Қазіргі кезеңдегі демократиялық елдердің барлығы референдумды, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешудің бірден-бір демократиялық жолы ретінде таниды. Қазақстанда дамыған мемлекеттердің үрдісіне ілесу үстінде қоғамдағы маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешуге көңіл қойып отырған мемлекеттердің брі болып табылады. Сондықтан да, референдум Қазақстанның конституциялық кеңестігінде маңызды роль атқарады. Осы жерде республикалық референдум дегеніміз не? - деген мәселеге тоқталық өту қажет болып табылады. Себебі, референдум мәселесінің ұғым-түсінігін айқындамай, оны өткізудің негіздері туралы сөз қозғау қиын. Қазақстан Республикасының 2 қараша 1995 жылы қабылданған “Республикалық референдум туралы” конституциялық заңында оған мынандай түсінік берілген: “Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге е неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдерінің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру” [1, 39 б]. Кейбір зерттеуші ғалымдар референдумды өткізудің конституциялық – құқықтық мәдениетінің әлі қалыптаса қоймағандығын былай түсіндіреді: “Институт народовластия – референдум является одним их важных в казахстанской модели народовластия на переходном этапе его развития.
На сегодняшний день Казахстан не имеет достаточно большого опыта в проведении референдумов, как, например, Италия или Швейцария. Однако, у нас имеются достаточно большие возможности в применении данного непосредственного института народовластия, что подтверждает конституционно-нормативная база” [2,с 159]. Қандай жағдайларда республикалық референдумның тағайындалатындығын қазақстандық белгілі ғалым А.К. Котов кезінде былай топтастырып көрсеткен болатын:
“- во-первых, установление Конституции Республики Казахстан;
- во-вторых, избрание законодательной власти;
- в-третьих, определение статуса депутатов Парламента;
- в-четвертых, переименование страны. Также, к исключительным вопросам референдума следует отнести вопрос о продлении полномочий Президента” [3, с 99]. Біз сөз етіп отырған заңда республикалық референдумды тағайындау жөніндегі бастамашылық құқығының берілу мәселесі де қаралады. Аталған заңның 11 бабында былай деп көрсетілген:
“1. Қазақстан Республикасының Президентіне;
- Қазақстан Республикасының Парламентінде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентіне тілек білдіреді. Бастамашылық көтеруді Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселені әуелі-мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы жүзеге асырады және Парламент Палаталарының тиісті қаулыларымен рәсімдейді.
- Қазақстан Республикасының Үкіметінде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентіне тілек білдіреді. Бастамашылық көтеруді Үкімет өзінің мәжілісінде мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады және тиісті қаулымен рәсімдейді.
- Сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде білдіретін республикалық референдумға қатысу құқығы бар екі жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Республика Президентіне тілек білдіреді.
Бір ғана мәселе бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстар қайтара енгізілуі мүмкін және оларды Республика Президенті аталған мәселе (аталған мәселелер) жөнінде алдыңғы шешім қабылданғанан кейін кемінде екі жыл өткеннен соң ғана қайтадан қарайды” [4, 41 б]. Республикалық референдумға шығарылмайтын мәселелер де бар. Оған 2 қараша 1995 жылғы “Республикалық референдум туралы” Конституциялық заңға сәйкес мынандай жағдайлар жатады:
“1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкеліп соғатын;
- мемлекеттік біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын Республиканың басқару нысанын өзгерту;
- Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы мен шекараларының;
- сот әділдігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қорғау;
- бюджет пен салық саясаты;
- рақымшылық пен кешірім жасау;
- Республика Президентінің, Парламент Палаталары мен Үкіметінің қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымынан бостау;
- Республиканың халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелерін орындау мәселелері референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды” [5, 39 б]. Қазақстан жағдайында оның тәуелсіз ел ретінде дамуында ек імәселе республикалық референдум талқысына қойылған болатын. Оның біріншісі, Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы мәселе болса, екіншісі еліміздегі қолданыстағы Қазақстан Республикасынң Конституциясын қабылдау мәселесі еді. Оның нәтижелері төмендегідей болды: “Первый референдум в 1995 г. проводился 29 апреля по вопросу “Согласны ли вы продлить до 1 декабря 2000 года срок полномочий Президента Назарбаева Н.А., всенародно избранного 1 декабря 1991 г.”. В процессе проведения этого референдума голосование состоялось на всех 10194 участках референдума. Из 9110156 граждан республики, внесенных в списки для участия в референдуме, в голосовании приняли участие 8309637 человек, или 91,21 %. Из принявших участие в голосовании граждан 7932834 высказывались за продление полномочий Президента, что составило 95,46%, 312256 или 3,76% проголосовали против. 64647 (0,8%) бюллетеней признаны недействительными. Второй референдум в 1995 г. был проведен 3 августа по вопросу: “Принимаете ли вы новую Конституцию Республики Казахстан, проект которой опубликован в печати 1 августа 1995 г. В процессе проведения этого референдума голосование состоялось на всех 10253 участках. Общее число граждан республики, включенных в списки для голосования составляло 8933516 человек. Число граждан, принявших участие в голосовании составило 8091715, или 90,58%. Число граждан, проголосовавших “да” -7212773, или 89,14 % проголосовавших “нет” – 800839, или 9,90%, число бюллетеней, признанных недействительными- 78,103” [6, с 55-56]. Қазақстан Республикасында республикалық референдум комиссиясының органдарының қатарына орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиясы, учаскелік сайлау комиссиялары жататындығын біз білеміз. Осылардың ішінде республикалық референдумды өткізуге байланысты негізгі өкілеттілік орталық референдум комиссиясына немесе орталық сайлау комиссиясына берілген болатын. Біз сөз етіп отырған республикалық референдум туралы заңның 21 - бабына сәйкес орталық рферендум комиссиясының өкілеттері төмендегідей:
- Республикасының бүкіл аумағында референдум туралы заңның орындалуын бақылауды жүзеге асырады; оның біркелкі қолданылуы қамтамасыз етеді; өз құзіреті шегінде Республиканың бүкіл аумағында міндетті шешімдер қабылдайды;
- референдумға дайындық пен оны өткізуді ұйымдастырады;
- референдумды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығыс сметасының жобасын жасайды және оны Республиканың Үкіметіне табыс етеді;
- референдум комиссияларына басшылықты жүзеге асырады, олардың шешімдерін жояды және кідірте тұрады; референдумды ұйымдастыру мен өткізуге арналған қаражаттарды олардың арасында бөледі;
- референдум комиссияларын материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйін бақылайды;
- референдум туралы заңдардың бұзылуы туралы арыздар мен шағымдарды қарайды;
- дауыс беруге арналған бюллетеньдердің, сайлаушылар тізімінің, қол қою парақтарының, референдум өткізу үшін қажетті өзге де құжаттардың нысандары мен мәтіндерін; дауыс беру уақытын; референдум құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді;
- референдум комиссияларының, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының референдумға дайындық пен оны өткізуге байланысты мәселелер жөніндегі есептерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңды сақтау мәселелері бойынша хабарламаларын тыңдауға қақылы;
- референдумға дайындықтың барысы туралы азаматтарға хабарлап отырады;
- Республика бойынша тұтас алғанда референдумның қорытындыларын шығарады, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабар берілуін қамтамасыз етеді;
- референдумның бастамашыл тобын және оның референдумға ұсынатын мәселесін (мәселелерін) тіркеуді жүзеге асырады және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабар орналастырады;
- референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
- референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәлік беруді жүзеге асырады, сонымен бір мезгілде қол қою парақтарын береді;
- осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда бастамашыл топ мүшелерінің қызметін; бастамашыл топтың қызметін тоқтату туралы және оны тіркеу жөніндегі куәлікті қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;
- осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген учаскелерде (әкімшілік-аумақтық бірліктерде) референлдум өткізуді жарамсыз деп таниды;
Орталық референдум комиссиясының мәжілістері, оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы. Орталық референдум комиссиясы өз шешімдерін, оның мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды” [7, 44-45 бб]. Міне, біз жалпы республикалық референдумның кейбір құқықтық аспектілеріне көңіл бөлдік. Енді, референлум талаптарының бұзылуына байланысты азаматтық сот ісін жүргізудің кейбір қырларына көңіл қоятын болсақ, негізінен бұл мәселені шешуде сот органдары азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптарына сүйенетіндігі белгілі. Қазақстан Республикасының 13 шілде 1999 жылы қабылданған Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25 – тарауы осы мәселелерге арналады. Жалпы Қазақстан Республикасының әрбір азаматы немесе мемлекеттік органнның лауазымды тұлғалары, басқа да қоғамдық бірлестіктің өкілдері, өздерінің референдумға байланысты құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгінуге толық құқылары бар. Референдум талаптарының бұзылуына байланысты арыздарды қарау мынандай тәртіппен жүзеге асырылады:
- Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бiр ай iшiнде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын , дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.
Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегi түзетулер қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс.
- Арызды сот арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды. Бұл азаматтық іс жүргізу Кодексінің талабы тек референдумға ғана қатысты емес, сонымен қатар сайлау құқығының мәселесін қамтиытындығын көріп отырмыз. Қазақстан жағдайында референдум талаптарының өте өрескел бұзылуына байланысты аты шулы істер болмаса да, негізінен құқықтық базаның толық барлығын байқауға болады. Егер, Қазақстан жағдайында референдумды болашақта кеңінен қолдану қолға алынатын болса, осыған байланысты азаматтық іс жүргізудің де негіздерін жетілдіре түсу қажет. Бұл бағытта мынандай жағдайларды ескеру керек:
Біріншіден, дамыған елдердің осы бағыттағы тәжірибесіне көңіл бөлу;
Екіншіден, референдум талаптарының бұзылуына байланысты сот тәжірибесін саралаудан өткізе отыра, заңнаманы жетілдіру. Міне, осы жағдайларды негізге ала отыра ғана, осы бағыттағы азаматтық сот ісін жүргізудің конституциялық негіздерін одан әрі дамыта түсеміз.
Әдебиеттер
- .Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592 Заңы // Қазақстан Республикасының Президент, Парламент, Үкімет, референдум, сайлау туралы Конституциялық заңдары. - Алматы: Юрист,- 39-49 бб.
- .Мухамбедьярова А.Т. Институты народовластия в условиях социально-политической трансформации казахстанского общества // Развитие институтов демократии в Республике Казахстан в свете конституционной реформы 2007 года: Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, 2008. - 29 февраля. - С. 157-160.
- .Котов А.К. Суверенный Казахстан: граждан, нация, народ (вопросы конституционного права). – Алматы, 1996. - С. 4.Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592 Заңы //
- Қазақстан Республикасының Президент, Парламент, Үкімет, референдум, сайлау туралы Конституциялық заңдары. – Алматы: Юрист, 2008.- 39-49 бб.
- 5.Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592 Заңы // Қазақстан Республикасының Президент, Парламент, Үкімет, референдум, сайлау туралы Конституциялық заңдары. - Алматы: Юрист, 2008.- 39-49 бб.
- .Баймаханова Д.М. Некоторые вопросы конституционно-правового регулирования политических прав и свобод граждан Республики Казахстан // Вестник КазНУ. Серия юридическая. - 2003. - №2 (27). - С. 55-58.
- .Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592 Заңы // Қазақстан Республикасының Президент, Парламент, Үкімет, референдум, сайлау туралы Конституциялық заңдары. – Алматы: Юрист,- 39-49 бб.