Тұрғын үйге қол сұқпаушылық – қылмыстық іс жүргізудің қағидасы ретінде

Кез келген құқықтың саласына сол құқық саласын құқықтық реттеуді жетілдіруге жəне құқық қолдану қызметін жеңілдетуге бейімделетін оның заңи мəнін түсіну үшін маңызды белгілі бір бастапқы негіздер тəн. Құқықтың принциптері бастама негіздер бола отырып, оның негіздерін құрайды. Құқық принциптерінің ерекше мəні ірі заң шығарушы реформалар кезеңінде орын алады. Біздің елімізде жүріп жатқан құқықтық жүйені реформалауға байланысты осы жүйенің негізін құрайтын қағидалар терең ғылыми пайымдауларды талап етеді. Құқық теориясында құқық қағидалары астарында негізгі бастамалар, əмбебаптылықты жəне ерекше жалпы мəнділікті иемденетін оның жөнелтілетін идеялары; бұл бастамалар құқықтың маңызды мазмұнын құрайды, осы құқықтың негізімен үйлесімді байланысады, берілген қоғамдық-тарихи формацияның тұрақтылықтарын жəне заңдылықтарын айқындайды [1, 126].

Принциптер – бұл, ең біріншіден, қылмыстық процестің анағұрлым мəнді ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы идеяны басқаратын бастамалар болып табылады. Өзіне бастама, процестің алғышарттары туралы көріністерді енгізе отырып, бұл құқықтық идеялар негізгі мəнге ие. Құқықтық нормалар нысанында бола тұра, олар өз алдына процессуалдық жүйе құрылатын жəне əрекет ететін ең жалпы, орталық қағида болып табылады [2, 23].

Қылмыстық-процессуалдық нормада қандай да бір принциптердің бекітілуі мен жариялануы өздігінен жеткіліксіз болып табылады. Қылмыстық іс жүргізудің принциптері қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын тұлғалар мен сот қызметінде жүзеге асырылуы ең бастысы болып табылады. Қылмыстық процесті жүзеге асыратын органдардың алдында тұрған міндеттерді орындаудың тиімділігі қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын шынайы қорғауды қамтамасыз етумен, осы орайда қылмыстық іс жүргізу қағидаларының қылмыстық істі жүргізу барысында қатаң сақталуын қамтамасыз етуімен анықталынады.

К.Х. Халиков өте дұрыс байқағандай, кез келген принциптің мəні көптеген нормалар мен сол құқық саласы институттарында орын алады, кей жағдайда принцип белгілі бір құқық саласы үшін өзінің негізгі мəнін жоғалтуы мүмкін [3,176].

Б.Х. Толеубекова  принциптердің  нормативтік  сипаттарын ерекшелейді  жəне көрсетеді:

«Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыммен шартталған жəне қолданыстағы заң шығарушымен бекітілген іс қозғау, тергеу, тексеру жəне қылмыстық істерді мəні бойынша шешу кезінде мемлекеттік органдардың қызметтері мен ұйымдастыру мəнін анықтайтын негізгі жəне бастапқы қағидалар, сонымен қатар, мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізудің алдына қойған міндеттеріне қол жеткізу үшін қылмыстық-процессуалдық қызметті бағыттайтын қағидалар болып табылады» [4,133].

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтың жəне адамның Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жеке бас бостандыққа, қадір-қасиетке, жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа, жеке жəне отбасының құпиясына, жеке салымдары мен жинақтарының құпиясына, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясына, тұрғын үйге, меншікке қол сұғылмаушылыққа конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауы көзделген.

Қазақстан Республикасының Конституциясын 25-бабында келесі қағида бекітілген: «Тұрғын үйге қол сұғылмайды, соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге жəне тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тəртіп бойынша ғана жол беріледі».

ҚР Конституциясында бұл қағидаға ерекше мəн берілгендіктен, бүкіл іс жүргізу іс-əрекеттеріне ықпалын тигізіп, қылмыстық процесте де тұрғын үйге қол сұқпау маңызды мəнге ие болады.

Азаматтардың құқықтарын мемлекет тарапынан қорғау бұл шынайы құқық ізгілігі болып табылады. Заң азаматтардың құқықтарын тек белгілеп қана қоймай, оларды кепілдендіретін жəне жүзеге асыратын мəселеге көңіл аударуы керек [5, 22].

Қылмыстық іс жүргізуде процессуалдық кепілдік болып заңнамамен белгіленген қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін қылмыстық сот өндірісінің амал-тəсілдері табылады. Қылмыстық сот өндірісінде тұрғын үйге қол сұқпаушылық қағидасы тергеу əрекеттері, сот əрекеттері жүзеге асқан кезде, осы қылмыстық процеске қатысушы барлық тұлғалар арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық қағидасын қамтамасыз ету тұрғын үйді қарау, тінту жəне тұрғын үйде алу жүргізуге байланысты алдын-ала тергеу органдарына, прокуратура органдарына жəне сотқа жүктеледі.

Заңнама қылмыстық процеске қатысушылардың тұрғын үйіне қолсұқпаушылықты қамтамасыз ететін бірнеше нормалармен қамтамасыз етілген. Тұрғын үйге қолсұқпаушылық қағидасының мазмұнын дұрыс жəне қажетті алғышарттар ретінде анықтау үшін төмендегі мəселелерді қарастыру керек:

  • қарастырылып отырған қағида ретінде «тұрғын үй» деген ұғым қандай материалдық объектілерді қамтиды;
  • қылмыстық сот өндірісі бойынша қандай субъектілердің тұрғын үйге қолсұқпаушылығы шектеледі;
  • қандай процессуалдық əрекеттер нəтижесінде тұрғын үйге қолсұқпаушылықты шектеуге жол беріледі.

ҚР ҚІЖК-нің 222, 230-232 баптарында қарастырылған жағдайларда, заң тұрғын үйге қол сұқпаушылықты шектеуге құқықтар берді. Осы жағдайда шектеу Конституция күшімен қорғалатын субъективті құқықтармен байланысты, тергеуші жəне прокурордың əрекеттері мен шешімдері қатаң түрде заң талаптарына сəйкес келуі қажет.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі отандық қылмыстық іс жүргізу заңнамасының дамуында маңызды қадам болып табылады. Кодексте қылмыстық процесс ғылымының жəне заңшығармашылық тəжірибенің бірқатар жетістіктері жүзеге асқан. Тұрғын үйге қолсұқпаушылық ережесі қылмыстық процестің қағидасы ретінде қарастырылуы – қылмыстық процесті ғана емес, сондай-ақ қоғамды демократизациялаудың маңызды элементі болып табылады.

Тұрғын үйде тұратындардың еркінен тыс баса-көктеп кіру – барлық өркениетті қауымда айқындалған, еліміздің Конституциясының 25-бабында бекітілген тұрғын үйге қолсұқпаушылық демократиялық қағидасынан кері шегіну болып табылады. Бұл қағидадан шегінуді (əрине объективті түрде бұл болады) ең төменгі шегіне келтіру керек. Тұғын үйге қолсұқпаушылық құқығын шектеудің жағдайларын жəне тəртібін нақты заңшығарушымен регламенттелуі тиіс, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуына жол бермес үшін.

 

Әдебиеттер

  1. Теория государства и права: учебник. 2-е издание, переработанное и дополненное. – Ленинград: Изд-во Ленинградского университета, 1987. – 126 с.
  2. Пакирдинов М.А. Обеспечение принципа неприкосновенности жилища в уголовном процессе.- Алматы, 2003. – 23с.
  1. Халиков К. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары: оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995. – 176 б.
  2. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая: учебник. – Алматы: Баспа,
  3. – 133 с.
  4. Добровольская Т.Н. Принципы советского уголовного процесса (вопросы теории и практики). – М.: Юридическая литература, 1971. – 198 с.
Жыл: 2011
Қала: Алматы
Категория: Құқық