Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық процесте жәбірленушіден жауап алудың процессуалдық жағдайы және оның өкілі ретінде адвокаттың қатысуы

Өзінің құқықтық табиғатында жәбірленушінің жауап беруі куәгердің жауап беруіне өте жақын келеді. Куәгердің жауап беруі тәрізді, оның да азаматтың өзіне белгілі болған іске байланысты дерек пен іс-әрекет туралы ауызша түрде заңмен белгіленген процессуалдық тәртіпте тергеу мекемесіне, тергеушіге, прокурорға немесе сотқа жауап береді және жәбірленушінің жауап беруі, оның өкілі адвокаттың қатысуымен болғаны дұрыс. Себебі, жәбірленуші өзі таңдаған сенімді өкілінің көзінше өзін еркін сезініп, шындықты айтуға ұмтылады.

Адвокат қылмыстық істің заңды және дәлелді қозғалғанына ерекше назар аударады. Бұған кәсіптік біліктілігі, өмірдегі тәжірибесі және істі жүргізуге еркі, адвокаттық интуициясы көмегін тигізеді [1, 66 б.]. Адвокат жәбірленушінің өкілі ретінде қылмыстық поцестің дербес және тең құқықты қатысушысы болып табылады. Жәбірленуші өзінің абыройы мен беделіне, өмірі мен денсаулығына, жеке бостандығына, мүлігіне қылмыстық қол сұғушылықтан өзінің сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асырады. Сондықтан қылмыстан жәбірленушіге өз құқықтары мен мүдделерін қорғану үшін көмек қажет ететін және оның іске жеке қатысуы мүмкіндігі болмаған іске кәсіби өкіл-адвокат кіріседі [2, 168 б.].

Ендігі жерде біз негізгі зерттеу өзегіміз жәбірленушіден жауап алу ерекшелігіне тоқталамыз. Куәгер тәрізді жәбірленуші де өзгермейді. Белгілі бір оқиға, қылмыс фактісі арқылы өзіне зардабы тиген азамат жәбірленуші болып табылады. Оның орнына өзге ешкім жәбірленуші ретінде танылып, жауап беруге болмайды. Жәбірленушінің орнына оның өкілі адвокат та жауап бере алмайды: Жәбірленушіні оның өкілі ретінде адвокат қылмыстық процессуалды әрекеттің субъектісі ретінде алмастыра алғанымен , ол оны дәлелдемелердің негізгі көзі ретінде алмастыра алмайды.

Жәбірленушінің жауап беруі өзіне келтірілген рухани, физикалық немесе мүліктік зардап тұрғысынан бастау алады және қылмыстық іс жүргізушілік әрекет үрдісінде жеке дәрежелік орын алады. Осының күшімен, оның берген жауабы куәгердің берген жауабынан біршама ерекшеленеді.

Куәгер процестің субъектісімен санасуға болмайды, ол өзінің құқығын талап етпейді, ол өзіне қатыссыз болып табылатын қылмыстық оқиға туралы өзіне белгілі деректерді сот немесе тергеушіге жауап беру үшін ғана осы процеске қатысады. Ал жәбірленуші болса, өзінің бұзылған құқығын орнына келтіруге және айыпкердің тиісті жазасын алуы үшін бар күшін салады. Сондықтан жәбірленушінің жауап беруі – оның заңды құқықтарын қорғау тәсілінің бірі. Куәгер мен жәбірленушінің жауап беруіндегі белгілі бір жайт: нақты деректермен қоса, олардың болған оқиғаға қатысты жекелеген істерге байланысты өзіндік ойлары мен қорытынды пікірлері де айтылуы мүмкін. Заң бойынша куәгердің ойы іске ешқандай қатысты емес, сондай-ақ сот пен тергеушіні ешнәрсеге міндеттемейді. Ал, жәбірленушінің осы іске қатысты жекелеген ойларын сот пен тергеуші қабылдамай тастауға болмайды, олар бұл айтылған деректі қайта сонымен, жәбірленушінің берген жауабы дегенде тағы бір мәрте астын сызып тұрып айтарымыз – бұл жауапты беруші азамат істің негізгі дерек-көзі, оған айыпкердің жазалануы немесе ақталуы, келтірілген зардап қалпына келтіріле ме, жоқ па дейтін сауал бәрібір дейтін мәселе емес.

Жәбірленушінің іске тікелей араласуы, оның тергеу мен істі соттың қарауына қатысуы арнаулы заңды уақыт тәртібін белгілеуді қажет етеді. Жәбірленушінің жауап беру құралы өзіне белгілі әрқилы жағдаяттардан құралады, яғни оның кейбірін бекітуге, анықтауға немесе теріске шығаруға ұйғарылады. Жәбірленушінің жауап беру кезіндегі келтірген мәліметтерінің толыққандылығы мен шүбәсіздігі оның бұл оқиға болған уақытта қандай орын жағдайда болғанына да байланысты. Оның жауап беруі қылмыс құрамының кез-келген элементіне қатысты болуы мүмкін; айыпкердің жеке тұлғасына мінездеме жасау, оның жәбірленушімен қарым-қатынасы т.б. Бірақ мұның бәрі осы қылмысты жасаушы және оның жәбірленушімен жанасу нүктесін анықтаған нақты жағдаяттардың жиынтығымен келісілген. Сонымен, жәбірленуші жауап беруде өзіне белгілі барлық деректі көрсете алады, тек оның бәрі іске қатысты, маңызды болуы тиіс. Осындай жалпылама сипаттамада жәбірленушінің жауап беруі куәгерлердің жауап беруінен еш айырмашылығы жоқ тәрізді. Алайда, әрбір істе тек жәбірленушінің өзіне ғана белгілі жағдаяттар да кездеседі. Осы деректер жәбірленуші көрсеткен негізгі ядро болып табылады, сот қызметкерлері мен тергеушілер ең алдымен осы дерек көздер арқылы істі қарауға кіріседі.

Алдын-ала  жәбірленушіге нақты қандай мәлімет белгілі екенін болжау қиын. Әйтсе де, жәбірленушінің жауап көрсетуінің мазмұнын анықтайтын негізгі үш топты айтуға болады,оған мына жағдаяттар кіреді:

а) қылмыс оқиғасының жоқ болуын немесе бар болуын белгілейтін оның заттық белгілері (уақыт, орын, қылмыстың жасалу тәсілі т.б.), сондай-ақ айыпкер тұлғасы;

б) жәбірленушіге кептірілген зардаптың сипаты мен мөлшерін белгілеу; в) айыпкер мен жәбірленушінің өзара қарым-қатынасын анықтаушы;

Бекітілген жағдаяттарды анықтау кезінде жәбірленуші берген маңызды мәліметтерсіз қарастыруға болмайды; жәбірленуші міндетті түрде оның әрбіріне қатысты нақты жауап беруі сұралуы қажет. Бұл, әрине, өзге де мәліметтерді анықтауға үлкен мүмкіндік береді. Мысалы, кейбір куәгерлердің процеске қатысушы басқа жандарға қарым-қатынасы, айыпкердің бұрынғы қоғамдық қызметі т.б. Егер осы және өзге де жағдаяттардың анықталуы іске маңызды және жәбірленушіге бұл мәліметтер белгілі екеніне негіз болса, онда одан ол туралы да сұралуы керек. Ал, куәгерді тергеуге белгілі бір мәліметті анықтау үшін шақырады. Мысалы, қылмыстың жасалуына жол ашқан жағдай туралы, сонда осы мәліметтермен оның жауап беруінің бар мәні тәмәмдалады. Жәбірленушінің жауап беруіндегі мұндай мәліметтер екінші кезектегі, ол оның негізгі өзегін құраушы болып, келтірілген зардап мөлшері, айыпкердің жеке тұлғасы және қылмыс құрамының сипаттары саналады. Жәбірленушінің жауап берудегі сипатына оның қылмыс жасалған сәтте нақты қандай  жағдайда болуы және қылмыс спецификасы үлкен әсерін тигізеді. Осы екі жағдай жәбірленушінің қылмыс туралы берген мәліметінің көлеміне септігін береді. Қылмыс спецификасы мағынасының астарынан бұл жағдайда қылмыстық озбырлықтың тікелей нысаны түсініледі. Оларға: адамның жеке тұлғасы, оның қадір-қасиеті, оның мүлігі, т.б. қол сұқпайтындай болуы мүмкін. Қылмыстың тікелей нысандарына қандай құқық қорғау игіліктері қызмет атқарғанына қарай, жәбірленушінің берген жауабының көлемі кең не тар болуы мүмкін. Мысалы, зорлауға қатысты жәбірленушінің жауап беруінде бар мәлімет қамтылады (орын, уақыт, қылмыстың жасалу әдісі, айыпкер тұлға, оның сыбайластары және т.б.). Сонымен бірге, осындай істердің спецификалық күшіне оларды қарастыру кезінде негізінен келтірілген мүліктік зардап пен оның қалпына келтірілуі туралы  сауал туындамайды, бұл сұрақ дәлелдеу құрамына кірмейді және жәбірленуші ол жайында тергелмейді.

Керісінше, тікелей нысаны – азаматтардың жеке меншігі болатын қылмыстық істер бойынша келтірілген зардап мөлшері мен сипатын анықтау қылмыскерді анықтаумен қатар белгілейді. Мұндай істерде жәбірленушінің жауап беруі кеңейе түседі, онда қылмыстық жасалу жағдаяттарынан басқа, келтірілген материалдық зардап мөлшері мен сипаты туралы да айтылады.

Қорлау, жала жабу, қол жұмсау т.б. істерде ең алдымен жәбірленуші мен қылмыскер өзара қарым-қатынасын анықтау өте маңызды, сондай-ақ, қылмыскердің қоғамдағы орны, өмір сүру сипаты, жекелеген мінездемелері т.б. мәліметтер көп нәрсені анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, әрине, жәбірленушіден қылмыстың орындалу жағдаятын, сондай-ақ өзіне келген зардап туралы сұралуы тиіс. Осылайша жәбірленуші тергелетін фактілер мен жағдаяттар осы іс бойынша дәлелдерге сүйенген. Дәлелдеу құралының өзі қылмыстық заңда формаланған қылмыстың негізгі және басты құрамымен анықталады. Жәбірленушінің жауап беруіне қатысты дәлелдемелерге  байланысты кеңістік қылмыстық – процессуалды құқықтың жалпы ережелері әлі де өз күшінде. Жәбірленушінің берген қай жауабын қабылдау сот немесе тергеушінің ішкі түйсігіне байланысты. Жәбірленушінің берген жауабы әр кезде де іске өте маңызды, әрдайым қандай да бір фактіге байланысты  болып келеді. Тергеуші куәгерден жауап алу сәтінде дәлелдемеге келмейтін фактілерді анықтауы мүмкін, яғни бұл куәгердің берген жауабы дәлел ретінде іске қатыспайды. Дәл осындай жағдай дәлелдеме ретінде қаралатын құрал немесе жазба құжаттармен де болуы мүмкін. Жәбірленуші ылғи да іске қатысты болады, оған келтірілген зардап – қылмыстың тура нәтижесі. Сондықтан, оның берген жауабы толықтай болмаса да іске қатысты болады, сот пен тергеушінің қарауына жататын фактілер туралы мәліметтер құрайды.

Демек, егер бұл адам бекітілген болса, онда оның берген жауабы сөзсіз іске қатысады немесе жәбірленушінің жағдайы, оған қандай да болсын, тіпті келісілген фактілер беймәлім болмауы тиіс. Осыдан тағы да бір тәжірибелік маңызы бар қорытынды шығады: егер жәбірленуші істің материалы бойынша оған белгілі, бірақ ол болған қылмысқа байланысты жауап бере алмаса, онда қылмыстан зардап шегуші бұл емес, өзге адам немесе тіптен бұл қылмыс болмаған, тек  жалған  сөзбен жеткізілген болып табылады. Әрине, мұндай жағдай мұқият тексерілуі және дәлелденуі тиіс. Жәбірленушінің жауабы өзге де басқа дәлелдемелер тәрізді, осы мақсатқа кеңестік дәлелдемелік құқықпен қабылданған белгілерден бөлек, жіктелуі мүмкін. Жәбірленушінің жауап  беруін айыптаушы және ақтаушы деп бөлу өте үлкен тәжірибелік маңызға ие, өйткені, жауапқа тартылған адамның ісінің тағдыры мен бағыты туралы шешімді шығаратын мекемелердің негізгі міндеті дәлелдемелерді  дұрыс  бағалау,  сараптау  және  тіркеу  болып  табылады, айыпталушының  айыбын мойнына салу және оның кінәсін ауырлату – бір жағынан, айыпталушыны ақтау және оның жауапкершілігін жеңілдету; екінші жағынан, осы көзқарас тұрғысынан жәбірленушінің айыпталушы адамнан ұрлық жасаушы адамды көруі туралы жауап көрсетуі кінә тағушы дәлелдеме болып табылады; егер, жәбірленуші айыпкерді анықтай алмаса, бірақ алдында ұрлықшыны еске жақсы сақтап қалдым десе, онда жәбірленушінің мұндай жауап беруі сөзсіз айыпкерді ақтайды.

Жәбірленушінің жауап беруі бастапқы да, туынды да дәлелдеме болуы мүмкін. Дәлелдеменің бастапқысы болып жәбірленушінің сот не тергеу мекемелеріне айыпкердің жеке өзіне қатысты немесе болған қылмыстың жағдаяты туралы өзі көрген, естіген, не басқа жолмен қабылдаған фактіні жеткізу танылады. Мысалы, күйік туралы қаралған істе жәбірленуші тергеу кезінде, түнде ыстың иісінен оянып, терезеге қарағанында үйден биік аңшылыққа арналған етік киген, арқасында мылтығы бар адамның жүгіріп бара жатқанын көргенін айтады. Егер жәбірленуші бұл фактіні өзі көзімен көрмей, өзге адам арқылы білген болса, онда оның келтірген дәлелдемелері туынды болып саналар еді. Жәбірленушінің туынды жауап беруі іске өте маңызды болуы мүмкін, бірақ, әрине, жәбірленушінің жеке өзі қабылдаған фактілері қылмыстық процесте тікелей талаптарға жауап берері сөзсіз. Сондықтан, жәбірленушінің әртүрлі туынды дәлелдемелері ең алдымен сол фактінің бастапқы мәліметтері көмегімен тексерілуі тиіс. Жәбірленушінің берген жауабында айыпкер адамды және қылмыс оқиғасына тікелей сілтейтін деректер бар болуы немесе мұндай деректер  жоқ,  ал жәбірленуші тек болған қылмысқа байланысты белгілі бір пікірге әкелетін фактіге жеткізуіне қарай, жәбірленушінің берген жауабы тура және жанама дәлелдемелерге бөлінеді. Тура дәлелдеме – бұл басты факті, яғни айыпкер жасаған қылмыстың дәлелі. Мұнда жәбірленушіге айыпкердің болған қылмыс туралы мойындауы т.б. жатады.

Барлық осы оқиғаларда жәбірленушінің берген жауабында тура және тікелей түрде басты ізденуші факт бекітіледі. Егер де жәбірленушінің берген жауабынан қылмысқа қатысты айыпкерді тура табу мүмкін болмаса, ол берген деректер тек жанама түрде мүмкін деген айыпкерді көрсетсе, онда бұл жанама дәлелдемелер болып табылады және бұған барлық ережелерді жинау соңғыларды пайдалану қажет. Жәбірленуші ретінде кез-келген қылмыстық әрекет нәтижесінде физикалық рухани немесе мүліктік зардап шеккен, сол іске қатысты маңызы бар жағдаяттар мен фактілер белгілі болуы мүмкін деген адам сұраққа алынуы мүмкін. Қылмыстық- процессуалды заң жәбірленушінің қарсы болуын қарастырмайды және оның дәлел ретінде берген жауабына ешқандай шектеу қоймады. Жәбірленушінің берген жауабының маңыздылығын ескере отырып, оның айыпкермен жеке қарым-қатынасы жайында сұрап-біліп, қылмысты ашуға және айыпкерді әшкерелеуге болар еді. Тек, егер де жәбірленуші өзінің психикалық немесе физикалық жетіспеушілігіне байланысты іске маңызды жағдаяттарды дұрыс қабылдай алмайтын болса, онда ол тергеуге алынбайды. Мұндай жағдайда жәбірленушінің физикалық немесе психологиялық жағдайын анықтау үшін және оның дұрыс жауап беруіне мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін сараптама жүргізіледі. Жәбірленушілердің басым көпшілігі өз еркімен және ақиқат негізінде сотқа немесе тергеушіге істің дұрыс шешілуі үшін осы іс жайындағы өзіне белгілі фактілерді жеткізеді. Ең алдымен, жәбірленушінің өзі оған зардап келтірген қылмыстың ашылып, айыпкерлер тиісті жазасын алғанын қалайтыны анық. Алайда, жәбірленуші қандай да бір себептерге байланысты жауап беруден бас тартуы немесе нысанадан тыс, ал кейде тіпті жалған мәлімет беруі де  мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық-процессуалды заң жәбірленушіні шындыққа жанасымды жауап беруге міндеттейді, сондай-ақ сотпен тергеуде оның жауап беруінің тәртібін анықтайды:

  1. Жәбірленуші оған белгіленген уақытта сот, прокурор, тергеуші немесе тергеу мекемесі шақырғанда келуі тиіс. Жәбірленушінің бұл міндеті – тек азаматтық ғана парызы емес, жеке басының жауапкершілігіне қатысты құқықтық мінездемелік міндеті. Жәбірленуші себепсізден себепсіз келмей қалса, онда ол сот алдына еріксіз келтіруге тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда егер жәбірленуші белгілі бір себептерге байланысты келмеген болса, ол келмеуінің себебі туралы анықтама көрсетуге міндетті.
  2. Жәбірленуші қойылған сұрақтарға жауап беруі және өзіне белгілі жайттардың бәрін айтуға міндетті Жәбірленушінің жауап беруі – құқықтық мінездеме міндеті. Жауап беруден тайқып кетсе немесе бас тартса, жәбірленушіге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Жәбірленуші сот немесе тергеуге керекті мәліметтерді өз жеке басының немесе қызметінің құпиясы деген сылтаумен айыптай қалуға құқы жоқ. Жан-жақты және толық түрдей дәлелдерді зерттеу – істің дұрыс шешілуінің алғышарты, жәбірленушіге белгілі бар жайт сот немесе тергеушіге жеткізілуі қажет. Алайда, жәбірленуші қылмыстың жасалуына қатысты өзін әшкерелейтін айғақтарға жауап беруге міндетті емес. Жәбірленушінің өзін осы қылмысқа айыпкер ретінде итермелейтін сұрақтардың қойылуы заңға қойшы, себебі бұл жәбірленуші жасанды түрде күмән тудырушылардың қатарына қосады.
  3. Жәбірленуші шындыққа жанасымды жауап беруге міндетті. Саналы, ойластырылған сипатта жәбірленушінің жалған мәлімет беруі, заңды құқыққа үлкен зиян тигізіп, істің бұрыс шешілуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан да жалған мәлімет берген жәбірленушіге қылмыстық іс қозғалады. Егер ол қателік есебін де өз еркімен шатасушылық, фактіні дұрыс емес қабылдау жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Дәлелдеме негізіндегі жәбірленушінің жауап беруінің процестік міндеттері осындай. Жәбірленушіден жауап алу тергеу түрінде, белгілі процестік формада, тергеуге алынған адамның құқылары сақталатындай және сенімді мәліметтер алатындай тәсілмен жүргізіледі. Сонымен бірге, бұл жерде жәбірленушінің жеке басына және іске нақты қажетті деректі ескеріп, жауап алушы криминалистиканың тактикалық ережелерін шебер пайдалана білуі шарт. Бұл тактикалық ережелер бекітілген процессуалды заңға толығымен сәйкес келіп, соның негізінде тергеу жүргізілуі керек. Жәбірленушіден жауап алу заң бойынша тергеушінің қызмет орнында  өтеді. Алайда, егер тергеуші қажет деп тапқан жағдайда тергеуді жәбірленушінің отырған орнында (ауруханада, үйде, жұмыс орнында т.б.) алады.

Тергеуші жауап алмас бұрын жәбірленушіге не себептен шақырғанын түсіндіреді, оған іске қатысты тек шындықты айтуын ескертеді және жауап беруден тартса, жалған мәлімет берсе, қылмыстық қозғалатынын ескертеді, содан кейін хаттамаға жәбірленушінің қолы қойылады. Ал, он алтыға жасы жетпеген жәбірленуші болса, тергеуші оған тек шындықты айту қажеттігін түсіндіреді, алайда жалған мәлімет немесе жауап беруден бас тартқан жағдайда оған қылмыстық іс қозғалатыны туралы ескертпейді. Он төрт жасқа дейінгі және он төрт пен он алты жас аралығындағы жәбірленушіден жауап алу кезінде тергеушінің бақылауымен педагог шақырылады. Қажет болған жағдайда жәбірленушінің заңды өкілдері немесе оның жақын туыстары шақырылады. Тергеуде жәбірленушіден алынатын жауаптың ережесі куәгерден жауап алудан ешбір айырмашылығы жоқ. Сондықтан, тек жәбірленушінің тергеу кезіндегі жауап алу тәртібін қарастырамыз. Тануды жүргізу қажет болған жағдайда жәбірленуші алдын-ала ол адамның сыртқы пішіні, ерекшеліктері мен әдеттері, сондай-ақ, оны қандай жағдаятқа көргені туралы сұралады. Жәбірленушінің берген жауабы хаттамаға енгізіледі. Сосын тануға жатқызылатын адамды өзге де оған сыртқы келбетімен ұқсас келетін адамдармен бірге жәбірленушіге көрсетіледі. Тануға көрсетілетін адамдардың саны кемінде үшеу болады. Жәбірленушіге солардың арасынан өзі берген жауабына сай сол адамды көрсету ұсынылады. Жетекші сұрақтар жіберілмейді. Танылған жағдайда жәбірленуші оны қандай ерекшеліктері немесе белгісіне қарай танығанын түсіндіруі тиіс. Тану үшін көрсету куә адамдардың қатысуымен жүргізіледі және жәбірленуші туралы мәлімет қамтылған, оған тануға көрсетілетін адамдар туралы жазылған хаттама дайындалады, және мүмкіндігінше жәбірленушінің көрсеткен жауабы сөзбе-сөз мазмұндалады.

Жәбірленушіден зат, мүлікті тану кезінде жүргізілетін тергеу дәл адамды тануға байланысты ережемен бірдей жүргізіледі. Айта кетерлік мәселе, тануға қатысты жәбірленушіден жауап  алу белгілі бір бекітілген заңды ереже бойынша жүргізілуі тиіс, өйткені осылайша жәбірленушінің берген жауабының қаншалықты нақтылығына және қате пікірдің туындамауына жол ашылады. Егер тану мен алдын-ала жүргізілген тергеуге қатысты жәбірленушіден жауап алу ережесі куәгерден жауап алумен бірдей болса, ал сотта жәбірленуші дәлелдемелерді зерттеу барысында белсенді қатысады. Жәбірленуші соттың отырысына шақыруда екі жақты мақсат қарастырылады: біріншіден, іске қатысты оған белгілі мәлім етеді. Жәбірленушіден сұрап-білу және екіншіден, өтініш беруіне мүмкіндік беру, дәлелдемелер көрсету және оларды зерттеу барысына қатысу. Осы құқықтарды пайдаланып, жәбірленуші сот ізденісіне белсенді түрде қатысуына да болады. Жауап беруден бас тартуға еш құқығы жоқ, соттың шақыруы бойынша іске қатысты мәліметтер жайлы жауап беруге тиісті. Тіпті, жәбірленуші іске тек талапкер немесе кінәлаушы есебінде ғана қатысса да, одан жауап алынбайды деген сөз емес. Жәбірленушінің тану жұмыстары мен алдын-ала тергеу кезінде жауап беруі, оны сот отырысына қатысуына мүмкіндік бермейді, өйткені, сот хаттамаға ғана қарап емес, жәбірленушіден тікелей де жауап алып отыруы қажет. Сот отырысында қарастырылмаған дәлелдемелер негізінде соттың үкім шығаруға ешқандай құқығы жоқ.

Куәгерден жәбірленушінің айырмашылығы ол жауап бергенге дейін сот отырысынан шеттетілмейді, себебі, ол сот отырысында дәлелдемелерді қарастыруға қатысуға құқығы бар. Сонымен қатар, жәбірленушінің сот залынан өзге куәгерлермен бірге шығарылуы тәжірибелік мәнін жоғалтады. Куәгерлер жауап бергенге дейін өзге куәлардың жауабын білмесі үшін арнайы кіргізілмейді. Жәбірленуші алдын-ала тергеу жұмыстары өткізілген сәттен бастап, еске қатысты материалдармен танысуға құқығы болғандықтан, ол сот тергеуіне дейін-ақ іс бойынша тергелетін куәлардың берген жауаптарының сипатымен таныс болады. Ал бұдан соң жәбірленушінің сот отырысына шығарылуы бар мәнін жояры сөзсіз. Куәлардан бұрын ең алдымен жәбірленушіден жауап алынады. Мұндай тәртіп жәбірленушінің берген жауабына сенімділік пен объективтілікті сенім артады. Өйткені, дәлелдемелерді соттың ауызша және тікелей қарастыруы жәбірленушіден жауап алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Кеңестік республикалардың бекітілген қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заңдылықтар бойынша жәбірленуші куәгерлерден бұрын жауап беріп, сосын сот отырысында қалады. Істі тергеу барысында, сот алдында жауап беру кезінде жәбірленуші жауап беруден бас тартса, жалған мәлімет берсе, оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертіледі және одан қолхат алынады. Көптеген жағдайларда мұндай ескертулер жәбірленушіге айтыла бермейді, яғни ол сот отырысында оның тең құқылы мүшесі ретінде қатысады. Алайда, оған жасалатын ескертулер нәтижесінде оның жасалынатын ескертулер нәтижесінде оның беретін жауабының объективтілігі мен дұрыстығына толыққанды кепілдік береді. Десе де, ескерту оның процестік мүмкіндігін кемітпейді: сот оған оның жауапкершілігін ескерте отырып, заңда айтылған мәліметті ғана түсіндіреді.

Жәбірленушінің жауап беруі өзіне белгілі бар мәліметті сотқа жеткізетіні туралы сөйлемнен басталады. Еркін сөйлеуде жәбірленуші іске қатысты бар фактіні айтқаннан кейін, оған сот, кейін прокурор, қоғамдық айыпталушы, басқа да жәбірленушілер, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушылары тарапынан сұрақтар қойылуы мүмкін. Жәбірленуші өзіне қойылған барлық сұраққа жауап беруге міндетті (егер олар жетекші немесе іске қатыссыз сұрақтар болмаса). Жәбірленушіден адамды және затты тану кезінде қойылатын соттағы жауап алу, тергеу мен алдын-ала зерттеу кезіндегі жауап алудан ерекшеленбейді.

 

Әдебиеттер

  1. Мейірбекова Г.Б. Қазақстан Республикасындағы Адвокатура және адвокаттық қызмет. – Алматы, 2007. 184 б.
  2. Тыныбеков С. Қазақстан Республикасындағы Адвокатура және адвокаттық қызмет. Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2003. 317 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.