Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізудің конституциялық құқықтық қағидалары

Қазақстан Республикасының 13 шілде 1999 жылы қабылданған азаматтық іс жүргізу кодексінің екінші тарауында азаматтық іс жүргізудің міндеттері мен қағидалары көрініс тапқан болатын. Азаматтық іс жүргізудің негізгі қағидаларының қатарына заңдылық қағидасы жатады. Заңдылық қағидасы аталған кодекстің 6 - бабында былай деп көрсетілген: “Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме - дәл сақтауға міндетті, соттардың, адам мен азаматтың конституцияда баянды етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң, іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеліп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады.

Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге де органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілері қолданылады. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады. Ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.

Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып, шешуге міндетті”[1, 4 б]. Заңдылық қағидасы жалпы барлық құқық саласының негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Заңдылық азаматтық іс жүргізудегі талаптың барлығының сақталуын және заң нормасының мүлтіксіз орындалуы арқылы көрініс табады. Заңдылықпен қатар, азаматтық іс жүргізудегі тағы бір басты қағида сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы болып табылады. Бұл қағидада азаматтық іс жүргізу кодексінде көрініс тапқан, оның мәні мынада: “Азаматтық істер бойынша сот төрелегін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда  көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады. Төтенше, сондай-қ өзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті емес. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы кодексте көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.

Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады” .[1, 4-5 бб] Бұл қағида шын мәнінде, құқықтық мемлекеттің негізгі ерекшелігін көрсететін қағидалардың қатарына жатады. Қандай да болмасын, даулы мәселені, сот арқылы шешу қажет. Сот қана ең негізгі шешім шығарушы орган болып табылады. Кезінде Кеңестік кезеңде даулы мәселені көбінесе, коммунистік партияның органдары шешіп, әр түрлі заңсыздықтарға жол бергендігін біз тарихтан жақсы білеміз. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті қалыптастыру 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата Заңымыздың 1 -  бабында  бекітілген болатын. Сондықтан да, құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңінде бұл қағиданың да маңызды роль атқаратындығын көруге болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 8 - бабында адам құқықтары мен бостандықтарының, олардың заңды мүдделерін сотта қорғау деген қағида орын алған. Бұл қағидаға сәйкес: Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңмен  қорғалатын  мүдделерін  қорғау үшін осы кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды  тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе азаматтардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп, жүгінуге құқылы.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғарғы тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.

Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады. [1, 5 б] Адам құқықтары мен бостандықтары, оның басымдығы дамыған елдердің тәжірибесінде алғашқы орынға қойылады. Жалпы адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдік құруы, құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің қатарына жататындығын біз жақсы білеміз. Сонымен қатар, тағы бір негізгі қағидалардың қатарына, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жатады: “Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар - ожданын қорлайтын немесе қадір – қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс - әрекеттерге тыйым салынады.

Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері мен адамға келтірілген моральдік зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс”. [1, 5 б] Азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі қағидасы судьялардың тәуелсіздігі болып табылады. Судьяның тәуелсіздігі азаматтық сот ісін жүргізудің Кодексінің 12-бабына сәйкес, мынандай мәнге ие: Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай болсын  араласауға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгіленген”. [1, 6 б] Жалпы бұл қағида Қазақстан Республикасы Конституциясынынан бастау алады. Конституцияның 77-бабында былай деп көрсетілген: “Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:

  1. адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
  2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
  3. өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
  4. сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
  5. жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса, немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
  6. айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
  7. ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
  8. адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез-келген күдік айыпталуышының пайдасына қарастырылады;
  9. заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындау негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
  10. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол бермейді.

Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады”. [2, 42-43 бб] Адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдігімен байланысты тағы бір азаматтық сот ісін жүргізудің қағидасы, ол сот алдындағы теңдік қағидасы болып табылады. Сот алдындағы барлық  адамдардың  теңдігі: “Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заңмен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында:

- азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс;

- заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген”. [1, 6 б] Осы қағидамен астасып жататын қағиданың бірі, тараптардың айтысуы мен тең құқылығы екендігі белгілі. Бұл қағиданың жүзеге асуы мынандай жағдайдан көрініс табады: “Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптардың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға оладың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу  әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асырыуын бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды”. [1, 6-7 бб] Сот ісін жүргізудің жалпы сот әділдігінің негізгі қағидасының бірі, жариялық қағидасы болып табылады. Бұл сотта істің ашық қаралатындығын және сот отырысына әрбір азаматтың қатыса алатындығын көрсетеді. Бұл қағида азаматтық іс жүргізу кодексінің 19 - бабында былай деп бекітілген: “Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңдармен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің  ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән - жайларды негізге алған іске қатысушы адамның өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай - ақ осы кодекстің 179 - бабының 6 - бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

Азаматтардың жеке хат алысуы және телеграф байланысы ашық сот отырысында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады. Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса, немесе куә болмаса, 16 жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.

Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырылып жүргізіледі. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысында залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейне таспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып, берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шешуі мүмкін” . [1, 7- 8 бб]

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізудің конституциялық құқықтық қағидалары дегеніміз-азаматтық сот ісін жүзеге асыру барысында негізге алынатын талаптар, ұстамдар болып табылады. Азаматтық іс жүргізудің конституциялық қағидалары негізінен өзінің бастауын конституциядан өрбітеді. Сонымен қатар, негізгі заң болып табылаты азаматтық іс жүргізу кодексінде одан әрі дамытылып, нақтыланады.

 

Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2006. – 124 б. 2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.