Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық іс жүргізудегі талап өндiрiсiнiң түсiнiгi жəне мəні

Қазіргі кезеңде құқық салаларының жүйесінде нормативтік қырларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Отандық құқық саласының барлық жүйесін қамтып отырған мəселе болып табылады. Бұл азаматтық іс жүргізу құқығын да аттап кеткен жоқ. Азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тəртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот əділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тəртібін қарастырады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пəні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық сот өндірісінің, яғни соттың жəне басқа да іске қатысушылардың қызметі болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының əдісі: императивті, диспозитивті əдіс. Бұл жерде басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен жəне тек құқықтармен ұштасып жатады.

Құқық реттеу əдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:

  • Азаматтық іс жүргізуді реттеу бойынша
  • Міндетті жəне шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет атынан шешім қабылдауы.

Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. Азаматтық іс жүргізу құқығы басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар бойынша заңдылықты бұзулар кездессе жəне олар ерікті түрде орындалмаса.

Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пəні ретінде соттың жəне іске қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына басқарушылық жəне бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық қорғау органдары пəнімен азаматтық іс  жүргізу құқығының ара-қатынасы біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі жəне осы органның сот əділдігін жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс жүргізудің тəртібі жəне формасы оқытылады. Азаматтық іс жүргізу құқығымен  көптеген қағидатің ұқсастығымен дəлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген институттың бірдейлігімен ара- қатынастарын көреміз, сонымен қатар азаматтық жəне азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында  іс  қараудан бастап азаматтық іс бойынша  шешім шыққанға дейін.[1 с. 151]

Апелляциялық, қадағалау сияқты жəне тағы басқа қосымша сатылардан да өтуінен көреміз.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік құбылыстар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мəні, процестің соттың қызметі  ретінде екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, іске қатысушы тұлғалар мен соттың құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.

«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пəнінің негізгі міндеттері: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының концептуалды мəселелерімен таныстыру, маңызды заң актілері мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, əрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсіндіру, сот қызметінің қағидатерін білу, азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық жəне адамгершілік талаптар туралы нақты пікірді орнықтыру.

Азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тəжірибеде қолданылуы азаматтардың ар- намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың, еңбек қақтығыстарын жəне басқа дауларды шешудің, моральдық жəне материалдық зиянды өндірудің, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуға бағытталған. Сот актілерінің орындалуы үшін тиімді əрекет етуші жүйе құрылуы керек.

Бұл міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді. Құқықтың нарықтық жəне демократиялық табиғатын түсінетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттің қазіргі құрылымын білетін судьялардың білікті корпусын қалыптастыруға студенттердің Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында терең білім алуы ықпал етеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пəні болып:

  • азаматтық іс жүргізу заңнамасы дамуының негізгі кезеңдерін, азаматтық іс жүргізу заңнамасын, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуы тарихын жəне қазіргі жағдайын көрсететін азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тəжірибесінің өзекті жəне басым мəселелерін;
  • азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары, дəлелдемелердің түсінігі, дəлелдеу процесі, істердің бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда қаралу, қадағалау тəртібімен қайта қаралу жəне шешімдердің орындалу тəртібін қарастыру.
  • - процессуалдық мектептер мен бағыттарды білу, азаматтық іс жүргізу құқығының жекелеген мəселелері бойынша ғылыми жəне өзіндік ұстанымды қалыптастыру.
  • азаматтық іс жүргізу құқығының теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне өз бетінше талдау жасау;
  • азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізу;
  • азаматтық іс жүргізу заңнамасын тəжірибеде өз бетінше қолдану.

Азаматтық іс жүргізу – азаматтық іс жүргізу нормаларымен тəртіптелген азаматтық істердің бір сатыдан басқа біреуіне өте отырып, соңғы мақсаты, міндеті – заңмен қорғалатын мүдде мен құқықты қалпына келтіру болып табылады.Мүдделі тұлға арызбен сотқа жүгіне отырып, өзінің талабын көрсетіп негіздейді, ол арыз, талап-арыз, шағым, ерекше талап өндірісіне арыз болуы мүмкін. Сот оларды тексере отырып, оның қарауына жататынын, жатпайтынын қараса, сот бұл арызда сотта қорғау формасы қажет екенін тапса, бұл істі өз өндірісіне қабылдап, осы сəттен азаматтық іс қозғайды.Сот, мүдделі адамдар, басқа қатысушы тұлғалар (куə, эксперт, аудармашы өкілдер) іс жүргізуде қарауда бірқатар əрекеттер жасайды. (сот мəжілісіне қатысады, түсініктемелер береді, дəлелдемелер тапсырады, т.б.).

а) Азаматтық іс жүргізу құқығы – құқықтың бір саласы ретінде қоғамдық қатынастарды реттейтін өзінің құрамына іс жүргізу нормаларының жүйесінен тұратын сот пен іске қатысушылар арасындағы азаматтық істі сот əділдігімен шешуді айтамыз.

Азаматтық іске қатысушылардың азаматтық іс жүргізу нормаларымен бекітілген азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттері бар. Мысалы, сот істі қарау жəне шешу құқығына ие, ол басқа қатысушыларға байланысты биліктік өкілеттікке ие, сонымен қатар ол іске қатысушы тараптар мен басқа қатысушылардың іс жүргізу құқығын қатал сақтау керек.

Азаматтар мен заңды ұйымдар іс жүргізуге қатысуға, өтінімдер беруге, өздерінің талаптарының негіздерін (қолдануға) дəлелдеуге сот шешіміне шағым келтіруге, шешімнің орындалуына қатысуға құқылы. Олар іс жүргізу құқығымен қатар, іс жүргізу міндеттерін алады. Іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот шығындарын төлеуге, сот шақыртуына келуге, дəлелдемелер тапсыруға міндетті.

б) Азаматтық іс жүргізу пəні сот əділеттігін нақты азаматтық істерден тұратын арнайы іс жүргізу формасымен атқару, ал азаматтық іс жүргізудің құқығының пəні – құқықтық сала ретінде азаматтық іс жүргізу, яғни соттар жəне басқа іске қатысушылардың əрекеттері мен сот актілерін орындайтын органдардың əрекеті болып табылады.

в) Азаматтық іс жүргізу құқығы қоғамдық қатынастарды диспозитивті рұқсат етілген əдіспен реттейді.

Бұл дегеніміз азаматтық істің пайда болуы сотқа емес, мүдделі адамдарға керек екендігі. Сот өзінің инициативасымен азаматтық іс қозғамайды. Сот құжаттарына шағым келтіруде іс жүргізудегі мүдделі тұлғалардың еркі болады.

Азаматтық іс жүргізудің нормалары көбінесе тыйым салатын емес, рұқсат етілетін нормалардан тұрады. Іске қатысушылар тек өздеріне берілген іс жүргізу құқығына ие болады да тек солар бойынша əрекет етеді, құқыққа ие болады.

Заңдылықты, қоғамдық тəртiптi қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың саяси, еңбек, тұрғын жəне басқа да құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, қатал сақтауды қамтамасыз етуде маңызды рольдi соттар атқарады. Азаматтық процестегi соттың мiндетi азаматтық iстердi дұрыс  жəне тез қарау, шешу жəне iс бойынша заңды, негiздi шешiм шығару. Соттың қызметiн ұйымдастыру, iстердi қараудың тəртiбi, судьялардың жұмысының жоғарғы мəдени деңгейi заңның барлық талаптарын қатал сақтауға негiзделген жағдайда ғана сот төрелiгiнiң басты мақсаттарына қол жеткiзуге болады.

Сот өзiне жүктелген мiндеттердi заңмен белгiленген процессуалдық нысанды сақтаған жағдайда сəттi жүзеге асырады. Бұл процессуалдық нысан iс бойынша объективтiк шындықты шынайы анықтауға жəне заңды, негiздi сот шешiмiн шығаруға ықпал етедi. Сот iсiн жүргiзудiң əрекет етушi нормаларын бұзу дұрыс емес шешiмдердi шығаруға, азаматтар мен заңды тұлғалардың, мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына əкеледi, сондай-ақ, сот төрелiгiн жүзеге асыру зиян келтiредi.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 13 бап 1 тармағында көрсетiлгендей «Əркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар жəне өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тəсiлдермен қорғауға хақылы» делiнген. Яғни бұл жердегi «құқық субъектiсi» санаты азаматтардың құқық қабiлеттiгi мен əрекет қабiлеттiлiк ұғымын құрайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 13 бабында азаматтық құқығы мен мiндеттiлiк жүктеу қабiлетi болудың барлық азаматтар үшiн бiрдей дəрежеде танылатындығы белгiленген. Азаматтық құқық қабiлетi ол туған сəттен бастап болады жəне ол қайтыс болуымен тоқтатылады.

Азамат Қазақстан Республикасы шегiнде де, сондай-ақ шет елдерде де мүлiкке, оның iшiнде шет ел валютасына меншiк құқығына; мүлiктi мұралыққа алу жəне мұралыққа беруге; республика аумағында еркiн жүру жəне тұратын орнын еркiн таңдауға; республика шегiн еркiн тастап шығу жəне оның аумағына еркiн қайта оралуға; заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен жəне заңды тұлғалармен бiрлесе құруға; заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген мəмiле жасауға жəне мiндеттемелерге қатысуға; материалдық жəне моральдық зардаптардың орны толтыруын талап етуге; басқа да мүлiктiк жəне жеке құқықтарды иеленуге құқылы.[2 97б.]

Азаматтың өз iс-əрекеттерiмен азаматтық құқықты иелену жəне оны жүзеге асыру өз үшiн азаматтық мiндеттердi туғызу, оларды орындау оның кəмелеттiк жасқа келуiмен, яғни жасының он сегiзге толуымен толық көлемiнде туады. Азаматтың əрекет қабiлеттiгi бiрдей болады.

Азаматтардың құқық қабiлеттiгi мен əрекет қабiлеттiгiнен айыру мен оны шектеуге жол берiлмейдi. Жəне оларға шектеу қоя алмайды.

Азаматтық құқықтарды қорғаудың тəсiлдерi: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн iс- əрекеттердiң жолын кесу; мiндеттiлiктiң iс жүзiнде орындалуына үкiм ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мəмiлелердi заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын  толтыру; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органдардың заңдарға сəйкес келмейтiн актiлерiн заңсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқық иеленуiне немесе оны жүзеге асыруына кедергi келтiргенi үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айып өндiрту жолымен, сондай-ақ заң актiлерiмен көзделген өзге де тəсiлдермен сот немесе аралық сот жүзеге асырады.

Заң актiлерiмен арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған жеке немесе заңды тұлғалардың тiкелей өздерi арқылы жүзеге асырылады. Құқық бұзылған адам оған келтiрiлген зиянның толық өтелуiн талап ете алады.

Əрбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.

Азаматтар мен заңды тұлғаның сот арқылы қорғану құқығы екi құқықтан тұрады: сот арқылы қорғану үшiн сотқа шағымданудың процессуалдық құқығы, демек азаматтық iстi қарау жəне iс қозғау мiндетiн сотқа тапсыру, екiншiсi, заңды жəне негiзгi талабын сот арқылы қанағаттандыру үшiн материалдық құқық.

Мүдделi тұлға сотқа арызбен жүгiне отырып өзiнiң талабын көрсетiп негiздейдi.

Талап өндiрiсi құқық қорғаудың ең негiзгi түрi, ал талап арыз өндiрiстiң осы түрiн қозғаудың құралы болып табылады.

Талап өндiрiсiнiң ерекше белгiлерi – құқық жөнiндегi дау жəне құқық жөнiнде дауласып отырған тараптар.

Тараптар дауды өзара шеше алмай, талапкер мен жауапкердiң арасында дау туындаған кезде жəне олар оны заңмен бекiтiлген тəртiпте жазбаша түрде соттың қарауына тапсырған кезде ғана талап iсi пайда болады. Осы кезден бастап материалды құық талап арызына айналады. Сотқа берiлген кез келген арызда жауапкерге, яғни құқығын бұзған нақты адамға, талап қойылу керек.

Талап арыз арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiредi, материалдық, моральдық зиянды өтеттiредi.

Судья азаматтық iс бойынша талап арызды қабылдау туралы мəселенi жеке өзi шешедi. Егер де судья арызды қабылдамаса дəлелдi ұйғарым шығарады.

Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын жəне заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық жəне мемлекеттiк мүдделердi қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтiнiш жасауға құқылы. Азаматтарын жəне заңды мүдделерiн қорғау туралы, егер адам дəлелдi себептермен өзi сотқа жүгiне алмаса, тек мүдделi адамның өтiнiшiмен ғана прокурор талап қоя алады. Əрекетке қабiлетсiз азаматтың мүддесiн қорғау үшiн прокурор мүдделi адамның өтiнiшiне қарамастан талап қоя алады. [3]

Талап қоюшы прокурор мəлiмдеген талапты қолдамаса, егер үшiншi тұлғалардың құқықтары, бостандықтары жəне заңды мүдделерi қозғалмаса, онда сот талап қоюды қараусыз қалдырады.

Талап қоюшы прокурор, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерiн қорғау үшiн талап қоюдан бас тартуы ал тұлғаны iстiң мəнiсi бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

Мемлекеттiк органдар жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар олардың өтiнуiмен басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап қойып сотқа жүгiне алады. Əрекетке қабiлетсiз азаматтың мүддесiне қорғау үшiн мүдделi адамның өтiнiшiне қарамастан талап қойылуы мүмкiн.

Бөгде мүдделердi қорғау үшiн талап қойған адамдар, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады жəне барлық iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас  тартуы мүдделерiне сай iс қозғалған адамды iстi мəнi бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделерiне сай iс қозғалған адам мəлiмдеген талапты қолдамаса, үшiншi тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап арызды қараусыз қалдырады.

Талап қою өндiрiсiнiң басым көпшiлiгi азаматтық iстер болып табылады. Сондықтан азаматтық сот өндiрiсiнiң ережелерi ұқсас болып келедi.

 

 

әдебиеттер

  1. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В двух томах. Т. 1 Общая часть Учебник. – Алматы: КазГЮА, 2001. 321 с.
  2. ҚР Азаматтық кодексi, Алматы, 1999. 267 б.
  3. «ҚР Прокуратурасы туралы» заңдық күшi бар ҚР Президентiнiң Жарлығы 12.1995. // Егемен Қазақстан, желтоқсан 1995.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.