Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан парламентінің өкілді билік органы ретіндегі құзыреті

Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілді билік органы ретіндегі ерекшелігіне келетін болсақ, Парламенттің өкілді сипаты негізінен, оның тұтастай қызметінен көрінеді. Конституция талабына сәйкес, Парламенттің негізгі қызметі заң шығару екендігі бізге белгілі. Қазақстан Рсепубликасы Конституциясының 40-бабында Парламент заң шығару және өкілді орган екендігі белгіленген. Парламенттің өкілді орган ретіндегі қызметін осы нормадан алады.

Жалпы парламенттің қызметін қарастыру барысында, мұның негізгі қызметі  заң шығару екендігін ойдан шығармауымыз қажет. Қазақстан Республикасының Парламенті осы уақытқа деін жемісті заң шығару қызметін атқарып келеді. Жалпы заң шығару процесі өте күрделі қызмет екендігін біз жақсы білеміз. Ғалымдар ортасында да парламенттің өкілеттілігі туралы мәселеде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, М. Құл-Мұхаммед былай дейді: “Иногда раздаются голоса о бесправности парламента, о его неспособности к самостоятельному законотворчеству. Однако, закрепленные в конституции полномочия, система сдержек и противовесов доказывают, что в Казахстане создан законодательный орган, который имеет достаточную юридическую базу для эффективного функционирования. Это не означает, что как полномочия, так и система сдержек и противовесов не могут совершенствоваться” [1, с 12]. Шын мәнінде, біз парламенттің қызметіне тек бүгінгі күн тұрғысынан ғана баға бермеуіміз қажет. Ол болашақта жетілудің дамитын құбылыс ретінде қарастыруымыз керек. Осы жерде парламенттің өкілеттілігін кеңейтуге байланысты тұжырымдарды қолдайтындарға қарсы пікір ретінде В.А. Кимнің мына ойын айтсақ болады: “В настоящее время в условиях превращения высшего представительного органа из органа полновластия в орган лишь законодательной власти и с образованием самостоятельной ветви исполнительной власти, отпала необходимость сохранения вертикали представительных органов власти во главе с парламентом. Органу, который осуществляет лишь законодательную власть необходимости иметь в своей системе органы, выполняющих другие функции” [2, с 28]. Қоғамдағы болып жатқан әр түрлі процесстер әрқашанда дамуды талап етеді. Сондықтан да, парламенттің де болашақта дамып, өсетіндігі белгілі. Осы бағыттағы Н.Б. Джапаркуловтың мына ойы өте орынды: “В процессе дальнейшей демократизации политической жизни Республики Казахстан, видимо, произойдет дальнейшее повышение роли Парламента в отношении Правительства. Однако это, как мы полагаем, произойдет в рамках парламентского контроля по вопросам исполнения законов, последовательного соблюдения принципа разделения власти, без вмешательства Парламента в сферу оперативной деятельности Правительства. Сохранение и соблюдение принципов разделения власти в условиях значительного повышении роли Парламента в отношении исполнительной власти должно быть четко указано в самом законодательстве” [3, с 51]. Осы тұрғыдан келе, біз жалпы парламенттің заң шығару қызметіне ерекше мән беруіміз қажет. Қазақстан Республикасы Парламентінің басты қызметі де заң шығару болып табылады. Заң шығарудың өте күрделі құбылыс екендігін жоғарыда айттық. Белгілі ғалымдар заң шығаруды былай бағалайды: “Законотворчество – своеобразие “визитная карточка” современного парламента. Все остальные направления деятельности парламентов производны от этого главного направления, призваны подкрепить и полнее оттенить его, создать для него наиболее благоприятные условия и предпосылки. Надо прямо признать, что никакой другой орган не в состоянии заменить парламент в осуществлении законотворчества, ибо по своему характеру и природе, применяемым процедурам, формам и методам решения вопросов не приспособлен к данному направлению деятельности так, как парламент” [4, с. 17].

“Қазақстан Республикасында заң шығармашылықтың жоғары дәрежеде тиімді болуы - мемлекетіміздің демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, біртұтастығын нығайтып, құқықтық мемлекет ретінде қарқынды түрде қалыптасуына заңдылық негіз жасайды. Алайда, Республикамыздың қазіргі заңдылық базасы әлі де тиісті талаптарға сай емес. Біраз заңдар қабылданар - қабылданбастан ескіріп, тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етіп, күшін жойып жатқан жағдайлар бар. Ал, бұл фактілер - заңның сапасының төмендігі, олай болса, заң шығармашылықтың тиімділігінің тиісті, қажетті деңгейде әлі де тарихи қалыптасқан және дамыған елдердің парламенттері қолданатын жетік демократиялық нысандардың, жолдардың болмауы, заң шығармашылыққа әр түрлі әлеуметтік - саяси күштерді әсер ету мүмкіншілігінің, яғни заңды лоббизмнң құқықтық негізінің жасалмауы, заң шығармашылық процесін тиісті деңгейде қаржылық қамтамасыз ете алмаушылық, мемлекеттік тіл ретінде белгіленген қазақ тілінің әлі де қажеттілігі мен қоғамдағы ролінің танылмауы, сондай-ақ заң шығарушылардың   жеткіліксіз кәсіби даярлығы және т.б.Парламенттің заң шығармашылық қызметінің ролін көтеру көптеген ғалымдар мен мемлекет алдында тұрған өзекті мәселе” [5, 279 б]. Заң шығару процессі дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда: “Законодательный процесс - это законодательно установленная процедура осуществления деятельности высших органов государственной власти по изданию законов, внесению изменений и дополнений законы и Конституции” [6, с 10], - болып табылады. Заң шығару процесінде негізінен біз қазіргі таңда парламенттің басты орында тұруы үшін депутаттардың заң жобасын ұсыну бастамасын жетілдіре түсуіміз қажет. Осы мәселе бойынша белгілі ғалым Ғ.С. Спарғалиевтің мына ойы өте орынды: “Прежде всего, надо усилить право законодательной инициативы депутатов. Мы провозгласили, что депутаты имеют право законодательной инициативы, то есть, разрабатывать проекты законов. Но преимущественно в этом вопросе дали правительству. Надо уровнять их права, чтобы правительство не ставило палки в колеса, не ограничивало права законодательной инициативы. Надо создать такой механизм, который позволит прийдти к правильному решению любого вопроса. Нет ни одного закона, реализации которого не потребует никаких расходов” [7, с. 10-11]. Осы пікірді қолдай отыра, жалпы парламенттің қандай заңдарды шығаруға мүмкіндігі барлығына тоқталсақ, Парламенттің мәртебесін айқындайтын арнайы Конституциялық заңға сәйкес Парламент мынандай мәселелер бойынша, негізінен заңдар шығара алады:

“Жеке  және   заңды  тұлғалардың  құқық  субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне; меншік режиміне және де мүліктік құқықтарға; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; республикалық бюджетке; сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; айналадағы ортаны қорғауға; республиканың әкімшілік – аумақтық бөлінісіне; мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі” [8, 12-13 б]. Заң шығару процессінде заң жобасын әзірлеудің қиындығы көп. Заң жобасын дайындап, біткеннен кейін оған сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілер туралы заңға сәйкес мынандай тағы құжаттар ұсынылады.“Жоба бойынша табыс етілетін материалдарда мынандай қосымшалар болуға тиіс:

  • жобаны дайындаған мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы;
  • жобаны қабылдаудың қажеттігі негізделіп, мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері кеңінен сипатталған түсіндірме жазба;
  • жұмыс тобының құрамы;
  • мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
  • егер жобаға сараптама жүргізілсе, ол жөніндегі сараптама қорытындылары;
  • жобаның қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға тиіс заң актілерінің тізбесі және жобаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы ұсныстар;
  • әдетте, жобаға қаржы-экономикалық есептеулер, статистикалық мәліметтер қабылданатын нормативтік-құқықтық актіні қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтік, заңдық, экологиялық салдардың болжамдары қоса тіркеледі.

Қолданылып жүрген заңдарға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы нормативтік-құқықтық актінің               жобасы   енгізілген   жағдайда,   енгізілетін   өзгерістер   мен    толықтырулардың  тиісті негіздемесімен баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесі табыс етіледі” [9, 14 б]. Заң шығару үрдісінің дұрыс жүруі үшін сонымен қатар, Парламенттің заң шығару қызметін жетілдіру бағытында Парламенттің жанынан ғылыми сараптама институтын құруымыз қажет. Сондаған білікті заңдар өмірге жолдама алады. Сонымен қатар, Парламенттің заң шығару өкілеттігін одан әрі кеңейте түсу керек. Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілді орган ретіндегі қызметінің тағы бір қырын, оның мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларын қызметке тағайындау барысынан көре аламыз. “Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депуттатарының мәртебесі туралы” Конституциялық заңының 21-22 баптарына сәйкес мынандай өкілеттіктерді жүзеге асырады: “Республика Президенті Премьер-Министрді қызметке тағайындауға Парламент мәжілісінің келісімін, сондай-ақ Республиканың Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындауға Сенаттың келісімін алу үшін, Сенаттың Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлауы және қызметтен босатуы үшін Парламент Палаталарына тиісті жазбаша ұсынулар енгізеді, солардың негізінде тиісті мәселені Парламенттің   тиісті  Палатасының  таяудағы   отырысының күн  тәртібіне енгізу туралы шешім  қабылданады. Премьер-Министрді тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімі Палата отырысына беріледі.

Республика Президентінің аталған лауазымды адамдарды тағайындауына Парламент Палаталарының келісімі алдын - ала не соңына ұсыну барысында алынады және Палата отырысында беріледі. Сенаттың Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлауы мен  қызметтен босатуы үшін ұсынылған кандидатуралар мәселесі Палатаның отырысында қаралғанға дейін Сенат бюросының шешімімен белгіленген Сенаттың тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау және қызметтен босату туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды Республика Президенті немесе ол уәкілеттік берген Республиканың лауазымды адамы таныстырады.

Тиісті Палатаның отырысында:

  • кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;
  • депутаттар ұсынылған кандидатты “жақтап” немесе “қарсы” пікірлер білдіруі мүмкін.

Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөзді ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін. Егер Парламенттің тиісті Палатасы Президент ұсынған кандидатуралар бойыша қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Президент тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді. Егер Сенат Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметтен босату туралы шешім қабылдамаған жағдайда, Президент Сенатқа осы мәселе бойынша қайта ұсыну енгізуге хақылы” [10, 17-18 бб.]. Қазіргі кезеңде Парламенттің өкілді орган ретінде қызметін жетілдіруде әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Жоғарыда айтып өткен М.Т. Баймахановтың осы бағыттағы мына ойы өте орындылау болып көрінеді: “Целесообразно возложить на Парламент РК обсуждение и утверждение части общегосударственных программ в области внутренней и внешней  политики. Ныне почти все такие программы рассматриваются и утверждаются Президентом РК, в связи с чем Парламент РК как бы стоит в стороне от этого важного, по сути судьбоносного для республики дела. Разумное перераспределение полномочий по указанным вопросам между Президентом, Парламентом и Правительством РК позитивно скажется на подготовке каждой общегосударственной  программы, ее качества, способах и контроля за исполнением” [11, с 21].

Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілді орган ретіндегі өкілеттіктері, қоғамды одан әрі демократияландыру бағытында кеңейе түсетіндігін біз жақсы білеміз. Бұл бағытта соңғы кезеңдерде үлкен қадамдар да жүзеге асып жатыр. Осы жерде біздің бір айтатын ойымыз, Парламенттің бақылау қызметін күшейту қажет. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттің жұмсалуына байланысты, министрліктердің өз қызметтерін атқаруына байланысты және заңның орындалуына байланысты мәселелер. Міне, осындай шараларды жүзеге асырғанда ғана, Қазақстан Республикасы Парламентінің шынайы өкілді орган екендігін көреміз.

 

Әдебиеттер

  1. Кул-Мухаммед М. Законотворчество: проблемы и поиски. – Алматы: Ата - Мұра, 2000. – 64 с.
  2. Ким В.А. Некоторые проблемы совершенствования парламента Республики Казахстан // Теоретические и конституционно – правовые проблемы парламентаризма в Республике Казахстан: Материалы международной научно-практической конференции. Алматы: КазНУ имени аль-Фараби, 2006. – 17 ноября. - С. 24-29.
  3. Джапаркулов Н.Б. Парламент Республики Казхастан проблемы теории и практики // Казахстанский журнал международного права. – 2001. - №3 (6).С. 46-51.
  4. Баймаханов М.Т. К вопросу о политико-правовой природе парламента как высшего органа государственной власти // Теоретические и конституционно – правовые проблемы парламентаризма в Республике Казахстан: Материалы международной научно-практической конференции. Алматы: КазНУ имени аль-Фараби, 2006. – 17 ноября. - С. 16-24.
  5. Жарболова А.Ж. Қазақстан Республикасы парламенті заң шығармашылығының тиімділігінің негізгі шарттары // Адам құқықтарының халықаралық стандарттары және ұлттық заңдарды дамыту мәелелері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (1-2 наурыз) / Ред.басқ. Бектурғанов А.К. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 2.Б. - 272-280 бб.
  6. Сафарова Т.С. Законодательная деятельность Парламента Республики Казахстана // Научное издание. – Астана: Институт законодательства Республики Казахстан, 2005. – 24 с.
  7. Сапаргалиев Г.С. Место и роль Парламента в политической системе Казахстана в контексте конституционной реформы / Сборник материалов второго заседания Круглого стола: “Гражданский диалог в поддержку демократии”. – Алматы, 2005. – 9-13 с.
  8. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. – Алматы: Жеті арғы, 2007. – 68 б.
  9. Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының заңы. – Алматы: Юрист, 2006. – 28 б.
  10. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 68 б. 
  11. Баймаханов М.Т. К вопросу о политико-правовой природе Парламента как высшего органа государственной власти // Теоретические и конституционно – правовые проблемы парламентаризма в Республике Казахстан: Материалы международной научно-практической конференции. -Алматы: КазНУ имени аль-Фараби, 2006. - С. 16-24.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.