Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің түсінігі және оның ерекшеліктері

Қазіргі азамат өркениетінің алдыңғы қатарлы құндылықтарының және әлемдік саяси ойдың даму сатылары мен бүгінгі бағыттарын білу қазақ жұртшылығына аса қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің өзі түбірлі, күрделі өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары. Демек, Қазақстан Республикасындағы сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады,» - деп Ата заңымызда бекітілген. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев Судьялардың IV съезінде сөйлеген сөзінде сот - құқықтық реформа «сот жүйесінің тиімділігіне байланысты түбегейлі проблемаларды шешуді көздейді, бұл мемлекеттің әрі қоғамның басты назарында болуы керек деп атап көрсеткен». Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдары биліктің басқа тармақтары тәріздес сот жүйесінде де біршама реформалар жүргізіліп, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекеттің қажеттілігі негізінде, сонымен қатар жаңа заман талабына сәйкес жетілдіріліп, даму үстінде.

Әрине, ең алды, сот жүйесіне қатысты, оның ұйымдастырылып, қызмет етуінде, қолданылатын: сот билігі, сот төрелігі, юстиция, сот, сот жүйесі, мамандандырылған соттар сияқты терминдерге назар аударып, соларға тоқталайық. Ол үшін ең алды анықтамалық сөздіктерге тоқталсақ.

Юстиция (лат. justitia - әділет, әділеттілік) – сот мекемелерінің, олардың әділсотты жүзеге асыру жөніндегі іс - әрекетінің бүкіл жиынтығын білдіреді. Юрисдикция (құқықтық құзыр, іс қарау уәкілеті) – тиісті мемлекеттік органдардың құқықтық дау-дамайлардың шешімін тауып, құқық бұзушылық субъектісінің әрекеттерін заңдылық тұрғысынан бағалап, тәртіп бұзушыларға заңи  шаралар қолдануға қатысты уәкілеттіктерінің жиынтығы. [1,303] Юстиция- (лат. justitia - әділеттілік, заңдылық) –сот мекемелерінің жүйесі. Юрисдикция - (лат. jurisdiction – сот өнідірісін жүргізу) – соттың құқықтық мәселе бойынша шешім қабылдау құқықтылығы . [2,938]

Міне, жалпы юстиция терминін көрдік. Осыған мысал ретінде, қарастырар болсақ, әскери әділет (военная юстиция) – әскери - сот мекемелерінің жиынтығы. Әкімшілік юстиция – әкімшілік - сот мекемелерінің жиынтығы, сол сияқты басқа да юстицияны қарастыруға болады. Енді осы сот билігін қарастырайық.

Баршамызға аян жәйт, осы «сот билігі» терминінің өзін ғылыми тұрғыдан зерттеудің өзі, ҚазКСР тұрмақ, бүкіл КСРО - ң өзінде тек ХХ ғ. 80 - жылдары ғана мүмкін болды, міне осы уақыттан бері ғана зерделеніп келе жатқан бұл билік түріне әрине қайта үңіліп, зерттеп өту қажеттілігі  туындайды.

Осыған орай заңгер - алымдардың еңбегіне жүгінейік. Әрине, тарихқа үңілетін болсақ, билікті тармақтарға бөлу теориясының негізін қалаушы бұл Ш.Л. Монтескье болып табылады. Ол өз заманында осы сот билігінің мемлекет билігі ортасынан, ерекше мәртебесін бөліп көрсете білген.

Осы билікті бөлу қағидасына қазіргі таңда қазақстандық ғалымдардың мысалы, Ө.Қ. Қопабаев, К.К. Айтхожин, Қ.А. Жиренчин, Қ.Ә. Мами, Ғ.С. Сапарғалиев және т.б.  еңбектері жетерлік, бұл мәселе жанжақты зерттелді деуге болады. Ал, бұл зерттеуде сот билігінің билік тармақтарымен қарым - қатынасы емес, тек өзінің жекелей алатын орны соған анықтама беру болып табылады, өйткені билік тармақтарын зерттеудің өзі бөлек мәселе. Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы және жетілуі жағдайында ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық тетіктерінің жан - жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал ретінде сот билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 1 - бабында жарияланған конституциялық негіздеменің «лайықты жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті фактор да болуға тиіс» - деп көрсетеді өз еңбегінде қазақстандық ғұлама заңгер ғалым Ө.Қ. Қопабаев. [3,116] Осынау мәселе бойынша Қазақстанның ұлы ғалым заңгері, құқықтық ғылымның, әсіресе сот билігі, сот жүйесінің дамуына көп үлесін қосқан з.ғ.д., проф. К.Х. Халықовтың пікірін келтірген жөн. Ол қазіргі Қазақстандық заң ғылымы тұрғысынан сот төрелігіне де, сот билігіне де төмендегідей түсінік береді.Сот төрелігі - бұл қоғамдық қатынастарды қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің құқықты нақты қоғамдық қақтығыстарға қажет болған жағдайларда мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып қолдану жолымен жүзеге асырылатын ерекше түрі. Сонымен қатар, сот билігі - мемлекеттің азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, барлық органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай - ақ демократия, әлеуметтік әділеттілік, ізгілік, патриотизм мен заңдылық принципі негізінде Конституцияны, заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі ерекше қызметі болып табылады. [4,59] Міне, бұл ғалымның берген анықтамалары осындай.

Қ. Мәми өз еңбегінде, осы мәселеге келесідей анықтама береді: «сот билігі - біріңғай мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы, ол Конституциямен бекітілген және мемлекет атынан  тек  соттармен жүзеге асырылады. Соттар арнаулы мемлекеттік орган ретінде заңмен көзделген негізде құқықтық дауларды, істерді және өзге де жүктелген міндеттерді, адам құқығын, бостандығын, мемлекеттің, мекеменің мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асыруға өкілетті. Ол мемлекет тарапынан мәжбүрлі түрде іске асырылатын, бүкіл аумаққа таралатын, орындалуға міндетті шешімдер қабылдауға құқылы» - міне осынау толық түрдегі анықтаманы көруге болады.[5,36]

Сонымен, «сот билігі» түсінігін қарастыру мақсатында Ш.М. Шарипов «Судьяның тәуелсіздігі» атты еңбегінде көптеген ғұлама заңгер ойшыл - ғалымдардың: Ш.Л. Монтескье, К.Ф. Гуценко, В.М. Ковалев, Н.А. Бекбергенов, К.Х. Халиков тағы да басқаларының берген анықтамалары мен көзқарастарымен келісе отырып бір нақты тұжырым жасайды. Демек, сот билігі деп мемлекет атынан, оның өкілетті органы сот арқылы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, республика Конституциясы мен заңдарының, өзге де нормативтік – құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңның негізінде және ол орнықтырған тәртіптер мен процессуалдық нысандарда, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, өз алдында дербес әрі тәуелсіз мемлекеттік биліктің тармағы ретінде түсіну дұрыс болар еді деп көрсетеді. [6,13]

Б.Д. Мақұлбековтың ойынша – «Сот - іс жүргізу тәртібіне сәйкес өзінің құзырына жатқызылған қылмыстар мен іс - әркеттер туралы, мемлекеттік биліктің өзге де органдары мен институттарының және лауазымды адамдардың азаматтарға қатысты әрекеттерінің заңдылығы туралы істерді қарайтын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай - ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың және шаруашылық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, қажет болған жағдайда, заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып, құқық қолданатын, Конституцияның, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ететін ерекше, тәуелсіз және тек  заңға бағынатын орган - деген көзқарас бар. [7,122]

«Сот» және «сот билігі» ұғымдары бір емес - деп жазған Ж.Р. Аланов Атырау обл. сотының төрағасы өз мақаласында. Оның пайымдауынша олар мәні бойынша да, тарихи түбірі бойынша да ажыратылады. Жалпы ұғым негізінде «сот» - дау мәселелерін шешу мекемесі. Тарихи әлеуметтік құбылыс жағынан сот мемлекетпен бірге пайда болды деуге болады. «Сот билігі» терминінің сот немесе сот жүйесінің тұрғысынан алғандағы түсінігінде соттың атқаратын қызметі мен оның құрылымының ерекшелігін баса көрсете отырып, басқа мемлекеттік органдармен салыстырғандағы атқаратын рөлін айқындап көрсету үшін қолданылады. «Сот билігі» түсінігіне анықтама беру  күрделі процесс. Оның қазіргі заманғы жағдайдағы түсінігі тәуелсіз де, сонымен бірге билік бөлу жүйесінен бірден - бір ерекше орын алатын халықтық билік жүйесі мен құқықтық мемлекеттік өкіметтің құрамдас бөлігі деп қарауға жатады - деп өз көз - қарасын білдіреді. [8,124]

Енді осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге басылымдағы сөздіктерге назар аударып көрсек. Ал, ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігінде, мынандай көрініс бар. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Республикадағы сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік - құқықтық актілерінің, Республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. [9,242]

ҚР Конституциясынан қарастырар болсақ, мұнда арнайы «Сот және сот төрелігі» деп аталатын - VII бөлім бар. Осы бөлімнің 75 - бабының 1 - тармағында, - Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады, ал 2-тармағында, - Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады делінген. Келесі 76-баптың 1 - тармағында, - Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. 2 - тармағында, - Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады деп бекітілген. [10,43] Осы сот билігі жөнінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 ж. 25 желтоқсандағы Конституциялық заңынан көрейік. Бұл заңның «Жалпы ережелер» деген 1- бөлiмінің 1- бабында «Сот билiгi» деп аталады.  Мұнда Ата заңның аталмыш бабын тереңірек қарастырған. Осы 1- бапта, - Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқабилер арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кезкелген заңсыз шешiмдерi мен iс - қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады, - делінген . [11] Демек, осы қарастырған мұндай анықтамалардың өзінде сот билігінің бүкіл қызметі (функциясы), мақсаты, белгілері, өкілеттігі, бағыты және де қандай жолмен, кімнің орындайтыны толықтай дерлік қамтылған. Бұлардың барлығын жеке - жеке қарастырып та анықтама беруге болады. Өйткені, негізгі анықтамадан қалғандары таралатыны анық. Әрине, мұндай анықтаманы тек күрделі, кең мағынадағы анықтама деуге болады. Әдетте, оның қысқаша түрін, яғни тар мағынада түсіндіруге де болары анық, тек қана «сот билігі – дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру мақсатында.

Сонымен, сот билігі – мемлекеттің билік тармағының бірі ретінде қоғамда құқықтың бұзылуына байланысты туындайтын дауларды Конституцияны (заңдарды) негізге ала отырып шешуді мақсат ететін ерекше қызметі болып табылады деп қысқаша негізде ғана анықтама көрсеттік.

Осы сот билігін жүзеге асыруда сот органдарының рөлі аса зор, өйткені мықты, жан - жақты толық қамтылған «сот жүйесі» өз еліне тек қажетті тірек болатыны анық. Қазақстан Республикасының «сот жүйесі» - Қазақстан Республикасындағы барлық соттардың жиынтығы, олардың жалпы міндеттері, ұйымдастырылған және бірыңғай демократиялық принциптері сот төрелігін жүзеге асыруда бір - біріне өзара байланысты деген анықтаманы салалық ғылыми түсіндірмеден көреміз. [12,147]

Ал, ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігінде, келесідей айтылған: Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі Қазақстан Республикасындағы барлық соттардың жиынтығы, олардың жалпы міндеттері, ұйымдастырылған және бірыңғай демократиялық принциптері сот төрелігін жүзеге асыруда бір - біріне өзара байланысты болады. [9,243]

Тағы да бір назар аударатын жәйт, осы мәселе бойынша Жоғарғы Сот Аппараты Сот жүйесін зерттеу  бөлімінің  меңгерушісі  з.ғ.д.,  проф.,  Е.Б.   Әбдірәсіловтың  пікірі  орынды. «Мемлекеттік органдардың құқық қолдану қызметінің қоғамдық қатынастарға тиімді құқықтық әсер етуде өте маңызды рөл сот жүйесіне беріледі. Өйткені, ол сот билігін жүзеге асырушы ретінде танылады, ал соттар (судьялар) сот жүйесін құрайтын элементтер болып табылады. Ол, әсіресе қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр, себебі демократиялық жедел қарқынмен қалыптасып, дамып келе жатқан құқықтық мемлекет, қоғамның демократиялық институттары, және де адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктердің артуынан көрінеді», - деп өз пікірін білдіреді. [13,78]

Осыған орай бір айта кетер жәйт, белгілі заңгер - ғалым Б.Тұрғараев өз еңбегінде осы мәселе бойынша өз пікірін білдірген: «Сот жүйесін соттардың жиынтығы ретінде қараудың қалыптасқан түсінігі оның көп қырлылығын көрсетпейді. Сот жүйесінің құрамына кіретін сот жүйесі мен соттар жүйесін ажыратып қарауды ұсынды. Сот жүйесі өзара байланысқан элементтердің: сот әділдігін ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін соттар жүйесі мен басқа да органдардың жиынтығы ретінде зерттеді. Өзінің заңдық бекітуін алған сот жүйесінің элементтері сот жүйесі де, соттармен тікелей байланысты басқа да мемлекеттік құқықтық институттар: Жоғары Сот Кеңесі, Әділет біліктілік алқасы, судьялар қоғамдастығы, Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет болып табылады», - деп  көрсетеді . [14,10] Әрине, бұл жердегі Әділет біліктілік алқасы қазіргі уақытта таратылған. Мәселе мұнда емес,«сот жүйесі» ұғымында болып отыр. Осы айтылғандарға байланысты өз көзқарасымды білдірген жөн болар. Демек «сот жүйесі» және «соттар жүйесі» деп бөлек қарастырудан, яғни бұл сөз тіркестерін бөлек атаудан гөрі «сот жүйесі» анықтамасына тереңдете түсінік берсе болғаны, өйткені бұл үшін Ата заң нормасы және Конституциялық заңның да нормасы бар.

Әрине «сот жүйесі» деп білетін жоғарыдағы анықтамаға қоса, оны тереңірек түсіндіретіндей етіп, яғни кең мағынада баяндау қажет болар, мысалы, «сот жүйесі» - бұл барлық соттардың жиынтығы, олардың жалпы міндеттері, ұйымдастырылған және бірыңғай демократиялық принциптері сот төрелігін жүзеге асыруда бір - біріне өзара байланысты және де сот әділдігін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге атсалысатын басқа да элементтердің (органдардың) жиынтығы - деп түсінік беруге болар деген тұжырым жасамақпыз. Ал, сот жүйесінің жүзеге асырылуындағы қажетті элементтерді  –«сот жүйесінің элементтері» деп жекелей қарастыруға болады, яғни аталмыш органдарды (институттарды). Сонымен, заң әдебиеттерінде «сот жүйесі» терминін тар және кең мағынада қарастырған дұрыс шығар. Міне, «сот билігі», «сот жүйесі» сөздерін тереңірек қарастырдық.

Ендігі  кезекте  сот  -  құқықтық  реформалаудың  елеулі  нәтижесі  осы  сот  жүйесіне   енгізілген мамандандырылған соттар  түсінігіне тоқталсақ. Осыған орай «арнайы», «арнаулы», «мамандандырылған» деген сөздердің мағынасын ашып қарастыру қажет. Ол үшін әрине, сөздіктерге назар аударған жөн.

ҚР Конституциясының (30.08.1995ж.) 75-бабының 4-тармағында ... арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді деп бекітілген. Егерде осы бапты орыс тіліндегі мәтініне тоқталсақ, онда «... учреждение специальных и чрезвычайных судов под каким-либо названием не допускается»,-деп көрсетілген. Міне, осыған орай бірқатар анықтамалық, түсіндірмелі сөздіктерді қарастыру жөн болар.    Сонымен,    кейбір    терминдердің    қазақ    тіліне    аударылуын    қарастырсақ. Мысалы: «специализированные суды» –мамандандырылған соттар; «специальный – арнаулы»; «  специализация мамандандыру», деп аударған арнайы сөздікте. [15,586] Тағы бір сөздікте арнайы – белгілі бір мақсатпен әдейілеп, ерекшелеп, өз алдына, жеке-дара; арнаулы – жеке бір нәрсеге әдейілеп жолдаған, арналған; мамандандырылған - белгілі бір өндірістік бағыттқа арналған, - деп аударылғанын көреміз. [16,336] Арнаулы соттар (специальные суды) – бірқатар мемлекеттерде ортақ сот жүйесіне кірмейтін ерекше түрдегі сот органдары, олар жекеленген категориялы істерді қарайды (мысалы, патенттік, кеден ісі соттары). [17,1857] Мамандандырылу (специализация) – (лат.specialis - ерекше) - белгілі бір салада арнайы білім және дағды жинау (алу). Арнаулы (специальный) - (лат.specialis- ерекше) – 1) белгілі бір мақсатқа арналған; 2) қоғамдық өмірдің белгілі бір саласына жатқызылған (мысалы, өндіріс, ғылым, техника саласы) . [18,580] Мамандандырылған (специализированный) – белгілі бір арнайы салада қызмет атқаруға негізделген, ерекше арнайы бағыты бар. Арнаулы (специальный) – ерекше, шектелген түрде бір нәрсеге арналған. [19,564]

Міне, бұл анықтамалық сөздіктер бетінен мағлұмат, ал ендігі кезекте ҚР Конституциясының 75- бабының 4 –тармағын ресми түсіндіру туралы 2006 жылғы 14 сәуірдегі ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы бойынша біз қарастырар терминдердің мән - мағынасын ашып көрелік. Конституцияның 75 - бабының 4 - тармағында «қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді» делінген. «Төтенше соттар» және «арнаулы соттар» ұғымдарының анықтамасы оларды түсінуге деген әртүрлі (тарихи, салыстырмалы - құқықтық, логикалық және т.б.) көзқарастарға негізделеді. Мәселен, отандық сот төрелігінің дамуына жасалған талдау, оның түрлі кезеңдерінде төтенше де, арнаулы да соттардың құрылып, қызмет істегенін көрсетеді. Бұрын төтенше соттар (революциялық трибуналдар, БТК органдары, ІІХК - тің «үштіктері» мен «екіліктері», әскери- революциялық және әскери - дала соттары және т.б.) тоталитарлық режим жағдайында болғаны белгілі. Кейіннен кейбір төтенше соттар және соттан тыс органдар арнаулы соттар болып өзгертілді. Осы уақытта қызмет еткен арнаулы соттар: әскери трибуналдар, теміржол көлігінің желілік соттары, су көлігінің желілік соттары. Міне, бұл тарихи жағдайлар деректері. [20] Бұл қаулыда мамандандырылған соттардың сипаттамалары берілген, осы арқылы оларды арнаулы соттардан ажыратуға болады делінген. Демек, қаулыда бұл соттардың әрқайсысына сипаттама беру арқылы негізгі белгілерін ажыратып, олар бір емес, бөлек соттар деп көрсетіледі.

Міне, сонымен шет елдерде специальные (арнаулы) және специализированные (мамандандырылған) соттар сөздері көбіне алмасып, бір - бірінің орнына қолдана береді. Ал, Қазақстандағы жағдай сонда қалай болғаны, демек арнаулы (специальные) соттар құруға тыйым салынған, міне, бұл мәселе әлі де болса қазақстандық ғалым - зерттеушілердің назарына ілініп толық жөнді аударылғаны, талданғаны жөн болар.

Сонымен, барлық жоғарыда қарастырылғанды жүйелей келе, мамандандырылған соттар – бұл ерекше түрде сот жүйесінің құрамына кіретін (немесе керісінше бөлек) сот органдары, олар жекелеген категориялы істерді қарау үшін құрылады деп анықтама беруге болады.

Сонымен, сот билігі әділдік пен заңдылық қағидаларының үстемдігін бекіте отырып, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қабілетті, өзін қоғамды әлеуметтік қақтығыстардан сақтаудың тұрақты факторы ретінде орнықтырды. Сот жүйесі мемлекеттің негізін  құрайтын, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа қатынасы және қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты болатыны анық. Осы айтылғанның маңыздысы да, ең алды адам, оның тағдыры, сондықтан да әрқашан адам құқығы, оның заңды мүддесі биік тұрғыда болып, заңға сәйкес қорғалуы да қажет.

 

Әдебиеттер

  1. 1.Ізімұлы М. Заңи терминдердің түсіндірме сөздігі - Алматы, 2000.-312 б. 2.Крысин Л.П. Толковый словарь иноязычных слов.-М., 2006.- 944 с.
  2. .Копабаев О.К. Конституционно-правовые основы организации государственной власти в Республике Казахстан в соответствии с принципом ее разделения на ветви.- Алматы: Жеті жарғы, -160 с.
  3. .Халиков К.Х. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда.-Алма-Ата, 5.Мами К. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан.-Астана: Елорда, 2001.-352 с. 6.Шарипов Ш. Судьяның тәуелсіздігі. – Алматы, 2003.-168 б.
  4. .Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі. – Алматы: Айдана, 2003.-145 бет.
  5. .Аланов Ж.Р. Сот билігінің түсінігі мен белгілері // Актуальные проблемы становления и развития судебной власти в РК: Материалы междун. науч.-практ.конференции, посвященной 70-летию д.ю.н., проф., К.Х. Халикова.-Алматы, 2009. – С. 123-
  6. .ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі.- Алматы: Жеті жарғы, -368 б. 10.ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. - Алматы: Елорда, 2008.-56 б.
  7. .Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ҚР-ң 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы (17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
  8. .Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану. Ред.басқарған А.Қ. Құсайынов. – Алматы, - 336 б.
  9. .Абдрасулов Е.Б. Роль судебной системы РК в защите прав человека // Юрист, 2009. -№1.- С. 77-83
  10. .Тұрғараев Б. ҚР    сот     жүйесінде     атқарушылық     іс     жүргізудің     ұйымдастыру   және      даму проблемалары. Автореф.дис.кан.юр.наук. - Алматы, 2002.-26 б.
  11. .Заң терминдерінің сөздігі (қазақша-орысша және орысша-қазақша). Құрастырғандар: С.Оразалинов, М.Айымбетов, Б.Бодаубай, Ө.Ақыпбекұлы.- Алматы, 2006. -760 б.
  12. .Толковый словарь казахского языка. Т.1.-Алма-Ата: Наука, 1974.- 670 с. Большой Российский энциклопедический словарь.-М., 2003.-1888 с.
  13. .Словарь иностранных слов.-М.,1989.- 624 с.
  14. .Лопатин В.В., Лопатина Л.Е. Малый толковый словарь русского языка.-М., 1990.-704 с.
  15. .ҚР Конституциясының 75-бабының 4 –тармағын ресми түсіндіру туралы 2006 жылғы 14 сәуірдегі ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы // Егемен Қазақстан. 21 сәуір - 8 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.