Орнықты даму Концепциясы 1984 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысының бастамасы бойынша қоршаған ортаны қорғау және даму жөніндегі Халықаралық комиcсиямен БҰҰ-ң екінші Стокгольмдық (1972 жыл) Конференцияcынан кейін даярланған болатын. Комиссия міндеті 2000 жылға дейінгі және одан арғы мерзімге арналған қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұзақ мерзімді стратегия ұсыныстарын; әлемдік қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің тиімді шешімін табуға болатын әдістер мен құралдарды жасау болды. Орнықты даму жөніндегі ойлар «Біздің ортақ болашақ» атты 1987 жылы БҰҰ-ң Бас Ассамблеясына ұсынылған қоршаған ортаны қорғау мен даму жөніндегі Халықаралық комиссия Баяндамасында көрініс тапқан.
Орнықты даму моделі өзінің нормативті көрінісін 1992 жылғы Рио-де-Жанейродағы БҰҰ-ң қоршаған орта мен даму туралы Конференцияда, «Қоршаған орта мен даму жөніндегі Декларация және ғаламдық масштабтағы кейінгі әрекеттердің ұзақ мерзімді бағдарламасы» («ХХI ғасырға арналған бүгінгі күн Жолдамасы») деген атпен тапты. Қоршаған орта мен даму жөніндегі Декларацияда қазіргі кезеңдегі әлемдік қоғамдастық пен мемлекеттерге арналған дұрыс әрекет етудің негізгі қағидалары орын алған. Құжат осындай 27 қағидадан тұрады. Олардың көбісі толығымен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қатысты. Орнықты даму мәселелері Рио Декларациясының бірқатар қағидаларында бекітілген. Мысалға үшінші қағидаға сәйкес, дамуға деген құқық бүгінгі және келешек ұрпақтың дамуы мен қоршаған ортаға қатысты қажеттері әділ ескеріле отырылып жүзеге асырылуы тиіс. Төртінші қағидада былай делінген: «Орнықты даму жүзеге асуы үшін қоршаған ортаны қорғау даму процесінің тұтас бір бөлігін құрауы тиіс және одан бөлек алып қаралына алмайды». Орнықты дамуға және барлық адамдардың жоғарылау өмір сүру сапасына қол жеткізу үшін, өндіріс пен тұтынудың өміршең емес моделін мемлекеттер қысқартып және көзін жойып, сондай-ақ тиесілі демографиялық саясат жүргізіп отырғандары жөн (8-қағида).[3]
Сондай-ақ мемлекеттердің орнықты дамуына байланысты мақсаттар осы құжаттың тоғызыншы қағидасында көрініс тапқан: «ғылыми технологиялық білімдермен алмасу жолымен ғылыми негізде өзара түсіністікті ұлғайту арқасында сонымен қатар технологияны, оның ішінде жаңа мен жаңартылған технологияны дамыту, үйрену, тарату және онымен өзара бөлісуді күшейту арқасында орнықты дамудың іштей толығу дүниесін нығайту үшін мемлекеттер ынтымақтасуы қажет». Экологиялық проблемалар мен экономикалық өрлеудің шешімі туралы кешенді бағыт мәселелері «Біздің ортақ болашақ» Баяндамасының 1-қосымшасында көрініс тапқан қоршаған ортаны қорғау мен дамудың құқықтық қағидалар жинағында аталып өткен. Жетінші қағидаға сәйкес «мемлекеттер даму саласындағы қызметті жоспарлау мен жүзеге асырудың ажырағысыз бөлігі болып табылатын қоршаған ортаны сақтап қалу жағдайларымен қамтамасыз етеді». [3]
Жоғарыда аталып өтілген қағидалар қоршаған ортаны қорғау саласына да, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясына да қатысты болып табылады. Олар халықаралық деңгейде танымал бола тұрып, халықаралық құқықтың жалпы мойындалған нормалары ретінде құқықтық жағы бойынша үлкен маңызға ие. Сондай-ақ ҚР Конституциясының 4-бабына сәйкес олар Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің құрамдас бөлігін құрайды.[2] Яғни бұл дегеніміз халықаралық нормалар мемлекетімізбен және өзге де құқық субъектілерімен орындалуы керек деген сөз.
Қазақстан Республикасы үшін жоғарыда аталған және қоршаған орта мен даму жөніндегі Декларациядағы өзге де қағидалар бойынша қоршаған ортаны тиімді және кезеңімен қорғауға, экономикалық және әлеуметтік дамуға, оның ішінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты нақты халықаралық міндеттемелер туындайды.
Рационалды табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты мынадай міндеттемелер туындайды:
- Табиғи ресурстарды пайдалануды нормалау;
- Шаруашылық және өзге де экологиялық маңызды шешімдерді дайындау және қабылдау барысында экологиялық талаптарды орындауды қамтамасыз ету механизмін құру;
- Шаруашылық және өзге де экологиялық маңызды қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
- Экологиялық құқық пен жеке және заңды тұлғалардың заңи мүдделерін оның ішінде болашақ буынның құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қоршаған ортаны қорғауға байланысты тиімді заңи актілерді қабылдау (11-қағида).[1, 14-бет] Осыған сәйкес, қазіргі уақытта осы міндеттемелерді орындауға тікелей әсер ететін құжат – бұл ҚР
Экологиялық кодексі болып табылады. Кодексте жоғарыда аталған пункттерден басқа қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзге де мәселелер реттелген. Әлемдік және ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің экологиялық-құқықтық аспектілерін талқылай келе БҰҰ-ң
«мыңжылдықтың даму Мақсаттары» («Millenium Development Goals») құжатын қарастырып өтпеу мүмкін емес. Бұл құжат БҰҰ-мен әртүрлі мемлекеттердегі әлеуметтік және адами қабілеттіліктің дамуы мәселелерін тиімді шешу әрекеттерін бағалаудың индикаторлық жүйесі ретінде ұсынылған болатын. БҰҰ Бас Ассамблеясының 55/2 резолюциясымен 2000 жылдың 8 қыркүйегінде бекітілген бұл құжаттағы мақсаттарға БҰҰ-на мүше барлық 189 мемлекет 2015 жылға дейін қол жеткізуді өздеріне міндет етіп алды. Бұл құжат тиісінше энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешу әрекеттерін бағалауға да тең дәрежеде қолданылуы тиіс.[1, 14-бет]
Мақсаттар жүйесінде дамудың сегіз маңызды мақсаттары белгіленген, олардың әрқайсысы үшін нақты, әрі анық міндеттер көрсетілген. Мыңжылдықтың даму Мақсаттары ішінде экологиялық мәселелер де көзделген. Тиісінше, жетінші мақсат – ғаламдағы және жекелеген мемлекеттердегі экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсаттың міндеттері мен көрсеткіштері экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің екі басты проблемасын шешудің қажеттілігін көрсетеді:
- Адамның қоршаған ортаға деген әсерін азайту және табиғи ресурстарды азайтуына жол бермеу;
- Адамның дамуы үшін экологиялық жағдайларды жақсарту, адамның қауіпсіздігі, денсаулығы және өмір сүруі үшін экологиялық қауіп-қатерлерді азайту. [4]
Барлық мемлекеттер, солардың ішінде осы құжаттың қабылдануына белгілі бір үлесін қосқан Қазақстан Республикасы да оны кезеңімен жүзеге асыруды өз міндетіне алды.
Жоғарыда қарастырылған халықаралық құжаттарда көрініс тапқан энергетикалық қауіпсіздік мақсаттарына жету процесінде экологиялық талаптар да тиісінше кезегімен орындалуы тиіс. Ең бастысы – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық реттелуіне қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық реттеу сай болуы тиіс, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік саласындағы тәжірибелік қызметте экологиялық талаптар сақталуы тиіс.[1, 15-бет]
Әдебиеттер
- .Бринчук М.М. Энергетическая безопасность и экологическое право // - М., - - Экологическое право, № 4. 10-15 бет.
- .Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (21.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
- .Қоршаған орта мен даму жөніндегі Декларация (Рио-де-Жанейро, 14 маусым 1992 жыл). Источник: ИС ПАРАГРАФ http://www.rcicd.org/millennium-de-velopment-goals/environmental-sustainability/