Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сот прецедентінің ұғымы және маңызы

Прецедент дегеніміз – осыған ұқсас, келесі болатын жағдайларға үлгі боларлық жағдай. Яғни, өткен нәрсеге ұқсас нәрсені табу [1, 573]. Ал сот прецеденті (латын тілінен аударғанда ргаесеdens, praecedentis – алдында болған) – нақты істер бойынша сот арқылы қабылданған шешімдер. Оның негізі көрсетілген істерді талқылау барысында барлық немесе төменгі инстанциядағы соттарға үлгі ретінде міндетті болып табылады. Бұл әсіресе римдік юстицияда үлкен орынға ие болған. Кейбір қазіргі мемлекеттерде (Ұлыбританияда, АҚШ-тың көптеген штаттарында, Канадада, Австралияда) құқықтың бастауы болып табылады және барлық құқықтың негізі. Сот прецеденті нормаларды жасамайды, оны тек қалыптастырады, ол адам табиғатында қалыптасқан құқықтың жалпы тәртібінен шығады. Көптеген мемлекеттерде сот прецеденті заңда кеткен қайшылықтардың орнын толтыруда, салтты тануда, құқықты қолдану сұрақтарын шешуде үлкен маңызға ие. Оның негізінде қолданыстағы заңнамаларға кейбір толықтырулар  ендіріледі,  заңдарға  түсіндірмелер  беріледі.  Прецеденттік  құқық   болса  – 1) ағылшын-америкалық құқық жүйесінің қосалқы бөлімі, олар басқа құқықпен салыстырғанда, сот прецедентін құрады. Прецеденттік құқық шеңберінде екі түрлі бұтақ қалыптасқан: жалпы құқық және әділет құқығы; 2) құқық жүйесі, құқықтың негізгі бастауын сот прецеденті құрайды [2].

Сот прецеденті орта ғасырларда Ежелгі Римнің (преторлық құқық) құқықтық бастауларында болған. Римдіктер сот процестерінде істерді қарау барысында бұрынғы сот процесінде істер бойынша қабылданған шешімдерді толықтай пайдаланған [3].

Қазақ билерінде де сот прецеденті жиі қолданылған. Егер қандай да қылмыстық істерді қарау барысында кейбір мәселелер, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдарында қаралған болса, онда билер аталған заңдарда көрсетілген ережелерге сүйенген, яғни ол заңдармен ешбір талас болмаған [4, 110]. Ол туралы қазақтың белгілі ойшылы А. Құнанбайұлы: «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күлтөбенің басында күнде кеңес» болғанда «Жеті Жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтін болса ғана, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді» - деп көрсетеді [5, 16-17].

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы тұсында сот прецедентін қалыптасу бағытында 40-50 жылдары мәселелер көтерілді. Бірақ, бірқатар объективтік және субъективтік себептерге байланысты, идеологиялық көзқарасқа орай, сот прецеденті танылмады. Жалпы теоретикалық деңгейде және құқықтың жекелей саласы деңгейінде оған жеткілікті негіздер болмады, аргументтері әлсіз болды, тіпті қате болған жайттар да кездесті.

Қазіргі таңда прецедент ағылшын-саксондық құқығы үлгісі таралған елдерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия ) бар. Бұл елдерде соттық есептер жарияланады, осы арқылы прецедент туралы ақпараттар алуға болады. Соттар прецеденттерді тиісті заңдарда іске қажетті нормалар болмаған жағдайларда жасайды. Сонымен қатар прецеденттер барлық соттар арқылы емес, тек жоғарғы инстанциядағы соттармен ғана жасалынады. Мысалы, Англияда мұндай соттарға Жоғарғы Сот, Апелляциялық сот, лордтардың Сот Палаталары жатқызылады. Сот Палаталары парламенттік актілерді шығару барысында ықпал етеді. Яғни, прецедент алғашқы құқықтың бастауы болып танылады, ал заңнамалар кейінгі болып есептелінеді. Ағылшындықтардың пікірінше, прецеденттің маңыздылығы сол, істің толық, жан-жақты және дұрыс болуына оң әсерін  тигізеді  [6]. Сонымен қатар, прецедент сот жүйесінің тиімділігін арттырады, өйткені өзара ұқсас істерді басынан бастап уақыттан ұтылмауға мүмкіндік береді және соттардың арасында өзара дұрыс қарым-қатынас қалыптастыра отырып, заңдарды қолдану барысында ауытқулар кетпеуіне тосқауыл болады [3].

Мысалы, АҚШ-та сот прецеденті қолданылуына қарай «міндеттеуші» және «сендіруші» болып бөлінеді. «Міндеттеуші» сот прецедентін қолдану барысында сот, ертеректе қолданылған сот шешімдерін басшылыққа алуы тиіс және ол міндетті болып табылады. Жоғарғы тұрған соттың шешімдері төменгі тұрған соттар үшін міндетті болып табылады. Яғни, Флорида штатының Жоғарғы сотының шешімі осы штаттағы ең жоғарғы инстанциядағы сот болып есептелінеді және басқа да соттар үшін міндетті болып табылады. Сонымен қатар, аталған сот арқылы ертеректе қабылданған сот шешімдерінің орындалуы міндетті болып табылады. Ал, «сендіруші» тәртібі бойынша, сот бұрынғы тәжірибе алынған шешімді қолданбай, басқа шешімді пайдалана алады. Ол үшін сот өзінің қабылдаған өзге шешімін дәлелдей білуі тиіс. Бір штаттың құқықтың мәселесі бойынша қабылдаған шешімі басқа штаттың соты үшін нұсқамалық сипаттағы маңызға ие болады. Мысалы, қабылданған шешімнің дұрыстығына көз жеткізген соң, Нью-Йорк штаты Флорида штаты сотының шешімін басшылыққа алуы мүмкін [7].

Ал, ресейлік құқық жүйесіне тоқталсақ, прецеденттік құқық жоқ, бірақ онда сот тәжірибесін арттыру бағытында жұмыстар жасалынуда. Сондықтан да, сот прецеденті құқығын тану туралы ұғымға қатысты ғалымдар арасында пікірлер қалыптасуда. Оған себеп, сот билігінің негізгі және қосымша болып бөлінуі. Өйткені соттар, сот билігімен қатар, құқықтық шығармашылық (правотворчество) функцияны да қатар атқарады [8].

Сот прецедентіне қатысты, Ресейде екіжақты пікірлер қалыптасқан. Біріншілер, сот тәжіри- бесіндегі сот прецедентін құқықтың бастауларына жатқызады, олар: С.Н. Братусь, А.Б.  Венгеров, А.Г. Гаджиев, В.М. Жуйков, В.Д. Зорькин, А.А. Иванов, Т.Н. Нещатаева, В.Ф. Яковлев және т.б.

Екінші топ болса, сот тәжірибесін  құқықтың  бастаулары  деп  есептемейді.  Оларға: В.А. Канашевский, К.И. Комиссаров, О.Е. Кутафин, В.О. Лучин, В.С. Нересянц, С.В. Полени және т.б. жатқызылады [9].

Мұндай екі жақты пікірдің қалыптасуына бірден-бір себеп болып, прецедент қазіргі ресейлік құқықтың бастауы бола ала ма; қазіргі ресейлік соттарға құқық қолдану функциясы, сонымен қатар құқықтық шығармашылық функциялар тән ба; ол осы арқылы заң шығарушы органдарды ауыстыра алады ма немесе көшірмесі болып қана қалады ма, немесе екеуін де бір уақытта істей алады ма және т.б. сияқты сұрақтардың туындауында.

Мысалы, В.Л. Раслиннің пікірінше, мемлекет пен құқық туралы қазіргі ғылымда сот прецедентін құқықтың бастауы ретіндегі тану көзқарасын қалыптастыру қажет. Оған Жоғарғы сот инстанциясының қаулыларын, Конституциялық Соттардың кейбір шешімдерін жатқызады [6].

Ал О.Н. Коростелкин: «Ресей құқықтық бастаулар жүйесінде сот заңды жасауда орнықты түрде орын алды. Сондықтан сот құқықтық творчествосын сот тәжірибесі және сот прецеденті болып екіге бөлуге болады деп көрсетеді: бірінші жағдайда, сот прецеденті тікелей құқықтың бастауы ретінде қаралуы тиіс, нақтылай айтқанда құқықтық ережені тиісті дәрежеде рәсімдеу арқылы шешімдерді заңдылық тұрғыдан маңызы бар тануда сілтеме жасауға болады; екінші жағдайда, сот прецеденті құқық шығармашылық және құқық қолдану процесінде, сот тәжірибесін, заң тәжірибесін құру туралы болып отыр», - деп көрсетеді [10].

С.В. Боботовтың пікірінше, сот прецеденті болып, жоғарғы инстанциядағы сот арқылы бекітілген іс-әрекеттің норма құрушы тәртібі есептелінеді. Сот тәжірибесінің біркелкілігіне жету мақсатындағы мән-жайлар мен оқиғалардың аналогиялары бойынша басқа іс-әрекеттері үшін нақты негіз ретінде қолданылатын сот шешімдері ғана сот прецеденті бола алады [3].

Ресейлік бірқатар зерттеушілердің пікірінше, сот прецедентін құқықтың бастауы  ретінде тану үшін ол бірқатар белгілерге жауап беруі тиіс:

  • жоғарғы инстанциядағы сот арқылы шығарылуы қажет;
  • сотта жалпы тәртіп бойынша шағымданудың процессуалдық мүмкіндігі болмауы;
  • пікірталас тудыратын құқықтық қатынастарды реттейтін заңдардың болмауына байланысты, соттар арқылы аталған істерді шешудің үлгісі болып табылуы;
  • көрсетілгендей пікірталас тудыратын жағдайларды шешу барысында құқықтың бастаулары ретінде қолданылуы (соттар жоғарғы инстанцияның шешімдеріне, қаулыларына сілтеме жасауға аналогиялық сипаттағы пікірталастарды қарастыру процесінде шешімдер қабылдау барысында сот прецеденті ретінде тануға құқылы) [11].

Бірақ зерттеушілердің арасында, сот прецедентінің белгілеріне қатысты да  біржақты көзқарас жоқ. Мысалы, П.К. Гуктің пікірінше, сот прецедентінде келесідей белгілер болуы тиіс:

  • сот прецеденті жоғарғы сот органдарымен жасалынуы тиіс;
  • сот прецеденті белгілі бір заң тәртібін талап етеді;
  • сот прецеденті міндетті түрде қолдануды қажет етеді;
  • міндетті түрде арнайы жинақтарда жарық көруге жатады [12] .

Біздің көзқарасымызша, П.А. Гуктың сот прецедентіне берген белгілерін толықтай құқықтың бастауы ретінде қарастыруға болмайды, өйткені олар өзіндік ерекшеліктеріне қарай міндетті түрде объектіге сипаттама беруге тиіс.

Ал С.К. Загайновтың пікірінше, сот прецедентінің белгілеріне келесілер жатқызылады:

  • нақты істерді шешу барысында шығарылады;
  • өзінде туындаған қатынастарды реттейтін құқықтық негіздер болады;
  • барлық сот инстанциялары үшін қолдану барыснда міндетті болып табылады [13].

Мұндағы көрсетілген белгілерде ұқсастықтар да және айырмашылықтар да бар. Оларды саралай келе байқағанымыз, романдық-германдық құқықтық жүйедегі мемлекеттердегі прецеденті тануды жақтаушылар оларды құрудың бастауларын – жоғарғы сот билігі органдарын атап өтеді, өйткені тек соттар, тараптар арасындағы таластар бойынша шешім шығару арқылы нақты құқықтық қатынастарға әсер етуге қабілетті.

Сот прецедентінің екінші ерекшеленетін белгісі болып зерттеушілердің пікірінше оған белгілі бір тәртіпте шағымдану мүмкіндігінің болмауы, нақтылай айтқанда, әр түрлі инстанциядағы сот шешімдеріне шағымдану сияқты болмайды. Егер көрсетілген құқықтық бастауларына шағымдану мүмкіндігі болған жағдайда, онда ол құқықтық қатынастардың реттеушісі ретінде түсе алар еді. Сөзсіз, негізгі қағидаларға және заңнаманың негіздеріне қарсы келетін сот прецеденті де, нормативтік құқықтық акті сияқты өз күшін жоюға міндетті, бірақ айырықша өндіріс тәртібімен.

Үшінші міндетті белгісі: жоғарғы инстанциядағы соттың шешімдері, анықтамалары немесе қаулылары даулы құқықтық қатынастарды заңнамалық реттеулердің болмаған жағдайларда төменгі инстанциядағы соттар үшін үлгі болып табылады.

Төртінші ерекшеленетін белгі: заңның баптарымен қатар, құқықтың бастауы ретіндегі прецеденттік сипаттағы нақты сот шешіміне берілген соттардың нұсқаулары негізінде даулы мәселелер шешіледі. Бұл белгі тек факультативтік сипатта болады.

Мысалы, прецеденттік сипаттағы сот құқықтық ережелерін құқықтық бастаулары ретінде Қазақстан      Республикасының      Конституциялық     Кеңесінің      қызметін  жатқызуға  болады.

Конституциялық Кеңес құқықтық нормаларға оның конституциялық-құқықтық сипатына сәйкестігіне түсіндірме беру барысында    қолданыстағы заңнамаларды өзгерте алады.

Сонымен қатар Ресейде сот прецедентін құқықтың бастауы ретінде тануға қатысты қарама-қарсы да көзқарас қалыптасқан.

Оны жақтаушылар, сот қызметі кейде нормотворчестволық болып танылмайды, сондықтан да, жоғарғы инстанциядағы соттардың нақты істер бойынша жасаған шешімдерін ағылшын- саксондық құқықтық жүйедегі сот прецеденті деп қарастыруға болмайды деп көрсетеді [13].

Б. Страшуннің пікірінше, Жоғарғы Соттың шешімдері прецедент болып танылмайды. Өйткені, істер Жоғарғы Сотпен қайта қаралмайды, бірақ та істі қарауға қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарулардарда тиісті құқықтық көзқарастар кейде қайталанады және оған қосымша түсініктемелер беріледі. Оның пікірінше, мұндай шешімдер нормативтік актілер болып табылады.

Сот прецедентін ресейлік құқықтың бастауы ретінде танудан бас тартуға қатысты В.Ю. Соловьев:

«Заңдарды соттар жасамайды, олар тек құқықты қолданады. Ресейде қазіргі таңда сот прецедентін құқықтың бастауы ретінде тануға болмайды, өйткені сот прецедентін ресми түрде құқықтың бастауы ретінде тану Ресей құқығының әдіснамалығын толық түрде өзгертуге алып келіп соғады. Бірақ оның пікірінше, заңға сот шешімдері туралы ережелерді бекіту қажет. Осының көмегімен соттар өзінің қызметінде Ресей Федерациясы Жоғарғы Арбитраждық Соттардың және Ресей Федерациялық Жоғарғы Соттары Пленумының қаулыларын басшылыққа ала алады [14].

Бүгінгі таңда аталған мәселелер отандық заңнамаға да тән. Себебі, заңдардың кемшілігін Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты арқылы нормативтік қаулылары толтырып отыр. Ол қаулыларды барлық соттар пайдалануға міндетті. Бұл мәселе Конституциясының 4-бабында белгіленген. Ал осы Жоғарғы Соты нормативтік қаулысының негізі – сот тәжірибесі, соттардың шешімдері. Сот шешімдерін талдау арқылы Жоғарғы Сот нормативтік қаулы қабылдайды.

Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасында сот прецедентін құқықтың бастауы ретінде тану туралы мәселелер қаралуы тиіс. Оған негіз болып, осы тақырыпқа арналған ғалымдардың еңбектері, қолданыстағы сот тәжірибесі және шет елдік сот тәжірибесі табылады.

Сот прецеденттерін теориялық әдеби тұрғыдан талдай отырып, нормативтік қаулылардың мазмұнын кеңейтуге, мағынасын арттыруға мүмкіндік туар еді.

 

 Әдебиеттер

  1. Ожегов С.Н. Словарь русского языка: Ок 57 000 слов / Под ред. д.ф.н., проф. Н.Ю. Шведовой. – 15-е изд., стереотип.– М.: Рус.яз., 1984. – 816 с.
  2. Юрист. Справочная система. base.zakon.kz
  3. Хан В.В. Англосаксонская модель досудебного производства (на примере Англии и США). Дисс. ...к.ю.н. - Алматы,
  4. Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10-томдық. Өзгертіліп, толықтырылған 2-басылым / Бағдарлама жетекшісі: С.З. Зиманов: - Алматы: Жеті жарғы, 2004. («Интеллектуал-Парасат» заң компаниясы). 1-том. Қазақша, орысша, түрікше, ағылшынша. – 2004. – 632 б.
  5. Құнанбаев А. Екі томдық шығармалардың толық жинағы. Алматы: Ғылым, 1997. 2-том.
  6. Раслин В.Л. Правообразующая роль органов судебной власти в РФ. Автореф. ... к.ю.н. - М., 2007
  7. Правовая система США. 3-й выпуск. – М.: «Новая юстиция», – 1216 с.
  8. Котов Б.А. Прокуратура и суды. – М.: ПРИОР,
  9. Кучин М.В. Нормотворческая деятельность органов судебной власти в РФ и судебный прецедент // Право  и политика, - 2000. - №5.
  10. Бодров С.Ю. Судебный прецедент в системе источников российского права: Дисс. ... к.ю.н. – Ульяновск,
  11. Наумов А.В. Судебный прецедент как источник уголовного права. Российская юстиция. 1994. №1.
  12. Гук П.А. Судебный прецедент как источник права: Дисс. ...к.ю.н. – Саратов,2003.
  13. Загайнова С.К. Судебный прецедент. Проблемы правоприменения. - М.: Изд. Норма,
  14. Соловьев В.Ю. Судебная практика в российской правовой системе: Автореф. ...д.ю.н. – М.,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.