Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан республикасы заңнамалары бойынша қоршаған ортаға келтірілген Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық қамтамасыз ету саласындағы заңды жауапкершілік мəселелері

 Табиғат – бүкіл əлем. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Табиғат-Ананы аялап, оны келер ұрпаққа жеткізу – ел бола- шағын  ойлайтын  кез келген  жанның  азаматтық  парызы. Осы тұрғыда Қазақстан  Республикасы Конституциясында көзделгендей, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады [1].

Табиғи ресурстар материалдық өндірістің өсуіне нарықтық қатынастардың одан əрі дамуына жəне жетілдіріле түсуіне ықпал жасайтын өндірістік күштердің құрамды бөлігі болып табылады. Табиғатпен өзара қарым-қатынас жасап, сан алуан іс-əрекетке бара отырып, адамдар оған бір жағынан ықпал етеді, яғни оны өзгертеді, сондай-ақ оны қайта өзгерту барысында өзі де өзгерістерге ұшырайды. Осыған орай, табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын азайту, жəне табиғи байлықтарды молайту жөнінде қамқорлық жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану жəне оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе- теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөнінде шараларды жүзеге асыру қажеттігін туындатып отыр.

Жалпы, құқықтық мемлекетті құрудағы қоғамның маңызды ерекшелігі болып құқықтық тəртіп пен заңдылықты сақтау табылады. Экологиялық құқықтық тəртіпті бұзатын адамдардың іс- əрекеттеріне қарсы тұру бұл заңды жауапкершілікті қолдану болып танылады. Сəйкесінше, жауапкершіліктің маңызды міндеттерінің бірі – қоғамда заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жəне ескерту, қоршаған табиғи ортаға келтірілген шығындарды өтеттіру. Жалпы, заңды жауапкершілік дегеніміз - құқық бұзушы тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы кінəлі əрекетке жауап ретінде туындайтын жеке, мүліктік жəне ұйымдастырушылық тəртіптегі сəтсіз зардаптарға əкеліп соғатын əрекет немес əрекетсіздік.

Ал экологиялық құқық бұзушылықтарға жауапкершілікті бір-бірімен тығыз байланысты 3 түрлі мағынадағы жалпы заңдық жауапкершілік ретінде қарастыруға болады, яғни олар: а) заңмен бекітілген талаптарды орындау бойынша мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары ретінде; б) мемлекет пен құқық бұзушы арасындағы құқықтық қатынастар ретінде; в) құқықтық институт ретінде, яғни құқықтың əртүрлі салаларының заң нормаларының жиынтығы (жер, тау, су, орман, табиғат қорғау жəне басқалар).

Құқық бұзушылық туралы тек, олардың қалыптасуының барлық элементтері бар жағдайда, яғни құқық бұзушылық құрамы анық болған жағдайда айтуға болады. Сəйкесінше, экологиялық құқық бұзушылықтың төмендегідей элементтері қарастырылады:

а) объектісі; б) субъектісі; в) объективтік жағы; г) субъективтік жағы. Аталған құқық бұзушылық құрамына қысқаша тоқталып өтсек.

  • Экологиялық құқық бұзушылық объектісі ретінде табиғатты рационалды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар қарастырылады.

С.Д. Бекишеваның тұжырымы бойынша – қоршаған ортаның сапасы мен жай-күйін қамтамасыз етуге жəне сақтауға байланысты қоғамдық қатынастар экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі болып табылады [2].

Жалпы, экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі болып заңмен қорғалатын табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық нормалардың жиынтығы табылады.

  • Объективті жағынан экологиялық құқық бұзушылық та кез келген құқық бұзушылық сияқты құқыққа қарсы бағытталған əрекет (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу жəне зақымдау) немесе əрекетсіздік (жер қойнауын қорғау ережелерін орындамау).
  • Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінə түрінде көрсетіледі. Субъективтік жақтың міндетті белгісі субъектінің іс-əрекетінде қасақана немесе абайсыз формада көрініс табатын жасаған құқық бұзушылығы. Кінə екі формада қарастырылады: қасақана (тікелей жəне жанама) жəне абайсыздық (меңмеңдік пен немқұрайлылық).
  • Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісі - ақыл есі дұрыс, белгілі бір жасқа жеткен азаматтар мен заңды, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес, ұлттық жəне шетелдік тұлғалар бола алады.

Нақты алғанда, экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік деп - қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы уəкілетті органдардың, құқық қорғау органдарының жəне өзге де уəкілетті субъектілердің тұлғасындағы мемлекет пен экологиялық құқық бұзушылықты жасаған тұлға арасындағы құқық бұзушыға тиісті өндірулер қолдануды түсінеді. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды пайдалану заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ететін негізгі құрал ретінде қызмет етеді.

Экологиялық құқық бұзушылық құрамына байланысты əкімшілік немесе тəртіптік тəртіп бұзу немесе қылмыс болуы мүмкін, оларды жасағаны үшін əрине əкімшілік, тəртіптік жəне қылмыстық жауапкершілік туындайды. Зиян тигізу немесе залал келтіру  азаматтық-құқықтық жауапкершілікке əкеп соғады. Сəйкесінше, экологиялық құқық бұзу үшін жауапкершіліктің мынадай түрлері бар:

  • Əкімшілік - бұл ескерту, айыппұл, затты тəркілеу (құқық бұзған қару); жұмыс істеу құқығынан айыру; əкімшілік қамауға алу түрінде жүргізіледі.
  • Азаматтық-құқықтық – бұл түрі шығынды, зиянды өтеу, келтірген зиянды түзеу түрінде белгіленеді.
  • Дисциплинарлық - ескерту, сөгіс беру, қатаң сөгіс, сый ақыдан айыру, жұмыстан босату бойынша көрініс табады.
  • Қылмыстық түрі қылмыстық жазалау, қамауға алу жəне т.б. түрлерде жүзеге асырылады. Экологиялық құқық бұзушылықтың ең маңызды белгісі – бұл табиғи ортаны ластауынан,

қоршаған табиғи ортаның жүдеуінен, оның экологиялық байланыстарының бұзылуынан көрініс табатын экологиялық зиян. Экологиялық зиянды өтеудің мүмкіндіктері мен құқықтық тетіктері қазіргі таңда өзекті мəселелердің бірі екені мəлім. Жалпы, экологиялық құқық бұзушылықтың ерекшелігі болып құқық бұзушылықтың салдарынан экологиялық, сондай-ақ экономикалық құндылығы бар объектілерге зиян келтірілетіндігінде [3].

Экономикалық зиян мен экологиялық зиян өзара тығыз байланысты. Экономикалық зиян өтемақы, залалдың орнын толтыру арқылы жүзеге асырылатын болса, ал экологиялық зиян əр уақытта келтірілген зиянды ақшалай көлемде анықтау немесе бұзылған мүлікті қайта табиғи түрінде қалпына келтіруге келе бермейді. Егер, ормандарда өрт орын алса, ол түтін, шаң-тозаң арқылы атмосфералық ауаны ластай отырып экологиялық зиян келтіреді. Экологиялық зиян құқық бұзушылық орын алған жағдайда бірден емес, біршама уақыт өткеннен кейін пайда болуы да мүмкін. Экологиялық зиянның бұл ерекшелігі шығындардың туындауымен, яғни оны анықтау барысында қиындық туғызары анық. Экологиялық зиянның ең қауіптісі болып антропогендік зиян танылады. Яғни өз кезегінде бұл адам денсаулығына келтірілетін зиянның түрі адам дамуының физиологиялық жəне генетикалық жағдайларының нашарлауына алып келеді. Осы тұрғыда, азаматтық заңнамаларға сəйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-əрекеттермен келтiрiлген зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс [4].

Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды өтеуге міндетті.

Демек:

  • табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;
  • табиғи ресурстарды өз бетімен жəне ұтымсыз пайдаланудың;
  • қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын орналастырудың;
  • қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

Экологиялық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген шығындарды өтеу барысында өзіндік əдіс-тəсілдер қолданылады. Олар, төмендегідей:

  • бұзылған, зиян шеккен мүлікті табиғи түрде қалпына келтіру;
  • табиғат пайдаланушыға келтірілген зиянды өтеттіру;
  • қоршаған ортаны сауықтыру мақсатында жекелеген табиғи ресурстарды қайта өңдеу, қалпына келтіру.

Адамның табиғатқа əсер етуінің артқаны соншалық, табиғи ортаны сақтау проблемасы адамның өзінің тіршілік ету проблемасымен қабысып жатыр. Қоршаған ортаның жайы бүкіл планетадағы экологиялық жағдайға үлкен əсер етеді. Сондықтан да экологиялық проблемаларды шешудің саяси, экономикалық, идеологиялық жəне құқықтық құралдарын дайындау туралы мəселе тұр. Аталған проблеманы шешу жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың шеңберімен шектеліп қалмайды, олар жаһандық сипатқа ие болды. Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу қажеттілігінің астарында халықаралық қауымдастықтардың бірігуі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бар. Табиғат қорғауға бағытталған ұлттық іс-əрекеттер түптеп келгенде, адамды қоршаған ортаны қорғауға қатысты интернационалдық шаралармен қосылғанда ғана оң нəтижелер береді [5].

Осы тұрғыда, Өзбекстан Республикасының заңнамаларына сəйкес қоршаған  ортаға келтірілетін экологиялық зиянға, экологиялық жауапкершілікке тоқталсақ. Өзбекстан Республикасының заңнамаларына сəйкес, экологиялық құқық бұзушылық – бұл табиғат қорғау заңнамаларының нормаларын бұзатын, қоршаған табиғи ортаға, сондай-ақ, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін құқыққа қайшы кінəлі əрекет [6]. Экологиялық құқық бұзушылық құрамы, өзге құқық бұзушылық құрамы сияқты 4 элементтен тұрады, яғни олар: объект; субъект; объективтік жақ; субъективтік жақ.

Экологиялық құқық бұзушылықтың ерекше белгісі – экологиялық зиянның  келуі. Экологиялық зиян қоршаған ортаны ластаумен, табиғи ресурстардың жүдеуімен, табиғат объектілерінің бұзылуымен, жойылуымен, бүлінуімен, экологиялық жүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуымен анықталады. Сəйкесінше, келтірілген зиянға байланысты қылмыстық, азаматтық- құқықтық, тəртіптік немесе əкімшілік жауапкершілікке тарту көзделеді.

Экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу нысаны бұл елдің заңнамаларына сəйкес мынадай түрде жүргізіледі: [7]

а) табиғи түрде (топырақ құнарлығын қалпына келтіру, ормандарды қалпына келтіру т.б.); б) шығындарды өндіру бойынша.

Өзбекстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сəйкес, қылмыстық жауапкершілік аса қауіпті экологиялық құқық бұзушылықтарға қолданылады. Мысалы, экологиялық қауіпсіздік талаптары мен нормаларын бұзу; қоршаған табиғи ортаны ластау; жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдалану тəртіптерін бұзу жəне т.б. Əкімшілік жауапкершілік айыппұл салу жəне Өзбекстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық Кодексінде көрсетілген негіздерде жүргізіледі. Ал азаматтық-құқықтық жаупкершілік қоршаған ортаға зиян келтіру фактілері немесе табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты заңсыз мəмілелер жасалған жағдайда орын алады. Тəртіптік жауапкершілік еңбек не өзге де еңбек тəртібі, қызметтік міндеттері экологиялық құқық бұзушылықпен байланысты нормалар негізінде көрініс табады.

Осы тұрғыда, Өзбекстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 204-бабына сəйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзып, оған елеулі зиян немесе өзге де аса ауыр салдарларға алып келсе, ең аз мөлшері 50 айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлеу, нақты бір қызметті атқару құқығын 5 жылға дейін айырумен немесе 2 жылға дейінгі мерзімде түзеу жұмыстарына жазаланады. Ал егер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектілерін қасақана жойып немесе бүлдірсе, 50-ден 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 6 ай қамауда ұстау, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылады [8].

Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293-бабына сай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимi бұзылып, елеулi зиян келтiруге əкеп соқса, 100-ден 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қасақана зақымдау немесе жою, елеулi зиян келтiруге əкеп соқса, 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [9].

Жалпы қорытындылай келгенде, қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тəсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс. Сонымен қатар, зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады. Өз кезегінде зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жəбірленуші тұлғаға аударылады [10].

Тек қана қоршаған ортаның қалыпты дамуын құқықтық деңгейде қамтамасыз ету арқылы адамдарға лайықты қоршаған орта тудыра аламыз. Адамдар қорғаусыз қалғандықтан мемлекетке ешқандай сенім білдірмейді, яғни болашақтан үміт үзеді. Сондықтан да осы мəселелерді шешу мақсатында денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толық көлемде толтырудың, моральдық зиянның орнын толтырудың құкықтық механизмі ретке келтірілуі тиіс. Ал экология саласында жасалған қылмыстар міндетті түрде қатаң жазалануы керек жəне оның нəтижесінде зардап шеккен адамдарға компенсация төленетін болса, жағдайдың өзгеретіні сөзсіз. Демек, қоршаған ортаға құкықтың сақталуы, халықтың, ұлттың, жалпы мемлекеттің өркендеуіне шексіз мүмкіндік ашады.

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын-ұя бесігі, құт-берекесі. Жəне табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін əрбір жан сезіне білсе нұр үстіне нұр болары анық. Белгілі жазушы Л. Леонов: “Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мəселе тұр: бейбітшілікті жəне табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты” деген көзқарасына сүйене отырып, табиғатты аялай білгеніміз жөн [11]. “Біздің бəріміз – Жер атты бір кеменің жолаушыларымыз” – француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің осынау бейнелі сөзі нақ бүгін ерекше маңызды болып отыр. Ендеше, бұл кеменің жүзу сапары сəтті болуы үшін қолдан келгеннің бəрін істейік, табиғатымызды сақтай білейік деп қорытынлаймың [12].

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы: ЮРИСТ,
  2. Бекишева С.Д.: – Экологическое право Республики Казахстан: учебное пособие. – Караганда: Арко, – 472 с.
  3. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК. -Алматы: Жеті-Жарғы, 1997 // www.Volkan.kz
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ерекше бөлім. (2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). -Алматы: ЮРИСТ,
  5. Бейсенова А., Шілдебаев Ж. Экология жəне табиғатты тиімді пайдалану. -Алматы: “Ғылым”, 325бет, // http://law.kz/article//
  6. Закон Республики Узбекстан 9 декабря 1992 г. № 754-XII «Об охране природы». (В данный Закон внесены изменения в соответствии с Законами от 6.05.95 г., 25.04.97 г., 25.12.98 г.).
  7. Холмуминов Ж.Т. – Экологическое право. Альбом схем: учебное пособие. – Т.: Академия МВД Республики Узбекстан, 2002. – 188 с.
  8. Уголовный Кодекс Республики Узбекистан, утвержден Законом Руз от 22.09.1994 г. № 2012-XII, Введен в действие с 01.04.1995 г. (с изменениями в соответствии с Законом Руз от 04.01.2011 г. № ЗРУ-278).
  9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1997 жыл 16 шiлде, №
  10. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі. 9 қаңтар 2007 жыл № 12-13-III. (2011.10.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // www.e-gov.kz
  1. http://pm.kz/kz/strategy/articlehtml
  2. http://likebook.ru/books/view/22945/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.