Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық тасымал түсінігі және ерекшеліктері

Азаматтық құқықта міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімі бір типті міндеттемелерді реттейтін жеке институттардан тұрады. Шарттық міндеттемелер және шарттан тыс міндеттемелер.

Шарттық міндеттемелерді бөлгенде әртүрлі критерийлер алынады. Шарттық институттарды борышкер жүзеге асыратын қызмет түрлеріне қарап мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету деп бөледі. Бұл міндеттемеге ҚР-дың АК-нің 268-бабында берілген анықтамаға да сәйкес келеді. Осы критерийге сәйкес шарттық міндеттемелердің мына түрлерін бөліп алуға болады: мүлікті меншікке беру жөніндегі міндеттемелер, мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер, жұмысты орындау жөніндегі міндеттемелер.

Тасымалдау қызмет көрсету жөніндегі міндетте болып табылады. Тасымалдаудың халықаралық тасымал түрі Қазақстанның басқа мемлекеттерімен тасымалдау кезінде құқықтық тұрғыдан қарастыруын қажет етеді.

Халықаралық тасымал дегеніміз жүктерді немесе жолаушыларды кез-келген куәлік түрімен жүзеге асырылатын тасымал түрі. Тасымалдау халықаралық сипатқа ие болады, егерде жіберу және қабылдау орны әртүрлі мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылса.

Халықаралық жеке құқықта «халықаралық тасымал» түсінігі шешімін таппаған. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамаларында да бұл түсінік берілмеген. Халықаралық тасымал түсінігін анықтайтын қайнар көздер халықаралық көлік конвенциялары.

Конвенциялық анықтамалар нақты мазмұны бар және нақы бір халықаралық тасымал түрін реттейді. 1929 жылғы халықаралық әуе тасымалындағы кейбір ережелерді үйлестіру Варшава конвенциясына  сәйкес,  халықаралық тасымал деп танылады:

а) тасымалдауда үзілістің болу немесе болмауына қарамастан жөнелту және қабылдау жері екі қатысушы мемлекет аумағында жүзеге асырылса;

б) басқа мемлекеттің аумағында тоқтаған болса.

Яғни Варшава конвенциясына сәйкес, «халықаралық тасымал» нақты мазмұнға  ие және ол құқықтық реттеу пәнін құрайды. Бұл басқа жағдайлар үшін және әуе тасымалын жүзеге асырған кезде тасымалды халықаралық тасымал деп тану үшін өзге де критерийлер қажет. Сондықтан жалпы түсінікке қарағанда халықаралық тасымал ұғымы конвенция нормаларымен шектеледі және тар түсінік болып табылады.

«Халықаралық тасымал» мазмұнын ашу үшін басқа да конвенцияларда берілген түсініктер арқылы мүмкін болатын жағдай. Сонымен қатар конвенциялық түсініктердің мағынасын сол конвенцияның контекстісі бойынша ғана түсіну керек.

Мысалы, Женева конвенциясында «көлік құралы» деп жартылай тіркемесі бар автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер аталады. Бұдан шығатын қорытынды конвенция ұлттық заңнамадан бөлек дербес түсініктермен беріледі.

Жолаушыларды, жүктерді тасымалдау теміржол, автомобил, әуе және теңіз көлігімен жүзеге асырылады. Халықаралық тасымал дегеніміз жүктерді, жолаушыларды екі немесе  одан  да көп мемлекеттер арасында, сол мемлекеттермен халықаралық келісімдер негізінде орындалатын тасымал. Бұл құқықтық реттеудің ерекшелігі тасымалдаудың негізгі сұрақтарының халықаралық келісімдерде шешілуі. Әдетте мұндай келісімдер тасымалдау құжаттарына қойылатын талаптарды бекітеді, жүктерді қабылдау тәртібін анықтайды.

Женева конвенциясына сәйкес «Халықаралық аралас тасымал» дегеніміз әртүрлі көлікпен аралас шарттарға сәйкес жүктерді бір елден екінші елге жеткізу.

Шартты орындау үшін жүзеге асырылатын жүктерді жеткізу егер бір көлік түрімен жүзеге асырылса, жөнелту операциялары халықаралық аралас тасымал болып есептелінбейді.

Қазақстандық экспорттаушылар Италия, Түркия, Бермуд аралдары, Қытай, Греция, Египет, Индия арасындағы сауда байланыстары үшін Украина айлақтарын пайдаланып келеді. Соңғы бес жылда Қазақстанның сыртқы қатынасында Ирак, Сербия, Марокко, Албания, Уганда, Бенин, Мозамбик секілді елдер пайда болды.

Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара темір жолы арқылы Қазақстанның жүк тасымалына Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік берілді. Желі құрылысының 80 пайызы отандық кәсіпорындардың қолымен атқарылды. Екі мыңнан астам құрылысшылар 146 шақырым рельс төсеп, жеті  станция  мен  жол  айрығын, 68 жасанды имараттарды, төрт көпірді салды. Желі оптикалық талшықты байланыс жүйесімен электр қуатымен қамтылған.

Президент тапсырмасымен құрылысы басталған Жетіген–Қорғас жобасы белгіленген мерзімде аяқталды. Қазақстан мен Қытайды жалғастыратын екінші темір жол желісі транзиттік жүктерді тасымалдауға әзір. «Қорғас» ХШЫО мен Алтынкөл станциясы кешенді жүк айналымы логистикалық хабын құрайды. Желіде 2055 адам жұмыс істейтін болады.

Уәкiлеттi мемлекеттiк орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келiсiмдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.

Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымызға сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын)) жүзеге асыра алады.

Екi ел арасындағы немесе олардың аумағы арқылы транзитпен жүк тасымалдау келiсушi тараптардың құзырлы органдарымен берiлетiн рұқсаттар негiзiнде автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.

Әрбiр жүк тасымалына солай және керi қарай жүруге құқық беретiн жеке рұқсаттар берiледi.

Осы халықаралық келісімге сәйкес, жәрмеңке мен көрмелер үшiн арналған экспонаттарды, жабдықтар мен материалдарды; хайуандарды, әртүрлi инвентарьлар мен мүлiктердi, сондай-ақ спорт шараларын жүргiзуге арналған көлiк құралдарын; театр әшекейлерi мен реквизиттерiн, ән-күй аспаптарын, кино түсiру, радиожәне теледидар хабарларын түсiруге арналған жабдықтар мен құралдарды; қаза болғандардың денесi мен мәйiтiн; поштаны; iстен шыққан көлiк құралдарын; көшi-қон кезiнде қозғалмалы мүлiктi; табиғи апат кезiнде көмек көрсетуге арналған медицина жабдықтары мен дәрi-дәрмектердi; техникалық көмек көрсету автомобильдерiнiң жол жүруi үшiн рұқсаттар талап етiлмейдi.

Халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлiк құралдарында өз елiнiң тiркеу және айырма белгiсi болуы тиiс.

Жалпы халықаралық тасымал Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы 2008 жылғы 19 желтоқсандағы конвенцияға сәйкес, «халықаралық тасымал» термині теңіз немесе әуе кемесі екінші Уағдаласушы мемлекеттің пункттері арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен кез келген тасымалды білдіреді.

Осы  конвенцияға  сәйкес,   келісімге  келген мемлекеттің кәсіпорны теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.

Келісімге келген мемлекеттің кәсіпорны теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалдауда пайдалануда жүзеге асырса және, егер Қазақстанның кәсіпорны Жапонияда кәсіпорынға салынатын салықтан босатылатын болса және, егер Жапонияның кәсіпорны бұдан әрі Қазақстанда салынуы мүмкін Жапонияда кәсіпорынға салынатын салыққа ұқсас кез келген салықтан босатылатын болса.

Келісімге келген мемлекеттің кәсіпорны халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемелерін немесе жылжымайтын мүліктен басқа кез келген мүлікті, мұндай теңіз немесе әуе кемесін пайдалануға байланысты жылжымайтын мүліктен өзге кез келген мүлікті иеліктен шығарудан алған табыстарға тек осы келісімге келген мемлекетте салық салынады.

 Жалпы халықаралық тасымал сұрақтары халықаралық тасымал қатынастарына қатысатын мемлекеттер және көлік түрлеріне қатысты болады. Сондықтан халықаралық тасымал мәселелері ұлттық заңнамалардағы жалпы ережелермен қатар халықаралық нормалармен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын «Жолаушылар тасымалы» АҚ («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) темір жол көлігімен 13 халықаралық бағыт жолаушы тасымалдау және жүк тасу (жол жүгін, қол жүгін) қызметімен айналысады.

Алматы қаласының халықаралық әуежайы қазірдің өзінде жылына 4,5 мыңнан аса транзиттік жүк авиарейстеріне қызмет көрсетеді.

Қорыта келе Қазақстанға 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының негізінде халықаралық тасымал көлемінің өсе түсуі жағдайында елдің бірегей көлік транзитінің мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану керек.

Көлік қызметінің әлемдік рыногында жүк жеткізудің контейнерлік әдісіне бағдарлану нәтижесінде жүк ағыны барған сайын өскелең бола түсіп, халықаралық жүк тасымалының контейнерлендіру үрдісін танытады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.