1990 жылдардың басында әлемдегі алып империяның бірі, КСРО ыдыраған кезеңде оның құрамына кірген одақтас республикалар бір мезетте өздерінің тәуелсіздіктерін жариялауға кірісті. КСРО-ның негізгі мұрагері болып саналатын Ресей Федерациясы да өзінің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып жариялған болатын. Тәуелсіз мемлекет болу қандай да елдің арманы болса да, ол тәуелсіздікті жариялағаннан кейін оны баянды ету қажет. Осы қырынан алғанда Ресей Федерациясының мойнына үлкен ауыр жүк артылған болатын. Ресей Федерациясы тәуелсіздіктің экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайларын шешумен қатар, оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуді де жүзеге асыра бастады. Осы бағыттағы ең алғашқы қадамдарының бірі немесе басты шешімдерінің қатарына 12 желтоқсан 1993 жылы қабылдаған Конституциясы жатады. Бұл конституция Ресей Федерациясының мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар, біз сөз етіп отырған азаматтық іс жүргізудің де құқықтық негізін айқындады. Конституцияда жалпы сот ісін жүргізудің негіздері қағидалары көрініс тапты. Оған аталған конституцияның 7 бөлімі 118 және 129 баптары арналған болатын. Осы конституцияда көрініс тапқан құқықтық қағидалар жүйесі жалпы Ресейдегі сот ісін жүргізудің оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізудің басты талаптарын, шарттарын айқындауға негіз болды. Ресей Федерациясы Конституциясының азаматтық сот ісін жүргізуді негізгі қайнар көзі ретіндегі басты ерекшелігі де және маңызы да осында деп есептеуге болады. Ресей Федерациясындағы азаматтық сот ісін жүргізудің конституциялық құқықтық дамуы осы негізгі заң арқылы ғана айқындалып, одан әрі өрбіді. Ресей Федерациясындағы азаматтық сот ісін жүргізудің негізін айқындайтын бірнеше заңдардың легі қалыптастырылды. Ол туралы Ресей Федерациясындағы азаматтық іс жүргізу Кодексінің 1-бабында былай деп көрсетілді:
- Порядок гражданского судопроизводства в федеральных судах общей юрисдикции определяется Конституцией Российской Федерации, Федеральным конституционным законом «О судебной системе Российской Федерации», настоящим Кодексом и принимаемыми в соответствии с ними другими федеральными законами, порядок гражданского судопроизводства у мирового судьи - также Федеральным законом "О мировых судьях в Российской Федерации».
- Если международным договором Российской Федерации установлены иные правила гражданского судопроизводства, чем те, которые предусмотрены законом, применяются правила международного договора.
- Гражданское судопроизводство ведется в соответствии с федеральными законами, действующими во время рассмотрения и разрешения гражданского дела, совершения отдельных процессуальных действий или исполнения судебных постановлений (судебных приказов, решений суда, определений суда, постановлений президиума суда надзорной инстанции), постановлений других органов.
- В случае отсутствия нормы процессуального права, регулирующей отношения, возникшие в ходе гражданского судопроизводства, федеральные суды общей юрисдикции и мировые судьи (далее также - суд) применяют норму, регулирующую сходные отношения (аналогия закона), а при отсутствии такой нормы действуют исходя из принципов осуществления правосудия в Российской Федерации (аналогия права)» [1]. Ресей Федерациясы құрылымдық жүйесі бойынша федеративтік мемлекет болғандықтан, азаматтық сот ісін жүргізудің де арнайы заңнамасы жалпы федерация деңгейіндегі және федерация субъектісі аясындағы сипатта болып екі түрге бөлінеді. Жоғарыда біз сөз етіп отырған Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу кодексінің негізінде оның құрамына кіретін республикалар, аймақтар, автономиялар және т.б. өздерінің арнайы азаматтық іс жүргізу кодекстерін қабылдайды.
Ресей Федерациясындағы азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі міндеттері де заңда айқындалған. Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу кодексінің 2-бабында былай деп белгіленген:
«Задачами гражданского судопроизводства являются правильное и своевременное рассмотрение и разрешение гражданских дел в целях защиты нарушенных или оспариваемых прав, свобод и законных интересов граждан, организаций, прав и интересов Российской Федерации, субъектов Российской Федерации, муниципальных образований, других лиц, являющихся субъектами гражданских, трудовых или иных правоотношений. Гражданское судопроизводство должно способствовать укреплению законности и правопорядка, предупреждению правонарушений, формированию уважительного отношения к закону и суду» [1]. Азаматтық іс жүргізу кодексінде сотқа шағымданушы тараптар да белгіленген. Сотқа шағымданушы тараптар, өзінің мүддесі бұзылған немесе құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірген, соны қорғаушы жақтар болып табылады. Кейбір жағдайларда тараптардың келісімімен істі аралық соттарға да беруге олады. Оның мынандай талабы белгіленген: «Соглашению сторон подведомственный суду спор, возникающий из гражданских правоотношений, до принятия судом первой инстанции судебного постановления, которым заканчивается рассмотрение гражданского дела по существу, может быть передан сторонами на рассмотрение третейского суда, если иное не установлено федеральным законом» [1].
Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу кодексінде іс жүргізудің негізгі қағидалары айқындалып, белгіленген. Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізудің қағидаларын салыстыра қарайтын болсақ, үлкен өзгешелікті аңғара қоймаймыз. Сондықтан Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу кодексінің негізгі бағыттары біздің елдің осы саладағы кодексімен үндесіп жатыр. Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу кодексінің 5-10 б.б. мынандай қағидалар көрсетілген.
- Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;
- Заң мен сот алдындағы теңдік;
- Азаматтық істерді жеке және алқалы түрде қарау;
- Сот тәуелсіздігі;
- Азаматтық іс жүргізудің тілі;
- Сот ісін жүргізудің жариялылығы немесе сот ісіндегі жариялылық;
Бұл қағидалар да Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу Кодексінің басты қағидаларымен сәйкес келеді. Енді, Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу кодексінде орын алған жоғарыдағы қағидаларға кішігірім сипаттама беретін болсақ, сот әділдігін тек сот жүзеге асырады, - деген қағиданың мәні заңда былай деп айқындалған: «Правосудие по гражданским делам, подведомственным судам общей юрисдикции, осуществляется только этими судами по правилам, установленным законодательством о гражданском судопроизводстве» [1]. Ал заң мен сот алдындағы теңдікке келетін болсақ, ол 6-шы бапта былай деп айқындалған: «Правосудие по гражданским делам осуществляется на началах равенства перед законом и судом всех граждан независимо от пола, расы, национальности, языка, происхождения, имущественного и должностного положения, места жительства, отношения к религии, убеждений, принадлежности к общественным объединениям и других обстоятельств, а также всех организаций независимо от их организационно-правовой формы, формы собственности, места нахождения, подчиненности и других обстоятельств» [1]. Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу кодексінің 7-бабында азаматтық істерді жеке және алқалы түрле қарау талабы тұжырымдалған:
«1. Гражданские дела в судах первой инстанции рассматриваются судьями этих судов единолично или в предусмотренных федеральным законом случаях коллегиально.
- В случае, если настоящим Кодексом судье предоставлено право единолично рассматривать гражданские дела и совершать отдельные процессуальные действия, судья действует от имени суда.
- Дела по жалобам на судебные постановления мировых судей, не вступившие в законную силу, рассматриваются в апелляционном порядке единолично судьями соответствующих районных судов.
- Гражданские дела в судах кассационной и надзорной инстанций суды рассматривают коллегиально». Міне, осы негіздерде сотта іс жүргізудің жеке немесе алқалы түрдегі сипаты айқындалады. Тағы бір маңызды сот ісін жүргізудің қағидасы ол, соттардың тәуелсіздігі болып табылады. Жалпы соттардың тәуелсіздгі сот билігін қалыптастырудың оны жеке билік тармағы ретінде бөліп көрсетудің негізі деп айтсақ та болады. Сот тәуелсіздгі арқылы ғана сот әділдігі жүзеге асрылады. Сондықтан да, сот тәуелсіздігі Ресей Федерациясы үшін ғана маңызды емес, жалпы, әлемдік тәжірибеде ерекше орын алатын, сот ісін жүргізудің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Оның мәні мынада:
«1. При осуществлении правосудия судьи независимы и подчиняются только Конституции Российской Федерации и федеральному закону.
- Судьи рассматривают и разрешают гражданские дела в условиях, исключающих постороннее на них воздействие. Любое вмешательство в деятельность судей по осуществлению правосудия запрещается и влечет за собой установленную законом ответственность.
- Гарантии независимости судей устанавливаются Конституцией Российской Федерации и федеральным законом» [1]. Ресей Федерациясы үшін тағы бір маңызды азаматтық сот ісін жүргізудің қағидасы рол сот ісін жүргізетін тілін таңдау болып табылады. Рессей Федерациясы көп ұлтты мемлекет болғандықтан, азматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау өте өзекті. Бұл сонымен қатар, жалпы адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесімен де байланысты болып табылады. Сондықтан да, азаматтық іс жүргізу кодексінің 9-бабында заң шығарушы оған былай ерекше мән берген:
«1. Гражданское судопроизводство ведется на русском языке - государственном языке Российской Федерации или на государственном языке республики, которая входит в состав Российской Федерации и на территории которой находится соответствующий суд. В военных судах гражданское судопроизводство ведется на русском языке.
- Лицам, участвующим в деле и не владеющим языком, на котором ведется гражданское судопроизводство, разъясняется и обеспечивается право давать объяснения, заключения, выступать, заявлять ходатайства, подавать жалобы на родном языке или на любом свободно избранном языке общения, а также пользоваться услугами переводчика» [1]. Азаматтық сот ісін жүргізудің тағы бір маңызды қағидасының қатарына сот ісін жүргізудегі жариялылық жатады. Біз сөз етіп отырған кодекстің 10-бабында оның мәні былай сипатталған:
«1. Разбирательство дел во всех судах открытое.
- Разбирательство в закрытых судебных заседаниях осуществляется по делам, содержащим сведения, составляющие государственную тайну, тайну усыновления (удочерения) ребенка, а также по другим делам, если это предусмотрено федеральным законом. Разбирательство в закрытых судебных заседаниях допускается и при удовлетворении ходатайства лица, участвующего в деле и ссылающегося на необходимость сохранения коммерческой или иной охраняемой законом тайны, неприкосновенность частной жизни граждан или иные обстоятельства, гласное обсуждение которых способно помешать правильному разбирательству дела либо повлечь за собой разглашение указанных тайн или нарушение прав и законных интересов гражданина.
- Лица, участвующие в деле, иные лица, присутствующие при совершении процессуального действия, в ходе которого могут быть выявлены сведения, указанные в части второй настоящей статьи, предупреждаются судом об ответственности за их разглашение.
- О разбирательстве дела в закрытом судебном заседании в отношении всего или части судебного разбирательства суд выносит мотивированное определение.
- При рассмотрении дела в закрытом судебном заседании присутствуют лица, участвующие в деле, их представители, а в необходимых случаях также свидетели, эксперты, специалисты, переводчики.
- Дело в закрытом судебном заседании рассматривается и разрешается с соблюдением всех правил гражданского судопроизводства.
- Лица, участвующие в деле, и граждане, присутствующие в открытом судебном заседании, имеют право в письменной форме, а также с помощью средств аудиозаписи фиксировать ход судебного разбирательства. Фотосъемка, видеозапись, трансляция судебного заседания по радио и телевидению допускаются с разрешения суда.
- Решения судов объявляются публично, за исключением случаев, если такое объявление решений затрагивает права и законные интересы несовершеннолетних» [1]. Жалпы жариялылық сот ісін жүргізудің қандай нысанында болмасын, оның басты атрибуттарының қатарына жатады. Жариялылық қағидасын сақтау арқылы ғана жалпы сот ісін жүргізудегі әділеттілікті қалыптастыруға жол ашамыз. Ресей Федерациясының 14 қараша 2002 жылы қабылданған азаматтық іс жүргізу Кодексі 7 бөлімнен 446-баптан тұрады. Бұл Кодексте біз сөз етіп отырған мәселелермен қатар, жалпы азаматтық іс жүргізудің барлық процессуалдық және процедуралық қырлары реттелген. Сондықтан да, бұл азаматтық іс жүргізудің негізгі заңы болып табылады.
Әдебиеттер
- Гражданский процессуальный кодекс Российской Федерации от 14 ноября 2002 г. // http. hppnt.ru/gpk..htm.