Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығына қатысты заң жүйелерінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасындағы жерлерді дұрыс, ұтымды пайдалану және онда  тиімді шаруашылық жүргізіп, сақтай отырып кейінгі ұрпаққа қалдыру – басты мемлекеттік,  қоғамдық мақсат және әрбір азаматтың конституциялық борышы болып табылады. Біздің мемлекетіміздің жер қорының құрамында өзінің көлемі, экономикалық қызметі мен пайдалылығы  бойынша  үлкен маңызға ие болып табылатын жерлер – бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып табылатындығы анық. Қазақстан дамудың және қазiргi әлемдегi өз орны мен рөлiн сезiнудiң жаңа сатысына көтерiлдi. Елдi жаңа нарықтық желiге салу жөнiндегi негiзгi шаралар жүзеге асырылды. Қазақстан тәуелсiз экономикалық держава ретiнде бәсекеге неғұрлым қабiлеттi әрi келешегi зор. Алайда, Қазақстанның өзiндiк даму моделiн iздестiру жалғасуда және жалғаса беруге тиiс, өйткенi дүние шапшаң өзгерiп, күрделене түсуде. Өзiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру үшiн стратегиялық жоспарлауды алдыңғы қатарлы елдер мен аса iрi трансұлттық компаниялар қолданады. Олардың қазiргi заманда өмiр сүру тәжiрибесiн пайдалана отырып, Қазақстан мемлекеттің рөлi мен өз дамуын стратегиялық жоспарлауды күшейтуге тиiс. Айқын стратегиялық жоспарсыз мемлекет  өзiнің мұратын iске асыру қабiлетiнен айырылады. Оқиғалар барысын басқарудың орнына, ол соларға тәуелдi болып қалады.

Ғылыми-техникалық прогрес жетістіктерін ендіруде салық жүйесінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, себебі бұл қосымша шығындарды талап етеді. Еуропа Қауымдастығының бірқатар елдерінде аграрлық бағдарламаларға сәйкес ұлттық бюджеттерден ауыл шаруашылығы өндірісті соның ішінде, қызмет көрсетуші кәсіпорындарды бюджеттерден өтеу қарастырылған. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда және басқа да бірқатар елдерде күрделі салымдар өсіміне салықтық төлемдерді өтеу механизімі кең таралған. Осы жағдайда фермер мемлекеттік аграрлық бағдарламаларға қатыса отырып, салықтық төлемдерді инвестициялық үрдіс толығымен аяқталғанға дейін салықтарды төлеуді күте тұруы мүмкін. Яғни инфляциялық үрдістерді есепке ала келе салықтардың көлемі инфляция пайызына қарай азайтылады, ал салықтың сомасы жылдар бойы бірдей көлемде белгіленеді. Салықтық реттеу фермерлерге өндірістің нақты жағдайларына байланысты амортизациялық төлемдерді есептеудің түрлі әдістерін қолдана отырып, пайдалану арқылы іске асады. Машиналармен жабдықтарға жұмсалған күрделі салымдардан арнайы салықтық кемітулер АҚШ-та тікелей салықтардан алынып тасталынады. Инвестициялық салықтық несие пайдадан 6-10 пайызға дейін, машиналармен жабдықтарға күрделі салымдардың кемітулері болып табылады. Талдау көрсетіп отырғандай, ауыл шаруашылығына бөлінген бюджеттік асигнованиялар өндірістік қызметтер нарығына елеулі әсерін тигізді. Әдетте бюджеттің қаржылары арнайы дайындалған басымдылық мән бағалары мен кірістері есептелген бағдарламаларға беріледі. Осы мәселелер бойынша АҚШ-та ақша қаржыларының 60 пайызына дейін бюджеттен бөлінеді,мемлекет экологиялық зиянсыз техниканы сатып алуға датация бөледі. Мысалы, Голландияда ішкі топырақтық тыңайтқыштарды егу үшін машиналарды сатып алып 22 пайыз көлемінде олардың құндарынан субсидиялар бөледі. Дамыған елдерде техниканы сатып алуға берілетін тіклей дотациялар қазіргі кезеңде өте сирек кездеседі. Бірақ, жеке дағдарыс кезеңдерінде ауыл шаруашылығының дамуында олар кеңінен қолданылды.

Батыс Еуропа елдерінде фермерлер қажетті техниканы бір бөлігіне ие, ал кейбіреулерінің иелігінде олар тіпті жоқ. Яғни ауылдастарының мердігерлердің (МТБ, машиналық рингтер және т.б.) техникасын пайдаланады. Мемелекет шаруашылық аралық техникамен жабдықтарды бірқатар жеңілдіктерді енгізу арқылы пайдалануды ынталандырады. Машиналық рингтер табысты  әркет ететін Австрияда олар федералдық субсидияларды алады. Германияда машиналық рингтер пайдасыз негізде әрекет етеді. Көршілердің көмегін пайдаланатын фермерлер үшін салық жеңілдіктері қарастырылған. Батыс Еуропада техниканы пайдаланудың жалгерлік нысаны кеңінен қолданылады. Мәселен, Ұлыбританияда өндіруші фирмалар фермерлерге арендаға тракторларды беріп, техниканың жұмыс қабілеттілігіне кепілдеме береді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ауыл шаруашылығы агрохимиялық қамтамасыз етудің ұлттық жүйелері қалыптасқан. Олар агрохимикаттарды өңдейтін жеке және кооперативтік сауда кәсіпорындарына  қызмет  көрсететін және зерттеу фирмалары мен ұйымдардың мемлекеттік басқару органдарының бірінғай тауар өндіруші желісіне біріктереді. Жүйелер коммерциялық және кооперативтік болып бөлінеді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі ауыл шаруашылығы кооперациясы ауыл шаруашылығына қызмет көрсетудің өндірістік дамуының елеулі элементтерінің бірі болды. Кооперативтер фермерлердің тұқымдарға, жемшөп, тыңайтқыштарға қажеттіліктердің негізгі бөлігін қаматмасыз етеді.

Экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығын агрохимикалық қамтамасыз ету жүйелерін талдау келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  • жетекші елдердің (АҚШ, Франция, Финляндия, Жапония) агроөнеркәсіп кешенінің салааралық дамуының маңызды бағыттарының бірі – агрохимикаттарды өндіретін өнеркәсіппен АӨК секторлары арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын ауыл шаруашылықты агрохимикалық қамтамасыз ету жүйесін құру;
  • қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын агрохимиялық қамтамасыз ету жүйелерінің қызметтері кеңеюде;
  • фермаларды тыңайтқыштармен, пестицидтермен, агрохимикаттармен, машиналармен, жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтитын кешенді агрохимиялық қамтамасыз етуге өту байқалып отыр;
  • фермерлерге қызмет көрсету ғылыми кадрларды дайындау, шаруашылықтарға ғылыми қызмет көрсету;
  • ауыл шаруашылығын агрохимиялық қаматамасыз ету жүйесі шаруашылықтың барлық категорияларын қамтыуы мүмкін емес. Ұйымдастыру тұрғыда бұл жүйелер агрохимикаттармен химикаландыру машиналарын шығаратын фирмалармен компаниялардың қызмет көрсетуші және зерттеу фирмалар мен ұйымдардың ауыл шаруашылығына жауап беретін министрліктердің мемлекеттік қызметтерін бірінғай фирмалармен компаниялардың желісіне біріктіреді;
  • соңғы жылдары көптеген елдердің ауыл шаруашылығын агрохимиялық қамтамасыз етудің коммерциялық жүйесінде фирмалық агрохимиялық заттарды өндіруді бастады. Жалпы алғанда, коммерциялық жүйеде агрохимиялық қамтамасыз етуде аралық буындармен тауар өндіруші желілеренің қысқаруы байқалып отыр;
  • экономикасы дамыған елдердегі ауыл шаруашылығын агрохимилық қамтамасыз ету жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып фермерлік кооперативтердің қызметін белсендету болып табылады. Кооперативтердің экономикалық тиімділігі агрохимикаттарды сатып алу және пайдалану шығындарын қысқартудан тұрады;
  • минералды тыңайтқыштарды тасымалдау жүйесінде арнайы көлік көптеп пайдаланады (автокөліктік және теміржол);
  • АҚШ, Францияның ірі аймақтарының деңгейінде қазіргі уақытта үйлестірілетін (фирмааралық) сауда қызмет етуші компаниялар өнеркәсіп өнімін химиялық компаниялардан ауыл шаруашылығы жерлеріне жеткізеді. Компаниялар өздерінің алдына агрохимикаттар нарығын икемдеп алуды мақсат етеді. Сонымен, олардың қызмет ауқымы кооперативтермен жеке диллерлерге қарағанда, едәуір кең болады;
  • жалпы тұтынуды реттеудің маңызды тетігі және минералды тыңайтқыштарды маусымдық өткізудің негізгі факторы бағалар болып табылады. Дамыған елдерде минералды тыңайтқыштарға сұранысты теңестіру үшін фермерлік сатып алулар кезінде номиналды нарық бағаларынан арнайы кемітулер жасайды. Тыңайтқыштардың түріне қарай 4-16 пайызға дейін. Бұл ірі  фермерлерді меншікті ішкі шаруашылық қоймаларды соғуға ынталандырады.

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің 80 пайызға жуығы өңделместен шикізат күйінде сатылады, өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық жағынан артта қалуы себебінен дайын өнімнің бәсекелестікке қабілеті нашар. Осының бәрі еңбек өнімділігін, рентабельдікті және ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын арттыруға кедергі болып отыр. Мұның өзі БСҰ-ға кіру кезінде көкейкесті сипат алады, біз онда ішкі азық-түлік нарығында ашық жағдайда жұмыс істеуімізге тура келеді. Осы проблемаларды шешу үшін 2005 жылы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заң қабылданды. Заңның қабылдануымен агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды басым дамытудың және оларды тұрақты дамыту, ішкі және сыртқы нарықтағы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын бір жүйеге келтірудің құқықтық негізі жасалды. Осы  Заңды іске асыру жөніндегі нақты шаралар Үкіметтің қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасында және оны іске асыру жөніндегі 2006- 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасында айқындалған.

Бұл екі құжаттың негізгі – мақсаты кешен салаларының өнімділігі мен кірістілігін арттыру, сондай-ақ отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің одан әрі дамуын қамтамасыз ету. Азық-түлік тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ықшамды жүйе құру жоспарланып отыр, ол біздің БСҰ-ға кіруіміздің басты шарттарының бірі. Бұл міндетті шешу үшін ветеринариялық және фитосанитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету, қазіргі заманғы техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу мен енгізу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің халықаралық сапа және қауіпсіздік менеджменті жүйесіне көшуін қамтамасыз ету, мамандандырылған зертханалар желісін құру және оларды халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес қажетті жабдықтармен жарақтандыру қажет. Өнім рыногын мемлекеттік реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Азық-түліктің қауіпсіздігіне төнетін қатерді болдырмау мақсатында ішкі рынокты реттеудің біз үшін маңызы зор. Осы факторларды жою үшін, сондай-ақ бағаның кілт ауытқушылығын болдырмау және инфляциялық үдерістерді тежеу үшін әлемдік тәжірибеде кеңінен  қолданылатын  сатып алу және баға интервенциясы, биржалық сауда, ауыл шаруашылық өнімінің коммуналдық көтерме нарықтарын құру тетіктері пайдаланылатын болады. Үкіметтің ауыл проблемаларын шешу туралы бастапқы тұжырымдамасына маңызды өзгерістер енгізу қажет. Өйткені индустриялық ел қатарына қосылу үшін алдымен біз қалалық ұлтқа айналуымыз керек. Ал бізде ауыл жұртшылығының үлес салмағы халықтың 45 пайызын құрап отыр. Ауылдағы жұмыс орындары осынша халықты қамти алмайтыны түсінікті. Ал дамыған елдерде ауыл шаруашылығымен халықтың 10-15 пайызы ғана айналысатынын жақсы білеміз. Сондықтан келешегі бұлыңғыр, шөлейтті елді мекендерден қалаға көшетін халықты қолдаудың жүйелі жолдарын ойластыру қажет. Ауыл шаруашылығында адам саны ықшам болса ғана түбегейлі реформаларға шындап кірісуге болады. Біз республикалық маңызы бар жолдарды  бірінші  кезекте  деп  үлкен  қалалардың  арасындағы  жолдарды  жөндеп  алдық. Енді «ауылшаруашылық жолдары» деген мәртебені анықтауымыз керек. Бүгінде ауыл шаруаларының пайдаланатын жолдары сын көтермейді, жоқтың қасы. Үкімет барлық ауыртпалықты жергілікті органдарға артып қойып, ол жолдарды жөндеуден қашып отыр. Бір ауданның ішінде шамамен кем дегенде 500 шақырымдай ауыл шаруашылық жолдары бар десек, оны жөндеуге қажетті қаржыны жергілікті бюджет ешқашан бөле алмайды. Сондықтан «ауылшаруашылық жолдары» дейтін жолдарды анықтап, оларды қаржыландыруды жергілікті бюджетпен қатар республикалық бюджеттен қарастыру керек.

Ауыл шаруашылығына қатысты заң жүйелерін терең сараптамадан өткізуіміз қажет. Қабылданып жатқан заңдар қалай жұмыс істеуде? Оларды жүзеге асыруға қажетті тиісті нормативтік актілер уақтылы қабылданды ма? Заң нормалары жөнінде ауыл шаруаларына тиісті түсініктеме берілді ме? Өкінішке қарай, шаруалардың оларға заң жүзінде беріліп отырған түрлі жеңілдіктерден еш хабары жоқ. Сонда жергілікті атқарушы билік органдары не қызмет атқарып отыр деген заңды сұрақ туындайды. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылды аумақтарды дамыту және мемлекеттік реттеу туралы маңызды заң қабылдадық. Бірақ аталмыш заң тиісті актілердің жоқтығынан толық жұмыс істемей, декларативті құжат ретінде қалып отыр. Субсидияларды іске асыру тетігі анықталуы қажет еді. Жыл сайын өзгеріп отыратын тетіктердің болуы ақшалай субсидияларды енгізген кезде жарамсыз болуда. Көптеген шаруалар мемлекеттік субсидиялардан шет қалуда немесе жергілікті әкімдердің еркіне тәуелді болуда. Жалпы агроөнеркәсіпті субсидиялау схемасы тұжырымдамалық өзгертуді қажет етеді.  Осы заңды  Парламентте қарастыру  кезінде Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті «атаулы  субсидиялауы  және  өсімдік  шаруашылығын  субсидиялауы  1  гектар  жерге    шаққандағы  есеппен жүргізілуі қажеттігі жөніндегі» норманы ұсынған болатын. Өкінішке қарай, сол  кезде ұтымды ұсыныс қолдау таппады. Бұл ұсыныстың ауыл шаруалары үшін нақты көмек болатынын бүгінгі практика көрсетіп отыр. Сондықтан, мүмкін, бұл заңды қайта қарастырғанымыз жөн болар деп ойлаймыз. Қазіргі кезде еліміз таңдап отырған кластерлік даму жолдарының бірі – мақта шаруа- шылығын дамыту екені белгілі. Осыған сәйкес нақты істер де қолға  алынды.  Мақташыларға, олардың проблемаларына мемлекеттік деңгейде көңіл аударылып, Мәжіліс депутаттарының қатысуымен көптен күткен «Мақта туралы» заң қабылданды. «Оңтүстік» атты арнайы еркін экономикалық аймақ құру қолға алынды. Мұның бәрі орынды шара. Мысалы, бізде «Астық туралы» Заң бар. Бұл өте тиянақты жасалған заң. Қазірдің өзінде астықпен шұғылданатын бірқатар мемлекеттер оны өздеріне типтік құжат ретінде алуда. «Мақта туралы» заң аталмыш заңнан кем болмауы тиіс.

Себебі мақта шаруашылығы оңтүстік өңірдегі көптеген шаруалардың жалғыз табыс көзі екені белгілі. Өңдеу салалары тозығы жеткен, энергоресурсты көп пайдаланатын, болашағы жоқ ескі технологиямен жұмыс істейді. Шығарған өнімдері бәсекеге шыдамайды. Өнім сапасын анықтайтын бүгінгі заман талабына сәйкес жабдықталған мемлекеттік лаборатория қажет.Отандық өнімді қайта өңдеушілерді қолдау мақсатында құрал-жабдықтарды алу үшін несиелеу шарттарын үкіметтік деңгейде қайта қарау керек. Алдын ала төлемдерді тағы да жеңілдендіру немесе құрал- жабдықтардың құнына сай жіктеуде, сондай-ақ алған несиені екінші немесе үшінші жылдан бастап өтеуді қарастыру керек. Ауылға көмек көрсетіліп келеді. Ауыл шаруашылығы аяғынан тұра бастады, бірақ, дегенмен онда әлі де шешілмеген мәселелер өте көп. Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру» – ауылды дамытудың, қолдаудың жаңа кезеңі болды.

Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр», деп көрсетуі агроөнеркәсіптік кешен мен ауылға да тікелей қатысты. Таяудағы онжылдықта бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндеті, ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласын дамы- туды, мұндағы шешілмеген түйінді мәселелерге айрықша назар аударуды талап етеді.

 

 

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» жолдауы // Егемен Қазақстан. № 123. - 30 апрель, 2002 ж.
  2. Қазақстан Республикасы. 2003 ж. 20 маусымда қабылданған, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. - Юрист.: Алматы, 2008.- 104б.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі. 2005-2007 жылдарға арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану бағдарламасы: 2005 жылы 5 қаңтар қаулы // Параграф ақпараттық жүйесі,
  4. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан в условиях становления и развития рыночной экономики(проблемы теории, законотворчества и практики): Дис. д-ра юрид. наук. – Алматы, 2005. – 396 с.
  5. Қазақстан Республикасының 31-ші наурыз 1998-ші жылы қабылданған «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы(енгізілген өзгерістерімен). – Алматы: Параграф ақпараттық жүйесі, 2011.
  6. Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңы» 08 шілде 2005 жылғы. Алматы, Юрист баспасы, 2006. 21б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.