Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық үрдістегі апеляция институты

Қазақстан Республикасы басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялы, зиялы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет болып саналады (Қазақстан Республикасы Ата Заңының 1 бабы). Азаматтық іс жүргізу заңдылығы сот қорғанысын қабылдау құқығын кепілдендірудің жүйесін, соттардың жұмыстарының тиімділігін арттырудың бір қатар құралдарын, сондай-ақ, жоғары тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс-əрекетіне бақылау жүргізудің əдістерін қарастырады. Мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің құқықтық негізін үнемі нығайтуға, заңдылық пен құқық тəртіптерінің қатаң сақталуына, құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысын жақсартуға ерекше көңіл  бөлінеді. Аталған органдар азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда алдыңғы қатарда тұр. Соттық қорғаныс алу құқығының кепілдіктерінің бірі, сонымен қатар, соттық бақылау жасауды жүзеге асырудың жетекші түрлерінің бірі болып апелляция табылады («апелляция» термині латын тілінен шыққан, сотқа шақыру, жоғары тұрған сотқа шағымдану деген ұғымды білдіреді), яғни, жоғары инстанциядағы соттың белгілі бір істі екінші рет қайта қарауын білдіреді [1].

Соттың іс-əрекетіне бақылау жасаудың мəні соттық тəжірибеге басшылық жасаумен, яғни, заң күшіне енбеген шешімдерді тексеру бойынша, сондай-ақ, сот қателіктерінің алдын алу жəне түзету бойынша жоғары тұрған сот органдарының іс-əрекетімен ашылады. Ол барлық төмен тұрған сот органдарының материалды жəне іс жүргізу құқықтарының ережелерін бұлжытпай орындауына бағытталған [2].

Сот шешімдерін қайта қарау институты – бұл іске қатысушылардың мүдделерін құқықтық қорғау мен экономикалық үрдіс арасындағы келімісдердің бір түрі болып табылады. Себебі, істі жоғары тұрған буынның қарауына беру бірінші инстанциядағы соттың шешіміне бір жақтың немесе екі жақтың да өкілдері наразылық танытқан кезде ғана жүзеге асырылады.

Ресейлік сот жүргізу ісінде аталған институт жаңа құбылыс ретінде саналмайды. І Петрдің кезінде шешімдерді қайта қараудың сол кездегі жаңа түрі – апелляция заңмен қарастырылған болатын, ол кездері апелляциялық шағымдануға азаматтық істер бойынша сот шешімдерді жатқызылған. Ресейдің азаматтық сот ісін жүргізуде 1917 жылға дейін апелляция ретінде бірінші дəрежелі соттың қабылдаған шешімі дұрыс емес деп таныған сот ісіне қатысушының екінші дəрежелі сотқа бірінші дəрежелі соттың шешімін қайта  қарауы бойынша шағымдануын қарастырған [3].

Ал Қазақстан Республикасында апелляциялық шағымдану институтының құрылғанына көп уақыт өткен жоқ. Қазақстан Республикасында ауқымды соттық қайта құруларды жүзеге асыру барысында апелляциялық өндіріс идеясы іске асырылды. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдесінде қабылданған Заңмен жүзеге асырылған жаңа азаматтық іс жүргізу кодексінде апелляциялық шағымдануға жəне соттық актілерге наразылық білдіруге арналған екі бөлім (40 жəне 41) пайда болды. Осы жаңадан енгізілген екі бөлімнің ерекшеліктері - АІЖК 40 бабында кассациялық, сондай-ақ, апелляциялық тəртіп бойынша заң күшіне енбеген сот актілері бойынша шағымдану мүмкіндігі қарастырылған, ал АІЖК 41 бабы апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істерді қарастыру тəртібіне арналған. Осылайша, бұрын кейбір ғылыми басылымдарда жəне заң аясында ғана қолданылып жүрген апелляциялық институт термині заңдық базаға толығымен енді. Ол сот актілері бойынша шағымдану институтын мəнін қайта тұжырымдаудағы маңызды талпыныстардың дəлелі болып отыр.

Істің мазмұны бойынша заң шығарушы екінші инстанцияға мүдделі тұлғалардың бастамасы бойынша істі қайта қарау мүмкіндігін беріп отыр. Бұл берілген тұжырымдама мəтіндік жəне мағыналық талдауы бойынша АІЖК 347 бабына негізделген. Ал бұл бапта апелляциялық инстанция соты берілген іс бойынша жəне қосымша жинақталған материалдар бойынша істің нақты жағдайының бекітілуінің дұрыстығын, материалдық құқық ережелерінің дұрыс талданып, қолданылуын, сондай-ақ, істі қарастырып, шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заң ережелерінің сақталуын тексереді. АІЖК 345 бабының 2 тармағына сəйкес апелляциялық инстанция соты жасалған шағым аясында жаңа жағдайларды бекіте алады, сонымен қатар, бір затты заңды түрде анықтау жəне апелляциялық шағымдану шегі туралы көз қарасты қалыптастырып, қазақстандық іс жүргізу заңдарының бұл аталған институтын классикалық апелляцияға жақындатты, яғни, белгілі бір істі жоғары тұрған соттың қайталап қарауын қалыптастырды. Осы орайда Қазақстан Республикасының АІЖК-мен қарастырылған апелляциялық институт революцияға дейінгі ресейлік заңдарға (Азаматтық сот жүргізу ісі Жарғысының 743- 791 бабтары), сондай-ақ, апелляция институты екінші инстанцияның сот ісі екінші рет қарауын білдіретін шетелдік мемлекеттердің бір қатар заңдарына сəйкес келеді. Сонымен қатар, қолда бар жəне жаңадан жинақталған материалдар бойынша істерді апелляциялық өңдеу тəртібін нақты көрсететін ресейлік арбитражды заңнан (1995 жылы қабылданған РФ ƏІЖК 155 бабының 1 тармағы, 2002 ж. қабылданған РФ ƏІЖК 268 бабының 1 тармағы) айырмашылығы да бар, АІЖК апелляциялық инстанция соты бірінші инстанция сотының шешімінің заңдылығын жəне негізделуін толығымен тексереді [4].

Сонымен апеляцияның мəні жоғары тұрған соттың төменгі соттың шешімін бұрынғы материалдарды жəне жаңадан дəлелдер жинақтау арқылы қайта қараумен анықталады. Аппеляция дəл осы қасиеттерімен сот шешімдерін шағымданудың басқа бір түрлерінен, мəселен, жаңа дəлелдерді ғана зерттеумен айналысатын кассациядан ерекшеленеді.

Апелляцияны сипаттайтын белгілерге келесілерде жатқызады:

  • апелляциялық тəртіп бойынша соттың заң күшіне енбеген шешімдері қайта қаралады;
  • апелляцияны қарастыру жоғары тұрған сотпен жүзеге асырылады;
  • бірінші инстанция сот шешімінің дұрыс болмауы істердің нақты жағдайының дұрыс анықталмауы, немесе заңның дұрыс қолданылмағандығы жөніндегі, немесе істің материалдарын тараптардың толық бермеуі туралы шағыммен негізделеді;
  • апелляциялық сот құқық мəселелері қарастырумен қатар, бірінші инстанция сотының шешімін толығымен немесе белгілі бір бөлімін жаңа шешіммен алмастыруға құқылы;
  • апелляцияға шағымдануға бір рет қана мүмкіндік беріледі жəне апелляциялық инстанцияның шешімі шыға сала заң күшіне ие болады.

Апелляцияның осы аталған белгілері іс жүргізу құқығының дамуының қазіргі заман деңгейіндегі бірінші инстанция сотының шешімдерін қайта қарау институтының қағидалық бастауларын сипаттайды. Апелляция – мемлекет үшін де, сот ісі тараптары үшін де өте қымбатқа түседі; апелляция сот жүргізу ісін ұзартады, бірінші инстанция сотының абыройын төмендетеді, сонымен қатар, бірінші инстанция соттарына жағымды ықпал етеді. Үстілерінен шағым түскен кезде өздерінің шешімдерінің орындалмай қалуын, сондай-ақ, тексеруге түсіп, орындалмай қалып, олардың біліктілігіне нұқсан келтіретіндігін анық біледі [5].

Сонымен қатар, бірінші инстанция сотының заңсыз немесе негізсіз шешім қабылданған жағдайда шағымдана алатын апелляциялық инстанцияның болуы азаматтардың соттардың əрекетсіздігінен немесе дұрыс əрекет жасамауынан қорғаныш сезімін тудырады, олардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырады. Сонымен   қатар,   апелляциялық   өндірістің   жағымды   жақтары да аз емес. Əлемдік соттың  шешіміне апелляциялық шағымдану мүмкіндігі азаматтарды сот органдарының əділдігіне қатысты заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етеді. Бұл кепілдіктер істі апелляциялық инстанциямен қайта қарау фактісінің өзі істі бірінші қарау кезінде жіберілген қателіктерді жоюға мүмкіндік береді. Апелляцияның (кассация сияқты) психологиялық маңызы бар. Əлемдік соттың шешімі соңғы сөз емес екендігі туралы ойдың өзі іске қатысушыларға, сондай-ақ қоғамға жағымды əсер етеді.

Апелляцияның мақсаты шешімнің зандылығының жəне негізделгендігінің дұрыстығын тексеру болып табылады. Егер апелляциялық инстанцияға берген шағымында шағым жазушы шағымының пəні мен негізін өзгертетін болса, онда бірінші инстанция сотының шешімін тексерудің мағынасы жойылады.

 

Әдебиеттер

  1. .Борисова Е.А. Апелляция в гражданском и арбитражном процессе.-М.: городец, 1997. – С.4.
  2. .Комиссаров К.И. Задачи судебного надзора в сфере гражданского судопроизводства. – Свердловск: Сверд. Юрид. Ин-т, 1971. – С. 3.Исаченко В.Л. Русское гражданское судопроизводство. Практическое руководство для студентов и начинающих юристов. Т. 1. – СПб., 1915. – С. 296.
  3. .“Институт апелляционного производства в Республике Казахстан: предварительные итоги и преспективы”. С. Раимбаев, “Юридическая газета”, 10.08г.
  4. .Бентам И. О судоустройстве. – СПб.: Тип. Правительствующего сената, 1860. – С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.