Біздің өміріміз бен қоғам соңғы жылдары көптеген ғаламдық өзгерістерді басынан кешті, мұнысы мемлекеттің міндеттері мен қызметіне, солардың мазмұнына елеулі əсерін тигізді. Қазіргі кезде заман талабына сай халықтың мүддесіне қажетті қаржылық, экономикалық мұқтаждықтар туындап жатады. Осы қажеттіліктерді орындау барысында банктердің қызметіне жүгінеміз, яғни банк жүйесінеің қызметі ауқымды болғандықтан халықтың қаржылық, экономикалық, банктік сектордағы кездесетін жері банктер болып табылады. Қазақстан Республикасында банктік жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды бөлігі болып табылады, сондай – ақ банк жүйесінде пайда болатын қаржылық - банктік құқықтық қатынастар банк жүйесінің негізгі бөлігін құрайды. Қазқстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтің 2010 жылғы халыққа жолдауында «Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау жəне оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады: біріншіден, бизнес – ахуалды елеулі жақсарту; екіншіден, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; үшіншіден, сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру» деген болатын, сондай – ақ «Банктерді ашық немесе жасырын аффирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет. Банктердің тек қана банктік қызметпен айналысуын жəне олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек» деп атап кеткен [1].
Қандай да экономика болмасын банк жүйесінен тыс қызмет ете алмайды. 2007 жылдың екiншi жартысында көпшілікке қанатын кеңінен жайған ғаламдық экономикалық дағдарыс Қазақстанның банк жүйесін де бей – жай қалдырмады. Бұл еліміздің экономикасының дамуына өз əсерін тигізіп, банк жүйесінің тұрақсыздығына əкеп соқтырды. Осы кезде Президенттің тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Ұлттық Банкiнiң жəне Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау агенттiгiнiң Экономиканы жəне қаржы жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi 2009 - 2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимыл жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы қабылданған болатын. Осы қаулының қаржы секторын тұрақтандыру бөлімінде «Отандық банк жүйесiн қолдау қажеттiлiгi оның елдiң экономикалық жүйесiндегi маңызды рөлiнiң болуымен түсiндiрiледi. Тəуелсiздiк жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенiң ажырамас белiгiне айналған, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн жəне оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетiлдiрiлген қаржы жүйесiн қалыптастырды. Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың iшкi экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемiн сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын жəне орта бизнес субъектiлерiн қаржыландыруларына жəне ипотекалық кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгiлейтiндiктерiне сенiм артуда.
Мемлекеттiң мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау жəне сақтау. Бұл мақсаттар үшiн Қазақстанда тиiстi реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепiлдiк беру жүйесi бар. Жүйе тұрақтылығына қауiп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажеттi тəртiпте жəне көлемде қаржылық қолдау көрсетедi» деп айтылған болатын [2]. Осыдан көріп отырғанымыздай елдің экономикасының бірден – бір негізі банк жүйесі болғандықтан мамлекет басшылары да банк жүйесінің дамуына ерекше назар аударып отыр. Банк жүйесі экономиканың маңызды элементінің бірі болса, банктер арқылы өтетін қаржылық қатынастар банк жүйесінің негізін құрайды. Қазіргі кезде Қазақстанда банк жүйесінің сапалы əрі тиімді жұмыс жасауын қадағалау жəне экономикаға пайдасын арттыру негізгі мəселеге айналып отыр. Қазіргі күндегі банк жүйесіндегі қатынастарды реттеу қиындай түсуде, яғни, атап айтар болсақ клиенттерге қызмет көрсету түрлері, несие жүйесінің күрделене түсуі, банктердің басқа да қаржы мекемелерімен қатынасы т.б. Осыған орай тиімді əрі тұрақты банк жүйесін құру үшін қаржалық – банктік құқықтық қатынастарды реттеуге қойылатын талаптарды қатаңдата түсу керек. Осы жерде айта кететін жайт еліміздің банк саласында қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан банктік жүйесіндегі қызметтің қоғамдағы мемлекеттік маңызы күн санап өсе түсуде. Ол банк саласының реттелуінен құқық салаларының басымдық артқандаған көруге болады. Банк жүйесіндегі құқықтық қатынастар мемлекеттің экономикасының дамып - өркендеуінің бірден – бір бастамасы болып табылады.
Банктік құқықтық қатынастағы банктер ақша, депозит, несие, валюталық, сақтандыру зейнетақы, қор нарығы, қаржылық құралдарымен сауда-саттық жүргізудің ұйымдастырылған жүйесін білдіретін қаржылық несиелік институттар рөлін атқарады. Демек, банк жүйесі қаржылық ресурстарды алушылар-сатып алушылар мен аударушылар-сатушылар арасындағы тікелей байланыстарды қалыптастыратын, сондай-ақ капиталды несие берушілер мен қарыз алушылар арасында мемлекеттің ақша-несие, қаржы саясатына əрі капиталға деген сұраныс пен ұсынысқа сай қайта бөлетін механизм ретінде жұмыс істеуі барысында экономикалық мəнімен жəне маңызымен ерекшеленетін банктік құқықтық қатынастардың туындауын негіздейді [3, 4б-б.].
Қазіргі экономикалық сұраныстар барыснда банк жүйесінің дамуы сылбырлық танытуда. Қазақстан халқаралық ұйымдармен бірге қызмет атқару үшін банктердегі қаржы саласына жете назар аударуы тиіс. Айта кетелік, банк операцияларын жүргізу барысында пайда болатын құқықтық қатынастар елдің экономикасының сұранысарна сəйкес келмеуі немесе экономикасы дамыған елдердің банк жүйесінің ауқымынан əлдеқайда аз көрсеткіш көрсетуі экономикаға əсер етпей қоймайды. Сондай – ақ, еліміздегі банктердің шетел капиталына тəуелділігінің өсуі айқын көрініп тұр. Бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы Елбасының ұсынысын жүзеге асыру үшін алдымен банк жүйесінің дамуына тосқауыл боып тұрған еліміздегі банк заңдарын бүгінгі таңдағы талаптарға сай жетілдіріп отыру керек.
Қазіргі нарықтық заманында несиелік жүйені реттеу басты мəселелердің бірі болып отыр, өйткені банктік жүйенің елдің экономикасында алатын рөлі мен орны ауқымды. Несие жəне несие жүйесі экономикалық реттеудің бір құралы ретінде болып отыр. Несие нарықтың бір саласынан басқа салаларына қаржы көздерінің жүруін айқындайтын маңызды қаржылық құрал жəне тауар айналымының тиімділігін арттыратын факторларының бірі болып табылады.
Бұдан шығатыны несиелік ұйымдар нарық экономикасының орталық буындарының бірі болып отыр. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін жəне коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік жəне жеке банктер, банктік заңдылықтарда «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Бірақ өнеркəсіптің жəне басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді... Коммерциялық банктер- нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді [1, 277-б.].
Сонымен қатар, банксіз бірде бір дамыған елді елестете алмаймыз. Өйткені қоғамда банк арқылы көптеген операциялар жүзеге асырылады. Біз банк арқыла аударымдар жүргіземіз, сатып алушы мен сатушы банк арқылы есеп айырысуларды жүргізеді, жалақыны аламыз, депозит, несие немесе көптеген басқа операияларды жүргізе аламыз. Бұл бізге мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндігін береді. А.А. Аралбаева өзінің диссертациясында банк жүйесінің ел экономикасында алатын орынды былай көрсеткен: бүгінгі нарықтық қатынастарға негізделген экономикалық жүйедегі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі ел экономикасының маңызды секторы ретінде дамуда. Осы банк жүйесінің банктік заңнамаға жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай жұмыс істеуінің нəтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі жəне коммерциялық банктер өз клиенттері мемлекетке, уəкілетті мемлекеттік органдарға, заңды жəне жеке тұлғаларға қаржылық-несиелік, инвестициялық жəне есеп айырысу қызметін көрсете отырып жалпы ұлттық өнімді құруға өз үлестерін қосады. Сонымен бірге олар ақша қаражаттарын, оның ішінде салық төлемі сомаларын бюджеттерге аудару, республикалық жəне жергілікті бюджет қаражаттарын қарыз алушыға немесе алушыға аудару, уақытша бос бюджеттік қаражаттарды депозитке алу жəне осыған орай тиісті бюджетке сыйақы төлеу, мемлекеттік қарыз қаражаттарын тапсырма бойынша аудару, банктік несиелеу барысында қоғамның қаржылық инфрақұрылымының шешуші буыны сипатында, сондай-ақ тиісті банктік құқықтық қатынастарда макроэкономикалық өсу көрсеткіштерінің ерекшеліктерін есепке алатын мемлекеттің экономикмлық тұрақтыландыру саясатының жүргізушісі ретінде көрініс табады [2, 3-б.]. Осыдан банктің қоғам жəне мемлекет өмірінде алатын орынды көреміз.
Банк қалыпты жұмыс істеу үшін оның қызметі үнемі реттелініп қадағалану қажет. Əсіресе қазіргі кезде, өйткені қаржы жүйесіндегі орын алған дағдарыс бүкіл əлемнің экономикасына əсер етті. Қаржы рыногының ғаламдық тұрақсыздығының соққысын өзіне қабылдаған негізгі сектор болып елдің банк секторы табылады [3, 7-б.].
Осы əсерлердің салдарын жою үшін, сонымен қатар бұндай жағдайларды қайта болдырмау үшін біз банк қызметін реттеу керекпіз. 2008 жылдың Елбасының халыққа жолдауында макроэкономикалық саясаттың басымдықтары жайлы былай делінген: «Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Бірінші. Қаржылық бақылау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет. Елдің қаржы жүйесінің, əсіресе, банк секторының бəсекеге қабілеттілігін жəне тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен жəне Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған дайын тұруға тиіспіз....» [4].
Сонымен қатар, Елбасы өзінің қаржы секторын дағдарыстан кейнгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында дағдарыстан кейн еліміздің экономикасын күшейту үшін қолданылатын шараларды қарастырды. Оның ішінде салымшылардың екінші деңгейдегі банктердің қызметіне сенімділігін арттыру бойынша сұрақтар да қарастырылды: «Халықтың жəне кəсіпорындардың жинақ ақшасын тарту. Халықтың жəне заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі депозиттері қаржы секторын қорландырудың негізгі көзі болып қалады. Мемлекет осы құралға сенімді нығайту жəне оның тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Бұған кірістер деңгейі тұрғысынан алғанда қолайлы болатын, бүкіл депозиттерге толық кепілдік бермей, депозиттер бойынша өтеуге кепілдік беру, нарықтық тəуекелдерді сақтандыру құралдарын дамыту, қаржы нарықтарының қатысушылары қызметінің жəне олардың құралдарының айқындылығын арттыру, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы қол жеткізіледі» [5].
Жоғарыдан көргендей банк жүйесі еліміздің экономикамызда маңызды орын алатындықтан, банк аясы мемлекет жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Мемлекет бақылауды өзінің органдары арқылы жүзеге асырады. Кез келген қадағалау мен реттеу заңның негізінде жүргізіледі. Əрбір елде банктік қызметті əр түрлі аспектілерде реттеп отыратын құқықтық актілер жүйесі болады. Олардың өмірде болып жатқан өзгерістерге сай жəне икемді болуы өте маңызды.
Нарықтық экономикаға өту жағыдайында банк күрделі басқару объектілерінің бірі. Қазіргі кезде банкте болып жатқан құбылыстардың экономикалық маңызын түсінбегенше, оны нəтижелі жəне ұқыпты басқаруға болмайды. Басқару көптеген құжаттармен; клиенттерге көрсетілетін қызметтердің үлкен аясымен; клиенттерден, корреспондент банктерден, валюталық биржалардан жəне т.б. қайнар көздерден түсетін қаржылық ақпарат мөлшерінің көптігімен ауырлатылады.
Экономиканың тұрақсыздығы, банк нарығындағы бəсекелестіктің артуы жəне басқа да факторлар болғандықтан, банк қызметін басқару кезінде қадағалаудың əртүрлі əдістері арқылы оның сапасын арттыру үлкен мəнге ие.
Банктік қадағалау қашықтан немесе іштей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығын нарықтық экономикаға өтуі, кəсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелеріне түбегейлі əсер етті. Бақылау-тексеруші қызметкер құрылымдары мен бақылау түрлерінде түбегейлі өзгерістер болды.
Қазақстандағы нарықтық экономикада бақылау маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдар пайда болып, əрекет етіп жүр.
Қазіргі нарықтық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті жəне тиімді түрлерінің бірі тəуелсіз бақылау болып отыр. Тəуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі- клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Сонымен қатар банк қызметі көбінесе жүргізіліп жатқан саясаттың ашықтығына, сенімділігіне, заңдылығына жəне нəтижелігіне байланысты. Ал аудиторлық қызмет оны шындылығын тексеруге бағытталған.
Кезкелген қатынастар заңның негізінде жүргізіледі, сондықтан заң нормаларының дұрыс, логикалық дамыған жəне құқыққа сай болу қажет.
Васьковский Е.В. «Руководство к толкованію и примьнеію законовъ» еңбегінде заңдарды дұрыс түсінудің маңыздылығын логика мен грамматикамен салыстырып көрсетеді. Логика туралы білмей дұрыс ойлауға болады; кезкелген тілдің грамматикасын білмей сөйлесуге болады. Бірақ логика мен грамматика саналы түрде ойлау мен сөйлеуге, жəне өзінің, сонымен қатар басқалардың ойларда жəне сөздерінде қателіктерді табуға үйретеді [6, 6 бет].
Милльдің айтуынша «Əрбір жағдайда саналы түрде немесе санасыз түрде басшылыққа алынатын дұрыс жасалған ережелер бар болса, онда адам бұл ережелерді білмегенге қарағанда білетін болса оларды тезірек орындайды... Логика ғылым ретінде болмаған кезде де дəлелдемелерді көбінесе дұрыс талқылады. Басұаша ол ғылым болып қала алмады. Сол сияқты олар механика заңдылықтарын түсінбей үлкен механикалық жұмыстарды атқарды. Бірақ механиканың бастамаларын білмейтін механик пен логиканы білмейтін ойшыл жасай алатынның шегі бар. Аз адамдар бастауларын білмей осы білімдерді қабылдағандармен бірдей қызмет атқара алады. Көпшілікке олар істегеннің теориясын түсіну қажет, немесе теорияны түсінгендермен олар үшін құрастырылған ережелерді орындайды» [7, 12-13 бет]. Осыдан заңдардың маңыздылығын көруге болады.
Әдебиеттер
- Н. Ə. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы – 2010 ж: жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. «Экономика» Республикалық апталық газет. № 5(125) 4-10 ақпан 2010 жыл.
- .Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жəне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң Экономиканы жəне қаржы жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi 2009 - 2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимыл жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 Қаулысы // Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысына қосымша.
- .Қазақстан Республикасындағы банктік құқықтық қатынастар: теориялық жəне қаржылық - құқықтық аспектісі // А. А. Аралбаева // Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы // Алматы – 2007 – 147б.
- .Құқық негіздері // С.Баққұлов // Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004-248б
- .Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңы. 1995 ж. 31
- тамыз.
- Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банк туралы». Қазақстан Республикасының
- 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңы7.Қаржы // Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев // жоғары оқу орындарына арналған оқулық, Алматы, 2005 – 552 б.