Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асыру мəселелері

Дүниежүзін толғандырып отырған сұрақтардың алдынғы қатарында экология мəселесі тұр. Қазіргі таңда қоғамды, экономиканы экологияландыру қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында қоғамды экологияландыру деп – адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру процесі, ал экономиканы экологияландыру өндірістің табиғатты қажетсінуін төмендету жəне зат пен энергия алмасу биосфералық процестеріне экономиканың əсер етуін азайту арқылы тұрақты экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды жəне ресурстық экологиялық тепетеңдікті қамтамасыз ету, құқықты экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі экожүйе қағидатын ескеру болып табылады жəне заңнамасын жетілдіру, жүйеге келтіру жолымен жүзеге асырылады [1]. Тұжырымдамаға сəйкес, атқарылған жұмыс аз емес. Қоғамдық қатынастардың жалпы демократиялық негіздері Конституцияда жазылған, оған: заң, бостандық, жауапкершілік бірлігі, қоғамдық пікірді ескеру, азшылықтың өзіндік көзқарасқа құқығы, жариялылық болып табылады.

Осыған сəйкес ҚР Конституциясының 23-бабында, ҚР азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар жəне ондай қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттелінеді делінген. Сондай-ақ, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадығы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды [2]. Қоршаған ортаны қорғау жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде жалпыға ортақ нормалардың сақталуын, қоршаған ортаға келтірілетін кері əсерді азайту, келтірілуі мүмкін зиянды болжап, келтірілген зардапты бағалауды жүзеге асыратын салалардың бірі экологиялық сараптама.

Экологиялық сараптама – адам іс-əрекеттерінің табиғатқа зиянды əсер етуіне жол бермеу жəне табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау, яғни көзделiп отырған шаруашылық жəне өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сəйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз əсерлерiнiң жəне солармен байланысты əлеуметтiк зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске қосуға жол берiлуiн айқындау [6].

Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан  қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тəуелді болмауы жəне іс-əрекеттерді кешенді түрде жүргізу.Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық жəне өзге де қызметтi азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөнiндегi қоғамдық мүдделердiң сақталуы тұрғысынан қарайды.

Қоғамдық экологиялық сараптама – қоғамдық бiрлестiктер құратын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi [3].

ТМД елдері арасында Қазақстан Республикасы қоғамдық экологиялық сараптаманы заңнама негізінде алғашқы болып қарастырған [5]. Мемлекеттік экологиялық сараптама барлық ауылшаруашылық қызметінің түрлеріне міндетті болып саналады, ал қоғамдық сараптама болса мемлекеттің дамуында ат салысудың  бір нысаны болып есептеледі.Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізетін комиссия қоғамдық бірлестіктермен құрылады. ҚР Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңына сəйкес, қоғамдық бірлестіктер деп – Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кəсiптiк одақтар жəне азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Қоғамдық жəне мемлекеттiк институттардың қосылуына, мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне жəне қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге жəне қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiң қаржыландыруына жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы жəне өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн [4]. Қазақстанда мұндай экологиялық бірлестіктері мен ұйымдар жеткілікті, олардың қызметі экологиялық қауіпсіздікті қаматамасыз етудегі шараларға ат салысу, бақылау, яғни қоғам мүддесін қорғау болып табылады. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың құқықтары мен мүддесін қорғаудағы өкіл ретінде болғандықтан бейресми түрде эколог-мамандар мен ғалымдардың, жеке мемлекет қайраткерлерінің қолдауын табуда. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi iске асырылған жағдайда мүдделерi қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бiрлестiктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкiн.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық бiрлестiктер, олардың атынан экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiледi жəне сараптама комиссиясының қызметiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолданылады. Яғни, заңда көрсетілген талаптарға сəйкес қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру, қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нəтижелерi туралы жұртшылықтың хабардар етiлуiн жəне қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын əзiрлеуде қоғамдық пiкiрдiң есепке алынуын қамтамасыз етуге, қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделi тараптар үшiн ашық болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Жəне тапсырыс берушiден қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттар мен материалдар сұратуға, сараптама жүргiзу үшiн сарапшылық комиссия құруға, қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергiлiктi атқарушы органдарға жəне қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы бар.Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргiзу туралы өтiнiш тiркелген жағдайда жүзеге асырылады. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу туралы өтiнiштi оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектiсiнiң қызметi жоспарланып отырған жергiлiктi атқарушы органдарға бередi, өз кезегінде бұл орган өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оны тiркеуге немесе тiркеуден бас тартуға мiндеттi.

Өтiнiште:

  • қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;
  • қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметiнiң сипаты;
  • қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мəлiметтер;
  • қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi туралы мəлiметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.

Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы қаралатын мəселе бойынша ғылыми жəне практикалық бiлiмi бар жəне сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргiзуге тартқан жеке тұлғаны айтамыз [4].

Көбіне қоғамдық экологиялық сараптама формальді бекітілген экологиялық сараптама түрі ретінде қарастырылды, себебі келесідей бекітілген: қоғамдық экологиялық сараптаманың нəтижелерi ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрiнде ресiмделедi.

Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында:

  • қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сəйкестiгi туралы қорытынды; тапсырыс берушiнiң қоршаған ортаға əсерге жүргiзген бағалауының толымдылығы, сапасы мен дұрыстығы жөнiндегi сипаттама;
  • жұртшылықтың əртүрлi топтарының белгiленiп отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелерiне жасалған шолу;
  • сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға экологиялық жəне əлеуметтiк тұрғыдан жол беруге болатыны жөнiндегi пiкiрi;
  • мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушiге, сараптама объектiсiн iске асыруға байланысты шешiмдер қабылдайтын мемлекеттiк органдарға жəне заңды тұлғаларға берiлетiн ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылуға тиiс [4].

Қоғамдық экологиялық сараптама өткізілгенен кейін, сараптама қорытындысы міндеттелген органдар мен ұйымдарға жіберіледі. Оған, қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге берiлген өтiнiштi тiркеген жергiлiктi атқарушы органға, осы объектiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын органға, жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсiне, қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске қосуға байланысты шешiмдер қабылдайтын органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жатады.

Экологиялық кодекстің 67-бабының 3-тармағы бойынша, қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдар, қаржы ұйымдары жəне белгiленiп отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi шешiмдер қабылдаған кезде де ескерiлуi мүмкiн. Заңда тек шешім қабылдау кезінде ескерілуі мүмкін деп анықталған. Бұдан туындайтын сұрақ қоғамдық бірлестіктердің өткізген қымбат сараптама керек болып қалмауы да мүмкін. Сондай-ақ, егер сараптама қорытындысы өзге тұлғалардың мүддесіне  жəне жүзеге асырмақ жоспарына қарсы келіп жатса сараптама нəтижесі орындалуы екі талай.

Қоғамдық бірлестіктердің қызметінің басты элементтерің бірі болғандықтан қоғамдық сараптама мүддесін  тек экологиялық ұйымдар қорғамау керек.

Қоғам қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу барысына қатысуға, сараптама жүргізілген кейін қортындыға байланысты оның нəтижесіз қалмауын қадағалау керек. Осы тұрғыда азаматтардың экологиялық құқықтары қолданып, ол жүзеге асырылады. Мемлекеттік экологиялық сараптама қоғамдық экологиялық сараптаманың негізін қамтитын сұрақтарға барынша көңіл бөлмейді. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қарастырғанда, мемлекеттік экологиялық сараптама қамтитын шекара шегінен асып, яғни азаматтардың экологиялық құқығына қатысты ауылшаруашылық пен өзге шаруашылықты қарастыратын сұрақтарды терең қарастыру керек. Көбіне кішігірім аймақты қамтыған халықты мұндай сұрақ мемелекетке қарағанда көбірек қобалжытады. Немесе кейде, керісінше жағдай туындауы мүмкін, яғни мемлекет көңіл бөлерліктей жағдай деп таныса ал қоғамды онша қобалжытпауы мүмкін.

Мұндай жағдайдың болмауы үшін, мысалы, РФ 1995 жылы 23 қараша қабылданған «Экологиялық сараптама туралы» Федералды заңының 20 бабында «Қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашылары азаматтар, қоғамдық бірлестіктер (ұйымдар), сондай-ақ, жарғысында қызметінің басты бағыты қоршаған табиғи ортаны қорғау болып табылатын жəне экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын, жүргізетін, РФ заңдарына сəйкес тіркеу тəрібін өткен өзін-өзі басқару органдары бола алады» делінген.

Біздің ойымызша, қоғамдық экологиялық сараптаманың құқықтық мəртебесін қайта қарап толықтырып, қоғамдық экологиялық сараптаманың жүзеге асырылу тетігін құқықтық реттеу қажет. Себебі, қоғамдық экологиялық сараптама көбіне ақпараттық, ұсынбалы сипаттамада жəне заңи жауапкершілік көзделмеген. Сондай-ақ, экологиялық сараптаманы жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы мамандандырылған органдардан рұқсат алып, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу үшін мемлекттік тіркеуден өту қажет. Қоғамға өзінің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғауға барынша жағдай жасай отырып, қоршаған ортаға қауіпті қызметпен айналысатын субъектілерге нақты жəне демократиялық тетіктер арқылы əсер ету қажет. Сонымен қатар, қоғамды экологияландыру мен қоғамның құқыққа деген, мəдениетке, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгерер еді.

 

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық  қауiпсiздiгi  тұжырымдамасы  туралы, 3 желтоқсан 2003 жыл, N 1241 Жарлығы (күшін жойды).
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл. – А: ЮРИСТ, – 2012
  3. Қазақстан Ркспубликасының Экологиялық Кодексі, 2007 ж. 9 қаңтар, – А: ЮРИСТ, – 2012, – № 212
  4. Қазақстан Республикасының Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңы (2010.29.04.берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). – А: ЮРИСТ, – 2012
  1. Баимбетов Н.С. Канд дис. на соиск. уч.степени кандидата наук. «Проблемы правового регулирования экологической экспертизы в РК». – А., 1999. – С. 83
  2. И.И.Букс, С.А. Фомин «Экологическая экспертиза и оценка воздействия на окружаищую среду (ОВОС)». – М., 1998. – Б.19

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.