Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың құқықтық негіздері

Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық прогреспен тікелей байланысты екені рас. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын адамның шексіз пайдалануы жанартаулардың атқылауы, дауылдар, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, қазіргі заманда тіпті, одан асып түсетіндей жағдайға жетті. Өнеркәсіптің дамуы қазба байлықтарды игеруді арттырды. Соның кесірінен ауа, су көздері, топырақ ластанды. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі зиян шекті. Сонымен қатар, жер бетіндегі демографиялық жағдайдың күрт өзгерістерге ұшырауы, яғни халық санының тез өсуі табиғатқа деген тұтынысты одан әрі күшейтті. Бұның барлығы табиғатқа үлкен зиян тигізеді. Аталған зияндардарды алдын алудың бірден-бір жолы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі - экологиялық бақылауды күшейту болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп уақыт бұрын қалыптасқан болатын. Заң әдебиетінде экологиялық бақылауды ұйымдастыру, жүргізу шарттары мен тәртібі жеткілікті толық жазылды, бірақ ол бұрын болған экономикалық жүйеге сәйкес келген еді [1].

Сонымен бірге, жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні үғымына елеулі өзгерістер енгізді, сондықтан аталған еңбектерді талдау мүмкін болып отыр. Мысалы, В.В.Петровтың пікірі бойынша, экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда "кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі экологиялық талаптарды сақтауын тексеру" [2]. Профессор Н.Б.Мұхитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелуі туралы ойға тап боламыз. "Мемлекет — деп есептейді ол — табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұның қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады" [3].

Экологиялық бақылаудың өзінің түрлері мен нысандары болады:

Қолданыстағы заңға сәйкес экологиялық бақылау мыналарға бөлінеді:

  • мемлекеттік бақылау;
  • ведомстволық бақылау;
  • өндірістік бақылау;
  • қоғамдық бақылау;

Мемлекеттік бақылау арнайы уәкілетті органдардың қызметі болып табылады, ол қандай да бір ведомстволық мүдделерге тәуелді болмайды және белгілі бір заңдылыққа ие болады. Оны жүзеге асыру Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі. Экологиялық бақылаудың объектілері ретінде мыналар қатысады: шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен қоршаған ортаның және оның жекелеген объектілері өзгерулерінің жай-күйі мен деңгейі; экологиялық заңды сақтау; табиғат қорғау шараларын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың нұсқамаларын орындау жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі; қоршаған ортаны қорғау, арнайы табиғат пайдалануға жасалған шарттарда (келісім - шарттарда), лицензияларда  көзделген  шарттарды орындау. Объектілерге байланысты экологиялық бақылаудың нысандарын ажыратады: барлық қоршаған ортаны қамтитын тығыз ұштасқан бақылау, объектілер тобы мен кешендерді қорғаумен байланысты кешенді бақылау, табиғаттың жекелеген объектілерін қорғауға бағытталған жіктеп саралап бақылау [4].

Сондай-ақ экологиялық бақылаудың заңда баянды етілген хабарламалық, алдын - ала ескерту, ағымдағы, жазалау нысандары болып ажыратылады. Хабарламалық бақылау алдын - ала ескерту не жазалау щараларын қабылдау мақсатында оны тиісті органдарға беру үшін қажетті экологиялық хабарламаны жинаудан және жинақтаудан көрінеді. Алдын - ала ескерту және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру кезінде ықтимал зиянды зардаптарды болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылданады, олар экологиялық заңды бұзу, табиғат қорғау шараларын орындамау салдарынан туындауы мүмкін. Қоршаған ортаға зиян келтіруге, экологиялық заңды бұзуға кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану бақылаудың жазалау нысанының мазмұны немесе экологиялық бақылаудың дербес ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады [5]. Бақылаудың барлық аталған нысандары өзара тығыз байланысты болады және бірін-бірі өзара толықтырады. Хабарламалық және ағымдағы бақылаудан өзгеше бақылаудың жазалау нысанын тек  арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Экологиялық бақылау сипаттамасындағы елеулі элемент оның әдісі болып табылады. Экологиялық бақылау әдістерінің үғымы заң әдебиетінде қабылданған қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдерінің анықтамасына сай келеді. Әдістердің көмегімен практикада тиісті бақылаушы инспекциялардың қызметін іске асыру жүзеге асырылады. Экологиялық бақылаудың әдістеріне мыналарды жатқызу керек:

  • қоршаған ортаның және жекелеген табиғат объектілерінің сапалық жай-күйін байқау;
  • экологиялық және санитарлық органдардың нұсқамаларын орындауды тексеру;
  • экологиялық заңның нормалары мен талаптарын сақтауды тексеру;
  • экологиялық жағынан зиянды өндірістерді шектеу, тоқтата тұру, тоқтату;
  • кінәлі адамдарды жауапқа тарту.

Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің елеулі шарты болып табылады, сонымен бірге, сөз жоқ, бұл мәселе жеке зерделеудің нысаны болып табылады.

Қазіргі министрліктер, акционерлік қоғамдар, жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар табиғи ресурстарды пайдалануды бақылауды өздерінің өкілеттіктері шегінде жүзеге асыруға міндетті.

Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылаудың нысандары мен әдістерінің ауқымы мемлекеттік ведомствоның үстінен жасалатын бақылауға қарағанда елеулі түрде тар. Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырудың міндеттері мен мақсаттарын да мемлекет анықтайды.  Атап  айтқанда,  арнайы  уәкілетті  мемлекеттік   орган  ведомстволық  және өндірістік экологиялық бақылауды қандай өлшемдермен, қандай тәсілдермен және әдістермен жүзеге асыратын болады, ведомстволық және өндірістік қызметтердің есеп берулері нысаны қандай болуға тиіс.

Ведомстволық бақылаудың айрықша белгісі оның қолданылу саласы ведомствоға қарасты объектілерге ғана қолданылатындығында, нұсқаулары лауазымды адамдар мен уәкілетті объектілердің қызметкерлерінің атқаруы үшін міндетті болатындығында деу керек. Өндірістік экологиялық бақылау жеке өндірістің немесе кәсіпорынның шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді өзінің міндеті етіп алға қояды. Бақылаудың бұл түрі, егер кәсіпорынның қызметі қоршаған ортаға және оның жекелеген компоненттеріне зиянды ықпал еткен жағдайда жүргізіледі. Қоғамдық бақылау жұртшылықтың табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ісіне қатысуы нысандарының бірі болып табылады. Оның мақсаты - мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қоршаған ортаға және оның жеке объектілеріне зиянды ықпалдарының алдын алу мен анықтауға жәрдемдесу.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезінде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетігін құру жолымен мемлекеттік бақылау органдарын күшейтуді көздейді.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары инспекциялар өткізумен немесе құқық қолдану іс-қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мәселелерге қатысты тәуелсіз және әділ шешімдер қабылдау үшін барлық өкілеттіктерге ие болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту:

  • құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиімді жүйесінің негізгі сипаттамасын табуға мемлекеттік органдарға көмектесетін және ұзақ мерзімді перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттік бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргізуге ықпал ететін модельді құруға;
  • мемлекеттік органдарды, өнеркәсіп кәсіпорындарын, үкіметтік емес ұйымдарды және қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға жәрдемдесуге;
  • экологиялық менеджмент жүйесінің маңызды құралы ретінде өндірістік бақылауды міндетті жүзеге асыруға;
  • табиғат қорғау іс-шараларының орындалуына қызметтің барлық деңгейіндегі жауапкершілікті нақты айқындауға;
  • қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беруге бағытталуы тиіс [6].

Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау негізінде кешенді жүзеге асырылады. Бұл қағидаттың бір құқықтық көрінісі әлемнің көптеген елдерінің экологиялық заңнамасына енгізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау  тәртібі болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кіреді. Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдеріндегідей, қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалаумен қатар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметті алдын - ала экологиялық бақылаудың тетігі болып табылады. Қоршаған ортаны превентивтік қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсердің алдын алу қағидаты әлемнің көптеген елдерінде кең қолдау тапқан.

Бұл орайда өңірдегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның жай-күйін ескере  отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етілген көлемдерін ғылыми негіздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсер етудің салдарларын барынша ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспарланатын қызметтің әлеуметтік-экономикалық салдары да ескеріледі. Сонымен қорыта келгенде, табиғи ресурстарды басқарудың тиімділігі мен сапасын сақтау мемлекеттің және оның атқарушы органдарының істейтін шараларына байланысты болады. Қазіргі таңда ешкім де табиғат қорларын пайдалануды тоқтатуды ойламайды да, онсыз адамзат тіршілігі мүмкін де емес. Бірақ мұның бәрі табиғатқа зиянсыз болудың шараларын ескеру қажет. Сондықтан, табиғи ресурстарды тиімді түрде пайдалану мен басқару үшін мемлекет экономикалық жағдайды басқара отырып, өзіне қажетті қүқықтарды иеленеді.

Табиғи ресурстарды басқару органдары мемлекет атынан табиғи байлықтарды игеру үшін жоспарлау мен қаржыландыруды ұйымдастырады, олардың пайдалану қарқыны мен мерзімін анықтайды. Мемлекет даму болашағы жоқ, табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алмайтын кен орындарына табиғат объектілерін пайдалануына тыйым сала алады. Еліміздің табиғи байлықтарын болашақ ұрпақтың еншісіне аман-есен жеткізу – бүгінгі біздің басты парызымыз. Сондықтан, адамзат табиғатқа оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеуі керек. Ал, ол үшін қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік бақылау функциясын күшейту қажет.

 

Әдебиеттер

  1. Д.Л.Байділдинов Қазақстан Республикасының экология құқығы. Алматы, “Интерлигал”, 2005, 128-б.
  2. В.В.Петров. "Ресейдің экологиялық құқығы. ЖОО арналған оқулық. М., 1995, 239-б.
  3. А.Е.Еренов., Н.Б.Мұхитдинов.,  Л.  В.     Ильященко. Табиғатты ұтымды пайдалануды құкықтық қамтамсыз ету. Алматы, 1985, 51-52-бб.
  4. Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексі» 2007 жыл, 9 каңтар.
  5. А.П.Асылбеков. Қазақстан Республикасында экологиялық бақылауды құқықтық реттеудің проблемалары. Канд. дисс. автореф., Алматы, 1998, 11-б.
  6. Ә.Стамқұлұлы. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Алматы, “Жеті жарғы”, 1995, 168-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.