Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі саяси-құқықтық ой тарихындағы мемекеттік билік және мемлекетті басқару туралы ойлар

Қазақ даласындағы орта ғасырлардағы саяси-құқықтық ой тарихын қайта өрлеу дәуірінің бірі кезеңі деп бағалауға болады. Осы уақыт аралығында аты әлемге әйгілі орта ғасырлық түркі заманының  ойшылдары бірінен кейін бір өмірге келіп, жемісті шығармашылықпен айналысып жатты. Олардың қатарына: Шығыстың ұлы ғұламасы Әл-Фарабиді, Жүсіп Баласағұнды, Махмұд Қашқариді, Ахмет Игінүкиді және т.б. жатқызамыз. Бұл ойшылдардың еңбектері рационалды тұрғыда шығарма бейнесінде туындап жатумен қатар, өлең сөзімен өрілген поэма дастаны нысанында да беріліп отырды. Әрине, ойшылдардың шығармасы өз заманындағы философиялық, әлеуметтік, психологиялық, тарихи оқиғалар желісін суреттеумен қатар, мемлекеттану мәселелерін де қамтыған болатын. Мемлекеттанудың басты мәселесі мемлекеттің шығуы, мемлекеттік биліктің ұйымдасуы, мемлекеттің нысандары, мемлекеттің қызметі т.б. мәселелер екендігі белгілі. Жоғарыда тілге тиек етіп отырған ойшылдарымыз бұл мәселені де өз еңбектерінде жеткілікті деңгейде қамтып, оны дамытып отырды. Жалпы қазақ қоғамында, оның ішіндегі ортағасырлық ойшылдардың көзқарастары синкретті сипатта қоғамдық сананың барлық нысандарының көзқарастар жүйесінің тұтастығымен ерекшеленеді.

Ортағасырлық саяси-құқықтық ой тарихында шоқтығы биік, өзіндік орны бар тұлға кезінде екінші ұстаз атанған Әл-Фараби екендігі баршамызға белгілі. Әл-Фарабидің биліктанымға байланысты ойлары, теориялық деңгейде ұшқырланған өзіндік сипаты бар ой-жүйесін құрайды. Әл-Фараби қайырымды қала, оның тұрғындарының көзқарастары атты трактатында, жалпы мемлекетті екі түрге бөліп көрсетті: Біріншісі- қайырымды қала; екіншісі-надан қала. Надан қаланың өзін бірнеше түрлерге жіктеді. Олар туралы былай дейді: “Ділгер қаласы дегеніміз-сондай қала, оның тұрғындары тек ділгер заттармен ғана, яғи тәннің тіршілік етуіне керекті нәрселермен-тағаммен, сусынмен, киіммен, тұрғын үймен, сұхбаттасумен және осыған жету үшін бір-біріне көмектесумен ғана шектелуге тырысады. Алыс- беріс қаласы дегеніміз-сол, оның тұрғындары дәулет пен байлыққа жету үшін бір-біріне көмектесуге тырысады, бірақ бұл –басқа бір нәрсеге жетудің құралы емес, күллі өмірінің мақсаты. Пасықтық пен бақытсыздық қаласы дегеніміз-сондай қала, оның тұрғындары тағамнан,  ішімдіктен,  сұқбаттасудан  ләззат  алуға  тырысады,  қысқасы-олар  сезім  мен  қиялға  әсер ететін ләззаттарға құштар келеді, қандай түрде болса да сауық құрып, сайран салуға құштар келеді.

Даңғой қала дегеніміз-сондай қала, оны мекендеушілер жұрттың сый-құрметіне бөленіп, мақтау алу үшін, өздері жайында басқа халықтар біліп, айта жүруі үшін, сөзбен де, іспен де мадақтап, дәріптеуі үшін, өздерін не жат көзінен, не бір-біріне сән салтанатымен жарқырата көрсету үшін бір-біріне көмектесуге тырысады, мұның бәрін олар бұған қаншалық ынтызарлығына қарай немесе осы қаншалық қолынан келуіне қарай істейді.

Мансапшыл қала дегеніміз-сондай қала, оның тұрғындары өзгелерді өздеріне бағындыруға, ал өздері ешкімге де бағынбауға тырысады; олардың күш-жігері өздеріне жеңіс әперетін қуанышқа жетуге ғана жұмсалады. Құштар қала дегеніміз-сондай қала, оның тұрғындары әркім өз құштарлығын ешбір тежеусіз, өз қалауынша еркін істеу деп біліп, осыған ұмтылады. Надан қалалардың әміршілері де осы қалалардың өздеріне ұқсас болады. Олардың әрқайсысы өздері билейтін қаланың ісін жүргізгенде жеке бастарының құштарлықтары мен ниеттерін қанағаттандыруды көздейді.

Жоғарыда атап өткен нәрселердің бәрі-надан қала тұрғындарының кәсібі, мұны олардың өмірлік мақсаты деп санауға болады. Ал өнегесіз қала дегеніміз-сондай қала, оның көзқарастары санатына қосылады және ол бақыты, пейілі кең, құдыреті күшті Алла-Тағаланы, екінші жаратындыларды, әрекетшіл парасатты, тегінде қайырымды қала тұрғындары білетін және солар сенетін нәрселердің бәрін хақ деп біледі; бірақ бұл қала тұрғындарының іс-әрекеті құдды надан қала тұрғындарының іс-әрекеті сияқты.

Құбылмалы қала дегеніміз-сондай қала, оның көзқарасары мен іс-әрекеті бұрын қайырымды қаланың көзқарастары мен іс-әрекеті сияқты болса да, кейін ол өзгеріп кеткен: санатына өзгеше идеялар ұялап, іс-әрекеті мүлде басқаша болған.

Адасқан қала дегеніміз-сол, оның ойынша, бақыт бұл дүниедегі өмірден кейін келмек. Бірақ, оның түсінігі өзгеріп кеткен, сондықтан пейілі кең, құдыреті күшті Алла-тағала туралы, екінші жаратындылар туралы және әрекетшіл парасат туралы оның түсініктерінің терістігі соншалық, бұлардың инабаттылыққа негіз болуы да, барлық зат біткеннің кейіпкері мен образдары ретінде қабылдануы да мүмкін емес.

Бұл қаланың бірінші басшысы іс жүзінде солай болмаса да, өзін тәңірі көктен жебеген адам етіп көрсетушілердің санатына жатады және осы мақсатпен қиянат жасап, өтірік айтып менмендік көрсетеді” [1, 3- 32 бб]. Надан қала мемлекеттің ең азып-тозған, бұрыс нысаны болып табылды. Оған қарама-қарсы  қайырымды қаланы қойған болатын. Қайырымды қала адамдарды бақытқа жетелейтін. Олардың мүддделерін әрқашанда жоғарыға қоятын қала болып табылады. Қайырымды қаланы нағыз әкім басқарады. Ойшылдың ойы бойынша нағыз әкімнің бойында мынандай қасиеттер болу қажет: “Ол – бірінші басшы, сондықтан оның бойынша ұштасқан алты қасиет болу керек,: даналық, асқан пайымдағыштық, қалтқысыз сендіру (қабілеті), өте жақсы қиялдау (қабілеті), қасиеті ғазауат соғысты өзі бас болып жүргізу қабілеті және оның денесіне  қасиетті соғыспен байланысты істерді жүргізуге бөгет жасайтын еш нәрсенің болмауы. Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық іс-әрекеттерде кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам өзнің дұрыс деп тапқанынша, өзінің қалауынша басқара алады.

Мұның бәрін өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бірақ бұл (қасиеттер) бір топ (адамдардың) арасында жеке-дара дарыған болса, мәселен, ол адамдардың біреуі мақсатты көрсете білсе, екіншісі мақсатқа бастайтын жолды көрсетсе, үшіншсісінде көз жеткізе сендіру, қиялмен өте жақсы елестеу қабілеті болса, төртіншісінде қасиетті соғысты жүргізу қабілеті болса, сонда бұл топтың мүшелері бірлесе отырып, әкімнің орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар және қадірлі адамдар деп атайды, ал олардың басқару ең қадірлі адамдардың басқармасы деп аталады. Мұндай адамдар да болмаса, имамдардың алғашқы ұрпақтары енгізген және қаланы басқарғанда өздері қолданған ертедегі заңдар мен қағидаларды ұштастыра білетін адам қала бастығы болады; мұның үстіне ондай адам бұл заңдар бұрынғы ұрпақтар көздеген мақсатқа сәйкес қандай жерде, қандай жағдайда пайдалануға тиіс екенін өте жақсы айыра білуге тиіс, ертедегі ауызекі және жазба заңдарда нелердің көрсетілмегені, ертедегі заңдарда нелерді көрсетуге мүмкіндік болмағанын таба білуге тиіс; қаланың көркеюінің сақталуына себепкер боларлық ертедегі заңдарда көрсетілуі мүмкін болмаған белгілі бір оқиғаларды айыруға және мұндай пайымдағыштық көрсетуге қабілетті болуы тиіс; шешендік өнерде, сендіруге және қиялдауға келгенде айрықша болуы тиіс. Мұнымен бірге онда қасиеті соғысты жүргізу қабілеті болуы керек. Мұндай адам заңға лайық әкім деп, ал оның басқаруы заңды деп аталады. Бұл қасиеттердің жалғыз өзінің бойына жинаған адам болмаса, бірақ ондай қасиеттер бір топ адамдарға жеке-дара тән болса, онда олардың бәрі әкімнің орнына заң бойынша бірлесе ие болады. Адамдардың бұл тобы заң бойынша қойылған басшылар деп аталады” [1, 42-43 бб]. Нағыз әкімі философ болу керек. Бұл туралы еліміздің белгілі философтары А. Қасабеков пен Ж. Алтаев былай дейді: “Сонымен “философ”, “заң шығарушы”, “имам” және “бірінші басшы” ұғымдары бір нәрсеге келіп қосылады. Олар бір мақсатқа қызмет етеді, бірақ бұл мақсаты әртүрлі әдістермен жүзеге асырады. Адамдар бірлестіктерінің ерекшелік белгілері болып табылатын теориялық және практикалық қайырымдылықтарға тек философияның көмегімен жетуге болады деп тұжырымдайды ұлы ғұлама” [2, 90 б.]. Бұл оймен толығымен келісуге болады. Ортағасырлық саяси-құқықтық ой тарихында әрқашанда мемлекетті басқарушы тұлғаның жеке қасиеттеріне ерекше мән берді және оған үміт  артқан болатын. Әл-Фарабидің қайырымды қаласын, Аристотельдің политиясымен теңестіруге болады. Қайырымды қала - мемлекет нысандарының барлық жақсы қасиеттерін өзінің бойына жинаған идеалды мемлекеттің көрінісі.

Ортағасырлардағы қазақ даласының ойшылдарының бірі, Шу бойынан шыққан Жүсіп Баласағұн болып табылады. Жүсіп Баласағұнның атақты шығармасы “Құтты білік” екендігін біз жақсы білеміз. ““Құтадғу білік” поэмасы Батыстағы әлемге австриялық шығыстанушы фон Хаммер Пургшталь арқылы белгілі болады. Қолжазба 1796 жылы Стамбулда оның қолына түсіп, оны Вена кітапханасына сыйға тартты. Бірінші басылымы неміс тілінде басылып, оған белгілі шығыстанушы Г. Вамбери түсініктеме берді. Поэманы ғылыми негізінде В.В.  Радлов  1891-1910  жылдары  түп-нұсқаны  аудармамен  салыстыра  отырып,  зерттеп  шықты”  [3,  131  б].

«Құтты білік» поэмасы, өлең сөзімен өріліп жазылған еңбек екендігі белгілі. Бұл еңбекте, ойшыл мемлекеттің басқару мәселесіне ерекше мән береді. Мемлекетті басқарушы тұлға бектей отыра, бектікке лайық бек қандай болу керектігін былай өлең сөзімен өре түседі:

“Елік айтты: Көңіліңді бұрайын,

Енді мына сауалымды сұрайын:

Жаратты адам баласын да бір Алла

Есті-ессіз, ұлық-кішік-бар онда.

Ақылды бар, ақымақ бар, бар ғалым,

Бай-кедей бар, надан, аңқау, бар залым.

Бәрін соның алаламай бөлектеп,

Басқаратын қандай болу керек Бек?

Елі гүлдеп, байып бектің бағына

, Даңқы тарап, өссе халық саны да!

Қазына толып, күміс судай ағылса,

Шоқтығы өсіп, күшіне әлем табынса,

Әскер толып, тұрса күші дігірлеп,

Тұрмыс, заңды тураламаса іліммен.

Бектің аты бар жаһанға тараса,

Күн-күн сайын құты артса тамаша.

Ұзақ бектік құрып, жетсе мұратқа,

Рахат көріп, мінгенінше пыраққа!

Өгдүлміштің Елікке жауабы

Айтты Өгдүлміш: - Құтты Бек!

Қиын сауал тынысымды тұтты кеп!

Бектік ісі аян бектің бәріне-

Бәрі жүйрік заң, саясат мәніне

Бектік үшін туған олар анадан,

Бектік сүтпен, іспен бойға тараған.

Жаратқан да берсе бекке береді,

Ес, парасат бекке керек-себебі:

Кімге бектік лайық соған сенеді,

Оған ақыл, жүрек, қанат береді.

Бектің ісі, тек бектердің еншісі,

Бектер ісін ұғар бекке тең кісі.

Білер бәрін едік бектік жөнімен:

Атасы бек болған, кейін - өзі бек! ” [4, 49-51 бб].

Бектікті баянды ету, қара халықпен қатынасқа байланысты екендігін салмай таныған ойшыл, қара халықпен былай қатынас жасау керек деп кеңес береді:

“Жай халықтың ісі, көңілі, құлқы да,

Сай білік, ақыл, құлқына.

Қара халық әдепті ойлап жүрмейді,

Араласу, заң-дәстүрді білмейді.

Оларсыз ешбір іс бітпейді емес пе?

Жылы сөйлес, тек олармен теңеспе.

Қара қылығы болар түгел қап-қара,

Өзің қара жағып алма, сақ қара,

Пейілі хошсыз, әрекеті кем келер,

Іс-қылығы құлығына тең келер.

Жеуді біліп, болса риза, қарны тоқ.

Құлқыны ойлар, одан басқа қайғы жоқ.

Жеуді, есті, қара жұртты білген ер.

Кісі парқын сынап, сөйлеп жүрген ер:

Қараның уайым-қайғысы бір тамағы,

Бұл жұрт құлқын үшін жанын салады.

Құлқын үшін өліп қанша халықтар,

Жер астында, от ішінде жаныпты!

Қара қарны тойса, тілі сайрайды,

Шек тұтпасаң әкімдікті ойлайды...

Олармен де араласқын, қандасым,

Ішіп-жемін беріп, тілдес жалғасып,

Жылы сөйле бер тұрғанда қолыңда,

Берген алар, пайдасы бар оны да.

Көп сөйлеме, тілді бағып, аралас,

Көп сөйлеген сөзде қадыр қалараз.

Не дейді, есті өзін тілден тиған жан,

Күллі сөзді сөз деп тілден шығарма,

Көніп, сақтап керегін айт ұғарға.

Ақылдыны көрдім өзі аз сөйлеп.

Өкінгені сөзім айдын көп қой деп....” [4, 70-71 бб.] Жүсіп Баласағұн мемлекетті басқаруда әрқашанда заңға сүйенуді бірінші орынға қойған. Заң болмай, мемлекетті басқару мүмкін емес деп санайды. Ел басқару заңы жөнінде былай дейді:

“Жауап беріп, айтты Өгдүлміш:

О, Елік! Күллі іске қолды тигіз әуелі.

Жарамсыз, сұм сөзге бұрма тіліңді,

Хақ құптамас, ей дария, білімді!

Ұлылықты алған жоқсың сен тілеп,

Берді құдай рақымымен белгілеп,

Бұл бектікті берді саған даралап,

Ей, білікті, шүкірлік ет бағалап!

Хаққа табын, сенің адал құлқына,

Бауырмал бол түзу қара жұртыңа.

Құмарлықты ақылыңмен қиғайсың,

Білігіңмен нәпсіңді сен тиғайсың!

Біліктінің шын сөзіне құлағын,

Білімімен тиған нәпсі құмарын:

“Нәпсіңді үз бойдан, жаның ағарар,

Нәпсі өлсе, ділің-тілің тазарар!

Сақ бол, нәпсі құлы болма, құрысын,

Құмарлық, нәпсі-екеуі де ұрысы!”

Көңілің неге орта түсті, ей, Елік,

Күшің кемел-күш қой істе сенерің.

Мұнша қатты қайғы жұттың несіне?

Тірлігіңді ащы тұттың несіне?!

Қазынаң мол, әскер-қосын, басың бар,

Барлық іске жолшы болар ақыл бар.

Сүйіндіріп әскеріңді сыйлағын,

Сонсоң әскер күшімен мал жинағын.

Не дейді, есті, жауды қуған асыл ер,

Асыл ерді көрсе, қасың бас иер:

“Әркез үстем тұтсын десең, қолдарың, мақтап ерді, әскеріңді қолдағын!

Қошта әскерді, тілегіңді тілегін,

Жау иіліп болар күллі тілегің!”

Қалың әскер ұстап, сыйла, тарылма,

Солар қияр саған шыбын жанын да!

Кәпір жауды жаншы, сақтан жәбірден,

Ақ пейілмен пәрмен тіле тәңірден.

Кәпір үшін қалың қосын, қол ұста,

Кәпір өлмес, сұм ажалға тоғытса.

Бұрханын шақ, өрте үйін, мал-жанын,

Жөн орнына мешіт-жәмшат салғаның!

Ұлын ұл қылып, қызын күң қыл, қосын ал

, Дүниесін қазынаңа қосып ал!

Шариатты тарат, ұғып, таны да,

Ізгі атағың бірге тарар бағыңа.

Мұсылманға қол тигізбе, жақындап,

Құдай өзі қорғайды оны, мақұлдап,

Мұсылманға – мұсылман, біл, туысқан,

Туысқаныңмен жұлыспай, жөн ұғысқан.

Әділ заң құр, ел марқайып, көсілсін,

Дұға қылып, өркеніңді өсірсін.

Құдай өзі берер саған берерін.

Екі дүние сендік болар, ей, ерім!” [4, 71-73 бб.].

Жүсіп Баласағұнның ойы бойынша заңның екі нысаны болады: дұрыс заң және бұрыс заң. Мемлекетті дұрыс заң арқылы басқаруды ұсынады.

Қорыта келгенде айтарымыз, ортағасырлардағы қазақ даласындағы саяси-құқықтық ой тарихында, мемлекеттік билік ісіне байланысты көзқарастар жүйесінде, әрқашанда мемлекетті басқарушы тұлғаның жеке қасиеті алғашқы орынға қойылды.

 

Әдебиетттер

  1. .Әл-Фарабидің саяси және құқықтық көзқарастары // Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы. Хрестоматия: 1-Кітап / Құраст.
  2. Кенжалиев З.Ж., Қуандықов Б.Ж. – Алматы: Өркениет, 2004. – 24-49 бб.
  3. .Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы. Оқу құралы. – Алматы: Ер-Дәулет, 1996. – 184 б.
  4. .Төребаев О., Каасаева Л. Жүсіп Баласағұн / Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы. - Білім, - 131-134 бб.
  5. .Жүсіп Баласағұнның саяси және құқықтық көзқарастары // Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы. Хрестоматия: 1-Кітап / Құраст. Кенжалиев З.Ж., Қуандықов Б.Ж. – Алматы: Өркениет, 2004. – 49-83 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.