Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына қысқаша талдау

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасы Заңының ауқымында Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы, деңгейлері, құрылымы, жұмыс істеуі; Қазақстан Республикасының (мемлекеттің) орталық банкі Қазақстан Ұлттық Банкінің айрықша қаржылық-несиелік құзыреті бар уәкілетті мемлекеттік орган және мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға ретіндегі өкілеттіктері мен банктік операциялары; Қазақстан Ұлттық Банкінің атқарушы билік тармағына кірмейтінін, тек Қазақстан Республикасы Президентіне есепті және бағынышты екені; Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретті мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде Қазақстан аумағындағы барлық банктер мен олардың клиенттері орындауға міндетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер шығаруы; Қазақстан Ұлттық Банкінің елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеуі және жүргізуі, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыруы, мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі; Қазақстан Ұлттық Банкінің өз қарамағындағы, бірақ мемлекетке тиесілі (республикалық меншіктегі) жарғылық, резервтік капиталды, провизиялық қаражаттарды, өзінің кірісін, жылжитын және жылжымайтын мүлікті пайда табу үшін емес, тек мемлекет мүддесі мен өз болмысын қамтамасыз етуге пайдалануы; Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы мен Директорлар Кеңесінің, департаменттері мен бөлімшелерінің, филиалдарының, өкілдіктерінің, ұйымдарының жұмыс істеуі; Қазақстан Ұлттық  Банкінің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылы; Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты валюталық операциялары мен өзге де  мәмілелері; Қазақстан Ұлттық Банкінің реттеу және қадағалау жөніндегі өкілеттіктері, оларды жүзеге асыру принциптері; Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы Президентіне есеп  беруі; Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің тексерілуі 1, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 19, 20, 22, 52-1, 56, 57,61, 62, 66, 68 – баптарына сай құқықтық регламенттеледі әрі негізделеді.

Белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат ретіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мазмұны: 1 тарау. Жалпы ережелерді (1, 2, 3, 4, 6 – баптарды); 2 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеті, функциялары және өкілеттіктері (7, 8 – баптарды); 3 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері (9, 10, 11 – баптарды); 4 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті  (12,  13,  14,  15,  16,  17,  18,  19,  20  –  баптарды);  5  тарау.  Қазақстан  Ұлттық Банкінің мемлекеттік  басқару органдарымен  өзара  іс-қимылы (21,  22,  23,  24,  25,  26,  27,  28  – баптарды); 6 тарау. Ақша-несие саясаты. (29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 36-1, 36-2, 36-3, 37 – баптарды); 7 тарау.

Ақша айналысы және ақша бірлігі (38, 39, 40, 41, 42, 43, 43-1, 44, 45, 46, 47, 47-1 – баптарды); 8 тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру (48, 49, 50 – баптарды); 9 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары (52, 52-1, 53, 54 – баптарды); 10 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметі. Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар (55, 56, 57, 58, 59, 60 – баптарды); 11 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және

қадағалау функциялары (61, 62, 62-1, 62-2, 62-3, 63, 64 – баптарды); 12 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруі (65, 66, 67, 68 – баптарды); 13 тарау. Қорытынды ережелері. (69, 70, 70-1, 71, 72, 74 – баптарды) қамтыған [1].

«Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 ж. 25 сәуірдегі № 178 – ІІ Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстанның Даму Банкінің құқықтық мәртебесін, мақсаттарын, міндеттерін  және функциясын; Даму Банкінің өкілеттіктерін және уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара қарым- қатынасын; Даму Банкінің операциялары мен мәмілелерін; Даму Банкінің банк сараптамасын жүргізуін;  Даму Банкінің  республикалық  және жергілікті  бюджеттерден  заемдар  тартуын, оларды пайдалануын, сондай-ақ қарыздар беруін және несиелерді тартуын; Даму Банкінің өз қаржы- қаражаттарын қалыптастыруын; Даму Банкінің есептілік табыс етуін және қызметінің аудитін; Даму Банкінің басқару органдарының қызметін; Даму Банкінің жауапкершілігін және оның қызметіне орай туындайтын дауларды шешу тәртібін құқықтық регламенттеуге ат салысады.

Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт, жазбаша ресми құжат ретінде «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мазмұны: 1- тарау. Жалпы ережелер (1-6-баптардан); 2-тарау. Даму Банкінің қызметі (7-15-баптардан); 3-тарау. Даму Банкінің капиталы мен кірісі (16-18-баптардан); 4-тарау. Даму Банкінің есебі, есептілігі және тәуелсіз аудиті (19-21-баптардан); 5-тарау. Даму Банкін басқару (22-25-баптардан); 6-тарау. Қосымша ережелер (26-27-баптардан) тұрады [2].

«Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымын, деңгейлерін; банктердің мәртебесін; банктердің қызметін; банктерге қойылатын шектеулерді; банктердің ассоциациялар, консорциумдар, филиалдар мен өкілдіктер, есеп айырысу-кассалық бөлімдер, еншілес ұйымдар құруын; банктерге, олардың басшыларына қойылатын талаптарды; резидент еместердің және шет елдердің қатысуымен банк құруды және оның қызметіне қойылатын талаптарды; банкті мемлекеттік тіркеу тәртібін; банктік операцияларды лицензиялау тәртібін; банктердің филиалдарын, өкілдіктерін және есеп айырысу-кассалық бөлімдерін жабу мән-жайларын; банктік операциялардың түрлерін; банктік операциялар жүргізуді; заемдық операциялар жүргізуді; банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шараларды; пруденциалдық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді; резервтік капиталды және тиісті провизияларды қалыптастыруды; банктердің қызметін инспекциялауды; шектеулі ықпал ету шараларын; санкциялар қолдануды; банктердің аффилиирленген тұлғаларына мәжбүрлеу шараларын қолдануды;  банктерге барлық немесе жекелеген банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияны тоқтата тұру немесе қайтарып алу мән-жайларын; банк ашуға берілген рұқсатты қайтарып алу мән-жайларын; банк құпиясын және оны сақтауды; депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеуін; банктердегі есептілікті және есеп беру тәртібін; банктерге және олардың аффилиирленген тұлғаларына, олардың қызметіне аудит жүргізуді; банкті ерікті түрде қайта құру немесе қайта құруға рұқсат беруден бас тарту жағдайларын; банкті консервациялау немесе консервациялауды тоқтату мән-жайларын; банкті уақытша басқаруды; банктерді еріксіз тарату негіздері мен түрлерін; таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілігін; банкті еріксіз қайта құру мән-жайын; заңның қолданылу аясын регламенттейді.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жазбаша ресми құжат ретіндегі мазмұны мынадай көрініс тапқан: І Бөлім. Банкілерді құрудың және олардың қызметінің негіздемесі мен шарттары (1-11 баптар); 1-тарау. Жалпы ережелер (1-11 баптар); 2-тарау. Банк құру және банк қызметін жүзеге асыру (13-29 баптар); 3-тарау. Банк қызметін жүзеге асыруға арналған (30-40 баптар); 4-тарау. Банкілердің қызметін реттеу және депозиторлардың мүддесін қорғау (41-52 баптар); 5-тарау. Есеп және есеп беру (53-56 баптар); 6- тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген тұлғаларына аудит (57-59 баптар); ІІ Бөлім. Банкілердің құқықтық мәртебесін өзгерту және қызметін тоқтату ерекшеліктерінің шарттары (60-74-4 баптар); 7-тарау. Банктерді ерікті түрде қайта құру (60-61 баптар); 8-тарау. Банкті консервациялау (62-67 баптар); 9-тарау. Банктерді тарату және еріксіз қайта құру (68-74-4 баптар); ІІІ бөлім. Қорытынды ережелер (75-5-78 баптар). 10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (75-78 баптар)[3].

Қазақстан Республикасының «Ақша  төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 Заңы Қазақстан Республикасындағы ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды, соның ішінде банктер клиентінің тапсырмасы бойынша ақша аударымын жүзеге асыруға орай туындайтын қатынастарды және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне сәйкес банктер тарапынан жүргізілетін міндетті ақша төлемі немесе аударымы кезінде туындайтын қатынастарды реттейді. Аталмыш Заңда берілген (айқындалған) негізгі ұғымдар ішінен бенефициар банк, алушы банк, делдал банк, төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесі, операция күні, төлемдік талап-тапсырма, банктік шотты тікелей дебеттеу сияқты және т.б. банктерге қатысты ұғымдарды кездестіруге болады.

Осы «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 2- тармағында «Ақша белгілері (қолма-қол ақша) нысанында не банктер клиенттерінің банк шоттары бойынша жазба түріндегі банктердің ақшалай міндеттемелері нысанында болады» деп айтылған, 6- бабында банк шоттарының түрлері мен мән-жайлары айқындалған, сондай-ақ банктерге  және олардың банктік қызметіне байланысты жайттар 7, 8, 9, 11, 11-1, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 28, 30,31, 32 – баптарында көрініс тапқан. Сонымен қатар, осы Заңның 1-бабының 2-тармағында «Қазақстан Республикасы банктерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және шетел банктерінің (қаржы институттарының) жүзеге асыратын ақша төлемдері мен аударымына байланысты қатынастары олардың арасындағы шарттармен және банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дәстүрлерімен реттеледі. Егер аталған ақша төлемі мен аударымы жөніндегі іс- әрекеттер Қазақстан Республикасында болып жатса, мұндай қатынастар аталған шарттармен және Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналымы дәстүрлерімен реттеледі» деп айқындалған [4].

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы валюталық құндылықтарды пайдалану ауқымында әртүрлі банктік операцияларды, оның ішінде валюталық операцияларды да жүзеге асыратын шетелдік банктер мен отандық уәкілетті банктер (Қазақстан Республикасында құрылған, валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды жүзеге асыратын  банктер мен жекелеген банктік операцияларды жүргізетін ұйымдар) туралы және олардың іс-қимылдарына байланысты жайттар регламенттеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің негізгі органы Қазақстан Ұлттық Банкінің қызмет аясы айқындалып, тиісті құзыреті белгіленген. Сонымен бірге Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық бақылау органы ретінде өкілеттігі және уәкілетті банктердің  валюталық бақылау агенттері  ретіндегі міндеттері мен  құқықтары  белгіленген

[5]. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының қаржы-несие жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылатын банк жүйесі үшін маңызы аса зор екені көпшілікке мәлім  болар деп санаймыз. Қазақстан Республикасының осы заңында банктердің несиелік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіндегі құқықтары мен міндеттері, оның ішінде олардың ақпарат беруші және несиелік есепті алушы ретіндегі құқықтары мен міндеттері (18, 19, 20, 21-баптарында), сондай- ақ несиелік бюроға ақпарат беруші ретіндегі нақтылы іс-әрекеттері және банкті несиелік  есепті алушы ретінде тіркеу мән-жайлары (23, 24, 26, 28-баптарында) белгіленген [6].

Міне, банктік заңнама жайында жасалған қысқаша талдау мен ғылыми сипаттама негізінде, біздің ойымызша, оның мынадай ұғымын айқындауға болады: «Банктік заңнама Қазақстан Республикасындағы банктердің, елдің банк жүйесінің және тиісті банктік құқықтық институттардың нормативтік құқықтық негізін құрайтын, барлық банктік операцияларды және өзге де банктік іс- әрекеттер мен мәмілелерді, сондай-ақ оларға байланысты банктік қатынастарды құқықтық реттейтін, мемлекеттің ақша – несие, қаржы саясатын жүргізудің құқықтық негізін құрайтын Қазақстан Республикасының арнаулы және жалпы заңдарының жиынтығы болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. ҚР Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы. 2.Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңы.1995 ж 31 тамыз. 3.«Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 ж. 25 сәуірдегі № 178 – ІІ Қазақстан Республикасының Заңы . 4.Қазақстан Республикасының «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237.
  2. .«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы.
  3. .Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-ІІ Қазақстан Республикасы Заңы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.