Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ноғай ордасындағы кеңестер: нысандары және құзыреттері

Ноғай Ордасы өз кезінде дәуірлеген, дамыған көшпелі мемлекеттердің бірі болып табылады. Ноғай Ордасы да мемлекеттік басқару жүйесінің дамыған қоғам талабына сәйкес құрылымдарын өмірге әкелді. Ноғай ордасындағы сондай ерекше жоғарғы басқару органдарының қатарына Ноғай Ордасының кеңестері жатады. Біз бұл жерде Ноғай Ордасындағы кеңестер деп атауымыздың себебі, Ноғай Ордасында кеңестердің бірнеше нысандары өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасындағы кеңестер мемлекеттік биліктің тұтастығын қалыптастырған және оның аумақтық бірлігін сақтауға ықпал еткен, стратегиялық органдардың жүйесінен тұрды. Ноғай Ордасындағы кеңестер өзінің құрылымдық жүйесі бойынша, біздің ойымызша төмендегідей сатыларға жіктеледі:

Бірінші, ноғай елінің жалпы құрылтайы;

Екінші, ноғай ордасындағы үлкен кеңес;

Үшінші, ноғай ордасындағы кіші кеңес;

Төртінші, ноғай ордасындағы тұрақты кеңес қара дуан.

Еуразияны мекендеген мемлекеттердің тарихына көз жүгіртетін болсақ, оның ішінде көшпелі мемлекеттердің өмір сүруінде халық билігінің көріністері ежелгі дәуірлерден бері, өмір сүріп келе жатқандығын көреміз. Сондай халық билігінің нысаны болып табылатын жалпы халық құрылтайы Ноғай Ордасында да шақырылып отырды. Кеңестік ғалымдар мұны, көбінесе Ноғай Ордасының феодалдарының съезі деп атаған болатын. Осы жерде айтар бір ерекшелік Ноғай Ордасындағы мұндай кеңестерде ірі ру басылар феодалдық топпен қатар, қара халық та қатыса алатын болған. Сондықтан да бұл кеңеске қатысушыларға шек қойылған жоқ. Бұл осыған сәйкес те ноғай ордасының жалпы құрылтайы деп аталуы қажет. Ол мәні бойынша да осындай құрылымдық жүйе болып табылды. Жоғарыда біз айтып өткеніміздей, Ноғай Ордасындағы мұндай кеңестер құр жерден пайда болған жоқ. Мұның бастаулары да көшпелі далада өмір сүрген Ноғай Ордасына дейінгі мемлекеттердің саяси тарихымен астасып жататындай. Мәселенки, Оғыз мемлекетінде де, “қанқаш” атты кеңес шақырылып отырған. Бұл Оғыз мемлекетінің сыртқы және ішкі саясатының маңызды мәселелерін шешті. Бұл туралы оғызтанушы ғалым С.Г. Агаджановтың пікірі мынандай: “Огузские ябгу передавали свою власть по наследству, хотя формально считались “избарнными” на царство. Выборы огузских верховных правителей являлись трансформированным пережитком народных собраний эпохи военной демократии. Наличие таких собраний у Огузов Х в. подтверждается “Книгой” Ахмада ибн Фадлана. “Когда они (гузы), - пишет Ибн Фадлан, - сойдутся на чем-либо и решается на это, приходит затем самый ничтожный из них и самый жалкий и отменяет то, на чем они уже сошлись”. Однако народные собрания Огузов созывались весьма редко, и главную роль в повседневной жизни играл совет знати. В тех же случаях, когда созывались народные собрания, основной тон в них задавала огузская аристократия. На это указывают эпизоды, которые содержатся в различных версиях “Огуз-наме”, сохранивших воспоминания о державе сырдариньских ябгу. В одном из приводимых в них рассказов, например, следующим образом повествуется об избрании на ханство Карамана. Согласно этому преданию, Явкой-хан после смерти оставил малолетнего сына по имени Караман. Огузские или, малые и большие, устроили народное собрание (канкаш) для выборов нового хана. Мудрый советник Коркут-Ата предложил избрать в качестве регента Эрки-хана. Огузский иль согласился с Коркутом и выбрал Карамана верховным ханом, а Эрки-хана – его заместителем.

Фигурирующие в этом огузском предании Явкой-хан, Караман, Эрки-хан и Коркут-Ата являются не историческими, а эпическими вымышленными личностями. Однако для нас важен сам сюжет исследуемого сказания, которое сохранило отдаленную память о былых “героических” временах. Весьма показательно, что в описанном и других эпизодах народ фактически только присутствует при избрании хана. Это обстоятельство дает основание предположить, что огузские народные собрания постепенно утратили свое значение, сохранившись в качестве реликта эпохи военной демократии.

Согласно историческим преданиям, огузские правители “выбрались” из наиболее могущественного “ханских уругов”. Формальное “избрание” производилось согласно торе – своду неписанных правил. В основе этого обычного права лежала привилегия на власть старшего по сравнению с младшим родичем.

Очевидно, по мере развития патриархально-феодальных отношений полномочия существовавшего у Огузов народного собрания были постепенно узурпированы советом знати. Как сообщает Ибн Фадлан, в Х в.  Важные государственные  дела  решались, на  совете  огузской военно-племенной аристократии. Ибн Фадлан рассказывает о таком совете, который был созван главным предводителем огузского войска. Среди приглашенной им знати упоминаются царевич, сын ябгу, инал и тархан. Ибн Фадлан сообщает, что тархан был “самым благородным из них и уважаемым”. Тарханы считались в древнетюркском и хазарском каганате людьми высокого ранга.

В Х-ХІ вв. у тюркоязычных народов тарханы, вероятно, составляли привилегированный слой правящей знати. Тарханами были военачальники, предводители, крупные беки. В свете этих фактов становится ясным, почему тархан особо выделяется среди лиц, заседавших в совете огузской аристократии” [1, с. 141-142]. Егер тарихқа одан да терең көз жүгіртетін болсақ, мұндай кеңестер халық жиналыстары ежелгі Еуразияны мекендеген Ғұн империясы тұсында да шақырылып отырғандығын байқаймыз. Қытай деректерінде ол туралы мынадай мәліметтер сақталған: “Жаңа жылдың алғашқы айында (бұл арада айдың жаңа тууын айтып отыр. - Ауд.) мемлекет басшылары (негізінен кіші хандар мен уәзірлер) Тәңірқұт ордасы жанындағы ғибадатханаға барып, кіші жиын өткізетін болған. Ал айдың бесінші жаңасында барлығы Луң-чыңға (Айдаһар қалаға) барып, үлкен жиын өткізген. Күзде, жылқы қоң жинаған кезде, Дәйлин тауына барып, бүкілхалықтық  жиын өткізіп, көкке, жерге, ата-баба аруағына арнап құрбандық шалған, мал-жанның есебін алған” [2, 35 б.]. Біздің ойымызша, Ноғай Ордасындағы кеңестердің бастаулары да осы көшпелі мемлекеттердің аталған құрылымдық жүйелерімен тікелей байланысты болып келеді. Себебі, Ноғай Ордасынының қалыптасуы мен дамуында және этникалық құрылымында аталған мемлекеттер үлкен ықпал етті. Сонымен қатар бұларды түркілік, туысқандық тамыр біріктіреді. Кейбір авторлар ноғай ордасындағы шақырылған мұндай кеңестердің шығу тегін төмендегі жағдайлармен байланыстырады: “При таком положении единственным связующим звеном были съезды ногайских мурз, созываемые при чрезвычайных условиях, где рассматривались вопросы касающиеся интересов всего Едигеев дома. Ногайский съезды, по-видимому, являются пережитком прежних курултаев, созываемых в период существования Золотой Орды, и от прежнего Курултая отличались тем, что съезды ногайских мурз почти заменяли княжескую администрацию и тем самым еще больше ослабляли власть князя” [3, с. 42.]. Бұл көзқарастың өзінен-ақ, Ноғай Ордасындағы кеңестер өзінің бастауларын әріден алатындығын және тарихи сабақтастықта дамып отырғандығын көреміз.

Ноғай Ордасындағы жалпы халық құрылтайы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындайтын және жалпы мемлекеттік дамуды белгілейтін руаралық өзара келісімді бекітетін, мәмілегерлік жүйенің көрінісі болып табылды. Ол туралы Е.А. Поноженко былай дейді: “Будучи по своей социальной природе представительными форумами феодальной знати, ногайские феодальные съезды созывались для решения особо важных вопросов внутренней и внешней политики Орды. Необходимость в созыве съезда возникла тогда, когда Бию надо было заручиться поддержкой большинства влиятельных феодалов либо когда феодальная знать хотела навязать свою политику Бию. Съезд мог быть полным и не совсем полным, и это имело значение для его правомочности. Отсутствие на съезде важных феодалов могло парализовать выполнение его решений. Поэтому для бия необходимо было получить на съезде согласие каждого крупного феодала” [4, с. 39.]. Мұндай кеңестерде елдің аумақтық тұтастығы, соғыс пен бейбітшілік мәселесі, сырт елмен қарым-қатынас жасау, ірі ру басыларының бас бұзарлық істері қарастырылды. Алым-салықты белгілеу де осы кеңестің құзыретіне жатты. Оның ішінде әскери жағдайда алынатын алым-салықтар ерекше құзыретіне жатты. Жалпы халық құрылтайының заң шығару өкілеттігі де болды. Осы жерде мойындалған әдет-ғұрып нормалары мемлекеттік сипат алып, міндетті орындалу нысанын иеленді.

Ноғай Ордасындағы тағы бір маңызды халық билігінің нысанын Ноғай Ордасының үлкен кеңесі құрайды. Ноғай Ордасының үлкен кеңесіне Ноғай Ордасын басқарушы би және оның жақын туысқандары, лауазымды тұлғалар, Нураддин, Кековат, Тайбұға және т.б, кірген  болатын. Мұны мына пікірде растай түседі: “Высшим органом власти являлся Большой совет (курултай), состоявший их высших чиновников и “братьев, племянников бия”. Этот орган избирал бия, ограничивал его власть. Бием созывался и малый совет из числа высших чинов и приближенных к Бию служилых феодалов” [5, с. 35.]. Ноғай ордасындағы үлкен кеңес мемлекеттік аса маңызды саяси мәселелерді шешті. Ноғай ордасына келетін елшілерді салтанатты түрде қабылдауға ат салысты. Әртүрлі лауазымдарды бекітті және соларға сайлауды жүзеге асырды.

Сонымен қатар, Ноғай Ордасында күнделікті ағымдағы мәселелерді шешетін кеңестер де қызмет атқарған болатын. Бұл кеңесті, деректерде Ноғай Ордасының кіші кеңесі деп атайды. Бұл кеңес бидің жанында болғандықтан, Ноғай Ордасындағы би жанындағы кіші кеңес деп қабылданғаны дұрыс деп санаймыз. Кіші кеңес, негізінен, мемлекетті бақсарудағы бидің саясатын жүзеге асырды. Оған би және оның қарамағындағы лауазымды тұлғалар қатысқан болатын. Мұндай соғысты жүргізудің әдіс- тәсілдері нақтыланды. Бидің жарлықтары талқыланып отырды. Ноғай Ордасындағы мұндай кеңестерді сол кезеңде Ноғай Ордасымен қатар өмір сүрген қазақ хандығынан да көре аламыз.  Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде “тұрымтай” және “тоғанақ” кеңестері шақырылып отырды. Ол туралы З. Сәнік былай дейді: “Қазақ хандарының билік жүргізу органы тоғанақ кеңес және тұрымтай кеңес деп екіге бөлінген. Тоғанақ кеңес жылына бір рет өткізіліп отырған, оның көлемі кең, қатынасатын адамы мол болған. Оған ханға қарасты елдің басты-басты ру басылары, білікті билер, қолбасылар, жыраулар қатынасады. Онда хандықтың ірі-ірі істері талқыланып, ел ішіндегі үлкен дау- дамайлар жөнінде шешім жасалатын болған, алдағы істер, халықтың соғыс дайындығы талқыланып, соған сай жарғылар қабылданған.

Тұрымтай кеңес, шағын кеңес органы болған. Мұндай кеңестер айына, шұғыл кезде жұмасына бір рет өткізіліп отырған. Оған хандықтың негізгі билері, он мың басылары, Орданың бас жырауы, Орданы қорғайтын төлеңгіттердің бас қолбасшысы, ханның орда жұмысына араласа бастаған балалары қатынасып тұрған. Мұнда көбінесе бір жұмалық, айлық жұмыстар талқыланып, күнделікті жұмыстар орналастырылған, шұғыл істер жөнінде шешім жасалған. Мұндай кеңестер іс жүзінде батыстың жоғарғы палата мен төмен палатасы сияқты заң шығару органы еді. Мұны ел ішінде Құрылтай кеңес және Тұрымтай кеңес деп те атайды” [6, 91 б.]. Ноғай ордасындағы жоғарыдағы кеңестер мен төмендегі қазақ хандығында шақырылған кеңестердің өзара байланысын келтірген пікірден-ақ толық көруге болады. Сондықтан да екі мемлекеттің саяси құрылымдарының өзара байланысты болғандығын көру қиын емес деп санаймыз.

Қорыта келгенде, Ноғай Ордасында өмір сүрген халық билігінің көрінісі болып тапылатын кеңестер, негізінен, өзінің бастауын ежелгі дәуірлерден алатын көшпелі мемлекеттермен тікелей байланыстырады. Ноғай Ордасындағы аталған кеңестер мемлекеттің тұтастығын қалыптастыруға ерекше ықпал етті.

 

 Әдебиеттер

  1. Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІ вв. – Ашхабад: Ылым, 1969. – 455 с.
  2. Сиуңну. Хан кітабы. (Көне қытай жазбаларынан) / Аударып, алғы сөзін түзген және құрастырған Қ. Салғараұлы. – Алматы: Санат, 1998. – 288 б.
  3. Сафаргалиев М.Г. Ногайская Орда во второй половине ХI века / Сборник научных работ. – М., Саранск. – - С. 32-56.
  4. Поноженко Е.А. Политический строй ногайцев в ХҮ – середине ХҮІІ в. – С. 33-40.
  5. История государства и права Казахской ССР / Под общ. ред. С.С. Сартаева. - Алма-Ата: Мектеп, 1982. – Ч.1. – 182 с.
  6. Сәнік З. Қазақтың тұрмыс-салт білімдері. – Үрімші, 1998.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.