Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ билерінің үлгілі билік-шешімдерінің кейбір ерекшеліктері

Көшпелі қазақ даласындағы демократиялық биліктің негізгі тұтқасы қазақ билеріне  тиесілі болған болатын. Қазақ билері хан билігінің тізгінін тарттырып отырумен қатар елдің ішіндегі үлкенді-кішілі дауларға бітім айтып, оның ушықпай бітіп отыруына үлкен ықпал еткен.  Қазіргі тілмен айтатын болсақ, қазақ ішіндегі сот билігі мен сот ісін жүргізу осы билердің қолында болған. Қазақ билерінің билік-шешімдері кезінде елден-елге тарай отырып, бүкіл қазаққа үлгі болған да болатын. Ондай қазақ билерінің аузы дуалы болып, барлық рулы елді осы билікке бойы ұсындырып отырған. Қазақ даласындағы билер сотының бұл сиқыры белгілі ғалым С.З. Зимановтың пайымдауы бойынша мынада: «Билер қоғам назарындағы тұлға болғандықтан, олардың қызметі мен лауазымы ел арасындағы атағы мен даңқ дəрежесіне байланысты белгіленетін. Əрбір би атағының өз ортасына ғана емес, дүйім жұртқа жайылғанын қалаған. Ал мұндай мəртебе əкелер саны сүрлеу – ел сеніміне ие болып, үмітін ақтау үшін аянбай қызмет ету». [1, 50 б]. Айтылған пікірмен келісе отырып, қазақ билерінің кейбір билік-шешімдеріне көңіл бөлуді жөн көріп отырмыз.

Қазақ ішінде сақталған үлгілі билік-шешімдердің бірі кезінде Төле би айтқан «Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды» деген атпен белгілі. Бұл биліктің негізі мынандай:

«Тəуке ханның билігін үш жүздің қалай қолдағанын бейнелейтін бір мысал мынандай. Төле би шідер ұрлап қолға түскен бір ұрыға ұрланған шідірдің үш тармағын үш аттың аяғына салдырып «енді осы үш атты үш жаққа ұрып айда, егер аттар шідерді үзіп босанып кетсе, айыптан азатсың, ал шідер үзілмесе, үшеуін біріктіріп ұстаса, онда ол үш тармақты шідер емес, ер ердің қызметін атқарғаны. Онда бір тармағы үшін бір бесті айып төлейсің» деген үкім айтады. Əрине, мықты қайыстан жұмырлап өрілген шідерді аттар үзіп кете алмайды, ұры бір шідер үшін үш ат төлеп құтылады. Төленің  бұл  билігін  қазақтар  да,  кейін  қазақтың  əдет  заңын  зерттеген  орыс  оқымыстылары да «даналық шешім» деп бағалайды». [2, 19 б]. Осы жерде бұл шешімнің орысша нұсқасын да беріп өткенді жөн көріп отырмыз.

За кражу чего-либо из конских или сидельных принадлежностей существуют особые  аипы, далеко превышающие их нормальную ценность и относящиеся разумеется не к нашему времени, а вызованные без сомнения необходимостью времени существования в степи баранты и хищничества повсюду, когда, как военное время, нельзя было не смотреть на каждую из принадлежностей сидельного прибора, при всей простоте материала, из которого они сделаны, как на предмет первой необходимости. – Тек некто из большой орды, по имени Уйсюн Тулебий, по одному бывшему в его время делу о покраже один уйсюневцев у другого треног, по-киргизски чидерь, постановил следующее оригинальное и неслыханное до-толе решение: По объяснении каждым из тяжущихся лиц сущности дело, он долго сидел как бы задумавшись над решением такого пустого случая; потом приказал надеть треноги тремя концами на три лошади так, чтобы у каждого стреножено было по одной задней ноге. Стреножив таким образом одними треногами трех лошадей, каждую за одну ногу, бий приказал погнать каждую из них врозь и в разные стороны, при чем сказал, что если треноги от этого порвутся – не полагать за них никакой платы и никакого аипа. Но они не смотря на усилия лошадей не порвались и удержали лошадей на месте. Тогда он обратился к тяжущимися с словами, что это не чидерь, а ушерь, т.е. не треноги, а три мужа, или другими словами в них заключается сила равная силе трех мужчин. Почему и определил платить за них не по цене материала, из которого они сделаны, т.е. не как за ремень, а как за 3 мощные руки и по видимой от них практической пользе – 3 лошади по 5 году или ушибе – стат. [3, с 266-267].

Қазақ ішінде Төле бидің бұл шешімі кеңінен тарап кетуінің себебі, ол кезең жаугершілік заман болғандықтан шешімнің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы басым болған болатын. Сонымен қатар қазақ ішінде бірнеше нұсқасы бар Төле бидің тағы мынандай шешімі белгілі:

Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бəтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол;

Ақты ақ деп баталар! О, игі жақсы ағалар! Өзегі талса ел біткен, Өзен бойын жағалар, - деп сөз бастай бергенде:

  • «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегенннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі? – дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып;

- О, би аға, он үште отау иесі демес пе, Кінəлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Ала көз болу ағайын адамға лайық па? –

деп бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:

 Сонда əлгі би:

  • О, игі асқар тауымыз,
  • Əділ ме осы дауымыз?
  • Жар астында тұрғанда,
  • Жасырынып жауымыз?
  •  Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой, - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
  • Сары табақтан сырқат қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? – дейді.

Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің.

Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелсін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! –

деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастан Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты. [4, 89-90 бб].

Бұл Төле бидің шешімі «Сары табақтан сырқат қайтады» деп аталады.

Қазақ ішінде үлгілі билікке айналып кеткен қазақ билерінің шешімдері көп. Соның бірі кезінде Мөңке би, Ақтайлақ би, Бөлтірік жəне Сырым би айтты деп есептелетін «Төрт тентектің бірі құнды» деген атпен белгілі шешім. Соның біз Ақтайлақ айтқан нұсқасын беріп көрелік.

Ақтайлақ бидің кезінде, Төртауыл ауылымен қатарласа қонып, жаз жайлауы бірге жүретін Байжігіт ауылы жер шола көшіп, бұлақ суы мол көгалға келіп қонады. Таңертең тұрған бай түнде ұрланып қонған көрші ауылды жəне сол ауылдың көгалда ойнап жүрген бір топ балаларын көреді. Ашуланған ол дереу байлаудағы атқа жайдақ міне сап, балаларға шауып келіп, «Кəне, кетіңдер бұл жерден, көгалды таптамай!» деп тілдеп, қамшының астына алады.

Балалар тым-тырақай қаша жөнелгенде, біреуі отыра қалып, шапанын аударып жіберіп атты үркітеді. Ат шұғыл бұрылғанда қисайған байдың басынан бөркі көгалға ұшып түсіп, аттың алдынан көлденең домалап өтеді. Аң терісінен көмкеріліп тігілген бөріктен тіпті шошынған асау, тік қырғып мөңкігенде, бай аттан басымен құлап, сол жерде жан тапсырыпты.

«Аттандаған» екі ауыл ымыраға келмей, іс насырға шауып, ел арасы бұзылуға айналады. Əрі-бері ақылдасып, дауды Ақтайлақ биге шештіруге келісім жасайды. Ақтайлақ болған оқиғаның мəнісін жете анықтап, екі ауылдың халқын түгел жинап былай деген екен:

  • Байдың ауылы бұрын келіп қонғаны рас па? – дейді.
  • Рас, - дейді барлығы.
  • Бай таңертең көгалда ойнаған балаларға атқа міне қуғаны рас па?
  • Рас.
  • Үріккен аттан байдың бөркі ұшып түсіп, одан ат шошынып қарғып, бай жығылып өлгені рас па?
  • Рас, - дейді жиылған жұрт.

Сонда Ақтайлақ би «Ендеше билігімді тыңдаңдар!» - деп қолын көтереді:

  • Бай бұл елдің арқа сүйер азаматы, осы ауылдың ағасы еді. Отауына құт, əулетіне береке, ауылына беделді ер еді. Ердің құны – екі елу, құнына жүз тайлақ кесемін. Бірақ бұл тайлақтардың төлемін төрт тентекке бөліп беремін. Бірінші тентек байдың өзі – баламен бала болмай,  арғы ауылдың көшіріп əкелген үлкендеріне бару керек еді, сондықтан 25-сін бай ауылына кесемін! Екінші тентек – байдың атын үркіткен балаға кесемін, ол өйтпесе байдың бөркі басынан ұшып түспес еді, 25- сін сол төлесін! 25 тайлақты – үшінші тентек – байдың бөркіне кесемін, көлденең домаламаса байдың аты секірмес еді. Төртіншісін бай мінген асауға кесемін, ол тік қарғып жықпаса бай  өлмес еді. Осымен билік бітті, - деген екен.

Ақтайлақ бидің бұл билігіне разы болған екі жақ, үндемей тарасқан көрінеді [5, 21-22 бб].

Қысқаша билердің үлгілі шешімдеріне талдау жасаудың өзі бізге билердің билік шешімдері ел мүддесін көздеп айтылған тапқыр да, жұмыр шешім екендігін аңғартады. Қазақтың жадысы осындай ел бірлігіне бастайтын үлгілі биліктерді ғасырдан-ғасырға жалғап біздің осы уақытымызға дейін жеткізіп отырған.

Қазақтың билерінің үлгілі билік шешімдері негізінен қазақ əдет құқығының бірден-бір қайнар көздерінің бірі болып табылды.

 

 

Әдебиеттер

  1. Зиманов С.З. Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі - Алматы: Ата-мұра, 2008. – 216 бет.
  2. Ел аузынан (құраст. Б.Адамбаев) - Алматы: Жазушы, 1989. – 461 бет.
  3. Материалы по казахскому обычному праву.- Алматы: Жалын, 1998. – 420 с.
  4. Төреқұлов Н. Қазақтың би шешендері.- Алматы: Жалын, 1994. – 367 бет.
  5. Ақтайлақ би (құраст. С.Қорабаев) Алматы, 1991. – 93 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.