінде, дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі бола тұрып, есірткі заттардың заңсыз ай налымына қарсы белсенді түрде күрес жүргізуде. Егеменді еліміздің ертеңгі күнінің ескегін есетін өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына сай тəрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мəселесіне айналып отыр. Өмір сүріп отырған ортаны жақсартып, жастардың теріс құбылысқа бой ал дырмауы үшін жанжақты тəрбие жұмыстарын жүргізіп отыруы қажет. Соңғы жылдары жастар арасында тəртіп бұзушылықтың сан алуан түрі, əсіресе нашақорлыққа қатысты қылмыс қарқын алып барады.

Дана  халқымыз салауатты  өмір   сүруді «Тазалық – саулық  негізі, саулық – байлық негізі» деген мақалымен нақтылаған. Ал жан тазалығының негізі – салауатты өмір сүру. Наша қорлыққа салыну тек жеке адамның денсау лығына ғана зиян келтірмейді, ол қылмыс қаапарарбірденбір жол. Еңқауіптісісол– ұлттың рухани азғындауына əкеліп соқтырады. Сондай ақ нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан əрі таралуына тиімді мемлекеттік жəне қоғамдық қарсы əрекет жасау жүйесін құру мақсатында, Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизесіне қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады [2,104 б.].

«Бизнес» жеке пайдамен жəне кəсіпкерлік əрекетпен байланысты коммерция, сауда жасау ісі деп түсініледі. Қазіргі таңда түрлі авторлардың есірткі бизнесіне берілген түсініктеріне едəуір пікірталастар болып жатыр.

Нашақорлықтың еліміздің кеңістігінде кеңінен таралуын нақты түсіну үшін,  белгілі бір уақыттағы жалпы есірткіге байланысты қылмыстардың динамикасын жəне оның негізгі құрылымлық көрсеткіштерін, осыған жол беретін себептері мен жағдайларын анықтау ке рек. Нашақорлықтың жайкүйіне есірткіге бай ланысты қылмыстардың жоғары латенттілігінің деңгейі мен есірткі топтарының ұйымшылдығы əсер етіп отыр.

Т.Б. Тоқаловтың пайымдауынша, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар басқа да тіркелетін қылмыстардың түрлеріне қарағанда ең жоғары латенттілік дəрежеге жетеді. Осы мəнжайлар елімізде есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы əрекеттердің əлі қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан елімізде есірткі заттардың заңсыз айналымымен жүргі зіліп келе жатқан күрес жалпы нашақорлықтың шынайы деңгейін көрсетуді талап етеді. Ол үшін, ең алдымен, латенттіліктің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін, есірткінің заңсыз айналы мымен байланысты қылмыстардың толық жəне дəлелді ақпараттарын алу керек деген анықтама берді [ 3, 91].

Ресейлік ғалым В.И. Осиповтың пікіріне сүйенсек, есірткі бизнесі – нəтижесінде заңсыз жəне өте көп мөлшерде пайда түсіретін есірткі кұралдарының немесе адамның санасезімін бұзатын химиялық заттардың заңсыз əрекеті. Со нымен қатар есірткі заттардың немесе адамның жүйке жүйесіне əсер ететін химиялық заттардың заңсыз айналымы – есірткі заттарды тасымалдау, иемдену, сақтау.

Н.М. Əбдіров тұжырымдамасы бойынша есірткі заттардың ішкі базарын құрайтын негізгі компоненттердің бірі ретінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру себеп болып отыр деп тұжырымдама жаса ды [4,43].

Есірткі бизнесі мен есірткі  заттардың заңсыз айналымының түсінігін салыстыра келе, олардың айырмашылығы мен ұқсастығына назар аударар болсақ, олардың бірденбір ұқсастығы – халықтың денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған, пайда табу мақсатында жа салады, ал айырмашылығына келсек, олардың айырмашылығы, есірткі бизнесі тек ұйымдасқан топпен пайда табу мақсатында жасалып, онымен айналысушылар өзінің жеке басына есірткі зат тарды тұтынбайды, ал есірткі заттардың заңсыз айналымымен айналысушылар (дайындаушы лар, иемденушілер, сақтаушылар, тасымал даушылар, жөнелтушілер немесе сатушылар) есірткі заттарды өзінің жеке басына тұтыну үшін де сатып алады.

Есірткі – бұл адамның көңілкүйін, сана сезімін, мінезқұлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.  Ол  адамның  есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз  өмір  сүре  алмайтын   бейшара хал ге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз əлеуметтік дерт [5,17].

Белгілі  зерттеушілер  (В.Б.  Альтшулер, А.В. Надеждин, Н.В. Веселовская, А.Н. Гаран ский, А. Данилин, И. Данилина, Н.Н. Ивано вец, Т.В. Килименко, А.А. Козлов, А.Е. Кова ленко жəне т.б.) қазіргі заманда есірткінің адам баласына келтіріп отырған ауыр зардаптарын жанжақты зерттеп, оның қазіргі кезде ең өзекті мəселеге айналғанын дəлелдеп отыр.

Есірткі заттар мен жүйкеге əсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты ісəрекеттер халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың түріне жатады. Осыған байла нысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259265баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген [6].

«Есірткі заттар, жүйкеге əсер  ететін  зат тар айналымын мемлекеттік реттеудің жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдала нылуына қарсы ісқимыл шаралары» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі ар наулы  заңымен  «Бақылауға  жататын есірткілік заттар, жүйкеге əсер ететін құралдар жəне прекусорлар туралы» Қазақстан  Республика сы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурызда (№186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы есірткі заттар туралы бірыңғай Конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сəйкес, 1971 жылғы психотроптық заттар тура лы Конвенцияға, БҰҰның есірткі заттардың жəне жүйкеге əсер ететін заттардың заңсыз ай налымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы Конвенцияға негізделіп қабылданған.

Аталған заң есірткі заттардың жəне жүйкеге əсер ететін құралдардың, прекусорлардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы ісқимыл шараларын, сондайақ мемлекеттік саясатты құқықтық реттеуді, қоғамдық жəне мемлекеттік қауіпсіздікті, азаматтардың денсау лығы мен нашақорлыққа түсуі жағдайын реттейді.

Қазақстан  Республикасының 1998  жылғы 10 шiлдедегi «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iсқимыл ша ралары туралы» заңының 1бабындағы түсінік бойынша:

Есірткілер – есірткі немесе психотроптық заттар ретінде жіктелген, оларды теріс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықти мал қаупі бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есірткі, психотроп тық заттар мен прекурсорлардың тізіміне ен гізілген өсімдіктер, заттар немесе препараттар.

Есірткі  жəне психотроптық зат тектестер құрылымы мен қасиеттері жағынан І, II, III кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, еліртетін, күйзелтетін немесе алған елес күйіне түсіретін, химиялық құрылымы мен қасиеттері бар, оларды теріс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті жəне осы заңмен, БҰҰның халықаралық Конвенцияларымен есірткі немесе психотроптық заттар ретінде бекітілмеген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар [7].

Жүйкеге  əсер  ететін  заттар  –  1971 жылғы «Жүйкеге əсер ететін құралдар туралы» Конвенцияға, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен, Қазақстан Респу бликасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысына түзетулер жөніндегі 2000 жылғы  1  қарашадағы №1647  қаулысында тізім жасалып, бақылауға алынған есірткілік заттар, прекусорлар, синтетикалық немесе табиғи тек тес заттар.

Прекусорлар – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен, БҰҰның 1988 жылғы «Есірткі заттардың  немесе  жүйкеге əсер ететін құралдардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» Конвенцияда, Қазақстан Республикасының заңының тізімінде көрсетіліп, бақылауға алынған есірткілік заттар, жүйкеге əсер ететін құралдар жəне прекусорларды өзгерту, дайындау, өндіру кезінде пайдаланыла тын заттар.

Есірткі адамның сезімін толықтай жан сыздандырады. Нашақорлар есірткіні көптеп қолданғаннан кейін ағзасы əбден үйреніп, ағзадағы эфория жоғалады да, нашақордың өмір сүру құралы тек есірткі болады.

Есірткі заттардың заңсыз айналымы деп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259бабына сəйкес «Есірткі заттарды немесе жүйкеге əсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту неме се сатуды» түсінеміз [6].

Апиынды көкнəр жəне майлы көкнəр (Ра рауег) Түркияда, Тəжікстанда, Ауғанстанда, Иранда, Үндістанда өсіріледі. Негізгі өнім, яғни апиын піспеген қорапшасын тілу арқылы алы нады, тіліктен сүт тəрізді (латекс) ағып шығады. Одан шикі апиын алынады. Шикі апиыннан бастапқы морфин алынады, бастапқы морфин нен героин өндіруге болады.

Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа мен Америка елдеріне заңсыз есірткі заттарды тасымалдаудағы бірденбір транзиттік «ко ридор» болып отыр. Республиканың ТМД елдерімен шекаралас жатқан елдері Қазақстан арқылы апиын, героин, каннабисті «Алтын жар ты ай» (Ауғанстан, Пəкістан, Иран) жəне «Алтын үшбұрыш» (Мьянма, Тайланд, Лаос) елдерінен Ресей, Украинаға, Балтық елдерінен Шығыс пен Батыс Еуропаға кетіп жатыр.

Бүгінгі таңда есірткі бизнесі, заңсыз есірткі айналымы мен қылмыс санының өсуінің арасын да тікелей байланыс бар деп айтуға болады.

Өкінішке орай, Қазақстандағы есірткі жағдайына халықаралық есірткі бизнесінің ықпалы күнненкүнге күшейіп келе жатыр.

Мысал ретінде, елімізде заңсыз есірткі опера цияларын жасағаны үшін шетел азаматтарының (Ауғанстан,  Нигерия, Бразилия,Қытай)  ұсталуы соңғы кезде жиіленгенін айтуға болады. Есірткі бизнесімен айналысушылар арасында балалы əйелдер де есірткі тасымалдаушы ретінде пай даланылады. Бұл қауіпті тəсілмен айналысуға итермелейтін – қазіргі уақыттағы мұңмұқтаждық, сондайақ өсімдік тектес есірткінің шикізат базасы. Бұған дəлел орасан зор аумақтағы Шу алқабындағы жабайы өсетін зығыр, Алатау баурайында  өсетін қырықбуынды талшық жəне   республиканың   оңтүстік   аймақтарында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге байланысты қылмыстардың кеңінен таралуы [8, 86 б.].

Қорыта келе, есірткі – бұл адамның көңіл күйін, санасезімін, мінезқұлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.   Есірткі аса қауіпті, айығуы үмітсіз əлеуметтік дерт осы дерттерге шалдығуға жол бермеу жəне оның ал дын алу мақсатында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, қатаң жазалау қажет.

 

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). – Алматы: Жеті Жарғы, 2011. –40 б.
  2. Назарбаев Н. Ə. Қазақстан2030. – Алматы, 2001. –104 б.
  3. Токалов Т.Б. Установления уровня латентности преступлений, связанных с незаконным оборотом наркотиков. – Алматы, 2006. –270 с.
  4. Абдиров Н.М. Концептуальные проблемы борьбы с наркотизмом в Республике Казахстан . – Ал маты: Баспа. – 2004. – 403 с
  5. Субханбердина Ə.С. Есірткі қазіргі заман келесі. – Алматы: Ғылым. – 2002. –183 б.
  6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1997 жылғы 16 шiлдедегi №167 Кодексi (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 06.10 ж. жағдайы бойынша енгізілген).
  7. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен терiс пайда ланылуына қарсы iсқимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi№2791 Заңы (2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулар).
  8. Смағұлов А.А. Есірткі заттарды тұтынуға көндірумен күрестің қылмыстың құқық жəне криминалогиялық проблемалары. – Қарағанды, 2005. –529 б.

 

Жыл: 2013
Қала: Алматы
Категория: Құқық