Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңды жауаптылықтың негізгі түрі қылмыстық жауаптылық жəне оның теориялық аспектілері

Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінəлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті əрекеті. Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз заң жүктеген міндетті орындамау, адамдардың іс-əрекеті немесе əрекетсіздігі. Енді құқық бұзушылықтың белгілерін қарастырайық. Заң əдебиеттерінде құқық бұзушылықтың бес белгілері бар деп анықталады.

  • Қоғамға, тұлғаға, мемлекетке қауіптілігі.
  • Қоғамға, тұлғаға, мемлекетке зиян келтірілуі.
  • Құқыққа қарсылығы.
  • Құқық бұзушылықтың кінəлілігі.
  • Əрекет немесе əрекетсіздік [1].

Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді – қылмыс жəне теріс қылық. Теріс қылықтың үш түрі бар   –əкімшілік теріс қылық, азаматтық теріс қылық, тəртіптік теріс қылық.

Заңды жауапкершілік мемлекеттік мəжбүрлеумен байланысты. Бірақ заңды жауапкершілікті тек мемлекеттік жауапкершілікпен теңестіруге болмайды. Заңды жауапкершілік құқықтық қатынас ретінде оның бір тарапты құқық бұзушы белгілі бір айыруларға, жазаларға төзуге міндетті. Жауапкершілік – мəжбүрлеудің өзі емес, ол құқықтық нормалардың санкцияларына сəйкес төзу міндеті болып табылады. Яғни, құқық бұзушыға мемлекеттік мəжбүрлеу шарасын қолдану заңды жауапкершілікті жүзеге асыру болып табылады [2].

Заңды жауапкершілік принциптерінің түрлері – заңдылық (жауаптылық тек заң негізінде, заңда көзделген əрекет үшін жəне заң шегінде ғана болуы мүмкін);

  • əділеттік (теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға жол берілмеушілік; жауаптылықты анықтайтын немесе оны күшейтетін заңның кері күші болмауға тиіс; зиян өтелуге тиіс; істелген əрекеттік ауырлық жазасы мен кінə дəрежесінің мөлшері; бір құқық бұзушылық үшін бір ғана жаза қолданылуы мүмкін);
  • ізгілік (адамның қадір-қасиетін кемітетін жазалау шараларын, азаптауды белгілеу мен қолдануға тыйым салу);
  • негізділік (істің мəн-жайын жан-жақты зерттеу жəне адам жасаған нақты құқық бұзушылық фактісін объективті ақиқат ретінде анықтау);
  • орындылық (таңдап алынатын ықпал ету шараларының заңды жауапкершілік мақсаттарына сəйкестігі, оны дараландыру жəне саралау, кінəні ауырлататын мəн-жайларды да, жұмсататын мəн- жайларды да есепке алу);
  • заңды жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы (оның сөзсіз болатындығы, құқық бұзушылықты сапалы түрде жəне толық ашу, мемлекеттің кінəлілерге міндетті түрде көңіл аударуы, қылмыскерлікке қарсы күрес тиімділігінің шарты) принциптеріне негізделеді.

Кешірім жасау немесе рақымшылық ету актілері жауаптылықтан босатпайды, бірақ жазаны ауыстыруы немесе жоюы мүмкін.

Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір əлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінəлі түрде істелген іс-əрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істелген іс-əрекеттердің қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-əрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқықтық нормалар кінəлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.

Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқықтық норманы бұзудың нəтижесі, қоғамға қауіпті іс-əрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-əрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы қелтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тəсіліне, кінəнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады [3].

Қылмыстық жауаптылық өзіне тəн ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық – өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік мəні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені, мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың əлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу жəне мемлекет, қоғам тарапынан қылмыстың бетін басу) жəне заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мəнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп – қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-əрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынас мəсілімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқықтың зардабы.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл дегеніміз қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықпен істегенде айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады [4].

Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқықтық қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқықтық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субъектісімен (қылмыс жасалған адаммен) мемлекеттің атынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық-құқықтық қатынас бір жағынан мемлекет атынан əділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылмыс істеген субъектінің (қылмыскердің) арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.

Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы қандай,  кінəнің нысаны, дəрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұндай қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды ма жəне т.б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мəселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқықтық қатынас іс жүргізу құқықтық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мəселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс істеген адам) мемлекеттің оның уəкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады жəне сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскер де мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі  болып қалады. Яғни, субъект жəне объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олар сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын  қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды [4].

Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптайтынды кінəлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінəлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың субъектісі де. Өйткені, жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына, осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.

Сондықтан да қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің қылмыскер  жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге əділ соттылықты жүзеге асыру да заңдылықтың кепілі ретінде көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмайды делік. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінəлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сəйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті ретте емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-2 бөліктерінде: «Қылмыс белгілері бар əрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған əрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін [5].

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін делінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1- бөлігінде: «Кішігірім жəне орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мəн-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа əкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.

Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын жəне жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық   фактісімен   аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқықтық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын жəне орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық жəне жаза өзара тығыз, бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.

Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады (ҚР ҚК 3-бап). Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мəселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді (қылмыстың объективтік жағы) кінəлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі (қылмыстың субъективтік жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың объектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып немесе қылмыс құрамы болатын білдік. Іс-əрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол адамда қылмыстық жауаптылыққа  тартатын негізі жоқ [6].

Заңды жауаптылықтың ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінəлі түрде істелген іс-əрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-əрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқықтық норманы бұзудың, қоғамға қауіпті іс-əрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық – өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мəні бар жауаптылықтың түрі. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың əлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді. Қылмыстық жауаптылықтың маңызды екі бөлігі болады: қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу жəне мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) жəне заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).

Жалпы айтқанда, қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын жəне жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқықтық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын жəне орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Яғни, қылмыстық жауаптылық жəне жаза өзара тығыз бір-біріне ұқсас емес ұғымдар болып табылады.

Сонымен, қылмыстық жауаптылық заңды жауаптылықтың ішіндегі ең қатаң жəне қатал түрі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл дегеніміз қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықпен істегенде айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық жауаптылыққа қылмыстық заңнама бойынша жасы 14-ке толған жасөспірімдер тартылады. Қазіргі таңда қылмыс түрлері көбеюде, осыған орай қылмыстық жауаптылық қатаңдаса қылмыс саны азаяды деген сенімдемін.

 

Әдебиеттер

  1. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет жəне құқық теориясы. – Астана, 2007. 331б.
  2. Матузов Н., Малько А. Теория государства и права. – Москва, 2000. - 334 c.
  3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: жалпы бөлім. – Алматы. Жеті жарғы, 2007. - 352 б.
  4. Уголовное право: общая часть: учебник/ под ред. Н.И. Ветрова, Ю.И. Ляпунова. – М.: Новый Юрист, 1997 С.
  5. Каиржанов. Е. Уголовная право Республики Казахстан (общая часть). – Алматы 2003. - 254 б.
  6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 1997 ж; соңғы өзгертулер мен толықтырулар 2011ж.
  7. Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме (жалпы жəне ерекше бөлімдер). -Алматы: Жеті жарғы, 2010. - 792 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.