Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі шартты жауапкершілік пен деликтілік жауапкершіліктің арақатынасы мəселелері

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік бірнеше негіздер бойынша бөлінеді, мысалға: үлесті жəне бірігіп жауап беру; жауапкершілік шараларын қолдану реті бойынша – негізгі жəне қосымша жауапкершілік; жауапкершілік мөлшеріне байланысты – жоғарылатылған жəне шектеулі жауапкершілік; нақты жауап беруші субъектіге қатысты – өз əрекеті үшін немесе бөтеннің əрекеті үшін жүктелетін жауапкершілік; жауапкершіліктің пайда болу негіздемесі бойынша шартты бұзудан пайда болатын жауапкершілік жəне зиян келтіруден пайда болатын жауапкершілік [1, 99б.].

Соңғы бөлуде біз заңнамада көрсетілген “зиян келтіру үшін жүктелетін жауапкершілік” термині орнына, “деликтілік жауапкершілік” терминін қолдануды жөн көріп отырмыз. Зиян келтіру үшін жүктелетін жауапкершілік термині, мəн-жайды толық сипаттай алмайтын секілді, себебі шартты жауапкершілік те зиян келтіру үшін жүктеледі. Сондықтан, жұмыста азаматтық-құқықтық деликтілік жауапкершілік термині қолданылады. Кейбір мемлекеттер заңнамалары азаматтық-құқықтық жауапкершілікті шартты жəне деликтілік деп бөлмейді [2, 150б.]. Алайда бұл шешімнің қаншалықты негізсіз екені төмендегі осы екі жауапкершілік түрінің бір-бірінен айырмашылықтарынан көруге болады.

Азаматтық-құқықтық шартты міндеттемені орындамаған жəне тиісті орындамаған үшін жүктелетін жауапкершілік деликтілік жауапкершіліктен бастау алғаны анық. Алайда, шартты жауапкершіліктің деликтілік жауапкершіліктен бөлініп шығуы бір мезетте болған жоқ, бұл ұзақ процесс болды. А.С. Комаров еңбегіне жүгінсек ағылшын құқығының өзінде шартты жауапкершілік 16-17-ші ғасырларда қалыптаса бастады [3, 8б.].

Шартты жауапкершілік, шартты міндеттемені орындамау немесе тиісті орындамаудан пайда болатын борышқордың несие беруші алдындағы жауапкершілігі. Шартты емес жауапкершілік бір тұлғаның құқыққа қарсы əрекетімен екінші тұлғаға мүліктік зиян келтірген үшін жүктелетіндігі бəрімізге мəлім.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің осы түрлеріне тоқталып, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын белгілесек, біз төмендегідей көрініске тап боламыз.

  1. Біріншіден, шартты жауапкершілік жəне шартты емес жауапкершілік əр түрлі заңды фактілерден пайда болады, “демек олардың құқықтық реттелуінде жалпы қағидаларымен қоса өзгешеліктері де бар” [4, 1б.]. Шартты жауапкершілік – шартты жəне тағы басқа құқықтық нəтижеге жетуді көздейтін міндеттемелерді (мəмілелерді) бұзудан пайда болады. Ал деликтілік жауапкершілік пайда болу негіздемесі ҚР АК 917-бабы, 1-тармағы бойынша – азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-əрекеттерімен (əрекетсіздікпен) келтірілген (мүліктік немесе мүліктік емес) зиян. Шартты жауапкершілік өмірдегі қалыпты қатынастардың нысаны болып табылса, шартты емес жауапкершілік аномалия, ол екі тарапқа да, немесе біріне күтпеген жерден пайда болады.
  2. Екі жауапкершілік түрлерінде жауапкершілік мөлшерлері əр түрлі болуы мүмкін, деликтілік жауапкершілік мөлшері тек келтірілген нақты залал орнын толтырумен шектелсе, шартты жауапкершілікте орын толтыруға айыппұлдар қосылып, ол нақты орын алған шығын мөлшерінен асып түсуі мүмкін, басқа бір жағдайларда нақты келтірілген залал мөлшерінен төмен болуы да мүмкін (айрықша, баламалы айыппұлдар). Алайда, біздің ойымызша, азаматтық құқықта жауапкершілік мөлшері, барлық жағдайда келтірілген залал мөлшеріне сəйкес келуі тиіс, мейлі ол деликтілік жауапкершілік болсын немесе шартты жауапкершілік болсын. Яғни, жауапкершілік мөлшері келген залалдан жоғары да емес, төмен де емес болуы керек. Өкінішке орай осы ойды ұстану қиынға соғады, себебі оған заңнамамен кедергілер келтіріледі (мысалға, жауапкершіліктің кінə үшін жүктелуі жəне айыппұлдардың кеңінен қолданылуы);
  3. Біздің заңнама бойынша, деликтілік жауапкершілік те жəбірленушінің немқұрайлық кінəсі ескерілмей өрескел абайсыздық кінə нысаны жауапкершілік жүктеуде ескеріледі (ҚР АК 935-бап). Себебі жəбірленуші оған келетін зиянды күтпейді, демек оны жоғарылатылған ұқыптылық сақтамады деп кінəлауға болмайды. Шартты жауапкершілікте жəбірленушінің еш кінəсі ескерілмеуі тиіс, тек жəбірленушінің тəуекелі негізінде келген, жауапкершілік мөлшерін анықтау үшін залалдағы оның үлесі ескерілуі тиіс. Біздің кінəге қатысты ойымызды ескерсек, əрине бұл айырмашылық жойылады. Яғни, біз кінəні азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктеу үшін қажетсіз деп есептейміз;
  1. Екі жауапкершілік түрлерінде əр түрлі талап қою мерзімдері белгіленуі мүмкін (ҚР АК 187 б., 178 б.) Деликтілік жауапкершілікте талап қою мерзімі шартты жауапкершілік талап қою мерзімінен ұзақ болуы мүмкін;
  2. Деликтілік жауапкершілікте залал міндеттеменің жəне жауапкершіліктің пайда болуының міндетті шарты. Ал шартты жауапкершілікте залал барлық жағдайда орын алуы міндетті емес. Шартты жауапкершілік зиян болмағанда жүктеліп, тек айыппұл өндірумен шектелуі мүмкін;
  3. Шығын орнын толтыру деликтілік жауапкершілікті жəне тараптар арасындағы міндеттемелік қатынасты тоқтатады. Шартты жауапкершіліктің жүзеге асырылуы негізгі міндеттемені тоқтатпауы мүмкін, яғни міндеттемені заттай орындау бойынша тараптар арасында шартты қатынас жалғаса беруі мүмкін [1, 103б.];
  4. Көп жағдайда деликтілік жауапкершілікті реттейтін нормалар императивті сипатты иеленеді, ал шартты жауапкершілікті реттейтін нормалар диспозитивті сипатты иеленеді. Шартты қатынаста тараптар жауапкершілікке қатысты ережелерді өзгертуге кең мүмкіндіктер иеленеді;
  5. Шартты міндеттемеде тараптар жауапкершілік туралы ережелерді өздері алдын-ала белгілей алады, ал деликтілік жауапкершілікте осындай алдын-ала жасалатын келісім орын алмайды;
  6. Деликтілік жауапкершілікте орын толтыру заттай жүргізілуі мүмкін болса, шартты жауапкершілікте көп жағдайда орын толтыру ақшалай жүргізіледі;
  7. Деликтілік жауапкершілікте бөтеннің кінəсі үшін жауап беру ұғымы жоқ, мұнда тек біреудің əрекеті үшін, бірақ өз кінəсі үшін жүктелетін жауапкершілік бар (əрекет қабілеті жоқ немесе əрекет қабілеттілігі шектеулі тұлға үшін оның қамқоршысы, қорғаншысы жауапкершілігі). Шартты жауапкершілікте керісінше бөтеннің (3-ші тұлғалар ) кінəсі үшін жүктелетін жауапкершілік бар;
  8. Деликтілік жауапкершілікте тұлға жалпы міндетті (ешкімге зиян келтірмеу міндетін) бұзса, шартты жауапкершілікте шартты міндеттемелер, яғни тараптармен нақты белгіленген міндеттер бұзылады [5, 90б.];
  9. Шартты жауапкершілікте құқыққа қарсылық көп жағдайда, əрекетсіздікпен жасалады. Деликтілік жауапкершілікте құқыққа қарсылық, көп жағдайда əрекетпен жасалынады [6, 17б.];
  10. Деликтілік жауапкершілік өзімен жаңа міндеттеме орнатса, шартты жауапкершілік қосымша, яғни негізгі міндеттемеден кейін пайда болатын міндеттеме болып табылады.

Сонымен қатар, кеңес өкіметі кезінде деликтілік жауапкершілік жоғарылатылған жауапкершілік деп танылды. Яғни, бұзушыда кінə болмаған кезде де жауапкершілік жүктеу көрсетілген (қауіпті қайнар көзбен келтірілген зиян үшін қауіпті қайнар көз иесінің жауапкершілігі). Ал шартты жауапкершілік жалпы ережеге негізделіп, кінə болғанда ғана қолданылуы көзделген болатын. Біз жоғарыда шартты жəне деликтілік жауапкершілік айырмашылықтарын көрсеттік жəне осының негізінде “азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері арасында бір-бірінен принципті айырмашылықтар жоқ, олар заңға негізделеді жəне азаматтық деликтіден пайда болады” – деушілер сөзін жоққа шығардық [7, 85б.].

Жоғарыда келтірілген азаматтық-құқықтық деликтілік жауапкершілік жəне шартты жауапкершілік айырмашылықтары оларды реттейтін нормаларды бір-бірінен нақты ажыратуды қажет етеді. Көп жағдайда шартты жəне деликтілік жауапкершіліктер бір-бірімен қиылысады сол кезде жəбірленуші құқығын тиімді қорғайтын жауапкершілік түрін қолдану керек.

Яғни, бір жағдайларда деликтілік жауапкершілік пе, əлде шартты жауапкершілік қолданыла ма? Осыны анықтау қиынға соғады, мысалға шартқа негізделген медициналық қызмет көрсету кезінде келтірілген зиян. Осында дұрыс жауапкершілік түрін таңдау жəбірленушінің құқығын қаншалықты тиімді қорғалуына өз əсерін тигізеді.

Егер жауапкершілік шартты деп танылса жəбірленуші заң бойынша шығын орнын толтырумен қатар бұзушыдан айыппұлдар өндіре алады; жəбірленуші алдында нақты кінəлі емес тұлға жауап беруі мүмкін; орын толтыру тек ақшалай жүргізіледі; талап қою мерзімі заңмен қысқартылуы мүмкін; жəбірленушінің барлық кінə нысандары жауапкершілік жүктеу кезінде ескеріледі. Ал егер жауапкершілік деликтілік деп танылса, онда орын толтыру нақты келтірілген зиян мөлшерімен шектеледі; орын толтыру заттай жүргізілуі мүмкін; тек нақты кінəлі тұлға жауапкершілікке тартылады; талап қою мерзімі ұзақ. Яғни, бір жағдайда деликтілік жауапкершілік тиімді болып шартты жауапкершілік тиімді болмаса, екінші бір жағдайларда керісінше болуы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген мысал шешімі келесідей болуы тиіс, егер шарт жасалса жауапкершілік шартты болуы тиіс, шарт болмаса тиісінше жауапкершілік те деликтілік болып табылады немесе біздің азаматтық құқықтық заңнамада көрсетілгендей несие берушіге қай жауапкершілік түрін қолдану тиімді, ол соны қолдана алады. Яғни, азаматтың шарттық міндеттемелерді, еңбек міндеттерін, əскери міндет қызметтерін орындауы кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген   зиян,егер заң актілерінде немесе шартта көтеріңкі жауаптылық көзделмесе, бұзушыға деликтілік жауапкершілік жүктеледі (ҚР АК 936 бап).

Біздің елде тұтынушылар мен өндірушілер арасында өнім сапасына байланысты жауапкершілік мəселесі деликтілік жауапкершілік қарамағына кіреді, оған қатысты ҚР АК 47-тарауында (“Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер”) арнайы бөлім қарастырылған (3-бөлім. “Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу”). Ол бойынша, мұндай жағдайларда шарт жасалсын-жасалмасын ҚР АК 47-тарауымен реттеледі. Сонымен, жоғарыдағы айырмашылықтарды көрсете тұрып біз шартты жəне деликтілік жауапкершіліктерді бір-бірінен ажыратудың қаншалықты негізді екендігін көрсеттік. Қазақстандық азаматтық құқықтық тəжірибе, осы екі жауапкершілік түрлерін ажыратып дұрыс бағыт таңдағаны анық. Азаматтық-құқықтық шартты жауапкершілік жəне деликтілік жауапкершіліктердің тағы бір жерлерде қиылысуы, ол борышқордың шартты міндеттемені бұзғаны үшін несие берушінің беделінің төмендеуі. Осы зиянды нəтиженің орнын толтыру деликтілік жауапкершілік шеңберіне кіреді. Яғни, мұнда шартты міндеттеме бұзылуы, деликтілік жауапкершілік тууына негіз болып тұр. Моральды залал шартты жауапкершілікпен өтелгеннен бөлек өндірілуге жатады.

Азаматтық құқықта шартты жəне деликтілік жауапкершіліктен басқа да құқық қорғау шаралары бар, олар да өздерін шартты жауапкершіліктен ажыратуды қажет етеді, себебі олар шартты қатынаста қолданылады жəне азаматтық-құқықтық шартты жауапкершілік шараларымен қиылысады. Сонымен қатар, біршама авторлар ол шараларды шартты жауапкершілік шаралары деп атайды. Демек, жауапкершілік шараларымен басқа да құқық қорғау шаралар шектерін белгілеу үшін оларға нақты тоқталу керек.

 

 

Әдебиеттер

  1. Досжанов Ж.Б. Азаматтық-құқықтық шартты жауапкершілік: теориялық аспектісі: заң ғылымдарының кандидаты дəрежесін алу үшін ұсынылған диссертациясы. - А., 2008. – 99 б.
  2. Ойгензихт В.А. Обеспечение исполнения обязательств: традиции и перспективы // Межвузовский сборник научных трудов. Проблемы обязательственного права. – Свердловск, 1989. – 150 с.
  3. Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте. – М.: Юридическая литература, 1991. – 208 с.
  4. Зайдзе В.И. Соотношение договорной и внедоговорной ответственности в советском гражданском праве: автореф. канд. юрид. наук: 12.00.03. – Тбилиси, 1980. – 23 с.
  5. Смирнов В.Т., Собчак А.А. Общее учение о деликтных обязательствах в советском гражданском праве. – Л.: Изд. Лен. ун., 1983. – 151 с.
  6. Зайдзе В.И. Соотношение договорной и внедоговорной ответственности в советском гражданском праве: автореф. канд. юрид. наук: 12.00.03. – Тбилиси, 1980. – 23 с.
  7. Базылев Б.Т. Юридическая ответственность. – Красноярск, 1985. – 118 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.