Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Кəмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілгі жайлы мəселе қоғам өмірінде «қылмыстылықпен» күресті шешуде маңызды орын алады. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жəне жазалау мəселелері ҚР Қылмыстық Кодексінің VI бөлімінде қарастылған. Бұл жағдай ең алдымен кəмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы қылмыстылықтың құрамдас бөлігі ретіндегі айтарлықтай өзіндік ерекшеліктерімен дəйектеледі. Бұл ерекшеліктер жасөспірімдер мен кəмелетке толмағандарды əлеуметтік – психологиялық тұрғыда өсіп жетілуінің өзгешеліктеріне: əлеуметтендірілу деңгейінің жеткіліксіздігіне, психофизикалық, жас жағынан жəне əлеуметті кемелденуінің олқылықтарына, адамгершілік құндылықтары жөніндегі одағай түсініктеріне, мінез-құлқының өзіндік қасиеттеріне, «формальды емес жетекшілердің» əсеріне тез берілуі, үлкендерге еріп кету жəне т.б. тəуелді болып келеді.

Кəмелтке толмағандар қылмыстылығының көрсетілген өзіне тəн сипаттары заң шығарушыны кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын ықтиятты түрде реттеу қажеттілігіне қарай жетелеп əкеледі. Заңдарда кəмелетке толмағандар үшін жаза түрлерін белгілеудің, оларға жаза тағайындаудың, оларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың, ескіру мерзімдеріне есептеу мен соттылығын жоюдың айрықша шарттары қарастырылған.

ҚР ҚК-нің «Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» жөніндегі бөлімінің 78 бабының 1 бөлігінде «Кəмелетке толмағандар деп – қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылатындығы» белгіленген. Сот кəмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы істерді қарау барысында кəмелетке толмаған адамның жас шамасын дəл анықтауға шаралар қабылдауға міндетті. Адам белгілі бір жасқа дəл туған күні емес, келесі тəуліктен бастап толған болып есептеледі. Жас мөлшерін соттық медициналық сараптама бойынша анықтағанда, сотталушының туған күні болып сарапшы атаған жылдың соңғы күні есептелуі қажет, ал жас шамасын ең төменгі жəне ең жоғарғы жылдар арқылы белгілегенде, ондай адамның сараптама ұсынған ең төменгі жасына табан тіреу керек [15, 91-92б.].

ҚР ҚК-нің 14 бабына сай қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана тартылуы тиіс деп көрсетілген. Сонымен қатар қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады деп 15 бабының 1 бөлігінде баяндалған. Жоғарыда аталғандай кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі ҚР Қылмыстық Кодексінің нормаларымен реттеледі. ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша қылмыстық жауапкершілік он алты жастан, тек кейбір қылмыстар үшін ғана кəмелетке толмағандар он төрт жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны белгілі. ҚР Қылмыстық Кодексінің 15 бабына сəйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, ауырлататын мəн – жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені, зорлағаны,жыныстық сипаттағы күштеу əрекеттері, адамды ұрлағаны, ұрлық жасағаны, кісі тонағаны, ұрып – соққаны, қорқытып алғаны, ауырлататын мəн – жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе   бүлдіргені,  терроризм,  адамды  кепілге   алуы,  террористік   акті туралы  біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны, қару – жарақты, оқ – дəріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны, ауырлататын мəн – жайлардағы бұзақылығы, есірткі заттарды немесе жүйкеге əсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны, ауырлататын мəн – жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін жəне олардың жерленген жерлерін қорлағаны, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені үшін қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс. Кінəлі тұлға жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылып, заң алдында əділ жазасын алады. Он төрт жас - əлеуметтік психикалық дамудың  белгілі  бір деңгейде қалыптасқанын көрсететін жас болып табылады. Яғни, он төрт жастағы жасөспірім ұжым, қоғам алдында жауапкершілігін сезіне алатын, достық, атақ, əділдікті түсіне алатын, өз ойлау қабілеті мен өз тұрғысынан баға бере алатын дəрежеде болады. Олар өзінің əрбір жат қадамының зардабын, оның кері əсерін осы жаста сезіне алатындықтан, заң оларға жат қылығы үшін моральдық жəне құқықтық  жауапкершілік жүктеп, қылмыстық жауапкершілікті он төрт, он алты жастан белгілейді.

Қазіргі таңда заң əдебиеттерінде қылмыстық жауапкершіліктің жасын анықтауда біркелкі пікір жоқ. Мəселен, бір ғалымдар құқық бұзған, қылмыс жасаған кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын белгілеуде басты рөл атқаратын белгі қоғамдық қауіптіліктің дəрежесі екенін баса көрсетеді. И.И. Карпец: «Ауыр қылмыс жасаған кəмелетке толмағандарға заң шығарушы он төрт жастан қылмыстық жауапкершілік тағайындайды дей келе, ауыр қылмыс жасаған кəмелетке толмағандардың əрекетін жазалаусыз қалдыруға болмайды» деп жазады [16, С. 256.].

Кейбір ғалымдар атап айтсақ, З.А.Астамиров, А.А. Примаченко жеткіншіктерді қылмыстық жауапкершілікке тартуда тағыда бір белгіні көрсетеді, ол кəмелетке толмағандарды жеке адам етіп қалыптастыру үшін белгілі бір дəрежеде əлеуметтендіру [17, С. 153-154.].

З.А.Астамиров, А.А. Примаченконың пікіріне М.М.Бабаев пен Н.А. Беляевтың тұжырымдары етене жақын. Н.А. Беляев, М.М.Бабаев атап өткендей, он төрт жастағы жасөспірімдердің соттық жауапкершілігі олардың өз əрекетін қоғамға жат қылық екенін, істеуге тыйым салынатынын түсіне алатын жағдайда ғана жүзеге асырылады [18, С. 95-96.].

Кейінгі кезде жасөспірімдердің жан-жақты интеллектуалдық жағынан жетілу, жылдам өсу процестерінің байқалуы олардың ерте бастан, жас кезінен өз тəртіптерінің дұрыс, бұрыстығын өз тұрғысынан бағалай білу қабілеті міндетті түрде қылмыстық жауапкершілік жасын төмендетуді қажет ете ме деген сұрақ туғызар болса, ол заңды да.

Жасы толып, қылмыс жасаған баланы қылмыстық жауапкершілікке тарту əр елде əр түрлі шешілген. Мысалы, Ұлыбритания елінде қылмыстық жауапкершілік кей қылмыстар үшін сегіз жастан көзделуі мүмкін. Нью – Иорк штатынының ҚК бойынша қылмыс істеп, сотқа тартылған бала егер өз əрекетінің қауіпті іс - əрекет екенін түсіне алған жағдайда, қылмыстық жауаптылыққа сегіз жастан он екі жасқа дейін тартылады. Шетелдердің қылмыстық заңнамасын зерттеу барысында қылмыстық жауаптылық, соның ішінде кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық жасы əр елде əрқалай көрсетілетіні белгілі болды.

Кейбір елдердің заңдарында, кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының қажетті шарты ретінде жасөспірімнің қоғамға қауіптілік, заңға қарсы əрекетін түсіне алу мүмкіндігі қарастырылады. Германия ҚК-нің 66 тармағы «кінəлі болу» түсінігін қарастырса, Болгария ҚК-де «он төртке жəне он сегізге толмаған кəмелетке толмаған жасөспірімдер өздерінің əрекеттерінің мəні мен маңызына, жат қылықтарына баға бере алатын жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады» деп көрсетілген [19, С. 68-69.]. Өзімізге белгілі қазіргі қолданыстағы құқықта «жауаптылыққа қабілеттік» деген ұғым бар. Бұл ұғым қылмыстық жауапкершілікті өтеуге қабілеттілікті көрсетеді. Мұндай түсінік жауаптылыққа «қабілеттік → кінə → жауапкершілік» тізбегінің алғашқы баспалдағы болып табылады.

Жалпы кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігін анықтаудағы негізгі белгі – жас жеткіншектің өмірге көзқарасы, жеке басының əлеуметтік тұрғыда белгілі бір дəрежеде жетілуі болып табылады. Құқық бұзушының жоғарғы сатысы қылмысқа қылмыстық жауапкершілік он алты жастан белгіленетіні сондықтан. Кəмелетке толмағандардың белгілі бір дəрежеде жетілуі дегенде жас жеткіншектің əрбір істеген жат қадамының мемлекеттік маңызын, оған тигізер зиянын, өз дəрежесінде түсініп, бағалай білуін айтуға болады. Соған байланысты он төрт жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатын əрекеттің нақты зиянын, деңгейін анықтау маңызды орын алады. Əрекеттің жан – жақты зерттеліп, ашылуы – тəрбиелік жұмыспен қоса ерекше қылмыстық құқық шараларының жүзеге асырылуына, оның тиімді болуына жол ашады. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі кейбір ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан, яғни, олар кəмелетке толмағандардың  қылмыстық  жауапкершілік  жасын  анықтауда  басшылыққа  алынуы тиіс белгілерді атап көрсетеді. Олардың пікірі бойынша ондай белгілер мыналар:

  1. қоғамдық қауіптілік əрекетін сезіне алу мүмкіндігі
  2. қоғамдық қауіптілік пен басқа əрекеттердің дəрежесі
  3. кəмелетке толмағандардың арасында осындай əрекеттердің таралуы

Біздің пікірімізше жалпы қылмыстық жауапкершілік негізінде кəмелетке толмағандардың жеке басы емес, оның жасаған қылмыстық жат əрекеті жатыр.

Жоғарыда көрсетілген норма құқық бұзған кəмелетке толмағандар психикасы мен жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек осы дəлелдемелер ғана құқық тəртібін бұзған жеткіншектің өз əрекетіне, тəртібіне қарсы тойтарыс бере алмай, оған қадам жасайтынын дəлелдей түсіп, бұл жастағы балаға тек қана тəрбиелік мəні бар шаралармен əсер етудің тиімділігін айқындай түссе керек.

Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігіне байланысты ҚР ҚК жəне ҚІЖК-не өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі - өмір шындығынан туындайтын қажеттілік. Бұл  бөлімнің енгізіліп, күшіне енуі бір жағынан ашылған жаңалық, екінші жағынан кəмелетке толмағандар құқық бұзушылығының себептері оған əсер ететін жəне тудыратын жағдайларын жан – жақты ашуға көп көмегін тигізері даусыз.

Сонымен қылмыстық жауапкершілік құқық бұзған кез – келген адамның жеке басымен тығыз байланысты. Оған себеп қылмыстың алдын алу, ескерту, құқық бұзушыны дұрыс жолға салу сияқты шаралар бір жағынан, қылмыс жасаған адамның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты болса, екінші жағынан ол шаралардың қандай адамға қолданылатындығында болып табылады.

Жасы толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі жоғарыда атап өткендей ҚР ҚК нормаларымен реттеледі. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі оларға қолданылатын қылмыстық заңдардың ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Кəмелетке толмағандар қылмысы мен жасөспірімдердің құқық бұзушының ерекшеліктерін əлеуметтік психикалық жағынан ашып алып жəне қылмыстық құқықтық тұрғыда есепке алу үлкен орын алады. Бұл заң шығарушының қылмыскер тұлға – жасы толмаған бала болған жағдайда, қылмыстың құрамын дұрыс таңдауға қажет жағдай туғызуына, құқық бұзуға тиімді құқықтық шара тағайындауға мүмкіндік береді. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы заңдылық жиынтығын саралай келе, көптеген авторлар кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігін қылмыстық жауапкершілікке тартылған олардың пайдасына шешілген «жеңілдік» ретінде қарайды. Жалпы кəмелетке толмағандар үшін заңда көрсетілген жеңілдіктер оларға қолданылатын жазалау шараларын мектеп, тəрбиелік сипаттағы қоғамдық шаралармен əсер ету қағидаларын ұсынған. Сонымен қатар кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі мен жазалау айырмашылығы олардың жеке басының əлеуметтік – психикалық ерекшліктерін, істеген қылмыстың криминологиялық тұрғыдағы сипатын, қылмыстың тəсілі мен нəтижеге жетуін, ол баланың ересек адамдарға қарағанда тез де оңай түзелуін ескеру мақсатында заңда оларға қолданылатын шаралардың көбі тəрбиелік қағидаларға негізделгені көрсетілген.

Қылмыспен күрес əрбір істелген қылмыс пен кінəлі адамға қатаң түрде жекелей əсер еткенде ғана тиімділігін берері сөзсіз. Кінəлі балалардың жеке басымен істелген қылмыстың барлық ерекшеліктерін жан – жақты есепке алу қылмыстық жауапкершіліктің түрін, жазалаудың мөлшерін, қоғамдық əсер ету нысанын тағайындауға айқындық береді. Сонымен қатар құқық бұзушыны тəрбиелеу үшін қандай тиімділік беретінін ашып көрсетеді.

Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы белгілі бір жас аралығында жасалатын, оларға қылмыстық жауаптылық тағайындалатын, жеке дараландыру үшін нақты адамды анықтайтын – жалпы жауаптылықтың алғы шарты болып табылады.

Егер қылмыстық жауапкершілікке бірнеше адам тартылатын болса, олардың əрқайсысының жасалынған қылмысқа қатыстылығын, қылмысты істеу барысында қандай рөл атқарғандығын анықтайды.

И.И. Карпецтің пікірі бойынша, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартумен барлық мəселелер шешілмейді. Ғалымның түсінігінше үкім шығарғаннан кейін жазаны орындау кезеңі туып, бұл айыпталушының істеген қылмысының ауырлығын, тағайындалатын жазаның мөлшерін айқындап, оның əрі қарай түзелу жолына түсуіне көп көмегін тигізеді. Яғни, бұл түзелу жолына түскендіктен қылмыстық – құқықтық шаралар тиімділігін көрсетсе керек [20, С. 403-404.]. Қылмыс істеген адам ғана жеке жауапкершілікке тартылу керектігін алға қоя отырып, ол «кінəлі адам қоғам алдында істеген жат əрекеті үшін қай дəрежеде жауап беретінін» анықтайды. Қылмыстық құқықта теріс қылық жасаған үлкен не кіші болсын, оның тəртібінің объективті, субъективті жақтарының белгілері анықталады. Яғни, құқық бұзушының жеке басы, кінəлінің жасы, əрекеті ескеріледі. Қылмыстық əрекет өзінің сипаты жағынан бірдей болуы мүмкін, ал оны істеген адамның əр түрлі болуы заңды да, сондықтан жауапкершілік пен жазаға  тарту да сан алуан. Қазіргі кезде көп əдебиеттерде қылмыстық жауапкершілік пен жаза кінə түрлі бірақ, бір – бірімен тығыз байланысты құбылыс деген пікір көрініс табуда.

Қылмыстық жауапкершілік – кез-келген адамның құқық пен істеген қылмысына заң алдында міндетті түрде жауап беруі. Жаза – қылмыс істеген адамға соттың шешімімен мемлекеттік нақты шара қолдану,  оны орындауға мəжбүрлеу. Жаза қылмыстық жауапкершілікке тартудағы ең басты нысаны болса, келесі бір қылмыстық жауапкершілікке тарту нысаны кəмелетке толмағандарға қатысты тəртіптік сипаттағы еріксіз шаралар болып табылады. Жасы толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту өз ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер оларға қолданылатын қылмыстық құқықтық шалалардың белгілі бір дəрежеде ғана іске асатындығын айқындай түссе керек. Яғни, кəмелетке толмағандарға өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру сияқты жазалар қолданылмайды жəне тағайындалатын бас бостандықтан айыру жазасы он екі жылдан аспауы тиіс екендігін айқындайды. Қылмыстық кодекс кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін олардың есінің дұрыстығын тексеруді міндеттейді.

Жоғарыда атап өткендей, қоғамға қауіпті іс-əрекет жасағаны үшін санасы мен ерік-жігері бар, есі дұрыс адамдар ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады, яғни, қылмыс субъектісі болып табылады. Тек осындай адамдар ғана не істегенін түйсініп жəне өз іс - əрекетін басқара біледі. Ал мұндай қабілеті жоқтар яғни істеген əрекетінің қауіптілігін сезбейтіндер, сезінсе де өз əрекетін басқара алмайтындар есі дұрыс еместер  деп саналады да, қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Есі дұрыс еместік ұғымы ҚР ҚК-нің 16 бабының 1 бөлігінде былай сипатталған: «Қоғамдық қауіпті əрекетті жасаған  кезде  есі  дұрыс  емес  күйде  болған,  яғни  созылмалы  психикалық  ауруы,  психикасының  уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс - əрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес» [21].

Қандай да болсын психикалық ауытқуы бар жасөспірім қоғамға қауіпті əрекет жасау кезінде өзінің əрекетіне баға бере алмай, өзін-өзі басқара алмайды. Мұндай жағдайда егер кəмелетке толмаған есі дұрыс емес деп танылса, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту орнына соттың шешімімен арнаулы медициналық сипаттағы шара қолданылады. Жас болсын, жасы толмаған болсын оның қылмыстық əрекетті қасақана жасағанын, кінəсін анықтау кез-келген жағдайда міндетті болып табылады. Кінəні анықтау қылмыстық жауапкершілікті тағайындауда басты рөл атқарады. Кінəлі болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал кінə дəлелденбесе, жауапкершілік өздігінен күн тəртібінен түседі.

Қылмыстық заң қылмыстық əрекетке барған кəмелетке толмағандарды жазалау керектігін белгілейді. Ересектерге қарағанда, кəмелетке толмағандарды қылмыс үшін жазалау белгілі бір шектеу мен құқықтардан тұратынын тағы да еске сала кеткен артық болмас. Десек те, қандай да болсын қылмыстық жаза – кəмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын болдырмау, қайта тəрбиелеу мен дұрыс жолға салуға өз септігін тигізеді. Кəмелетке толмағандарға тағылатын қылмыстық жаза оның сана сезіміне əсер етіп, өзінің істеген əрбір қадамына сынмен қарауына, қоғамға жат əрекетті екінші рет қайталап жасамауына, заңды бұзбауына жол ашады.

Кəмелетке толмағандардың қылмыстарын болдырмау үшін күрестің маңызы оның нəтижесінен көрінері сөзсіз. Жалпы құқық бұзған жасөспірім болсын, қылмыс жасаған кəмелетке толмаған болсын, олардың қоғамға жат əрекеттерінің қауіптілігін, зиянын анықтау арқылы жаза тағайындау немесе ата-ана қарауына  беру, арнаулы мекемелерге жіберу - қылмыстық заңның əділдігін паш  етеді.

 

Әдебиеттер

  1. 1.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 14 наурыз 2009 жыл // Заман жаршысы..- 14 наурыз 2009 жыл. - № 11.- 1-3б. 2.Н.Ə.Назарбаев. Қазақстан - 2030. - Алматы: «Юрист», 2004. – 33б.
  2. .Криминология: Учебник // Под ред. А.И. Долговой. – М., – С.56.
  3. .Қазақстан Республикасы. 1998 ж. 17 желтоқсанында қабылданған Заң, № 352 Неке жəне отбасы туралы. - Алматы: «Жеті жарғы», 5.К.Д.Ушинский. Отбасы тəрбиесі. - Алматы, 1984. – 74б.
  4. .Авиренцев С.С. Плутарх и античная биография.- С-Петербург, - 14б.
  5. .Алматы қаласының Əуезов ауданының прокуратурасының «Кəмелетке толмағандардың қылмыстылығының жағдайы туралы»тоқсандық есебі.-2б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.