Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ХІХ ғасырдағы батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттеріндегі дәлелдемелерді жинаудағы адвокат-қорғаушының қызметі

1808 жылы Францияда сот ісін жүргізу таза инквизициялық түрде ғана өтетін. Ол құпия, жазбаша болып, онда бәсекелестік болмайтын. Айыптау және ақтау дәлелдемелерін жинау міндеті тергеуші судьяға берілген болатын. Бұл өндіріс сатысына қорғаушы қатыспаған. Айыпкердің өзі тергеу әрекетіне қатыса алмайтын және жиналған мәліметтермен таныспайтын. Алдын ала тергеудің мәліметтері айыпталушыдан жасырын болатын. Айыпталушы куәгерлерді судьяның келісімімен ғана шақыра алатын, қысқаша айтқанда айыпталушы зерттелетін объект болып отырды. Тергеу сотының дәлелдемелер жинаудағы тәуелсіздігі туралы сөз де қозғауға болмайды. Тергеу судьясы айыптау органдарынан толығымен тәуелді болды. Өйткені, ол прокуратура басқаратын сот полициясының құрамында болды. [1, 28-б].

ХІХ ғасырда Францияда айыпкердің құқықтарын кеңейту туралы, алдын ала тергеуге қорғаушының қатысуы туралы сұрақтар кең талқыланған болатын. Осыған қарамастан қорғаушының алдын ала тергеуге қатысу жобалары қабылданбаған еді.

1897 жылғы заңмен ғана қорғаушы алдын ала тергеуге қатысуға құқығына ие болды.[2, 784-б]. Бірақ оның дәлелдемелер жинауға қатысуы шектелген болатын. Ол тек қана айыпкер қатысатын тергеу өндірісіне ғана қатыса алатын. Тергеу судьясының рұқсаты болмай қорғаушы  тергеу әрекеттері қатысушыларына сұрақтарды қоя алмады.

Францияның 1808 жылғы ҚІЖК-не қарағанда Ресейдің 1864 жылғы ҚІЖК-де және Германияның 1877 жылғы ҚІЖК-де қорғаушы алдын ала тергеуге қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Германиядағы алдын ала тергеудің өзіндік ерекшеліктері болды. 1877 жылғы ҚІЖК-і бойынша алдын ала тергеуде барлық дәлелдемелерді жинау мақсат болмай, тек соттық тергеуге дейін жоғалып қала алатын дәлелдемелер ғана міндетті түрде жиналатын. Дәлелдемелерді жинаумен тергеу судьялары айналысты. Ал, қорғаушы мен айыпкер маңызды тергеу әрекеттеріне қатыса алатын. Қылмыстық  іс  жүргізу  жарғысының  191  параграфы  бойынша  қарау  шаралары  жүргізілген  кезде прокурордың, айыпталушының, қорғаушының қатысулары қарастырылған. Сонымен қатар, осылар сотқа келе алмаған куәгерлерге және сарапшыларға қатысты сұраулар жүргізген кезде де қатысты.[3, 61]. Заңда осы құқықтың іске асырылатын салдары көрсетілді. Мысалы, тергеуші  тергеу әрекеттерінің басталатын уақытын қорғаушыға алдын-ала айтуға міндетті болды. Қорғаушы сарапшылардың тізімін толықтыруға немесе өзінің сарапшыларын шақыруға құқылы болатын. Қорғаушы және айыпталушы куәгерлерді сұрауда да қатысып, бірақ бұл құқық декларация түрінде ғана болатын. Егер куәгер солардың алдында шындықты айта алмаса, тергеуші қорғаушы мен айыпталушыны сұрауға қатыстырмауға құқылы. Қорғаушы айыпталушыны сұраудың хаттамаларымен, жүргізілген сараптамалардың нәтижелерімен танысуға және көшірмелерін алуға құқылы болды.

1877 жылғы қылмыстық іс жүргізу жарғысы бойынша қорғаушының дәлелдемелер жинаудағы құқығы аз болды. Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, Герман жарғыларының құраушылары, әлі толық мәліметтер жинамаған айыптау жағының қызығушылықтарына қорғаушы әрекет жасай алатынан қорыққан. [4, 130-б]. Ал 1873 жылғы Австрияның қылмыстық іс жүргізу жарғысы  бойынша қорғаушы байқауға, тінтуге, суырып алуға қатыса алатын, сонымен қатар тергеу шаралары жүргізілу керек заттарға көрсете алатын. Қорғаушы жергілікті тексеруге, сонымен қатар, соттық тергеуге келетін куәгерлерді және сарапшыларды сұрау кезіне де қатысатын. Қорғаушы тергеу жұмыстарына зиян келтірмей тергеу актілермен керегінше таныса алатын. [5, 39]

Германия және Австрия қылмыстық іс жүргізу жарғыларын қарасақ, мұнда әрбір жақтардың өзіндік дәлелдемелер жинау құқықтары қарастырылмаған. Осыған бірнеше негіздеме себеп болды: бірінші, дәлелдемелерді жинау үшін арнайы құралдар қажет еді, ал екінші жағынан, айыпталушы істің тежелуін қажет етуі мүмкін. [6, 162-б]. Сонымен Германия мен Франциядағы қорғаушының құқықтарын шектеу ережелері Ресейдікімен ұқсас болды. Бұл жерде қорғаушының қатысуы шындықтың ашылуына кедергі болып, тергеуді тежейді және т.б. деп есептеген. Ал енді бір ғасырдан артық өткен уақытта осы елдердің қазіргі заңнамасында қорғаушының құқықтарының қалай өзгергендігін және іс жүргізудегі қорғаушының деңгейінің дамуы болашағын қарастыруымыз қажет.

Енді, Батыс Еуропа елдерінің қазіргі замандағы қылмыстық процесінде дәлелдемелерді жинауға қорғаушының қатысуы туралы тоқталатын болсақ, 1958 жылғы Францияны ҚІЖК-ң сотқа дейінгі бөлімі бірнеше деңгейлерден тұрады. Бірінші деңгейі анықтау болып табылды. Кодекстің 14 бабы бойынша анықтау жұмыстары басталғанға дейін дәлелдемелер жинау және қылмыс жасаған адамдарды іздеу полицияның міндеті болып саналды.[7,28-б]. Осы сатыда дәлелдемелер жинауды прокуратура басшылығымен сот полициясы жүргізеді. Айқын қылмыстарды анықтау кезінде полиция тергеуші судьяның құқықтары сияқты құқықтармен қамтамасыз етіледі.

Сол Кодекстің 1993 жылғы өзгертулері бойынша жеткілікті шектеулі мөлшерлерде анықтауға қорғаушының қатысуы мүмкін болды. Бірақ дәлелдемелерді осы сатыда жинау инквизициялық түрде сақталып қалды.[8, 115-б]. Анықтау барысында жиналған мәліметтерге негізделіп прокурор қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдайды. Алдын ала тергеу іс жүргізудің тәуелсіз деңгейі болып табылады. Осы тергеудің басты мақсаты болып – дәлелдемелерді жинау болып саналады.

Францияның ҚІЖК-ң 81 бабы бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын тергеу судьясы жүргізеді. 1958 жылғы Кодекс бойынша тергеу судьясы сот полициясы құрамынан шығарылған еді, бірақ прокуратураның тергеуге әсері үлкен болып шықты, өйткені тергеу бойынша шаралардың барлығы прокуратураның талаптары бойынша жүргізілді (1958 ж Франция ҚІЖК-ң 80 бабы, бірінші бөлігі). Сонымен қатар, тергеу судьясы прокурордың арызы бойынша белгілі бір істі жүргізуден шектеліп сол істі жүргізуге басқа тергеу судьясы қойылуы мүмкін. Қылмыстық іс бойынша шындыққа жету мақсатында тергеу судьясы кез-келген тергеу шараларын жүргізуге құқылы. ҚІЖК-ң 81-і бабының 4-і азат жолында көрсетілуі бойынша тергеу судьясы сот полициясының лауазымды тұлғаларына керекті тергеу шараларын жүргізуге бұйрық бере алады. Франция ҚІЖК-да тінту, алу, сұрау, кездестіру, сараптама жүргізудің шарттары көрсетілген. Тергеу шаралары осымен ғана шектеліп қоймайды. Тергеу шараларының протоколдарын сот тергеушісінің қасында болатын хатшы құрастырады.

1958 жылғы Франция ҚІЖК-і бойынша қорғаушының дәлелдемелер жинауға қатысуы шектелген. Қорғаушы тек айыпталушыдан жауап алу кезінде, айыпталушыны басқа айыпталушылармен, куәгерлермен кездестірген кезде ғана қатыса алады, сонымен қатар, адвокаттың келмеуі тергеу шараларын жүргізуге кедергі болмады. Осы тергеу шараларын жүргізу кезінде қорғаушыға екінші деңгейдегі роль берілген. Ол тек жауап алынған адамға ғана сұрақ қою үшін сөз алуға құқылы. Тергеу судьясы қорғаушының қойған сұрағын алып тастауға құқылы. Сұрау кезінде қорғаушы тергеуші судьяның рұқсатын алмай ешқандай арыз жасай алмайды. Қорғаушы кейбір тергеу шараларын жүргізуге қатыса алды, сонымен қатар, медициналық куәландыруға, сараптама жүргізуге, қосымша  сараптама  жүргізуге,  қарсы  сараптама  жүргізуге және т.б.  шаралар  жасауға  өтініш жаза алды. Заң әдебиеттерінде қорғаушының дәлелдемелер жинауда осындай түрде қатысуы да заңмен кепілдендірілмеген деп жазылған. Ал бұл өз кезегінде қорғаушының іске дәлелдемелерді қосу туралы өтініштерінің заңдық маңыздылығының жоқтығынан тергеуші судья оларды қарамай, іске қоспай, тіпті жауапсыз да қалдыра алды.[9, 106-б]

Германияда тергеуді жылдамдату мақсатында алдын ала тергеу алынып тасталған, оның орнында прокурорлық тергеу жүргізіледі.[10, 6-б].

Германияның ҚІЖК-ң 160 параграфының 2-ші пункті бойынша прокуратура тергеу жүргізген кезде айыптаушы мәселелерді іздестірумен қатар, ақтаушы мәселелерді де табу керек. Жоғалып қала алатын дәлелдемелерді сақтау шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар, Германия прокуратурасына айыптаушы бағыты да тән.

Германияның ҚІЖК-ң §161 сәйкес, прокуратура тергеу жүргізген кезде полиция көмегіне жүгінуі құқылы. Полицияның міндеті, жедел іздестіру шараларын жүргізу болып табылады. Кейде заңға қайшы полиция тергеуді толығымен жүргізеді.[11, 34-б].

Прокурорлық тергеу жүргізген кезде соттық тергеу шаралары прокуратура  өтінішімен жүргізіледі, ал кейде оның қатысуынсыз да (§ § 162,165 ГФР ҚІЖК). Прокурорлық және соттық тергеу мәліметтері заңда көрсетілген тәртіппен бекітіледі.

Қорғаушының прокурорлық тергеуге қатысуы шектеулі. Қорғаушы полициялық тергеу шаралары жүргізілуі кезіне қатыса алмайды. Ол тек тергеу шараларын судья жүргізген кезде (§§ 168, 168. ГФР ҚІЖК) және айыпкерді прокурор сұраған кезде (З бөлім §168 ГФР ҚІЖК) ғана қатыса алады. Айыпталушыны судья жауап алған кезде прокурор, қорғаушы және айыпталушы қатыса алады. Осылар судьяның куәгерлерді және сарапшыларды сұрауында да бола алады. Егер тергеу мақсаттарына қорғаушының қатысуы кері болса, онда осындай жағдайда қорғаушының қатысуы шектеледі. Тергеу шараларына қатысу құқығы бар тұлғаларға тергеу шаралары туралы алдын ала хабардар етіледі. Егер тергеу мақсаттарына кері болса, онда хабарландыру жасалмайды. Сонымен қатар, тергеу шараларына қатысу құқығы бар тұлғалар, тергеу шараларын басқа уақытқа ауыстыруын талап ете алмайды (п.5 § 168 ГФР ҚІЖК).

Сонымен алдын ала тергеудегі қорғаушының құқықтары өте төмен екендігін және заңмен кепілдірілмегендігін түсінеміз. Қорғаушы дәлелдемелер жинауға қатыспайтыны көрінеді.

Франция мен Германия заңнамаларын талдауынан, осы елдерде бір ғасыр өткеннен кейін де қорғаушының деңгейі өспегендігін, тіпті кейбір жерлерде төмендегенін көреміз. Төмендегенін біз Германиядағы алдын ала тергеудің жойылғанынан көреміз. Ал бәсекелестік іс жүргізу қалыптасқан елдерде қорғаушының деңгейі мүлдем басқа. Ағылшын-америкалық елдерде дәлелдемелерді жинау тәсілдері өзгеше ерекшелінеді. Дәлелдеме табу мен оларды іске қосу уақыттары бір-бірінен бөлінген. Бірінші сатыда қатысушы жақтар дәлелдемелер жинайды, айыптаушы жақ тек қана айыптаушы дәлелдемелер жинайды. Іске бекіту судьяның алдын ала тыңдауында жүргізіледі. Сонымен қатар, жақтардың өтініштері бойынша жаңа дәлелдемелер алу үшін жаңа шаралар қолданылады. Осы елдердің заңнамасында алдын ала тергеу сатысының тәртіптері көрсетілмеген. Уақыт өткенімен ол өзгерістерге ұшырамады.[12, 142-б].

АҚШ-ғы қорғаушы-адвокаттың дәлелдемелер жинауындағы орнына келетін болсақ, АҚШ-та полициялық тергеу кезіндегі қорғаушының заңдық жағдайы заңда реттелмеген. Қорғаушының жағдайы АҚШ Конституциясының 4-ші өзгертуінде көрсетілген. Бұл жерде айыпталушы адвокаттың көмегін пайдалануға құқылы деген жағдай жалпылама көрсетілген. Ал қорғаушының жағдайлары АҚШ соттарының шешімдерінде нақтыландырылған. Континентті Еуропа мен Ресейден ерекше АҚШ-та алдын ала тергеу кезінде қоғаушылар өздері «адвокаттық тергеу» жүргізе алады.

А.Н.Ведерниковтың айтуы бойынша, американдық адвокаттың қызметі Ресейдің істі қарастырудың алдындағы дайындықтан айырықшаланбады. Өйткені адвокаттың өктемдік құқықтары жоқ, оның құқықтары шектеулі деп айтады. Оның қызметі негізінен жаңа куәгерлерді іздеу және айыпкерді сұрау кезіне қатысу болып табылады.[13, 146-б].

А.Н.Ведерниковтың айтуымен келіспеуге болады. Біріншіден, АҚШ-та жеке-тергеу шараларының нәтижелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Полицияның жасаған шараларының нәтижелерінің дәлелдеуші күші жоқ, сонымен қорғаушылардың тергеу шараларының нәтижелері полицияның тергеу шараларының нәтижелерімен теңестіріледі. Ал дәлелдемелерді тіркеу, жоғарда айтылғандай кейінгі сатыларда жүзеге асырылады.

Екіншіден, адвокаттар дәлелдемелерді Федералды Қорғаушылар Басқаруының көмегімен жинайды. Қорғаудың тергеушілері айыпкерді ақтайтын дәлелдемелерді жинаумен және адвокаттарға өздерінің клиенттерінің мүддесін қорғауға көмектеседі.[14] Дәлелдемелерді табу үшін адвокаттар жеке   детективтер   көмегіне  жүгінеді. АҚШ-та   жеке детективтердің  дәлелдеме жинаудағы кең өкілеттіктері бар. Олар бақылау, сұрау, тінту, алу сияқты әдістерді қолдана алады. Осы әдістерді қолданып алынған мәліметтер қылмыстық іске дәлелдемелер ретінде қосылады.[15].

АҚШ-та жеке детективпен әлеуметтік жағдайы төмен айыпкердің адвокаты да келісім шартқа отыра алады. Айыпкерлерге мемлекет дәледемелерді жинауға арнайы бюджеттен ақша бөлу арқылы көмектесті. 1964 жылғы «қылмыстық әділдік сот туралы» заңы бойынша, әлеуметтік жағдайы төмен айыпкер қорғануға қажетті сараптама немесе басқа да шаралар жүргізу үшін көмек алуға өтініш жасай алады. [16, 84-б].

Үшіншіден АҚШ-та азаматтар көрсетімдер беруден бас тартпайды. Ол американдықтардың ұлттық мінезімен сипатталады. Сондықтан, адвокатқа сұраулар өткізу үшін арнайы өкілеттік қажет емес. Өзіндік дәлелдемелер жинаумен қатар, адвокаттар полицияның жүргізген тергеуіне де қатыса алады: сұрауға, тануға, тінтуге қатысуға, дәлелдемелерді ұсынумен байланысты өтініштер жасауға құқылы. Осы құқықтар қорғаушы-адвокаттарға сот прецеденттерімен берілген.[17]. Сонымен, АҚШ- та қорғаушы-адвокаттардың клиенттерін қорғау үшін қажетті мәліметтерді жинаудағы мүмкіндіктері көп екендігін көреміз. АҚШ-тың тәжірибесі бойынша қорғаушының іске қатысуы мәліметтерді жинауды тежемейтінін, керісінше ақтайтын және айыптайтын мәліметтердің жиналуын тездететіні көреміз. Істің алғашқы сатыларында бәсекелестіктің нәтижесінде қорғаушының айыптаушыға қарсы қоятын мәліметтерінің арқасында іс бойынша әділдікті табуды жеңілдетеді. Керісінше, қорғаушының тергеу сатыларында қатыспауы немесе жай ғана формальды түрде қатысуы алдын ала тергеудің әділдігі туралы шүбә туғызады.

Қазіргі кезде Ресеймен қоса континенталды Еуропа елдерінде қорғаушылардың дәлелдеме жинау құқықтарын кеңейту үрдістері көрініс табуда. Заң әдебиеттерінде сотқа дейінгі сатыларда бәсекелестікті ұлғайту туралы көптеген мәселелер көтерілуде. Прокурорлық тергеуге қорғаушының қатысуы минималды болатын Германияның өзінде де, осы елдің белгілі тәуелсіз заңгерлерімен ҚІЖК-ң жобасы жасалған. Жоба бойынша, қорғаушының өзіндік тергеу институтын құру қарастырылған.[18, 87-б] Ресейде қылмыстық іс жүргізу заңнамасында реформа жүргізген кезде АҚШ-тың және басқа да бәсекелестік іс жүргізу қалыптасқан елдердің оң тәжірибесін қолдану керектігі түсінікті. Сонымен қатар, Ресейдің қылмыстық кодексінің ерекшеліктерін де ескеру керек.

 

Әдебиеттер

  1. 1.Уголовно-процессуальный кодекс Франции 1958 г с изменениями и дополнениями на 1 января 1966 г. - М: Прогресс, 1967 г. - с 28
  2. Чельцов-Бебутов М.А. Курс уголовно-процессуального права, Очерки по истории суда и уголовного процесса в рабовладельческих, феодальных и буржуазных государствах. - Санкт-Петербург: Альфа: Равента, 1995 г. -с. 784.
  3. Голос-1881 г. №61
  4. Фойницкий и. Предварительное следствие и его реформа // Журнал гражданского и уголовного права 1882 г. - кн.1 с. 130с.
  5. По поводу формальной защиты на предварительном следствии// Судебная газета. 1899 г.-№39
  6. Фойницкий И. Указ. соч. с.
  7. Уголовно-процессуальный кодекс Франции 1958 г. с изменениями и дополнениями на 1 января 1966 г. - М: Прогресс, 1967 г. - с.
  8. Головко Л.В. Дознание и предварительное следствие в уголовном процессе Франции. - М.: СПАРК, 1995 г.-с.
  9. Лубенский И. А. Предварительное расследование по законодательству капиталистических государств. - М.: Юрид. лит., 1977 г. - с. 105-106.
  10. Уголовно-процессуальный кодекс Федеративной Республики Германии с изменениями и дополнениями на 1 января 1993 г. Перевод с немецкого и предисловие канд. юрид. Наук Б.А. Филимонова-М.: Манускрипт, 1994 г. -с.6,
  11. Филимонов Б. А. Основы уголовно процесса Германии, - М., 1994 г. - с.
  12. Фойницкий и. Предварительное следствие и его реформа // Журнал гражданского и уголовного права 1882 г. - кн.1 с.
  13. 13.Ведерников А.Н. Актуальные вопросы участия защитника на стадии предварительного расследования. Дис. на соиск.уч.ст.к.ю.н.-М, 1990 г, с. 146.
  14. Курдова А.В. Защитник обвиняемого в уголовном процессе США : Автореф. дис.на соиск. уч. ст. к.ю.н. -М., 1998 г.
  15. Агутин А.В Правовые и тактические аспекты частной сыскной деятельности. Дис. на соиск. уч. ст. к. ю. н. - Нижний Новгород, 1996 г.
  16. Курдова А.В. Право малоимущих обвиняемых на защиту в уголовном процессе США//Государство и право, - 1995 г.- № Николайчик Уголовное правосудие в США//Экономика, политика, идеология, -1995 г. № 2 - с. 84.
  17. Курдова А.В. Защитник обвиняемого в уголовном процессе США: Автореф. дис.на соиск. уч. ст. к.ю.н. -М., 1998 г.
  18. Филимонов Б.А. О правовом положении защитника на предварительном расследовании в уголовном процессе Германии// Вестник Московского Университета - Право, - 1992 г. - №3,-С.87.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.