Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Билер соты бойынша құн дауын шешудің кейбір ерекшеліктері

 Қазақ әдет құқығы пайда болып қалыптаса бастаған кезден-ақ оның құрамында адам өмірі мен оның денесінің саулығын қорғауға арналған қағидалар мен нормалар жүйесі түзіліп қалыптаса бастады. Бұл нормалар әуелде «қанға - қан, жанға - жан» қағидасы негізінде топтасып, іске асса, бірте-бірте бұл қағиданы «құн төлеу» институты ығыстыра бастағанын байқауға болады. Құн төлеудің негізінде адам өлімі үшін немесе адамның денесіне жарақат түсіргені үшін белгілі бір мөлшерде материалдық төлем ақы төлеу керек деген ой-сана жатты. Дәстүрлі қазақ қоғамында құн даулары «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті Жарғысында» т.б. көрсетілген нормалар бойынша шешілетін. Сондықтан осы заң жинақтарында адам өлімі үшін және жарақат салғаны үшін қандай жазалар белгілегенін келтіре кеткен жөн. Мысалы, көшпелі қазақ қоғамын зерттеуші белгілі орыс ғалымы А.И.Левшин «Жеті Жарғыға» сілтеме жасай отырып былай деп жазады: «по сим постановлениям, родственники убитого имеют право лишать жизни убийцу, а отрубивший руку, ногу, ухо и прочее должен быть лишен той же части тела. Впрочем, наказания могут быть смягчаемы по приговорам судей или согласно истцов, и тогда преступник наказывается только установленного за всякое преступление платою. Убийца возвращает себе жизнь, платя кун, т.е. отдавая за каждого убитого мужчину 1000, а за женщину 500 баранов. Изувечивший или отрубивший другому какой-нибудь член платит равным образом  определенное число  скота.  Большой палец стоит  100  баранов,  мизинец 20,  и  так далее»/1.367/. Ал,«Жеті Жарғының» белгілі зерттеушісі Н.Өсерұлы бұл тізбекті былай жалғастырады: «Екі көзді  шығарса – толық құн; бір көзіне – жарты құн; екі құлағын кессе – жарты құн; екі қолын кессе, мүгедек етсе – толық құн; әрбір саусағы үшін оннан бір құн; әйелдің екі емшегін кессе – толық құн; еркек піштірілсе – толық құн; қатты соққыдан адам жынды болса – толық құн; жаңа біліне бастаған нәресте үшін – бір тоғыз айып; 5 айлыққа  дейін– 3 тоғыз; 5 айлықтан жарық көргенше – жарты құн; ал жарық көрсе – толық құн»/2.46/.

«Жеті-Жарғы» сұлтандар мен қожалардың өлімі үшін жеті құн төленуі керек деп бекіткен. Бұл заңда сондай-ақ өлім-жарақаттың басқа түрлеріне де нақты жазалар белгіленген еді. А.И.Левшиннің айтуы бойынша:

«Если жена умертвит мужа, то она непременно предается смертной казни, от которой не может спасти заплата куна, если родственники не простят ее. Из правила сего исключаются беременные жены, которые за убийство мужа не наказываются, но навсегда предаются презрению и почитаются бесчестными. Если муж убьет жену, то он может избавиться от казни, заплатив кун»/1.367/.

Мінеки, біз «Жеті Жарғының» өлімге және дене жарақатына байланысты баптарынан түгелге жуық үзінді келтірдік. Олардың басты мәні – дәстүрлі қазақ қоғамында «қанға - қан, жанға – жан» принципі біршама ұзақ уақыт бойы өз күшінде болғандығы. «Құн төлеу» қағидасы сол принциппен қатар жүріп отырған, олар екеуі бірін-бірі толықтырып, бірімен-бірі жарысып, тіптен қақтығысып, қарама-қайшылықта іске асып отырған.

Сол заманның өлім-жарақатқа байланысты басты егіз қағидасы еді. Оны сол кезеңде өмір сүрген атақты билердің шешімдерінен аңғаруға болады. Мысалы қазақтың төбе биі деңгейіне көтерілген Төле Әлібекұлының құн дауы бойынша билік шешімдеріне зер салсақ. Төле өз заманының баласы ғана емес, осы «Жеті-жарғыны» түзуге қатысқан, оның ең басты авторларының бірі ретінде де осы нормаларды өзінің би ретіндегі қызметінде басшылыққа алып отырғаны аян. Төле «Жеті-жарғы» нормаларының орындаушысы ғана емес, сонымен бірге белсенді уағыздаушыларының бірі болды. Төленің құн дауына байланысты нақты биліктеріне келсек, оларды ел-аузында сақталған деректерге және ресми құжаттарда сақталған деректерге сүйене отырып талдау жасамақпыз. Ел жадында сақталған әңгімелердің бірінде Төленің құн дауына қатысып, оны қалай шебер де жылдам шешкендігі баяндалады. Осы дауға байланысты Төленің шешімі «Алмасың болса мойным бар, асылың болса қойным бар» деген қанатты сөзбен ел арасына тараған.

Бұл әңгіменің Н.Төреқұлұлы жазып алған және А.Нысаналы түсірген екі нұсқасы бар: «Ошақты елінің бір батыры барымта кезінде Мамай Жәдігер ауылының Күлназар деген жігітін өлтіріп, құн дауы басталады – деп бастайды Н. Төреқұлұлының нұсқасы – Ақбура атасынан шыққан Бөрібай ақын сол оқиғаны былай жырлапты:

Ошақты Күлназарға құн бермексің,

Алты атан, алпыс жылқы пұл бермексің.

Тұлымды қыз, айдарлы ұл бермексің.

Күлназар келіп өлді ауылыңа,

Ішім оттай күйеді бауырыма.

Егерде пұл бермесең, құн бермесең,

Есекем таңба басар сауырыңа –

Ақынның Есекең деп отырғаны Есенбай, Еспембет батырлар екен. Ошақты кісілері бұл сөзді құлағына қыстырмайды. Жыл артынан жыл жылжып өте беріпті. Сол құнды даулап 14 жасар Едіге атқа қоныпты» /3.21/. А.Нысаналы нұсқасында Едігенің Төлеге осы дау бойынша аттануы басқаша түсіндіріледі. «...орта жүз Жәдігер Күлнәзір деген кісіні Ұлы жүз Ошақтының жігіттері өлтіріп, теңдік бермей, құн төлемейді, осыған байланысты Жәдігерден төрт кісі Төле бидің алдына келсе, би жөнді сөйлеспейді. Талапкердің біріншісін тыңдап оң қолын, екіншісін тыңдап сол қолын созады. - Япырым-ай? Мына екеуінен сөз қалды ма? – деп үшінші кісі сөйлегенде Төле үстіңгі ернін, төртінші кісі сөйлегенде Төле астыңғы ернін созады. Төртеуі арылып, Төле биден бір ауыз жауап ала алмай еліне келіп, көрген-білгенін айтқанда, Айдабол Едіге би былай депті: - Төле бидің ишарасы төртеуіңе берген бағасы екен. Алғашқы екеуің сөйлегенде, екі қолын созғаны “Сендер ұзын сойыл, ұрдажық екенсіңдер” дегені. Кейінгі екеуің сөйлегенде ернін созғаны “Сендер ағайынды екі адамның арасына өсек тасып, ас ішерлік қана адам екенсіңдер. Сендер бітім сөз сөйлеп, дауды бітіре алмайсыңдар» – деп қайырған екен. Ел сонда Төлеге Едігенің өзін жұмсайды /4.36/.

Бұл нұсқадан байқайтынымыз, Төленің өз заманындағы адам танығыш көреген әрі сыншы кісі болғандығы. Сонымен бірге Төленің көрінгенді қабылдай бермейтін паңдығы, алдына адам келтіре  бермейтін талғампаздығы да сезіліп қалады.

Әңгіме-дерек бойынша Едіге «...Қасына он шақты кісі ертіп Төле би аулына келсе, би алдынан шығып амандасып, «Алмасыңа мойным бар, асылыңа қойным бар» деп жүріп кетіпті. Едіге «Би, мойын бұрмайсыз ба?»

– деген екен, Төле: «Жарлық сізден болғанда, жабдық бізден» депті. Едіге: «Төле би осы болса, дау бітті. Ертең жасаулап қыз береді»- дейді жолдастарына. Айтқанымдай, Төле би қонақтарды алты арыс Арғынға түйе бастатқан бас тоғыз, төрт ауыл Төртуылға ат бастатқан орта тоғыз жолымен жасаулап қыз беріп, разы етіп қайырады» /4.36/.

Н.Төреқұлұлының нұсқасында дау сәл басқаша бітеді. Төле би өз шешімін былайша жеткізеді:

«-...Алты атасын арқалап жүрген кім бар? Жеті атасын жетелеп жүрген кім бар? Алмасың болса мойным бар, асылың болса қойным бар. Бұл даудың кесімі осы болса қайтеді,  ағайын!

Аға бидің бұл шешіміне бәрінен бұрын түсіне қойған Едіге бала:

  • О, қадірлі ата! Білек кімдікі болса, киіз соныкі, ауыз кімдікі болса сөз соныкі. Айтылған сөз – атылған оқ, ол қайтып келмейді. Жарлық өзіңізден болды, енді жабық та өзіңізден болсын! – депті.

...Ертеңіне ошақты елі алты атан бастатып, жасауымен Мамай Жәдігер аулына бір қыз ұзатыпты» /3.22/.

Бұл жерде көңіл аударатын екі түрлі нәрсе бар. Біріншіден, Төленің бұл дауға алдын-ала дайын екендігі және даудың шешімін тез тауып қойғандығы. Екі нұсқа бойынша да Төле көп сөзге бармай даудың бітімін бірден айтады –«Алмасың болса мойным бар, асылың болса қойным бар». Яғни, Төле ошақты елі өз кінәсін мойындамады, «қанды кек» жолымен жүрсеңіздер де, «құн төлеу» жолымен жүрсеңіздер де дайынбыз дегенді осы  сөзбен білдіреді. Едігенің «қанға-қан» деп келмегендігін Төле бірден түсініп, оған «құн» береді және «асылың болса қойным бар» деп, осы сөз арқылы құнның құрамында жасаулы қыз бар екендігін сездіреді.

Екінші мәселе, А.Нысаналының нұсқасы бойынша Төле Едігеге «Жарлық сізден болғанда, жабдық бізден» деген сөзді айтады. Шамасы, осы сөз арқылы Төле құн төлеу жәйлі шешімді Едігенің өз елі шығарғанын және соған ошақтылардың келісетіндігін білдірсе керек.

Ал Н.Төреқұлұлының нұсқасы бойынша бұл сөзді Едіге Төлеге айтады. Себебі, бұл нұсқада құн төлеу жәйлі шешімді Төленің өзі айтады. Сондықтан Едіге Төлеге «Жарлық өзіңізден болды, енді жабдық та өзіңізден болсын» – дейді. Демек, бұл жерде жарлық - шешім, билік сөз деген мағынаны беріп тұр.

Жалпы бұл дау Төленің шын мәнінде бір ауыз сөзбен дүйім елдің арасындағы түйіні шешілмей жүрген талас-тартыстарды шешіп кете берер өрелі би екендігін көрсетеді.

Төленің тарихи әрі ресми құжаттар арқылы хатталып бізге жеткен биліктерінің бірі - Әбілхайыр ханның өліміне байланысты туындаған құн дауына араласып, соны шешуі. Орыс деректері Әбілқайыр хан мен Барақ сұлтан арасындағы ерегіс-егестің себеп-салдарын біршама толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді /5.106/. Бұл ерегіс біріншіден, екі шыңғыс ұрпағы арасындағы ежелден келе жатқан бақталастықтан бастау алады. Екіншіден, Әбілқайырдың орыс әкімшілігіне жақындығы Барақтың да басқа сұлтандардың да көптен қытығына тиіп жүрген түйткіл іс болса керек. Үшіншіден, Әбілқайыр Бараққа Хиуадан арнайы келе жатқан керуенді тонап, тікелей мүліктік зиян тигізеді және оның намысына тиерлік іс-әрекет жасаған. Төртіншіден, Кіші жүз жеріндегі қарақалпақтарға билік жүргізу үшін талас та бұрыннан келе жатқан өшпенділікті өршіте түседі. Бұл өшпенділіктің аяғы Әбілқайырдың өліміне әкеліп соғады.

Әбілқайырдың өліміне жалғыз Барақ кінәлі емес екендігі орыс деректерінен көрініп-ақ тұр. Ұрыс үстінде Әбілқайырға қару жұмсаған бірнеше адам болғандығы байқалады. Солардың ішінде аты аталатындары Барақтың баласы Қайып және Сырымбет батыр. Ал, Барақ Әбілқайыр ханға соңғы соққы беріп, оны о дүниеге өз қолымен аттандырған жан есебінде бейнеленеді.

Бірінші билер соты Барақ сұлтанды Әбілхайырдың өлімі үшін айыпты деп, «Жеті-Жарғыға» сәйкес  осы өлім үшін жеті құн төлеуі тиіс деп шешеді. Бірақ, Әбілхайырдың ұлы Ералы сұлтан айыпкерлерден екі құн алып, қалған құнды алмай, әкесінің өліміне кінәлі жанның бірі Сырымбет батырды өз қолымен өлтіреді /5.134/

Әбілхайырдың балалары мұнымен де тыныш таппайды. Олар Барақ сұлтанның өзінен кек қайтарудан бас тартпайды. Сондықтан Барақ сұлтан енді екінші рет билер сотына шағымдануға мәжбүр болады. Бұл жолы ол тікелей Төле бидің өзі бас би болып бұл дауды түбегейлі шешіп беруін сұрайды. Төле Әлібекұлы Барақтың бұл ұсынысын қабыл алады /5.95/.

Ал, Н.Төреқұлұлының пікірінше Барақты екінші рет жауапқа тартуды сұрап, Төлеге барушы Әбілхайыр ханның балалары «Төле би бұл билікке қатысу үшін Әйтеке би, Сырымбет би, Есейхан би, Жалған би, Досай би, Даба би, Қабек би тағы бірқатар бектерді шақырып, сот жүргізеді. Би тартыстары біразға созылады. Ақырында Төле бидің қорытынды билігі бойынша Әбілқайыр балаларының шағымы негізсіз, ағайын арасындағы алауыздық, бас араздық деп тауып, Барақ сұлтанның басын даудан арашалап алады» /6.75/.

Бірақ басы ашық бір нәрсе бар – ол Төле бидің осы екінші билер сотында Барақты қанды кек алу жолынан арашалап алуы. Төле алғашқы билер сотының шешімі дұрыс деп тауып, Бараққа екінші рет жаза қолдануды дұрыс емес деп табады. Ол бұрыннан келе жатқан «Бір қойдан екі рет тері сыпырылмайды»  деген үлгілі шешімді (соттық прецедентті) ұтымды пайдаланады /7.509/. Сөйтіп, Бараққа бұрын билер соты үкім шығарған және ол үкім орындалған (Әбілқайыр балаларының екі құн алып және Сырымбетті өлтіруі) деген түйінге келіп, енді Бараққа қайта жаза қолданбауы тиіс деген шешім шығарады.

Көріп отырғанымыздай Барақ пен Әбілқайыр балалары арасындағы құн дауын шешу барысында да билер соты, ең алдымен, бүкіл қазақ халқының бірлігін, ынтымағын ойлап, соны қамтамасыз етуге тырысқан ел жанашырлары ретінде іс-әрекет жасайды. Олардың би ретіндегі шешімінің негізінде де осы мақсат жатқаны байқалады. Сонымен бірге, олардың билігі қазақ қоғамында қалыптасқан құқықтық қағидалар  мен нормалардың аясында шығарылып және оны шебер қолданғандығы аңғарылады.

Төленің құн дауын реттеуге қосқан тағы бір жаңалығы ретінде оның суықта тоңып өлген адамға қатысты шығарған нақты билігін алға тартуға болады. Т.Әлібекұлы суықта қатып өлген адамға дер кезінде көмектеспеді деп айыпталған кісіге мынадай үкім шығарған. Егер ол қасқыр ішікте болса, өлген адам үшін жарты құн төлеуі тиіс, ал қой терісінен тігілген тонда болса ақталуы тиіс деген. Семей облыстық статистикалық комитетінің қазақ әдет құқығы жәйлі материалында бұл шешім жәйлі былай айтылған: “… бий Туле, разбирая дело о замерзшем человеке, котораго не спас проезжающий, выразился о последнем, что он должен уплатить 1/2 куна за замерзшаго, если был сам в волчьей шубе и должен быть оправдан, если был в бараньей шубе” /8.384/.

Мінеки Төле Әлібекұлының өлім-жарақатқа байланысты шешімдері жәйлі қолда бар деректер  әзірге осылар.

Бұл материалдар Төленің аталмыш дауларды шешу үшін өз заманының басты заңы – “Жеті Жарғыға”, бұрыннан келе жатқан қағида-қисындарға ғана сүйеніп қоймай, нақты даулы оқиғаларға байланысты  жаңа үлгілі шешімдер де қабылдағанын көрсетеді. Ол үлгілі шешімдердің ішкі бітімгерлік мәні мен сыртқы сөздік сапталуы әлі күнге дейін олармен танысқан жұрттың риясыз қызығушылығын және құптауын тудыруда.

 

Әдебиеттер

  1. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей /Под общей редакцией академика М.К.Козыбаева. - Алматы: Санат, 1996. -656с.
  2. Өсерұлы Н. Жеті жарғы. - Алматы: Жеті жарғы, 1995. - 80б.
  3. Төреқұлов Н. Төле би. Биліктері, толғаулары, тапқырлықтары, шешендік сөздері, өсиеттері. - Алматы: Дәуір, - 32б.
  4. Үш пайғамбар /Құраст. А.Нысаналы. - Алматы: Дәуір, 1992. -184б.
  5. Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІІ веках (Сборник документов и материалов). - Алма-Ата: Изд-во Акад. Наук Каз.ССР., - 743с.
  6. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. -1,2 кітап. - Алматы: Жалын, 1993. -398б.
  7. Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. Он томдық. Алматы: Жеті жарғы, 2006. 7-том. - 604б.
  8. Материалы по казахскому обычному праву: Сб. Научно-популярное издание. - Алматы: Жалын, 1998. - 464с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.