Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əркімнің əлеуметтік, еңбек құқығы мен бостандығын қорғау саласына қатысты құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жүйесінің кейбір мəселелері

Адам құқықтары мен мүдделерінің қамтамасыз етілу жағдайлары құқық қолдану практикасы негізінде жəне өтініштерді тіркеу, қарау, сəйкесінше, өтініштер жайлы жүргізілетін ведомствалық, республикалық ақпараттық жүйенің көрсеткіштері негізінде айқындалады. Ведомствалық жəне республикалық ақпараттық жүйенің қалыптасуы заңнамаға негізделеді. Жалпы,  мемлекеттік деңгейде, сол өтініштер негізінде жинақталған мəліметтер саяси шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, əркімнің өтініштерін қарауды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жеткілікті екендігіне қарамастан, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың басшыларымен жəне басқа да лауазымды тұлғалармен өтініштерге байланысты дəйекті, дəлелді шешім қабылдау, оларды тіркеу туралы іс-қағаздар өндірісін сол ұйымдарда ұйымдастыру мəселелеріне байланысты құқық бұзушылықтардың жиі орын беретіндігі мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органдарымен айқындалуда. Басым көпшілік заң бұзушылық əрекеттердің (əрекетсіздіктің) өтініштерге байланысты қабылданатын ұйым басшылары актілерінің қабылдану нысаны мен тəртібіне қатысты жиі орын беретіндігі еңбек дауларын сот өндірісі тəртібінде қарау, прокуратура жəне жергілікті еңбек инспекцияларымен тексерулер жүргізу барысында белгілі болып жатады. Осы мəселелер төңірегінде нақты құқықтық механизмдер мен тəсілдердің айқындалу қажеттілігі дəлелдеуді қажет етпейді жəне осы бағыттағы мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың міндеттері Елбасымен қабылданған бағдарламалық актілерге негізделеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан – 2030» Барлық қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы» атты əр жылғы Жолдауына [1] сəйкес Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы қабылданды [2]. Осы Стратегияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мəселесіне қатысты мемлекеттік басқару саласын жетілдіруге бағытталған міндеттер айқындалып   белгіленді.   Қазақстан   Республикасы   Президентінің 2006   жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес Қазақстанда жоғарғы стандартты адамның өмір сүру сапасын қалыптастыру мақсаты айқындалып жүзеге асырылатын іс-шаралардың көлемі белгіленді [3]. Осы бағдарламалық құжаттар негізінде, еңбек қатынастары саласына қатысты, азаматтық бастамашылдықты іске асыру мүмкіндіктері жəне осы бағыттағы құқықтық актілердің əзірлену міндеттері қойылды. 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономика жəне əлеуметтік салаға қатысты, еңбек өнімділігінің кешенді артуын аса маңызды міндет деп танып, өнімділіктің арттырылуы, сəйкесінше, инновациялардың ендірілуі кезек күттірмейтін іс-шара екендігін атап көрсетті [4]. 2011 жылға арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында халықты əлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамтудың жаңа  нысандарының енгізілуі, сəйкесінше, барлық деңгейде (республикалық жəне өңірлік)  инновациялық бағдарламаларды іске асыру жолындағы міндеттер Елбасымен айқындалып мемлекеттік уəкілетті органдарға қажетті нормативтік құқықтық актілердің қабылдануын тапсырды [5].

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ “Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы” Заңына [6] жəне Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107-II “Əкімшілік рəсімдері туралы” Заңына [7] сəйкес өтініштерді тіркеу жəне қарау, сəйкесінше, қаралған өтініштерге қатысты арнайы есеп жүргізу міндеті барлық орталық жəне салалық мемлекеттік органдарға, мемлекеттік кəсіпорындарға жүктелген. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-I «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заңының 12-бабына сəйкес лауазымды тұлғалармен өтініштерді тіркемеу, қарамау жемқорлық пен байланысты құқық бұзушылық əрекет (əрекетсіздік) болып танылады [8]. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат Министрінің   Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың жəне құжаттаманы басқарудың Үлгілік Ережелеріне сəйкес ұйымдарда іс жүргізу мен мұрағаттық құжаттардың сақталуының жай-күйі, өтініштерді қабылдау, тіркеу жəне қарау нысаны мен тəртібі айқындалады [9]. Осы тақырыптағы мəселеге қатысты ең соңғы бес жылдық (2011 жылдық статистикалық көрсеткішті қоспағанда) статистикалық көрсеткіштерді айқындай отырып, адам құқығының қамтамасыз етілуіне бағытталған іс-шаралардың нəтижесін зерттеуге аламыз. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы құрамындағы құқықтық статистика жəне арнайы есеп жүргізу жөніндегі Комитеттің (бұдан əрі – Комитет) мəліметі бойынша 2006 жылдың бірінші жартысында республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдарға, олардың аумақтық органдарына жəне жергілікті атқару органдарына 4153002 өтініштер түскен. Бұл өтініштер жеке жəне заңды тұлғалар тарапынан еңбек, əлеуметтік қамсыздандыру, азаматтық-құқық мəселелер жөнінде берілген. Салыстырмалы есеп жүргізудің нəтижесінде бұл көрсеткіштің 2005 жылдың екінші жартысындағы көрсеткіштен 40 %-ға артық екендігі анықталды. Жолданған өтініштердің 76 %-ы (3214813) арыз түрінде түскен, бұл көрсеткіш 2005 жылдың екінші жартысындағы көрсеткіштен 57%- ға артық болған. Барлық өтініштердің 1,8%-ы шағым түрінде түскен. 2005 жылдың екінші жартысының көрсеткішімен салыстырғанда 2006 жылдың бірінші жартысында жолданған шағымдар саны 10%-ға төмендеген (83332-ден 75087-ге дейін). Барлық өтініштердің 20%- ы сауал ретінде жолданған [10].

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Бұйрығымен [11] бекітілген 2008 жылғы статистикалық есеп берудің №1-ТӨ нысанындағы үлгіні қалыптастыру қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдарға қатысты 16,5 миллион өтініштер тіркелген. 2008 жылғы статистикалық есеп беру субъектілерінің, мемлекеттік органдардың саны 6 мыңды құраған, олардың қатарында: 86 – республикалық деңгейлік; 900 – аумақтық жəне жергілікті атқару органдары; 5 мың – республикалық мемлекеттік органдардың қалалық, аудандық құрылымдары жəне 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғалар, сонымен қатар, ұлттық компаниялар құрады. 2009 жылы мемлекеттік органдарға жеке тұлғалармен берілген өтініштер саны 13,5 миллионды құраған. Салыстырмалы тұрғыда 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (18,9 миллион) 28 %-ға кем. Құқықтық статистика жəне арнайы есеп жүргізу Комитетінің бақылау жəне қадағалау қызметі шеңберінде, 2010 жылдың 11 айлық есебі бойынша, құқықтық статистика субъектілеріне қатысты 4300 тексеру жұмысы жүргізілген. Осы кезеңде 42000 заң бұзушылық айқындалып, 2300 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілген. Əртүрлі жауапкершілікке 4000 лауазымды тұлға тартылған. Өтініштерді тіркеуді, талдауды жəне орталықтандырылған ақпарат банкін құруды осы Комитеттің 3-ші басқармасы жүзеге асырады. Орталықтандырылған ақпарат банкі осы Комитеттің аумақтық басқармаларымен автоматтандырылған ақпараттар жинағы (ААЖ) нысанында жүргізілетін мониторингі қорытындысының негізінде қалыптастырылады. Сонымен қатар, аталмыш мəселелер жөніндегі өтініштерді қабылдауды жəне қарауды Қазақстан Республикасы Президенті жанында құрылған Адам құқықтары жөніндегі Комиссия уəкілеттілігіне байланысты жүзеге асырады. Аталмыш Комиссияны құру туралы алғашқы шешім Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3009 Жарлығымен бекітілді [12]. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы  19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл қызметін белгілеу туралы Ереженің 21-тармағына сəйкес [13] Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл, өзінің əр жылғы баяндамасында, елде адам құқықтары мен бостандықтарының сақталу жағдаяты жөнінде ақпарат беріп, сол ақпараттарды талдау, сараптау жұмыстарын атқарады. Қазақстанда адам құқықтарына байланысты жағдайды бағалау үшін дайындалатын баяндаманың негізін барлық мемлекеттік органдармен, мекемелермен, үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан əрі – ҮЕҰ), Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл жанындағы Сарапшылық кеңес мүшелерімен (консультативтік көмек ретінде) берілген ақпараттар құрайды. Əр жылғы баяндамалармен айқындалатын дəлелдер, жасалатын бағалаулар мен ұсыныстар Адам құқықтары жөніндегі Уəкілге келіп түскен ҮЕҰ-ның, азаматтардың жекелеген не ұжымдық шағымдарын тексеру барысында жинақталған материалдар, интернеттік ақпарат материалдары жəне сонымен қатар, республика өңірлеріндегі мемлекеттік, медициналық, пенитенциарлық мекемелердің адам құқықтары жөніндегі мониторингіне, бұқаралық ақпарат құралдарында адам құқықтарының проблемалары туралы жарияланымдарға негізделеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 1474 «Адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан əрі жетілдіру туралы» Жарлығымен [14] жоғарыда көрсетілген Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп Адам құқықтары жөніндегі Уəкілдің өкілеттілігі күшейтіліп, келесі мəтіндегі ережелермен, толықтырылды: 15-тармағында: "2-1) адамның жəне азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тəртіппен  істі  сотта қарауда қатысуға; 2-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа немесе прокуратураға заңды күшіне енген сот шешімін, үкімін, соттың ұйғарымын немесе қаулысын тексеру туралы қолдаухатпен жүгінуге; 2-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының жəне азаматтығы жоқ адамдардың шағымдарын қарау нəтижелері бойынша, сондай-ақ, олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы ақпаратты өзге жолмен алған кезде осы мəселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу ұсынысымен Парламент палаталарына жүгінуге; 2-4) адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың, басқа да үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысына қатысуға; "6) адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды тұлғаға қатысты тəртіптік немесе əкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық іс қозғау туралы, сондай-ақ материалдық немесе моральдық залалды өтеу шараларын қолдану туралы қолдаухатпен уəкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге" деген құқықтары айқындалды.

Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл (бұдан əрі – Уəкіл) азаматтар тарапынан берілген шығарымдарды қарау нəтижесіне байланысты мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға өзінің ұсынымдарын, ескертпелерін жəне ұсыныстарын жолдайды. Осы Ережеге сəйкес Уəкілдің ұсынымын алған лауазымды тұлға, бір ай уақыт ішінде, сол ұсынымда айқындалған мəселелер жөнінде қабылдаған шешімін белгіленген тəртіпте беруге міндетті. Уəкілге берілген өтініштерді талдауға алуда, əр кезеңгі (2005, 2006, 2008, 2009 жылдарғы) статистикалық көрсеткіштер төмендегіше практикалық маңызы бар мəліметтерді айқындауға мүмкіндік береді. Уəкілмен 2005 жылы 9406, 2006 жылы 30 323 өтініш қабылданған. Олардың құрамында, 2006 жылғы мəлімет бойынша, 482-сі ауызша түрде берілген. Осылай салыстырмалы түрде 2006 жылғы кезеңде қабылданған өтініштер санының бірнеше рет өскенін байқаймыз. 2006 жылы Уəкілдің атына РФ азаматының мүддесін көздеп, сол азаматтың өндірісте алған жарақаты салдарынан денсаулығына келтірілген зиянды өндіру мəселесі бойынша РФ Мемлекеттік Думасының депутаты И.В. Бариновтен (Тіркеу № 709/03 2006 ж. 7.07.) өтініш түскен [15]. 2008 жылғы статистикалық бақылау бойынша Уəкілге берілген  өтініштер санының күрт төмендегенін байқаймыз. Осы жылы 1800 өтініш тіркелген, олардың құрамында шетелдік мемлекеттік органдардан, адвокатура кеңселерінен жəне шетел азаматтарынан 40 сұрау түріндегі өтініш тіркелген. Жекелік өтініштерді талдауда, 2008 жылғы өтініштердің 58-і сұрау, 40-ы арыз, 9-ы пікір, 4-і ұсыныс ретінде тіркелген, қалған өтініштер шағымдар түрінде берілген [16]. 2008, 2009 жылдарғы өтініштер санының күрт төмендеуі келесі себептерге байланысты орын бергенін атап өтуіміз қажет: «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партияның жергілікті қоғамдық қабылдау бөлімшелерінің көптеп ашылуы; халықтың құқықтық сана-сезімінің өсуі жəне соған байланысты өз құқықтарын соттарда жəне басқа да мемлекеттік органдарда өздігінше қорғау жағдаяттарының өсуі; ҮЕҰ-ның құқық қорғау бағытындағы қызметтерінің күшеюі негіз болды. Осы мəселеде, өтініштерді қарауды, Уəкілмен қатар, келесі ұлттық құқық қорғау институттарының жүзеге асыратындығын ескеруіміз қажет, олар: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия; Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі Комиссия; Білім жəне ғылым министрлігіне қарасты Бала құқықтары жөніндегі Комитет. 2009 жылы 2294 өтініш тіркелген, олардың 961 жеке тұлғалармен беріліп, 173 ауызша нысанда тіркелген [17]. 2005   жылдың

30 тамызында Конституцияның 10 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Парламентінің мəжіліс залында өткен “Конституция: тұлға, қоғам жəне мемлекет” тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-əдістемелік конференцияда жасалған Қазақстан Республикасы Президентінің баяндамасында “Қазақстан Республикасында омбудсмен институтын құрып жəне оның өкілеттіктерін кеңейтіп, біз адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілдігін нығайттық” – деп тұжырым  жасады  [18].  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1997  жылғы  22  сəуiрдегi  № 3470 «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы» Жарлығымен [19] осы Комиссияның уəкілеттігі жаңа бағытта белгіленіп азаматтардың құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды жəне қамтамасыз етуді сапалы жүзеге асыру мəселесі айқындалған болатын. Бүгінгі таңда осы Комиссияның өкілеттілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Жарлығына (2009 жылдың 22 мамырына дейінгі берілген өзгерістер жəне толықтыруларымен) сəйкес анықталады [20]. Жеке жəне заңды тұлғалармен берілетін өтініштер, ведомствалық қатыстылығына байланысты, заңнамаға сəйкес кəсіпорындарда, мекемелерде тіркеліп жəне қаралып құқықтық статистика жəне арнайы есеп жүргізу талаптарына сай, сол органдар деңгейінде талдауға алынып оларға мониторинг жүргізілуі тиіс. Яғни, аталған ұйымдардың рəсімдік, технологиялық ішкі ақпараттық жүйесінде тіркеліп талдаудан өткеннен кейін сол өтініштерге қатысты мəліметтер (сандық, мазмұндық жəне берілу нысандарына байланысты)  біртұтас  орталықты  жүйеде  жинақталады.  Жинақталған  мəліметтер, ведомствалық қатыстылығына байланысты, Бас Прокуратураның құқықтық статистика жəне арнайы есеп жүргізу жөніндегі Комитетіне жəне осы Комитеттің аумақтық органдарына белгіленген мерзімде жəне тəртіпте берілуге тиіс. Осы мəселеге қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне 2009, 2010 жылдары берілген өтініштерді талдау  барысында төменде көрсетілген ақпараттық деректер айқындалды.

Соңғы есеп беру кезеңінде еңбекті, еңбек заңнамасын қолдану мəселелеріне қатысты, яғни 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында, 5668 өтініш жеке тұлғалардан жəне 383 өтініш заңды тұлғалардан келіп түскен. 2009 жылдың екінші жарты жылдық есеп беру кезеңімен салыстырғанда 2010 жылдың бірінші жартысында берілген өтініштер саны 6,9%-ға кем болған. 2010 жылғы өтініштерге 6413 жазбаша жауап берілген, 3081 өтініштер бақылауға алынған, олардың қатарында: Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінен – 692, Премьер-Министр Кеңсесінен – 183, Қазақстан Республикасы Парламентінен  –ТМД жəне алыс шетел ұйымдарынан, азаматтарынан келіп түскен сұрау нысанындағы өтініштер саны 1711 құраған. Берілген өтініштер санының басым көпшілігі еңбектік қызметін атқаруы барысында қызметкерлердің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өндіру, мүгедектікті куəландыру, қайта куəландыру жəне протез салу мəселелері жөнінде берілген. Заңға қайшы еңбек шартын бұзу, халықты жұмыспен қамту, уақытылы төленбеген жалақы жəне өндірісте орын берген жазатайым жағдайларды тергеп-тексеру мəселелері жөнінде берілген өтініштер саны, пайыздық мөлшерде, барлық өтініштердің 4,7%құраған. Шетел ұйымдарынан, азаматтарынан келіп түскен өтініштер, көп жағдайда, жалақы мөлшерін, еңбек өтілін растайтын мұрағаттық жазуларды сұрау мəселелеріне қатысты берілген [21].

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сəуірдегі № 1546 “Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы” Жарлығына сəйкес [22] қоғамды одан əрi демократияландыру, елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершiлiгi мен есептiлiгін арттыру, халықты мемлекеттiк басқару үдерісiне кеңiнен тарту мақсаты көзделіп осы мақсатты іске асырудың механизмдері айқындалған. Осы Жарлыққа сəйкес барлық деңгейдегi əкiмдер, жыл сайын, бiрiншi тоқсанның iшiнде халыққа есеп беру жөніндегі кездесулерiн өткiзеді, соның негізінде, елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалардың iске асырылуы, тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өткен жылда əлеуметтiк-экономикалық дамуы жəне оны одан əрi дамытудың мiндеттерi мен негiзгi бағыттары туралы халықты хабардар етуге міндетті. Облыс, республикалық маңызы бар қала əкiмдерi, есеп беру жөніндегі кездесулерi өткен күннен бастап, бiр айдан кешiктiрмей оның нəтижелерi туралы Қазақстан Республикасы Президентi Əкiмшiлігін жəне Yкiметiн хабардар етуге міндетті. Осы Жарлыққа сəйкес айқындалған нəтижелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi іс- шараларды айқындайды. Еңбек қатынастарына қатысты ҚР ЕК-нің 306-бабының 14) бөлігіне сəйкес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде біртұтас ақпараттық жүйенің іске асырылуын қамтамасыз ету болып танылады. XXI ғасырға тəн жаһандану үдерісін ескеріп, əркімнің ақпарат алуға деген құқығының заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етілуінің, мемлекеттің демократиялық жолмен дамуы жəне Қазақстанда ашық қоғамның орнықтырылу талабына сəйкес осы институттың мазмұнын, қолданылу кеңістігін жаңа саяси əлеуметтік-экономикалық жағдайда айқындалған міндеттер бағытында кешенді түрде зерттеуге алып болмысын айқындауымыз қажет. Əркімнің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мəселесі жөнінде конституциялық өтініш жолдау құқығы шектелінуге жатпайтын құқықтардың қатарына жатады. Конституцияныњ 13-бабыныњ 1– тармағына сəйкес əркімніњ құ қы қ субъектісі болып танылуына деген құқығының бір бағыты ретінде осы негізгі заңмен айқындалған əркімнің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз  ету мақсатында өтініштер жолдау құқығы танылады. Осы конституциялық норма еңбек заңнамасының негізін қалайтын ұстанымдардың, қағидаттардың бірі ретінде айқындалып қажетті құқықтық механизмдер мен тəсілдер айқындалуға тиіс. Еңбек заңнамасында осы мəселеге қатысты туындайтын қатынастар осы күнге дейін толық реттелмеген күйінде қалып отыр. ҚР ЕК-нің 146-бабына сəйкес халықты жұмыспен қамтудың нысандары айқындалған, олардың құрамында – жұмыс берушілерге тікелей өтініш беру негізінде əркімнің осы бағыттағы құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы бап азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтары деп аталады, бірақ, аталмыш құқықтың жүзеге асырылу механизмдерінің айқындалмағанына байланысты белгіленген норма жəй декларация күйінде қалып отырғандығы баршаға мəлім, оған себеп, осы бап көлемінде өтінішті қарау рəсімінің ЕК-де айқындалмағандығында.

Əркімнің жұмыспен қамтылуын, əлеуметтік, экономикалық бағыттағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету қажеттілігін барынша жан-жақты ескеретін қоғам құру міндеті азаматтық  қоғамның  барлық  институттарына  жəне  мемлекеттік  органдарға  жүктеледі.   Аталмыш міндеттің жүзеге асырылуы елімізде қолайлы экономикалық жағдайдың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі, сол себепті, неғұрлым ауқымды міндеттер қоюға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер

  1.  «ҚАЗАҚСТАН - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы». Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ. 1997 ж. 10 қазан)// Егеменді Қазақстан 12 қазан, 1997 ж.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сəуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан əрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы (2009 жылғы 19 мамырға дейінгі өзгерістер жəне толықтырулармен) // «Егемен Қазақстан» 2007 жыл 11 сəуір № 90 (24667).
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасы туралы» Жарлығы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 44, 478-құжат.
  4. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егеменді Қазақстан 30 қаңтар 2010 жыл.
  5. «Айқын» республикалық қоғамдық–саяси газеті 29 қаңтар, 2011 ж, 17 (1684)
  6. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Хабаршысы, 2007 ж., № 2 (2483), 17-құжат.
  7. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-II «Əкімшілік рəсімдер туралы» Заңы (2010 жылғы
  8. 19 наурызға дейінгі енгізілген өзгерістер) // «Егеменді Қазақстан» 2000 жыл 1 желтоқсан № 302-303.
  9. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-I «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Хабаршысы, 1998 ж., № 15, 209- құжат; 1999ж., № 21, 774- құжат; 2000 ж., № 5, 116- құжат.
  10. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 «Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың жəне құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерін, Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту туралы» Бұйрығы // "Заң газеті" 2009 жыл 19 қараша № 177 (1600).
  11. http://www.pravstat.kz/rus/index.php?option=com_content&task=blogcategory&id=10&Itemid=119
  12. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары мен мекемелерінде жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 қыркүйектегі
  13. № 37 бұйрығы (2010.01.11. берілген өзгерістер жəне толықтыруларымен) // «Заң газеті» 2007 жылғы 27 шілде № 114 (1143)
  14. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3009 Жарлығы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 212-құжат.
  15. Қазақстан Республикасы             Президентінің              2002             жылғы             19             қыркүйектегі
  16. № 947 Жарлығымен бекітілген «Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл қызметін белгілеу туралы» Ереже // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 30, 328-құжат
  17. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы №1474 «Адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан əрі жетілдіру туралы» Жарлығы. // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 585-құжат
  18. // Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уəкілдің ақпарат бюллетені, 2006 ж., № 2(7)шығарылым.
  19. // Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уəкілдің ақпарат бюллетені, 2008 ж., № 2(7)шығарылым.
  20. // Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уəкілдің ақпарат бюллетені, 2009 ж., № 2(7)шығарылым.
  21. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Бұл конституцияға алғыс айтуға тиіспіз // «Егеменді Қазақстан» 1 қыркүйек 2005 жыл.
  22. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сəуiрдегi № 3470 «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы» Жарлығы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 16, 128-құжат.
  23. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Жарлығы // Егеменді Қазақстан, 2002 жылғы 12 қаңтар N 64-65 (23275)
  24. 21.http://www.enbek.gov.kz/statistic/stat_rusdetail.php?recordID=276&mintrud=1#content
  25. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сəуірдегі № 1546 “Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы” Жарлығы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж.,№ 14, 154-құжат

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.