Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы Конституциясы еңбек қатынастары жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізді, азаматтың жəне адамның еңбекке деген құқықтары мен еркіндіктері түсінігінің мəртебесін айқындады жəне бұған Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабын талдай келе көз жеткізуге болады. Ата Заңның 24-бабының 1- тармағына сəйкес:
«Əрбір адам еңбек еркіндігіне, мамандық жəне қызмет түрін еркін таңдауға құқылы. Еріксіз еңбекке тек сот үкімі бойынша, яки төтенше немесе əскери тəртіп жағдайында жол беріледі». Конституцияның 24- бабының 1- тармағында бекітілген еңбек еркіндігі құқығы, өз бетімен өзінің еңбек мүмкіндіктерін басқару, қызмет түрі мен мамандықты таңдау, тек қана əркімнің өз құқығын түрлі жолдармен ерікті қалауын білдірген кезде жүзеге асады, еңбек келісім шарты бойынша жалдау, кез келген жеке меншік түріндегі ұйымдарда, əскери жəне мемлекеттік қызметті атқару, арнайы білімі жоқ заңды тұлға немесе шаруашылық серіктестік қатысушысы, өндірістік кооператив немесе шаруашылық (фермерлік шаруашылық) мүшесі, сонымен қатар азаматтық- құқықтық келісім шарттар шеңберінде (авторлық келісім шарт, мердігерлік келісім шарт, тапсырма келісім шарты жəне т.б) кəсіпкерлік қызметпен айналысу əрбір тұлғаның еркіндігін қамтыған. Азамат шаруашылық серіктестіктің негізін қалаушылардың бірі бола отырып, өзінің еркін білдіріп құрылтай келісім шарты жасалуына қатысады. Қазақстан Республикасы Конституциясы құрамына еңбек қызметі саласындағы адам құқықтары мен бостандықтары кіретін адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтары мəселелеріне жəне ең алдымен, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін конституциялық нормалар мен адам құқығы саласындағы халықаралық құқық нормаларының арақатынасына үлкен мəн бөледі.
Қазақстан Республикасындағы адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының шығу тегін талдай отырып, Г.С.Сапарғалиев адам құқығы саласында Қазақстан Республикасы Конституция толығымен жалпы қабылданған нормалардың Халықаралық құқығынан шығады [15,70б.].
Егер салыстыру үшін түрлі шетелдік мемлекеттердің конституциясын алсақ, онда салыстырмалы- құқықтың талдау мақсатында еуропалық конституциялардың ерекше қасиетін еңбектің жеке жəне қоғамдық құқытарының басымдығы жататынын іскерген жөн. Құқықтық əдебиетте жеке жəне қоғамдық құқықтарды көп жағдайда «бірінші жəне екінші ұрпақ» құқықтары деп аталады. Жоғарыда аталғандай, бірінші ұрпақ құқықтарының түбірі. Ағарту дəуірінен жəне француз жəне американ конституциясы идеяларының туындау кезінен байқала бастады. Еуропалық конституциялардың поляк жақтаушысы Ханна Сухоцка өз еңбегінде қазіргі заманғы орталық жəне шығыс Еуропадағы адам құқықтары түсінігінің таралуына байланысты былай жазды: «Посткоммунистік дəуір барлық елдердің басты ерекшелігіне конституция бостандығы мен адами мəртебесіне көп мəн берілген. Аталған елдер адамдық мəртебесі қажеттілігі басқа түрлі конституцияларға қарағанда жақсырақ сипатталған. Адамдық мəртебе есеп нүктесі болып табылады, ол арқылы тұлғаның құқықтары мен бостандықтары анықталады [86, 7б]. Адамдық мəртебеге ұқсас қатынас жауап болып табылады, бұл елдердегі тəртіп Копенгаг құжатына (1990) мəн берілген «адами құндылық – жоғары құндылық». Тұлға қалыптасуы мен қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін оның еңбек қызметі саласында өз- өзін жүзеге асыру мүмкіндігі болу керектігі белгілі. Сондықтан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұлға ретінде қалыптасуы, оның материалдық меншігінің қамтамасыз етілуі, экономикалық тəуелсіздік пен əлеуметтік бостандық саласында қажетті жəне алғашқы анықтама болып табылады. Осылайша Қазақстан Республикасы Конституциясы адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін кең жол ашады, сондықтан азаматтар Конституция нормасына сүйене отырып, өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясымен жарияланған еңбек еркіндігі ұстанымдары еңбек еркіндігін жүзеге асуының көптеген түрлерін реттейтін кейбір заңнамалық жəне нормативтік актілермен нақтыланады.
Аталған ұстанымдардың мағынасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында келтірілген тəртіптерден шығады, оған сəйкес: «Қазақстан Республикасындағы күші бар құқық болып Конституция ережелері, оған сай заңдар, басқа да құқықтық- нормативтік актілер, халықаралық келісім- шарттар жəне басқа да Республика міндеттері, сонымен қатар Конституциялық Кеңес жəне Республиканың жоғарғы сотының нормативтік үкімдері орын алады».
Қазақ ССР 1978 жылғы Конституциямен салыстырғанда, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясында еңбек ұғымына тереңірек түсініктеме берілген. Ол, сонымен қатар, жеке өндіруші ретінде еңбек ету құқығын да қамтыды. Осылайша 1999 жылы Конституция бойынша еңбек құқығы дегеніміз азаматтардың құқыққа қабілеттілік элементі, яғни субъективті құқық емес, құқық қабілеттілік бірлігі ретінде құқық субъективтілік элементі болып табылады.
1995 жылы Қазақстан Республикасының конституциясында адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына 29 баптан тұратын, оның ішінде еңбек құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін 24 бабы бар бір тарау арналған. Əркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нəсіліне, ұлтына,тіліне, мүліктік, əлеуметтік жəне лаузымдық жағдайына тұратын жеріне, дінге қөзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке, топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты кемсітуге болмайды [ҚР Еңбек кодесі 7-бап].
Біздің Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының көпшілігі 1984 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған адам бостандықтарының жалпы декларациясына сəйкес келеді. Декларацияда былай көрсетілген: «адам құқықтары заң күшімен қорғалуы тиіс, яғни адамды қорлауға жəне оларды мəжбүрлі түрде ереуілге шығаруға болмайды». [33, 9б]. Оған қоса, адам бостандықтарының жалпыға ортақ декларациясы 23-бабында: «əрбір адам еңбек етуге, еркін таңдауға, əділ жəне жағымды еңбек етуге жұмыссыздықтан қорғалуға құқығы бар»- делінген, яғни онда маңызды сипатына айналды. Бұл 1995 ж. Қазақстан Республикасы Конституциясының бап ережелерімен айтарлықтай сəйкес келеді.
1966 ж 16 желтоқсандағы экономикалық əлеуметтік, мəдени құқықтар туралы Халықаралық Пактінің 6- бабында еңбек құқығы былай тұжырымдалады: «бұл - əрбір адамның өзі таңдап алған не ерікті түрде келісілген жəне осы құқықтық жүзеге асыруда тиісті шараларды іске асыратын еңбек арқылы өмір сүру үшін қаражат табу мүмкіндігіне ие болуы. Осы құқықтық Пакт мемлекет- қатысушылардың жүзеге асыруы мақсатында кəсіби- техникалық, əлеуметтік, мəдени даму мен адамның негізгі саяси жəне экономикалық бостандықтарына кепілдік беретін шарттарда өнімді еңбектің толық іске асуына жетудің жолдары мен əдістерін қамтитын шаралар қабылдануы тиіс.
Адамның құқықтары мен бостандықтары идеяларының шығу тегі мен қалыптасу кезеңдерінің қысқаша сипаттамасын қорытындылай отырып былайша атап өту керек: мемлекет институтының дамуымен адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарының институті құрылуының үрдістерінің өзара байланысы болады. Азаматтық туралы нормалар Республика Конституциясының “Адам жəне азамат” деп аталатын ІІ-бөліміне енгізіліп, осы аталған бөлім құрылымдық жағынан басталатын 10-бапқа біріктірілген. Маңыздысы сол, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық- құқықтық реттеу азаматтық туралы нормалармен алдын алынады, өйткені сол арқылы тұлғаның конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің нақты бағытталымы мен мазмұны бекітіледі. Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары идеяларының қазіргі заманғы түсінігі мен мазмұнының конституциялық- құқықтық қайнар көздері Конституциялық – құқықтық адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарының институттық нормалары тұлғаның қоғам мен мемлекеттегі орны мен рөлін, оның мүмкіндіктерінің шығу сипатын, оны қамтамасыз етуді қорғауды, сонымен қатар, мемлекет бекіткен құқықтары мен бостандықтары шектерін анықтайды. Қазақстан Республикасында көрсетілген азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтары өзінің мазмұны жағынан əр түрлі болып келеді жəне тұлға қызметінің ең маңызды жақтарын қамтиды.
Адам мен азаматқа мемлекет беретін конституциялық құқықтар мен бостандықтары арасында өзінің мəндік маңыздылығына байланысты тұлғаның еңбек қызметіне қатысты құқықтар мен бостандықтар ажыратылады. Бұның себебі мынада: тұлғаның еңбек қызметі ғана оған лайықты тəуелсіз өмір сүруіне бере алады, себебі еңбек – бұл саналы мақсатталған жəне заңды (заңнамалық қамтамасыз ету) қызмет, əрі белгілі бір адами қажеттіліктері мен тұрақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін материалды жəне рухани игіліктердің жиынтығы.
Кез келген үдеріс немесе еңбек үдерісі еңбек қатынастарын реттейтін жəне кепілдендіретін қазіргі заңнама ережелерімен байланысты жəне келесі шарттардың немесе құрама бөліктердің болуын керек етеді:
- еңбек бұйымын – қызметтердің адамға пайдалы жаңа қасиеттерді беру мақсатында еңбек əрекеті бағытталған еңбектің немесе қызмет көрсету нысанының əсерін əлдеқашан бастан кешірген еңбек немесе бұйым заттегі;
- еңбек құралдарын – қызметтердің не көмегімен еңбек бұйымына əсер ететін жəне оған еңбекке қажетті жағдайды тударытарын барлығын;
- қызмет технологияларын немесе еңбек бұйымына əсер ететін адам ретінде;
- еңбек ұйымдастырылуын – еңбек үдерісінде адамдардың бір- бірімен өзара өндірістік қимыл- əрекетінен жəне қызметтердің еңбек бұйымдарымен жəне жабдықтарымен өзара əрекетінен құралатын еңбек үдерісінің айқын тəртібінің құрылуын жəне жүзеге асуын;
- еңбектің өзінің – адамның еңбек бұйымына қажетті амалдарды, технологияларды жəне ұйымдарды қолдана отырып əсер етуін ұғыну үдерісін оған осы немесе басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыратын қасиеттерді беруін;
- еңбек қатынастарының субъектілерін, яғни Ата Заңмен немесе еңбек қатынастарын реттейтін басқа да заңнамалық актілермен кепілдендірілген белгілі бір еңбек құқықтары мен жəне міндеттермен жүктелген тұлғаларды;
- еңбек қатынастарын реттейтін жəне өз құрамына ұлттың еңбек заңнамасын жəне халықаралық құқықтық- нормативтік актілерді, Ата Заң ережелерін кіргізетін заңнамалар.
С.С.Алекссевтің танымал сөзі бойынша: «Конституциялық құқықтар мен еркіндіктер – бұл тек қоғамдық маңызды саяси- құқықтық құбылыс емес, рухани адамгершілік, гуманистік тəртіптің факторы. Адамның дəл осындай құқық пен еркіндікті түсінуінде Ата Заңның бастауы, барлық конституциялық ішкі құрылымның камертоны, мемлекеттің дəл мəнін айқындайтын өзегі десек те болады». Конституцияның құқықтың жəне еркіндіктің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мағынасын дəл осылай түсіну мемлекеттің əлеуметтік өміріндегі олардың рөлі мен мағынасын айқынырақ сипаттайды. Атап айтқанда, үйлесімді дамыған жəне Конституциямен қамтамасыз етілген еңбек қатынастары ғана маңызды шарттар мен біздің мемлекетімізді қоныстанған адамдардың жəне əрбір азаматтың амандығының жəне тіршілік əрекетінің сəтті кепілдемесі болып табылады.
Бұл азаматтың жəне адамның конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің өздеріне тұлғалар, қоғам мен мемлекет арасындағы өмір сүретін əлдеқайда толық жəне негізгі байланыстарды жүзеге асыратындығымен түсіндіріледі. Адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері жүйесі тек мемлекеттілік құқықтары негізін салған институт болып қана табылмайды, сонымен қатар қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың, халықаралық құқықтың стандарттарына сəйкес мемлекеттің саяси жəне құқықтық жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, адамзаттың құқықтық дамуының əлдеқайда белгілі қорытындыларының бірі болып келеді.
Әдебиеттер
- .Трудовой Кодекс Республики Казахстан // Казахстанская правда 22 мая, 2007г.
- .Александров Н.Г. Трудовое правоотношение. М.: Юридическое издательство МЮ СССР, С.190-195 3.Закон РК от 20.03.2001г., «О военной службе по контракту» // Казахстанская правда 26 марта 2001г.
- .Закон РК от 7.01.2005г., «Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан»- //Казахстанская правда 13 января, 2005г.
- .Указ Президента РК от 25 мая 2006г. № 124 «Об утверждении Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других воисках и воинских формированиях Республики Казахстан»-/ САПП РК, 2006г., № 19, ст.183.
- .Закон РК № 74 –Ш от 8.07.2005г., «О воинской обязанности и воинской службе» - //Казахстанская правда 21 июля 2009г, Ожегов С.И. Словарь русского языка: ок.57000 слов /Под ред. док.филол.наук, проф.Н.Ю.Шведовой- М.: Рус.яз., 1983г., ст.78-80 8.Закон РК от 24.03.1998г., «О нормативных правовых актах»- //Ведомости Парламента РК, 1998г., № 2-3, ст.25.