Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап: негіздері мен алғышарттары

Адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық ретінде тану мемлекетке оларды қорғау жəне сақтау міндетін жүктейді. Мұндай құндылықтардың сақталуы мен қорғалуының негізгі жəне маңызды кепілі ретінде өзінің конституциялық құқықтарын сот арқылы қорғау табылады десек қателеспеспіз. Бұл тұрғыда ерекше орынға ие болатын мəселе тұлғаға қылмыс арқылы келтірілген зиянның орнын толтыру мəселесі, яғни азаматтық талап қою арқылы тұлғаның өз бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Бұл ғылыми мақалада аталған мəселе төңірегінде ой толғап, азаматтық талап қоюға негіз болатын мəн жайларға жіті тоқталып кетеміз.

1997 ж. ҚР ҚІЖК қабылданғаннан кейін қолданыстағы заңнама мен сот тəжірибесі қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың пəнін кеңейтті. Кеңестік ҚІЖК мен қазіргі қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын салыстыра келе, ҚР ҚІЖК-де осы институттың елеулі  дəрежеде жетілдірілгенін байқауға болады. Кеңестік ҚІЖК жəбірленушінің өліміне, асыраушысынан айрылуына жəне жерлеуге кеткен шығыстарды өтеуге байланысты азаматтық талаптарды қарастырды. Қазіргі ҚР ҚІЖК нормалары жоғарыда аталған талап түрлерінен бөлек қылмыстық процесте жеке жəне заңды тұлғалардың есi кiресiлi-шығасылы адамның тiкелей қылмысымен немесе қоғамға қауiптi əрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк жəне моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтем ретiнде төленген сомаларды, жəрдемақыны немесе зейнетақыны, сондай-ақ өкiлдiкке шыққан шығыстарды қоса алғанда анықтау, алдын ала тергеу iсiне жəне сотқа қатысуымен байланысты шыққан шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптарын қарастырады.

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қою азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттің қылмыстық іс қозғалған сəттен бастап мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңызды процессуалды құралы. Осыған сəйкес, сот, прокурор, тергеуші мен анықтаушы мүдделі тұлғаларға олардың қылмыстық іс жүргізуде өз бастамашылығымен азаматтық талап қоюға құқылы екендіктерін түсіндіріп, азаматтық талапқа қатысты қамсыздандыру шараларын уақытылы жүзеге асыруға міндетті. Тек сот үкімі ғана қылмыстың орын алғандығы не болмағандығы, осы қылмыс бойынша айыпталушы тұлға кінəлі болып табылады ма, жоқ па, сотталушы келтірілген зиян үшін жауапты ма, жоқ па сияқты сауалдарға жауап беріп, анықтайды. Сот үкімі қылмыс салдарынан келтірілген зиянды шеккен тұлғаны да анықтайды. Аталған мəн-жайлардың анықталуы қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптарды қанағаттандырудың алғышарттары болып табылады.

Қазіргі кезде процессуалисттер арасында азаматтық талапты қанағаттандыру құқығын жүзеге асырудың алғышарттары мен шаралары бойынша ортақ пікір қалыптаспаған. С.В.Курылевтің пікірінше, талаптың құқықтық негізділігі материалды құқық саласына, ал іс жүзіндегі негізділігі процессуалды құқық саласына жатады. [1] Г.Л.Осокинаның айтуынша, талапты қанағаттандыру құқығының пайда болуы материалды заң мен тиісті заңды фактілерді орын алуы (талаптың құқықтық жəне іс жүзіндегі негізділігі) негіз болып табылады. [2]

Көптеген ғалымдардың пікірінше, азаматтық талапты қанағаттандыруға құқықтың пайда болуы бірнеше алғышарттан тұрады: талап қою құқығы; талаптың құқықтық негізділігі, яғни талаптың қай заң нормаларына сəйкес қойылғандығын көрсетуі; талаптың іс жүзіндегі негізділігі, яғни талапкердің жауапкерге қойған талабын негіздейтін фактілердің дəлелденуі. Соңғы екі алғышартты В.Т.Нор қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың материалды жəне құқықтық негізі  ретінде қарастырып, үшінші негіз ретінде процессуалды алғышарттарды бөліп көрсетті. [3]

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талаптың пəні азаматтық деликтілік құқықтыққатынастар саласына жатқызылып, азаматтық заңнамамен реттелінеді. Азаматтық заңдармен реттелінетін, зиян келтіру салдарынан туындаған азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшелігі олардың қылмыстық заңнама нормаларымен реттелінетін жоғары қоғамдық қауіптіліктің пайда болуындағы үйлесімінде. Зиян  келтіру  салдарынан  туындайтын  міндеттемелер  ҚР  АК  нормаларымен  реттелінеді. Зиянның орнын өтеудің негізі болып келтірілген зиян фактісі болып табылады. Т.А.Славгородскийдің пікірінше, дəлелдеу пəніне жеке жəне заңды тұлғалар мен олардың мүлкіне келтірілген зияннан басқа қылмыс пен келтірілген зиян арасындағы айыпталушының əрекеті не əрекетсіздігіндегі себепті байланыстың болуы; келтірілген зиянның көлемі; зиян келтірушінің кінə деңгейі; іс бойынша азаматтық жауапкер ретінде танылуы мүмкін айыпталушының материалды жағдайы.

Азаматтық талаптың қылмыстық-процессуалды доктринасы кінəні оның негізі ретінде ретінде қарастырмайды, себебі кінəсіз қылмыстың жасалуы мүмкін емес. В.Т.Нордың пікірінше, тұлғаны қылмыс жасады деп тану үшін оның кінəлілігі дəлелденуі тиіс. [4] Қылмыстық іс жүргізудегі кiнəсiздiк презумпциясына сəйкес, əр адам оның қылмыс жасағандығы үшiн кiнəлiлiгi ҚІЖК көзделген тəртiппен дəлелденгенге жəне соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнəсiз деп саналады. ҚР АК 917-бабына сəйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-əрекеттермен (əрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк жəне (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн. Яғни азаматтық заңнама нормалары бойынша, зиян келтіру салдарынан туындаған азаматтық құқықтық қатынастарда зиян келтіруші кінəлі болып табылады жəне өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге мінедетті. Зиян қылмыс құрамының саралаушы белгісі болып табылады, сəйкесінше, кінə қылмыс құрамының субъективті жағы ретінде қарастырылады, себебі азаматтық құқықбұзушылық құрамында кінə дəлелденуге жатпайды. Азаматтық құқық теориясында азаматтық құқықбұзушылық құрамының құрылымы даулы мəселе болып табылады. Көп жағдайларда азаматтық құқықбұзушылық құрамына құқыққа қайшы əрекет (əрекетсіздік), зиян салдары, əрекет (əрекетсіздік) пен зиян арасындағы себепті байланыс жатады. Кінə қылмыс құрамының құрылымдық элементі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартудың бір негізі болып табылады, бірақ қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қоюдың негізі болып табылмайды. Құқыққа қайшы əрекеттер азаматтық жəне қылмыстық құқықтық қатынстар қатысушыларының субъективті құқықтарын қорғайтын объективті құқық нормаларын бұзады. Əрекеттің қоғамдық қауіптілігі – бұл қылмыстың арнайы белгісі болып табылады жəне өзге  құқықбұзушылықтарға мұндай белгі тəн емес деген пікір де қалыптасқан. [5]

Қылмыстық-процессуалдық құқығында азаматтық талапқа қатысты кең тараған пікір бар. Оған сəйкес, талапкердің талабы заңмен белгіленген заңды фактілер нəтижесінен туындайды. Материалды- құқықтық қатынастардың пайда болуын туындататын заңды фактілер болмаған жағдайда қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап та қойыла алмай, сот қарауына жатпайды. А.Г.Мазалов азаматтық талаптың негізі талапкердің талаптарын білдіретін заңды фактілерден тұратындығын атап көрсетеді. Бұл заңды фактілер талапкер мен айыпталушы (жауапкер) арасындағы келесідей құқықтық қатынастардың пайда болуына əкеледі: қылмыстың жасалғандығы; қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік жəне моральдық зиянның болуы; қылмыс пен моральды зиян арасындағы себепті байланыстың болуы. [6]

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қою үшін жоғарыда аталған негіздерден басқа белгілі бір шарттар болуы тиіс. Оларды əдебиеттерде, əдетте, қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың алғышарттары деп атайды. Көптеген ғалымдар алғышарттар қатарына келесідей мəн-жайларды жатқызады: талапкердің əрекет жəне құқыққабілеттілігі, даудың соттылығы, алдын-ала қойылған талаптың пəні мен негіздері бойынша сот шешімінің шығарылмауы. [7] Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың алғышарттары мəселесі заң əдебиеттерінде маңызды рольге ие. Аталған мəселе бойынша алғаш рет теориялық ұсыныстарды П.Гуреев білдірген. Автор негізінен процессуалды алғышарттар туралы ой қозғап, олардың қатарына келесідей мəн-жайларды жатқызды: шағымданушының процессуалды құқыққабілеттілігі; даулардың сот органдарына ведомстволылығы; бір пəн мен негізде қойылған талап бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің, не талапкердің талап арыздан бас тарту туралы, не тараптар арасында татуластырушы шарттарды бекіту туралы сот анықтамасының болмауы; жəбірленушінің шеккен материалдық зияны; айыпталушының əрекеттерінде қылмыс құрамының болуы; қылмыс пен материалды зиянның арасындағы себепті байланыстың болуы. [7]

Сот-тергеу тəжірибесін талдау тергеу жəне сот органдарымен талап қою құқығын жүзеге асыруда екі түрлі қателік жіберетіні анықталды. Көп жағдайларда тергеу органдарымен заңды тұлға болып табылмайтын жəне соған сəйкес қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талапкердің құқықсубъектілігіне ие бола алмайтын ұйымдардан келтірілген зиянның орнын өтеу туралы өтініштер қабылданады. Екінші қателік, азаматтық талапкер ретінде заңды тұлғалардың өзін емес, олардың өкілдерін тану болып табылады. ҚР ҚІЖК 162-бабына сəйкес, азаматтық аталап қылмыстық іспен бірге қаралады, яғни талап арыздың соттылығы қылмыстық істің соттылығына сəйкес келеді.

Егер қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қойылмаса немесе шешімін таппаса, онда талап азаматтық сот өндірісі тəртібімен қойылады. Осылайша, ҚР АІЖК 35-бабының үшінші бөлігіне сəйкес, қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мəлімделген немесе шешілмеген болса, осы Кодексте белгіленген соттылығы туралы ережелер  бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тəртібімен қарауға беріледі.

 

 

Әдебиеттер

  1. Курылев С.В. Формы защиты и принудительного осуществления субъективных прав и право на иск. Серия Юрид. Вып. 3. – Иркутск: Иркутский ун-т им. А. Жданова, 1957. - Т. 22. – 202-206 б.
  2. Осокина Г.Л. Проблемы иска и права на иск. – Томск: Томский ун-т, 1989. – 196 б.
  3. Нор В.Т. Защита имущественных прав в уголовном судопроизводстве. – Киев.: Выща школа. – 275 б.
  4. Сол жерде. 55 б.
  5. Строгович М.С. Основные вопросы советской социалистической законности. – М.: Наука, 1966. – 252 б.
  6. Мазалов А.Г. Гражданский иск в уголовном процессе. Изд. 2-е, исправленное и дополненное. – М.: Юридическая литература, 1977. – 25 б.
  7. Зорин А.И. Гражданский иск в уголовном процессе: автореф. … канд. юрид. наук. – Екатеринбург, – 11 б.; Добровольский А.А. Исковая форма защиты права. Основные вопросы учения об иске. – М.: МГУ, 1965. – 77 б.; Курс советского гражданского процессуального права: в 2-х томах. Теоретические основы правосудия по гражданским делам. / Абова Т.Е., Гуреев П.П., Добровольский А.А. и др. - М.; Наука, 1981. - Т. 1 – 244-426 б.
  8. Гуреев П.П. Гражданский иск в советском уголовном процессе. – М.: Госюриздат, 1961. – 12-15 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.