Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қажетті қорғанудың заңдылық шарттары

Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конститктциялық құқығы болып табылады. Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайнына, жынысына, жасына және басқа  да жағдайларға қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар.

Қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың сипатымен ғана емес, қорғанудың заңды шарттарымен де сипатталады. Оның тек қол сұғушылыққа қатысты талаптарының сақталуы заңды қорғану әрекеттерінің толықтай жүзеге асуына кепілдік бермейді.

ҚР ҚК 32-бабының екінші және үшінші бөліктері қорғанушы жақтың қорғану әрекеттеріне қатысты жалпы ережелерді бекітеді.

Қорғану әрекеттеріне қатысты шарттары: қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделердің қорғалуы, қорғану кезінде зиянның қол сұғушы тұлғаға келтірілуі, қажетті қорғану шегінен шығып кетпеушілік. Кейбір авторлар төртінші шартты қосады: біреулері – қорғанудың уақытылы болуы,  кейбіреулері қоғамдық қауіпті қол сұғушылықты бой тасалау мүмкіндігінен немесе басқа тұлғалардың, билік органдарының көмегіне жүгіну мүмкіндігінен тәуелсіз қажетті қорғану құқығының тиесілі болуы [1].

Біздің ойымызша, қорғанудың уақытылы болуы қол сұғушылықтың нақты бар болуынан туындайтын көлеңкесі ретінде көрініс табады. Себебі қорғанудың уақытылы болу талаптары қол сұғушылықтың нақты бар болуы шартының мағынасын ашып береді. Сондықтан да оны қорғаудың жеке шарты ретінде қарастыру орынсыз.

Сонымен қатар, авторлардың бір тобы қорғанудың заңды болу шартына сәйкестілікті жатқызады, яғни шабуыл жасау барысында қол сұғушы қандай құралдарды қолданды және қолданушы осыған сәйкес қалай қорғанды. Жекеше алғанда, қорғану қол сұғушылықтың сипаты мен дәрежесіне қатысты сәйкестілікте болуы керек. Н.Н Турецкийдің пікірі бойынша: «Сәйкестілік шарты бірінші орында сот және тергеу органдарының қорғанушылық шараларының заңды болу туралы сұрақтарды шешу барысында қорғану әрекеттерін дұрыс саралауға теріс ықпалын тигізеді. Заңды қорғану үшін пропорционалдық талап қажет етілмейді, қорғанушы қарусыз қол сұғушыға қарсы қарумен қорғануға құқығы бар », - деп көрсетеді [2].

Қазақстандық ғалым К.Х Халиков қорғанудың төрт шартын көрсетеді:

  • зиян тек қол сұғушы тұлғаға келтірілуі тиіс;
  • қорғану белсенді шабуылмен жүзеге асуы тиіс, сондықтан да әрекетсіздікке жол берілмейді;
  • қорғану қажетті қорғану шегінен асып кетпесе заңды деп табылады;
  • қорғану шегі қажетті қорғану құқығын жүзеге асырушы тұлға көзқарасымен анықталады [3].

Қажетті қорғану қорғанушы адамның жеке мүдделерін ғана емес, заңмен қорғалатын кез- келген мүдделерді қорғауды жүзеге асырады.

Олар қылмыстық заң бойынша былай көрсетіледі:

  • қорғанушының құқығы мен заңды мүддесі, яғни оның жеке басы, өмірі, денсаулығы, тұрғын үйі, меншігі, жер учаскесі және басқа да мүдделері мен құқықтары;
  • өзге тұлғаның құқығы мен мүддесі;
  • қоғамның заңмен қорғалатын мүддесі;
  • мемлекет мүддесі [2].

Қылмыстық құқық теориясында азамат қажетті қорғануды қолдана отырып қорғалатын құқықтар туралы сұрақтар әлі де пікірталастар туғызуда. Өткен ғасырлардағы қылмыстық құқық теориясында да бұл мәселе қарама-қайшы көзқарастарды қалыптастырған еді. А.Ф Конидің «Қажетті қорғану құқығы туралы» жұмысында бірнеше көзқарастар келтірілген болатын:

  • барлық құқық барлық құқық еместерді жояды және қажетті қорғану барлық жалпы адам құқығын қорғауды жүзеге асыруы тиіс.
  • қажетті қорғану тұлғаға шабуыл жасау кезінде ғана жол беріледі.
  • тұлғаның жеке басынан басқа оның мүліктік құқықтарының қорғалуы.
  • құқық коллизиясы, құқық марапатталуы туралы теориялар [4].

А.Ф Конидің өзі мынадай көзқарасты ұсынды: «Қажетті қорғану - әділетсіз шабуылға қарсы еріксіз қорғану. Қалай әділетсіз шабуыл пайда болса, солай құқықтық қорғану қажеттілігі пайда болады» [4].

Сонымен, қажетті қорғану құқығын жүзеге асырушы субъектілер шеңберіне еш шектеулер қоюға болмайды, яғни кез-келген адам бұл құқыққа ие. Соның ішінде ерекше атап өтетін субъектілер, ақыл- есі дұрыс емес және кәмелетке толмаған адамдардың құқықпен қорғалатын объектілерін қорғау мақсатында әрекет ету мүмкіндіктері. Нақты мүдделерді қорғауға қатысты әр түрлі тұлғалар әр түрлі міндеттерге ие болады. Біреуінде өз мүддесін қорғауда моральдық міндет жатса, кейбіреуінде қызметтік жағдайына байланысты туындайтын құқықтық міндеттер жатыр. Құқықтық  міндетті жүзеге асыру барысында зиян келтірілгенімен заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен қорғалады.

Заңның мазмұнына сай қорғануды заңға сыйымды деп тану үшін қорғану шегінен шықпауы керек. Қорғанудың заңға сыйымдылығын шешу кезінде қол сұғушылық қауіптілік дәрежесіне, сипатына және басқа да факторларды ескеру қажет. Осы мәселелердің барлығы бағаланып, ал жалпы жиынтығы бойынша болған оқиғаның салдары мен сипатына қарай анықталуы керек.

Егер адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен не қолданамын деп қорқытумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғану шегінен шығу болып табылмайды.

 

Әдебиеттер

  1. Комментарий к Уголовному кодексу РФ. Отв. ред. Радченко В.И. М, 1996. - 479 с.
  2. Турецкий Н.Н. Необходимая оборона по уголовному праву Республики Казахстан (проблемы пределов правомерной защиты): дисс. на соис. ученой степени к.ю.н. Алматы, 1998. – 7-111с.
  3. Халиков К.Х. Необходимая оборона по советскому уголовному праву: автореф. дисс. ... к.ю.н. Алма-Ата, 1970. – 11 с.
  4. Кони А.Ф. О праве на необходимую оборону. М., 1996. – 213 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.