Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатын орнықтырудағы мемлекеттің қызмет істеу бағыттары

 2009 жыл 28 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында ҚР Конституциясында әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың ықпалды тетіктерін одан әрі қалыптастыру болып табылатындығы айқындалған. Тұжырымдамада көрсетілгендей мемлекетіміздің кешенді, көпсалалы сипаттағы әлеуметтік-құқықтық саясаты әлеуметтік маңызы бар проблемалардың кең ауқымын шешуге бағытталған. Оған, атап айтқанда, білім беру және денсаулық сақтауды, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды және төтенше жағдайларға жол бермеуді құқықтық реттеу жатады.

Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болумен қатар өзін-өзі сондай-ақ әлеуметтік мемлекет ретінде де орнықтырады[1]. Оның өзіне тән сипаттамалары бар.

Ең алдымен әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға, жүздерге емес, қоғам мен адамға тұтастастай қызмет етеді. Ол мемлекеттік көздер есебінен барлық азаматтарға, мүмкіндігінше, бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықты да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшынады.

Мемлекеттің әлеуметтік сипатын республика Конституциясында Қазақстан мемлекетінің қолдауына кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, жанұя, ана, әке мен балаға, мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұрғындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік салалардан көруге болады[2].

Мемлекеттің әлеуметтік функциясы ұлт арасындағы теңдікті сақтап, жұмыссыздық санын азайтуға, жалпы айтқанда халықтың әл-ауқатын тұрақтандыруға бағытталған. Бұл үшін әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар жасап, жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтың нақты бір категориясының мүддесін қорғау үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджетті қаржыландыруға жүгінеді.

Мәселен, ҚР Үкіметі 1995 жылғы желтоқсанда «1996-1998 жылдары реформаны тереңдету жөніндегі іс- қимыл бағдарламасын» қабылдады. Оның негізгі бөлімдерінің бірі – «әлеуметтік саясат» деп аталады. Еліміздің тұрғындарының мемлекеттік-әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президенті қабылдаған 1995 жылдың 19 желтоқсанындағы «ҚР тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына жатады. Әлеуметтік заңдар саласында Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып зейнеттік жүйені түбегейлі реформалауға көшті.

Әлеуметтік саладағы мемлекеттің ең маңызды қызмет ету бағыттарының бірі білім беру жүйесінің барлық сатыларын реформалау. Республикамызда соңғы жылдары мүлде жаңа сипаттағы мектептер жүйесі дами бастады. Қазіргі кезеңде Қазақстанда мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарыдан басқару принципіне негізделген Еуропалық типтегі зайырлы білім беру жүйесі жұмыс істейді. Сала құрылымында барлық білім беру баспалдақтарының сабақтастық принципі енгізілген. Мысалы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, кәсіптік-техникалық білім, арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі және қосымша біліктілікті арттыру және кадрларды қайта әзірлеу.

«Қазақстан-2030» стратегиясында Елбасы Үкіметке 1998 жылы мектептерді компьтерлендіруге кірісу жөнінде нақты тапсырма берген еді. Осыған сәйкес 1997 жылғы қыркүйектің 22-де Президент бекіткен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың кең ауқымды мемлекеттік бағдарламасы жасалып, іске асырылды. Ол бес жылға жоспарланып, бірнеше кезеңмен жүргізілді.

Жоғары оқу орнына қабылдау жөнінде елімізді елең еткізген арнайы реформа болашақ кадр сапасын бүгіннен ойлаған мемлекеттің әлеуметтік саладағы игілікті нақты қызметтері десек болады. Мәселен, экономикалық дағдарыстың сонау жылдарындағы өтпелі кезеңнің қиыншылығына байланысты кейбір отбасылар мектепті үздік бітірген талапты ұл-қыздарын қаржы тапшылығы салдарынан өз білімдерін ЖОО-да жалғастыруға жағдайларының көтермейтіндігін де жасыра алмады. Соған сәйкес ЖОО-да талапкерлер қабылдаудың мемлекеттік грант пен несие формасындағы аймақтық комиссия қызметі білімді жастардың болашағына жол ашып берді.

Азаматтардың білім алу құқығы –республика азаматтарының мемлекеттің негізгі заңында бекітілген басты әлеуметтік құқықтарының бірі.

Еліміздегі білім беру саласын әлемдік деңгейге көтеру кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқандығы белгілі. Жыл өткен сайын мемлекеттік бюджеттен білім саласына бөлінетін қаржы өсе түсуде. Мәселен, 2006- жылы білім саласына бюджеттен 344 млрд.теңге бөлінсе, 2009-жылы бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі 540 млрд, теңгеге жеткізілді.[9] Мемлекет басшысының Жарлығымен білім саласын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарламада білім беретін мамандардың сапалық деңгейін жақсарту арқылы ұлттық рух деңгейін көтеретін және бүгінгі жаңа заманға жауап беретіндей маман кадрларын әзірлеу көзделген. Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикалық бюджеттен мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелерді салу құрылысына қомақты қаржы  қарастырылды.  Яғни,  бұл  салаға  бөлінетін  қаржыны  2006-2008  жылдары  3  млрд.теңгеге көтеру міндеттелсе, алдағы үш жылда 249 мектеп салу жобаланып отыр. Жалпы білім беру, денсаулық сақтау сияқты салаларға кадрлар тарту мен кадрлық әлеуетті нығайту үшін 2008 жылғы 1-қаңтардан бастап еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арнап бір айлық лауазымдық жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төлеу бұл саладағы кадрлардың тұрақталуына жәрдемдесетіні анық. Әлеуметтік мемлекет орнықтырудағы ерекше назардағы ауқымды мәселенің бірі кадрларды қайта әзірлеу, сапалы маман иесін дәл бүгіннен дайындау. Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан мемлекет ақылы оқитын студенттерге мемлекеттік қосымша білім беру гранттарын ұсынды. Мысалы, 2008-2009 оқу жылында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 380 студенті ҚР БжҒМ «Білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын және қосымша білім беру гранттарын тағайындау туралы» бұйрығымен мемлекеттік білім гранттарына ие болды.

Денсаулық сақтау ісі мемлекеттің әлеуметтік қызметіндегі ерекше нысанасы болып табылады. Алғашқы қабылданған 1997 жылы 19 мамырдағы «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» базалық заңында адамдардың денсаулығын қорғаудың мемлекеттік саясатының принциптері келесідей белгіленді: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің гарантиялы көлем шеңберіндегі дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік және дәрі-дәрмектік көмек берілуінің қолайлы, үздіксіз, тегін болуымен олардың іске асырылуының өз жауапкершілігіне алуы. Денсаулық сақтау проблемаларына Президент Н.Назарбаевтың 1997 жылғы қазан айында Қазақстан халықына арнаған Жолдауынан кейін назар аудару күшейе түсті. Оның «Қазақстан-2030» стратегиясы денсаулықты, салауатты өмір салтын мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімді бағдарламалардың маңызды салаларының біреуі деп санай отырып, мынадай бағыттарды белгіледі:

  • Ауру-сырқаудың алдын алу және салауатты өмір салтын нығайтуға жағдай жасау;
  • Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес;
  • Темекі мен ішімдіктерді пайдалануды қысқару;
  • Балалар мен аналардың денсаулығын жақсарту. Нәресте мен анасының денсаулығын қорғау;
  • Қоректенуді экология мен қоршаған орта тазалығын жақсарту.

1998 жылдың 18 мамырында ҚР Президентінің «ҚР азаматтарының денсаулығын жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы» Жарлығы қабылданды. 1998 жылы оның тапсырмасы бойынша «Халықтың денсаулығы» атты республикалық бағдарлама жасалды. Республикада денсаулық сақтау саласында мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларын дамыту іске асырылды. Осы мақсатта субъектілерге жеке медициналық қызмет істеуге лицензиялар берілді, осы саладағы мекемелерді жекешелендіру процесі жүргізілді.

Дәрі препараттарына республикалық сұраныстың есептік сомасы 300-400 млн. АҚШ долларындай болды. Бұл еліміздегі аурулар санының артуын білдіріп отырса, нашақорлық пен маскүнемдіктің өсуі де белең алған болатын. Мысалы, 2001 жылдары республика бойынша 160 мыңдай маскүнем, 6-7  мыңдай нашақор есепте болған. Басқа медициналық көмекті қажет ететін қауіпті аурулар да жоғары деңгейде болды[6].

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағынан қорғаудың негіздері, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысандарына қарамастан, азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқығын іске асыруға қатысу мәселелері қазіргі таңда «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі арнаулы Заңымен іске асырылады.

Мемлекет 2006 жылы адам денсаулығын жақсартуға 81,4 млрд.теңге, ал 2007 жылдың аяғына дейін 97,2 млрд. теңге жұмсап отыр. Бұл көрсеткіштер өткен жылдарға қарағанда, өте жоғары. Яғни 16% артқан.

Жалпы, елімізде тегін медициналық қызмет көрсету жақсара түсуде. Мәселен, бұл салаға бюджеттен 40 пайызға дейін қаражат жұмсалған, ал анығырақ айтсақ, 2005 жылы тегін медициналық көмек көрсетуге 33,4 млрд.теңге, 2006 жылы 41,6 млрд теңге жұмсалған екен. 2007 жылдың I тоқсанында бұл салаға жұмсалатын қаражат екі есеге дейін өсіп отыр. (1-сызба)

  Республика бойынша тегін медициналық көмек көрсету көрсеткіші (млрд. тенге) 1-сызба

 Тегін медициналық қызмет көрсету 2005 жылы бір адамға шаққанда 7785 теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2006 жылы 9198 теңгеге жетті. 2009 жылға арнап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алуды қорытындылау үшін жеткізіп берушілерді іріктеу қорытындысы бойынша ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

67 денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық қызметтерді көрсетуге шарттар жасасты. Оның ішінде Түркістан қалалық балалар емханасы, Түркістан диагностикалық орталығы, «Эмаль» тіс емханасы, «Сара+» ЖШС, Ясауи атындағы ХҚТУ клиникасы(Шымкент) бар[5].

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған қаражат көлемі 2004 жылғы 90,5 млрд теңгеден 2008 жылғы 227,9 млрд теңгеге дейін немесе 1 адамға шаққанда бұл кезеңде 6025 теңгеден 14639 теңгеге дейін ұлғайтылды(2-сызба).

  2004-2008 жылдарды салыстырғанда тегін медициналық көмек үшін бөлінген қаржы(млрд теңге).

 2005 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен алғанда 32 пайызға көтерілді. Ал 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысы тағы да 30 пайызға, ал 2008 жылы 25 пайызға өсті. Мұның өзін мемлекеттің денсаулық сақтау қызметкерлерінің әл-ауқаттық жағдайын көтеруге жасаған іс-әрекеті деп білеміз.

Таяудағы 3 жыл ішінде саладағы проблемаларды жүйелі шешуді айқындайтын негізгі құжат – Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. 2009 жылы көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын басқару үшін негіз салынатын болады. Осыған орай емдеу ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеу жүргізіледі, ол ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастырудың мақсатқа лайықтылығын айқындауға мүмкіндік береді. Мыналар саланың басым бағыттары болып табылады:

  • Азаматтардың денсаулығын нығайту;
  • Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру;
  • Кадр ресурстарын және медицина ғылымын дамыту;

Стратегиялық жоспарды іске асыруға арналған республикалық бюджет шығыстары 2009 жылы 299,5 млрд теңге, 2010 жылы – 411,6 млрд теңге, 2011 жылы – 368,9 млрд теңге көлемінде көзделген.

2003 жылдың 10 қазанында мәжілістің әлеуметтікті дамыту комитеті «балаларды, аналарды және жанұяны заңды қамтамасыздандыру» тақырыбында парламенттік тыңдаулар ұйымдастырды. Бұндай шараны ұйымдастыру қажеттілігі балаларды, аналарды және жанұяны қорғау саласындағы кешенді мәселелердің көптігінен туындайды. Бала туудың төмендеуі мен адам өлімінің жоғары көрсеткіші тұрғындар санының өсуі 1990 жылмен салыстырғанда үш есеге төмендеді .[2]

Қазақстандағы басты мәселе ана өлімі көрсеткіші жоғары екені байқалады. Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласының жағдайлары алаңдатарлық әйел денсаулығының индекстік көрсеткіші төмендеуде, мемлекет бойынша 30%, кейбір аймақтарда 20% - ды құрайды. Соңғы бес жыл көлемінде жүктілік кезіндегі асқыну көрсеткіші 43% өсті. Соның нәтижесінде болашақ аналардың 65% әр түрлі потологиялық кеселдермен ауырады, Қазақстан жерінің 1/3 бөлігінің ғана босануы қалыпты өтеді.

Денсаулық сақтау құқы, сондай-ақ азаматтардың әр түрлі жолдарды (бұқаралық ақпарат құралдары, өтініш, хат және т.б.) пайдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізі – қоршаған табиғи орта. Оның жағдайы қандай болса, адамдардың денсаулығы да сондай болады. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы өз алдына ауқымды әлеуметтік мәселе болып табылады.

Келесі бір әлеуметтік саясаттың негізгі салалардың бірі еңбекпен қамтудың құқықтық мәселелері және халықты жұмысқа орналастыру.

Қазақстан Республикасы саясатының негізгі принциптері көрсетілген «Халықты еңбекпен қамту туралы» заңда азаматтардың өміріндегі еңбектің басымдылығы, еңбекпен толық қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар жүргізу, барлық азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету әділетті түрде атап көрсетілген. 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Заңының күші жойылып, оның орнына қабылданған жаңа Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарын реттеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен 2007 жылы 15 мамырда қабылданған ҚР Еңбек Кодексі еңбек ету бостандығын жариялай отырып, еңбек шартының еркіндігіне де кепілдік береді. Мемлекет жұмыс істегісі келетіндердің жұмысқа орналасуын көздейді. Алайда, нарықтық қатынас жағдайында, жеке кәсіпорын пайда болған кезде мемлекет онда жұмыс істегісі келетіндерді оған күштеп қабылдаттыруға жол берілмейді. Жеке кәсіпорын (кәсіпкерлер) жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару мәселелерін заң негізінде өз қалауларымен шешеді. Мемлекет, бұрынғы Кеңес өкіметі кезіндегідей, олардың саны қысқарып жатқандықтан оларды өз кәсіпорындары мен мекемлелерінде орналастыруға мүмкіндіктері жоқ. Соның нәтижесінде  жұмыссыздық пайда болады. Республика бойынша жұмыссыздық деңгейін анықтау мақсатында төмендегі статистикалық мәліметтерді келтіре кетсек;[10]

2007 - 2009 жылдары аралығында Үкімет қабылдаған бағдарламаға сәйкес кедейлік пен жұмыссыздықты азайту үшін тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жұмыс күшінің сапасын арттыруға бағытталған белсенді саясат жүргізіліп келеді.

Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін төмендегіше міндеттерді шешу қажеттігін белгіледі:

  • әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы сипатын күшейту;
  • аз қамтылған халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің кедейшілігін белсенді еңсерудің нақты тетіктерін пайдалану.

Лайықты еңбек мүмкіндіктерін кеңейту, икемді еңбек нарығын арттыру мақсатында:

  • өңірлік орталықтарда өндірісті оңтайлы орналастыру, салалардың кластерлік дамуы, экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту негізінде жұмыс орындарын құруды;
  • кәсіби оқыту жұмыс берушілердің персоналды ішкі өндірістік оқытуды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруда қатысуын ынталандыру арқылы жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік деңгейін арттыруды;
  • жұмыссыздардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша тиімді әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін жүйелі шаралар қабылданатын болады.

Жастардың кәсіби білім алуына, жеке кәсіп ашуына, жастарды шағын және орта бизнес саласына тартуға арналған кредит беру және гранттар бөлу бағдарламасын іске асыру арқылы оларды жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

2007 жылы экономикаға білікті кадрлар даярлау саласында бизнес пен білім беру жүйесінің бірлескен қызметі жөнінде жұмыс жүргізілді. Осы мақсатта Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар мен жеке бизнестің әлеуетін пайдалануды көздейтін кәсіби-техникалық және жоғары білім беру мекемелерінің жүйесі арқылы ұлттық кадрларды оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі шаралар қабылданды.

Ғалымдар жұмыспен қамту саясаты құралын таңдаудың негізгі үш вариантын бөледі: бәсең, мейлінше бәсең, белсенді. Бірінші вариант жұмыссыздарға жәрдемақы төлеумен оларға мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмыс орындарын таңдау жөнінде ең қарапайым қызмет ұсынуды қарастырады.

Өте бәсең саясат жұмыссыздарды материалдық қолдауды және жұмыс орындарын  таңдау жөнінде сан алуан қызметті ойластырады. Ағымдағы мемлекеттік шығындар тұрғысынан бұл екі вариант та тиімді. Жұмыспен қамту проблемасын шешуде бәсең саясат дербес еңбекке орналастыру мүмкіндігі жоғары оң экономикалық болашағы бар, тұтастай еңбек рыногы мен жұмысшы күші жоғары икемділігі кезінде өзін ақтай алады. Қарама-қарсы жағдайда бәсең саясаттың тежегіш реттеушілері әлсіз болып жағдайдың нашарлауына қалыптастыратын болады. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатының болмауы, жұмыспен қамту қызметін әдеттегі әлеуметтік қамсыздандыруға айналдырып, қызметін едәуір төмендетіп жібереді.

Еңбек рыногындағы белсенді саясат шетелдер экономикасын мемлекеттік реттеудің дәстүрлі құралдарының бірі болып табылады. Ол өзіне жұмысшы күшінің сұраныстары мен ұсыныстарына мемлекеттік ықпал ету барлық формаларын ендіреді. Еңбек рыногындағы белсенді саясаттың аясында қолда барды сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу есбінен жұмысшы күшіне сұраныс құрылымын өзгерту жөнінде еңбекке орналастырудың есебінен жұмысшы күшінің сапасын арттырумен ұсынысты реттеу жөніндегі шаралар, кәсіби бағдар мен ынталандыру ұғынылады. Еңбек рыногында белсенді саясаттың интенсивтілігі кең ауқымда ауытқып отырады. Мұнда Бельгия, Швеция лидер болып табылады.

Қазақстанда еңбек рыногында халықты жұмыспен қамтудың барынша мүмкіндігін және өнімнің бәсекеге қабілеттісін шығаруды ынталандыру, қоғамның экономикалық гүлдену жағдайын жасау аясында жұмысшы күшінің сапасын қамтамасыз етуге қабілетті белсенді саясат қажет.

1988 жылы халықаралық еңбек ұйымының басты конференциясында қабылданған жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтан қорғауға ықпал ету туралы конвенцияда (1991 жылы күшіне енген) еркін таңдаған кәсібі бойынша өнімді еңбек етуді қамтамасыз ететін еңбекпен қамту саласындағы өзінің меншікті саясатын әрбір мемлекет анықтайды деп атап көрсетілген. Бұған қол жеткізу үшін халықты жұмыспен қамтудың белсенді саясатының төмендегі бағыттарын бөліп көрсетеміз:

  • айрықша назарды еңбек рыногындағы жұмысшы күшінің сапасына аудару қажет, бастауыш, орта, жоғары және қосымша білім беру жүйесін жұмыс берушінің қажеттілігіне және еңбек рыногында сұраныс пен ұсынудың өзгеруіне бейімделе отырып жетілдіру керек;
  • білім беру мекемелеріндегі кадрлар даярлау жүйесін тұрақты түзетіп отыру керек, нарықтық экономикаға қажетті етіп дайындап, оқу орнын бітірушілердің арасында жұмыссыздық тәуекелін төмендету керек;
  • ұйымдарға кәсіпорындардың өзінде еңбеккерлерді даярлау мен мамандықтарын көтеруге ықпал ету;
  • -жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға қажет қаржыны бөлуді қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбектің жаңа салалары үшін босаған қызметкерлерді алдын-ала қайта даярлау;
  • еңбекке орналастыруға икемделген, бейімделген жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған халықты нарықтық экономиканың қажеттілігін дамыту мен жетілдіру, үздіксіз оқу жүйесін, жұмыс орнында оқытуды қоса қалыптастыру, оқу мүмкіндіктерін кеңейту;
  • -халықтың кәсіпке бейімделуін және психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру;
  • жеңілдетілген салық салу мен несиелеу, бәсекеге қабілетті өндірісті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру есебінен жаңа жұмыс орындарының тиімділігін сақтау мен ашуға ерекше көңіл бөлу;
  • халықтың аз қорғалған жігін (мүгедектер, әйелдер, жастар, босқындар, т.б.) еңбекке орналастыруға ықпал ету керек.
  • Жұмыспен қамту проблемасын шешу жалпы экономикалық саясат пен белсенді әлеуметті саясатқа байланысты. Әлеуметтік саясат өзіне жұмыспен тұрақты және уақытша қамту, өзіндік жұмыспен қамтылу, кәсіпкерлік және басқа да түрлерінің мүмкіндіктерін пайдалану негізінде икемді еңбек рыногын жасауда кәсіби даярлық пен ынталандыру жүйесінің көмегімен жұмысшы күшінің серпінді құрылымын қалыптастыруды енгізеді.

Ел Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар практикасын ұйымдастыруға 8,6 миллиард теңге бөлуді, 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз ететін бұл бағдарламаны дамыту үшін кең мүмкіндіктер жасалуын тапсырды[8].

Конституциямызды қабылдағалы бері 14-жыл ішінде қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге жіті көңіл бөлінді және жыл өткен сайын бұл салаға қамқорлық арта түсуде. Әсіресе басымдықтар, мүмкіндіктер білім саласына, азаматтардың әл-ауқатына, халықты еңбекпен қамту және еліміздегі ана мен бала денсаулығына байланысты артқаны белгілі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған қызметінің басым бағыттары мыналар болып белгіленді:

  • Қазақстан экономикасын жаңғырту мен оның серпінділігі;
  • Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету;
  • әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат.

Мемлекеттің әлеуметтік саладағы іс-қимылының нәтижелілігінің негізгі өлшемі Қазақстан халқы өмірінің сапасы мен әлеуметтік стандарттарын тұрақты арттыру болмақ. Осыған байланысты, Үкімет мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жауаптылықты бөлуге және оның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге негізделген әлеуметтік қамтудың көп деңгейлі жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған белсенді саясатты жүргізіп келеді.

Қазақстан мемлекеті бүгінде өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. 2007 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бұрын уәде бергеніміздей, экономикамыздың тұрақты дамуы бізге қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл

– біздің саясатымыздың әлеуметтік қорытындылары» дей келе, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жұмыстар алдағы кезеңдерде жалғасын табатындығымен сендірді.

Әлеуметтік саладағы заңнама мемлекеттің әлеуметтік саясаты басымдықтарының серпінін, мемлекет беретін әлеуметтік игіліктердің тізбесі мен негіздерін кеңейту, әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған қаржы негіздерін айқындауда азаматтардың қатысуының жаңа нысанын жасауды есепке ала отырып, ұшқыр болуы тиіс. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі осы саладағы іркіліссіз норма түзушілік процесін көздейтін мемлекеттің қаржылық мүмкіндігінің өсуіне байланысты жүйелі түзілетін болады.

Әлеуметтік заңнаманы дамытудың перспективалық бағыттарының бірі: зейнетақы активтерін орналастыру кезінде қолда бар қаржы құралдарын пайдалану және жаңаларын жасау; азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде әлеуметтік төлемдер күн көрудің жалғыз көзі болып табылатын адамдар үшін әлеуметтік қорғаудың жүйесін жетілдіру болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. .Қазақстан Республикасының Конституциясы - Алматы, «Жеті жарғы»,
  2. .Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы –Алматы, «Білім», 1997-176 б. (59-63 б.)
  3. .Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». Ақпан, 2008ж
  4. .Назарбаев Н. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.//Егемен Қазақстан,
  5. .Облыстың 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары». Оңтүстік Қазақстан, №15-16. 29 қаңтар, 2008 жыл.)
  6. .Бүгінгі Қазақстан: деректер мен дәйектер. Астана,
  7. .Тасмаганбетов И.Н. Социально-политическое обновление Казахстана: тенденции и приоритеты. –Алматы, Институт развития Казахстна, 1996, 190 с. (23-34 с.)
  8. .Кожамберлиев Б. Социальные ценности как основа общественной жизни и культуры. //Саясат, 2005, №4. http://www.gov.kz
  9. 10.Егемен Қазақстан газеті. 18 қаңтар. 2008 жыл 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.