Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық сақтандыру экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде

Табиғатты пайдалану аясы тікелей ресурстарды зерттеу, табу жəне пайдаланумен байланысты жəне қоршаған ортаға белсенді түрде əсер ететін көптеген салалардан тұрады. Табиғат игіліктерін игеру, заманауи ғылым техногенді араласудың қоршаған ортаға əсерін толық түрде болжай алмайтынына байланысты, төтеншелік жəне қауіп ұғымдарымн тығыз байланысты болып отыр.

Ғылыми-техникалық прогресс, бір жағынан, анықталмаған қауіптердің санын қысқартуға объективті жағдайлар жасап, екінші жағынанбілімнің жаңа түрлерінің пайда болуымен, жаңа техника мен технологияны енгізумен, сонымен қатар техникалық пайдалану проблемаларымен байланысты қауіптің тууына əкеліп соғады. Табиғатты пайдалану  қаупін  толықтай  шегеру мүмкін емес, алайда қоршаған орта жайлы адамзаттың білімінің кеңеюіне жəне техногенді нəтижелерді  ғылыми болжау мүмкіндігі арқылы қауіпті бақылауды  едəуір  тиімді  етуге болады. Қауіп сақтандыру қатынастарының пайда болуының алғышарты болып табылады. Қауіпті алдын ала болжанбаған, кездейсоқ себептер əсерінен табиғатты пайдаланушы-кəсіпорындар ісінің жоспарлы жəне іс жүзіндегі нəтижелер арасындағы теріс ауытқушылық мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Табиғатты пайдалану  қаупі  залалнысанында  келтірілген, теріс экономикалық, əлеуметтік-экономикалық, экологиялық салдары бар жағдайлардың пайда болуының болжамдық мүмкіндігін көрсетеді. Табиғатты пайдалану қаупін бағалау кезінде, техногендік үдерістерінің ерекшелігі себебінен толықтай шегерілуі мүмкін емес қауіпті факторлар жəне апаттар, зіл-залалар жəне стихиялы апаттар секілді алдын ала болжанбаған факторлар есепке алынады. Қауіпті бағалаудың объективтілігі кездейсоқ оқиғаның пайда болу мүмкіндігі     қаншалықты  нақты  анықталып жатқанымен байланысты. Қауіпті болжау есебі статистика ықтималдылығы əдістері негізінде жəне үлкен сандар заңы негізінде жүзеге асады. Қауіпті объективті түрде бағалау үшін табиғатты пайдалану аумағындағы жағымсыз жағдайлар, олардың пайда болу жиілігі, табиғаттың түрлену үдерісі кезіндегі себепті-нəтижелі байланыстары жайлы анализ пен ақпараттың жалпылануы қажет. Табиғатты пайдалану қатерінің бағалау кезіндегі маңызды мəселе болып адамның тіршілік қарекетінің экономикалық, əлеуметтік, экологиялық жəне т.б.аяларын қамтитын мүмкін зияндарды анықтау болып табылады. Зияндарды бағалаудың қазіргі кездегі əдістері идеалдан əлдеқайда алыс, олар тіпті табиғатты пайдалану зияндарының мүмкін түрлерінің барлық түрлерін де қамтымайды.Сонымен қатар, сақтандыру саласындағы тəжірибелік қызмет əлі де болса қазігі кездегі əдістердің жетілдірілуіне жəне де жаңа əдістерді ойлап табуға жете назар аударуға тиіс.

Сақтандыру тұрғысынан қарағанда табиғатты пайдалану қаупін бірнеше бөлікте қарастыруға болады:

  • Стихиялы табиғи сипаттамаға ие нақты құбылыстың болуы, мысалы, су тасқыны мен сел, орман өрттері жəне т.б;
  • Алдын ала болжанбаған жағдайлар табиғатты пайдаланудың нақты бір объектісімен қатынаста болған кезде (мысалы, кен телімін игеру мен өңдеу кезінде пайда болатын қауіптер, гидротехникалық құрылғыны пайдалану кзінде пайда болатын өауіптер жəне т.б.) табиғаттың нақты бір объектісін пайдаланғандағы пайда болатын қауіптер; Берілген жағдайда табиғатты пайдаланудың нақты бір объектісінің қызмет ету  аясында  пайда  болатын  қауіп факторлары зерттеледі, олардың алдын алу үшін шара анықтау жəне күтілетін қауіп деңгейін төмендету мақсатымен  мүмкін салдар қарастырылады.
  • Табиғатты пайдалану объктісінің зақымдалу не болмаса мүлдем жойылу мүмкіндігімен шектесетін қауіп (мысалы, құнды экологиялық жүйенің жойылу қаупі, топырақ құнарлылығын жоғалту қаупі, пайдалы қазбалар қорының құру қаупі жəне т.б.).

Көптеген қауіптерді бағалау мен идентификация  мəселесі   жəне   табиғатты пайдалану аясындағы мүмкін зияндарды анықтау табиғат   ресурстарының   иесі   ретіндегі    мемлекет тарапынан табиғатты пайдалану саясатын анықтайтын табиғатты пайдаланушылар (сақтандырушылар), сақтанушылар, ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік билік ұйымдарына үлкен қызығушылық танытатын кəсіптің үлкен аясын құрайды. Сақтандыру қауіптері, яғни сақтандыруға болатын қауіптер, сақтандыру оқиғасының жəне мүмкін зиянның көлемі, сомасы тұрғысынан бағалануы тиіс. Бұл жерде қазіргі таңда табиғатты пайдаланудың нақты объекттерін сақтандыру ең оңтайлы болып табылады. Қауіптерді топтастырудың жалпы түрі сақтандыруда табиғатты пайдалану аумағына қатысты нақтылануы тиіс. Табиғатты пайдаланушылар салалары үшін жағымсыз əсер тарапынан алғанда техногенді қауіптерді, яғни адамдардың табиғатқа түрлі жолдармен араласуы, оның ішінде экологиялық жəне пайдаланушылық қауіптерді бөліп атауға болады. Нəтижесінде жеке жəне заңды тұлғалардың мүлкіне, өміріне жəне денсаулығына тікелей зиян келтірген жағдайлармен байланысты қоршаған ортаны апатты ластаумен байланысты экологиялық қауіптер кезінде экологиялық жүйелердің берік жағдайы бұзылып, табиғат ресурстарының сапасы төмендеген кезде эстетикалық жəне моральды зиян келтіріледі. Пайдаланушы қауіптер табиғат ресурстарын табу мен өңдеудің технологиялық номаларының абайсыз бұзумен, гидротехникалық құрылғылар мен кен табушы жəне өңдеуші кəсіпорындарын соғу мен пайдалану ережелерін бұзумен байланысты. Пайдаланушы немесе техникалық қауіптер машиналар не болмаса құрылғылардың істен шығуы не болмаса  технологиялық  циклда  ақау  пайда болу нəтижесінде апат қалпында көрінеді. Пайдаланушылық қауіптер зиянның көптеген түрлеріне əкелуі мүмкін. Табиғатты пайдалану аумағында ірі көлемдді зиян келтірумен байланысты апатты қауіптер тобын атау қажет. Бұл қауіптер метереологиялық фактор мен шарттар əсерінен табиғаттың стихиялы күштердің пайда болуымен, жер қабығының қозғалғыштығымен (жер сілкіністері, су тасу, өрттер жəне т.б.) жəне табиғатты түрлендіретін адам əрекеттерінің (гидротехникалық құрылғылардағы , табиғатты пайдаланудың қауіпті объектілеріндегі апаттар) болуымен баайланысты. Қазіргі кезде табиғатты пайдалану аясында кəсіпкерлік қауіптерді сақтандыру,яғни, табиғи ресурстарды зерттеу, бақылау жəне табуға байланысты қауіптер табиғатты қорғау аясына жеке, оның ішінде шет елдік капиталдар енгізіліп жатқандықтан актуалды болып жатыр. Мысалы, кəсіпкерлік қауіптерді сақтандыру пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде өнімдерді бөлу жайында келісім жасалған жағдайда мүмкін, сонымен қатар кəсіпкер барлауға, өндіруге жəне эксплуатацияға лицензия алып қойғаннан кейін сол табиғи ресурстар жайлы геологиялық не өзге ақпараттың расталмаған жағдайында да сақтандыру жарамды болып есептеледі. Түрлі салаларға  қауіптерді  топтастырғыштарды құру– табиғатты пайдаланушылар мен табиғатты пайдалану объектілерін – осы аумақтағы сақтандыруды жүзеге асырудағы ең маңызды практикалық мəселе болып табылады.

Сақтандыру табиғатты пайдаланудағы қауіпті басқарудың бір шарасы болып табылады. Оның негізгі міндеті – біртипті қауіпке ұшырайтын (сақтандыру жиынтығы) жеке жəне заңды тұлғалардың үлкен топтары арасындағы шығындарды үлестіруде. Экологиялық сақтандырудың негізгі ерекшелігі – қауіпті өнеркəсіптердегі апат нəтижесінде тек қана қоршаған ортаның өзіне ғана емес, сол қоршаған ортаның ластануы нəтижесінде тұрғындарға (денсаулығы мен мүлкіне) да зиян келтірілуі мүмкіндігінде. Яғни зиян тиетін екі объект бар, алайда сақтандыру қатынасының субъектісі болып тек қана үшінші тараптар ғана табылады. Сақтандыру бойынша заңнамалық құжаттар, оның ішінде экологиялық сақтандыруға қатысты  құжаттар,  қоршаған  ортаның  апатты ластануының көзі болып табылатын кəсіпорындардың зиян келтіргені үшін, үшінші тараптар алдындағы жауапкершілік ретінде сақтандыру жауапкершілігін айқындайды.

Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаның апатты ластануы нəтижесінде залал келтіргені үшін жауапкершілік механизмінің  бөлігі ретінде  едəуір  прогрессивті  болып  табылады, себебі ол сақтандыру ұйымдарының ескерту шараларының резервтерін апаттың қаупін төмендететін технологиялық жəне табиғатты қорғау   шараларын   өткізуге   ынталандырады. Бұл барлық тараптарға: сақтандыру компаниясына да, кəсіпорынға да, үшінші тараптарға да, қоршаған ортаға да тиімді. Сақтандыру компаниясында кəсіпорындарды табиғатты    қорғаубағдарламаларын тез  жəне тиімді жүзеге  асыруға  ынталандыратын тарифті мөлшерлемелерді көтеру мен түсірудің  механизмі  бар.   Жоғары  экологиялық қаупі  бар  кəсіпорындардың  қоршаған  орта мен тұрғындарға тигізуі мүмкін кəсіптердің экологиялық қауіпсіз түрлерінің жəне потенциалды зиянның болуы міндетті экологиялық сақтандыруды   енгізуді   талап   етеді. Алайда, міндетті сақтандыруға құқықтық базаның жоқтығыменбайланыстысақтандырудыңбірінші сатысында маңызды, келешегі бар қадам болып ерікті түрде сақтандыруға кəсіпорындарды тартуға нəтижелі экономикалық ынталандыруды құрастыру болып табылады. Экологиялық қауіптерді сақтандыру «экологиялық апат» терминінің анықтамасымен тығыз  байланысты. Сақтандыру қаупі ретінде қарастырылып отырған жағдай өзінің келу мүмкіндігі мен кездейсоқтығы белгілеріне ие болуы тиіс. Осыған байланысты, қоршаған ортаның кенет жəне кездейсоқ ластануы, техногенді не табиғи себептермен болған, қоршаған  ортаға белгілі бір мерзім ішінде  кəсіпорынға, аумақтарға, шегі бар уақыттың ( максималды рұқсат етілген мөлшердегі шығатын зиян заттар, ластанудың максималды шегі, максималды концентрациялар) рұқсат етілген мөлшерден асатын көлемде зиянды қаттардың түсуін, апатты ластанудың мөлшерін анықтаудың ең оңтайлы  жолдары жете қарастыру қажет.

Сақтандыру табиғатты пайдаланудағы қауіпті басқарудың негізгі шарасы болып табылады. Оның міндеті біртипті қауіпке (сақтандыру жиынтығы) ұшырайтын жеке жəне заңды тұлғалардың ұлкен топтарындағы шығындарды үлестіруінде. Соңғы жылдары жиілеп кеткен табиғат ресурстарын өндіру мен пайдалану кезіндегі экологиялық техникалық талаптар мен нормативтердің бұзылуы техногенді сипаттағы апаттар мен табиғат апаттарынан көп бой көрсете бастады.

Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркəсіптік қауіпсіздік туралы  2002  ж.  3 сəуірдегі № 314-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес, Қауіпті өндірістік объектілердің бірі ретінде, тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау (соның ішінде теңіз шельфтері мен ішкі тоғандарындағы), жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру жəне байыту жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар танылады [1].

Жер қойнауын пайдаланудың ең қауіпті түрлеріне жеке жəне заңды тұлғалардың мүлкіне  зиян  келтіретін,   тұрғындардың   өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін қойнаудың бүтіндігін бұзумен байланысты қызмет түрлері,   табиғат   ортасының  объектілеріне, оның ішінде жерге, жер бетіндегі жəне жер астындағы суларға, атмосфералық ауаға, жануарлар əлеміне, өсімдіктерге жəне т.б.зиян келтіретін қызметтер жатады. Сонымен қатар, пайдалықазбаларды іздеу, барлау жəне табумен байланысты жұмыстардың əрбір  сатысында жер қойнауын пайдаланушы кəсіпорындардың жауапкершілігі міндетті сақтандыруды өткізу мақсатымен анықталуы тиіс. Сəйкесінше, жер қойнауын пайдалану аймағында сақтандыру объектісі болып жер қойнауын пайдаланушыкəсіпорындардың апат нəтижесінде табиғат объектілері мен үшінші тараптарға зиян келтіру, соның ішінде кен аймағын, минералдышикізаттық өнімді тасымалдау кезінде коммуникацияны айналымнан шығару жауапкершілігі қаупі болып табылады.

Қалған жер қойнауын пайдаланушы-кəсіпорындар үшін алдын ала болжанбаған не болмаса кездейсоқ оқиғалар болған кезде қаржылық қорғаныс  кепілін  беретін  сақтандырудың ерікті формасы қолданылады. Жер қойнауын пайдаланушы-кəсіпорындарға шаруашылық қызметтен (пайдаланушы қаупінен), талқандаушы табиғат құбылыстарынан (жер сілкінісі, жер асты құрылғыларын су басу, өрттер), геологиялық қорлардың, таулы-геологиялық жағдайлар мен кен ерешеліктерінің бұзылу қаупінен сақтандырылуы экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады.

Пайдалы қазбалардың шығатын жерінің геологиялық-экономикалық  бағаламасынан өзге, жер қойнауын пайдалану лицензиясы өз бойына жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілігі  қаупі  мен  кенді  аумақты  пайдалану жобаларының қаупін жинауы тиіс. Кенді пайдалануға лицензия беру бойынша конкурстар мен аукциондарды өткізуде өтініш берушілерді сараптаудағы  маңызды  критерий  ретінде  потенциалды қауіппен байланысты жер қойнауын пайдалану мен кен орындарын пайдалану түрлері бойынша сақтандырудың шарты болуын ескеру тиіс. Осылайша, жер қойнауын пайдалану аймағында потенциалды сақтандырушылар болып төмендегі тізімдер табылады:

  • Минералды шикізатты іздестіруді, барлауды жəне табуды, оны тасымалдауды, өңдеуді, сақтауды, қайта өңдеуді, өзге жолмен пайдалану не болмаса жұмсауды жүзеге асыратын ұйымдар;
  • Мұнай мен газды барлау жəне табуды, оның  ішінде  континентальды  қайраңда, тек экономикалық аумақта жүзеге асыратын ұйымдар,
  • Қауіпті өнеркəсіптік объектілерді пайдаланатын ұйымдар;

Жер қойнауын пайдалану кезіндегі сақтандыру бірқатар мəселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Жер қойнауының жеке меншік иесі ретіндегі мемлекеттің бұзылған мүліктік мүддесін сақтандыру қорларының бюджеттен тыс қаражаттары есебінен қалпына келтіру;
  • Жер қойнауын пайдаланушыларды мен кен өндіруші кəсіпорындардарды сақтандыру жағдайы келген сəтте зиянды өтеу бойынша қаржылық қолдау механизмін құрастыруға;
  • Саланы дамуы үшін сақтандыру қорларының қосымша инвестициясын тарту.

 

Əдебиеттер

 

  1. 1 Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркəсіптік  қауіпсіздік  туралы2002  ж.  3 сəуірдегі
  2. № 314-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.