Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың әдет-ғұрып заңдарындағы ауыр қылмыстардың билер сотындағы үлгілі шешімдері

Қазақтың әдет-ғұрып заңдар жүйесі, мәдени және демократиялық дәстүрлерге негізделген. Сондықтан өзіне тән ерекше құқықтық реттеушілік мәнін ХХ ғасырдың басына дейін сақтап келді және көшпелі өркениеттің шаруашылық – тұрмыстық, дүниетанымдық негіздері осы жаңа дәуірге дейін сақталғанын байқаймыз. «Қазақтың көне құқығы, ұлан-ғайыр «еркін» аймақта орналасқан, түркі тілді көшпелі өркениеттің төл туындысы, әрі мәдени жемісі, әрі мұрасы». [1]

Қазақ қоғамының ортағасырлық кезеңіндегі бүкіл құқықтық аумағында «Дала заңының» ролі өте жоғары болды, себебі рулық, тайпалық дәстүрлер адам санасына неғұрлым терең сіңіп, берік сақталуға негіз болды.

Қазақ халқының дәстүрлік құқығының асыл қорының, сақтаушы, «... реформаторы және жүзеге асырушы күші – билер болды». [2]

Би, біріншіден – сот болған. Қазақ даласында билік атаққа жету оңайға түспеген. Себебі, би болатын адам жасынан бастап «Дала заңының» негізгі қағидаларын, оның негізгі құқықтық нормаларын толық меңгеріп, атақты билердің үлгілі сөзінен нәр алған және оны басшылыққа алған. Билер ауыл мен ру бірлестігінен, жүзге, ұлысқа, бүкіл елге жүрген. Қазақтың құқығы ХІІІ ғасырда Шыңғыс ханның «Орда биі» атанған, Майқы биден басталады. Сондықтан дәстүрлік құқықта «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ерекше бағалау сөз қалған. Қазақ құқығының қайнар көздеріне «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» жүйеленген заңдар жинақтары есебінде жатқызылады. Біздің ойымызша, ал қазақ құқығының қайнар көздеріне; хандардың жарғылары, билердің үлгілі шешімдері, шариғат заңдары, Шыңғыс ханның заңдарында, арнайы атап жатқызғанымыз, қазақ құқығының қайнар көздерін толық зерттеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Билердің мәнін, мәртебесін анықтайтын қазақ құқығында арнайы нормалар бар. Ол  нормаларға

«Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бұрғаны – биді құдай ұрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ». Сондықтан да шындық пен әділдікке жету билердің соттық шешімінің түпкі мақсаты болып есептелген.  Соны  дәлелдейтін  мына  моралдік және құқықтық мақсаты бар ереже-мәтелдерге  көңіл аударсақ:

«Атаңның құлы айтса да, әділдікке бас и», «Әдет - әдет емес, жөн әдет», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік», «Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік», т.с.с.

Президентіміз Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі билер сотының маңызы туралы айтқан мына сөзінен құқықтың іс жүзіне асырылу жолын толық түсінуге болады: «Далалық демократияға, сондай-ақ тәуелсіз билер соты, әйелдердің ер азаматтармен тең құқықтығы, діни тақуалықтан аулақ болу, рулық тайпалық құрылым басшыларын көпшіліктің қалауы бойынша сайлап қою тән болатын» [3] деді.

Бұл мақаладағы негізгі мақсатымыз, қазақтың әдет-ғұрып заңдарының қайнар көздерінің негізінде, ондағы ауыр қылмыстардың билер сотындағы үлгілі шешімдеріне көңіл аудару. Құқық нормаларының жоғарыдағы көрсетілген жүйелі  заң жинақтарында  қылмыстың түсінігі  берілмеген.  Қылмыс жасағандарды «жын соққан»,«пері соққан», «жаман іс істеуші», «құдай атқан» деген аттармен атаған. Сол жинақтар бойынша, ауыр қылмыстардың негізінен мынандай түрлері көрсетілген: кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық, бүлік шығару, зинақорлық, адамның дене мүшелеріне зақым келтіру, әйел зорлау, діннен безу, басқа дінге өту, тәңірге тіл тигізу, біреудің қонысын иелену, ата-анасын ұру, біреудің от басына бүлік салу,  өкіметке  қарсы көтеріліс жасау. [4] Қылмыс субъектісіне он бес жасқа толған, есі дұрыс, әрекет қабілеттілігі бар адамдар жатқызылған. Құлдар, есі дұрыс емес адамдар, мылқаулар қылмыс субъектісіне жатпаған. Билер соты ауыр қылмыстарды шешу кезінде әртүрлі мынандай принциптерді басшылыққа алған, оларға: «қанға қан, жанға-жан», «құлаққа- құлақ, тұяққа-тұяқ». Қылмыспен жазаны – бөліп қарауға болмайды, өйткені олар қатар жүретін құбылыс. Әдет- ғұрып заңдарында жазаның ауыр, жеңіліне байланысты екі түрлі болған: басымен тартатын жаза, малымен тартатын жаза. Әдет-ғұрып заңдарында билер соты өз билігінің жариялы болуына байланысты айқын көрініс табады. Билер соты үш сатыдан құрылған: а) төменгі сатысына – ауыл ақсақалдарының жеке билігі; б) екінші сатысына – жүгініс, яғни мұндай билікке 1-2 би, не сегіз адамға дейін ақсақалдар қатысқан; в) үшінші, ең жоғарғы сатысы ретінде – «Билер кеңесі», онда 6-дан 24-ке дейін билер қатнасқан. [5] «Билер кеңесі» рулар, тайпалар арасындағы шиленісіп кеткен даулар бойынша жүргізілген. Билер соты ашық жүргізілген, яғни соттағы екі қарсылас жақтың адамдарымен қатар, тұрғындар да сот процессінің, билер шешімінің қатнасушылары болған. Билер сотында қазақ билері өз руларының атынан ақтаушы (адвокат) не айыптаушы (прокурор) ретінде қатынаса алған. Ал қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеу билердің өз шешімдерімен ұйымдастырылған. Билік шешімдер, үстем таптың мүдделеріне сәйкес көпшіліктің келісіміне сай болған, сондықтан үкімнің орындалуына кепілдік ретінде саналған.[6]

Біріншіден, билер сотының төменгі сатысы жеке бидің немесе ауыл ақсақалдарының кейбір ауыр қылмыстарды шешудегі үлгілі шешімдеріне көңіл адарайық. Мысалы керей мен  көкше  руларының арасында қан дауы болып, көкшенің бір адамы бір атты ұрлағаны үшін, кісі өлтіріп ауыр қылмыс жасаған. Сол қылмыстың шешімін айтуға Ақтайлық биді шақырады. Ақтайлақ би, пара алмайтын әділ би болған соң. Керей жағына шешімін бұрып өлген кісінің құны туралы былай депті:

Сен төрт кісі күмән ұстасаң, Мен тоқсаң түйе құн кестім. Сөзімнің болса расы,

Бүгін керей өлгенде, Ертең найман өлмей ме,

Өлімді жанның мұрасы – дейді Бидің бұл шешіміне екінші жақтың өкілі Солтабай (Бопы) келіспепті, бірақ би оның Көкшеден 40 кез торғын мен сары қасқа атты пара ретінде жасырын алғанын біліп,

Әуелі бағыра ашылса Аққу шомар көлдерге,

Туысқаны кімнің көп болса Үлкен медеу белдерге.

Қырық кез торғын жатыр ғой, Ақ саңдықтың түбінде.

Бәрін айт та бірін айт Сұлтан жан-ау

Сары қасқа ат тұрғой белдеуде – деген екен, Солтабай (Бопы) жеңіліпті, Ақтайлақ бидің сөзі қабылданып, екі елдің дауы солай әділ шешіліпті. [7]

Жағалбайлы Дербесәлі байдың баласы, солардың жылқысын бағып жүрген жылқышының әйелін тартып алып, өзін қуып жіберіпті. Яғни ауыр қылмыс жасапты. Ол қылмысты шешуге Жетес мынандай сөз айтыпты:

Дәкем деп сізді мақтайды,

Дегдары асыл адамдар

Қоңсыны шетке қақпайды.

Негізі жаман болмаса

Қойшы мінген байталға

Қазан ат айғыр шаппайды.

Сонда сол сөзді өз мәнінде түсінген

Дербісәлі болыс тарту-таралғы төлен жылқышының әйелін өзіне қайтартыпты. [8]

Ұлы жүз Үйсін Ошақты деген елден,

Орта жүздің баласы Құлназар атты адамды әдейі  өлтіріп, ауыр қылмыс жасайды. Сонда Ақбура Бөрібай деген ақын:

Құлназар келіп өлді ауылыңа

Ішім оттай күйеді бауырыма.

Алты жақсы, жүз жылқы құн бермесең

Есекем таңба салар сауырыңа – деп өлген кісіге құн талап етеді. Құн талап еткен жақтан Едіге би келеді, кіші жүзден де белгілі адамдар амандасып келіпті. Дау-шар айтылмай, амандық айтып отырсқан кезде ұлы жүзден біреуі, орта жүз адамдарына мынандай сөз айтады – «Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті атасын жетелеп жүрген бар ма екен? Алмасың болса мойным бар, асылың болса, қойным бар» - депті. Сонда Едіге би – «ақсақал, кішкене мойныңызды бұрыңыз, киіз кімдікі болса, білек соныкі, ауыз кімдікі болса, сөз сонікі, шыққан жеріне қайтіп сыймайды. Жарлық өзіңізден болды, жабдықта өзіңізден» - депті. Жұрт бірінен- бірі Едіге биден, ол сөйлеген кім дегенде, ол үйсін Төле би, мен біттім, тындым – депті. Қалай біттің деген сұраққа Едіге би – ертең таң атысымен алты атаның ұлы Арғынға алты ат бастатқан тоғыз жібереді, төрт атаның ұлы Тортуылға төрт түйе бастатқан тоғыз жібереді. Оны аз қылса, қолынан ұстап жалаңаш қыз береді, «Жарқын» деген өлген адамның құны осы болатындығын айтыпты. [9]

Билер кеңесі, кейінгі деректерге қарағанда ХҮІІ ғасырда пайда болып хандық дәуірдегі жоғарғы билік инстанциясы ретінде маңызы зор болған. Оны бір бірінің ұқсастығына қарамай хан кеңесінен айыра білу қажеттігі бар. «Билер Кеңесі» халыққа жақындау, күнделікті мәселелерді өз тұғырынан шешсе, «Хан Кеңесі» жыл сайын белгіленген айда, Сайрам жанындағы Мәртөбе, Сырдариядағы Күлтөбеде, Түркістанға таяу Битөбеде өткізіліп тұрған. Оның мүшелігінде, хандықтың билері, он мың басылар, қолбасшылар, ханның жақындары болған. «Жеті Жарғы» заңдар жинағында, «Билер Кеңесінің» мақсаты туралы «жыл сайын күзде төрелер мен ру, тайпа басшылары түгелімен дүйім халыққа ортақ, маңызды мәселелерді талқылау үшін белгілі бір орында жиынға (құрылтайға) жиналып отыруы тиіс» [10]

Біздің ойымызша, сот билігінің ең жоғарғы органы ретінде «Билер Кеңесінің» маңызы өте зор болды. Осыған орай Б.Қуандықовтың онда қаралатын мәселелерді төмендегідей топтарға бөлгеніне толық қосыламыз, яғни «- бүкіл қазақ еліне қатысты заңдарды, жол, жоралғыларды талқылап құптау (мақұлдау);

  • жаугершілік, соғыс мәселелерін шешу;
  • күллі қазаққа танымал батыр билердің т.б. бас бұзарлық істерін қараған;
  • елдің қол бастар бас сардарын тағайындаған;
  • сырт елмен қарым-қатынас мәселелерін талқылаған (елшілерді белгілеу т.б.);
  • көш қон (жайлау, күздеу, көктеу);
  • рулы елге іріткі салатын, ел қауіптілігіне қатер төндіретін дауларды шешкен;
  • үлкен даулы істерге байланысты билердің шешкен істерінің дұрыс-бұрыстығын талқылаған;
  • ел бірлігінің ұйтқысы болған пірді сайлаған» [11]

«Билер Кеңесінің» шығарған үлгілі шешімдері, кейінгі болатын жиналысына дейін бұзылмаған  және барлық бірінші сатысы «төменгі» жеке билік жасайтын ауыл ақсақалдарына, екінші сатысы, жүгініске қатынасатын билер тобына міндетті түрде басшылыққа алып орындалуы тапсырылған. «Билер Кеңесінің» шешімдерін орындамағандарға арнайы шаралар қолданылуы қарастырылған.

Қазіргі кезде, халық мұрасын, егемендік еліміздің бүгінгі күнгі даму талабына сай жандандырып, келешек ұрпақ мұратының игілігіне жарату, үлкен міндет болып отыр. Сондықтан, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жиналған тәжірибесіне сүйене отырып, егеменді ұлттық мемлекетіміздің жаңа заңдарын шығарғанда бұрынғы заңдардың пайдалы жағының ескерілуінің қажет екендігін атап айтқымыз келеді.

Қорыта келе айтатынымыз: Би – қоғам қайраткері, ханның кеңесшісі, көкрек көзі ашық, сот қызметін атқарып әділ биліктер шығарушы, халықтың қамын жеп, өз елі мен ерлерінің намысын қорғаушы, өздерінің сөзге шешендігімен белгілі, заңды қорғаушы, жинаушы және реформаторы және сол кездегі қазақ қоғамындағы идеологитар, дипломат, елші және тәрбиеші, ұстаз болған. [12]

 

Әдебиеттер

  1. Зиманов С.З. «Қазақтың ата заңдары» т.І - Алматы, 2001, 15 бет
  2. Зиманов С.З. «Қазақтың ата заңдары» т.І - Алматы, 2001, 17 бет
  3. ҚР Президенті Н.А.Назарбаев «Тарих толқынында» Алматы, 1999, 99 б
  4. «Қазақтың ата заңдары» т.ІІ - Алматы, 2004, 288 бет
  5. «Қазақтың ата заңдары» т.ІІ - Алматы, 2004, 99 бет
  6. «Қазақтың ата заңдары» т.ІІ - Алматы, 2004, 99 бет
  7. «Қазақтың ата заңдары» т.ІІІ - Алматы, 2004, 285-286 б.б.
  8. «Қазақтың ата заңдары» т.ІІ - Алматы, 2004, 292 бет
  9. «Қазақтың ата заңдары» т.ІV - Алматы, 2005, 515-516 б.б.
  10. «Қазақтың ата заңдары» т.ІІ - Алматы, 2004, 352 бет

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.